Манхэттенның алқа билері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптау қорытындысын бекітті. Бұл туралы америкалық басылымдар жазды, мәліметті кейін прокуратура растады.
АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы немесе қазіргі президентке қылмыстық айыптар тағылып отыр.
Манхэттен аймақтық прокуроры Эвин Брэгг кеңсесіндегілер айыптау қорытындысын прокуратураға тапсыру үшін Трамп адвокаттарымен хабарласқанын мәлімдеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті айыптау қорытындысын алуға 4 сәуірде келуі мүмкін. Бұл туралы The New York Times экс-президенттің адвокаты Сюзан Нечелеске сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұрынғы президент ұсталған соң оның қолына кісен салынып, саусақ іздері алынып, күдікті ретінде суретке түсіруі мүмкін. Одан соң қылмыстық іске қатысты алғашқы тыңдау өтеді.
Трамптың өзі тағылған айыптарды "саяси қудалау, сайлауға араласу" деп атаған.
Айыптау қорытындысының жай-жапсары Дональд Трамп сотқа келіп, оған ресми түрде айып тағылғаннан кейін жарияланады. CNN дереккөздерінің айтуынша, Трампқа алаяқтық қылмысына қатысты 30-дан аса айып тағылуы мүмкін.
t.me/azattyq
Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса, мүлкін де тәркілеуді үкім етті.
Читать полностью…ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Украинадағы жағдайдың ушығуына Батысты кінәлай сөйлеп, Киев пен Мәскеудің бейбіт келісімге келуіне Батыс елдерінің “толассыз қару-жарақ жеткізуі кедергі келтіріп отыр” деп мәлімдеген.
Жұма күні ұйымның кеңейтілген отырысында Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Тасмағамбетовтің сөзінен ресейлік мемлекеттік ТАСС агенттігі үзінді келтірді.
Соңғы бес жылдағы қызметі Ресеймен байланысты болған Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшылығына былтыр күзде келген.
Былтыр ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыс елдері Ресейге санкция салған. Әлем елдерінің басым бөлігі Ресей басқыншылығын айыптайды.
“ҚазТрансОйл” сәуірде Германияға тағы 100 мың тонна мұнай жөнелтеді.
Компания ақпаратына қарағанда, қазақстандық мұнай “Дружба” мұнай құбырымен “Адамова застава” мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізіледі.
Бұған дейін Reuters дереккөздерге сүйене отырып, негізгі көлемі Батыс Қазақстан облысы Қарашығанақ кенішінен тасымалданатынын жазған еді.
Германия қаңтардан бастап санкцияға байланысты "Достық" арқылы тасымалданатын Ресей мұнайын импорттауды тоқтатқан.
Өткен тәулікте орыс әскері Украина аумағына 11 ракета ұшырып, әуеден 4 рет соққы жасады. Дүркіндете ататын жүйеден 43 рет атқан.
31 наурызда Украина қарулы күштері бас штабы осылай деп хабарлады. 9 зымыран Харьковке құлап, азаматтық инфрақұрылымды қиратқан.
Бахмутта қызу шайқас жүріп жатыр. Украина жағының айтуынша, бір күнде Украина қарулы күштері орыстардың 22 шабуылына тойтарыс берген.
Украина оңтүстігінде Херсон мен Запорожье облыстарында шамамен 30 қала мен елдімекен атқылауға ұшыраған.
Қазақстанда қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады. Қашан, қалай, не үшін?
Қазақстанда жатыр мойны обыры ең көп таралған аурулар тізімінде омырау рагынан кейінгі орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обыры адам папиллома вирусынан болады. Елде адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу науқаны қайта басталмақ. 10 жыл бұрын халықтың қарсылығына байланысты вакцинация науқаны басталған бойда тоқтап қалып еді. Азаттық онколог дәрігермен сөйлесіп, ата-ананы алаңдатқан сұрақтарға жауап алды.
ОҚУ
Экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы кәсіпкер Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты.
Бүгін, 31 наурызда Астанада кешкі сағат 5-те оған үкім оқылады, деп хабарлады “Информбюро” сайты. Боранбаев соңғы сөзінде Qazaq Gaz компаниясына келтірген шығын көлемін толтырғанын айтып, сотты әділ шешім шығаруға үндеген.
Боранбаев "квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен былтыр наурызда ұсталған.
Бұған дейін прокурор Боранбаевты 8 жылға соттауды сұраған.
“Бұл жолғы сайлауда көзімізді бақырайтып қойып, ашықтан-ашық тонады”
Сайлау қорытындысына наразы болып, митинг өткізбек болған қала тұрғыны Амантай Тәжікеновке Ақтөбе әкімдігі рұқсат бермей қойды.
«Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы Амантай Тәжікенов мәжіліс мен мәслихаты сайлауы кезінде 70 байқаушымен бірге облыстағы сайлау барысын бақылаған.
– Ақтөбе әкімдігі митингіге рұқсат бермеді. Жауаптары да күлкілі. Біз митингі өткізбек болған жерде 2 сәуір күні концерт өтеді екен. Рұқсат бермегенімен қоймай, Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі «31 наурыз күні келіп кетіңіз, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз» дейді. Бармаймын. Уақытым жоқ. Ал сайлауға келер болсақ, әділ өткен жоқ. Бұрын билік сайлауда дауыс ұрлайтын. Бұл жолғы сайлауда көзімізді бақырайтып қойып, ашықтан-ашық тонады, – дейді Амантай Тәжікенов.
2 сәуір күні 50 адамның митингі өткізбек болғанын Ақтөбе әкімдігі де растап отыр. Әкімдіктің мәліметінше, Ақтөбеде митингі өткізу үшін белгіленген үш орын бар. Оның екеуінде жексенбі күні концерт өтеді деп жоспарланған. Ал үшінші орын – «Авиатор» саябағына реконструкция жасалып жатыр.
– 2 сәуір күні қала іргесіндегі елді мекендердің «Геолог», «Нокин» мәдениет үйлері өнерпаздары Ақтөбеде «Сұлу көктем әуендері» деген концерт өткізбекші. Осы себепті Амантай Тәжікеновтің хабарламасы қанағаттандырылмады, – деп хабарлады Ақтөбе әкімдігі.
Маңғыстау облысы әкімдігі Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында Жетібай кенті маңында наразылық жасап тұрған азаматтардың талабын орындау мүмкін емес екенін хабарлады. Әкімдік олардың талабын “әділетсіз” талап деп атады.
“Маңғыстау облысында Жетібай ауылынан басқа да елді мекендері бар. Бос жұмыс орындарының көп бөлігі Жетібай ауылына бөлінсе, басқа ауыл, аудан тұрғындарының наразылығын келтіреді. Сонымен қатар, тағы бір талаптары тек мұнай саласына кіруді көздейді. Бұл талап орындалуы мүмкін емес екендігі баршамызға мәлім. Алайда соған қарамастан Жетібай ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп, осы жәрмеңке шеңберінде бар бос жұмыс орындары тұрғындарға ұсынылады және мемлекет тарапынан жұмыспен қамтудың барлық шаралары түсіндіріліп отырады” деп жазылған әкімдік жауабында.
Әкімдіктің айтуынша, келесі жылы "Қаламқас-теңіз", "Хазар" және "Әуезов" кен орындарын игеру және болат құятын зауыттың ашылуына байланысты мыңдаған жұмыс орны ашылады.
Петропавлда “халық кеңесін құру” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін интернетте "Петропавлда бірнеше адамның тәуелсіздік мен егемендік жариялап жатқаны” туралы видео тараған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазды ҚазТАГ агенттігі.
“Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында.
Дегенмен видеоның қайда түсірілгені белгісіз.
Алматы, Шымкент және Петропавл қалаларында жергілікті билік белсенділерге кезектен тыс парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап ететін митинг өткізуге рұқсат бермеді. Белсенділер митингіні 2 сәуірде өткізгісі келген.
t.me/azattyq
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Манхэттен соты қылмыстық айып тақты. NYT-дың хабарлауынша, алқабилер соты оны 2016 жылы сайлау қарсаңында порноактриса Сторми Дэниэлске пара берді деп айыптады. Соттың тұжырымы бойынша, 130 мың доллар ақшаны алған актриса Трамппен төсектес болғанын жасыруға тиіс болған. Енді экс-президент Нью-Йорктегі сотқа баруы керек. Трамп бұл айыпты жоққа шығарады.
Читать полностью…Алматыда «Қаңтарда әуежайды басып алу» ісі бойынша сот тіл дауынан басталды
Алматыда «Қаңтар оқиғасында әуежайды басып алу» ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Айыпталушылар Әйгерім Тілеужан, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменов пен олардың адвокаттары іс қазақша жүруін талап етті.
t.me/azattyq
Астананың N2 Сарыарқа аудандық сотында Боранбаевқа үкім оқылып жатқан сәт.
Экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев "квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды", “қылмыстық жолмен алынған ақшаны жымқыруға атсалысты” деген күдікке ілінген.
Жұма күні сәл ертерек ол соңғы сөзінде Qazaq Gaz компаниясына келтірген шығын көлемін толтырғанын айтып, сотты әділ шешім шығаруға үндеген еді.
Дональд Трамптың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Неге?
Нью-Йорк алқабилері АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты 2016 жылғы сайлау қарсаңында порножұлдызбен қарым-қатынасын жасыру үшін ақша берді деп айыптап, сотқа шақырды. Трамп – қылмыстық іс қозғалған алғашқы америкалық президент.
t.me/azattyq
Желіде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының "халық кеңесі құрылғаны" жөнінде видео тараған соң, Солтүстік Қазақстан облысы полициясы тексеріс басталғанын хабарлады.
Желіде жарияланған видеода өздерін "Петропавл қаласының еңбекші тұрғындары" деп таныстырған топ "басқару жүйесіне сенімсіздік білдіреді". Топ өкілдерінің түсіндіруінше, бұған "Қазақстан Республикасы корпорациясының" "жалған құқықтық негізі" түрткі болған. Олар елде халыққа жағдай жасалмағанын да алға тартқан.
t.me/azattyq
Мәжілістің екі депутаты Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысы Жетібай кентінде болып жатқан жағдайға байланысты премьер-министрге хат жолдағанын хабарлады. Олар үкімет комиссия құрып, мәселені шешу жолдарын қарастыруы керек деп есептейді.
Суретте: Жетібайда жұмыс сұрап, наразылыққа шығып тұрған тұрғындар. 31 наурыз, 2023 жыл.
Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі Есен Өтемісұлы Азаттыққа жуырда депутат болып сайланған Серғазы Жұмабеков мандатын кері қайтарғанын растады.
“Сессияның соңында өзінің мандатын қайтаратынын хабарлап, өтініш беріп кетті. Себебін білмедім. Өзі жұмыс істей алмаймын деген болар. Өтінішін аудандық сайлау комиссиясына береді. Өзім өтінішпен танысып үлгермедім” деді ол.
Маңғыстау аудандық мәслихатына депутат болып сайланған Серғазы Жұмабеков бір күн бұрын мәслихаттың алғашқы сессиясында “сайлаудағы заңсыздықтар” туралы айтып, мандатын кері қайтаратынын мәлімдеген. Оның видеосы желіде жарияланды.
31 наурызда Азаттық сайлаудағы заңсыздық туралы сұраған кезде Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі “Заңсыздық болды деп айтып, бізде соттасып жатқандар жоқ сияқты. Естіген жоқпын” деді.
Түркия парламенті 30 наурызда кешкісін Финляндияны НАТО-ға алу туралы хаттаманы мақұлдады. Хаттамаға бірде бір депутат қарсы дауыс берген жоқ.
Түркия – әскери одаққа мүше 30 ел арасында Финляндияның НАТО-ға мүше болып кіруін соңғы мақұлдаған ел. Бұған дейін Венгрия парламенті де осыған ұқсас құжатты қолдаған.
Финляндия Солтүстікатлантикалық одаққа кіру үшін қажет құжаттардың барлығын рәсімдеп, мақұлдап қойған. Енді ол шілдеде Литвада өтетін саммитте ресми түрде НАТО-ға мүше болуы мүмкін.
t.me/azattyq
Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open турнирінде финалға шықты
1 сағат 55 минутқа созылған ойында Рыбакина әлемнің америкалық әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы 7:6 (3), 6:4 есебімен жеңді.
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде тұрақты жұмыс талап еткен тұрғындардың наразылығы жалғасып жатыр. Түнде ол жаққа Қарақия ауданының әкімі барған. Наразы жұрт жұмыс сұрап, далада қонып жүргеніне 31 наурызда төрт күннен асты.
Тұрғындар "Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қанша шақырсақ та келмей отыр" дейді.
Ақмола облысы Бестөбе ауылында жүздеген шахтер екі күннен бері наразылық өткізіп жатыр.
Жүздеген шахтер жұмыс орнын сақтап, шахталарды жаппауды, кен орны жаңа инвесторға өткенге дейін орташа жалақы төлеуді талап етті.
– Біз шахталардан суды сорғызып, бәрімізді жұмыс орнында қалдыруды, жалақы төлеуді тоқтатпауды талап етеміз. Жұрт оқиғалардан әбден мезі болды. Мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Біз себебін түсінбей отырмыз. Олар мәселені шешсін деп екі жыл күттік, бірақ шахталарды суға батырып жатыр. Осылайша олар жұртты алтынды ашық әдіспен өндіруге келістірейін деп жатқан сияқты, – деді шахтерлардың бірі Азаттыққа.
Жуырда шахтерлар жұмыстан қысқаратыны жайлы ескерту-хат алған. Олар шешіммен келіспейді.
"Алтыналмас" компаниясы Азаттыққа жұмысшыларға қысқаратыны жөнінде ескерту-хат бергенін растады.
t.me/azattyq
“Өзімді де, елді де алдап депутат болмай-ақ қояйын”. Маңғыстауда аудандық мәслихат депутаты мандатын қайтарды
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы N10 сайлау округінен аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған Серғазы Жұмабеков сайлаудағы заңсыздықтарды айтып, мандатын кері қайтарды. 30 наурызда аудандық мәслихаттың алғашқы отырысы өткен.
“Айыпқа бұйырмасаңдар, мен өзімнің мандатымды тапсырайын деп тұрмын. Өздеріңіздің айтқандарыңмен жүретін, айдағандарыңа көнетін ел ішінен біреу табылатын шығар. Соған тағарсыздар. Мен бүйтіп, ұятқа қалып, өзімді алдап, елді алдап депутат болмай-ақ қояйын” дейді Серғазы Жұмабеков.
Әзірге оның өтініші қабылданғаны-қабылданбағаны белгісіз.
Жетібайдағы наразылық, қайта келген Смайылов - 30 наурыз┃AzatNEWS
📌 Маңғыстау облысы Жетібай кенті тұрғындары жұмыс сұрап, аштық жариялап жатыр. Оқиға орнына Азаттық тілшісі барды.
📌 Екі рет уәде берсе де инфляцияны тоқтата алмаған Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды.
📌 Қаңтар дүрбелеңі кезінде "әуежайды басып алмақ болды" делініп, қамауда отырған бес адамның соты басталды. Адвокаттар судьяға сенімсіздік білдірді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ресей түрмесінде жазасын өтеген тағы бір тәжік азаматы Украинадағы соғыста қаза болды
Ресейде "заңсыз есірткімен айналысты" деп айыпталып, сотталған 33 жастағы Джунайдулло Махмадулло былтыр күзде Украинадағы соғысқа әкетілген. Оның өтелмеген төрт жыл түрме жазасы болған. Туыстарының айтуынша, оған жарты жыл соғысқаннан кейін босатуға уәде берген.
Тәжік азаматы 26 наурызда Тәжікстанның Рудаки ауданында жерленді.
Украинадағы соғыста өлген тәжік азаматтары жөнінде де дерек жоқ. Азаттықтың Тәжік қызметіне Ресей түрмесінде қамауда болған шамамен 20 тәжік азаматының қазасы белгілі.
Ресей билігі Украинадағы соғыста қаза болған тәжік азаматтарының өліміне байланысты түсініктеме бермеді.