💬 11 қарашада Ақтөбеде Сарыжар ауылы маңында апатқа ұшыраған тікұшақтың борт нұсқаушысы Батыр Оразымбетовті жақындары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды
Қаралы митинг Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында өтті. Майор Оразымбетовтің артында екі баласы қалды.
Тікұшақ бортында болған екі әскери – Бейбарыс Ибраев пен Рүстем Нығметов Ақтөбедегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер "ұшқыштар жағдайы бірқалыпты" деді.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дәурен Қосановтың айтуынша, апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының экипажы кәсіби дайындықтан өткен. Кез келген метеорология жағдайында күндіз де, түнде де ұша алатын кәсіби ұшқыштар. "Алдын ала тексерулерге қарағанда, тікұшақтың техникалық ақауы болған. Нақты себебін қорғаныс министрлігінен келген арнайы комиссия анықтайды" деді Қосанов.
Видео: Ақтөбе облысының әкімдігі
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Джо Байденді Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға Storm Shadow зымырандарымен шабуыл жасауға рұқсат беруге көндіруге "соңғы рет" талпынып көрмек
Бұл туралы The Telegraph газеті жазды. Газеттің мәліметінше, Макрон мен Стармер мұны бүгін, 11 қарашада Парижде талқыламақ. Ұлыбритания билігі Байден сыртқы саяси мұрасын нығайтуға тырысып, бұған рұқсат береді деп үміттенеді. Киев оған бірнеше айдан бері қол жеткізгісі келген.
🇺🇦 Украина билігі Ресей аумағына соққы беруге алысқа ұшатын зымырандар қолдану соғыс барысын өзгертуге көмектеседі деп санайды.
🇬🇧 The Telegraph сұхбаттасқан адамдардың айтуынша, Лондон қазір АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамптың 2025 жылғы қаңтардағы инаугурациясына дейін қалған уақытты "барынша тиімді" пайдаланғысы келеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Дональд Трамп бірінші мерзімінде жоғары лауазымда істеген Республикалық партияның танымал екі өкілі – Никки Хейли мен Майк Помпеоны жаңа әкімшілігіне шақыруға ниеті жоқ
🇺🇸 Бұл туралы Трамп Truth әлеуметтік желісінде жазды. Бірқатар басылым Хейли мен Помпео әкімшіліктің жаңа құрамында болуы мүмкін деп топшылаған.
Никки Хейли Трамптың бірінші президенттік мерзімінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі, ал Помпео Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры, кейін мемлекеттік хатшы болды.
Хейли 2024 жылғы сайлауда Республикалық партиядан президенттікке кандидат болуда Трамптың басты бәсекелесі болды, праймериз кезінде оны қатты сынға алды.
Помпео Трампқа іштарта сөйледі, алайда ол АҚШ-тың Ресейге қатаң саясат ұстануын қолдайды. Трамптың өзі Путинмен "тіл табысқысы" келетінін айтқан. БАҚ Помпеоның кандидатурасын Трамп қорғаныс министрі қызметіне қарастыруы мүмкін деп жазған.
🇰🇿 2020 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болып тұрған шақта Майк Помпео Қазақстанға бір күндік ресми сапармен келіп, барлық елді Қытайдағы "қуғын-сүргінді тоқтатуға" шақырып, "туыстарымыз қайта тәрбиелеу лагерьлерінде отыр" деген қазақтармен кездескен.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан 2025 жылғы сәуірге дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады
11 қарашада су ресурстары және ирригация министрлігі осылай деп хабарлады. Түркіменстан астанасында мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 87-отырысына қатысқан су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді деді министрлік. Кездесуге Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанның су шаруашылығы министрлігінің басшылары қатысқан, Қырғызстан өкілдері бақылаушы болған.
💧 Келісімге сәйкес, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келуі керек.
Министрлік бұл 2025 жылғы суару маусымында Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинауға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
🌊 Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзен, ол Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан аумағынан өтіп, соңында Арал теңізіне құяды. Дария бойындағы ел жобасынан өзеннің қазіргі жай-күйін оқи аласыз.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ақтөбенің 35 жастағы тұрғыны кейінгі екі айда жол ережесін 308 рет бұзған. Сол үшін оған 11,5 млн теңге айыппұл салынды. Жылдамдық асырған ақтөбеліктің Lada-2114 көлігі арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Араға төрт жыл салып АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп 7 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылады
Бұл туралы осы жағдайдан хабардар дереккөздерге сүйеніп The Washington Post газеті жазды.
Газеттің ақпаратынша, Трамп жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырған, оған "Вашингтонның Еуропадағы әскери күші" туралы ескерткен.
6 қарашада Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескен, ол Киевті қолдайтынын айтқан.
Сайлау науқаны кезінде Трамп президент болып қайта сайланса, соғысты дереу аяқтауға бірнеше рет уәде берген. Алайда Республикалық партиядан сайлауға түскен саясаткер қандай қадам жасайтынын нақты айтпады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Соғысқа қарсы шыққан саха белсендісі, панк-музыкант Айхал Аммосов (төлқұжат бойынша аты-жөні – Игорь Иванов) Германияға қоныс аударды
Бұл жөнінде Аммосовтың өзіне сүйенген "Публичные призывы" телеграм-арнасы жазды. Ол гуманитарлық визаға қол жеткізген.
Аммосов 2022 жылы желтоқсанда Ресейден Қазақстанға келген. Ресейде оған қарсы "Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол Украинадағы соғысты айыптаған. 2023 жылы қазанда Ресей билігінің сұрауымен Қазақстанда ұсталып, қамалды. Сол жылы қарашада Аммосов "пана іздеуші тұлға" мәртебесіне ие болған.
Фото: "Публичные призывы" телеграм-арнасы
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Ресейдің Курск облысында Суджа қаласынан қоныс аударғандар митингіге шықты
Ресейдің Курск облысында тамызда украин күштерінің шабуылына байланысты үйлерінен кетуге мәжбүр болған жүз шақты тұрғын жексенбі күні Курскідегі басты алаңға жиналып, жергілікті шенеуніктердің назарын өздерінің мәселелеріне аудартуға тырысты.
Митингіден видеоларды "Суджа Родная" және "Осторожно, новости" телеграм-арналары жариялады.
Жиналғандардың алдына жергілікті өзін-өзі басқару органымен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарма жетекшісі Анатолий Дроган шықты. Ол акцияның заңсыз екенін ескертті. Ол украин күштеріне шекарадан кесіп, Ресей жерін басып алуға жол бергендер "жазаланатынын" айтып, "кінәлілер ұсталды" деді.
Видео: "Осторожно, новости"
Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Ресей мен Солтүстік Корея арасында жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл жөнінде "Интерфакс" хабарлады.
Келісімге биыл жазда Путиннің Солтүстік Кореяға сапары кезінде қол қойылған. Бірнеше күн бұрын оны федералдық жиын мақұлдады.
Келісімге сәйкес, тараптардың бірі қарулы басқыншылыққа ұшыраған жағдайда екінші жақ дереу әскери көмек береді. Тараптар сонымен бірге екі жақтың біріне қарсы бағытталған келісімді үшінші бір елмен жасамауға келісті.
Бұған қоса, "көпполярлы әлемдік тәртіпті" нығайту және шекарада ынтымақтастықты дамыту міндеттемелері де бекітілді.
t.me/azattyq
"Денелі бала еді, шыбықтай болып қалған". Түркістан облысында әскерде қаза болған сарбазды жерледі
9 қарашада Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында екі күн бұрын әскерде қаза болған сарбазды жерледі. Туыстары "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болды" деген ресми органдардың тұжырымына күмән келтірді.
🔗Оқу
t.me/azattyq
"Денелі бала еді, шыбықтай болып қалған". Түркістан облысында әскерде қаза болған сарбазды жерледі
Туыстары "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болды" деген ресми органдардың тұжырымына күмән келтірді.
Бойы ұзын, салмағы 90 келі болған жас жігіт туыстарының сөзінше, әскерге барғаннан кейін бірнеше айда қатты арыған. Туыстарынан жиі ақша беруді сұраған.
"90 келілік бала қабырғалары көрініп, шыбықтай болып қалған. Тамағының астынан екі рет оқ атылған деп айтты бізге. Оқ сол басынан шыққан сияқты. Басы, тамағының асты тігілген. Сосын көзі ағып кеткен. Баланы тани алмайсың" дейді марқұмның туыстарының бірі Азаттыққа.
"Баланы осындай жағдайға жеткізгендерді тауып беруді сұраймыз" деді марқұмның әжесі Баян Тоғызбаева.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша ("Өзін қол жұмсауға мәжбүрлеу") сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Белсенді Әлнұр Ілияшев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді сотқа берді
Ол соттан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Ерлан Қарин мен ғылым министрлігін саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде 1993 жыл мен қазірге дейін саяси себеппен қудаланған азаматтарды да ақтауға міндеттеуді талап етіп отыр.
"Егер мемлекеттік кеңесші және мемлекеттік комиссияның жұмыс органы өз жұмыстарын өз еркімен бастамаса, онда оларды сот арқылы мәжбүрлеуге тура келеді...Қазақстанда саяси қудалау бар болса да, билік органдары оны мойындағысы келмейді" деп жазды Әлнұр Ілияшев Facebook парақшасында.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әкімшілік-процестік кодекске сәйкес "татуласу рәсімін" 3 шілдеге белгілеген.
Бүгін таңертең Астанада “Алға, Қазақстан" тіркелмеген оппозициялық партиясының бастамашыл тобының мүшелері партия лидері абақтыда отырған Марат Жыланбаевты қолдап жүгірді. Мұндай акция Алматыда да өтті.
Бір күн бұрын қазақстандық құқық қорғаушылар тобы Марат Жыланбаевты “саяси тұтқындар” қатарына қосты. Жақтастары билікті қатаң сынап жүрген Жыланбаевтың ісі саясиланғанын айтады.
Жыланбаев мамырда "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремизмді қаржыландыру" баптары бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған. Көктемде мәжіліс депутаттығына кандидат болған.
t.me/azattyq
Путинге "көмектеспеген" Тоқаев, аймақта "үстемдігі күшейіп жатқан" Пекин
Батыс басылымдары бұл аптада Евгений Пригожин бастаған "Вагнер" әскери тобының Ресейдегі "бүлігіне" Мәскеудің көршілері қандай реакция танытқанын талдады. Сондай-ақ Қытайдың аймақтағы амбициясы өсіп жатқан тұста Ресей Орталық Азияны бақылаудан шығарып алды ма деген сұраққа жауап іздеген. Бұдан бөлек Қазақстан, Әзербайжан мен Грузияның Ресейді айналып өтетін дәлізді бірігіп жетілдіріп жатқанын жазды.
ОҚУ
Алғашқы сайлауға дейінгі дәуір. Назарбаевтың Азаттыққа сұхбаты
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанға дейін Нұрсұлтан Назарбаев Азаттық радиосына берген сұхбатында не айтты? Президентті алғаш рет бүкіл халық болып сайлар алдында елдегі саяси картина қандай еді? Бұл қызметке тағы кімдер ұсынылды? Назарбаевтың әрекетін оппоненттері қалай бағалады? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осыған арналды.
ТЫҢДАУ
t.me/azattyq
💬 Мәскеу соты сырттай алты жылға сотталған Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге шыққан үкімнің күшін жойды
Врублевскийдің іс материалдарын Басман соты қайта қарайды.
Мәскеу қалалық сотының шешімін Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі хабарлады.
Биыл тамызда сот оны "ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін" кінәлі деп таныған. Ол 2022 жылғы сұхбатында Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған.
Елшінің сөзі желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді елші қызметінен босатқан. Росфинмониторинг Врублевскийді "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қоғамда деколонизация импульсі күшейген сайын "қазақты адам қылған – орыс" деген сияқты нарративтерді тықпалайтын ақпарат көздері жандана түскенін байқауға болады. Жалпы, бұл үрдіс бір күнде туындаған жоқ, берісі жүз жылдан бері қоғам санасына құйылып келе жатқан лепес.
Совет одағы дәуірінде Мәскеуден басқарған орталық орыс халқын барша совет халқынан (оның ішінде қазақтан) бір бас артық, озық ойлы, жетекші ұлт деген идеологияны сіңірді. Оны жүзеге асырудың бір әдісі – көркем шығармаларда орыс халқы өкілдерін "құтқарушы ақ адам" ретінде көрсету еді.
Зерттеушілердің пікірінше, Совет одағының колониал империя болғанының бір көрінісі де осындай колониал нарративтерді ресми түрде насихаттауы болатын.
"Құтқарушы ақ адам" деген қандай түсінік? Оның қазақ киносына қандай қатысы бар? Мәдениеттанушы, журналист Әсия Бағдәулетқызының бүгінгі мақаласынан оқыңыз 👇🏻
🔗Сілтеме
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Қуандық Бишімбаевтың тағы бір адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұрынғы экономика министрі Ақмола облысы Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр деді
Адвокаттың сөзін 11 қарашада Tengrinews.kz сайты жариялады. "Басқалармен бірдей жағдайда отыр. Ешқандай артықшылық жоқ" деген Ғазымжанов.
Адвокат экс-министр Бишімбаевтың қайда қамауда отырғанын іздеген журналистерді жазғыра сөйлеген.
🗣 "Мұндай қауесеттер БАҚ-та фильм жарияланғаннан кейін тарады. Адамдар Бишімбаев түрмеде еместей, жазасын өтеп жатпағандай түсінсін деп, сөздерді құбылтқан. Менің ойымша, олар мұны әдейі істеді. Оның үстіне мекемеге, оған баратын жалғыз мен болсам да, мені сұхбатқа шақырған жоқ" деген Ғазымжанов.
Әйелін сабап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекемеде жоқ екен деген сыбыс өткен аптаның аяғында әлеуметтік желіде тез тарап, жұртты елең еткізді. Дүйсенбіде ІІМ бұл хабарды жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату бабымен іс қозғалғанын хабарлады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Байден мен Трамп 13 қарашада Ақ үйде кездеседі
Мерзімі аяқталып жатқан және жаңадан сайланған президенттердің мұндай кездесуі АҚШ үшін қарапайым тәжірибе саналады. Алайда республикашыл Трамп 2020 жылы сайлауда жеңілген кезде Байденді қабылдамаған.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, Ақ үйге шақырған.
Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Жаңа сайланған президент ант бергеннен кейін бірден қызметке келіп, Ақ үйге көшеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ресей күштері Курск облысында Украина қарулы күштері басып алған аймақтарды қайтару мақсатында шабуыл жасауға дайындық кезінде Солтүстік Корея армиясы сарбаздарын қосқанда 50 мың адамдық қол жинады
АҚШ пен Украинадағы шенеуніктер дерегіне сілтеген The New York Times газеті осылай деп жазды.
Америка өкілдерінің бағалауынша, Ресей өз әскерін Украинаның шығысынан, яғни Мәскеуге басты бағыттан шығармайтындай етіп шоғырландырған. Ресей билігі бір уақытта бірнеше бағыттан қысым жасауы мүмкін деді басылым.
Украина шенеуніктері алдағы күндері Курск облысында Солтүстік Корея әскери қызметкерлері де қатысатын Ресейдің үлкен шабуылын күтіп отырғанын айтты.
Сарапшылар Солтүстік Корея сарбаздары жеңіл жаяу әскер ретінде соғысады деген болжам айтты. Осыған байланысты Украинаның қазіргі артиллериямен шабуыл тактикасы дрон шабуылдарымен бірге Ресейдің қорғалмаған позицияларына үлкен зиян келтіреді деп айтылған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамаудан қашып кетіпті деген ақпаратты жоққа шығарды
🗣 "Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр" деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. ҚАЖК Бишімбаев нақты қай мекемеде екенін айтпаған.
ҚазТАГ-тың жазуынша, ҚАЖК азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырған.
🗣 "Осы жағдай туралы жалған ақпарат таратуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады" деді комитет.
Бұған дейін бірқатар ресейлік телеграм-арна Бишімбаев қашып кетіпті деген хабар таратқан деді ҚазТАГ агенттiгi.
7 қарашада AIRAN редакциясы YouTube-те жариялаған видеода Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатыр деген Ақмола облысы Аршалы ауылындағы колонияға барып, бұрынғы министрді таба алмағанын хабарлаған. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін растаған. Журналистер Степногорск қаласындағы колонияға да барған, бірақ мекемеден жауап беруге ешкім шықпаған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Табытпен қайтқан солдаттар. Депутаттар патриоттық тәрбиені қолға алды, бұл әлімжеттікті тыя ма?
«Кей жаңалықтар жігіттердің «жүрегін шайлықтырып», азаматтық борышын өтуге деген ынтасын төмендетеді» дейді депутаттар. Мәселені шешу үшін олар әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі заң жобасын әзірлеп, таныстырды. Бұл қандай құжат, несімен ерекшеленбек?
Маңғыстауда қырылған итбалықтар 700-ге таяды. Азаматтық белсенді Сырғалай Меңдібайдың видеосында Сайын Шапағатов ауылы маңындағы теңіз жағалауында итбалықтар өліп жатқаны көрінеді.
"Балықшылардың ауына ілініп өліп жатыр деп кінәлайды. Мына жерде олардың ешқандай ауға шатысып өлмегені көрініп тұр" дейді белсенді.
Ескерту: Кадрда қан бар
Маңғыстауда тағы 137 өлі итбалық табылды. Қырылған итбалықтардың саны 700-ге таяды
- Біз инспекторлар тобымен және комиссиямен бірге хабарлаған жерге барып, өзіміз де көрдік. Теңіз жағасына шығып қалған 137 итбалық тауып, акт толтырдық. Бұл қатты жел болған күндері - кейінгі екі күн бұрын шыққан өлекселер. Итбалық денелері қатты іріп кеткен. Тек бір итбалықта ғана балықшы ау құралдарының іздері байқалды. Мойнында жарақат белгілері бар. Қалғандарын сырттай қарау мүмкін емес, сынама алу да мүмкін емес, өйткені денелері қатты ыдырап кеткен, - дейді Руцкий.
Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза болған және зардап шеккен офицерлердің аты-жөндері айтылды
Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза болған әуе қорғаныс күштерінің офицері Батыр Оразымбетов 36 жаста болған. Ол Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтында 2005-2009 жылдары білім алған. Кейінгі жылдары өзі білім алған оқу орнында қызмет етіп жүрген. Бортинструктор Оразымбетовтің артында ата-анасы, жұбайы мен екі баласы қалды.
Апаттан аман қалған екі адамның бірі 33 жастағы экипаж командирі майор Бейбарыс Ибраев. Әріптестері авиация эскадрилиясының командирі Ибраев көктемгі су тасқыны кезінде үш мыңнан астам адамды құтқарғанын айтады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, майор Ибраевтың денесін бірінші дәрежелі күйік шалған. Ішкі органдары әсіресе, өкпесі қатты жарақаттанған.
Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында болған үшінші адам - аға ұшқыш Рүстем Нығметовтің омыртқасы мен жамбасы сынған. Дәрігерлер офицерлердің өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады.
9 қарашаға қараған түні Ресей Украинаның Одесса, Харьков және Никополь қалаларын атқылады. Бұл жөнінде Украина билігі хабарлады.
"Жау Одесса мен аудандарға соққы дрондарымен шабуыл жасап жатыр. Әуе қорғаныс жүйесі істеп тұр" деп жазды Одесса әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер.
Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуылдың салдарынан бірнеше көп қабатты тұрғын үй мен жеке үйлер, әкімшілік ғимараттары, қоймалар мен көліктер бүлінген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
t.me/azattyq
«200 автомат пен 158 мың оқ». Былтырғы дүрбелеңде 6 қаңтар күні Алматының Республика алаңын бақылауға келген әскери бөлім жауынгерлерінде осынша қару-жарақ болған. Бұл ақпаратты әскери сотта прокурор хабарлады. Толығырақ видеодан көріңіз.
t.me/azattyq
Қазақстанда саяси тұтқындар қатары көбейді. Елде саяси себеппен қудаланды деп танылған азаматтар қатарына тағы 7 адам қосылды:
▫"Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев;
▫ азаматтық белсенді Асқар Сембай;
▫белсенді Жандарбек Башанов;
▫тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев
▫блогер Нұрлан Қанатов
▫ Тоқаевты "20 мың террорист шабуыл жасады" деген сөзі үшін сотқа бермек болған Тимур Дәнебаев
▫журналист Думан Мұхаммедкәрім.
Саяси тұтқын деп танылған азаматтардың істері
t.me/azattyq
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Залужный: Украина шабуылы — қойылым емес
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Валерий Залужный Батыс елдерінде кейде айтылатын "украин армиясы баяу жылжып жатыр" деген тәрізді пікірлерден мезі болғанын айтты. Бұл жөнінде ол Washington Post басылымына берген сұхбатында мәлімдеген.
Залужныйдың айтуынша, украин армиясы әуе шабуылында басымдыққа ие болмаса да және бірқатар тиісті қаруларының жоқтығына қарамастан шабуылдап жатыр. Генералдың сөзіне қарағанда, украин әскері "тіпті 500 метр болсын, күн сайын алға жылжып келеді".
"Бұл ұтыс тігіп, бүкіл әлем бақылап отыратын қойылым емес. Күн сайын әрбір метр үшін қан төгіледі" деді Залужный.
Оның сөзінше, алға қойған жоспар орындалып жатыр, "бәлкім, бәз-біреулерге, қойылымға қатысушыларға өздері қалағандай жылдам болып жатпаған болар, бірақ бұл олардың шаруасы" деді.
t.me/azattyq
Франциядағы дүрбелең, митингіге тыйым, депутаттардың 100 күні - AzatNews | 30 маусым 2023 жыл
📌 Францияда тегі алжирлік 17 жастағы жасөспірімнің өліміне байланысты наразылық ушыға түсті. Өткен түні Парижбен қатар елдің тағы бірнеше ірі қаласында мыңдаған адам полициямен қақтығысты. Банктер, дүкендер тоналып, ғимараттар өртенді.
📌 Соғыстың 500 күні қарсаңында Украинаға қолдау білдірмек болған белсенділердің митинг өткізуіне Қазақстан билігі рұқсат бермеді.
📌 Қазақстанның наурызда жасақталған парламенті 100 күн жұмыс істеп, екі ай демалысқа кетті. Депутаттардың көбі өз жұмыстарына разы. Алайда сарапшы президенттің "ықпалды парламент" туралы уәдесі орындалмағанын айтады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq