Қаңтар оқиғасы бойынша 16 жылға сотталған тараздық Ербол Жұмановтың қорғаушысы Жалғас Сапарханова бірінші инстанциядағы істе басты куәгерлердің бірінен сот залында жауап алынбағанын, істегі бейнежазбалардың тиісті деңгейде сараланбағанын, ғимаратты қорғауға келген әскерилердің барлығынан жауап алынбағанын айтты.
Бұған қоса, Сапарханова Жұмановтың туыстарымен бірге Тараздағы ҰҚК ғимараты маңында тұратын үйлерді аралап шығып, оқиға кезінде атылған оқтарды жинап алған. Қорғаушы олардың айғақ зат ретінде тіркелуін талап етіп отыр. Жұмановтың заңды өкілі Ержан Жұманов та соттан осы мәселелерге назар аударуды сұрады.
t.me/azattyq
Сенат депутаттары Назарбаевты оның атындағы мектеп, ЖОО мен қордың жоғары кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заң жобасын қабылдады
"Назарбаев университеті" (НУ), "Назарбаев зияткерлік мектептері" (НЗМ) және "Назарбаев қорының" мәртебесі туралы заңға түзетулер енгізілді. Құжатқа сәйкес, дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттік мемлекет басшысына жүктеледі. Бұл туралы "Информбюро" хабарлады.
Заңға сәйкес, Қазақстан президенті немесе президент тағайындайтын тұлға жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады, бұған дейін оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған.
Осыған дейін жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP), қазақстандық Vlast.kz және қырғызстандық Kloop.kg басылымы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің атындағы қорлар арқылы ірі активтерді бақылап отырғанын анықтаған.
🔗 Зерттеуді оқыңыз
t.me/azattyq
Парламент жалған ақпаратқа айыппұл салатын заң жобасын қабылдады
Сенат депутаттары екі оқылымда онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады. Құжатқа сәйкес, онлайн-платформалардың иелері мен өкілдері “шындыққа сәйкес емес ақпаратты” өшіруге міндетті.
Заң жобасына "блогер" мен "инфлюенсер" терминінің анықтамасы, одан бөлек онлайн-платформаларда жарнаманы маркалау міндеттемесі енгізіледі.
Заң сонымен бірге онлайн-платформалардың интерфейстерінде міндетті түрде қазақ тілінде ақпарат болуын қарастырады.
t.me/azattyq
Төтенше жағдай министрлігі Алматы облысында қамыс өрті әлі сөндіріліп жатқанын хабарлады
Ведомствоның айтуынша, Іле-Балқаш резерватындағы қамыс өртіне өрт сөндіру техникасы жете алмағандықтан “қолмен сөндіріліп жатыр” яғни, мотопомпа, бекініс құрал-саймандары қолданылып жатыр. Өрт сөндіруге тікұшақ, 80 адам, 22 техника жұмылдырылған.
“Өрт аумағын резерват жұмысшылары анықтайды” деп жазды.
Министрліктің баспасөз қызметі таңертең "бір күн бұрынғы мәлімет бойынша 100 гектар аумақ өртеніп жатқанын" айтқан.
Бұған дейін журналист Кирилл Павлов спутник суреттеріне сүйене отырып, “27 маусымда 10 мың гектардан астам аумақ өртенді” деп жазған еді. Ол өрттің даму динамикасын да жариялаған.
t.me/azattyq
Сенат заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заң жобасын мақұлдады
Заң жобасының негізгі мақсаты "заңсыз иемденген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру" деп айтылады.
"Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы" заң жобасын бұған дейін белсенділер мен сарапшылар да сынаған. Бұған дейін Elge Qaitaru қоры "заңсыз шығарылған активтерді қайтару" туралы заң жобасында кемшілік көп екенін айтқан. Алайда заң жобасына айтарлықтай өзгеріс енгізілмеді. Қоғам белсенділерінің пікірінше, "құжат мемлекетті тонағандарға жауаптан жалтаруға мүмкіндік береді, тіпті заңсыз алған активтерін заңдастыруға жағдай жасауы мүмкін" деген қауіп айтқан.
t.me/azattyq
Стокгольм полициясы қала мешіті маңында кезекті Құран өртеу акциясына рұқсат етті
Полиция өз шешімінде Швеция әкімшілік сотының қаулысына сүйенген. Сәуір басында әкімшілік сот Швеция сыртқы істер министрлігінің Құран өртеу акциясына тыйым салу туралы шешімінің күшін жойған. Сот жиналу еркіндігі Швецияның Конституциямен қорғалғанын атап өткен.
Қаңтар соңында Стокгольмде әсіреоңшыл белсенді Расмус Палудан Түркия елшілігі алдында Құранды өртеген. Бұдан соң Анкара Швецияның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін мақұлдамай қойған. Біраз уақыттан соң екі ел арасында келіссөз жалғасты, алайда Түркия Швецияны солтүстікатлантикалық одаққа қосуға келісім берген жоқ.
t.me/azattyq
Мәскеу соты бұрын Group-IB деп аталған ресейлік компанияның қызметкері Никита Кислицынды сырттай қамау туралы шешім шығарды
Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі хабарлады. Кислицын өткен аптада АҚШ сұрауымен Қазақстанда ұсталған.
F.A.C.C.T. (бұрынғы Group-IB) компаниясының күрделі кибершабуылмен күрес жөніндегі департамент жетекшісі Никита Кислицын Ресейде "заңмен қорғалған компьютерлік ақпаратқа қол жеткізу" ісі бойынша іздеуде болған. Бұған қоса "бопсалау" бойынша да күдікке ілініп отыр.
Кислицынның АҚШ сұрауымен 22 маусымда Қазақстанда ұсталғанын F.A.C.C.T. компаниясы 28 маусым күнгі хабарламасында жариялады. Компания Кислицынды 10 жыл бұрын журналист болып жүрген кездегі жұмысына қатысты ұстағанын, ал Қазақстанда оны ұстауға "ешқандай негіз болмағанын" жазады.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Зеленский Украинада ағылшын тілінің мәртебесін бекітуді ұсынды
Құжатқа сәйкес, ағылшын тілін шенеуніктер, әскери офицерлер, полицейлер, салық және кеден орган қызметкерлері, мемлекеттік сектор субъектілері білуге тиіс.
Мемлекеттік органдар халықаралық құжаттарды аудармасыз қабылдауға тиіс.
t.me/azattyq
Қазақстандағы ең үлкен мешітте Құрбан айт намазы оқылды
28 маусым – Құрбан айт күні Астанадағы бас мешітте де мерекелік намаз оқылды. Былтыр ашылған жаңа мешіт сәулетімен ерекшеленіп, туристер жиі баратын нысанға айналды. Құлшылық орны Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған.
📸:ФОТОГАЛЕРЕЯ
АҚШ "Вагнерге" қатысы бар компаниялар мен тұлғаға тағы санкция салды
Бұған дейін АҚШ, Еуроодақ, Канада және Ұлыбритания Пригожинге санкция салған.
"Қаржы министрлігінің санкциялары ЧВК "Вагнерді" қаржыландыруға қатысатын негізгі ұйымдар мене тұлғалардың жұмысын қиындатады" деді терроризм және қаржылай барлау мәселелері жөніндегі АҚШ қаржы вице-министрі Брайан Э. Нельсон.
Оның сөзінше, "Вагнер" Орталық Африка республикасы мен Малидің табиғи ресурстарын пайдалану есебінен өздерінің заңсыз операцияларын қаржыландырады. АҚШ "Вагнер" тобының кірісін бақылап, осылайша Африка, Украина және өзге елдердегі озбырлық әрекеттеріне кедергі жасайды, деді министрлік өкілдері.
t.me/azattyq
Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Краматорск қаласына ракетамен соққы жасады
Қаза болғандар саны 8 адамға жетті, 60 адам жараланды.
t.me/azattyq
"Агентство" басылымы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға тиесілі деп айтылатын Мәскеу маңындағы Рублево-Успенское шоссе ауданындағы сарайдың суреттерін жариялады
Басылым оны салған сәулет бюросының сайтынан суреттер тапқан.
Зәулім сарайда екі бассейн, бильярд бөлмесі және ірі ошақ бар. Жиһаздарда Будда мүсіні бейнеленген. Интерьерді екі ірі аквариум толықтырып тұр.
Суреттер "ЛЕОНАРДО Проект" сәулет бюросының сайтында жарияланған. Басылым дереккөзі жоба авторын "Шойгу мен таныстарының сарай сәулетшісі" деп атаған.
t.me/azattyq
Ресей әскері Краматорскіге ракетамен шабуыл жасады, 4 адам қаза болды
42 адам жараланды, деп жазды полицияға сүйенген Донбасс.Реалии сайты. Украина билігінің мәліметінше, қаза болғандар арасында 2008 жылғы бала бар.
Украина бас прокурорының кеңсесі қаза болғандар мен зардап шеккендер жөнінде ақпаратты растады. Жараланғандардың бірі – 8 айлық бала. Жарылыс жақын маңдағы сауда орындары, пошта бөлімдері мен автомобильдерін бүлдірген.
"Украинская правда" газетінің дереккөзіне қарағанда, Ресей әскері С-300 кешенінен соққы жасаған.
t.me/azattyq
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, мерт болған бес адамның апелляциялық соты ұзақ уақыттан кейін қайта жалғасты
Осыған дейін сот отырысы түрлі себеппен бірнеше рет шегеріліп келген еді.
"Аруақтар ісі" аталып кеткен сот отырысын марқұмдардың туыстары тағатсыздана күтті. Процесс басында Қаңтар кезінде оққа ұшқан Нұрсұлтан Қуатбаевтың әкесі Бақытжан Шыңғысбеков судьядан істі қарауды жеделдетуді сұрады. "Аруақтарды қинамай, істің ақ-қарасын ажыратып берсеңіз" деді ол.
Процесте марқұм болғандардың адвокаттары мен заңды өкілдері биыл 7 ақпанда Тараз қалалық №2 сотының судьясы Бағдат Төребекұлы шығарған үкімге наразылық білдірді.
Марқұм Тоқтар Ошақбайдың әкесі Мұхтар Сыздықовтың айтуынша, ұлы Қаңтар кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны туралы еш бейне не фотодәлел жоқ. Ал сотта куәлік берген адамдардың ақпараты шындыққа жанаспайды дейді ол.
t.me/azattyq
27 маусымда не болды? Негізгі жаңалықтар:
📌 Путин Пригожин бүлігі кезінде ұшқыштар өлгенін мойындады, бірақ кім жауапты екенін айтпады
📌 Қазақстан ауыр атлетінің қазасына байланысты "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғалған
📌 Алматы соты бұрынғы әйелін өлтірген адамға шыққан үкімнің күшін жойды
📌 Лукашенко Мәскеуге "әділет жорығын" бастаған Пригожинмен келіссөзі туралы айтты
📌 Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді
📌 Саяси журналистика бойынша Рахат Мамырбек атындағы байқау қорытындысы жарияланды
t.me/azattyq
Таразда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталғандардың апелляциялық шағымдары қарала бастады
Сәуірдің соңында бірінші инстанциядағы сот "қаруды заңсыз иемденді", "билік өкіліне күш көрсетті", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты" деп айыпталған төрт азамат Ербол Жұманов (16 жыл), Нұрахан Махатов (6 жыл), Жақсылық Абдуллаев (5 жыл) пен Айбол Сағынтайды (5 жыл) түрмеге кескен еді.
Бірақ бейсенбі күні 4 сотталушы сот залына әкелінген жоқ. Сотталғандардың қорғаушылары мен жақындары бұған наразылық танытты.
Процесте төрағалық етуші судья Нұрмахаммат Абидов мұны "істе жаңа дәлелдердің пайда болмауымен" түсіндірді. Мемлекеттік айыптаушы да судьяның бұл шешімін қолдап шықты. Ал қорғаушылар келіспеді.
Сотталушылардың адвокаттары да өздері қорғап отырған азаматтарды сотқа жеткізуді сұрады.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Төтенше жағдай министрлігі Балқаш маңындағы қамыс өртін қалай сөндіріп жатқанын жариялады
t.me/azattyq
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл ақпаратты Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан растады
"Адвокат қазір [істі сотқа жіберу туралы хабарламаны] жіберді. Шілдеде бастайтын шығар. Іс бойынша ештеңе өзгерген жоқ. Сол Жұман деген бір күдікті бар. Қалғандары куәгер ретінде өткен" деді бейсенбі күні Айдос Мелдехан Азаттық тілшісіне.
Тергеу органдары күдіктіні "билік өкілетін асыра пайдалану" бабымен жауапқа тартқысы келеді. Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты тергеу органдары кішкентай қыздың өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келетінін айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл істе куәгер ретінде өтіп отыр.
Алматы гарнизоны әскери соты әзірге жауап бермеді.
t.me/azattyq
"Cенат депутаттары заң жобасын ешқандай толықтыру және өзгеріссіз қабылдады"
Бейсенбі күні "Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы" заң жобасын таныстырған сенат депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Андрей Лукин журналистерге заң жобасына қатысты "ешқандай сома, ешқандай аты-жөнді атай алмайтынын" жеткізді. Оның айтуынша, сенат заң жобасына ешқандай түзету енгізбеген.
"Заңды сенат депутаттары ешқандай толықтыру және өзгеріссіз қабылдады" деді депутат. Ол "Қазақстанда заңсыз алынған активтерді қайтару үшін барлық шара қолданылады" деді.
Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд теңге актив қайтарылғанын хабарлаған. Қай елден және кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашық жарияланбаған.
Биыл сәуір айында Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары мәлімдемесінде Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған. Қордың сарапшылары активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында "тиісуге болмайтын" адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, "заңмен құқығы мүлде шектелмеген" көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан.
t.me/azattyq
ҚМДБ "қазақстандықтарды қажылық жасатамыз деп Сауд Арабиясына апарып, алдап кеткен" компания туралы айтты
Бұған дейін әлеуметтік желіде Zam-Zam Qazaqstan атты компанияның қазақстандықтарды қажылыққа апарып, Сауд Арабиясында олардың құжаттары дұрыс болмай шығып, қамалғаны хабарланған еді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы 29 маусым күнгі хабарламасында аталған компанияның қажылық бойынша қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы жоғын атап көрсеткен.
"Компания жетекшісі заң алдында жауап беруі тиіс" деген діни басқарма аталған компания ҚМДБ-ны "жалған қажылық квоталарын жасады" деп айыптағанын да жазған. Әзірге полиция бұл мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.
Видео: Instagram/Гүлмира Әбіқай
t.me/azattyq
Шымкент түрмесінен Лос-Анджелеске дейін. Эмиграцияға кеткен қаңтаршының хикаясы
Қайрат Сұлтанбек былтыр Қаңтар оқиғасына байланысты "бұзақылық жасады", "ғимараттарды басып алды" деген күдікке ілініп, соңында "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен 3 жыл 6 айға бостандығынан айырылған. 2022 жылдың қараша айында рақымшылыққа ілініп, түрмеден босатылған белсенді төрт күнде отбасымен бірге елден шығып кеткен. Қазір АҚШ-та мигрант.
"Демократия үшін" деп күрескен белсенді Қайрат Сұлтанбек бала-шағасымен тау-тасты кезіп, өзі аңсаған "еркін елге" жеткен. Ол – қаңтаршылар ішінде шетелден саяси баспана сұраған алғашқы адам.
"Ең бастысы – мұнда тәртіп, еркіндік пен бостандық бар. Қазақстанда соған жетуге талпынғаныммен нәтиже болмады ғой. Полиция жөн-жосықсыз үйіңді торуылдап, жеке өміріңе қол сұғатын елде тұрғым келмейді, адамға байлықтан гөрі еркіндік қымбат" дейді белсенді.
Қайрат Сұлтанбектің саяси белсенділік жолы туралы Азаттықтың бүгінгі мақаласынан оқыңыздар👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Сауалнама: ресейліктердің 35% Украинаға басып кіру қателік болды деп есептейді
Әлеуметтік сауалнама жүргізген Russian Field компаниясының зерттеу қорытындысы осыны көрсеткен.
The Moscow Times басылымының жазуынша, соғыстың алғашқы айлары Украинамен соғысу туралы шешімге респонденттердің 26-28 пайызы қарсы болса, ал былтыр желтоқсанда 33 пайыз болған. Зерттеу басқыншылықты қолдамайтындардың көбейгенін көрсеткен.
Ақпаратқа қарағанда, "Украинаға басып кіру туралы шешімнен бас тартпаушы едім" деп жауап бергендер қатары алғаш рет 50 пайыздан түсіп, 49 пайызды құраған.
Сауалнамаға сәйкес, соғысқа қарсы көңіл-күй әсіресе 18-24 жас аралығындағы жастар арасында басым. 45 жастан асқандар арасында соғысты қолдайтындар көп.
t.me/azattyq
Алматы және Алматы облысында 7 полицей “пара алды” деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, олар “бірнеше рет пара алды” деген күдікке ілінген.
“Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. Сонымен қатар инспекторлар жолда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген” деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Іс сотқа жолданған деп айтылады.
t.me/azattyq
NYT: генерал Сергей Суровикин Пригожиннің жоспары жөнінде білген
Басылымның жазуынша, дегенмен мәліметтер Суровикин қорғаныс саласы басшыларын қызметтен кетіруді көздеген Пригожинге жоспарын жүзеге асыруға көмектесті ме, жоқ па, ол жағын нақты айта алмаған. Американың ресми тұлғалары бірнеше ресейлік генерал Пригожинді қолдаған болуы мүмкін деген тұжырым да жасайды.
Американың бұрынғы және қазіргі ресми тұлғаларына сүйенген басылым Пригожин билікте отырған өзге тұлғалар өзін қолдамаса, бүлікке бармас еді деп жазды.
t.me/azattyq
ҚАМАУДАҒЫ 90 КҮН. Журналист Думан Мұхаммедкәрім қалай істі болды?
Журналист, саяси белсенді Думан Мұхаммедкәрім кейінгі бір жылда төрт рет «бейбіт жиын тәртібін бұзды» деген айыппен жиыны тоқсан күн қамауда отырды. Таяуда оған экстремистік баппен айып тағылып, тағы екі ай қамауға алынды.
📹КӨРУ
t.me/azattyq
Соғыс басталғалы бері Украинаның басып алынған аумағында Ресей кемінде 77 адамды дарға асқан
27 маусымда БҰҰ жариялаған баяндамада осындай мәлімет айтылады.
Баяндама авторларының айтуынша, дарға асылған 77 адамның бесеуі – әйел. Тағы бір адам "азаптаудан, қамау орнындағы адам төзгісіз жағдайдан немесе медицина көмегі берілмегендіктен" өлген.
Баяндамадағы мәліметтер 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2023 жылдың 23 мамыр аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында БҰҰ 800-ден астам адамның ұсталғанын растай алған.
t.me/azattyq
Қаржы нарығын реттеу агенттігі АҚШ-тағы сотқа Jusan тобының шағымын кері қайтару жайлы өтініш түсірді
Бұл туралы қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Азаттыққа берген ресми жауабында хабарлады.
Агенттік Азаттыққа жолдаған жауапта Jusan bank-ке иелік етуші компаниялар – Ұлыбританияда орналасқан Jusan Technologies пен АҚШ-тың Невада штатында орналасқан Jysan Holding-тің шағымын биыл сәуір айында алғанын, Jusan тобының барлық талабы мен айыптауымен келіспейтінін жеткізген.
АҚШ-тағы барлық федерациялық округ соттарының құжаттарымен электронды түрде танысуға мүмкіндік беретін PACER (Public Access to Court Electronic Records) платформасындағы мәліметке қарағанда, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова, оның орынбасары Олжас Қизатов пен агенттік қызметкері Арман Омарбеков Невада штатының федерациялық округ сотына Jusan тобының шағымын кері қайтару туралы өтінішті 13 сәуірде түсірген.
t.me/azattyq
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейге Батыс елдерінің санкция тізіміндегі тауарлар экспортталып жатқанын мойындады. Министр мына сұхбатында "санкцияға ілінген тауарларды Ресейге кім тасымалдап жатыр?", "Қазақстан қалай бақылайды?" деген сұрақтарға жауап береді.
Министрдің жауабының толық нұсқасы
Сауда министрі Қазақстаннан Ресейге екі мақсаттағы тауар экспортталғанын растады
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейге Батыс елдерінің санкция тізіміндегі тауарлар экспортталып жатқанын мойындады. "Санкцияның басында олар (Батыс елдерінің санкция бойынша өкілдері – ред.) бізге 7 мың тауар түрінің тізімін берді. Былайша айтқанда, біздің бүкіл тауар айналымымыз. [Батыс елдері өкілдерімен] сөйлескенде "мынаның бәріне тосқауыл қою не бақылау мүмкін емес" дедік" деді Жұманғарин Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, соңғы кездесуде АҚШ қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг, сауда министрінің өкілі Мэтью Аксельрод және Еуропа одағының санкциялар жөніндегі арнаулы өкілі Дэвид О’Салливан бақылауға алу тиіс тауар санын қысқартқан.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Еуропа одағының Ресейге салған санкциясының 11-пакетіне Өзбекстандағы Alfa Beta Creative және GFK Logistic Asia компаниялары ілінді
Брюссель бұл екі компанияны Мәскеудің әскери өндіріс кешеніне көмектескен ұйымдар тізіміне қосқан. Одан бөлек бұл тізімге Қытай, Иран, Сирия, Армения мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниялар кірген.
Тізімдегі компанияларға технологиялар мен соғыста қолданылуы мүмкін қосалқы мақсаттағы тауар экспорттауға шектеу қойылады.
Өзбекстандағы кәсіпорындардың мемлекеттік реестрі деректеріне сүйенген Ташкенттегі Gazeta.uz басылымы Alfa Beta Creative компаниясы соғыс басталған соң бірнеше айдан кейін, 2022 жылдың маусымында тіркелгенін анықтады.
Бұл мәліметке қарағанда, компанияның жарғылық капиталы 2 миллион сомға тең, негізгі қызмет түрі − кеңсе техникасы мен жабдықтардың көтерме саудасы. Ал 2018 жылдың наурызында тіркелген GFK Logistic Asia компаниясының жарғылық капиталы 200 миллион сом болған. Ұйым құрлықтағы көлік қызметін көрсетеді.
t.me/azattyq