Мәскеуде Пригожиннің бүлігіне байланысты енгізілген шектеулерді алып тастамақ
"Контртеррористік режимге байланысты енгізілген барлық шектеуді алып тастаймыз. Мектеп оқушыларының бітіру кешін 1 шілдеде өткіземіз" деп жазды Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин Телеграм-арнасында.
24 маусымда Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев 1 шілдеге дейін далада, білім беру мекемелерінде қоғамдық шаралар өткізілмейтіні туралы қаулыға қол қойған.
t.me/azattyq
Астана маңындағы өрт сөндірілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Талдыкөл көлі ауданындағы 80 гектарға жайылған өрт бүгін сағат 11:22-де сөндірілген.
Өрт Астана маңынан 19 маусымда шыққан. Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, құрғақ шөп пен қамыс өртенген.
t.me/azattyq
Шемонаиханың жанармай бекетіндегі жарылыста күйген екі адам қайтыс болған
Бұл туралы жергілікті YK-news.kz басылымы хабарлады.
"Денелері 100 пайызға жуық күйген. Мұндайда аман қалу қиын. Дәрігерлер 48 сағат әрекет жасағанымен, құтқара алмады",- дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жарылыста зардап шеккен тағы бір еркек пен әйелдің беті бері қараған. Олар орта деңгейде күйіп, ауруханаға түскен.
t.me/azattyq
Егембаевтың жақындары сот үкіміне келіспеді және сот процесін түсірген Азаттық тілшісі мен өзге журналистердің камерасын жауып, қоқан-лоқы көрсетті.
t.me/azattyq
Қаңтарда оққа ұшқан отбасы жөніндегі сот: Жауынгер 7 жылға сотталды
Алматы гарнизонының әскери соты "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімнің қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жылға бостандығынан айырды. Оны сот залында қамауға алды. Бұл туралы сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.
Былтыр 8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғына ұшқан. Оқ тиген көліктің сау тамтығы қалмаған. Оқ бірнеше қарудан атылған деген күдіктер айтылған.
Сот кезінде жауынгер Данияр Егембаев Нұрболат Сейітқұлов пен оның қызы Нұрайдың өліміне кінәлі саналып, айыпталушыға айналған. Алтынай Етаеваның қазасы жеке қарастырылатын болған.
t.me/azattyq
Пригожин бүлігінен кейін Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескен
Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ақпаратқа қарағанда, маусымның 25-іне түске дейін Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен, түстен кейін Назарбаевпен әңгімелескен.
"Халықаралық жағдай мен аймақтағы ахуалды және Беларусь - Қазақстан қатынастарын талқылады" дейді хабарда.
Лукашенкомен сөйлескені туралы Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарламаған.
t.me/azattyq
Алматыда екі белсенді Асхат Берсалимов пен Данияр Макешов 15 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде белсенді Марат Тұрымбетов хабарлады
Екі белсендіге “митингіге шақырғаны үшін” (488-бап, 7-бөлік) айып тағылған. Белсенділер бұған дейін 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін де елге әкелінген шетел көліктерін заңдастыру мәселесін көтерген.
Жексенбі күні күндіз Макешов журналистерге 25 маусымда бастама топ мүшелері митинг өткізгісі келгенін, алайда кеше кейінге шегерілгенін айтқан еді. Бірақ оны соған қарамастан ұстап әкеткен.
Елде шетел көліктерін заңдастыру мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Одан кейін тіркеусіз жүргендерге айыппұл салынатыны хабарланған.
Ақмола облысында Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі күйде табылған
Облыстық полиция департаментіне сүйенген жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тұрар Дүйсембиннің денесі 25 маусым таңертең Қылшықты өзені аумағындағы шұңқырдан табылған.
Демалыста болған Дүйсембиннің жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусымда түскен. Ол үйінен 20 маусымда кеткен. Іздеу-құтқару операциясы бір тәуліктен астам жалғасқан.
Ресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның денесінде күш қолдану белгілері болмаған. Сараптама тағайындалғаны хабарланды.
t.me/azattyq
Алматыда шетел көліктерін заңдастыру жөніндегі бастама топ мүшесі Данияр Макешов ұсталды
Бұл жөнінде белсенді Марат Тұрымбетов хабарлады. Ол журналист Данияр Молдабековке бастама топ мүшесін көлігімен полиция Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізгенін хабарлаған.
Журналистің жазуынша, Макешов жуырда өзге де жүргізушілермен бірге Астанада болып, шенеуніктермен кездескен. Белсенділер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін де елге әкелінген шетел көліктерін заңдастыруды талап етеді.
25 маусымда бастама топ мүшелері митинг өткізгісі келген, бірақ кеше митингіні кейінге шегерген. Бірақ полиция оны соған қарамастан ұстап әкеткен. Полиция кешеден бері Ресейдегі бүлікке байланысты қауіпсіздік күшейгенін айтқан.
Елде шетел көліктерін заңдастыру мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Одан кейін тіркеусіз жүргендерге айыппұл салынатыны хабарланған.
Балқаш-Іле резерваты аумағындағы қамыс өрті. Төтенше жағдай министрлігі таратқан суреттер
Читать полностью…Тоқаев Ресейде “әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімді құптады”
Тоқаев жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Көрші Ресейде кеше болған “қарулы бүлік” Ақорданың айтуынша, “Ресейдің ішкі мәселесі екеніне қарамастан”, Қазақстан азаматтарын да алаңдатқан.
“Мемлекет басшысы әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімді құптады” деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
“Жиында еліміздің қаржы-экономикалық тұрақтылығын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Президент барлық ведомство басшыларына дағдарыс жағдайындағы ықтимал қатерлерге қарсы әрекет етуге дайын болуды тапсырды” деп жазылған хабарламада.
Қымбат мейрамханадан қарулы бүлікке дейін. Евгений Пригожин деген кім?
“Вагнер” жетекшісі Евгений Пригожин Ресейде қарулы бүлік ұйымдастырып, Мәскеуге жетуіне аз қалғанда билік оны келіссөзбен тоқтатты. Путиннің бұрынғы аспазы, Ресейдегі ең алғашқы ірі жеке армияның жетекшісі Путин билігіне қалай қауіп бола жаздағаны туралы
Қаңтар оқиғасы бойынша 16 жылға сотталған тараздық Ербол Жұманов абақтыда өзіне қол салған
Бұл ақпаратты бірінші болып әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Ринат Рафкат жариялаған.
Ербол Жұмановтың өз денесін жарақаттағанын адвокаты Жалғас Сапарханова растады. Ақпаратқа қарағанда, Жұманов сот үкіміне қарсы болған.
Адвокаттың айтуынша, оқиға 6 күн бұрын болған. Сол үшін ол жеке камераға қамалған.
Тараздағы тергеу изоляторы бастығының орынбасары Тимур Сандыбаев Жұмановтың мұндай әрекетке барғанын растады. Оның айтуынша, "жарақат салғаны үшін" тағайындалған қамау мерзімі аяқталған. "Денсаулығына еш қауіп жоқ" деді ол.
t.me/azattyq
Пригожин мен Путин арасындағы келісімнің тағы бір шарты - 24 маусым бүлігіне қатысқандар қудаланбайды. Ал бүлікке қатыспаған “Вагнер” мүшелері Ресей қорғаныс министрлігімен келісім-шарт жасаса алады. “Вагнер” әскери компаниясы тарауы мүмкін деген болжам айтылды. Ал Пригожиннің өзі “Беларуське кетеді”.
Читать полностью…“Пригожин Путинді жер қылды және зорлық-зомбылыққа монополия жоқ екенін дәлелдеді”. Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк бүгін Ресейде болған оқиғалар туралы осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Путин өзі таңертең ғана “көзін жоюды” тапсырған адамның қауіпсіздігіне кепілдік беруі оның билігі әлсіз екенінің айғағы.
Читать полностью…Думан Мұхаммедкәрім деген кім? Неліктен оған экстремизмге қатысты айып тағып жатыр?
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп, екі айға қамалды. Оған тағылған екі айып та экстремизмге қатысты.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімге қарсы екі қылмыстық іс те Мұхтар Әблязовтан алған сұхбатына байланысты қозғалған.
"Бұл жалған айып. Думан бар болғаны кәсіби жұмысын атқарды. Сұхбат кезінде ҚДТ қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылғанын да атап өткен. Осыған қарамастан "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деу негізсіз" дейді Ғалым Нұрпейісов.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Украина барлау қызметі: Ресей әскері Запорожье АЭС-іне жарылғыш техника жеткізген
Украина барлау қызметінің бастығы Кирилл Буданов The New Statesman басылымына берген сұқбатында "Ресей Запорожье атом электр станциясына теракт жасауға арналған дайындығын аяқтады" деген.
Буданов "Ресей әскері станцияның салқындатқыш бассейнін миналағанын" ескерткен.
Оның сөзінше, салқындатылмаған ядролық реакторлар "он сағаттан 14 күнге дейінгі аралықта еріп кетуі мүмкін." Буданов Ресей "станцияға дейінгі электр желілеріндегі қуатты күшейтсе ядролық апат болады" деп санайды.
Украина әскери барлауы "Ресей әскері алты энергоблоктың төртеуіне жарылғыш техника жеткізгенін" анықтаған. 15 маусымда Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЕ) барғанда бұл блоктарға кіргізілді ме, жоқ па, белгісіз.
Буданов Ресей Запорожье АЭС-ін жару жөнінде жоспарын "жасап және бекітіп қойғанына" сенімді екенін айтты.
t.me/azattyq
Пригожин бүлігінің беті қайтқан соң Путиннің екі ұшағы Мәскеуге оралған
Flightradar24 сервисінің мәліметіне қарағанда, бірінші ұшақ 25 маусымда түнде 02:00 шамасында Тверь облысы маңынан радарға қосылып, 03:43 кезінде Мәскеуге қонған. Бұл ұшақ сенбі күні 18:43-те Мәскеуден ұшып кеткен.
Екінші ұшақ та Тверь облысы маңынан радарға қосылып, Мәскеуге 01:50-де қонған. Олардың қайдан ұшып келгені белгісіз.
24 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Путин күні бойы Кремльде жұмыс істеді" деген.
t.me/azattyq
"Вагнер" жалдамалылары Ресейдің әуедегі командалық пунктін де атып түсірген
Бұл жөнінде Нидерландының Oryx жобасы мен Ресей телеграм-арналары жазды.
Бірінші арна тілшісі Ирина Куксенкованың сөзіне қарағанда, Ил-22М бортында 10 адам болған, бәрі де өлген.
"Оңтүстік әскери округ штабында Пригожинге "оны неге аттыңдар, әуеден соққы жасайтын ұшақ емес қой" дегенде, Пригожин "колоннадағы ақымақ "пвошник" (әуе қорғанысы жүйесінің атқышы) төбеде ұшқанның бәрін ата беріпті" деп жауап берген. Тілшінің сөзіне қарағанда, Пригожин өлген ұшқыштардың отбасына 50 миллион рубльден өтемақы төлеуге уәде берген. Бұл ақпаратты өзге де телеграм-арналар таратты. Бірақ Пригожин де, Ресей қорғаныс министрлігі де әзірге жақ ашқан жоқ.
t.me/azattyq
Блинкен: "Вагнер" жалдамалылары Путинге айрықша қатер төндірді
"Вагнер" жалдамалыларының Путин билігіне төндірген айрықша қатерінен кейінгі хаос әзірге аяқталмаған болуы мүмкін, әлі ұзақ уақыт тұрақсыздық сақталуы ықтимал. Бұл ойды АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтқан.
Блинкен телеарнаға берген сұқбатында "23-24 маусымда Евгений Пригожин бүлігіне байланысты Ресейдегі жағдай бірер күннің жемісі емес" деп сөйлеген. "Менің ойымша біз Ресейдегі сызаттың одан әрі тереңдей түскенін көріп отырмыз. Путин алдағы апталар мен айларда шешуге тиіс көптеген мәселе бар", – дейді мемлекеттік хатшы NBC News эфирінде.
t.me/azattyq
24 маусымға қараған түні Киевке жасалған ракета шабуылының салдарынан қаза болғандар 5 адамға жетті
Ресей ракетасының сынығы түсіп, қираған орыннан құтқарушылар тағы екі адамның денесін тапты. Бұл жөнінде қала мэрі Виталий Кличко хабарлады. Бұған дейін үш адам өлгені айтылған еді.
Шабуылдың салдарынан Киевтің Соломен ауданындағы 25 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі қираған.
Украина билігінің хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ресей әскері шабуылдаушы Ту-95МС ұшағынан Х-101/555 ракетасын ұшырған. Шамамен 20 ракета Киев аумағында атып түсірілген деп айтылады.
t.me/azattyq
Қонаев пен Бекежановтың "қастығы". Назарбаевтың табылмай кеткен сұхбаты тәркіленді ме?
Советтік Қазақстан үкіметінің жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев мәскеулік басылымға берген сұхбатында бұрынғы басшы Дінмұхаммед Қонаев пен оның көмекшісі Дүйсетай Бекежановқа неге қатты шүйлікті? Сұхбатты жариялаған журналдың кейін Қазақстан кітапханаларынан жоғалғаны рас па? Оқиға куәгері не дейді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы сұрақтарға жауап іздедік.
🔗ОҚУ
🎙️ТЫҢДАУ
“Соғысты зерттеу институты” кезекті хабарламасында “Пригожинді бүлік жасауға не итермеледі?” деген сұраққа жауап іздейді
Пригожин “Вагнер” тобын қорғаныс министрлігінен бөлек әскери құрылым ретінде сақтап қалудың жалғыз амалы – Ресей әскери ведомствосына қарсы жорық ұйымдастыру деп ойлаған сияқты, дейді сарапшылар.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі еріктілер жасағына министрлікпен келісімшартқа қол қоюға 1 шілдеге дейін уақыт берген. Сарапшылардың ойынша, Пригожин мұны өзіне саяси қатер деп қабылдаған. Сол себепті “Вагнерден” айырылғанша қорғаныс министрлігінің басшыларын ауыстыруға күш салған.
Әскери сарапшылар кеше “Вагнер” жасағының жылдам жүріп, бір-бірімен тез байланысып отырғанына қарағанда Пригожин бүлікті алдын ала ұйымдастырған болуы мүмкін деп болжайды. Алайда мұны ашық дереккөздер арқылы растау мүмкін емес.
“ВАГНЕРДІҢ” БОЛАШАҒЫ
Егер келісім Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан нұсқада жүзеге асса, “Вагнердің” бір бөлігі қорғаныс министрлігі құрамына енеді. Әзірге “Вагнер” күштерінің өздерін министрлікке қосқанға қалай қарайтыны белгісіз. Қорғаныс министрлігіне қарасты күштер де олармен қалай істесетінін де дөп басып айту қиын.
Путиннің бүліктен кейін Шойгу мен Герасимовке көзқарасы да түсініксіз қалды дейді сарапшылар. Песков кез келген әскери кадр алмасу мәселесі Путиннің “айырықша құзыретінде” екенін, кешеден бері бұл мәселе талқыланбағанын айтты.
Журналист Кирилл Павлов жексенбі күні спутник деректеріне сүйене отырып, Балқаш көлі маңында өрт болып жатқанын және оның бүгін ғана өртеніп жатпағанын, биліктен ақпарат жоғын жазған.
Ізінше төтенше жағдай министрлігі өрт туралы ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 га қамыс өртеніп жатыр.
“Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га болды, оның ішінде сөндірілгені - 6050 гектар” деп жазылған хабарламада.
Министрлік “әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан” деп жазды. (Ал журналист спутник суреті бүгін, 25 маусымда таңертең түсірілгенін айтады).
Ведомствоның айтуынша, “Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрт таралмас үшін орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр”. Елді мекендерге қауіп жоқ екені айтылады.
Пригожинмен келісім жасалмай тұрған кезде ресейлік "Фонтанка" арнасы Пригожиннің Петербургтегі кеңсесін тінту кезінде 5 кило құйма алтын, доллар, 6 тапанша, 5 кило белгісіз ақ ұнтақ және бірнеше паспорт табылғанын хабарлаған. Дмитрий Песков Пригожинге қозғалған іс тоқтатылғаны туралы хабарлағаннан кейін бұл ақпарат өшірілген.
Читать полностью…Песков: Пригожинге қарсы қозғалған іс тоқтатылады, ол "Беларуське кетеді"
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, келіссөзге "Пригожинді 20 жылдан бері жеке танитын" Беларусь басшысы Александр Лукашенко қатысқан. Кремльдің баспасөз хатшысының айтуынша, қарулы бүлік туралы қылмыстық іс жабылады, бірақ қандай негізде жабылатынын айтпады. Пригожиннің өзі "Беларуське кетеді". Ол жақта не істейтіні әзірге хабарланбады.
Кремль өкілінің айтуынша, "қарулы бүлікке" араласқан "Вагнер" жасақтары да қудаланбайды. Мәскеуге "әділдік маршына" қатыспағандары Ресей қорғаныс министрлігі өкілдерімен келісімшартқа қол қоя алады.
Песковтың айтуынша, соңғы оқиғалар Украинада соғысып жатқан орыс әскерінің әрекетіне "әсер етпейді".
t.me/azattyq
🇰🇿 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда “күні бойы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға ала отырып, мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды”.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те осылай жазды.
Қазақстан президенті 25 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізетіні хабарланған.
Пригожин Ростовтағы Оңтүстік әскери округ штабынан кетті. Жұрт оған қошамет көрсетті.
Читать полностью…“Вагнерліктер” Ростовтағы штабтан кетіп жатыр. Мәскеу түбіндегі блок-бекеттердегі Ресей ұлттық гвардиясының БТР-лары мен көліктері де алынып жатыр. Бірақ Мәскеуде дүйсенбі бәрібір демалыс күні болып қала береді. Терроризммен күрес режимі біртіндеп тоқтатылады.
Читать полностью…