azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Қымбат мейрамханадан қарулы бүлікке дейін. Евгений Пригожин деген кім?

“Вагнер” жетекшісі Евгений Пригожин Ресейде қарулы бүлік ұйымдастырып, Мәскеуге жетуіне аз қалғанда билік оны келіссөзбен тоқтатты. Путиннің бұрынғы аспазы, Ресейдегі ең алғашқы ірі жеке армияның жетекшісі Путин билігіне қалай қауіп бола жаздағаны туралы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы бойынша 16 жылға сотталған тараздық Ербол Жұманов абақтыда өзіне қол салған

Бұл ақпаратты бірінші болып әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Ринат Рафкат жариялаған.

Ербол Жұмановтың өз денесін жарақаттағанын адвокаты Жалғас Сапарханова растады. Ақпаратқа қарағанда, Жұманов сот үкіміне қарсы болған.

Адвокаттың айтуынша, оқиға 6 күн бұрын болған. Сол үшін ол жеке камераға қамалған.

Тараздағы тергеу изоляторы бастығының орынбасары Тимур Сандыбаев Жұмановтың мұндай әрекетке барғанын растады. Оның айтуынша, "жарақат салғаны үшін" тағайындалған қамау мерзімі аяқталған. "Денсаулығына еш қауіп жоқ" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин мен Путин арасындағы келісімнің тағы бір шарты - 24 маусым бүлігіне қатысқандар қудаланбайды. Ал бүлікке қатыспаған “Вагнер” мүшелері Ресей қорғаныс министрлігімен келісім-шарт жасаса алады. “Вагнер” әскери компаниясы тарауы мүмкін деген болжам айтылды. Ал Пригожиннің өзі “Беларуське кетеді”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Пригожин Путинді жер қылды және зорлық-зомбылыққа монополия жоқ екенін дәлелдеді”. Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк бүгін Ресейде болған оқиғалар туралы осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Путин өзі таңертең ғана “көзін жоюды” тапсырған адамның қауіпсіздігіне кепілдік беруі оның билігі әлсіз екенінің айғағы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🤷‍♂️ Кремль Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтайтынын, ал “Вагнер” басшысы “Беларуське” кететінін мәлімдеді. Пригожин Беларусьте немен айналысатыны нақты айтылмады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин: «Жігіттер, мініңдер, үйге қайтамыз!»

Кейінгі аудиожазбасында Пригожин «заттарын жинап, кері қайтатындарын» айтқан. Ол «Вагнер» әскерімен бір тәулікте 200 км жол жүріп, «жауынгерлердің бір тамшы қанын төкпегенін» айтты. Алда да «орыстардың қаны төгілмес үшін» Мәскеу түбіндегі колоннаны кері бұрып, «жоспар бойынша артқа қайтып, даладағы лагерьлеріне баратынын» мәлімдеді. Оның қандай жоспар туралы айтқаны белгісіз. Ол Лукашенкомен арада болды деген келіссөз туралы да ештеңе айтпады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин “Вагнер” әскерін Мәскеуден 200 шақырым жерде тоқтататынын растады. Ол қан төккісі келмейтінін айтты. Пригожиннің аудиосын өзінің баспасөз қызметі таратты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский ресейліктерге орысша қайырылды:

“Кремльдегі адам қатты қорқып, бір жерде тығылып отырған сияқты. Мәскеуде емес екеніне сенімдімін. Бір жерлерге хабарласып, не болып жатқанын сұрастырып жатқан болар... Ол неден қорқатынын біледі, себебі осы қатердің бәрін өзі тудырды. Зұлымдық, шығын, қастық – осының бәрін өзі таратып отыр.

Ол бункерлерінің арасында неғұрлым ұзақ қашып жүрген сайын сонша жоғалтасыңдар... Біз, украиналықтар, елімізді қорғаймыз. Еркіндігімізді қорғаймыз. Міндетті түрде жеңіске жетеміз.

Ал сендер ше? Украин жерінде әскерің неғұрлым ұзақ болған сайын Ресей сонша шығынға батады. Бұл адам Кремльде неғұрлым ұзақ отырса, апат та соғұрлым көп болады”

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Ақорданың хабарлауынша, “премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді”

“Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр” деп жазылған хабарламада.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеу облысында 1 шілдеге дейін далада, білім беру мекемелерінде қоғамдық шаралар өткізілмейтін болды. Бұл жөнінде қаулыға Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев қол қойды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Бұл ИЛ-96-ны Путиннен басқа ешкім қолданбайды»

«Настоящее время» арнасындағы «Система» зерттеу жобасының журналисі Дмитрий Сухарев тікелей эфирде берген сұхбатында Владимир Путин Мәскеуден Валдайға ұшып кеткен болуы әбден мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, Кремльдің тек Ресей президенті ұшатын екі ұшағы бар, соның бірі - ИЛ-96. Бұл ұшақты Владимир Путиннен басқа ешкім қолданбайды.

Журналистің дерегі бойынша, бүгін Мәскеуден «Россия» арнайы ұшу отрядының үш ұшағы ұшып шыққан, соның бірі – осы ИЛ-96. Ол Валдай қаласының тұсына барғанда радардан көрінбей қалған.

Валдай – Мәскеуден 380 км, Санкт-Петербургтен 140 км жерде, көл жағасында орналасқан қалашық. Онда Ресей президентінің резиденциясы бар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандағы айырбас пункттерінде Ресей рублінің құны түсіп жатыр

Астанада бір рубльді сатып алу 4,2 теңге, сату 5,2 теңге шамасында. Алматыда рубльді алу құны 4,5 теңге, ал сату құны 5,2 теңге төңірегінде. Кеше ғана рубльдің сатып алу құны 5,25 теңге болған еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Захарова: Батыс елдерін Ресейдің ішіндегі жағдайды өз русофобиялық мақсатына пайдалануға тырыспауды ескертеміз

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова елде болып жатқан жағдайға қатысты пікір жазды. Евгений Пригожиннің «Вагнер» әскери тобын бастап, Ресейде «әділдік жорығына шығуын» ол «қарулы бүлік бастауға талпыныс» деп атады:

«Қаскөйлердің қитұрқы әрекеті - іс жүзінде Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандырып, бірлігімізді шайқап, Ресей Федерациясының халықаралық қауіпсіздікті берік қамтамасыз ету жоспарын бұзуға ұмтылыс. Сондықтан бұл бүлік Ресейдің сыртқы жауларының қалауына сай келеді» деді Захарова.

Ол Батыс елдерін «Ресейдің ішіндегі жағдайды өзінің русофобиялық мақсатына пайдалануға тырыспауды» ескертті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Латвия мен Эстония Ресеймен шекарасында қауіпсіздікті күшейтті

Ресейдегі жағдайға байланысты Латвия шекарадағы күзетті күшейтіп, ресейліктерге гуманитарлық виза беруді доғарады, деп хабарлады ел президенті Эдгар Ринкевич.

“Латвия Ресейдегі жағдайды мұқият бақылап отыр және одақтастарымен ақпарат алмасып жатыр. Шекарадағы күзет күшейтілді, соңғы оқиғаларға байланысты Ресейден кеткісі келетін азаматтардың виза алуға өтініші қаралмайды. Қазір Латвияға тіке қауіп жоқ” деп жазды ол Twitter-де.

Латвия былтыр ресейліктерге жаңа виза беруді тоқтатқан, тек гуманитарлық виза беріп келген еді.

Эстония премьер-министрі Кая Каллас та шекарада қауіпсіздік күшейтілгенін мәлімдеді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейліктердің Евгений Пригожинге көзқарасы: әлеуметтік сауалнама

Журналист Вадим Борейко украиналық әлеуметтанушы Олександр Шульга жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады.

Алғашқы зерттеу 2022 жылдың желтоқсанында жасалса, соңғысы 2023 жылы маусымда жүргізілген.

“Вагнер” жетекшісі Евгений Пригожинге көзқарасыңыз?" деген сұраққа:

▫2022 желтоқсанда сұралғандардың 22 пайызы “сөзсіз жақсы” деп жауап берген.

▫2023 жылы маусымда бұл көрсеткіш 36 пайызға өскен

▫2023 жылы 61 пайызы “жаман емес” деген пікірде екенін айтқан. Былтыр желтоқсанда бұл көрсеткіш 37 пайыз болған.

Статистикаға қарағанда, Пригожиннің “танымалдығы” желтоқсанмен салыстырғанда біраз артқан.

“Пригожиннің Ресейде саяси болашағы бар ма?” деген сұраққа сұралғандардың 50 пайызы “бар” немесе “бар сияқты” деп жауап берген.

“Жоқ” немесе “жоқ сияқты” деген жауапты 36 пайызы таңдаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Песков: Пригожинге қарсы қозғалған іс тоқтатылады, ол "Беларуське кетеді"

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, келіссөзге "Пригожинді 20 жылдан бері жеке танитын" Беларусь басшысы Александр Лукашенко қатысқан. Кремльдің баспасөз хатшысының айтуынша, қарулы бүлік туралы қылмыстық іс жабылады, бірақ қандай негізде жабылатынын айтпады. Пригожиннің өзі "Беларуське кетеді". Ол жақта не істейтіні әзірге хабарланбады.

Кремль өкілінің айтуынша, "қарулы бүлікке" араласқан "Вагнер" жасақтары да қудаланбайды. Мәскеуге "әділдік маршына" қатыспағандары Ресей қорғаныс министрлігі өкілдерімен келісімшартқа қол қоя алады.

Песковтың айтуынша, соңғы оқиғалар Украинада соғысып жатқан орыс әскерінің әрекетіне "әсер етпейді".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇰🇿 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда “күні бойы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға ала отырып, мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды”.

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те осылай жазды.

Қазақстан президенті 25 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізетіні хабарланған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин Ростовтағы Оңтүстік әскери округ штабынан кетті. Жұрт оған қошамет көрсетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Вагнерліктер” Ростовтағы штабтан кетіп жатыр. Мәскеу түбіндегі блок-бекеттердегі Ресей ұлттық гвардиясының БТР-лары мен көліктері де алынып жатыр. Бірақ Мәскеуде дүйсенбі бәрібір демалыс күні болып қала береді. Терроризммен күрес режимі біртіндеп тоқтатылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин мен Лукашенко тағы сөйлесті

Пригожин әскерін кері бұратынын мәлімдеген соң Лукашенко мен Путин тағы да телефонмен сөйлесті. Лукашенко Ресей басшысына «Вагнер» тобы жетекшісімен болған келіссөз нәтижесі туралы «айтып берген». «Ресей президенті жасаған жұмысы үшін белорус әріптесіне қолдау білдіріп, алғыс айтты» деп хабарлады Лукашенконың баспасөз қызметі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Вагнер» қандай шарттармен шегінетін болды?

Лукашенконың айтуынша, Пригожинмен арадағы келісімде «Вагнер» тобы сарбаздарының «қауіпсіздігіне кепілдік берілген». Пригожиннің жеке бас қауіпсіздігіне қандай кепілдік берілгені белгісіз. Кешегі мәлімдемелерінен соң «қарулы бүлікке шақырды» деген себеппен оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ел басшылығы оны «сатқын» деп атаған.

Ресей қорғаныс министрі Шойгу мен бас штаб басшысы Герасимов орнынан кете ме, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Пригожин «әділдік шеруін» бастағанда олардың биліктен кетуін талап еткен еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Лукашенко Пригожинмен келісімге келгенін мәлімдеді

Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Беларусь басшысы Путиннің келісімімен Евгений Пригожинмен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде екеуі “Ресей аумағында қантөгіске жол бермеуге” келіскен.

Ақпаратқа қарағанда, Пригожин Лукашенконың “Ресей аумағында Вагнер әскерінің жорығын тоқтату туралы” ұсынысын қабылдаған және жағдайды ушықтырмауға келіскен.

“Қазір түйткілді шешу үшін өте тиімді және орынды ұсыныс айтылып жатыр, Вагнер жауынгерлерінің қауіпсіздігіне де кепілдік беріледі” деп хабарлады Лукашенконың баспасөз қызметі.

Пригожин мен Ресей билігі әзірге түсініктеме бермеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Верстка” және әскери тілші Евгений Поддубный Воронеж облысында атып түсірілген Ка-52 тікұшағының қалдықтарын көрсетті

Оны “Вагнер” тобы атып түсірген деп айтылады. Құтқарушылар екі адамның денесін тапқан. Поддубный ақпаратты растады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ростовтағы Оңтүстік әскери округ штабы маңында бес рет оқ атылған. Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік "РИА Новости" агенттігі хабарлады. Жергілікті «Блокнот» басылымы атыс болды деген жердің видеосын жариялады. Оңтүстік әскери штабты бүгін «Вагнер» әскери тобы басып алған. Ресей басшылығы «бүлікшілерге қарсы контртеррористік операция бастағанын» мәлімдеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеу қаласы. Қазіргі жағдай. Орталықта әсіре оңшыл "Ұлттық азат ету" қозғалысының өкілі плакат ұстап тұр. Бұл ұйым бұрын "Сармат"
ядролық зымыранымен Вашингтонға соққы жасауға үндеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Вагнер” тобының Мәскеу облысына жеткені туралы алғашқы хабар тарай бастады

Куәгерлерге сүйенген кейбір ақпарат көздері “Вагнер” тобы Мәскеу облысының оңтүстігіне жеткенін жазды. Мәскеуде дүйсенбі, 26 маусым жұмыс күні емес. Қалаға әскер әкелініп жатыр. Әлеуметтік желілерде Мәскеуге сап түзеп бара жатқан әскери техникалардың видеосы жарияланды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Вагнер» бүлігі басталған соң Ресейдің кей олигархтары Мәскеуден кетіп қалған болуы мүмкін. «Важные истории» басылымының хабарлауынша, олигарх әрі Путиннің досы Аркадий Ротенбергтің Bombardier BD-700 бизнес-джеті бүгін таңертең Әзербайжан астанасы Бакуге қонған. Ротенбергтің баспасөз қызметі оның Мәскеуден кеткенін жоққа шығарды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Дүйсенбі күні Мәскеуде жұмыс күні емес, деп хабарлады қала мэрі Сергей Собянин. Ол тұрғындарды үйден шықпауға және жолдарды жабуға дайын отыруға үндеді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеуге кетіп бара жатқан “Вагнер” әскерін тоқтату үшін кейбір аймақта жолдарды осылайша қазып тастаған

Липецк облысынан түсірілген мына суретті әскери тілші Андрей Руденко жариялады. Бұған қоса, Чаплыгин қаласы маңынан да видео жарияланды. Онда экскаватордың асфальтты ойып жатқаны көрінеді.

"Новости Чаплыгина" арнасының жазуынша, Липецкіге кіреберіс те Лебедяни жағынан бекітілген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Белорус оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская белорус әскерін “мүмкіндікті жіберіп алмай” Беларусьтен барлық Ресей әскерін қуып шығуға үндеді.

Тихановскаяның пікірінше, белорустар Путинді де, Пригожинді де қолдамауы керек – Мәскеуге тәуелділіктен арылу үшін жағдайды пайдалануға тиіс.

Читать полностью…
Подписаться на канал