“Настоящее время” арнасы Мәскеу уақытымен сағат 11:50-де (Алматы уақыты бойынша 14:50) “Пригожиннің бүлігі” бойынша жағдайды былайша картаға түсірген
Читать полностью…Мәскеуде мектеп түлектерінің кеші бір аптаға шегерілді
Бұл жөнінде Мәскеу қаласының білім және ғылым департаменті хабарлады.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі: “Вагнер” тобының демаршы – Ресей мемлекеттілігіне төнген ең ірі қауіп-қатер
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі сенбі күнгі хабарламасында “Вагнер” жетекшісі Евгений Пригожин мен Ресейдің әскери басшылығы арасындағы қақтығыс туралы жазған.
Әскери ведомствоның хабарлауынша, “Вагнер” жалдамалылары Ресей шекарасын кемінде екі жерден кесіп өткен. Ростовтағы әскери штабты бақылауына алған.
“Вагнер” әскерінің бір бөлігі Мәскеуге жетуге ұмтылуы мүмкін.
“Алдағы бірнеше сағат ішінде Ресей қауіпсіздік күштерінің адалдығы дағдарыстың даму барысына қатты әсер етеді. Бұл соңғы уақытта Ресей мемлекеттілігіне төнген ең ірі қауіп-қатер” деп жазды Ұлыбритания қорғаныс министрлігі.
Ресейдің жеті аймағы қоғамдық шаралардан бас тартты
Санкт-Петербург билігі қалада жағдай “қалыпты” екенін хабарлады, бірақ қауіпсіздік шаралары күшінде. Мектеп түлектеріне арналған мерекелік кештер де өтпейді.
Ресейдің мемлекет арналарынан сөйлеген Путин “ресейліктерге, әскери және күштік құрылым өкілдеріне және алдау және қоқан-лоқы арқылы қарулы бүлікке тартылғандарға” үндеу тастады.
Ол “Вагнердің әрекетін “тұтқиылдан жасалған соққы” деп атап, оқиғаны “опасыздық пен мемлекетті сатуға” теңеді.
“Біз сатқындыққа кез болдық, шексіз амбиция Ресейге сатқындық жасауға итермеледі” деді Путин.
Ол қарулы бүлікке барғандар тиісті жазасын алады деді.
Путин мәлімдемесінде Евгений Пригожиннің атын атамады.
t.me/azattyq
⚡️ “Вагнер” Воронеждегі барлық әскери нысанды бақылауға алды. Ресей арнайы қызметіне сілтеме жасаған Reuters бұл ақпаратты растады.
t.me/azattyq
Украина президентінің кеңсесі: Ресейде барлығы енді басталады
Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Пригожиннің әрекетін Ресей билігінде өрістеп келе жатқан наразылықты әшкерелеген “контртеррористік операция” деп атады.
“Элита арасындағы жік айқын көрініп тұр. Бәрі шешілгендей кейіп танытып таныту мүмкін емес. Біреуі міндетті түрде жеңілуге тиіс: не Пригожин, не ұжымдық “анти-Пригожин” деді Подоляк.
Ол “Ресейде барлығы енді басталады” деді.
t.me/azattyq
Ростов көшесіндегі әскер. Олардың қайсысы “Вагнер” жағында, қайсысы қорғаныс министрлігі жағында екені белгісіз.
Қала көшелерінде өзін республика жариялап алған “ДХР” нөмірін ілген жүк көліктеріне мінген солдаттар да байқалды.
t.me/azattyq
“Базаның” хабарлауынша, мына танк қақпадан өте алмай тұрып қалмаған, цирк ғимаратына кіретін жолды осылай әдейі бөгеген. Бұл ғимараттың қасында Ресей Оңтүстік әскери округінің штабы орналасқан. Пригожин сол штабты бақылауға алғаны хабарланған.
t.me/azattyq
Ресей қорғаныс министрлігі “Вагнер” жалдамалы әскеріне мәлімдеме жасады
Ведомствоның айтуынша, жалдамалы әскерді “Пригожиннің қылмыстық авантюрасы мен қарулы бүлігіне алдап тартқан”;
Қорғаныс министрлігінің айтуынша, “Вагнердің” кейбір жауынгерлері “қателік жасағанын түсініп”, көмек сұраған.
Ведомство “Вагнер” тобын ақылға келіп, Ресей қорғаныс министрлігі немесе құқық қорғау органдарына байланысқа шығуға шақырды.
t.me/azattyq
⚡️⚡️⚡️Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: Владимир Путин сәлден соң мәлімдеме жасайды
t.me/azattyq
Пригожин Шойгудың орынбасарларының бірімен кездесті, деп хабарлады “Вагнер” тобына жақын Телеграм-арналары
Жарияланған видеода Пригожин Ростовтағы оңтүстік әскери округта отырғаны және қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Беко Евкуровпен келіссөз жүргізіп жатқаны көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, “Вагнер” жетекшісі бас штаб жетекшісі Герасимов пен қорғаныс министрі Шойгуды келіссөзге шақырған.
Пригожин сонымен бірге жалдамалы әскер Дондағы Ростовтағы әскери нысандарды, оның ішінде аэродромды да бақылауға алғанын айтқан. Соңғы мәлімдемесінде Пригожин [Украинадағы соғыста] кейбір күндері адам шығыны мыңға дейін баратынын айтқан.
“Көп жерден айырылдық. Өлген солдаттар саны жоғарыға жіберілетін құжатта көрсетілетін көрсеткіштен үш, төрт есе көп” деді Пригожин.
Conflict Intelligence Team: Ростовтан тараған видеолардағы әскери қызметкерлер вагнерліктер емес – қорғаныс министрлігінің қызметкерлері
Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу жобасының негізін қалаушы Руслан Левиев Ростовтан түсірілген видеоларда автомат асынып, камуфляж кигендер “Пригожин жалдамалылары емес” екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Ресей қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері.
Левиевтің айтуынша, әскери қызметкерлер қаладағы негізгі ғимараттарды қорғаныс мақсатында қоршауға алған.
Бұған дейін желіде видеолар жарияланып, Пригожинның жалдамалы әскері “Ростовқа кіргені хабарланған еді”.
Михаил Ходорковский Пригожиннің бүлігін қолдады
Бұрынғы ресейлік саяси тұтқын, "ЮКОС" компаниясының бұрынғы жетекшісі Михаил Ходорковский Телеграм арнасында “Қазір біз жұртқа әзірге шындықты айтып тұрған Пригожинді естуіне көмектесуіміз керек. Егер ол Мәскеуге барса, оны тоқтатуға тырысқандарға кедергі жасау керек, себебі біздің жауымыз ортақ...” деп жазды.
Ресей оппозициясы өкілдерінен әзірге Ходорковскийден басқа ешкім мәлімдеме жасаған жоқ.
Украина жағында соғысып жүрген “Орыс еріктілер корпусының” жекткшісі де “Вагнер” басшысын қолдады.
Ресейдің Воронеж облысында атыс пен жарылыс дыбысы жиілеген шақта облыс губернаторы Александр Гусев “шұғыл-әскери шаралар” жүріп жатыр деп хабарлады.
Мемлекеттік ақпарат құралдары аймақта ахуал "тыныш" деп хабарлады.
Бұған дейін Reuters пен BBC дереккөздері Воронеждегі әскери нысандарды “Вагнер” әскері бақылауға алғанын хабарлаған.
Лукашенко мен Путин сенбі күні таңертең телефонмен сөйлесті, Ресей президенті оған елдегі жағдайды айтты, деп хабарлады Белта. Басқа ақпарат айтылмады.
Читать полностью…Ресей әскері өз ішіндегі “бүлікке” қарамастан сенбіге қараған түні Киевті ракетамен атқылап, соның салдарынан 3 адам қаза болды, 2 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады қала мэрі Виталий Кличко.
Ракета сынықтары тұрғын үйге түсіп, өртенген. Тұрғындар эвакуацияланған.
Саясаттанушы Димаш Әлжанов: Тоқаев пен ақордадағылар қатты алаңдап жатқан болар
Ресейдегі жағдайға байланысты пікірін айтқан саясаттанушы Димаш Әлжанов "Тоқаевтың сүйеніші сыр бере бастады. Алдағы айларда тағы Қаңтар қайталанса, енді ҰҚШҰ шақыра алмайсың. Ресей десанты көмектесе алмайды" деп жазды.
"Путиннің билікте қалу мүмкіндігі көз алдымызда елеске айналып барады. Аспаз (Пригожин, Путиннің бұрынғы аспазы) өзін қорғай алатынын көрсетті, бір мезетте бұрынғы бастығының режимін бұзып та жатыр. Қазір Тоқаев пен Ақордадағы балалар қатты алаңдап жатқан болар”
t.me/azattyq
⚡️⚡️⚡️Владимир Путин жолдау жасап жатыр. Ол Евгений Пригожиннің әрекетін “сатқындық” деп атады
t.me/azattyq
Воронеж облысында “Дон” трассасының 300 шақырымнан астам бөлігі жабылған. Бұған дейін аймақта контртеррористік операция режимі енгізілген еді.
t.me/azattyq
Сәтпаев: Қазақстан солтүстік көршідегі кез келген сценарийге дайын болуы тиіс
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, бұл демарш Ресейдің өз ішінде билік беделінің жоғалуына ықпал етеді. Мұнда соғысты қолдайтындар әлі де көп. Путинді әлі де “ұлы стратег” санайтындардың алдында бұл оның беделіне жасалған соққы деді сарапшы.
“Бірақ енді оның тіпті айналасындағылардың өзін бақылай алмайтыны белгілі болды” деді саясаттанушы.
Сарапшы “Қазақстан қазірден бастап солтүстік көршідегі кез келген сценарийге дайын болуы тиіс” деп жазды.
t.me/azattyq
Пригожинге жақын AP Wagner телеграм-арнасы “Вагнер” әскери тобы Воронеж қаласына кіргенін жазды. Әзірге бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.
t.me/azattyq
Ростовта ғимарат қақпасынан өте алмай, тұрып қалған танк
Видео: RostovGazeta
t.me/azattyq
Мәскеу қаласы мен облысында контртеррористік режим енгізілді - Ресей ұлттық терроризммен күрес комитеті.
t.me/azattyq
“Фонтанка”: Петербургтегі "Вагнер орталығына" күштік құрылымдар келді
Журналистер Петербургтегі "Вагнер орталығында" тінту басталуы мүмкін екенін хабарлады. Орталыққа арнайы жасақ және Росгвардия жасағы мінген екі автобус келген. Ғимаратқа әскери форма киген адамдар кірген.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі сол жақта жүрген қазақстандықтарды Украинамен шекаралас аймақтарға бармауға үндеді
“Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына қатер төнуіне байланысты ол жаққа бармауларыңызды сұраймыз. Ресейде жүрген қазақстандықтар әсіресе, Украинамен шекаралас аймақтарда жүргендерді консулдық тіркеуге тұруларын сұраймыз”
Қазақстан билігі әзірге Ресейде болып жатқан оқиғаларға реакция білдірмеді. Қазақстан-Ресей шекарасында бақылау күшейгені туралы да хабар болған жоқ. Дипломаттар “алаңдаушылық” білдірмеді.
Читать полностью…Ростовтағы 161.ru сайты оқырмандардан келіп түскен сурет пен видеоларға сүйене отырып, камуфляж киген белгісіз топ төмендегі ғимараттарды қоршап алғанын хабарлады:
– Оңтүстік әскери округ штабы;
– Буденнов полиция бөлімшесі;
– ІІМ бөлімшесі;
– ФСБ басқармасы;
– Ростов әкімшілігі.
t.me/azattyq