azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ресейдің мемлекет арналарынан сөйлеген Путин “ресейліктерге, әскери және күштік құрылым өкілдеріне және алдау және қоқан-лоқы арқылы қарулы бүлікке тартылғандарға” үндеу тастады.

Ол “Вагнердің әрекетін “тұтқиылдан жасалған соққы” деп атап, оқиғаны “опасыздық пен мемлекетті сатуға” теңеді.

“Біз сатқындыққа кез болдық, шексіз амбиция Ресейге сатқындық жасауға итермеледі” деді Путин.

Ол қарулы бүлікке барғандар тиісті жазасын алады деді.

Путин мәлімдемесінде Евгений Пригожиннің атын атамады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ “Вагнер” Воронеждегі барлық әскери нысанды бақылауға алды. Ресей арнайы қызметіне сілтеме жасаған Reuters бұл ақпаратты растады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президентінің кеңсесі: Ресейде барлығы енді басталады

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Пригожиннің әрекетін Ресей билігінде өрістеп келе жатқан наразылықты әшкерелеген “контртеррористік операция” деп атады.

“Элита арасындағы жік айқын көрініп тұр. Бәрі шешілгендей кейіп танытып таныту мүмкін емес. Біреуі міндетті түрде жеңілуге тиіс: не Пригожин, не ұжымдық “анти-Пригожин” деді Подоляк.

Ол “Ресейде барлығы енді басталады” деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ростов көшесіндегі әскер. Олардың қайсысы “Вагнер” жағында, қайсысы қорғаныс министрлігі жағында екені белгісіз.

Қала көшелерінде өзін республика жариялап алған “ДХР” нөмірін ілген жүк көліктеріне мінген солдаттар да байқалды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Базаның” хабарлауынша, мына танк қақпадан өте алмай тұрып қалмаған, цирк ғимаратына кіретін жолды осылай әдейі бөгеген. Бұл ғимараттың қасында Ресей Оңтүстік әскери округінің штабы орналасқан. Пригожин сол штабты бақылауға алғаны хабарланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей қорғаныс министрлігі “Вагнер” жалдамалы әскеріне мәлімдеме жасады

Ведомствоның айтуынша, жалдамалы әскерді “Пригожиннің қылмыстық авантюрасы мен қарулы бүлігіне алдап тартқан”;

Қорғаныс министрлігінің айтуынша, “Вагнердің” кейбір жауынгерлері “қателік жасағанын түсініп”, көмек сұраған.

Ведомство “Вагнер” тобын ақылға келіп, Ресей қорғаныс министрлігі немесе құқық қорғау органдарына байланысқа шығуға шақырды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Воронеж облысында да терроризммен күрес режимі енгізілді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️⚡️⚡️Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: Владимир Путин сәлден соң мәлімдеме жасайды

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин Шойгудың орынбасарларының бірімен кездесті, деп хабарлады “Вагнер” тобына жақын Телеграм-арналары

Жарияланған видеода Пригожин Ростовтағы оңтүстік әскери округта отырғаны және қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Беко Евкуровпен келіссөз жүргізіп жатқаны көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, “Вагнер” жетекшісі бас штаб жетекшісі Герасимов пен қорғаныс министрі Шойгуды келіссөзге шақырған.

Пригожин сонымен бірге жалдамалы әскер Дондағы Ростовтағы әскери нысандарды, оның ішінде аэродромды да бақылауға алғанын айтқан. Соңғы мәлімдемесінде Пригожин [Украинадағы соғыста] кейбір күндері адам шығыны мыңға дейін баратынын айтқан.

“Көп жерден айырылдық. Өлген солдаттар саны жоғарыға жіберілетін құжатта көрсетілетін көрсеткіштен үш, төрт есе көп” деді Пригожин.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Conflict Intelligence Team: Ростовтан тараған видеолардағы әскери қызметкерлер вагнерліктер емес – қорғаныс министрлігінің қызметкерлері

Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу жобасының негізін қалаушы Руслан Левиев Ростовтан түсірілген видеоларда автомат асынып, камуфляж кигендер “Пригожин жалдамалылары емес” екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Ресей қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері.

Левиевтің айтуынша, әскери қызметкерлер қаладағы негізгі ғимараттарды қорғаныс мақсатында қоршауға алған.

Бұған дейін желіде видеолар жарияланып, Пригожинның жалдамалы әскері “Ростовқа кіргені хабарланған еді”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Михаил Ходорковский Пригожиннің бүлігін қолдады

Бұрынғы ресейлік саяси тұтқын, "ЮКОС" компаниясының бұрынғы жетекшісі Михаил Ходорковский Телеграм арнасында “Қазір біз жұртқа әзірге шындықты айтып тұрған Пригожинді естуіне көмектесуіміз керек. Егер ол Мәскеуге барса, оны тоқтатуға тырысқандарға кедергі жасау керек, себебі біздің жауымыз ортақ...” деп жазды.

Ресей оппозициясы өкілдерінен әзірге Ходорковскийден басқа ешкім мәлімдеме жасаған жоқ.

Украина жағында соғысып жүрген “Орыс еріктілер корпусының” жекткшісі де “Вагнер” басшысын қолдады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеу мэрі Сергей Собянин “түсіп жатқан ақпараттарға байланысты Мәскеуде қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы шаралар жүріп жатқанын” хабарлады.

Оның айтуынша, жолдарға қосымша бақылау қойылған. Қоғамдық шаралар өткізуге шектеу қойылуы мүмкін.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин өз әскері Ресейдің мемлекеттік шекарасынан өтіп, Ростов қаласына «кіріп бара жатқанын», оларға қорғаныс министрлігінің әскері қарсылық көрсетпегенін мәлімдеді. Әзірге оның сөзін дәлелдейтін бірде-бір видео не фотоайғақ жоқ. Тек «Вагнер» басшысының аудиомәлімдемелері ғана бар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Путин Пригожин төңірегіндегі жайттан хабардар, тиісті шаралар қолға алынып жатыр». Кремль «Вагнер» басшысы Евгений Пригожиннің елде «әділдік орнату» мақсатында бүлік бастау жөніндегі мәлімдемесіне осындай жауап қатты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

23 маусымда не болды? Негізгі жаңалықтар:

📌 Журналист Думан Мұхаммедкәрім 2 айға қамалды

📌 Көкшетауда қоғамдық кеңес мүшесі Мәлік Ахметқалиев ұсталды

📌 ҚМГ "Өзенмұнайгаз" бен оның мердігер компанияларын тексеріп біткенін хабарлады

📌 "Біздің көлігімізді де заңдастыр!". Алматыда бір топ адам халыққа қызмет көрсету орталығына жиналды

📌 Қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты сот: прокурор айыпталушыға 7 жыл түрме сұрады

📌 Қытай ұшақ құрастыру жобасынан Ресейді шеттетті

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️⚡️⚡️Владимир Путин жолдау жасап жатыр. Ол Евгений Пригожиннің әрекетін “сатқындық” деп атады

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Воронеж облысында “Дон” трассасының 300 шақырымнан астам бөлігі жабылған. Бұған дейін аймақта контртеррористік операция режимі енгізілген еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Песков: Путин "сәлден соң" мәлімдеме жасайды

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сәтпаев: Қазақстан солтүстік көршідегі кез келген сценарийге дайын болуы тиіс

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, бұл демарш Ресейдің өз ішінде билік беделінің жоғалуына ықпал етеді. Мұнда соғысты қолдайтындар әлі де көп. Путинді әлі де “ұлы стратег” санайтындардың алдында бұл оның беделіне жасалған соққы деді сарапшы.

“Бірақ енді оның тіпті айналасындағылардың өзін бақылай алмайтыны белгілі болды” деді саясаттанушы.

Сарапшы “Қазақстан қазірден бастап солтүстік көршідегі кез келген сценарийге дайын болуы тиіс” деп жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожинге жақын AP Wagner телеграм-арнасы “Вагнер” әскери тобы Воронеж қаласына кіргенін жазды. Әзірге бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ростовта ғимарат қақпасынан өте алмай, тұрып қалған танк

Видео: RostovGazeta

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеу қаласы мен облысында контртеррористік режим енгізілді - Ресей ұлттық терроризммен күрес комитеті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Фонтанка”: Петербургтегі "Вагнер орталығына" күштік құрылымдар келді

Журналистер Петербургтегі "Вагнер орталығында" тінту басталуы мүмкін екенін хабарлады. Орталыққа арнайы жасақ және Росгвардия жасағы мінген екі автобус келген. Ғимаратқа әскери форма киген адамдар кірген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі сол жақта жүрген қазақстандықтарды Украинамен шекаралас аймақтарға бармауға үндеді

“Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына қатер төнуіне байланысты ол жаққа бармауларыңызды сұраймыз. Ресейде жүрген қазақстандықтар әсіресе, Украинамен шекаралас аймақтарда жүргендерді консулдық тіркеуге тұруларын сұраймыз”

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан билігі әзірге Ресейде болып жатқан оқиғаларға реакция білдірмеді. Қазақстан-Ресей шекарасында бақылау күшейгені туралы да хабар болған жоқ. Дипломаттар “алаңдаушылық” білдірмеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ростовтағы 161.ru сайты оқырмандардан келіп түскен сурет пен видеоларға сүйене отырып, камуфляж киген белгісіз топ төмендегі ғимараттарды қоршап алғанын хабарлады:

– Оңтүстік әскери округ штабы;

– Буденнов полиция бөлімшесі;

– ІІМ бөлімшесі;

– ФСБ басқармасы;

– Ростов әкімшілігі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Ростов қаласының орталығында қарулы адамдар мен әскери техника тұр. Бұған дейін "Вагнер" әскерінің қалаға кіргені хабарланған

Видео: Sota

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің мемлекеттік Бірінші арнасында шұғыл жаңалықтар хабары көрсетілді. Жүргізуші Екатерина Андреева Евгений Пригожиннің «Вагнер» тобын Ресей әскері шабуылдады деп көрсеткен видеосын фейк деп атады. Бұдан соң Ресей қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі мен ФСБ-ның ұстанымын оқып берді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Вагнер" басшысы бүлікке шақырды, Ростовта әскери техника көбейді

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырғаны үшін "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде Ресей Бас прокуратурасы хабарлады. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 20 жыл.

Жұма күні Евгений Пригожин "Вагнер" жауынгерлерін артиллерия мен әскери тікұшақ көмегімен атқылап жатыр деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптаған. Оның айтуынша, осының кесірінен оның әскерилері қаза тапқан.

Жұма күні кешке Пригожиннің телеграм-арнасында дауысы сонікіне ұқсайтын адам "елдің әскери басшылығына қарсы" бүлік бастап, "әділдік орнататынын" мәлімдеді. Ол жұртты "қарсылық білдірмей берілуге" шақырды және қарамағында 25 мың сарбаз бар екенін ескертті.

Бірақ елдің саяси басшылығын басып алу ойы жоқ екенін, "президент билігі, ішкі істер министрлігі, үкімет және басқа да құрылымдар бұрынғы қалыппен жұмыс істей беретінін" айтты.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша Мәскеу мен Дондағы Ростовта "Бекініс" жоспары басталған. Ростов көшелерінде әскери техника жүр, кей көшелер жабылған.

ВВС-дің хабарлауынша Мәскеуде ФСБ басқармасы мен әскерилер дабыл бойынша жұмылдырылған. Мәскеу мен Ростов арасындағы федералдық трассаға блокпосттар қойылған. Ресей астанасындағы мемлекеттік мекемелердің маңына күзет қойылды деген деректер бар. Кей сарапшылар Ресейде "азамат соғысы басталды" деген де пікір жазып жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әкім кейде "осы нәрселерге ашуланып", желідегі пікірлерден есеңгіреп қалатынын айтқан. Ол әлеуметтік желілерде тіл тигізіп, қорлайтын пікір жазатын адамдардың “дені сау ма” деген де ой келетінін жеткізген.

"Кімде-кім қорлағысы келсе, мен бәрінің аты-жөнін білемін. Бүгін полицияға істі тапсырып, жауапқа шақырамын. Сондықтан, құрметті азаматтар, пікір жазбас бұрын сол саланың маманысыз ба, мәселеден хабардарсыз ба, соны ойласаңыздар. Жақсы білмесеңіз, жазбағаныңыз жөн" деді әкім.

Әкім қорлайтын пікір жазатындардың бәрін әкімдікке кездесуге шақырды.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал