Мәскеу мэрі Сергей Собянин “түсіп жатқан ақпараттарға байланысты Мәскеуде қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы шаралар жүріп жатқанын” хабарлады.
Оның айтуынша, жолдарға қосымша бақылау қойылған. Қоғамдық шаралар өткізуге шектеу қойылуы мүмкін.
Пригожин өз әскері Ресейдің мемлекеттік шекарасынан өтіп, Ростов қаласына «кіріп бара жатқанын», оларға қорғаныс министрлігінің әскері қарсылық көрсетпегенін мәлімдеді. Әзірге оның сөзін дәлелдейтін бірде-бір видео не фотоайғақ жоқ. Тек «Вагнер» басшысының аудиомәлімдемелері ғана бар.
Читать полностью…«Путин Пригожин төңірегіндегі жайттан хабардар, тиісті шаралар қолға алынып жатыр». Кремль «Вагнер» басшысы Евгений Пригожиннің елде «әділдік орнату» мақсатында бүлік бастау жөніндегі мәлімдемесіне осындай жауап қатты.
Читать полностью…23 маусымда не болды? Негізгі жаңалықтар:
📌 Журналист Думан Мұхаммедкәрім 2 айға қамалды
📌 Көкшетауда қоғамдық кеңес мүшесі Мәлік Ахметқалиев ұсталды
📌 ҚМГ "Өзенмұнайгаз" бен оның мердігер компанияларын тексеріп біткенін хабарлады
📌 "Біздің көлігімізді де заңдастыр!". Алматыда бір топ адам халыққа қызмет көрсету орталығына жиналды
📌 Қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты сот: прокурор айыпталушыға 7 жыл түрме сұрады
📌 Қытай ұшақ құрастыру жобасынан Ресейді шеттетті
t.me/azattyq
Рудный әкімі тұрғындардың интернетте жазған пікірлерін қағазға шығарып алып, "желіде қорлағаны" үшін жауапқа тартатынын айтып, қоқан-лоқы жасады
Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың тұрғындармен кездесуінен видеоны Press.kz сайты жариялады.
Видеода әкім Рудный тұрғындарының ағаштарды кескені үшін шенеуніктерді балағат аралас сөздермен сынап жазған пікірлерін қағаз түрінде көрсетеді.
"Міне, осындай қорлайтын пікірлер көп. Оларды зерделей бастасаң, бәрінде сұрақтар болмай шығады. Сондықтан пікір жазбас бұрын, оның себебінін анықтап алсаңыздар. Екіншіден, не туралы айтып жатқаныңды білу керек. Ағаштарды кесер кезде оны қалай жасау керегін бес рет ойладық. Адамдардың көбі не болып жатқанын білмей жатып қорлайды, кейін олар бұның мәжбүрлі шара екенін түсіне бастағанда әңгімелеспейді" деді Ионенко.
Видео: Press.kz
t.me/azattyq
Қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты сот: прокурор айыпталушыға 7 жыл түрме сұрады
Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады. Сот Алматы гарнизонының әскери сотында өтіп жатыр.
Прокурор "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімінің қызметкері, қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Былтыр 8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған. Данияр Егембаев Нұрболат Сейітқұлов пен оның қызы Нұрай Оразыханның өліміне қатысты істе айыпталушы танылған. Алтынай Етаеваның өліміне қатысты іс жеке өндіріске шығарылған.
t.me/azattyq
📱 "Тиктокта өте көп отырамын. Не істеймін?" Интернетке тәуелділікті жеңудің алғышарттары
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 15-эпизодында интернетке, әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесін талқыладық. Желіге тәуелділікті қалай жеңеміз? Бала интернетке тәуелді болса, ата-ана не істеу керек? Желіге тәуелділіктің белгілері қандай?
Міне, бұл сұрақтарға 20 жылдан аса тәжірибесі бар психолог Алтыншаш Матаева жауап берді. Эпизодты мына платформалардан тыңдай аласыз 👇🏻
🎙Apple podcasts
🎙Google Podcasts
🎙Spotify
🎙YouTube
🎙Азаттық сайты
t.me/azattyq
"118 заңсыздық және 47 млн теңге залал": Маңғыстауда "Өзенмұнайгаз" бен оның мердігерлеріне қатысты тексерудің қорытындысы жарияланды
"ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде "Өзенмұнайгаз" бен оның мердігерлерінен 118 заңсыздық пен сәйкессіздік анықталған.
Компания мәліметінше, 7 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, 10 факт бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. ҚМГ 101 мәселе бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылатынын хабарлады.
"ӨМГ-ның жалған түрде сырттан жұмысшыларды жалдағаны туралы ақпарат тексерілді. ӨМГ-ға келтірілген алдын ала шығын көлемі 47 млн теңге шамасында екені анықталды. 2022-2023 жылдары ӨМГ және "БерӘлі Маңғыстау company" арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, орындалған жұмыс актілеріне талдау жүргізілді. Соның нәтижесінде 311 бригада-сағатқа (27,8 млн теңге) артық істегені, сонымен бірге 69 млн теңге көлемінде жұмыс орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде 97 млн теңге артық төленді" деді арнайы комиссия.
ҚМГ-ның айтуынша, ӨМГ-да азаматтардың жұмысқа орналасу алгоритмі де бұзылған. "Сирек қолданыстағы мамандық иесі ретінде жұмысқа қабылданған 238 адамның 17-нің біліктілігі жоқ болып шықты. 33 адам қысқа мерзімде компаниядағы өзге қызметтерге ауысып кеткен. Осылайша сирек қолданыстағы мамандық ретінде жұмысқа орналасу штатқа кірудің амалы ретінде пайдаланған" делінген хабарламада.
Тексеріске жұмыссыз қалған "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорны мұнайшыларының наразылығы себеп болған. Сәуірдің ортасында олар жұмыс беруді талап етіп Астанаға барды. Бір тәулік энергетика министрлігі алдында қонған мұнайшыларды полицияның арнайы жасағы күштеп ұстап әкеткен. Мұнайшылардың наразылығынан кейін келіссөз басталып, екі айға созылды. Маусым айында ғана "Өзенмұнайгаз" компаниясы наразылыққа шыққан мұнайшыларды жұмысқа орналастыру туралы есеп берді.
t.me/azattyq
Жерорта теңізінде жүздеген босқын Грекияға жете алмай суға батты
Бұл туралы Пәкістан федералдық тергеу агенттігі бейсенбі күні Reuters ақпарат агенттігіне хабарлады.
Марқұмдардың туыстарының айтуынша, мигранттар мінген кеме Ливиядан Грекияға қарай жүзген.
Бұның алдында ресми түрде 82 адам өлді деп танылған, 104 адам тірі қалғаны жарияланған. Тергеушілер қаза болған босқындардың кімдер екенін анықтап жатыр. Теңізге батқандар бұдан да көп болуы мүмкін.
t.me/azattyq
Польша Тәжікстанда оппозициялық топтың жазбасына "лайк басты" деп айыпталған азаматты еліне депортациялады
Тәжік азаматы Сорбон Әбдірахимзоданың адвокаты Богумив Зигмонт Польша билігі Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының шешіміне қарамастан, азаматты депортациялағанын айтады. Енді оны Тәжікстанда ұзақ түрме жазасы күтіп тұр дейді адвокаты.
Freedom for Eurasia құқық қорғау ұйымының өкілі Ләйла Назгүл Сейітбек Twitter парақшасында Әбдірахимзоданы әскери ұшақпен Польшадан Болгарияға жеткізгенін, онда ол уақытша ұстау мекемесінде отырғанын мәлімдеген.
Сорбон Әбдірахимзоданы өз елінде қандай бап бойынша айыптап жатқаны белгісіз. Сорбонның туыстары оппозициялық "Группа 24" тобының материалына "лайк" басқаны үшін қуғын көріп жатыр дейді.
t.me/azattyq
Ресейге электронды тауар жөнелткен қазақстандық бір компания туралы 👇🏻
Алматыдағы "Elem Group" компаниясы соғыс басталған соң 20 күн ішінде құрылған. Жұмыс орны қарапайым, шағын кеңсе көрінгенімен, Statsnet деректер базасының мәліметінше, компанияның былтыр 9 айдың ішіндегі кірісі 6,5 миллиард (14 миллион доллардан асады).
ImportGenius, Sinoimex базаларындағы кеден деректері бойынша, компания биыл қаңтарда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан “Стрелой Е-Коммерц” деген компанияға кемінде 300 рет жүк тасымалдаған. Оның 273-і АҚШ “өте маңызды” деп сипаттаған екі мақсатта қатар қолданылатын тауар тобына кіреді.
Elem Group компаниясын ресейлік кәсіпкерлер Владислав Жиляев пен Кирилл Туляков құрған. Кирилл Туляков Ресейдегі тауарды импорттаған “Стрелой Е-Коммерц” компаниясы құрылтайшыларының қатарында да бар. Ашық дереккөздер “Стрелой Е-Коммерцтің” Ресейдегі мемлекеттік компаниялармен байланысы барын көрсетті.
t.me/azattyq
Соғыс және санкция: Қазақстан фирмалары Ресей қорғанысына қалай көмектесіп жатыр?
Соғыс басталғалы Қазақстан мен Қырғызстаннан АҚШ-тың Texas Instruments, Analog Devices сияқты алпауыт компаниялары өндірген, екі мақсатта пайдаланылатын тауарлар импорты артқан.
Кеден есебіне қарағанда, екі ел компаниялары Ресейге микрочип, телекоммуникация құралдары мен басқа да электроника түрлерін жіберген. Украина әскері ресейлік зымыран, танк, тікұшақ, дрондар мен радио жүйесінен осы бөлшектерді тапқан.
Азаттық жаңа зерттеуінде Қазақстан мен Қырғызстаннан екі мақсатта пайдаланылатын экспорттық технологиялар алып отырған ресейлік фирмалардың бұрын Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне, Батыс елдері мен Украинаның санкциясынан зардап шеккен мемлекеттік ұйымдарға электроника сатумен айналысып келгенін анықтады.
🔗Зерттеуді оқыңыз
t.me/azattyq
⚡️ Журналист️ Думан Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландыру" ісі бойынша екі айға қамауға алынды
Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Айтуынша, қамау туралы сот 22 маусым күні кешкі сағат 22:00-да өткен, сағат 23:00-де Мұхаммедкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторына этаппен жіберілген.
Журналист Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландыру" және "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" бабы бойынша күдікті деп танылған. Істің қозғалуына журналистің қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуы түрткі болған деп айтылады.
t.me/azattyq
Көкшетауда "қаланың көкейтесті мәселелерін көтеріп жүрген" қоғамдық кеңес мүшесі ұсталды, деп хабарлады Kokshetau Asia сайты.
Полицияның хабарлауынша, 21 маусымда қоғамдық кеңес мүшесі Мәлік Ахметқалиевтен “тінту кезінде ақ түсті синтетикалық зат табылған”. “Есірткі заттарын заңсыз сақтау” (296-бап, 4-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Көкшетаудың кейбір тұрғындары Мәлік Ахметқалиевті қаланың маңызды мәселелерін көтеріп жүрген белсенді ретінде сипаттайды.
“Өте шыншыл азамат. Жергілікті шенеуніктерді сынап жүретін. Заң жағынан өте сауатты жігіт” деді Қуаныш Оспан есімді тұрғын Азаттыққа.
Астаналық белсенділердің бірі Азаттыққа жуырда Ахметқалиевпен кездескенін, қаладағы жүздеген млн теңге бөлінген кейбір жобалардың жүзеге аспау мәселесін қозғағанын айтты.
t.me/azattyq
Ұлты корей Қазақстан азаматының Оңтүстік Кореяға сапары
Всеволод Хван Оңтүстік Кореяға көшу жоспарымен барып, 6 айдан кейін Қазақстанға оралған. Азаттыққа берген сұхбатында ол жаңа елге не себепті үйрене алмағанын әңгімелеп берді.
t.me/azattyq
Ресейдің Ростов қаласының орталығында қарулы адамдар мен әскери техника тұр. Бұған дейін "Вагнер" әскерінің қалаға кіргені хабарланған
Видео: Sota
Ресейдің мемлекеттік Бірінші арнасында шұғыл жаңалықтар хабары көрсетілді. Жүргізуші Екатерина Андреева Евгений Пригожиннің «Вагнер» тобын Ресей әскері шабуылдады деп көрсеткен видеосын фейк деп атады. Бұдан соң Ресей қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі мен ФСБ-ның ұстанымын оқып берді.
Читать полностью…"Вагнер" басшысы бүлікке шақырды, Ростовта әскери техника көбейді
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырғаны үшін "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде Ресей Бас прокуратурасы хабарлады. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 20 жыл.
Жұма күні Евгений Пригожин "Вагнер" жауынгерлерін артиллерия мен әскери тікұшақ көмегімен атқылап жатыр деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптаған. Оның айтуынша, осының кесірінен оның әскерилері қаза тапқан.
Жұма күні кешке Пригожиннің телеграм-арнасында дауысы сонікіне ұқсайтын адам "елдің әскери басшылығына қарсы" бүлік бастап, "әділдік орнататынын" мәлімдеді. Ол жұртты "қарсылық білдірмей берілуге" шақырды және қарамағында 25 мың сарбаз бар екенін ескертті.
Бірақ елдің саяси басшылығын басып алу ойы жоқ екенін, "президент билігі, ішкі істер министрлігі, үкімет және басқа да құрылымдар бұрынғы қалыппен жұмыс істей беретінін" айтты.
Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша Мәскеу мен Дондағы Ростовта "Бекініс" жоспары басталған. Ростов көшелерінде әскери техника жүр, кей көшелер жабылған.
ВВС-дің хабарлауынша Мәскеуде ФСБ басқармасы мен әскерилер дабыл бойынша жұмылдырылған. Мәскеу мен Ростов арасындағы федералдық трассаға блокпосттар қойылған. Ресей астанасындағы мемлекеттік мекемелердің маңына күзет қойылды деген деректер бар. Кей сарапшылар Ресейде "азамат соғысы басталды" деген де пікір жазып жатыр.
Әкім кейде "осы нәрселерге ашуланып", желідегі пікірлерден есеңгіреп қалатынын айтқан. Ол әлеуметтік желілерде тіл тигізіп, қорлайтын пікір жазатын адамдардың “дені сау ма” деген де ой келетінін жеткізген.
"Кімде-кім қорлағысы келсе, мен бәрінің аты-жөнін білемін. Бүгін полицияға істі тапсырып, жауапқа шақырамын. Сондықтан, құрметті азаматтар, пікір жазбас бұрын сол саланың маманысыз ба, мәселеден хабардарсыз ба, соны ойласаңыздар. Жақсы білмесеңіз, жазбағаныңыз жөн" деді әкім.
Әкім қорлайтын пікір жазатындардың бәрін әкімдікке кездесуге шақырды.
t.me/azattyq
Ұсталған белсенділер, тіркелмеген көліктер, аш қалған ит-мысық - AzatNEWS | 23.06.23
📌 Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі тағы да дауға айналып барады. Тұрғындар 2022 жылдың қыркүйек айынан кейін әкелінген машиналарды да жеңілдетілген тәртіппен заңдастыруды сұрайды.
📌 Журналист, белсенді Думан Мұхамедкәрім 2 айға қамалды. Оны полиция Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына жеткізді. Көкшетау қаласында да жергілікті билікті сынаушы Мәлік Ахметқалиев ұсталған. Белсенділердің жақтастары бұл істердің саяси астары бар деп есептейді.
📌 Шымкентте қараусыз қалған үй жануарларын ұстайтын орталықта ит-мысық қырылып жатыр. Еріктілер оларды құтқарып қалу керегін айтып, дабыл қағады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
"Біздің көлігімізді де заңдастыр!". Алматыда бір топ адам халыққа қызмет көрсету орталығына жиналды
Жұма күні жиналғандар елде 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген 200 мыңға жуық көлік барын айтып, оларды да заңдастыруды талап етті. Былтыр 5 қыркүйекте Армениядан жеңіл көлік әкелгенін айтқан Таласбек Жанарбекұлы енді машинасын айыппұл тұрағына қойып қоя ма деп қорқады.
"3 қыркүйек, 5 қыркүйек, сол қыркүйектің аралығында кірген машиналар бар. Кейін кірген машиналар бар. Оның бәрін кіргізді. Сақтандыру полисін жазғыздық. Айыппұлын да төлеп жатырмыз. Енді сол көліктерді заңдастыруды талап етіп келіп отырмыз. Егер біздің көлікті заңдастырмайтын болса, онда былтыр 1 қыркүйектен кейін шекараны жауып тастауы керек еді" дейді Жанарбекұлы.
Құзырлы орган өкілдерінен жиналғандарға ешкім келмеді. Өзін "процесстік орталықтың бастығымын" деп таныстырған азамат оларды оңаша шақырып, арыз жазуға кеңес берді.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Бас прокуратура: Жарты жыл ішінде азаптау ісі бойынша күш құрылымдарының 17 қызметкері сотталды
23 маусымда бас прокуратура 2023 жылдың алғашқы алты ай ішінде атқарған жұмысын қорытындылады. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері азаптау фактісі бойынша күш құрылымдарының 35 қызметкеріне қатысты іс сотқа жіберілген, 17 қызметкер сотталған.
Прокуратура хабарламасында азаптау істерін тергеу әдісі Стамбул хаттамасының стандартына сәйкестендірілгені жазылған. Одан бөлек прокурорлар қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында 512 адамды негізсіз күдіктен қорғап қалғанын жазған.
"Прокурорлардың бастамасымен 197 адамға қатысты үкім заңға сәйкес тексерілді, осы ретте 156 сотталушының жағдайы түзетілді, оның ішінде 8 адам ақталды" делінген бас прокуратура хабарламасында.
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
t.me/azattyq
Қытай ұшақ құрастыру жобасынан Ресейді шеттетті
2017 жылы Қытаймен бірігіп жүзеге асырыла бастаған CR929 кең корпусты лайнер құрастыру жобасы Ресейсіз жалғасады.
Бұған дейін Ресей өзінің бөлшек өндірушілерін ұсынған, алайда Қытай Еуропа мен АҚШ-қа ұшу кезінде көбірек қауіпсіз саналатын батыс тасымалдаушыларының өнімін алғысы келген.
2022 жылы маусымның соңында CR929 ұшағын құрастыру жобасына қатысты түсініктеме берген вице-премьер Юрий Борисов "Қытайдың біздің қызметтен бас тартуы жиіледі" деп мәлімдеген.
t.me/azattyq
"Әдеп кеңесін жұмыстан қуатын құрал етті". Сотта жеңген мұғалімнің хикаясы
"Педагог мәртебесі" туралы заң қабылданғаннан кейін мектептерде педагогикалық әдеп кеңесі деген жаңа орган құрылған. Оған ұстаздың педагогикалық әдеп сақтау мәселелері бойынша жүгінуге болады деп белгіленген. Бірақ басшылық қаласа, кеңес мұғалімді бақылауда ұстайтын, тіпті оны жазалайтын құралға айнала салады дейді кейбір белсенді ұстаздар.
Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылының тұрғыны Еркетай Шайхина былтыр желтоқсанда мектептегі әдеп кеңесінің талабымен жұмыстан босатылған. Мұғалім "жұмыстан заңсыз шығуыма басшылыққа жақпаған белсенділігім себеп болды" деп есептейді. Ол аудандағы өзі істейтін және өзге мектептерде басшы қызметте ротация жүргізілмейтінін, мұғалімдерден заңсыз қаржы жиналатынын, т.б. мәселелерді көтерген.
Еркетай Шайхина жұмыстан заңсыз шығарылғанын айтып, сотқа жүгінген. Жарты жылға созылған сергелдеңнен кейін мұғалім мектептегі бұрынғы қызметіне қайта кірісті. Себебі мұғалім мен мектеп әкімшілігі арасындағы дауды қараған сот жақында істі Шайхинаның пайдасына шешті.
Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлының бүгінгі мақаласынан оқыңыздар👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Адвокат Ғалым Нұрпейісов: Әблязовпен сұхбатын "сылтау" ретінде пайдаланды
Бүгін Алматыда қамауға алынған журналист️ Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Адвокат Ғалым Нұрпейісов тергеушілер журналистің қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовпен сұхбатын "сылтау" ретінде пайдаланды дейді. Айтуынша, журналистің ісіне сұхбаттың ешқандай қатысы болмаған.
"Конституцияның 20-бабы бойынша әрбір адамның ақпарат алуға құқығы бар. Бұл біз бен сіздің ақпарат алу құқығымыз. Бұл ақпаратты іздеуге журналистердің құқығы бар. Думан журналист ретіндегі міндетін орындай отырып, осы ақпаратты жинап, оны алу құқығымыздың жүзеге асуына көмектесті" деді адвокат.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, Думан Мұхаммедкәрім “экстремизмді қаржыландыру” бабы бойынша заңсыз қудаланып жатыр.
Баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай журналисті қолдау комиссиясы жұмыс істейтінін айтты.
t.me/azattyq
💸 Экспорт көлемінің артуы туралы
2022 жылы Қазақстанда Еуропадан компьютер импорты былтырмен салыстырғанда (310 миллион доллар) жеті есе өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті.
Қазақстаннан Ресейге компьютер экспорты да былтырмен салыстырғанда 2300 есе өсіп, 300 миллион долларды құрады.
t.me/azattyq
Зеленский Ресейді Запорожье АЭС-іне теракт дайындап жатыр деп айыптады
Украина президенті Владимир Зеленский "террорлық акт" дайындап жатқаны туралы оған украин барлау қызметі мәлімет бергенін 22 маусымдағы видеоүндеуінде айтты.
"Радиацияның мемлекеттік шекарасы жоқ екенін тағы айтамын. Оның қай бағытқа тарайтынын жел бағыты анықтайды. Біздегі мәліметті барлық одақтасымызбен бөлісеміз", - деді украин президенті.
Кремльдің ресми өкілі мұны кезекті "өтірік" деп атады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында ғана МАГАТЭ өкілдері сол жерге барғанын, олар АЭС ісін жоғары бағалағанын атап өтті.
t.me/azattyq
Шетел көліктерін заңдастыру мәселесін қозғамақ болған белсенділердің бірі Асхат Берсалимовтің үйіне бүгін таңертең полицейлер келген
Белсенді жұма күні "Саялы" ықшамауданындағы автоЦОН-ға барып, алматылық автожүргізушілермен шетел көліктерін тіркеу мәселесін қозғамақ болған. Берсалимов Азаттыққа "бұл наразылық, митинг емес, автоЦОН-ға сұрақтарымыз бар, сол үшін барамыз" деп айтқан.
Полиция белсендіні таңертең үйінен шыққанда күтіп тұрған. Видеода полиция қызметкері "сізбен жеке сөйлесуіміз керек, шақыру қағазы бойынша келіп тұрмыз, жұртты "заңсыз митингіге шақырғаныңыз" үшін" дейді.
Белсенді қазір автожүргізушілермен бірге халыққа қызмет көрсету орталығында жүр.
Қазақстанда заңсыз жүрген шетел көліктерін жеңілдетілген тәртіппен тіркеу 1 шілдеде аяқталады. Соған байланысты Атырау, Ақтау, Орал қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болған.
t.me/azattyq
Астана соты соғысты айыптаған суретші Дәурен Макинге шыққан үкімді өзгертпеді
Апелляциялық шағымды сот 20 маусымда қараған. Сот үкімі сол күні шыққан.
Апелляция алқасы шағымда келтірілген сараптама "қарама-қайшы жасалған" деген тұжырыммен келіспеді. Сот мұны бірінші инстанциядағы сот тексерді деп санайды.
47 жастағы Дәурен Макин "терроризмді насихаттау" бабы бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның адвокаты Жасұлан Қауменов апелляциялық шағымында соттан үкімнің күшін жойып, Макинді босатуды сұрады. Сотта суретшінің әкесі мен бауыры Әділет те осыны сұрады.
Прокурор Сапаев Макиннің кінәсі бірінші инстанциядағы сотпен дәлелденгенін айтып, үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
t.me/azattyq
22 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Журналист Думан Мұхаммедкәрім 48 сағат қамауға алынды
📌 Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады
📌 Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan! белсендісін ұстап босатты
📌 Сенат электросамокатты пайдалануды реттейтін түзетулерді мақұлдады
📌 Досаев "әйелім жарнама компаниясындағы өз үлесін сатып жіберді" дейді. Еgov порталы мұны растамайды
📌 Алматы тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды
t.me/azattyq