Азаттық зерттеуі, Мұхаммедкәрімнің қамалуы, күмән тудырған заң – AzatNews
📌 Ресей Қазақстан мен Қырғызстан компанияларын қалай пайдаланып отыр? Санкция тізіміндегі тауарлардың Ресейге тасымалданып жатқаны жөнінде Азаттық зерттеу жариялады.
📌 25 күн әкімшілік жаза өтеп, бүгін бостандыққа шығуға тиіс журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім тағы 48 сағатқа қамалды. Ол қылмыстық істе куәгер статусынан күдіктіге айналды.
📌 Азаматтардың дерегін алмасу туралы келісімді ТМД елдері бірінен соң бірі ратификациялап жатыр. Ресей мен Қазақстан мақұлдаған заң енді Қырғызстанда да күшіне енді. Құқық қорғаушы заңнан қауіп көреді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
"Жарнама бизнесіне қатысым жоқ"
Алматы әкімі Ерболат Досаев қала көшелеріндегі жарнамалардың басым бөлігін орнатқан компанияның құрылтайшылар құрамынан әйелі Гүлнәр Досаева шығып кеткенін мәлімдеді. Еgov порталы оның сөзін растамайды.
"Сіз Алматы қаласының әкімісіз. Қала көшелеріндегі жарнамалардың басым бөлігін сіздің әйеліңіз Гүлнар Досаева құрылтайшыларының бірі болып табылатын компания орналастырған. Бұл жерде мүдделер қақтығысы бар деп ойламайсыз ба?" деп сұрады Азаттық тілшісі.
Ерболат Досаев былай жауап берді:
"Компания бұрын құрылған. Басты әріптесі – жарнама саласындағы көшбасшы компания. Негізгі үлес сіз айтқан 4 құрылтайшы арасында бөлінген. Алматы әкімі болып келгенімде бұл мәселе туындайтынын түсінгенмін. Былтыр желтоқсанда екі жеке әріптес – менің әйелім мен Гаухар Қаппарова өздерінің үлестерін (әрқайсысына 15 пайыз тиесілі) өзге серіктеріне сатып кетті. Сол себепті былтырдан бері жарнама бизнесіне қатысым жоқ" деді Досаев.
🔗Толығырақ сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
⚡️ Ресей Қазақстан компанияларын қалай пайдаланып отыр? Азаттық зерттеуі
Азаттық радиосының бірнеше қызметі бірлескен зерттеуі Украинада соғыс басталған соң Қазақстан мен Қырғызстанда ашылған компаниялар ресейлік компанияларға сатуға тыйым салынған электронды тауарларды экспорттап жатқанын анықтады.
Зерттеу сауда-саттықтағы күдікті схеманың қалай жұмыс істейтінін, олардың артында кім тұрғанын баяндайды. Екі мақсаттағы тауарлардың импорт-экспортының құбылуын да көрсетеді.
Зерттеудің толық нұсқасы бүгін сағат 17.00-де YouTube-арнамызда шығады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
ШҚО-да газ баллондарын толтыруға арналған бекетте жарылыс болып, екі адам зардап шекті
Шемонаиха қаласында болған жарылыстың салдарынан 2 адам күйіп қалған, 5 техника жанып кеткен.
ТЖМ өрт сөндірілгенін хабарлады. Өртті сөндіруге бес техника, 12 адам жұмылдырылған.
Видео: ТЖМ баспасөз қызметі
t.me/azattyq
Семей полигонында сыналған термоядролық бомбаны жасап шығарушы ғалымдардың бірі Мәскеуде өзіне қол жұмсаған
Бұл жөнінде ТАСС агентігі жазды. Жедел қызмет өкілдері агенттікке 92 жастағы физик Григорий Клинишов өзіне қол жұмсағанын айтқан. Клинишов жақындарына қоштасу хатын тастап кеткен.
Клинишов — советтік ең алғашқы екі сатылы РДС-37 термоядролық бомбасын жасап шығарған ғалымдардың бірі. Одан бөлек, ғалым келесі буындағы термоядролық зарядтың бірнеше түрін жасаған.
РДС-37 термоядролық бомбасы 1955 жылы 22 қарашада Семей полигонында сыналған. Жарылыс толқынының салдарынан 59 елді мекендегі ғимараттар бүлінген. Ондаған адам жарақаттанған. 3 жасар бала мен бір әскери қызметкер қаза болған.
t.me/azattyq
⚡️ Журналист Думан Мұхаммедкәрім 48 сағатқа қамауға алынды, бүгін кешке не ертең 2 айға қамау туралы сот өтеді
Бұл жөнінде журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Журналист "экстремизмді қаржыландыру" бабы бойынша күдікті деп танылған.
t.me/azattyq
Алматыда Oyan, Qazaqstan! белсендісі Айдос Темірғалиев ұсталды
Бұл жөнінде қозғалыстың Телеграм-арнасы хабарлады.
"Дәл қәзір оны Бостандық ауданының полиция басқармасына (Назарбаев, 187) әкетті. Оны 6 мамыр күні полиция басқармасы ғимараты алдында Влада Ермольчева мен Дархан Шәріповты қолдағаны үшін соттайын деп отыр деген ақпарат бар. Әзірше толық мәлімет жоқ" деп жазылған хабарламада.
Полиция түсініктеме берген жоқ.
Сурет: Oyan, Qazaqstan!
t.me/azattyq
Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі 66 жастағы Алмаз Тілепов полиция ғимаратының алдында ұлының шыққанын күтіп отыр. Бірақ ұлының қайда екені әзірге белгісіз.
Бұған дейін Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, прокуратура алдында аштық жариялаған еді. Кейін денсаулығына байланысты аштықты тоқтатқан.
t.me/azattyq
Полиция басқармасынан көлік шықты
Журналистің жақтастары оның ішінде Думан Мұхаммедкәрім бар болуы мүмкін деп, жолды жауып, көлікті шығармауға тырысты. Полиция алдында журналистің жақтастары мен полиция қызметкерлері біраз жұлқысып қалған. Ақпаратқа қарағанда, журналист Думан Мұхаммедкәрім көлік ішінде жоқ болып шыққан.
t.me/azattyq
Журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан әлі шықпады. Іле аудандық полиция басқармасы алдына жиналған журналистің жақтастары "Бостандық!" деп айқайлады
Бұған дейін журналистің жақтастарына оның сағат 11:30-да шығатын айтқан.
t.me/azattyq
Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады
Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ресей жағы "зертханалық бақылауды күшейтуге" жатқызған өнімдерге шектеуді алып тастаған.
Атап айтқанда, "Нурагрорыбпром" және "Дары природы" компаниясының балық өнімдері мен "Ак-Булак Плюс", "Ак-Жалга", "Жайыл Милк" және "Ала-Тоо Сут" компаниясының сүт өнімдері Ресейге қайта экспортталатын болады. Бұдан бөлек "А2" жаңа кәсіпорнына да тауарларын Ресейге жөнелтуге рұқсат берілген.
Биыл сәуір айының соңында Россельхознадзор Қырғызстанның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойған. Ақпан айында балық өнімдерін қабылдаудан бас тартқан.
Кей сарапшылар оқиғаны Қырғызстан билігінің қырғыз әліпбиін латынға көшіру туралы мәлімдемесімен байланыстырған.
t.me/azattyq
Алматы тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам “өз-өзіне қол жұмсаған”.
Полиция дерегінше, 43 жастағы азамат “танысынан көлік ұрлады” деген күдікпен ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция мәлімдемесінде ер адамның өлімі туралы толық ақпарат айтылмады.
"Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм мас болған. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр", - деп жазды Orda.kz сайты Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марқұмның аты-жөні айтылмайды. Туыстары ақпарат құралдарына шыққан жоқ.
t.me/azattyq
Бүгін түске қарай журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан босап шығуы тиіс. Қазір Іле аудандық полиция басқармасы алдына журналисті қарсы алу үшін оның жақындары мен белсенділер жиналып жатыр.
Алайда жақтастары “оны шығаруы да, шығармауы да белгісіз, шығармай, Талдықорғанға бірден алып кетуі мүмкін” дейді.
“Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деп айыпталып, 25 күнге қамалған журналист бұған дейін “экстремизмді қаржыландыру” бойынша қылмыстық істе де “қорғалуға құқығы бар куәгер” атанған. Жақтастары билікті қатаң сынап жүрген журналистің ісі саясиланған деп санайды.
t.me/azattyq
"Құм күреумен күніміз өтіп жатыр". Жылтыр ауылы халқының бейнеті
Ақтөбе облысындағы Жылтыр ауылының тұрғындары үй-жай, қора-қопсыны басқан құмнан қалай құтыларын білмей отыр. Құм көшін тоқтатуға дәрменсіз жұрт биліктен жәрдем сұрайды. Өңірде құмнан қорлық көріп отырған 19 ауыл бар. Сусылдап көшкен құм электр бағандарын да басып қалған.
"Әр күніміз құм күреуден басталады. Арбалап, шелектеп тасимыз. Соның арқасында ғана үйімізге әрең кіріп-шығып жүрміз. Өз күшіміз жетпей бара жатса, туыстарымыздың балаларын шақырып аламыз. Алты ай жаз бойғы ең басты шаруамыз – құм күреу. Сәуірдің аяғында құм көше бастайды. Содан қараша туып, қар жауғанша бізге тыным жоқ" дейді Жылтыр ауылының тұрғыны Жеңіс Мысырова.
Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсін жергілікті халқы табиғаттың дүлей күшімен алысып жатқан Жылтырдағы жағдайды көріп қайтты.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"Қазақстан барысының" қаржысы, Байденнің мәлімдемесі, Қытайдың реніші – AzatNews | 21.06.23
📌 "Қазақстан барысы" турнирінің басына қара бұлт үйірілді ме? Қаржы мониторинг агенттігі миллиард теңгенің қайда жұмсалғанын тексермек.
📌 Қазақ ұлттық университеті ректорының Қаңтар дүрбелеңінде қаза тапқан ұлын кім атты? Қылмыстық іс аяқталуға жақын. Күдікті әскери айыпты мойындамайды.
📌 АҚШ президенті Қытай төрағасын "диктатор" деп атады. Екі күн бұрын екі елдің қарым-қатынасын жақсартуға мемлекеттік хатшысын жіберген Ақ үй қожасының бұл сөзіне Пекин шамданып қалды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Forum 18 дін бостандығын қорғаушы норвегиялық ұйым тәжік діндары Мұхаммади Рахматулло қандай айыппен сотталғанын анықтады
Мұхаммади Рахматулло бұрын Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" ағымы жетекшілерінің бірі болған. Биыл наурыз айында Душанбе соты оны 8 жылға колонияға отырғызған.
Forum 18 ұйымының хабарлауынша, Мұхаммади Рахматулло 12 адамнан тұратын топқа заңсыз діни дәріс берді деген айыппен ұсталып, соның негізінде сотталған.
Ұйым мәліметіне қарағанда, осы топта дәріс алғандар алты жылдан тоғыз жылға дейінгі аралықта сотталған. Олардың сотының қалай өткені белгісіз.
Мұхаммади Рахматуллоның туыстары Forum 18 ұйымына Рахматулло "оқушыларға намазды қалай оқу керектігін ғана үйреткен" деп айтқан.
Тәжікстанда діни білімді мемлекеттік оқу орындарында ғана алуға болады.
t.me/azattyq
Полиция Айдос Темірғалиевті босатты деп хабарлады Oyan, Qazaqstan! қозғалысы Телеграм-арнасында
"Оған қарсы әкімшілік істі қозғай алатынын ескертіп, түсініктіме жазғаннан кейін полиция басқармасынан босатып жіберді. Қамауда шамамен 4,5 сағат болды" деп жазылған қозғалыс хабарламасында.
Заң бойынша, полиция азаматтарды хаттама толтырмай үш сағаттан артық ұстай алмайды. Елде құқық қорғаушылар мен белсенділер полицияның бұл ережені жиі бұзатынын айтады.
t.me/azattyq
Атыраудағы "Дина" сауда базары маңындағы өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ
Бұл туралы Азаттыққа Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, базар маңындағы аумағы 1600 шаршы метр болатын әмбебап дүкен өртенген. 800 шаршы метр аумақты өрт шалған деп айтылады.
Атыраудағы “Дина” сауда базары маңындағы дүкендердің бірінен өрт шықты
Бастапқыда "Ақ Жайық" сайты өрт "базардан шыққанын" хабарлаған. Кейін базар әкімшілігі мұны жоққа шығарды. Ізінше төтенше жағдай министрлігі де базардың өртенбегенін растады.
Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен түскі сағат 13:30-да басталған. Сатушылар дүкеннен тауарларын шығаруға тырысқан.
Азаттық тілшісінің мәліметінше, өрт сөндірушілер мен полицейлер базар жанынан арнайы штаб құрған.
Азаттық облыстық төтенше жағдайлар департаментінен ресми жауап сұрап, сауал жолдады.
Видео: "Ақ Жайық" сайты
t.me/azattyq
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған
Бір күн бұрын изоляторда бүйрегінен “приступ” ұстаған. Оған медициналық тексеруден өтуге рұқсат берілмеген. Қазір журналист Іле аудандық полиция басқармасының уақытша қамау изоляторында отыр.
Бүгін ол 25 күн әкімшілік қамаудан кейін шығуы тиіс болатын. Алайда “терроризмді қаржыландыруға үгіттеу” (258-бап) және “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” (405-бап) баптары бойынша қылмыстық істе күдікті танылған журналисті тергеушілер изолятордан жібермеген. Бүгін кешке не ертең оны 2 айға қамауы мүмкін.
t.me/azattyq
⚡️ Іле аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі мен анасын басқармаға кіргізді
Ішке кірмек болған журналистің қарындасы Айжан Алмазқызын полиция ғимараттан күштеп шығарды.
t.me/azattyq
Сенат электросамокатты пайдалануды реттейтін түзетулерді мақұлдады
Түзетулерге сәйкес, электросамокат жүргізушілері тек велосипед жолдарымен жүре алады, егер арнайы жолақ болмаса жолдың оң жақ шетімен жүруге тиіс. Сонымен қатар самокатпен жүретін адам 18 жасқа толған болуы керек, заң оны шлем киюге және жүргізуші куәлігін алуға міндеттейді. Тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолында электросамокат жылдамдығы сағатына 6 километрден аспауға тиіс.
"Жол қозғалысы туралы” заңға "электросамокат" ұғымы енгізілді. Ол жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және онымен жүруге болатын жерлер де анықталады. Сондай-ақ самокат жүргізушілеріне бірқатар тыйым енгізіледі" деді сенат депутаты Евгений Больгерт.
Сенат мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң енді президентке қол қоюға жіберіледі.
t.me/azattyq
Журналистің анасы Қалимаш Тойшыбекова басқарма ішіне кіріп, ұлын босатуды талап етті
t.me/azattyq
Басқарма аумағына үлкен автобус кірді. Ішінде адамдар отыр.
Азаттық тілшісі олардың арнайы жасақ екеніне көз жеткізе алмады.
t.me/azattyq
Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы 13 миллион теңге пара алды деген күдікпен екі айға қамалды
Бұл туралы жемқорлықпен күрес агенттігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Мұхтар Қоқанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Шенеунік "мегаполистегі әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды" деген күдікке ілінген. Ол екі айға қамалған.
Скриншот: Otyrar.kz
t.me/azattyq
Лондонда 60 елдің өкілдері Украинаны қалпына келтіру мәселесін талқылады
АҚШ Украина экономикасын қолдау үшін қосымша 1 млрд 300 млн доллар бөледі. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Лондонда өткен Украина экономикасын қалпына келтіруге арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді.
France24 арнасының хабарлауынша, конференцияға 60-тан астам елдің басшылары жиналған. Киевтің Батыстағы одақтастары Украина экономикасына қаржылай көмекті ұлғайтуға уәде берді, бірақ Украинаны қалпына келтіру Ресейдің мойнында екенін ескертті.
Дүниежүзілік банктың мәліметінше, биыл Украинаға халықаралық донорлардан 14 млрд доллар қажет. Бұл қаржы әлеуметтік шығындар, атап айтқанда, зейнетақы төлемі мен денсаулық сақтау саласы мен мұғалімдердің айлығына жұмсалмақ.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, бір күн бұрын журналисті "экстремизмді қаржыландыру" бабы бойынша тергеуге тырысқан. "Алайда біз құқымызды пайдаланып, жауап беруден бас тарттық" деді адвокат.
Бұған дейін полиция журналисті күштеп ұстап әкетуге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған. Бірақ жақындарының айтуынша, әзірге ешқандай нәтиже жоқ.
t.me/azattyq
Зеленский мен Путин майдандағы жағдайды сырттай бағалады
Украина президенті Владимир Зеленский 21 маусымда қайта шабуылға шыққан украин әскері күткендегідей ілгері жылжып жатқан жоқ, бірақ Киев өз әскерін асықтырмайды деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.
Ал Ресей басшысы Владимир Путин сәрсенбі күні Мәскеу маусым айында басталған украин әскерінің қайта шабуылының баяулағанына назар аударды деп мәлімдеді. Ол Киев шабуылдау "мүмкіндігі" жоғын түсінді деді. Путиннің мәлімдемесі Ресей телеарналарынан берілді.
Reuters тілшілері орыс әскерінен азат етілген бірнеше ауылда болып, украин әскері 7 шақырымға алға жылжығанына көз жеткізген. Ал Мәскеу маусым басынан бері ресей әскері украин әскерінің жылжуына мүмкіндік бермей отыр деп мәлімдеген.
t.me/azattyq
Павлодар облысы Ақсу ферроқорытпа зауытындағы ірі өрт сөндірілді
Бұл жөнінде 21 маусымда түнде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
"21 маусымда Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатор өртенді. Өрттің жалпы ауданы – 200 шаршы метр. Өрт сөндіруші қолынан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді" деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомствоның айтуынша, өрт сағат 20:52-де оқшауланған, сағат 22:40-та толық сөндірілген.
t.me/azattyq
21 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Семейде Қаңтар кезінде ұсталып, полицияда азаптан өлген Жотабаев ісі: Сот изолятор фельдшеріне шартты жаза берді
📌 Мәжіліс депутаты Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал жолдайтынын айтты
📌 Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады
📌 Қазақстанда Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді
📌 Агенттік "Қазақстан барысының" шығынын тексереді. Турнир авторы Арман Шораев мұны азаматтық ұстанымымен байланыстырады
📌 Энергетика министрі АЭС жөнінде: шешім әлі қабылданбады
t.me/azattyq