Тіркелмеген "Атажұрт" ұйымына жетекшілік еткені үшін Бекзат Мақсұтханға 172 мың теңге айыппұл салынған
Бекзат Мақсұтханның айтуынша, Ақкент шағын ауданының учаскелік инспекторы кеше, 19 маусымда ұйымның кеңсесіне келіп, 16 мамырдағы видеоүндеуіне байланысты түсініктеме сұраған.
"16 мамырда "митингіге шығамын" деп мәлімдеме жасапсыз. Сол бойынша түсініктеме беріңіз деді. Мен "ол үшін он бес тәулік қамалып шықтым. Бір іске екі рет жаза тағайындалмайды" деп қайтардым. Кешке үйге келіп, мүлде басқа мәселе бойынша айыппұл салып кетті" дейді Бекзат Мақсұтхан.
Полиция қызметкері Дәуір Әбдірасыл Бекзат Мақсұтханға "Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы" кодекстің 489 бабы бойынша ("Тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру") айыппұл салынғанын растады.
t.me/azattyq
Семей әкімдігі ресейлік Би-2 тобының концертін өткізбеу туралы шешімге қатысы жоғын айтты
Семей қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, концертті өткізбеу туралы шешімді шара өтеді деп жоспарланған "Арена" мәдени-спорт кешенінің басшылығы қабылдаған.
Бұған дейін БАҚ-та "Арена" басшылығының концерт ұйымдастырушыларына жіберген хаты жарияланды. Онда қазіргі уақытта қалада "концерт өткізу орынсыз" деп айтылған. Сондықтан кешен басшылығы ресейлік топтың концертін тамыз айына ауыстыруды ұсынған.
Концерттің өтпейтіні туралы ақпаратқа қарамастан, Би-2 тобы Семей қаласына барған. Желіде топтың Абай әуежайының алдында түскен суреті жарияланды. Топ мүшелері әзірге жағдайға қатысты ештеңе демеді.
t.me/azattyq
Астана маңындағы өрт 80 гектарға жайылды
Астана қаласының шетіндегі өрт әлі өшпеген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер қазір жекелеген өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Таңертеңнен бері 51 тонна, ал өрт басталғалы 198 тонна су шашылған.
19 маусым күні кешке Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің оқшауланғанын хабарлаған. Қаланы түтін басқан.
Фото: Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті, 19.06.2023
Индустрия және инфрақұрылым министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредиттен 100 млрд теңгені қоғамдық көлік алуға кредит беруге бағыттау жоспары туралы айтты
"Бірқатар өңірлерде, Талдықорған, Оралда жергілікті атқарушы органдар автопарктерінің тозғаны туралы мәселе көтеріп жатыр. Қазақстандағы 10 525 автобустың шамамен 45%-ы тозған. Мысалы, Қостанайда 90%, Талдықорғанда және Оралда 70% тозған делік. Алдымыздағы мақсат — қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану" деп түсіндірді Қарабаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда күн сайын тоғыз миллионнан астам адам қоғамдық көлікпен жүреді, сондықтан министрлік қоғамдық көлікті жаңартуға басымдық беруге тиіс. Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасы "уақытша" жұмысын жалғастыратынын, алайда қанша қаражат бөлінетінін нақтылап айтпады.
t.me/azattyq
Семей әкімдігі Би-2 концерті өтпейтіні туралы ақпарат таратып, ізінше өшіріп тастаған
Әкімдік хабарына қарағанда, жақында болған ормандағы өрттен кейінгі трагедияға және қоғамдағы көптеген өтініштерге байланысты Ресейдің Би-2 музыка тобының 21 маусымға жоспарланған концерт өтпейтін болған.
14 маусымда "Би-2" тобы Астанада концерт қойған. "Би-2" концерт кезінде Абай облысындағы өртте өлгендердің туыстарына көңіл айтып, концерттен түскен қаржыны зардап шеккендерге толығымен аударатынын айтқан.
Концерттің өтпейтіні туралы әкімдік ақпараты қазір жоқ. Семей әкімдігі бұл жағдайға түсініктеме бермеген.
Кеше, 19 маусымда Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдап жүрген эстрада әншісі Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтіні туралы хабар тараған. Соның ізінше Семейде Би-2 тобының да концерті болмайтыны жарияланған. "Би-2" тобының Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдағаны байқалмаған.
t.me/azattyq
19 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Астана шетінде ағаш өртеніп, қаланы түтін басты
📌 Грузияда Қазақстан журналисі өлтірілген
📌 Алматы белсенділері орнатқан "Шындық" ескерткіші алынып қалды
📌 "Халық парламентінің" жиынына қатысқан қоғам белсендісі Есенғазы Қуандыққа айыппұл салынған
📌 Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаған әнші Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтін болды
📌 Киев Запарожье бағытындағы алғашқы селоны азат еткенін хабарлады
t.me/azattyq
"Біз экология министрлігінің дайындығын орташа деп бағаладық"
Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өртке ұқсас төтенше жағдайларға дайындықты қалай бағалайтыны туралы журналистер сұрағына жауап берді.
"Баяндамада, соның ішінде үкімет отырысында айтқанымдай, біз экология министрлігінің дайындығын орташа деп бағаладық. Орташа дайындық көбіне табиғатты қорғау мекемелеріндегі материалдық-техникалық жабдықтың аздығымен байланысты" деді экология министрі.
Сүлейменова Абай облысындағы өртті сөндіруде экология министрлігінің қызметкерлері, әсіресе орманшылар маңызды рөл атқарғанын айтты. Оның айтуынша, орманшылар болмаса жергілікті аймақта бағыт-бағдарсыз жүру қиын болар еді.
t.me/azattyq
Қарағандыда қатты жел соғып, балалар алаңындағы жасанды газон ұшты, екі бала зардап шеккен
eKaraganda порталының мәліметінше, дауыл басталған кезде ойын алаңында үш бала ойнап жүрген. Күшті жел салдарынан жасанды газон көтеріліп, оның бетінде ойнап жатқан бір бала үйдің маңына құлап түскен.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі бала жергілікті облыстық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. "2015 жылы туған бала Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Миы ауыр жарақаттанған, маңдай сүйегі, бас сүйегі мен білек сүйектері сынған. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. 2014 жылы туған баланың миы шайқалып, қабырғасы көгерген. Ол облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, бөлімшеге жатқызылды" делінген басқарма хабарламасында.
Видео: eKaraganda
t.me/azattyq
Өскеменде жүздеген үй тұратын ықшамауданға алты жыл бұрын көше шамдары орнатылған. Бірақ бір жылдан кейін 80 бағананың шамы жоғалған. Әкімдік шамдарды кім алғанын «білмейді». Ал халық мемлекет мүлкін іздеуге «құлықсыз» полиция мен әкімдікке наразы.
t.me/azattyq
Астанада қураған ағаш өртеніп, қаланы түтін басты
Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасындағы өрт 15 гектарға жайылған.
"Ұйытқи соққан қатты жел, батпақ жер екені, барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді қиындатып отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, "Астана орманы" мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған" делінген хабарламада.
t.me/azattyq
Назира Дәрімбеттің сөзінше, олар Жанбота Төлегенмен бір жобада бірге жұмыс істеген, бірақ бір ай бұрын әріптесімен байланыс үзілген. Айтуынша, марқұм соңғы рет 19 мамырда байланысқа шығып, келесі күні офлайн кездесуге қатысатынын айтқан, бірақ келмеген. Әріптесі байланысқа шықпаған соң Назира Дәрімбет 28 мамырда оның үйіне барғанын, есікті Жанбота Төлегеннің туысы ашқанын айтады. Марқұмның туысы оның облыста екенін, телефонын сындырып алғанын айтқан.
Журналистің туысы Ерболат Алтайұлының сөзінше, туыстары марқұмды 2 маусымда Қоянды ауылына жерлеген.
Қазақстандық журналистің өлімі туралы ақпаратты Грузия ІІМ растаған. Ресми мәліметке сәйкес, тергеу барысында Сагареджо қаласында күдікті мен журналист арасында жанжал болып, марқұмды доғал затпен ұрып өлтіргені анықталған. Хабарламада "күдікті қылмыстың ізін жабу үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан қашып кетті" делінген. Грузия ІІМ сайтында сотқа дейінгі тергеу басталғаны жазылған.
t.me/azattyq
Алматы белсенділері орнатқан "Шындық" ескерткіші алынып қалды. Ескерткіш маңын полиция торуылдап жүргені байқалған.
t.me/azattyq
20 маусымда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтеді
Бұл туралы 19 маусымда мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын» делінген мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойған құжатта.
Бұған дейін мәжілістің баспасөз қызметі парламент палаталарының бірлескен отырысы 21 маусымда өтеді деп мәлімдеген, кейін бұл хабарлама сайттан алып тасталды. Мәжілістің баспасөз қызметі сессия кейінге шегерілді деп хабарлады.
t.me/azattyq
Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейе түсті
Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко Кахаовка СЭC-індегі жарылыстан 17 адам өлгенін, 13-і суға батып, 4 адам эвакуация кезінде оқ тиіп өлгенін хабарлады. 31 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Бұл мәліметтер Украинаның бақылауында жатқан Днепрдің оң жағасы жөнінде. Куәгерлер сөзінше, Украина төтенше қызметі Ресей әскерінің бақылауындағы сол жағалаудан да өз азаматтарын құтқарумен айналысқан. Украина билігінің хабарына қарағанда, 11 маусымда эвакуация кезінде 3 адам Ресей солдаттарының оғына ұшқан.
Херсон облысының Ресей тағайындаған үкіметінің басшысы Андрей Алексеенко жексенбі күнгі хабарында 35 адамның өлгенін айтты. Екі жақтың мәліметін қосқанда өлгендер 50-ден асқан.
t.me/azattyq
18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 1985 жылғы әйел және 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы төрт бала оқиға орнында қаза болған.
Lada Priora көлігін айдаған ер адам Атырау облысының ауруханасында көз жұмған.
Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.
t.me/azattyq
Астанада Kaspi банк бөлімшесінде банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті екі айға қамалды
20 маусымда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.
18 маусымда қарулы ер адам Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алды, ізінше ұсталды. Күштік құрылымдар полицияға штурм жасағаннан кейін кепілге алынған адамдар босатылған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Бірақ кейбіріне психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.
t.me/azattyq
Түрмедегі Қайрат Сатыбалды сарайын Назарбаевқа қалай сыйға тартты? Азаттық зерттеуі
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Өзбекстан биыл 1 қазаннан бастап, Ресейден тәулігіне тоғыз миллион текше метр газ ала бастайды
Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді. Өзбекстан энергетика министрлігінің мәліметінше, жылдық импорты шамамен 2,8 миллиард текше метр болады.
Екі жылға арналған келісімге екі ел былтыр қазан айында қол қойған. Өзбекстан энергетика министрлігі газ бағасы аймақтағы рынок бағасымен есептелетінін айтқан.
t.me/azattyq
⚡️ Қайрат Сатыбалды Үшқоңыр резиденциясын Назарбаевқа сыйға тартқан. Азаттық зерттеуі
Азаттық радиосы Алматы облысы Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны түрмеде отырған және тағы бір қылмыстық істе күдікті Қайрат Сатыбалдыұлы немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқанын анықтады. Тергеліп жатқан адамның атындағы әрі сот санкциясы салынған мүліктің басқа тұлғаның атына ауысуы заңға қайшы.
Зерттеуді көріңіз 👇🏻
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
ASTRA телеграм-арнасы Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартқан Ресей солдаттарын қамайтын жертөле туралы видео жариялады
БАҚ хабарына қарағанда, жертөле Укринаның Ресей бақылауындағы Луганск облысында. Журналистер жариялаған кадрда жертөледегі солдаттар бетонға немесе тақтайға жатады, туалет орнына пластик бөтелке пайдаланады. Жертөледе жарық жоқ, қамаудағылар фонарьмен отыр.
Видеоның ASTRA редакциясына қалай жеткені белгісіз. Журналистер мұндай жертөленің 15-ін тапқан. Тоғызы - Луганск облысында, бесеуі - Донецк облысында, біреуі - Харьков облысында.
t.me/azattyq
Украина шабуылы, түтін басқан Астана, құмға көмілген ауыл - AzatNews | 19.06.23
📌 Астана қаласын дүйсенбі күні түтін тұмшалады. Төтенше жағдай департаменті мәліметіне қарағанда, қала іргесінде қураған шөп пен ағаш өртенген. Өрт 15 гектарға жайылған.
📌 Украинадағы соғысты қолдаған кремлшіл әнші Григорий Лепстің Қазақстанға келуіне қоғам қарсылығынан соң оның Қонаев қаласында жоспарлаған концерті өтпейтін болды.
📌 Ақтөбе облысында Жылтыр ауылы құм құрсауында отыр. Көшкен құмды тежеу үшін ағаш еккен тұрғындар жергілікті биліктің шамасы жетпейтінін айтады.
📌 АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен екі күндік сапары кезінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Блинкен - президент Джо Байден әкімшілігінен бұрын-соңды Пекинге барған ең жоғары лауазымды тұлға.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов балалар алаңындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Әкім "бұл жасанды газонды мердігер ұйым өткен аптада төсей бастаған. Ол периметрі бойынша ғана бекітілген, бірақ пайдалануға берілмеген, себебі ойын элементтерін орнату керек болатын. Аудандардың екі әкіміне барлық балалар алаңдары мен көгалдардың бекітілуін тексеруді тапсырдым" деді Кожухов Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, Қарағандыда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, ағаштар сынған. Қазір қалада көшені қираған заттардан тазалап жатыр.
Видео: eKaraganda
t.me/azattyq
Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаған әнші Григорий Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтін болды
Өзінің концерт алаңын беріп отырған Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village Resort компаниясы концертті ұйымдастырушыларымен келісімді біржақты тәртіппен тоқтатқанын, концерт билеттері қайтарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы компания Instagram парақшасында хабарлады.
Бұл хабарды Алматы қалалық мәслихатының депутаты Еркін Рақышев та растады. Оның сөзінше, Лепстің концертін өткізбеуге Алматы облысының әкімдігі ықпал еткенге ұқсайды.
"Украинада бір танкті жойған адамға миллион рубль беремін деген есерсоқ Лепстің Қапшағайда концерт өткізуіне халық қарсылығын білдірген еді. Бүгін қоғам белсендісі Қанат Тұрдалиевпен таңертең осы жөнінде Алматы облысының басшылығымен кездесіп, халықтың талабын орындауды, мәселені ұшықтырмай шешуді талап етіп қайттық. Концерт болмайтын, Лепс келмейтін болды" деп жазды Еркін Рақышев.
t.me/azattyq
19 маусымда Алматының Медеу аудандық полициясы қоғам белсендісі, тарихшы Есенғазы Қуандыққа "тіркелмеген ұйым жиынына қатысты" деп, 200 мың теңгеге жуық айыппұл салды
Белсенді айыпқа келіспей, прокуратураға шағымданатынын айтты.
Медеу аудандық полиция бөлімшесі қызметкерінің айтуынша (есімін айтпады), белсенді 29 сәуірде Алматыдағы кафелердің бірінде рұқсат етілмеген жиынға қатысқан.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 489-бабы, 10-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Біз тек орындаушы органбыз, жоғары жақтан жиынға қатысқан адамдардың тізімі беріледі, соларға хаттама толтырамыз" деді полиция қызметкері Азаттыққа.
Белсендінің сөзінше, полиция айтқан "рұқсат етілмеген жиын" - "Халық парламентінің" жиыны. Есенғазы Қуандық бұл жиынға сарапшы ретінде азаматтық құқық туралы пікір бөлісуге барғанын айтады.
t.me/azattyq
Киев Запарожье бағытындағы алғашқы селоны азат еткенін хабарлады
Бұл жөнінде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді. Украина қарулы күштері майданның бұл бағытында алғашқы жеңісіне жеткен.
Аталған селоның Украина қарулы күштерінің бақылауына өткені туралы бір күн бұрын Ресей тағайындаған облыстық әкімшілік басшысы Владимир Рогов мәлімдеген және ресейшіл әскери блогерлер де хабарлаған.
Жексенбі күні таңертең Реесй қорғаныс министрлігі бұл елдімекенге жасалған шабуылға тойтарыс берілді деген болатын.
t.me/azattyq
Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген
Бұл туралы марқұмның әріптесі Назира Дәрімбет Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияның Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады. Сұмдық! Сене алмаймын, қалайша бұлай болды? Ол жаққа қалай тап болды?" деп жазды Дәрімбет.
Назира Дәрімбет желідегі жазбасында Қазақстанның Грузиядағы елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжатты жариялады. Онда: "Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы негізінде (қасақана кісі өлтіру) тергеу жұмыстары басталған және осы қылмысты жасады деген күдікті тұлға ұсталған. Қазіргі уақытта мәйіт сараптамада, тексеру аяқталған" деп жазылған.
t.me/azattyq
Алматыда белсенділер Абай облысындағы өрт құрбандарына арнап "Шындық" ескерткішін орнатты
Qazaq koktemi арт-қозғалысының белсенділері Алматыдағы Панфилов көшесінде "Шындық" деп аталатын мемориал орнатты. Бұл туралы ақпаратты Rukh2k19 тобы инстаграм-парақшасында жариялады.
Мемориалда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған, олардың арасында қайтыс болған оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің есімдері, елде болған қайғылы оқиғалар жазылған.
Ескерткіштің екінші бетінде "халыққа атылған оқ, шіріген билік тоқ, ұрпаққа қалғаны шоқ" деп жазылған.
Белсенділер арт-перформанс арқылы халыққа үндеу жолдаған. «Тағы қанша адам жемқор, тойымсыз жүйенің құрбаны болады?» деп жазған.
Видео, фото: rukh2k19
t.me/azattyq
Украина әскеріне тұтқынға түскен Ресей солдаттары The Wall Street Journal журналистеріне Украина әскерінің шабуылын тойтарғанда Ресей әскері көп шығынға ұшырағанын, әскердегі рух түсіп кеткенін, шегінген жағдайда атылатынын айтқан
WSJ материалын "Агентство" басылымы баяндаған.
Қазір Краматорскіде қамауда отырған Ресей солдаттары тұтқынға өз еркімен берілгенін айтқан. Тұтқындар арасында әскерде келісімшартпен жүргендер де, еріктілер де, мобилизацияланғандар да бар.
Сұралған тұтқындардың бәрі екі жақ та үлкен шығынға ұшырағанын айтқан. Британия әскери барлауының мәліметінше, биылғы наурыздан бері Ресей әскері дәл қазіргідей шығынға ұшырамаған.
t.me/azattyq
"Мені Назарбаев қаматқаны белгілі". Мұхтар Жәкішевпен сұхбат
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Азаттыққа сұхбатында өзін колонияға жіберу кімге тиімді болғаны, түрмеде өткізген жылдары, елдегі жағдай, Қаңтар оқиғасының себебі, мемлекеттік қызметке қандай жағдайда оралатыны және 2007 жылы ойлап тапқан "Украин жобасынан" неге бас тартқысы келмейтіні жөнінде айтып берді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq