azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

«Неге тек халық көмектесуі керек, шенеуніктер қайда?» Желіде шенеуніктер мен олардың балалары сынға қалды

Абай облысында 15 адамның өмірін қиған орман өрті оқшауланды. Билік болған оқиғаға кінәлілерді іздей бастады. Ал желі қолданушылары шенеуніктер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің әл-ауқатын салыстырып жатыр. Аймақта орман өрті өршіп жатқан кезде желіде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қымбат брендтерге оранған қызы Мәриям Ұранхаеваның және қымбат көлік айдаған Бородулиха ауданының бұрынғы әкімі Григорий Пинчуктың видеосы тарады. Оны көрген жұрт «неге шенеуніктер көмектеспейді?» деп шағымданып жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаевтың уәдесіне қарамастан, АЭС мәселесі референдумға шығарылмайтын болды.

Бұл жөнінде энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ҚазТАГ агенттігіне хабарлады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Төтенше жағдайлар министрлігі елде төтенше жағдай кезінде қолданылатын техникалар жетіспейтінін мойындады.

“Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық жабдықталу [деңгейі] – 80 пайыз. Қазіргі кезде 3200 техника бар. Әлі 430 техника керек. 470 техниканың мерзімі 20 жылдан асып кеткен” деді бейсенбі күні сенат отырысында төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Сенат отырысы кезінде елде өртсөндірушілер мен орманшылардың жалақысы төмен екені ( өртсөндірушілердің орташа жалақысы 180 мың теңге) айтылды.

Елде 121 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді. Қазір 426 өрт сөндіру бөлімі бар. Бұл жеткіліксіз.

Ал елде барған сайын орман өрті жиілеп барады. Үш жыл бұрын 700 орман өрті тіркелсе, былтыр 757 орман өрті болған. Биыл жыл басынан бері 146 орман өрті, 700 дала өрті тіркелген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері 31 тұрғын мен шетел азаматы терроризм бойынша күдікке ілініп, ұсталғанын хабарлады. Осы аралықта сот органдары 10 адамға түрме жазасын кескен.

Комитеттің 15 маусым күнгі хабарламасында Атырауда “терроризмді насихаттады” деп айыпталған бір азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны, Шымкентте “халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен” екі адам 7 жылға сотталғаны жазылған.

Алайда құқық қорғаушылар елде “терроризм” бабы билікті ашық сынап жүрген кейбір белсенділерге қарсы қолданылатынын сынап келеді.

Мамырдың соңында Семей соты "терроризмді насихаттады" деп айыпталған Шыңғыс Әлпиев пен Ринат Әлиевті 9 және 7 жылға бас бостандығынан айырған. Құқық қорғаушылар мен жақтастары "іс саясиланған" деп есептейді. Қорғау тарабы істе көп заңсыздық болғанын айтқан.

"Әлпиев пен Әлиев ісі" бойынша ақпарат мұнда.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстаудағы кен орнынан шыққан өрт қоршаған ортаны ластап жатыр

Маңғыстау облысында "Бозащы Мұнай" ЖШС кәсіпорнына қарайтын Оңтүстік Қаратұрын мұнай-газ кен орнында 9 маусымнан бері жанып жатқан ұңғыма аумағынан қоршаған ортаны ластайтын заттар табылды.

Мамандар мұны апат аймағындағы ауа мен топырақ сынамасын талдау кезінде анықтаған. Олар ластаушы заттар құрамында әсіресе метан көп кездескенін, нормадан бірнеше есе асып түскенін байқаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бүгін, 14 маусымда Алматы қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде қала орталығында оққа ұшып қаза болған бес адамның жақындарының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

2 мамырда Алматының Бостандық ауданының №2 соты оқ тиіп қаза болған бес адам – Серік Керімовті, Қанат Әубәкіровті, Нұрболат Қасымжановты, Аслан Уәлиевті және Шыңғыс Тастанбековті "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуылдады" деп соттаған. Сот бес адамды қаза табуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Марқұмдардың туыстары үкімге келіспей, оларды ақтауды талап етіп, апелляциялық шағым түсірген еді.

Шағымды қараған Алматы қаласы сотының алқасы бес марқұмды айыпты деп таныған алғашқы инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Апелляциялық сотта марқұмдардың адвокаттары мен жақындары барлық айып алғашқы инстанцияда дәлелденбегенін, тергеу көрсеткен фото мен видеодағы адамдар жақындары емес екенін айтты.

Ал шағымды қараған сот алқасы "алғашқы инстанцияда іс заңға сәйкес зерделенді. Сотқа дейінгі тергеу барысында сараптамалар заңды және негізді тұжырымға келген. Сондықтан үкімді өзгертуге негіз жоқ" деп таныды.

Марқұмдардың жақындары бұл шешімге келіспейтінін, енді кассациялық сотқа шағым түсіретінін айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында бес науқас ВИЧ жұқтырған. Бұл жөнінде 14 маусымда BES.media телеграм-арнасы хабарлады.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш адам ВИЧ жұқтырғанын растады.

Ақпаратқа қарағанда, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен науқастар қан құйдырғаннан кейін бір айдан соң ВИЧ-инфекциясына анализ тапсыруға тиіс болған. Оларға ВИЧ жұққаны сол анализ тапсырғаннан кейін анықталған.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 маусымда вирус қайдан жұққанын зерттейтін комиссия құрылған. Комиссия донорлар мен медицина қызметкерлерін және олармен байланыста болған тұлғаларды тексерген. Олардан ВИЧ анықталмаған. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті аурухананы тексеріп жатыр. Тексеріс жұмыстарына Қазақ тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу орталығының мамандары да тартылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның қарымта шабуылы қалай жүріп жатыр?

Украина әскері маусымның басынан бері қарымта шабуылға шығып, Ресей оккупациялап алған жерлерді қайтаруға тырысып жатыр. Ресейдің бұған берген бағасы әртүрлі. Украина бірнеше ай дайындалған қарымта шабуыл қалай жүріп жатыр?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған Шыңжаң қазағы Қайрат Ерлібек Түркияға кетті

Бұл туралы құқық қорғаушы, «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымының жетекшісі Айна Шорманбаева хабарлады.

– Қазір ол қолындағы құжатына штамп басқызып, шекарадан өтті. Енді оған Түркиядан босқын мәртебесін алып беру үшін көмектесетін адвокат іздеп жатырмын. Бұл іс менің тікелей араласуыммен шешілді, - деді 14 маусымда түсте Айна Шорманбаева Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға ұшып барған Қайрат Ерлібек өзін әуежайдан әрі қарай өткізбей тұрғанын хабарлап, көмек сұраған еді.

“Мен Қытайдан келген қазақпын. Ұлтым да қазақ. Президентім де қазақ. Бірақ Қазақстаннан ешқандай статус ала алмадым. Пана іздеп Түркияға келіп едім, ары қарай кетіп қалуға мүмкіндік болмады” деп мәлімдеген еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш адамға ВИЧ жұққанын хабарлады.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, вирус қайдан жұққанын зерттейтін комиссия құрылған.

Комиссия донорлар мен медицина қызметкерлері және олармен байланыста болған тұлғаларды тексерген. Олардан ВИЧ анықталмаған.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті аурухананы тексеріп жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында бес науқасқа ВИЧ жұққан. Ақпаратты денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник BES.media басылымына растады.

Әзірге аурухананың ресми сайтында ешқанда хабарлама шыққан жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, қазір эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесі дайын болған кезде науқастарға ВИЧ қалай жұққаны анықталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты қозғалған іс аясында Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовті тергейді

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, Абай облысындағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалған: "екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау" және "салғырттық". Ол өртке қатысы бар барлық лауазымды тұлғадан жауап алынады деді.

“Қазір екі істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Тергеу аясында өз міндетіне салғырт қараған, соның нәтижесінде әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы анықталады... Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ. Барлығы жауапқа тартылады” деді Жандос Өмірәлиев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция Абай облысында сүйегі табылған тракторшының өліміне жүрек ауруы себеп болған дейді. Долон орманшылығының жетекшісі оның өрт сөндіруге қатысқанын айтты.

"10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды" деп жазылған полиция хабарламасында.

Абай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшы Сергей Архиповтің сүйегін полиция бір күн бұрын өрт болған аумақтан 50 шақырым жерден тапқанын айтқан.

Долон орманшылығының жетекшісі Балтабек Кудранов BES.media-ға берген сұхбатында тракторшы өрт сөндіруге қатысқанын айтқан.

“Ол өрт сөндіруге кеткен. Өрт кезінде түтінге қақалып, жағдайы нашарлаған сияқты. Тракторында рация болса да, қайда барарын білмеген тәрізді. Абыржыған да болуы мүмкін. Бұл – менің пікірім. Бірақ өртті сөндіруге қатысқаны рас” деді Кудранов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Беларусьтегі билікті уысында ұстап отырған Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннен Минскіге ядролық қаруды "қайтаруды сұрағанын" айтты.

Лукашенко "қазірше тактикалық зымыранды орналастыру жайлы айтып отырмыз, бірақ Беларусь стратегиялық ракеталарды орналастыру үшін алаң дайындап жатыр" деген.

Лукашенконың бұл сөзін БелТА агенттігі жариялады.

Беларусь аумағына Ресейдің тактикалық ядролық ракеталарын орналастыру туралы сөз биыл наурызда шыққан. Сол кезде Ресей президенті Путин Минскіге ядролық қару беру емес, орналастыру жайлы сөз болып жатқанын айтқан. Ал Лукашенконың сөзіне қарағанда, Беларусь ядролық қаруды қайтарып алмақ. Ядролық қару Беларусь аумағында 1996 жылға дейін болған.

"Басында Путиннен жай ғана сұрадым, кейін дос ретінде "әзірге тактикалық қаруды қайтар, маған сол жетеді" дедім. Қаруды Ресей ұсынған жоқ, бұл менің талабым болды" деді ол.

Лукашенко "Беларуське қандай да бір агрессия жасалса, бұл қаруды қолданудан тайынбаймын" деп сес көрсетті.

Беларусь пен Ресей – Ядролық қаруды тараптау туралы келісімнің мүшелері. Екі ел мұндай қаруды басқа елдерге және бір-біріне бермеуге тиіс. Совет Одағы ыдырағаннан кейін Беларусь, Қазақстан және Украинамен бірге ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан. Осыдан соң Беларусьтің ядролық қарулары Ресейге берілген, бұл жұмыс 1996 жылы аяқталған еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкент соты президент сайлауындағы тәуелсіз байқаушының шағымын қанағаттандырмады

2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында тәуелсіз байқаушы болған жергілікті белсенді Жарқынбек Сейтінбек "байқаушының жұмысына кедергі жасады" деп 227-сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнұр Құрманбекованың үстінен сотқа шағым түсірген. Сот Гүлнұр Құрманбекованың іс-әрекетінде қылмыс жоқ деген тұжырымға тоқтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мұрат Әйтенов Шымкентте Путинді қолдайтын ресейлік тележүргізуші Елена Малышеваның клиникасы ашылады деген ақпаратқа түсініктеме берді. "Егер құжаттары дұрыс болса, ешкім тыйым салмайды" деді әкім.

Шымкентте Малышеваның орталығы ашылатыны жайлы жарнама жөнінде сұраққа жауап берген әкім "ешкім өтініш бермегенін" айтты

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Абай облысындағы орман алқабы: өрттен кейін

Төтенше жағдай министрлігі өртті толық сөндіру үшін әлі 4-5 күн керек деп мәлімдеді

Видео: @Chukeyev

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡15 миллионға сатылған мектеп имамның меншігіне қалай өтті?

Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында біршама уақыт бұрын оқушылар жаңа мектепке көшіріліп, ескі мектеп ғимараты сатылып кеткен. Оның себебін орнына балабақша ашатын инвестор іздеп жатырмыз деп түсіндірген. Содан бері меншік иесі бірнеше рет ауысқан мүлік ақырында белгілі дін өкілінің қолына өтіп кеткен. Уәде етілген балабақша ашылған жоқ. Азаттық мектеп қалай, неліктен сатылғанын, оны алған адамдарды не байланыстыратынын анықтап көрді.

ЗЕРТТЕУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында бірнеше науқасқа ВИЧ жұққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл жөнінде Tengrinews хабарлады.

“Алматы бойынша ақпарат түсті. Комиссия жіберілді. Ауруханада таралуына жол бермеуіміз керек. Тексеру өткеннен кейін толық ақпарат береміз. Енді толық эпидемиологиялық зерттеу жүргіземіз. Инфекция қайдан, қалай жұққанын түсінуіміз керек, ауруханада таралмауына жол бермеуіміз қажет. Министрліктің, комитеттің ең мықты мамандары сол жаққа жіберілді” деді министр.

Оның айтуынша, былтыр 4 мың адам ВИЧ-пен ауырған. Оның алдындағы жылы бұл көрсеткіш 3,5 мың адам болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Ол "50 млн теңгеден астам мемлекет ақшасын ысырап қылды" және "билік өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікке ілініп отыр. Қайсар Сарытай Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жыл түрме жазасы қаупі төніп тұр. Видеоны бас прокуратураның баспасөз қызметі жариялады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

14 маусымда мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты "заңсыз иемденген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру" деп айтылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Асығыс парламент, Қадыровтың "жаралы" серігі - AzatNews | 14 маусым 2023

📌 Мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы" заң жобасын қабылдап, сенатқа жіберді. Депутаттардың бірі заңды парламент жазғы демалысқа дейін жылдам іске қосуға асығатынын айтты.

📌 Қаңтар қырғынында туыстары қаза тапқан бір топ адам бас прокурормен кездестіруді сұрап, Астанаға жиналды. Берік Асылов ешкімді қабылдамады. Арызданушылар тергеу, сот істеріне күмән келтіреді.

📌 Украинадағы соғыста Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың оң қолы, Ресей думасының депутаты Адам Делимхановтың жараланғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір телеграм арна оның қаза тапқанын жазып жатыр.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде екі белсенді “заңсыз жиналысқа шақырғаны үшін” 10 тәулікке қамалды

Сот Бестөбе тұрғындары Қанат Байысов пен Қайыржан Есмағанбетовті 12 маусымда "халықты жиналыс өткізуге белсене шақырғаны, онысын әкімдікке ескертпегені" үшін кінәлі деп таныды.

Жергілікті қауымдастық өкілдері сот шешіміне келіспейді.

Бұған дейін Бестөбеде кеншілер алтын өндіретін шахтадан жерасты суын сорғызып, кен өндірісін іске қосуды, ауыл маңындағы зиянды жаңа фабриканы басқа жаққа көшіруді талап етіп наразылық жасаған. Компания талаптарды ішінара орындауға дайын екенін айтқан. Тараптар келісімге келе алмаған.

Наразылар Абай облысындағы өрттен қаза болған орманшыларға байланысты қаралы күн жарияланған кезде тараған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Азаттық "активтерді заңсыз иеленді деген тұлғалар тізімі неге құпия болады?" және оған "экс-президент пен отбасы ене ме?" деген сұрақты мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа қойған еді. Қошанов "ол тізімде кім болатынын білмейтінін" айтты және "заң бұзып, шетелде қаржысы анықталғандардың барлығы тізімге енеді" деді.

Қаңтар оқиғасынан кейін "қоғамның талабы негізінде" әзірленді деп айтылған құжат халық несібесінен желінген байлықты орнына қайтара алатынына күмәнданатындар көп.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде “қаржы пирамидасын құрды” деп сотталғандар аштық жариялады

Сотталушылардың туыстарының айтуынша, 14 маусымда 20 шақты адам Ақтөбедегі тергеу изоляторына барып, туыстарының жағдайын білген.

“Балама кіріп шықтым. Денсаулығы жақсы болған. Бір күнде 1,5 келі салмақ тастадым деді. Іште жүрегі қысылғандар да бар деді. Комиссия жүр, қайта-қайта тексеріп жатыр деді. Құрғақ аштық жариялаған” деді бірінің туысы Бекзада Мырза.
Сотталушылардың бірінің туысы Маржан Бақасованың айтуынша, түрмедегілер бірінші инстанцияда шыққан “әділетсіз үкімге” қарсы.
“Қоғамдық резонанс туғызды деп судья кінәсіз адамдардың бәрін 9-18 жылға соттап тастады. Кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтардың ешқайсысысын ескерген жоқ” деді ол.

Ақтөбедегі № 70 мекемесі үкімге келіспеген 33 адам аштық жариялағанын растады. “Сотталушыларды Ақтөбе облыстық прокуратурасы мен қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы жеке қабылдады. Қазір төртеуі тамақ іше бастады. 29 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында” деп жазылған хабарламада.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Қаңтарда қаза болған 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қозғалған іс жуырда сотқа жолданатынын айтты

“Бұл қылмыстық істің аяқталғандығы туралы хабарым бар. Ол жерде оқ атуға бұйрық берген батальон командирінің іс-әрекеті сараланып, сол батальон командирі кінәлі деп танылды. Сол лауазым иесінің үстінен қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолдану жоспарланып отыр” деді Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Бұған дейін Қаңтарда қаза болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен Қаңтарда оққа ұшқан Думан Қанатбектің әкесі прокуратураға барып, істі қайта тергеуді талап еткен еді. Өмірәлиев олардың кездесуі жөнінде жергілікті прокуратура білетінін айтты.

Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты тергеу органдары кішкентай қыздың өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келетінін айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл істе куәгер ретінде өтіп отыр. Ақпаратқа қарағанда, бұл істе бір ғана күдікті бар. Жәбірленуші жақ күдіктінің “адам өлтіру” емес, “билік өкілетін асыра пайдалану” бабы бойынша тергелгеніне наразы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде “БерӘлі Маңғыстау company” мекемесінің бұрынғы мұнайшылары наразылықты тоқтатты

Жаңаөзенде мұнай-газ саласынан тұрақты жұмыс талап етіп, сәуірдің басынан бері наразылық білдірген "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнының бұрынғы жұмысшылары ереуілді тоқтатты. Бұл жөнінде Азаттыққа мұнайшылардың бірі Есенжан Әбдірахимов хабарлады.

Сейсенбі күні кешкісін "Өзенмұнайгаз" компаниясы наразы мұнайшылар "Мөлдір Мұнай Сервис" компаниясына жұмысқа тұруға келіскенін хабарлаған еді.

Мұнайшылардың сөзіне қарағанда, бұған дейін қойған талаптарының 90 пайызын орындау жөнінде уәде берілген.

– Жұмысты 20 маусымнан бастаймыз деп отырмыз. Егер алдап кетпесе, талаптарымыздың 90 пайызын орындауға уәде беріп отыр, – деді сәрсенбі күні таңертең Есенжан Әбдірахимов Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин: Ресейдің адам шығыны 10 есе аз, жаңа мобилизация керек емес

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің блогерлері мен әскери тілшілерімен кездесу кезінде Украинаға шабуыл жасағалы бері "орыс армиясының шығыны Украинадан 10 есе аз екенін, Украина еш жерде жетістікке жетпегенін" айтты.

Алайда ол қайтыс болғандар мен жараланғандардың нақты санын айтпады. Оның сөзінше, Ресей әскері 54 танкісінен айырылған. Ал Украинаның жойылған танкілері 160-тан асады және 360 беренді машинасы атқыланды деді. Путиннің айтуынша, бұл – шетелден келген техникалардың 25-30 пайызы.

Украина президенті Владимир Зеленский таяуда, керісінше, орыс әскерінде көп шығын болғанын мәлімдеген.

Ресей президенті Мәскеу Каховка СЭС-ін жаруға мүдделі емес екенін айтып, Украинаны айыптады.

"Дұрысы олар сол жерде шабуыл бастауы керек еді. Біз үшін бұл ұтымды, олар үшін тиімсіз болды. Енді мынадай тасқыннан кейін шабуыл болмады" деді ол.

Ол сонымен бірге бүкіл елге әскери жағдай енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, әскери міндетін өтеп жатқандарды соғысқа апарудың реті жоқ. Бірақ ол әскери міндетін өтеп жатқандар Белгород және Курск облыстарында екенін айтып, олар "отан алдындағы міндетін орындауға тиіс" деді.

Путин сонымен бірге "қазіргі кезде қосымша мобилизацияға мұқтаждық жоқ" деді.

"Арнайы операцияның мақсаты өзгере ме?" деген сұраққа Путин жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ толығымен өзгеріссіз қалады деді. Ол "денацификация" деген сөзді айтқанда, Степан Бандера мен "Украина билігіне келген-міс неонацистер" туралы тезисін қайталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тракторшының мәйіті табылды, экс-министрдің әйелі жылады - AzatNews | 13 маусым 2023 жыл

📌 Абай облысында өрт сөндірушілерге көмекке барып, жоғалып кетті делінген тракторшының мәйіті табылды.

📌 Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орманшылардың қазасы мен өрттің шығуына байланысты қозғалған қылмыстық істердің аясында экс-мниистр Илья Илин де тексерілетін мәлімдеді.

📌 Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты аяқталуға жақын. Сотта ол суицид жасамақ болғанын айтты. Мұхамедиұлының әйелі көз жасына ерік берді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Абай облысындағы өртті сөндіруге басқа елдерден көмек сұраған жоқ. Дегенмен Түркия және Өзбекстан көмектесуге дайын екенін айтқан.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 13 маусымда журналистерге өткізген брифингте мәлімдеді.

«Егер апаттың масштабы өте үлкен болып, мемлекет өзі жағдайды реттей алмаса басқа елденден көмек сұрауға туралы келеді. Президентпен және сыртқы істер министрімен сөйлескен Өзбекстан және Түркиядағы әріптестер көмектесуге дайын екендерін айтты» дейді Смадияров.


Абай облысындағы өрт 60 мың гектер жерді шарпып, 15 адам қаза тапты.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал