Алматыда еріктілер тобы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арнап гуманитарлық көмек жинауға кіріскен.
Қала тұрғындары ұзақ сақталатын азық-түлік пен гигиена заттарын жинап жатыр.
Көмек жинаумен шұғылдан жүрген "Қамқор" еріктілер тобының өкілі Айнұр Трайсбаеваның айтуынша, кеше басталған қайырымдылық шарасы бүгін қарқын ала түскен. Бұл істі Алматыдағы басқа да бірнеше еріктілер тобы қолдаған.
t.me/azattyq
Украинаның Кривой Рог қаласындағы бесқабатты тұрғын үйге түскен зымыраннан қаза тапқандар 11 адамға жетті. Бұл туралы Днепропетровск облысының басшысы Сергей Лысак хабарлады.
Шабуылды Ресей әскері жасағаны айтылған.
Шенеуніктер парламент депутаттарын неге менсінбейді? Бірнеше депутатты «қартайтқан» қазақ тілі
Депутат Қазыбек Иса Қазақстан парламенті – Ресей думасы емес екенін дәлелдеумен әлек боп жүр. Шенеуніктер депутаттарды жүре тыңдайды. Кейбірі мәжіліске де келмей, қонақ күтуге кете салады. 1990 жылдардағы депутат «Бізбен Назарбаевтың өзі байқап сөйлесетін» дейді. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін «Республикада қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» деген қаулы шыққан. Билік оның жанына «Республикада орыс тілін оқып-үйретуді жақсарту туралы» дейтін қаулыны да қосып қойған еді.
КӨРУ
⚡️Абай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшы Сергей Архиповтің сүйегі табылған. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архипов 9 маусымда тракторымен Қаштақ ауылына өрт сөндіруге кетіп, онымен байланыс үзілген. Бүгін, 13 маусымда таңертең оның тракторы табылғаны хабарланған еді.
Семейдегі орман өртінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
13 маусымда Ресей әскері Украинаның Кривой Рог қаласындағы бесқабатты тұрғын үйге зымыран тастады. Алты адам қаза болды. 25 адам жараланды, оның 19-ы ауруханаға түсті. Бұл туралы Днепропетровск облысының басшысы Сергей Лысак хабарлады. Құтқару жұмысы жүріп жатыр.
Читать полностью…Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған тракторшының тракторы табылған, өзі жоқ.
Бұл туралы 12 маусымда кешкісін жергілікті БАҚ облыстық полиция департаментіне сілтеп хабарлады.Абай облысының полиция департаменті Бесқарағай ауданы Долон ауылының 36 жастағы тұрғыны Сергей Архиповті екі тәуліктен бері іздеп жатқанын хабарлаған. Архиповтен 10 маусымнан бері хабар болмаған.
"12 маусымда Дмитриевка селосынан бес шақырым жерде, Бородулиха ауданының Ауыл станциясына қарай тасжолдан 1 шақырым тұстан трактор табылды. Трактор бұзылмаған. Архиповтің өзі іздестіріліп жатыр" деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін "Семей орманы" табиғи қорығы бөлімшесінің қызметкері Сергей Архипов 9 маусымда өрт сөндіруге шығып, хабар-ошарсыз кеткені мәлім болған.
Өткен аптадан бері Абай облысының Бородулиха ауданында мыңдаған гектар орман өртеніп жатыр. Өрт кезінде 14 адам қаза болған.
12 маусымдағы ақпаратқа қарағанда, өрт әлі де тоқтамаған.
t.me/azattyq
Ресей оқу орындарындағы тексеріс: оқытушылардың сабағы биліктің көзқарасына сай келуге тиіс
Ресейдің оңтүстігіндегі университеттер оқытатын тарих пәнін бақылауға министрлік өкілдері келетін болған. Олар оқытушылардың сабағы биліктің көзқарасына сай келе ме, жоқ па – тексеруге тиіс. Бұл жөнінде Ресей жоғары оқу орындарындағы мәліметтерге сүйенген The Moscow Times жазды.
Краснодар өлкесі оқытушысының журналистерге айтуына қарағанда, шенеуніктер лекция кезінде болсын, басқа уақытта болсын, билікті, "патшаны" сынауға тыйым салған. Тарихтағы кейбір даулы мәселелерді ешбір сынсыз, құрғақ факті ретінде айта салуды ұсынған. Басылым сөйлескен Самара университетінің оқытушысы тарих туралы мақаласы үшін әріптесін жұмыстан шығарып жібергенін айтқан.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Ресей жастары ақпарат шабуылына ұшырады, сондықтан оларға дұрыс ақпарат беріп, тойтарыс жасау керек" деген еді. Путин тарих пәні бойынша академиялық курс ашып, "ұрпақтар сабақтастығын терең мазмұнмен байытуды" тапсырған.
t.me/azattyq
"Бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен 25 күнге қамалған журналист Думан Мұхамедкәрім бүгін, 12 маусымда аштығын тоқтатқан. Бұл туралы Азаттыққа журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.
- Думан әкесі мен қоғам белсенділерінің сөзін тыңдап, халықтан үлкен емеспін деп аштығын тоқтатты. Тауық сорпасын ішті, - дейді адвокат.
Бүгін, 12 маусым таңертең адвокат Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығы нашарлап, демалыс күндері екі рет жедел жәрдем шақырғанын хабарлап, оның қамау жазасын айыппұлға ауыстыруды сұраған еді.
Қорғаушының сөзінше, Думан Мұхамедкәрім ертең, 13 маусымда ауруханаға барып, бүйрегі мен іш құрылысын магнитті-резонансты томографияға түсіріп, анализ тапсырмақ. Органдар анализ нәтижелеріне қарай журналистің қамау жазасын айыппұлға ауыстыру я ауыстырмауды шешеді.
Думан Мұхамедкәрім "28 маусымда полиция дүкеннен күштеп ұстап әкетті, заңсыз қамады" деп аштық жариялаған еді. Ол өзін күштеп ұстаған полицейлердің үстінен шағыданған. Полиция журналистің шағымын тексеретіндерін айтқан.
9 маусымда журналиске "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылғаны хабарлаған. Адвокат Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімге бұл айып шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен болған сұхбаттан соң тағылғанын айтқан.
Youtube желісіндегі "Ne deidi?" арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім наурыздағы парламент сайлауынан бері үшінші рет қамалып отыр. Соңғы рет 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан еді. Ол өзі шақырған митингілердің алдында ұсталады.
Қазақстанда құқық қорғаушылар билікті "бейбіт жиын өткізіп, пікірлерін ашық айтқысы келгендерді, билікке наразыларды қудалайды" деп жиі сынайды. Ресми Астана елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.
t.me/azattyq
Абай облысында жоғалып кеткен тракторист Сергей Архиповті туыстары өздері іздеп жүр.
Жақындарының айтуынша, Архиповпен 9 маусымнан бері байланыс үзілген. Ол тракторымен Қаштақ ауылына өрт өткізбес үшін жер жыртуға шығып кетіп, оралмаған. Архипов соңғы рет хабарласқанда адасып кеткенін айтқан.
Туыстары билік тарапынан іздеу жүріп жатқанынан хабарсызбыз деп отыр.
"Оны ешкім іздеп жатқан жоқ сияқты" дейді трактористің туыстары.
t.me/azattyq
Азаттық тілшілері дронмен түсірген мына видеодан Абай облысындағы орман өртінің масштабын көре аласыз.
Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын айтады. Министрдің сөзінше, жағдай бақылауда, бірақ күннің ыстықтығы мен жел өртті өршітуі мүмкін.
"Алдағы бірнеше күн бойы өртті сөндіруіміз керек" деді ведомство басшысы.
Шәріпханов өртеніп жатқан орманға жақынырақ жатқан ауылдарға қауіп жоқ деп отыр.
t.me/azattyq
Абай облысындағы Қаштақ ауылының маңынан орман өртінен будақтаған қалың түтін анық көрінеді. Бұл ауылдың тұрғындары толық эвакуацияланған. Азаттық тілшілері жолдаған видеолардан өрт қаншалықты күшті болып жатқаны анық аңғарылады.
t.me/azattyq
Прокурор соттан бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады
Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады. Сайттың жазуынша, прокурор осы іс бойынша Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Садуақасоваға 8 жыл түрме жазасын сұрады.
Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Сәдуақасова халықаралық көрмеге бөлінген 221 млн теңгені жымқырды деп айыпталған.
Экс-министр бұған дейін әлеуметтік желіде "Мұхамедиұлының президентке үндеуі" жарияланған. Үндеуде бұрынғы шенеунік тағылған айыпты жоққа шығарып, оны "өзіне қақпан құрып жүрген кейбір адамдардың ісі" деген.
Мұхамедиұлы күдікті ретінде ұсталған кезде өзіне қол салмақ болғаны да хабарланған.
t.me/azattyq
«Ұлы анам тірі келеді деп үміттенді». Абай облысының тұрғындары өрт жайлы не дейді?
Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза болды. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Тұрғындардың бірі өртке жол жағдайын кінәласа, енді бірі өрт салғырттықтан болды дейді. Азаттық журналисі оқиға орнына барып қайтты.
t.me/azattyq
Украина мен Ресей тұтқын алмасты
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Ресей Украинаға 95 әскериді берген. Олардың қатарында «Азовсталь» мен Бахмутты қорғағандар бар. Ал Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Киев Ресейге 94 әскериді қайтарған.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт. Қазіргі ахуал қандай?
📌Жаңадан тағайындалған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын айтады. Оның сөзінше, жағдай бақылауда, бірақ күннің ыстықтығы мен жел өртті өршітуі мүмкін. «Алдағы бірнеше күн бойы өртті сөндіруіміз керек» деді министр.
📌Орман өртіне байланысты Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын түтін басқан.
📌Абай облысының полиция департаменті өртсөндірушілерге көмекке тракторымен шыққан Бесқарағай ауданы тұрғынынан хабар болмай, іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
📌Ормандағы өрттен 14 адам қаза тапқан. Олар 11 маусымда өз аумағындағы өртті сөндіруге шыққан. Экология министрлігінің хабарлауынша, орманшылармен 9 маусымда байланыс үзілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандарды "Құрмет" орденімен марапаттау туралы жарлық шығарған.
📌Қазақстанда бүгін, 12 маусым қаралы күн деп жарияланған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Тоқаевпен, Қазақстан халқына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
t.me/azattyq
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ұлы Петр Каримов өгей шешесі Татьяна Каримованы сотқа берген.
Оның талап арызы Ташкенттегі Яккасарай ауданаралық сотында қаралады. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады.
Ташкент қалалық сотының сайтындағы мәліметке қарағанда, талап арызға мұраға қалған мүлік дауы себеп болған.
Петр Каримов 1969 жылы туған. Ислам Каримов пен Петр Каримовтің анасы Наталья Кучми сол жылы ажырасқан. Наталья Кучми 2008 жылы Ташкентте қайтыс болған.
t.me/azattyq
Орман өртеніп жатқан Абай облысындағы Қаштақ ауылында тұрған полиция бүгін, 13 маусымда сақтық үшін Семейге қарай бес шақырым шегінді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. "Бүгін сағат 11-12 кезінде өрт қаттырақ болды, кейін Қаштақ маңында өрт сөндірілді деп хабарланды" дейді Азаттық тілшісі.
Читать полностью…Абай облысындағы өрттен соң Семейге эвакуацияланған тұрғындар не дейді?
Азаттық тілшісі Семейдегі электротехникалық колледждің жатақханасында жатқан. Ол Половинка, Талица, Қаштақ ауылдарының тұрғындарымен сөйлесті. 72 адам орман өртіне байланысты қалаға эвакуацияланған.
"Ресей Ираннан камикадзе-дрондарды Каспий теңізі арқылы алып жатыр". Бұл туралы Британияның әскери барлау қызметі Украинадағы соғысқа байланысты күнделікті жариялап жатқан есебінде айтты.
Ағылшын барлаушылары "Ресей бұған дейін Ираннан дрондарды ұшақ арқылы тасыған еді, қазір Каспий теңізі арқылы алуды жолға қойды. Теңіз жолы ұшақпен салыстырғанда көп дрон тасуға мүмкіндік береді" деп жазады.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі "қазір Ресей Иранның камикадзе-дрондарын өз аумағында жасауға тырысып жатыр, бұған Иран мамандары көмектесіп жатқан сияқты" дейді.
Британиялық барлаушылар "Ресей өзінде бар қанатты ракеталардың басым бөлігін қолданып тастаған соң осындай арзан дрондарға арқа сүйеп отыр" деп топшылайды.
t.me/azattyq
Бас прокуратура бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің үстінен "қызметіне салғырт қарау я міндетін дұрыс атқармау" фактілері бойынша тексеріс жүргізбек.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Ильиннің үстінен тексеріс жүргізуге Абай облысындағы орман өрті себеп болған.
– Президент Бас прокуратураға тапсырма берген, соның негізінде тексеріс жүреді. Орманның өртенуі – төтенше жағдай, адам шығыны болды, сондықтан қылмыстық іс кезінде тексеріс болып, неге уақытылы шара қабылданбағаны, салғырттық, қызметін дұрыс атқармау фактілері тексеріледі, – деді министр.
Ахметжановтың айтуынша, Абай облысындағы өрттің шығуына от қою, салғырттық немесе найзағай себеп болуы мүмкін. Министрлікке бұл жағдайды тергеп-тексеруге екі ай уақыт берілген.
Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектар жерді шарпып, 14 орманшы қаза тапты. Қазір тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын хабарлады. Өрт шарпуы мүмкін деген ауылдардың тұрғындары Семей қаласына эвакуацияланды.
Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыратын жарлыққа қол қойды
Украина президенті Владимир Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыратын жарлыққа қол қойды.
Жарлық бойынша, совет кезінен бері Жеңіс күні аталып келе жатқан мереке бұдан былай "1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн және еске алу күні" деп аталады, демалыс күні болады. 9 мамыр жұмыс күні саналады, алайда бұл күнді "Еуропа күні" деп атап өтеді.
Зеленский бұған дейін Жеңіс күнінің атауы мен уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда "әлемнің көптеген халқы 8 мамырды нацизмді жеңген күн ретінде еске алатынын, өйткені 8 мамырда вермахт сөзсіз капитуляция туралы қол қойған акт күшіне енгенін" айтқан.
Зеленский "Бұл – жалпы Еуропа дәстүрі, Украина бұл күнді өркениетті елдермен бірге атап өтуге тиіс" деген болатын. Батыс Еуропа мен АҚШ гитлерлік Германияның жеңген күн ретінде 8 мамырды, ал постсоветтік елдер мен Шығыс Еуропаның кейбір елдері 9 мамырды белгілеген.
t.me/azattyq
Азаттық оқырманы жіберген видео. Абай облысының Каштак ауылы маңындағы көрініс. 12 маусым, сағат 22.00 шамасы (әуесқой түсірілім)
t.me/azattyq
Украина әскерилері Ресей әскерінен тағы екі ауылды азат еткенін хабарлады. Оның бірі – Запорожье және Донецк облыстары шекарасындағы Великая Новосёлка ауылы, екіншісі Донецк облысындағы Сторожевое ауылы.
Украина әскері жексенбі күнгі хабарламасында үш ауылға бақылау орнатқанын мәлімдеген еді.
Өткен аптаның соңында Украина тарабы қарымта шабуылды бастағанын айтқан.
t.me/azattyq
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Nazarbayev.kz сайтында хабарланды.
Назарбаев сайтында "орманшылардың қазасын зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін" деп жазды.
Бұған қоса, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Пәкістан премьері Шахбаз Шариф, Орталық Азия елдерінің басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдап, қазақстандықтарға көңіл айтты.
Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан, тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Елде бүгін, 12 маусым қаралы күн деп жарияланған.
t.me/azattyq
Абай облысында өрт қалай басталды? Қай жерлер өртеніп жатыр? Қысқа-нұсқа шолып шықтық. Материалда Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің видеолары пайдаланылды.
t.me/azattyq
Абай облысында өрттен соң тұрғындары эвакуацияланған Қаштақ ауылының маңындағы ахуал қандай? Азаттық тілшісі баяндайды.
t.me/azattyq
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге телеграмма жолдап, Ресей күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Тоқаев хатында "Ресей халқына амандық тілеп, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірген".
Тоқаевпен бірге Путинді Беларусьтегі билікті ұстап отырған Александр Лукашенко мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын да құттықтағаны хабарланды.
Ресей бұл күнді 1992 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. 1990 жылы 12 маусымда Ресей тәуелсіздігі туралы декларация қабылданған. Тарихшылар мен саясаттанушылар бұл декларация Совет Одағының ыдырауына жасалған үлкен қадам деп біледі. Одақ құлағанына жиі өкініш білдіретін Путин бұл мерекеден бас тартқан жоқ. Кремль қазір Ресей күні мейрамын пропагандаға жиі пайдаланады.
t.me/azattyq
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA (Бүкіләлемдік әйелдер теннисі қауымдастығы) рейтингісінде 3-орынға көтерілді. Бұл – Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі ең үздік көрсеткіші. Бұған дейін Қазақстан теннисшілері әлемдік рейтингіде мұндай деңгейге жетпеген.
Рейтингіде бірінші орында польшалық Ига Швентек (сенбіде Париждегі Roland Garros жарысында жеңіске жетті), екінші орында Беларусь спортшысы Арина Соболенко тұр.
"Айнала – тозақ, тегіс өрт". Абай облысындағы қазіргі ахуал туралы репортаж
Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза тапты. Анасынан, әкесі мен баласынан айырылып, қара жамылып отырған адам көп. Біреулер тағдырға салып, табиғи апатқа налыса, басқалары қайғылы жағдайға сапасыз жолдар мен биліктің немқұрайды әрекетін кінәлады. Азаттық тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.
ОҚУ
Украина қорғаныс министрлігі: Ресей резервтерін жылжыту үшін Каховка СЭС-ін жарды
Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Ресей әскері Украина әскерінің Херсон облысындағы шабуылына жол бермеу үшін Каховка СЭС-ін жарған деп хабарлады.
Малярдың мәліметінше, Ресей резервтерін Бахмут пен Запорожьеге ауыстыруды көздеп отыр. "Ресей әскерінің ұрыс қабілеті тәуір теңіз жаяу әскері мен әуе десанты күштерін Херсон облысынан ауыстыру басталды" деп жазды қорғаныс министрінің орынбасары телеграм-арнасына.
Мәскеу Малярдың хабарына пікір білдірген жоқ.
Ресей Каховка СЭС-і жарылғанын Украина диверсиясынан көреді, бірақ дәлел келтірген емес.
t.me/azattyq