Заңгер Батыр Адайбаев: Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасындағы “активтерді өз еркімен тапсыру” туралы норманы алып тастау керек. Бұл іс жүзінде олардың (заңсыз байығандардың) заңсыз активтерін кешіргенмен пара-пар дейді.
Читать полностью…Бұған дейін сенбі күні “Халық парламенті” жиыны өтетіні, онда үш мәселе қаралатыны хабарланған:
▪Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы” заң жобасы
▪Қазақстан әскерін ҰҚШҰ құрамында Ресейде пайдалану мүмкіндігі
▪Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімшарттар (визасыз режим).
Алматыда “Халық парламентінің” жиыны өтеді деген ғимаратттың артқы жағында көп полицей жүр. Кемінде 3 автозак тұр.
10 маусым, 2023 жыл.
Ақмола облысы Бестөбеде наразы кеншілер мәдениет үйі алдында тағы бір түн қонып шықты.
Кеншілер алтын өндіретін шахтадан жерасты суын сорғызып, кен өндірісін іске қосуды, ауыл маңындағы зиянды жаңа фабриканы басқа жаққа көшіруді талап етіп отыр. Компания талаптарды ішінара орындауға дайын екенін айтқан. Тараптар әлі келісімге келген жоқ.
⚡️ "Қазақстан президенті Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, өрттің жайылуына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды" деп хабарлайды Ақорда.
Абай облысындағы өрт аумағы 60 мың гектарға жуықтады. Өрт сөндіруге қорғаныс министрлігінің бөлімшелері де тартылған.
t.me/azattyq
Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өрт 60 мың гектарға жетіп, Озерск ауылдық округіндегі үш ауылдың тұрғындарын Семейге эвакуацияламақ
t.me/azattyq
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы депутат Нұржан Әлтаев 135 мың доллар көлемінде пара алды деп күдікке ілінгенін хабарлады.
Агенттік «Әлтаев 2018-2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрғанда «Атамекен» ұлттық палатасының басшысы Абылай Мырзахметовтен ай сайын 5 мың доллар алып отырған. Бұл пара «Еңбек» бағдарламасымен мемлекеттік тапсырыс алуға негіз болған» деп күдіктенеді.
Әлтаев осы аптаның басында қамауға алынған.
t.me/azattyq
Тоқаевтың 4 жылы - AzatNews | 9.06.23
📌 Қамаудағы журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің үйін полиция тінтті және өзіне жаңа айып тағылғаны хабарланды. Адвокатының сөзінше, айып қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовпен болған сұхбатқа байланысты.
📌 8 маусым күні ұсталған "Алға, Қазақстан!" тіркелмеген оппозициялық партиясының белсенділері полиция күш көрсеткенін айтады. Кейбірінің қол-аяғы көгерген. Астана полициясы Азаттыққа жауап бермеді.
📌 Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғалы төрт жыл. Елдің саяси ахуалы, экономикасы жақсарды ма? Не өзгерді?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Абай облысында байланыс үзілген 14 орманшының үшеуі қаза болған, қалған 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады
Үкімет пен Абай облысы әкімдігіне қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету тапсырылған.
t.me/azattyq
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үйінде тінту жүріп жатыр. Ақпаратты адвокат Ғалым Нұрпейісов журналист Данияр Молдабековке растаған.
Адвокаттың айтуынша, тінту “экстремизмді қаржыландыру” (258-бап) бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде жүргізіліп жатыр. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрім “қорғалуға құқығы бар” куәгер болса да, іс жүзінде жағдай басқаша болып отыр.
Билікті қатаң сынап жүрген журналиске бұған дейін “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” бабынан бөлек (405-бап), “экстремизмді қаржыландыру” (258-бап) бойынша да іс қозғалғаны белгілі болған еді.
t.me/azattyq
Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезіндегі "азаптау" ісі бойынша жәбірленуші деп танылды
Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Черновтың мәліметінше, Арман Жұмагелдиев ("Дикий Арман" деген лақап атпен де мәлім – ред.) Қылмыстық кодекстің 146-бабы ("азаптау") бойынша жәбірленуші деп танылған.
Orda.kz-ке сұхбат берген Олег Черновтың айтуынша, іс бойынша күдіктілер – Алматы полиция департаментінің қызметкерлері.
Адвокаттың мәліметінше, азаптау бойынша тергеуді бастауға 2022 жылғы 7 қаңтарда "Ритц Карлтон" қонақүйінің қауіпсіздік қызметі түсірген Жұмагелдиевті ұстау видеосы себеп болған. Черновтың сөзінше, видеода арнайы жасақ Жұмагелдиевті қатыгездікпен ұрып-соғып жатқаны көрсетілген.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.
37 жастағы Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда қамауға алынған. Оған "заңсыз қару сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық етті" және "қарақшылықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған. Жұмагелдиев бұл айыптарды мойындамайды.
t.me/azattyq
Тоқаевтың президенттігіне төрт жыл. Елде не болды?
Тура төрт жыл бұрын, 2019 жылы 9 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында жеңді деп жарияланып, ресми түрде мемлекет басшысы ретіндегі қызметін бастаған. Сол төрт жыл ішінде Тоқаев қандай ісімен есте қалды? Шолып шықтық.
t.me/azattyq
"Балапаным, кешір. Кеудемде жаным болса, сені ақтап шығам". Марқұм ұлы сотталған әкенің шері
21 жастағы Думан Әкімбекұлы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан. Полиция басқармасының тұсынан атылған оқ кеудесін тесіп өткен. Жігіттің қазасы бойынша қозғалған іс тергелместен жабылды. Ал марқұмның өзін биыл мамырда сот екі бап бойынша кінәлі деп тауып, шартты түрде соттады.
Қазірге дейін елдің бірнеше өңірінде оққа ұшқан кемі 11 адамға айыптау үкімі шыққан. Жұрт бұл процестерді "Аруақтар соты" деп атайды. Олардың жақындары үкімді өзгертуге тырысып жүр. Думанның әкесі Әкімбек Қалыбеков те марқұм ұлын ақтап шығуға күш салмақ.
Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутайдың сюжетін мына сілтеме арқылы көре аласыз.
t.me/azattyq
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды
Бұл туралы 9 маусымда Азаттыққа журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Айтуынша, Думан Мұхамедкәрімге "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылған.
"Бізде жаңа ғана 258-бап бойынша қозғалған іс аясында жауап алынды. Думан қорғануға құқығы бар куә ретінде сұрақтарға жауап берді. Іс Әблязовпен болған сұхбатқа қатысты. Өзге ақпарат айта алмаймын" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.
Думан Мұхаммедкәрім 28 мамырда "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Изоляторда сот шешіміне қарсылық білдіріп, аштық жариялаған.
"10 күннен бері тек су ішіп жатыр. Бүгін жауап алуға келгенде екінші қабатқа әрең көтерілді. Өте әлсіз. Арықтап кеткен. Күші жоқ" деді адвокат.
t.me/azattyq
Жиында сөйлегендердің бірі Ақмарал Жантемірқызы: “Біз заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңға қарсы шығайық деп отырған жоқпыз. Оның кемшіліктерін жойып, барынша тиімді жүзеге асуына септескіміз келеді”
Жиыннан біраз суреттер
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша:
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімге тағылған жаңа айып туралы айтты. Айтуынша, іс журналистің шетелде жүрген қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуымен байланысты.
Бір күн бұрын журналистің үйінде тінту болған, компьютері мен жеке заттары тәркіленген.
Думан Мұхаммедкәрімнің ісінің жай-жапсары
t.me/azattyq
Абай облысында орман өртін сөндіруге аптап ыстық пен жел, құмды жер және өртке кіруге қиындықтар бөгет жасап жатыр.
Бұл жөнінде 10 маусымда таңертең төтенше жағдай министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
“Жағдай тұрақты. Азаннан бастап ұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6-дан бастап 8 тікұшақ өртті сөндіруге кірісіп кетті. Одан бөлек, барлық техника мен жеке құрам өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр” деді ол.
Министрлік өрт аумағын айтпады. Түндегі мәлімет бойынша, өрт 60 мың гектардан астам жерге жайылған.
Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев екі айға қамалды
Оған бұлтартпас шарасын қолдану туралы сот 9 маусым түнде өтті.
Кейінгі уақытта билікті сынап жүрген саясаткер 7 маусымда ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ол "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды (135 мың доллар) деген күдікке ілініп отырғанын хабарлаған.
Ал жақтастары Әлтаевқа қозғалған істі "саяси тапсырыс" деп атап, бірқатар лауазымды тұлғалардың аттарын атаған.
9 маусымда саясаткердің онлайн сотына қатысқан кейбір белсенділер отырыс кезінде Әлтаев "лауазымды тұлғалардың қоқан-лоқысы туралы" айта бастаған кезде Zoom-ның "тегін сесссиясы бітіп қалғанын" жазды.
t.me/azattyq
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртеніп жатқан Абай облысына барады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент баспасөз қызметі Тоқаев 11-13 маусымға жоспарланған Вьетнам сапарын кейінге шегергенін мәлімдеді.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт: Қазірге дейін не белгілі?
📌Төтенше жағдай министрлігінің 9 маусым түстен кейінгі мәліметі бойынша, облыстағы өрт қазір 30 мың гектарды шарпыған.
📌Ақорданың телеграм каналы өрттен соң байланыс үзілген 14 орманшының үшеуі қаза тапқанын, 11 орманшы іздестіріліп жатқанын хабарлады.
📌«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Абай облысына барып, өрт сөндіру бойынша жұмыстарды басқаруды тапсырды» деп жазды Ақорданың телеграм каналы.
📌Облыс орталығы Семейде төтенше жағдай жарияланып, қала әкімдігі Бородулиха ауданында жағдай қиын екені мәлімдеді.
«Каштак және Талица ауылдарына қауіп төніп тұр. Семей қаласына қауіп жоқ. Бірақ жел бағытына қарай өрт басқа жақтарға да жайылуы мүмкін. Барлық қызметтер дайын болу үшін төтенше жағдай жарияланды» деді Семей қаласы әкімдігің баспасөз қызметі.
📌Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин бір күннің ішінде өрт аумағы 3 гектардан 100 гектарға бірден өсіп, кейін жайылып кеткенін мәлімдеді. Ильин өрттің тез жайылуы экология министрлігіне қарайтын орман шаруашылығы комитетінің жағдайды дұрыс бағамдауынан болуы мүмкін екенін айтады.
«Бастапқыда өрт шарпыған аумақ дұрыс есептелмей, соның салдарынан өрт сөндіруге қосымша күш уақытында жіберілмеген» деді министр.
📌Экология министрлігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өрт 8 маусымда шыққанын мәлімдеді. Министрліктің алдын ала дерегі бойынша, өрт шығуына найзағай себеп болуы мүмкін.
📌Облыстағы үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткен, жергілікті билік өрттен қашқан тұрғындардың көбі туыстарында дейді. Бородулиха ауылындағы мектеп пен коллежде эвакуациялық пунктер ашылған.
📌Төтенше жағдай министрлігі қазір өрт сөндіруге 662 адам, 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылғанын мәлімдеді. Абай облысына Астана қаласы мен Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 133 адамы мен 48 техникасы, сонымен бірге төрт тікұшақ қосымша жіберілетіні хабарланды.
t.me/azattyq
Тоқаевтың төрт жыл бұрынғы қарсыластары қайда жүр?
Төрт жыл бұрынғы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек тағы алты кандидат түскен. Олар қазір қайда, немен айналысып жүр? Шолып шықтық.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
9 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Абай облысындағы орман өрті: Семейде төтенше жағдай жарияланды. Үш орманшы қаза болған
📌 Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды. Журналистің үйінде тінту жүріп жатыр
📌 Air Astana әуекомпаниясына "нарықтағы үстемдігін асыра пайдаланғаны үшін" айыппұл салынды
📌 Бестөбеде кеншілер наразылық білдіріп жатқанына үш күн болды
📌 Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезіндегі "азаптау" бойынша істе жәбірленуші деп танылды
📌 Былтыр қамаудан шыққан белсенді Қайрат Қылышев түрмеге ауыстырылды
t.me/azattyq
Семей әкімдігі орман өртіне байланысты қалада төтенше жағдай жариялады
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
t.me/azattyq
Орман өртіне байланысты Семейде төтенше жағдай енгізу ұсынылды
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (Батпаев орман шаруашылығы 66, 67, 55, 42 кварталдарында) аумағында өрттің шығуына байланысты Семей қаласында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын" деп жазылған Семей қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілген.
Қазір өрт сөндірумен қатар жоғалған адамдарды іздеу шаралары да жүргізіліп жатыр.
t.me/azattyq
🎧 Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 14-эпизодында Ашаршылық, қуғын-сүргін, кәмпескелеу, соғыс, Совет Одағының саясаты қазақтың санасы мен психологиясына қалай әсер еткенін талқыладық.
Подкасымыздың осыған дейінгі эпизодтарында психологтер "қазақ аштық, соғыс, қиындық көрген халық қой, сол оқиғаның бәрі қоғамның психикасына әсер етіп келе жатыр" дегенді жиі айтты. Сондықтан подкасымыздың бір эпизодын тарихи оқиғалардың қоғам психикасына әсері туралы тақырыпқа арнап отырмыз.
🎙Apple podcasts
🎙Google Podcasts
🎙YouTube
🎙Азаттық сайты
t.me/azattyq
Абай облысында орман өртінің ауданы 30 мың гектарға жетті
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Бұған дейін оның ауданы 2 мың гектар деп айтылған.
Жұма күні таңертең министрлік үш аумақта өрт сөндіріліп жатқанын хабарлаған. Түсте олардың саны алтыға жетті.
"Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы – 30 000 га. Алты тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуал тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тонна болады" деп жазылған министрліктің хабарламасында.
t.me/azattyq
Түркіменстанда блогерлерге елін мақтау тапсырылған
Елдің бірқатар аймағында YouTube, TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желілердегі танымал блогерлерді полиция тергеуге алып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.
Оларға Түркіменстан жайында тек мақтаудан тұратын контент түсіру тапсырылған. Керісінше жағдайда қамауға алынасыңдар деп қорқытқан.
Түркіменстанда көптеген жылдан бері Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік желілер мен тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттары бұғатталған. Бірақ жастар VPN сервистерін пайдаланады.
t.me/azattyq