Гаагадағы БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы тыңдау өтті
Шағым түсіруші жақ Ресейді “терроризмді қаржыландырумен күрес” және “нәсілдік алалаудың кез келген түрін жою” туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзды деп айыптап отыр. Бұл жөнінде “Неміс толқыны” жазды.
Сотта қаралып жатқан оқиғалар 2014-2015 жылдары жасалған деп айтылады. Гаагадағы украин делегациясы өкілдерінің айтуынша, олардың қолында Ресейді жауапқа тартуға негіз беретін өзге де құжаттар бар: украин халқына жасалған “геноцид ісі”, Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей омбудсменін тұтқындау туралы ордер, Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты іс.
БҰҰ халықаралық сотының шешімін екі тарап та орындауға міндетті. Ресей делегациясы “Неміс толқыны” журналистерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.
t.me/azattyq
Шымкентте Өзбекстан азаматы "қару дүкеніне шабуылдады" деп 15 жылға сотталды
6 маусымда Шымкенттегі сот Өзбекстан азаматы Еркинжон Исмоиловті Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру", "қаруды, заңсыз иемдену", "қаруды ұрлау я қорқытып алу", "қаруды заңсыз жасау" баптарымен кәнілі деп тауып, 15 жылға түрме жазасына кесті.
50 жастағы Исмоилов үкімге қатысты да, қару дүкеніне не мақсатпен шабуылдағаны жөнінде де пікір білдірмеді. Ол жарыссөзде тағылған айыпты толық мойындайтынын, шын өкінетінін айтып, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
t.me/azattyq
Атыраудың ауасы неге лас?
Былтыр экология министрлігі жүргізген мониторинг Қазақстанның сегіз қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары екенін анықтаған. Ауасы ең лас деп танылғандар – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары. Биыл көктемде Атырауда ауаның ластану деңгейі шегіне жетті. Қаланы түтін басып, мектепте оқу тоқтады. Бүгін, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай атыраулық тілшіміз Айнұр Сапаровадан «Атыраудың ауасы неге лас?» деп сұрадық.
t.me/azattyq
Көлгінов Астана әкімі болып тұрғанда жеке жарнамасына көп қаржы бөлді деп те басы дауға қалған. Былтыр қала әкімі лауазымынан соң премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Алтай Көлгінов Астанаға 2019 жылы әйелдер наразылығы күшейіп тұрғанда әкім болып келген. Ол қала әкімі болып тұрған тұста көпбалалы аналар әкімдікке бірнеше рет барып, баспана мен жәрдемақы мәселесін шешуді талап еткен еді. Көпбалалы аналар әкімнің шығуын талап етсе де, Көлгінов олардың алдына шықпаған.
Үш жыл қызметте Көлгінов қандай әкім болды? Назарларыңызға Нұргүл Тапаеваның сюжетін ұсынамыз.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар" деген Петропавл тұрғыны Қылмыстық кодекстің "сепаратизм" бабы бойынша кінәлі деп танылды
Бұл туралы жергілікті Петропавловск.news басылымы хабарлады. Алғашқы инстанциядағы сот үкімі әзірге күшіне енбеген.
Қылмыстық іс материалына қарағанда, 2021 жылы қыркүйекте Татьяна С. әпкесімен бірге ChatRoulette видеочаты арқылы белгісіз ер адаммен сөйлесіп, сепаратизм белгілері бар сөздер айтқан.
Әңгімелескен адам "Әлемдегі қай президентті өз еліңіздің басшысы ретінде көргіңіз келеді?" деген сұрақ қойған, Татьяна "Путин" деп жауап берген.
Тергеу материалында қарағанда, белгісіз адамның осымен әңгімені аяқтағысы келгені байқалған, бірақ Татьяна ол адамнан "Сіз қайдансыз?" деп сұраған. Ер адам Ресейден екенін айтқан. Содан соң Татьяна "Біздің Петропавл мен Солтүстік Қазақстанды Қырым секілді алып алыңдар" деген.
t.me/azattyq
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты
Ол бұған дейін ұлын босатуды талап еткен, талабы орындалмаса аштық жариялайтынын айтқан. Алмаз Тілеповті қолдаған он шақты белсенді де прокуратура алдына жиналды.
Тілепов ұлын босатқанша прокуратура алдында аш отыратынын айтады. Алайда бүгін таңертең қорғаушысымен жолыққан ұлы оған "Әке, аштығыңды тоқтат. Үйге қайт" деп хат жазған.
- Баламның өзі түрмеде аштық жариялап отыр. Бірақ мені аяп, үйге қайт дейді. Бірақ мен ұлымды көшеден бас-көз жоқ, заңсыз ұстап әкеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кешірім сұрағанша тоқтамаймын, - дейді Алмаз Тілепов.
Журналистің әкесімен сөйлесуге шыққан Іле ауданы прокурорының орынбасары Сұңғат Сәтбаев Думанды ұстап әкеткен полицейлер ісінің заңдылығы тексерілетінін айтқан.
t.me/azattyq
Ресми мәлімет бойынша, Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапқан. Алайда билік марқұмдардың толық аты-жөнін, туған жылын, өлген күнін, өлім себебін жарияламады.
Ал Қаңтар оқиғасы бойынша зерттеу жасаған құқық қорғаушылар 256 адамның құжатын жинаған.
📌 Баяндамадағы статистика мәліметтеріне назар аударыңыз.
t.me/azattyq
Украинада Каховка СЭС-і жарылып, елді мекендерді су ала бастаған. Ресей мен Украина бірін-бірі кінәлады
Бұл жөнінде билік құрылымдарының ақпаратына сүйеніп, ТАСС хабарлады.
Бұған дейін Baza және Shot телеграм-арналары Каховка СЭС-і жарылғанын хабарлаған. Олар бөгетті "украин әскери қызметкерлері" жарғаны туралы фотосуреттер мен видео таратқан. Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" әскері жарылысқа Ресей әскерін кінәлаған.
Жергілікті биліктің айтуынша, су бес сағаттан соң қауіпті деңгейге жетеді. Қазір су алған қауіпті аудандардан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталған.
Видео: УНИАН
t.me/azattyq
Бас прокуратура: «Азаптау ісі» бойынша 39 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылады
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың сөзінше, 88 азаматқа тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін құқық қорғау органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады.
Ведомство полиция ғимараттары мен қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерін тексеру кезінде 900 бейнекамера жұмыс істемей тұрғанын анықтаған. Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу нәтижесінде аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК мен ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапқа тартылған. Ведомоство 3783 қосымша бейнекамера орнатылғанын хабарлады.
t.me/azattyq
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Ресей Қырғызстандағы мемлекеттік төңкеріске талпыныс туралы ақпараттарды мұқият қарап отырғанын" мәлімдеді
Бұл ақпаратты "Вести.ru" таратты.
"Әзірге алаңдататын жаңалықтар түсіп жатыр. Сондықтан барлық жаңалықты мұқият қадағалап отырмыз" деді Песков. Алайда ол "Кремльдің қолында бұл мәселені бүге-шігесіне дейін талдап түсіндіретіндей ақпарат жоқ" деді.
5 маусымның таңында Бішкекте билікті күшпен басып алмақ болды деген күдікке ілінген адамдар жаппай ұсталып, интернетте видеосы жарияланған. Алайда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұл жағдайға байланысты ресми ақпарат таратпаған.
t.me/azattyq
Украина қарулы күштері кейбір бағытта қарымта шабуылға шықты деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр.
Маляр қазір негізгі шайқас Бахмут бағытында болып жатқанын айтады.
«Бұл бағытта алға жылжып келеміз, нәтиже де бар. Негізгі биіктіктерді алдық» деді ол.
Соғыс уақытында тараптардың мұндай мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.
t.me/azattyq
5 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 "Ескертусіз қасақана оқ ату". Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасы туралы кітап шығарды
📌 Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады
📌 Алматыда полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді
📌 Ресей қорғаныс министрлігі Украина қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді, Украина мұны жоққа шығарды
📌 Бішкекте "билікті күшпен басып алуға дайындалды" деген күдікпен адамдар жаппай ұсталды
📌 Сот шешіміне келіспеген көкшетаулық Астанада темір бағанаға шығып, наразылық білдірді
📌 Өзбекстан жоғарғы соты былтыр Қарақалпақстандағы жаппай наразылықтан соң 16 жылға сотталған журналист әрі белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгеріссіз қалдырды
t.me/azattyq
5 маусымда Өзбекстан Жоғарғы соты былтыр Қарақалпақстандағы жаппай наразылықтан соң 16 жылға сотталған журналист әрі белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұл туралы Азаттыққа журналистің адвокаты Сергей Майоров айтты.
Тәжімұратов "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзуға тырысты", "билікті басып алу мақсатында сөз байласты", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп сотталған.
Тәжімұратов үкімі өзгеріссіз қалғанын естігенде кассациялық сотқа шағымданатынын айтты.
– Енді оған 15 жыл жазасын өтеуге тура келеді. Әділет тұрғысынан келсек, бұл – мүлде әділетсіз үкім. Мен мұны бұрыннан айтып келемін. Бұл билік сотқа дегенін жүргізіп отырғанын көрсетеді. Біздің сотымыз, Жоғарғы сот та билікке әбден тәуелді. Олар биліктің дегенін орындап отыр, – деді Азаттыққа соттан соң Тәжімұратовтың адвокаты Сергей Майоров.
2022 жылы Өзбекстан билігі Конституцияға өзгеріс енгізіп, Қарақалпақстан автономиялы республикасын Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айырмақ болған. Сол жылы шілдеде Қарақалпақстанда жұрт Ташкенттің бастамасына қарсы жаппай наразылыққа шыққан еді.
Қарақалпақстандағы наразылықты басып-жаншу кезінде кемі 21 адам қаза болған, наразылықтан соң Ташкент даулы түзетулерді жобадан алып тастады.
t.me/azattyq
"Сылбыр репрессия", "Кремльдің қолтаңбасы". Қазақстанда белсенділерді қудалау неге жиілеп кетті?
Полиция азаматтық белсенділерді бірнеше ай бұрын өткізген акциялары немесе көшеге шығып, билікті сынаймыз деген мәлімдемелері үшін қамауға алып жатыр. Құқық қорғаушылар мен саясаттанушылар Ақорданың кезекті қысымында "Кремльдің қолтаңбасы бар" дейді. Олар Қазақстанда “сылбыр қуғын-сүргін” кезеңі басталады деп болжайды.
Азаттық тілшісі Пётр Троценконың жаңа мақаласында белсенділер, құқық қорғаушы және саясаттанушы азаматтарға қысымның неліктен күшейіп жатқаны мен оның азаматтық қоғамға қалай әсер ететіні туралы бөлісті.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Бішкекте "билікті күшпен басып алуға дайындалды" деген күдікпен адамдар жаппай ұсталып жатыр
Азаттық дереккөздерінің мәліметінше, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері 10 шақты адамды ұстаған. Бұл туралы ҰҚМК әзірге ресми түрде түсініктеме бермеді. Кімдердің ұсталғаны туралы әлі ақпарат жоқ.
Бұған дейін желіде үстіне беренді киім киіп, бет-жүзіне маска таққан адамдардың асығыс үйге кіріп бара жатқан видеосы тарады. Басқа видеода олардың жолда көлікті тоқтатып, ішіндегі ер адамның қолына кісен салып жатқаны көрсетілген.
Видео: Kaktus.media
t.me/azattyq
Алматыда қырғыз кәсіпкері екі айға қамалды
Қырғыз азаматы, Алматыдағы "Алтын орда" базары директорының орынбасары Ермек Марқабаев екі айға тергеу абақтысына қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Әріпов мәлімдеді.
– Қазір адвокат жұмыс істеп жатыр. Бас консулдық Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жіберген. Марқабаевтың өзімен кездесуді қарастырып жатырмыз. Туыстарымен жолықтық, толық мәлімет алдық, – деді бас консул.
Марқабаев Алматы – Бішкек тасжолында 2 маусымда ұсталған.
t.me/azattyq
Украинадағы жарылыс, Алматыдағы аштық – AzatNews | 6.06.23
📌 Украинада су электр станциясы жарылып, мыңдаған тұрғын көшіріліп жатыр. 100-ге жуық елді мекенге су кірген. Днепр өзенінің жоғары жағында орналасқан Атом электр станциясына да қауіп төнуі мүмкін екені айтылды.
📌 Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы абақтысында қаза тапқан Жасұлан Анафияевтың өліміне байланысты қозғалған іс аяқталуға жақын. Күдікті жеті полицей айыпты мойындамайды.
📌 Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі қамаудағы баласын босатуды талап етіп, аштық жариялады. Ұлы аштықты тоқтатуын өтініп, әкесіне абақтыдан хат жолдады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
6 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін "рейдерлікпен тартып алған"
📌 Украинада Каховка СЭС-і жарылып, елді мекендерді су ала бастаған. Ресей мен Украина бірін-бірі кінәлады
📌 Қырғыз арнаулы қызметі "төңкеріс жасамақ болған топ" жөнінде ақпарат таратты
📌 Бас прокуратура "азаптауға бейім" полицейлерді алдын ала анықтауды ұсынды
📌 "Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар" деген Петропавл тұрғыны сотталған
📌 Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура алдына жайғасты
t.me/azattyq
"Көлгінов 20%" ― Астананың бұрынғы әкімі қала тұрғындарының сынын "тапсырыс" деді
Вице-премьер Алтай Көлгінов журналистің "Сізді "Көлгінов 20%" деп атап жүргендер туралы естідіңіз бе?" деген сұрағына ашуланып, мұндай "айып таққаны" үшін тілшінің өзі жауапқа тартылатынын ескертті. Журналист Көлгінов әкім болған кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша жеңгендерден 20 пайыз "откат" алыпты дегенге меңзейтін лақап ат туралы айтып тұрса керек.
"Көпшілік ортада мемлекеттік қызметкерді айыптап тұрсыз. Бұл үшін жауап бересіз. Мемлекеттік қызметкерлерге мұндай шабуылдар болады, олар тапсырыспен жасалады" деп жауап берді вице-премьер.
Көлгіновтің сөзінше, ол қала тұрғындарының мүддесі үшін Астана әкімі лауазымында адал жұмыс істеген. Астана тұрғындары Көлгіновтің қызметін, оның ішінде кіші Талдыкөлдегі құрылысты жиі сынға алған.
t.me/azattyq
"Паспорттан "қазақ" деген графаны алып тастайық!"
1994 жылы 150 кәсіпкер мемлекеттік тіл екеу болсын, паспорттағы "ұлты" деген графаны жойып, "қазақстандық" деген ұлт болайық деп үндеу жариялады. Одан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев тура осы мәселені парламенттің алдына қойып, депутаттардың жартысынан көбі қарсы болған еді. 2010 жылы Назарбаев "Мәңгілік ел" доктринасының жобасын жариялағанда "қазақстандық ұлт" дегенді тағы шығарды. Биыл айтылған "Ұлт құру" дейтін бағдарламада да "ұлты" деп аталатын графаны алып тастау сөз болған.
Бүгін сағат 17.00-де YouTube-арнамызда "Қалай болды?" жобасының жаңа бөлімі шығады. Асылхан Мамашұлының видеосын көре отырыңыз 👇🏻
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі алдына ондаған көпбалалы ана жиналып, мемлекет жалға берген тұрғын үй құрылысының сапасыздығына шағымданды
Айтуларынша, мемлекет үш жыл бұрын салып, жалға берген үй қыста өте суық. Есік-терезелері жарамсыз боп қалған. Дұрыс жұмыс істемегендіктен, жертөлесі кәріз суына толған. Балалар алаңқайы аяқталмаған. Электр желілерінен жиі ақау шығып, жарық сөніп қалады.
Олар "әкімдік сапасыз салынған баспананы жөндемесе, жекемізге берсін, өз қаражатымызға қалпына келтіріп аламыз" десті.
Жиналғандар облыс әкімі Даниал Ахметовті кездесуге шақырған, бірақ кездесуге оның орынбасары шыққан. Әкімдік өкілі Ахметов "қалада емес" екенін айтқан.
t.me/azattyq
Қырғыз арнаулы қызметі "төңкеріс жасамақ болған топ" жөнінде ақпарат таратты
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, "бір том азамат бір жыл бойы дайындалып, елдегі билікке қатты наразы адамдарды жинаумен шұғылданған. Негізгі ұйымдастырушысы және "идеялық дем берушісі" – Н.Р.С. деген азамат пен "Элдик кеңеш" саяси партиясының төрағасы.
Тергеу мәліметіне қарағанда, олар елдің әр аймағынан жүздеген адам тартып, атқаратын рөлдерін белгілеп берген. "Олар елде қандай да бір оқиға болып, қоғам наразылық білдірер сәтті күткен" делінген арнаулы қызмет хабарында.
5 маусымда "ұйымдасқан топ" мүшелері ұсталған.
t.me/azattyq
Тәжікстан әскерге барудан жалтарғандар тізімін жасап, студенттерді емтихан үстінде әкетуге кіріскен
Тәжікстан қорғаныс министрлігі әскерге шақыру маусымы аяқталғанын мәлімдеп, әскерге барудан себепсіз жалтарған жастардың тізімін жасағанын хабарлаған.
Бірақ "әскерден жалтарғандардың" нақты саны айтылмаған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оларға заңға сай шара қолданылады.
Әскерге шақырудың бұл маусымында күштеп әкету, ата-аналарына қысым жасау көбейгені туралы шағым көбейген. Мамырдың соңында Тәжік мемлекеттік медицина университетін бітіргендерді емтихан үстінде әкетіп, әскери қызметке мәжбүрлеп жіберген.
Азаттықтың Тәжік редакциясы – "Радио Озодиге" әскери комиссариат қызметкерлерінен қашып жүрген студенттердің видеосы түскен. Жоғары оқу орны "олардың бәрі өз еркімен әскерге кетті" деп мәлімдеген. Мұндай ақпарат өзге де оқу орындарынан тараған.
t.me/azattyq
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алған деп күдіктенеді
Ведомство тергеу аяқталғанын хабарлады. Жемқорлықпен күрес агенттігінің мәлімдемесі бұрынғы министрдің сот отырысынан тараған видеосынан кейін шықты. Мұхамедиұлы сот отырысында жемқорлықпен күрес қызметкерлері "Дипломат" қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды төлеуге мәжбүрледі деген. Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп санайды.
"Дипломат" қонақүйін рейдерлікпен тартып алды деген күдікті Мұхамедиұлына байланысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды. Осыған байланысты Мұхамедиұлы аталған мән-жайлар жөнінде сот пен жұртшылықты адастыру, жауапкершіліктен жалтару мақсатымен жалған ақпарат таратты" дейді ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты агенттік «жала жабу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе қарастырылып жатқанын хабарлады.
t.me/azattyq
Орыс еріктілер корпусы Ресейдің Белгород облысындағы селоға толық бақылау орнатқанын мәлімдеді
Ресейдің Белгород облысы Шебекино ауданындағы Новая Таволжанка селосы Орыс еріктілер корпусының бақылауына өткен. Украинаның бас барлау басқармасы ол жерде Ресей әскерінің полковнигі Андрей Стэсев өлтірілгенін хабарлады. Ол Ресей әскерінің "Белгород" жедел тобына басшылық еткен.
Орыс еріктілер корпусының Новая Таволжанканы алғанын корпустың өз жауынгерлері хабарлаған. Дүйсенбіде Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Ресей қарулы күштері мен әкімшілік өкілдері селоға кіре алмай тұрғанын жанама түрде растаған. Ол Таволжанкада 100-ге жуық бейбіт адам қалғанын, көшкілері келмегенін айтқан. Орыс еріктілер корпусының сөзінше, селода бейбіт адамдар жоқ.
t.me/azattyq
UCI (Халықаралық велоспорт одағы) қазақстандық Astana Qazaqstan Development Team велокомандасының мүшесі, ресейлік Савелий Лаптевті Украинадағы соғысты қолдады деп жарыстардан шеттетті.
Бұл туралы ресейлік агенттіктерге сілтеме жасап, британиялық Inside the Games сайты хабарлады.
UCI ережесіне сай, Украинадағы соғысты қолдаған Ресей және Беларусь велоспортшылары жарыстарға қатыса алмайды. Спортшының әкесі Григорий Лаптевтің әкесінің сөзінше, UCI 18 жастағы велоспортшыны "әлеуметтік желіде саяси жағдайға байланысты жазбаларға лайк басқан" деп, жарыстардан шеттеткен.
Григорий Лаптев ТАСС агенттігіне "бұл жерде бір түсініспеушілік болған сияқты, ұлым ондай әрекеттер жасамаған, бәлкім ұлымның аккаунтына біреу бұзып кіруі мүмкін" деген. Оның сөзінше, баласы Халықаралық велоспорт одағына "жағдайды түсіндіріп, хат жолдаған".
Қазақстандық Astana Qazaqstan Development Team командасы әзірге бұл жағдайға байланысты ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
t.me/azattyq
Украинаның "қарымта шабуылы", Қаңтардағы ескертусіз атылған оқ - AzatNews | 5.06.23
📌 Алматыда құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасына байланысты "Ескертусіз қасақана оқ ату" кітабын таныстырды.
📌 Астанада полиция қызметкерлері биік баған үстінен секірмек болған әйелді құтқарып қалды. Ал Тараз қаласында бірнеше азамат өздерін полицейлер пышақтағанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
📌 Қазақстан Конституциясына өзгеріс енгізген референдумға 1 жыл болды. Не өзгерді? Тұрғындар пікірі.
📌 Ресей Украина әскерінің қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді. Украина ақпаратты растаған жоқ. Президент Владимир Зеленский "қарсы шабуыл орыстар көретіндей, сезінетіндей болады" деді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Сот шешіміне келіспеген көкшетаулық Астанада темір бағанаға шығып, наразылық білдірді
5 маусымда түс ауа оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар әйелді күштеп түсіріп алды. Нұрила Исакова түнде бағана басына шығып, талабы орындалмайынша түспейтінін айтқан. Ол "баспана мәселеме құзырлы органдардың назарын аудару үшін бардым" дейді.
Полиция Азаттыққа Исакованың мәселесін "назарға алғанын" мәлімдеді.
45 жастағы Нұрила Исакова ұзақ жылдан бері Көкшетаудағы базар маңындағы жер үйі үшін күресіп келеді. Сөзінше, ол бұл үйді 1992 жылы біреуден сатып алған. Кейін ол адам өмірден өткен соң, мұрагерлер пайда болып, дау туындаған. Жалғызбасты ана 30 жылдан астам уақыт үйдің салығын төлеп келе жатқанын, соттың әділетсіз шешімінің салдарынан үйінен айырылуы мүмкін екенін айтады.
Исакова үйі дұрыс рәсімделмегенін "жергілікті органдардағы жемқорлықтан" көреді.
t.me/azattyq
Кейінгі айда елде азаматтардың қамауға алынуы жиіледі. Мамыр айынан бері "бейбіт жиын тәртібін бұзды" деген айыппен алты адам қамалды
Қазақстан заңнамасы кез келген акция өткізгісі келетін адамды жергілікті биліктен рұқсат сұрауға міндеттейді. Құқық қорғаушылар билікті "бейбіт жиын өткізіп, пікірлерін ашық айтқысы келгендерді, билікке наразыларды қудалайды" деп жиі сынайды. Сыншылар бейбіт жиын туралы заң азаматтардың Конституцияда бекітілген бейбіт жиналу құқығын бұзады деп санайды.
Ресми Астана елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.
t.me/azattyq
Бүгінгі баспасөз жиынында құқық қорғаушылар ел басшылығы мен құқық қорғау органдарына мынадай сұрақ қойды:
▫️Қаңтар оқиғасына байланысты өлгендердің толық мәліметі: Аты-жөні, туған жылы, өлген күні, өлім себебі, жай-жапсары, мәйіттің табылған жері қашан жарияланады?
▫️Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған, мүлікті қиратқан, ғимараттарды басып алып, азаматтарды қорқытып-үркіткен, бірақ ешбір талап қоймаған топ кімдер? Олар неге ұсталмады, өз әрекеттеріне неге жауап бермеді?
▫️Әскери қызметкерлер мен күш құрылымдардың жанында қолына қару ұстап, бейбіт адамдарды көздеп атқан жай киімдегі адамдар кімдер?
▫️Қаңтар оқиғасына байланысты ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері мен бөлім бастықтарының қайсысы жауапқа тартылды?
▫️Жаппай тәртіпсіздікке және адам өліміне жол берген облыстардың әкімдері неге жауапқа тартылмады?
▫️Полиция департаменттеріндегі қаруды таратқан ішкі істер министрлігі басшылығы неге жауап бермейді? Олар кісі өлімі мен абақтыдағы азаптаулар үшін неге жауапқа тартылмайды? Қаңтар оқиғасы кезінде адам құқығының жаппай бұзылуына жол берген бас прокуратура басшылығы неге жауапқа тартылмайды?
▫️Самат Әбіштің, Нұрлан Нығматулиннің, Асқар Мәминнің Қаңтар оқиғасы кезіндегі қандай да бір рөлі анықталды ма?
▫️Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаңтар оқиғасындағы рөлі анықталды ма?
Құқық қорғаушылар жоғарыда аталған сұрақтарға толық жауап беруді және кітаптағы мәліметтер бойынша тексеріс жүргізіп, заңда белгіленген шара қолдануды талап ететінін мәлімдеді.
t.me/azattyq