azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді. Мұны Алматының полиция департаменті растады

Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарайтын Polisia.kz телеграм-арнасы хабарлады. Хабарламада "полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, полицей алған жарақаты салдарынан қайтыс болған" делінген. Ақпаратқа сәйкес, 104-бап бойынша ("абайсызда қазаға ұшырату") қылмыстық іс қозғалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Украина маусымның 4-іне таң ата Оңтүстік Донецк бағытының бес учаскесінде қарсы шабуыл бастаған. Алайда Украина бұл туралы ақпарат таратқан жоқ. Ұрыс қимылдары күшейгені туралы бейтарап ақпарат та жоқ.

Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Украина қарулы күштері стратегиялық резервінде тұрған 23-ші және 31-механикаландырылған бригадаларын ұрысқа қосқан, оларға өзге әскери бөлімдер қолдау көрсеткен. Механикаландырылған алты батальон мен екі танк батальоны іске қосылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бүгін, 5 маусымда Алматыда құқық қорғаушылар мен белсенділер Қаңтар оқиғасы бойынша "Ескертусіз қасақана оқ ату..." баяндамасын таныстырды

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, қантар кезінде 200-ге жуық адам заңсыз ұсталып, айыпталып, азапталған. Төреғожина "мемлекет олардан кешірім сұрауы керек" дейді.

Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Қаңтар кезінде жараланған тағы 12 адам бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Төреғожина "сот зардап шеккендерден қалай кешірім сұрау керегін білмегендіктен істерді қайтарып жатыр" дейді. Құқық қорғаушының сөзінше, мемлекет олардан да кешірім сұрауы керек.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің айтуынша, тергеушілер жәбірленушілерге айырбас ұсынған: жәбірленуші азаптау бойынша арыз жазбаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің 23 қаласында оппозициядағы саясаткер Алексей Навальныйға қолдау білдірген акция өтіп, 100-ден астам адам қамауға алынған

Оның төрттен бірі – кәмелетке толмағандар. Бұл мәліметті "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы таратты. Мәскеуде акцияға шыққандардан 60-тан астам, Санкт-Петербургте 10-нан астам адам, қалғаны өзге 21 қалада ұсталған.

Акция Ресей билігімен келісілмеген, митинг түрінде өтпеген. Белсенділер жалғыз адамдық пикетке шыққан, үгіт қағаздарын жапсырып, таратқан, Навальныйды қолдайтынын түрлі жолдармен білдірген.

4 маусымда Ресейдің Владимир қаласында қатаң режимдегі колонияда қамауда отырған оппозиционер Алексей Навальный 47 жасқа толған. "Навальный командасының" мәліметіне қарағанда, қолдау акциясы әлемнің көп елінде өткен. Австралияның Сидней, Мельбурн, Брисбен қалаларында, Жапония астанасы Токиода, Оңтүстік Кореяда, Таиландта және Еуропаның ондаған қаласында болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытай қорғаныс министрі Ли Шанфу Сингапурдағы саммит кезінде Қытай АҚШ-пен диалогқа ұмтылады деп мәлімдеді

Бірақ Қытай мен АҚШ кикілжіңге келсе, бүкіл әлемге қауіп төнеді деді.

Ли Шанфу қарама-қайшылықтарға қарамастан АҚШ пен Қытай мүдделерінің тоғысатын тұсын тауып, әріптестікке мүмкіндік іздеуге тиіс деді. Ол бір мезетте АҚШ-ты Тынық мұхиты аумағындағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты деп айыптады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағандыда облыстық сот алдында пикет өткізген тұрғын Сәния Зверева 5 күн әкімшілік қамауға алынды

Ол 1 және 2 маусым күндері сот алдында пикет өткізіп, "сот органдарының әрекетсіздігіне" және "сот шешімінің мерзімінен бұрын күшіне енуіне" қарсылық білдірген.

Зверева сот ғимараты алдына екі рет келіп, пәтерақысын төлеуге ақшасы жоғын, сол жерде заттарымен бірге қалатынын айтқан. Айтуынша, оның есепшоты сот шешімі бойынша бұғатталған, сот шешімді апелляцияға беру құқығынан да айырған.

Сәния Зверева өзінен моральдық өтемақы талап еткен бұрынғы қарсыласының шағымы бойынша істе жауапкер танылған. Аудандық сот қарсыласының өтінішін орындап, шешімге шағымдануға мүмкіндік бермеген. Бұған дейін процессуалдық заңсыздық болғаны дәлелденген, алайда әзірге ештеңе өзгермеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыс балалары. Ресей украин балаларын қайда әкетіп жатыр?

Украин балаларын Ресейге депортациялау – соғыс қылмысы. 2023 жылы 17 наурызда Халықаралық қылмыстық сот осындай қылмыс жасады деген айыппен Владимир Путин мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер шығарды. Әзірге Украинаға 371 бала ғана қайтарылған.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин Қадыров айналасындағылармен кикілжіңге Путиннің араласқанын айтты

"Вагнер" компаниясының баспасөз қызметі 3 маусымда жариялаған жазбада Евгений Пригожин сол жөнінде айтады. Онда "Вагнер" жетекшісі кикілжіңнің қалай шешілгеніне тоқталады.

Мәселе Қадыровтың туысы, мемлекеттік дума депутаты Адам Делимханов, шешен парламентінің төрағасы Магомед Даудов және "Ахмат" арнайы жасағының командирі Апти Алаудиновтің 1 маусым күні айтқан сөздері туралы болып отыр. Олар Пригожинді "көп адам шығынына жол бергені үшін" және "шенеуніктерді сынағаны үшін" кінәлаған. Даудов Пригожинге "жеке кездесіп", "еркекше сөйлесуді" ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Киев шабуылға дайын деп мәлімдеді.

Бірақ Украина басшысы әскери операция нақты қай күні басталатынын айтпады.

Зеленский Украинаға азаматтарын әуе шабуылынан қорғау үшін және алдыңғы шептегі әскерін бүркемелеу үшін америкалық "Пэтриот" жүйесінің көп данасы керек деді.

Президент Ресейдің әуе шабуылында басымдыққа ие екенін мойындайды. Зеленскийдің сөзінше, Ресей авиациясынан қорғайтын жүйе жоқ болғандықтан Украина жағы шабуыл кезінде көп әскерінен айырылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда "Алтын орда" базары директорының орынбасары ұсталды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі мен "Пятый регион" Инстаграм-арнасына сүйенген ҚазТАГ агенттігі.

"2 маусымда ұсталды. BMW маркалы көлікпен қарулы топтың жүргені жайлы ақпарат Қарасай аудандық полиция басқармасына түсті. Ұсталғандар арасында "Алтын орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар" деді полицияның баспасөз қызметі.

Ұсталғандардың аты-жөні аталмайды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMW көлігін тоқтатқан. Тінту барысында жолаушылардан "ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ, МК-471С пистолеті" табылған. Қазір сот-химия сараптамасы тағайындалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Белсенді Мұрат Оспан журналистің заңсыз қамалғанын айтты. Оның айтуынша, Іле аудандық полициясы мен прокуратурасы бұған дейін белсенділермен Думанның ісіне қатысты кездесу өткізуге уәде беріп, орындамай қойған. Сол үшін осылай жинаудан басқа амал қалмады, деді белсенді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрімді босатуды талап еткен топқа жергілікті әкімдік өкілі де келіп, ескерту жасады.

Оқиға орнына онға жуық белсенді жиналған. Арасында қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы, белсенді Арайлым Назарова бар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Прокуратура өкілі Сұңғат Сәтпаев келіп "сіздердің наразылықтарыңыз заңсыз, тараңыздар" деді. Ал журналистің әке-шешесі ұлын босатуды талап етті.

"Менің ұлым кісі өлтірді ме? Арақ ішіп біреумен төбелесті ме? Террорист пе? Менің балам шындықты айтып, шырылдады" деді Қалимаш Рымбекқызы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, бүгіннен бастап аштық жариялайтынын айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазақстан ураны үшін геосаяси тартыс" және Мәскеу мен Пекиннің "тапшы ресурсқа таласы"

Батыс басылымдары бұл аптада Қазақстан уранына сұраныс алып елдердің геосаяси тартысын ушықтырып жатқанын жазды. Сондай-ақ қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы неліктен әртүрлі және ол нендей факторларға байланысты екенін талдады. Бұдан бөлек Ресей саясаттанушыларының «Мәскеу мен Пекин Қазақстанды Жем өзенінен бөліп алады» деген тұжырымының жаны бар ма деген сұраққа жауап іздеді.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан 2024 жылы Ресей газын Өзбекстанға өткізуге дайын болады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, газдың көлемі мен бағасы жөнінде Өзбекстан мен "Газпром" арасында келіссөз әлі жалғасып жатыр. Ал Қазақстан газ транзитін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеген.

"Келіссөз аяқталғанша біз де инфрақұрылымды дайындап үлгереміз. Бұл транзитке біз де мүдделіміз, өйткені бізге транзит арқылы ақша түседі және Орталық Азия аймағын энергиямен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі", – деді ол.

Энергетика министрі 16 мамырда Ресей газын Өзбекстанға Қазақстан арқылы өткізу мәселесіне байланысты келіссөз нәтижелі жүріп жатқанын хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Тоқаевтың өзі кешірім сұрауы керек"

Саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлының сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт адамдардың қаза болғанына және азапталғанына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кінәлі.

Оның айтуына қарағанда, мемлекет заңсыз айыпталған және азапталған 3-4 азаматтан ғана прокуратура арқылы кешірім сұраған. Саясаткер бұған келіспейді, "тұтас халықтан кешірім сұраған жөн, кешірімді президент Тоқаевтың өзі сұрауы керек" дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: Жыл соңында Әзербайжанмен бейбіт келісімге келуге мүмкіндік бар

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян қоғамдық радио эфирінде "Келіссөз өте қарқынды жүріп жатыр. Осы қарқын сақталса, жыл соңына дейін бейбіт келісім жасауға мүмкіндік бар" деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.

"Біз бейбіт келісім жасауға ынталы боп отырмыз" деген Армен Григорян 1 маусымда Кишиневте өткен ел басшыларының кездесуінен үміт күтетінін айтты.

1 маусымда Молдова астанасы Кишинев қаласында армян-әзербайжан қатынастары бойынша Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Еуропа кеңесінің басшысы Шарл Мишель, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кездескен.

Армения үкіметі баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны демаркациялау, шекарадағы қауіпсіздік, Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты реттеу мәселесі сөз болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина қарсы шабуылды қай күні, қай сәтте бастайтынын алдын ала хабарламайды

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында Украина әскерінің тактикасы ұдайы өзгеретінін, ұрымтал сәт туғанда қарсы шабуылға көшетінін мәлімдеді.

Жексенбіде Украина қорғаныс министрлігінің өкілі Анна Маляр Украина әскери қызметкерлерінің тыныштыққа шақырған видеосын жариялады. Ролик: "Жоспар тыныштықты қалайды. Қашан басталатыны хабарланбайды" деп аяқталады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина әскерінің қарсы шабуылы жөнінде бірнеше мәлімдеме жасаған. Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылға дайын екенін, алайда қай күні басталатынын айту қиын екенін мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей әскері Днепрді атқылады: үйінді астынан екі жасар қыздың денесі табылды

Екі көп қабатты және 10 жеке үй жартылай қираған. Жексенбі күні таңертең құтқарушылар үйінді астынан 2 жасар қыздың денесін алып шықты, деп хабарлады Днепропетровск облысының әкімшілігі Сергей Лысак. 22 адам зардап шеккен, бесеуі - бала.

Днепропетровск облысында Никополь қаласы да атқылауға ұшыраған, қаза болғандар жоқ.

Жексенбіге қараған түні Киев қаласы да ракета және дронмен атқыланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде Тәжікстан азаматын еліне қайтарудың орнына соғысқа жіберейін деп жатыр

Бұл жөнінде "Холод" басылымы жазды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол әскери қызмет туралы келісімшартқа қол қоймаған, өзі үшін қол қойып жіберген болуы мүмкін деп те болжайды.

Далержон есімді Тәжікстан азаматы 4 мамырда Ленинград облысы Кингисепп қаласында ұсталған. Оның Ресейде жүруіне рұқсат құжаты болмаған. Ертесінде сот оған 3 мың рубль (37 доллар) көлемінде айыппұл салған. Бұдан кейін оны депортациялануы тиіс шетел азаматтары отыратын орталыққа әкелген, алайда 30 мамырда оны әскери бөлімге жіберген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Байден мемлекеттік қарыздың шегін арттыру туралы заңға қол қойды

Құжат бойынша, 2025 жылдың қаңтарына дейін қарыз шегі болмайды, кейін қарыз алу көлемі ұлғайтылуы мүмкін. Заң АҚШ-ты кемінде жарты ғасыр ішіндегі алғашқы дефолттан құтқарған.

Құжатқа қол қойылғанға дейін қарыз шегі 31,4 трлн доллар болған. Құжат қабылданбағанда АҚШ қаржы министрлігі үкіметті қаржыландыру мүмкіндігінен айырылған болар еді.

Жұма күні Байден Ақ үйдегі кабинетінен алғаш рет халыққа мәлімдеме жасады: мұндай мәлімдеме әдетте өте маңызды мәселеге арналып жасалады. Ол демократтар мен республикашылдардың заң жобасы бойынша келісімге келе алғаны АҚШ-ты "дағдарыстан құтқарды" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағандыда ауданаралық экономикалық сот полиция департаментін "ЖанДос" мүгедектер қоғамдық бірлестігіне 113 млн теңге төлеуге міндеттеді

Бұған дейін аталған ұйымның өкілі Дәурен Аминов полициядан ұйым алдындағы қарызын өтеуді талап етіп, ғимараты алдында өзін өртемек болып, ізінше 15 күнге қамалған.

Ақпаратқа қарағанда, аталған қоғамдық ұйым полиция бөлімшелеріне қоршау орнату бойынша тендер жеңіп алған. Полиция жұмыс сапасыз жасалды деп, сотқа шағымданған.

Осы сот аясында полиция департаментінің қоғамдық ұйым үстінен түсірген шағымы да қаралды. Полиция департаменті қоғамдық ұйымды "жұмысты жауапсыз атқаратын мемлекеттік сатып алу қатысушысы" ретінде тануды сұраған. Ал қоғамдық ұйым полицияны 117 млн теңге төлеуге міндеттеп, келісімді біржақты үзуін заңсыз деп тануды, бұған дейін қол қойылған атқарылған жұмыстар туралы актіні жарамды деп тануды, сот шығынын өндіріп беруді сұраған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Үндістанның Одиша штатында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 288 адам қаза болды, мыңнан астам адам жарақаттанды. Бұл жөнінде News18 India агенттігі жазды.

Оқиға 2 маусымда кешке Калькутта қаласынан 220 шақырым жерде болған. Бір пойыздың ондаған вагоны рельстен шығып, олардың бөлшектері басқа пойыз келе жатқан көрші жолға шығып кеткен. Нәтижесінде көрші жолдағы пойыздың үш вагоны да рельстен шығып кеткен. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, апаттан тауар пойызы да зардап шеккен.

Апат орнында құтқарушылар түні бойы жұмыс істеген. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сенбі күні Одиша штатында қаралы күн жарияланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрімді босатуды талап еткен топ тарады.

Прокурор оларға "талапты жеткізудің тәртібі бар, әкімдікке хабарлама жіберіңдер" деп айтқан. Журналистің туыстары дүйсенбі күні Іле ауданы әкімдігіне хабарлама жіберетінін, хабарламада "Думан Мұхаммедкәрімді заңсыз қамағаны үшін әкесі аштық жариялағанын" да жазатынын айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы прокуратура өкіліне "бұл митинг емес - кездесу, талаптарымызды жеткізетін кездесу" деді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🎧«Азаттық радиосы – 70 жыл»
Ашаршылықтың 60 жылдығы. Назарбаев бармай қалған шара


Ашаршылыққа 60 жыл толған күннің ертесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайланғанына алты ай болған еді. Бұл 1992 жылғы 31 мамыр болатын. Бірақ Ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына Назарбаев қатыспады. Подкастың бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.

🔗ТЫҢДАУ (YOUTUBE)

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналистің шешесі Қалимаш Рымбекқызы 7 күннен бері аштық жариялап жатқан ұлының денсаулығына алаңдап отырғанын айтты

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов Іле аудандық полиция басқармасы алдына барып, аштық жариялайтынын мәлімдеді. Бұл жерге журналистің шешесі де келді.

Журналист әуелі заңсыз сот шешіміне қарсы аштық жариялаған. Кейін ол өзге талаптар қойған.

"Мені конвоймен үйге апарып, алып келсін. Мені конвоймен ауруханаға апарып “МРТ” дегенге түсірсін және бүйрегімді толық тексертсін. Үшінші талабым — қазақты әлемге танытқан рекордсмен Марат Жыланбаевты үйқамаққа босатсын" делінген журналистің әлеуметтік желіде жарияланған хатында.

Суретте: Журналист Думан Мұхамедкәрімнің әке-шешесі Алмаз Тілепов пен Қалимаш Рымбекқызы. 3 маусым 2023 жыл

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға тасымалдайтын мұнай көлемін жылына 200 мыңнан 1,2 млн тоннаға дейін арттыруды ұсынды. Ол осылайша Еуроодақтың эмбаргосына ұшыраған Ресей мұнайын алмастыруды ұсынған.

Бұл жөнінде Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанда басталған "Орталық Азия – Еуропа одағы" саммитінде айтты.

2023 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына (соғысқа дейін "Роснефтіге" тиесілі болған) 90 мың тонна мұнай жіберген. Осы қарқынмен Қазақстан Германияға жыл соңына дейін 200 мың тонна мұнай жөнелтеді. Алайда Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан тасымалдау көлемін кемінде 6 есе арттыра алады.

"Бұл көрсеткішті жылына 1,2 млн тоннаға дейін арттыратын әлеует бар. Болашақта оны да ұлғайтуға мүмкіндік бар" деді Тоқаев.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал