Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Щебекинск қалалық округі Маслов Пристань елдімекеніне барар жолға шабуылдан екі әйел қаза тауып, екі адам жараланғанын айтады. Ол жолды Украина қарулы күштері атқылады деп отыр.
Бұған дейін Украинамен шектесетін Белгород, Брянск, Курск облыстарының биліктері түнде және таңертең дрондармен шабуыл жасалғанын айтқан. Беларусьпен шектесетін Смоленск облысының басшысы да телеграмда шабуыл болғанын жазды.
"База" телеграм каналы камикадзе дрондары мүнай өңдейтін және газ тарататын станциясын зақымдағанын жазды.
Курс облысының басшысы Роман Старовойт ракетаға қарсы құрылғылар бірнеше дронды атып түсіргенін айтады. Ол адам шығыны жоқ, көпқабатты үйдің подъезі мен бірнеше жеке үй бүлінді дейді.
Брянск облысының басшылығы екі ауылға шабуыл жасалғанын, бір үй өртенгенін мәлімдеді.
Соғыс уақытында мұндай мәлімдемелерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.
Ресейдің Украинамен шектесетін облыстарының биліктері кейінгі кезде шабуыл жайды жиі хабарлап жүр. Мәскеу бұл шабуылға Киевті айыптайды. Украина билігі бұған дейін біздің мақсатымыз Ресейді шабуылдау емес, жерімізді Ресей әскерінен босату деген еді.
Депутаттар заңдарды "елбасы" сөзінен тазалап шығады
Мұны мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты. Оның сөзінше, заңдағы "елбасы" туралы баптар заңнан бірте-бірте алынбақ.
Былтыр жазда өткен референдумда Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген «елбасы» мәртебесі Конституциядан алып тасталған. Содан бері заңдар «елбасынан» арылып жатыр.
Биыл қаңтарда «елбасы» туралы жеке заңның күші жойылды. Енді Қылмыстық кодекстен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның отбасына тікелей қатысты екі бап алынып тасталмақ. Оның бірі – 373-бап, «елбасына тіл тигізу, қорлау» деп аталады. Осы бап бойынша бір адам жауапқа тартылған.
Бұл туралы бүгін AzatNEWS хабарымызда айттық. Видеосын мына жерден көріңіз 👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Қарақалпақстанға бизнеспен барған қазақстандық үш азамат істі болып, ақпан айынан бері абақтыда отыр. Іс сотқа жеткен. Данияр Жүнісов, Айдос Күбентаев және Ерғали Жақыпбеков "жазықсыз сотталып бара жатырмыз" деп Астанадан көмек сұрады.
Туыстарының айтуынша, Қазақстаннан Өзбекстанға автобуспен жолаушы тасымалдау бизнесімен айналысатын олар автовокзалмен келісу үшін Нөкіске барып, серіктестерімен кездескен. «Делдалдар келіп, күш көрсеткен», ақырында бәрін полиция қамап, соңында қазақстандықтар кінәлі болып шыққан.
Қарақалпақстан ішкі істер министрлігі оларға "бұзақылық жасады", "ақша бопсалады" деген айып тағып, тергеген. Сотталушылардың адвокаты мен туыстары іс біржақты тергелді деп есептейді.
Азаттық Қарақалпақстандағы істі тергеген тергеушіге хабарласты. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровпен де байланысқа шықтық.
Толығырақ оқу үшін сілтемеге өтіңіз.
t.me/azattyq
Ағасының еміне ақша жинаған курьерге еріктілер мопед сыйлады
Таяуда Алматыда курьер болып істейтін 25 жастағы Бексұлтан Молтаевтың видеосы тарап, желіде қызу талқыланған. Церебрал сал ауруы диагнозы қойылған Бексұлтан ағасының еміне қаржы жинап жүргенін айтады. Видеоны көрген ерікті кәсіпкер оған мопед алып берді.
t.me/azattyq
Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс: Сот дүкен директорын 5 жылға соттады
2 маусымда Қостанай соты былтыр қыркүйекте жарылыс болған қару-жарақ дүкеніндегі 4 адам өліміне байланысты "Сатурн-2012" компаниясының директоры Сергей Бескровныйды 5 жылға бас бостандығынан айырды.
"Алау" ақпараттық порталының мәліметінше, сот дүкен директорын "өрт қауіпсіздігін сақтамай, абайсызда төрт адамның өліміне әкелген" ауыр оқиғаға кінәлі деп таныды.
Сергей Бескровный тағылған айыптарды жоққа шығарған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның адвокаты сотта тергеу органдарының "біліксіздігін" айтып, "тергеу тек кінәлілерді іздеді, жарылыстың нақты себебін анықтаған жоқ" деп айтқан.
t.me/azattyq
Ресей СІМ Қырғызстанның мемлекеттік тілі туралы заң жобасына реакция білдірді
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың пікірінше, құжат Қырғызстандағы мемлекеттік тіл білмейтін азаматтарға "белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуы мүмкін". Шенеунік Қырғызстан тіл саясатына келгенде "теңгерімді саясат ұстанады" деп үміттенетінін жеткізген.
Ал мемлекеттік тіл туралы заң жобасында қырғыз тілін қолдану аясы нақтыланған. Құжат мемлекеттік органдар мен сот өндірісінде, географиялық атаулар мен білім, ғылым саласында, халықаралық келісімдерді жасаған кезде қырғыз тілін пайдалануды міндеттейді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, педагогтар, судьялар, прокурорлар және өзге категориядағы азаматтар мемлекеттік тілді білуге тиіс.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге “диван сыншы” болмауға “кеңес берді”
Жұма күні Астана әкімдігінде журналистердің бірі министрге “жұмсалып жатқан қаражатты ескерсек”, полицияға “халық сенімі артты ма?” деп сұрақ қойған еді. Ал Ахметжанов журналистің өзінен “ал сіз өзіңіз өзгерісті көріп тұрсыз ба?” деп сұрады. Журналист оған “жоқ” деп жауап берді.
Бұдан соң министр елде қылмыс көрсеткіштері азайғанын атап өтіп, “егер мұны сіздер көрмесеңіздер, кім көретінін білмеймін. Сол себепті "диван сыншы" болмай, әрдайым белсенді атсалысу, көру, қарау керек” деді.
Видео: Tengrinews
t.me/azattyq
Путиннің келуіне дайындалып жатқан Қостанай әкімдігі қаланы көріктендіруге 10 млрд теңге жұмсамақ
Қостанай әкімдігі биыл күзде өтетін Қазақстан-Ресей аймақаралық форумына дайындыққа 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлетінін айтты. Бұл жөнінде “Наша газета” басылымы жазды. Форумға Ресей президенті Владимир Путин мен ресейлік делегация қатысады деп айтылады.
Ақпаратқа қарағанда, аталған сома қалада Smart-орталық салып, Тобыл саябағының солтүстік бөлігін қайта жөндеуге жұмсамақ. Бұған қоса, қаржы қала көшелерін жарықтандыруға, аялдама павильондарын орнатуға, көшелерді абаттандыруға, фонтан жөндеуге, 13 000 шаршы метр жердің кірпішін алмастыруға, жол мен үйлерді жөндеуге жұмсалады.
Форумға дайындық аясында сонымен бірге қалада 1626 түп қарағай мен 255 түп терек егілген. Қарағай көшеттері Башқұртстаннан әкелінген. Әкімнің айтуынша, қазақстандық тасымалдаушылар тиісті мөлшерде сапалы қарағай ұсына алмаған.
t.me/azattyq
БҰҰ Украина порттарынан астық экспорты баяулағанына алаңдайды
Бұл жөнінде 1 маусымда ұйымның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді.
Оның сөзінше, украин портынан мамыр айында 33 кеме шыққан. Оларға сәуір айындағы жүктің жартысына жуығы тиелген. Дюжарриктің айтуынша, халықаралық ұйым Украина мен Ресей арасындағы келісімнің толық жандануына күш салады.
Бұған дейін бейсенбі күні Украина қайта құру және инфрақұрылым министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерін Қара теңіз арқылы тасымалдау қайта тоқтап қалғанын айтқан. Министрлік бұған Ресейді кінәлады. Ақпаратқа қарағанда, Ресей барлық украин портынан кемелердің шығуына кедергі келтірген. Ресей билігі реакция білдірген жоқ.
t.me/azattyq
"Жаңа Ташкент" құрылысына 19,7 мың га жер бөлінеді
Өзбекстанда "Жаңа Ташкент" құрылысына Жоғарышыршық және Орташыршық аудандарынан 19,7 мың гектар жер бөлініп жатыр. Бұл туралы Ташкент облысының әкімдігі хабарлады.
Бөлінген жердің шамамен 13 мың гектары ауыл шаруашылығына, 6,8 мың гектары басқа да мақсаттарға пайдаланылуға тиіс болған. Бұл аумақта 772 адамның жер меншігі бар.
"Жаңа Ташкент" салу туралы ұсынысты президент Шавкат Мирзияев 2021 жылғы 31 тамызда айтқан.
t.me/azattyq
Зеленский одақтас елдердің Киевке жойғыш ұшақтар беруге келіскенін мәлімдеді
Зеленский бейсенбі күні Кишиневте Еуропа елдерінің 40-тан астам басшысы жиналған Молдовада өткен саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді, бірақ тақырыпты тарқатып айтпады деп хабарлады Reuters.
Украина біраздан бері Батыстан әскери ұшақтар сұрап жүр.
t.me/azattyq
"ЕО – Орталық Азия" саммиті: құқық қорғаушылар Шарль Мишельді аймақта адам құқығын бұзғандарды жауапқа тарту мәселесін қозғауға үндеді
2-3 маусымда Қырғызстанның Шолпон-ата қаласында өтетін "Еуроодақ – Орталық Азия" саммитіне Орталық Азия елдерінің басшылары және Еуропа кеңесінің жетекшісі Шарль Мишель қатысады.
Өңірдегі бес құқық қорғау ұйымы Еуропа кеңесі жетекшісіне жіберген ортақ хатта Орталық Азия жетекшілерімен кездесуде адам құқығы мәселесін көтеруді сұраған және аймақ елдерінен адам құқығы ахуалын жақсарту мақсатында нақты қадамдарды талап етуге үндеген.
t.me/azattyq
Ақтөбе прокуратурасы Қаңтарда оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың әке-шешесін 1,5 жылдан кейін жәбірленуші деп таныды
Бұл туралы Азаттыққа Русланбектің әкесі Бүркіт Жұбаназаров хабарлады. Оның сөзінше, мамыр айының соңында оған Ақтөбе полициясынан хабарласып, облыс орталығына шақырған.
– Ақтөбенің полициясынан "сіз жәбірленуші деп танылдыңыз, облыс орталығына келіп кетіңіз" деп хабарласты. Аяғымды ауыртып алып, үйден шыға алмай отыр едім. Онда үйіңізге Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барады деп ескертті. Ауданнан полицияның екі қызметкерін жіберіпті. Олар бізді жәбірленуші деп тану туралы құжатқа қол қойдырып алды, – дейді Бүркіт Жұбаназаров.
Биыл 24 қаңтарда Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты Русланбек Жұбаназаров отбасының осы кезге дейін жәбірленуші деп танылмауы заңсыз деп есептеп, істі қайта тергеуді тапсырған еді.
t.me/azattyq
"Елге қайтару" қоры "заңсыз шығарылған активтерді қайтару" туралы заң жобасында кемшілік көп дейді
Олар "комиссия заңсыз шығарылған активтер тізіміне тек 45 млрд теңгеден (100 млн доллар) асатын байлық жинаған адамдарды ғана кіргізуді қарастырады" деген бапқа қарсы. Айтуларынша, шенеуніктер қорықпастан шекті сомаға дейін ұрлай береді.
Қор мүшелері олигархтардың заң аясынан тыс қалғанына наразы. Заң бойынша активтерді қайтаруға субъектілер ретінде тек биік лауазымды мемлекеттік қызметкерлер танылған.
Егер "азамат заңсыз алған активтерді өз еркімен қайтарып беру туралы келісімге қол қойса, қандай да бір қудалаудан босатылады". Қор өкілдерінің сөзінше, бұл жемқорлыққа апарады.
t.me/azattyq
Алматы прокуратурасы Қаңтарда екі көзінен айырылған Ермек Әбдірешовтен кешірім сұрады
Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып және азаптауға ұшырап, екі жанарынан айрылған 37 жастағы Ермек Әбдірешовтен Алматы прокуратурасы негізсіз қудалағаны үшін кешірім сұрады.
Құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованың айтуынша, мемлекеттік орган қылмыстық іс тоқтаған соң 5 күннен кешіктірмей кешірім сұрауы қажет. Алайда прокуратураның кешірім сұрау хаты құқық қорғаушылардың бірнеше рет сұрауынан кейін ғана мамырдың аяғында жеткен.
- Билік кінәсін мойындаса да, кешірім сұрауға асықпады. Ресми кешірім сұрады дегенде қатты қуандым дей алмаймын. Дегенмен де ақиқаттың ашылғаны көңіліңе жағады. Әрине, қанша жерден кешірім сұрап, қанша өтемақы берсе де, көрген азабым мен қазіргі жағдайымның өтеуін бере алмайды, көз жанарымды қайтара алмайды, – деді Ермек Әбдірешов.
t.me/azattyq
Ресей мемлекеттік думасының депутаты әрі "Справедливая Россия" фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда Украинадағы соғысқа қатысқандарды қылмыстық жауапқа тартуды "абсурд" деді. Оның бұл сөзі Twitter парақшасында жарияланды.
Миронов бұл елдер Еуразия экономика одағына кіретіндіктен "мәселені мемлекеттер арасында шешу керек" деп санайды.
"Егер бұл елдің орыс азаматтары өзінің тарихи отанына көмектескісі келіп, арнайы әскери операцияға барам десе, түрмеге қамайды. Бұл – абсурд! Біз мұны мемлекеттік деңгейде шешуді ұсынамыз" деді ол видеомәлімдемесінде.
Ал Қырғызстан парламентінің депутаты Дастан Бекешев Twitter парақшасында ел азаматтарының қандай да бір соғысқа қатысуын қолдамауымыз керек деп жазды.
"Еуразия экономика одағы – әскери одақ емес" дейді Бекешев.
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары Мироновтың сөзіне қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Бұған дейін үш елде шетелдегі соғысқа қатысқан азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады.
Санкция қаупі, Назарбаевтың күзеті, Тоқаевтың сапары – AzatNEWS | 02.06.23
📌 Қазақстандық БАҚ-та шыққан Назарбаевтың күзеті туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мәжіліс экс-президентті Мемлекеттік күзет қызметінің қорғай беретінін нақтылады. Заңдағы өзгеріс тек "елбасы" сөзіне қатысты.
📌 Орталық Азия елдерінің президенттері Еуропа одағының басшысымен кездесті. Жиын Қырғызстанда өтіп жатыр. Ал Алматыда жүрген АҚШ-тың санкциялар жөніндегі өкілі жанама санкция қатері туралы айтты.
📌 Қостанай әкімдігі Қазақстан мен Ресей президенттері қатысатын форум өткізуге қызу әзірленіп жатыр. "Наша газета" дайындыққа 10 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Армения Украинадағы соғысқа келгенде Ресейдің одақтасы емес деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян чехиялық CNN Prima News телеарнасына берген сұхбатында.
"Біз бұл соғыстан үрейлендік, себебі бұл қақтығыс біздің барлық қарым-қатынасымызға әсер етеді" деген Пашинян сұхбатта.
Армения премьері "Батыс елдері Арменияны Ресейдің одақтасы деп қарайды, ал Мәскеу Ереван Украинадағы соғысты қолдамай отырғанын аңғарады" дейді.
"Бұл біздің соғысқа қатысты пікіріміз жоқ дегенді білдірмейді. Бізде өзіміздің жеке мәселеміз бастан асады, сондықтан басқа мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз болмай тұр" деп мәлімдеді ол.
"Аштықты тоқтатпаймын". 25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрім изолятордан хат жолдады
"Бейбіт митинг ережесін бұзды" деп айыпталып, қамалған Мұхаммедкәрімнің хатын Facebook-те Шекерхан Мырзаханова есімді қолданушы жариялады. Думан Мұхаммедкәрім изолятордағы аштығын тоқтатпайтынын айтып, талаптарын жазған.
"Мені конвоймен үйге апарып, алып келсін. Мені конвоймен ауруханаға апарып “МРТ” дегенге түсірсін және бүйрегімді толық тексертсін. Үшінші талабым — қазақты әлемге танытқан рекордсмен Марат Жыланбаевты үйқамаққа босатсын" делінген журналистің хатында.
Полиция бөлімшесінің алдында журналистің жақтастары оның босатылуын талап етіп, видео жариялады. Видеода Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі "ұлымның заңсыз қамалуына байланысты аштық жариялаймын. Ұры билікпен күресетін бұдан басқа жол жоқ" деді.
Думан Мұхамедкәрімнің аштық жариялап отырғанына алты күн болды. Іле аудандық полиция бөлімі Азаттыққа журналистің жағдайы бірқалыпты екенін айтып, "сотынан бері аштықта отыр, тамақтан бас тартқан, су мен шай ғана ішіп отыр" деп жауап берді.
Журналист хатында 6 маусым күні бейбіт шеру болатынын жазған.
Журналист 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан еді. Полиция оны 28 мамырда қайта қамауға алды. Сол күні Қонаев әкімшілік соты журналисті “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” (488-бап, 12-бөлігі) бабы бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамады.
Мұхаммедкәрім наурыздағы парламент сайлауынан бері осымен үшінші рет қамалып отыр.
t.me/azattyq
Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаменті "Өзенмұнайгаз" компаниясының бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты ұстаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады
Тергеу Мәмбетсапаевтан "қызметін пайдаланып, компанияға өзінің туыстарын жұмысқа заңсыз алған" деп күдіктеніп отыр.
"Тергеу органдары Мәмбетсапаев жұмысқа алған адамдар жұмыссыздар тізімінде тұрмаған, тұрмысы төмен адамдар қатарында болмаған, мамандықтары қызметіне сай келмеген" дейді департамент.
Орган "күдіктінің әрекетінен мемлекетке 46 млн теңге шығын келгенін, жаңаөзендіктердің жұмысқа тұру құқығы бұзылғанын" айтады.
Ресми дерек бойынша, Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" компаниясына жұмысқа алынуға 9 мың адам кезекте тұр. Жаңаөзен тұрғындары мұнай саласынан жұмыс талап етіп, жиі наразылыққа шығады.
t.me/azattyq
"15 мың калория жесем де, өзімді тоқ сезінбейтінмін". Булимияны жеңген қыздың әңгімесі
2 маусым – Халықаралық тамақтану әдетінің бұзылуымен күрес күні. Өскемен тұрғыны Арина Атабаева Азаттыққа булимияны қалай жеңгенін әңгімелеп берді. 10 жыл бұрын бойжеткеннің тамақтану әдеті бұзылып, бұл диагнозбен күресі бес жылға созылған. "Булимия – артық салмақтан арылу үшін құсу емес. Тамақтану әдетінің бұзылуы – тамақпен қатынастың дұрыс болмауынан туатын депрессия" дейді Арина.
*Булимия – уайым мен мазасыздық сияқты психологиялық мәселелерге байланысты тамақты шектен тыс жеу.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Ресей әскері Киевке дрондармен және ракеталармен тағы шабуыл жасады
Украина билігінің хабарлауынша, барлық 15 ракета мен 18 дрон атып түсірілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Бұл – кейінгі алты күн ішіндегі алтыншы шабуыл.
Киев қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попконың айтуынша, Украина астанасына жан-жақтан дрондар жіберіліп, бір мезетте қанатты ракеталармен де шабуыл жасалған.
t.me/azattyq
Рой Чун Ли: Тайваньға көз тіккен Қытайды тежеудің ең дұрыс жолы – Украинаны қолдау
Ресей Украинаға басып кіргелі Тайвань соғысты жіті бақылап, Киевтің әр қимылын қалт жібермей қарап отыр. Ондаған жыл бойы Қытай басып кіруі мүмкін деген қауіппен өмір сүріп келе жатқан демократиялық аралға Украинаның тағдыры жақсы таныс.
Тайвань сыртқы істер министрінің орынбасары Рой Чун Ли Азаттыққа берген сұхбатында Тайбэй Батыс елдерінің Украинаны қолдауын неге құптайтынын, Еуропаның Тайваньға көзқарасы қалай өзгергенін айтып берді.
🔗Сілтеме
Ресей билігі атыс жиілей берген соң Украинамен шекараға жақын орналасқан Шебекино қаласы тұрғындарын басқа жаққа көшіруге дайындалып жатыр
40 мың халқы бар Шебекино қаласы Украинамен шекарадан 5 шақырым жерде орналасқан. Атыстың салдарынан қалада электр және су жүйесінде ақау пайда болған. Қала тұрғындарының бір бөлігі қаладан өз бетімен кетіп жатыр. Көбі Белгород қаласына орныққан.
Бұған дейін Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзге аймақ басшыларымен шамамен 1200 адамды қабылдау туралы келісім жасасқан. Ол жүздеген адам Пенза және Калуга облысына жеткізілетінін айтқан. Тұрғындардың бірі Воронеж облысына да қоныстанады.
t.me/azattyq
Сара Назарбаева негізін қалаған институттың атауын өзгерту ұсынылды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауын өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Бұл жөнінде 1 маусымда жарияланған үкімет қаулысы жобасында жазылған.
Жобада аталған институтты "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты деп атау ұсынылған.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты бұған дейін "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысатын мекеме ретінде құрылған еді. "Өзін-өзі тану" пәнінің авторы да – Сара Назарбаева. Былтыр министрлік келесі жылдан бастап аталған пәнді оқу міндеттелмейді деп мәлімдеген.
t.me/azattyq
«Қазақ халқын жоюдың жолы». Зұлмат куәгерінің естелігі
92 жастағы Зекебай Солтанбаев Ашаршылық жылдары туып, бозбала шағы соғыс тұсында өткен. Буыны бекімей жатып, тыл жұмыстарына тартылған. Соғыстан кейін мұғалім болып, ауданда қазақ тіліндегі педагогиканың нығаюына күш салады. Қария «қазақ халқы осы күніне ерлікпен, шыдамдылықпен, көнбістікпен жетті» дейді.
Ресеймен бірлескен әскери шарт, Қаңтарда қаза болған сәбилер – AZATNEWS┃06.01.2023
📌 Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметімен байланысты үш құжатты ратификациялады. Ұйымда Мәскеу ықпалы күшті. Келісім Ресейге әскери көмек беруге итермелемей ме?
📌 Балаларды қорғау күні Киевке шабуыл жасалып, үш адам қаза тапты. Оның біреуі – 11 жасар бала. Ал Қазақстанда Қаңтар оқиғасында қаза тапқан балалардың ісін тергеу бойынша не белгілі?
📌 Қаңтарда көз жанарынан айырылған, түрмеде азап көрген Ермек Әбдірешевтен билік ресми кешірім сұрады. 1,5 жылдан кейінгі кешірімге Әбдірешев қандай пікірде?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Украинада қазақстандық жігіт сотталды. Ол Ресей шебінде соғысқан
Шыңғыс Сейпиев Ресейдің «Вагнер» әскери компаниясына қалай тап болды? Айтып берейік.
t.me/azattyq
Бас прокуратура ШҚО түрмесінде тұтқындардың азапталғанын анықтады
Ведомствоның хабарлауынша, ақпан айында Бас прокуратура ШҚО-да "азаптау" бабы бойынша айыпталып, бірақ апелляциялық инстанцияда ақталып шыққан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі – полиция қызметкеріне шыққан үкімге қарсылық білдірген. Нәтижесінде үкімнің күші жойылған.
Ведомство тергеу барысында "оның нұсқауымен тұтқындар азапталғаны анықталғанын" хабарлады. Полиция қызметкері "азаптауды ұйымдастырғаны үшін" үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған. Қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр деп хабарланды.
t.me/azattyq
АҚШ-тағы қазақтар комиссиясыз ақша аударып, алданып қалған
Америкадағы қазақтар тапқан ақшасын елдегі жақындарына аз шығынмен жібергісі келеді. Чаттарда «кімге теңге керек, долларға ауыстырамын» деп жазатындар көп. Ауызша келісіммен ақша аудармақ болып опық жеп жатқандар бар. Алданып қалғандар оқиғасын баяндаймыз.
Видео: Мигрант Медиа
t.me/azattyq