azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Батыс Қазақстан облысында біреулер судьяның көлігіне от қойған

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық сот судьясы Ілияс Іргебаевтың көлігін өртеген. Судья "Уральская неделя" басылымына көлігі өртенгенін растаған. "Біреулер от қойған ба?" деген сұраққа судья "мәліметім жоқ" деп жауап берген.

"Ақпаратты БҚО сотының баспасөз қызметі береді. Ештеңе айта алмаймын" деді судья Ілияс Іргебаев басылымға.

Жаңақала ауылы тұрғындарының бірінің сөзіне сүйенген басылым көлік маңынан полицейлер бензин құйылған пластик бөтелке мен қамыс тапқанын жазды. Батыс Қазақстан облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "бөтеннің мүлкін қасақана жою" бабы бойынша тергеу амалдары басталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Балаға күш қолдану – өзіңді сыйламаудың белгісі". Қазақстанда бала құқықтарын кім бұзып жүр?

1 маусымда Қазақстандағы саябақтар мен алаңдарда шар мен қант мақтасының саудасы қызып, ойыншық сататын орындар көбейеді. Бұл күні балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Ал жылдың қалған 364 күні ше?

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Азаттық Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро директорының орынбасары, "Бала құқығын қорғау" үкіметтік емес ұйымдар жұмыс тобының жетекшісі Роза Ақылбековамен сөйлесіп, "Баласын ұрып жатқан ата-ананы көрсеңіз, не істеу керек?", "Вакцинациядан бас тарту бала құқығын бұза ма?", "Балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салуға бола ма?" деген сұрақтарға жауап іздеді.

🔗Сілтеме

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"ҚазМұнайГаз" Жаңаөзенде тексеріс әлі аяқталмағанын хабарлады. Мұнайшылар наразылығы жалғасып жатыр

"Қазіргі уақытта "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытынды шығарылып жатыр. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және тағы басқа қызметтерді одан әрі тексере түседі" деп жазылған компанияның 31 мамыр күнгі хабарламасында.

Бір күн бұрын аталған компания мен "Өзенмұнайгаз" өкілдерінің наразы мұнайшыларға жұмыс ұсынған сәтінен видео жарияланған. Онда компания өкілдері мұнайшыларға 5 бригада құрылғанын, жалақысы "Берәлінікіндей" екенін айтып, жұмысқа тұруды ұсынады. Мұнайшылардың бірі "жұмыс қашанға дейін?" деп сұраған кезде компания өкілдері "жыл соңына дейін" деп жауап береді. Бұдан кейін мұнайшылар "демек ол да уақытша жұмыс қой, келесі жылы тағы жұмыссыз қаламыз" деп көңілдері толмайды. Қазір наразылық жалғасып жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Назарбаевқа тіл тигізуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті алып тастайды

Қазақстан Қылмыстық кодексінен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізген, ар-ұжданын қорлаған азаматтарды жауапқа тартуды қарастыратын ереже алынады.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева хабарлады.

"Елбасы мәртебесі жоқ, сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, онда отбасы туралы ештеңе айтылмаған" дейді депутат.

Қазақстан әділет министрлігі мұндай мәліметті растады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция іздеуде болған Ресей азаматын ұстағанын хабарлады. Ол мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға қоныс аударған

Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарайтын Polisia.kz сайты Қарағандыда 24 жастағы Ресей азаматы ұсталғанын хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Ресейде "есірткімен айналысты" деп айыпталған ер адамға сол жақта іздеу жарияланған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің Азаттыққа хабарлауынша, Ресей азаматы Қарағандыға ақша табуға келген. Өзінің айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанға қоныс аударған. Полицияның мәліметінше, ол "есірткімен айналысқан болуы мүмкін".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Қаңтардағыдай Ресей ҰҚШҰ-дан көмек сұраса, ұйымға мүше Қазақстанның әрекеті қандай болады?” деген сұраққа мәжіліс депутаты Айгүл Құспан жауап береді.

Кейінгі кезде Ресей билігі өз аумағында “Украинаның шабуылы” жайлы жиі айта бастаған.

Айгүл Құспанның түсіндіруінше, Ресей ҰҚШҰ-дан көмек сұраған жағдайда ол жаққа ұйымға мүше Қазақстан әскерін жіберу мәселесі бойынша президент парламентке үндеу немесе ұсыныс жасайды. Түпкілікті шешімді екі палата бірлескен отырысында қабылдайды.

“Егер халық қарсы болса ше?” деген сұраққа депутат “әр бітімгершілік операция үшін референдум жасамаймыз. Сондықтан халық өкілі депутаттар қабылдаған шешімге сенім білдіруі керек” деді. Оның айтуынша, ҰҚШҰ-ға алты мемлекет ішінде “бітімгершілік опеацияға қатысу үшін БҰҰ мандаты керек емес”. Егер сондай көмек қажет болса, әрбір ел қару-жарақ, тағы басқа қажет материалдық-техникалық көмекті өз бюджетінен қарастырады.

ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мүше.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада тіркелмеген "Алға, Қазақстан" қозғалысының өкілдері Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қоймақ болғанда, әкімдік өкілі бұл “заңсыз” екенін айтқан

Астана әкімдігінің өкілі белсенділерге "заңсыз митинг" ұйымдастыруға болмайтынын ескертіп, тарқауды сұраған. Полиция қызметкерлерімен келген әкімдік қызметкері белсенділер "бейбіт жиын бойынша әкімдікке хабарлама жібермегенін" айтқан. Белсенділер “гүл қою үшін де әкімдіктен сұрауымыз керек пе?” дейді.

Әкімдік қызметкері өзінің қызметтік куәлігін көрсетуден бас тартып, аты-жөнін атамаған. Белсенділердің сөзінше, ол әкімдіктің ішкі саясат бөлімінде жұмыс істейді.

Белсенділер түсірген видеоларда әкімдік өкілі ескерткішке гүл қоюға келген басқа курсанттар мен жасөспірімдерге ескерту айтпағаны көрінеді.

Видео: «Алға, Қазақстан»

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Фильмді осы сілтеме арқылы көре аласыз 👇🏻

🔗Сілтеме

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Су тегін берілген компания"

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бүгінгі депутаттық сауалында Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке сатылған "Транстелеком" компаниясы туралы айтып, оған бас прокурордан баға беруді сұрады.

"Баланстық құны 250 миллиард теңге тұратын, ал жылдық кірісі 80-90 миллиард теңге болатын ұлттық меншік небәрі 18 миллиард теңгеге сатылды. “Транстелеком” Нұрәлі Әлиевке әр жылдары жалпы көлемі 8 миллиардқа жуық дивиденд төлеген. Енді осыншама зор көлемдегі заңсыз төленген ақшаны тез арада қайтару керек" деді Бапи сауалында.

"Транстелеком" – Қазақстандағы ең ірі байланыс операторларының бірі. 2021 жылы "Транстелеком" акционерлік қоғамы акциясының 75 пайызы құрылтайшыларының бірі Нұрәлі Әлиев болатын Unit Telecom компаниясына өткен.

Депутат бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында Нұрсұлтан Назарбаевтың "күйеубаласы" Қайрат Шәріпбаевтың қызы мен Ахметжан Есімовтің күйеубаласы, кәсіпкер Ғалымжан Есеновтің компанияларына қатысты заңсыздықтарды айтып, оларды қайтару бойынша қандай әрекет жасайтынын сұрады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде полиция тәжік мигранттарын жаппай ұстап жатыр

Ресейде полиция тәжік мигранттарын жаппай ұстауды жалғастырып жатыр. 30 мамырда тараған видеода Мәскеуде полиция мектептің футбол алаңында ойнап жүрген 50 шақты тәжік азаматын күштеп ұстағаны көрінеді. Тұрғындар «мигранттар балаларды қорқытты» деп шағымданған. Полиция кейбіреуін тепкілеп, сабаған. Тәжік мигранттарын ұстау Мәскеу облысындағы Котельники қаласы тұрғындарының «тәжік мигранттары қаптап кетті» деген шағымынан соң басталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстандағы президент сайлауы: Шавкат Мирзияев Либерал-демократиялық партия үміткері болып бекітілді

Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы мен Либерал-демократиялық партияның 30 мамырда өткен съезі Өзбекстанның қазіргі басшысы Шавкат Мирзияевты президенттікке үміткер ретінде бекітті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

"Дереккөз" телеграм-арнасының президент әкімшілігіне жақындығы бар адамға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мемлекет басшысы сайлау қарсаңындағы бағдарламасының негізгі бес бағыты туралы баяндама жасаған.

Мирзияев сайлауалды бағдарламасында өнеркәсіптегі "мегажобалар", әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігін құру, автокөлік өндірісін 1 миллион данаға жеткізу туралы айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"31 мамыр" комитетінің өкілі Анар Аққозыны үйінен шыққан кезде полиция күштеп алып кеткен

Видеода комитет өкілі полицейлерден "не болды?" деп сұрайды, бірақ полиция қызметкерлері нақты жауап бермей, оны ұстап, көлікке отырғызуға тырысады.

"Сыртқа шыққанымда, олар артымнан келе жатты. Жай көлікпен күтіп тұр екен. Дұрыстап ештеңе де түсіндірмеді. Қарсыласқанымда, мені күштеп ұстап, полиция бөліміне алып кетті. Сол жақта хаттаманы беріп, қашан келетінімді сұрады. Мен ешқандай заң бұзбағанымды айттым. Басқа да белсенділерді үйінен шығармай отыр" деді журналист Анар Аққозы Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда митинг өткізбек болған белсенділерді полиция үйлерінен шығармай отыр

Бұл туралы желіде құқық қорғаушы Андрей Гришин мәлімдеді. "31 мамыр" қоғамдық комитеті полиция әрекетіне қатысты үндеу жариялап, белсенділерді шеруге жіберуді талап етті.

"Бұл – біздің конституциялық құқықтарымыз бен бостандықтарымызды заңсыз бұзу, тіпті ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл қою, жалпыұлттық үнсіздік сәтін өткізу ниетімізге кедергі жасау!" делінген комитеттің үндеуінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда белсенділер жиналады деген Ашаршылық құрбандарын еске алу саябағы маңында Азаттық тілшісі төрт автобус тұрғанын көрді. Іші толы арнайы жасақ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы қалалық прокуратурасы Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қалада шеру жасамақ болған белсенділерге ескерту жасады

Прокуратура бейбіт жиын туралы заңнаманы бұзғандар 25 күнге қамалатынын ескертіп, жұртты митингке қатыспауға шақырды.

Бұған дейін "31 мамыр" қоғамдық комитетінің белсенділері сәрсенбі күні қалада шеру жасап, Желтоқсан алаңында аза тұту митингін өткізетінін айтқан.

Құқық қорғаушылар елде азаматтардың бейбіт жиналу құқығы жиі бұзылатынын айтып келеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары оқу орнының активтерін қайтаруды талап етіп отыр

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары университеттің "қолды болып кеткен" активтерін қайтару қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде ақпарат оқу орнының сайтында жарияланды.

Ақпаратқа қарағанда, мәселе студенттер жатақханасы, оқу-зертхана корпусы, стадион, жер телімдері, әкімшілік-шаруашылық ғимарат және өзге де жылжымайтын мүліктер туралы болып отыр.

Аталған оқу орнының ғалымдар кеңесінің мәлімдемесі парламентте "заңсыз активтерді" қайтару туралы заң жобасы талқылана бастағаннан кейін жарияланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей мен Украина шекарасында тағы қақтығыс болды. Бес адам жарақаттанған

Baza телеграм-арнасының жазуынша, "диверсанттар "Шебекино" халықаралық автомобиль өткізу пунктіне (шекарадан 50 км орналасқан) танкілермен шабуыл жасаған". Телеграм-арна "шабуылға тойтарыс берілген болуы мүмкін" деп жазды.

Белгород жедел штабы "қазір Шебекино қалалық округіндегі жағдай күрделі, атыс болып жатыр, оқ дыбыстары естіледі" деп хабарлады. "Ресей қарулы күштері жұмыс істеп жатыр, Украина қарулы күштерінен ешқандай әрекет жоқ", - делінген оперштаб хабарламасында.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков атыс кезінде бес адам зардап шеккенін, бір адам қолынан айырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, қаладағы атыс шамамен бір сағатқа созылған. Атыс салдарынан жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттардың бірінің шатыры өртенген, басқа ғимаратта снаряд жарықшақтарынан терезелер сынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлер геолокациясын жасыра бастады

Ресей мұнайын Қытайға тасымалдайтын бірнеше танкер Ресей портынан шикізат тиегенін бүркемелеу үшін геолокация сигналын жасырған. Бұл оған Америка санкциясын айналып өтуге мүмкіндік береді деп жазды The New York Times басылымы.

Басылым Ресей портына кіргенін жасырған тағы үш кемені анықтаған. Алайда зерттеушілер олар не тасымалдағанын анықтай алмаған.

Барлық алты кемені Американың American Club сақтандыру компаниясы сақтандырған. Оның өкілі басылымға "санкцияны бұзған жағдайда сақтандыру құжаты жарамсыз болып қалатынын" айтқан. Бірақ басылым мақаласы жарық көргенге дейін сақтандыру құжаттары күшінде болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана мен Сеул қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа тұру мәселесін талқылады

Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамырда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға ресми сапармен келген Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Пак Жинмен екіжақты келіссөз жүргізген.

"Екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері келіссөздердің жеке тақырыбы болды. Мұрат Нұртілеу Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудің маңызына, әсіресе Қазақстанды Кореяның "Еңбекке рұқсат беру жүйесінің" тізіміне қосуға назар аударды" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Оңтүстік Корея Орталық Азияның еңбек мигранттары көп баратын елдер қатарына кіреді. Ол жақта, кей мәліметке қарағанда, кемінде 35 мың қазақстандық жұмыс істейді. Қаншасы заңсыз жүргені белгісіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандағы саяси қуғын, аштық азабы – AzatNEWS | 31.05.23

📌 Алматы жұрты саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым жасады. Шараны полиция жіті бақылап тұрды

📌 Қазақстанда саяси репрессия бар ма? Депутаттар мен жұрт пікірі

📌 Шымкентте Қаңтарда туысы қаза тапқан азаматтар орталық алаңға барды. Олар Қаңтарда ажал құшқандарды "саясаттың құрбаны" деді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзен мұнайшылары Астанаға тағы баратынын айтты

Жаңаөзенде «тұрақты жұмыс пен бірдей жалақы» талап етіп тұрған «БерӘлі Маңғыстау company» мекемесінің бұрынғы мұнайшыларының наразылығы әлі жалғасып жатыр. «Қазмұнайгаз» тексеруі 29 мамырда аяқталғанмен ұлттық компания оның шешімін әлі жариялаған жоқ. Бұл жөнінде 31 мамырда Азаттыққа мұнайшылар хабарлады.

Мұнайшылардың сөзінше, 29 мамырда "Өзенмұнайгазға" тексеру жүргізіп жатқан "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының комиссиясы қабылданған шешім туралы жария етпестен Астанаға кетіп қалған. Бұған наразы болған мұнайшылар билікке 15 маусымға дейін мұрсат беретіндерін, шешілмесе өздерінің Астанаға баратындарын мәлімдеді.

Азаттық тілшісіне «Қазмұнайгаздағылар» комиссия шешімін айтпады, бірақ компания сайтында «БерӘлі Маңғыстау company» наразыларға «Мөлдір мұнай сервис» ЖШС жұмыс ұсынылғанын, олардың "ойланып жатқаны" туралы жазылған. Алайда «Өзенмұнайгаз» алдында тұрғандар бұл уәжбен келіспейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының “Біріккен Араб Әмірліктеріне шығарған 14 миллион доллары” елге қайтарылғанын хабарлады

Ведомствоның мәліметінше, тергеу басталғалы экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз сатып алған активтері мен ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылған.

Оның ішінде әкімшілік ғимараттар, зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, акциялар мен компаниялардың үлестері мен теміржол бар. Агенттіктің мәліметінше, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президент пен оның туыстарының ықпалы әлсіреді. Қайрат Сатыбалды былтыр "Қазақтелеком" және "Көлік сервисі орталығы" компанияларынан аса ірі көлемдегі қаржы жымқырды деген айыппен алты жылға сотталған. Оның үстінен тағы бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Кей сарапшылар экс-президент пен оның жақындарының байлықтарын мемлекет түгел қайтара алады дегенге күмәнмен қарайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жекелеген тұлғалар қудаланалып жатқанын айтқан мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жуырда қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрімді мысалға келтірді.

“Думан Мұхаммедкәрім қоғамға қандай қауіп төндіруі мүмкін? Ол – жалғыз өзі жортып жүрген бөрі ғой. Әрбірден кейін үйірі де жоқ. Оны қамайтындай қандай мәжбүрлік туындады?” деді депутат.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Балаларымыз – саясаттың құрбаны”

Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстары әкімдік алдындағы алаңға жиналып, қайтыс болған жақындарын еске алып, Құран оқыды. Олар қайтыс болған жақындарын “саясат құрбандары” деп есептейтінін, қаза болған қаңтаршыларға арнайы күн белгіленгенге дейін оларды 31 мамырда еске алатынын айтты.

“Қаңтар оқиғасы кезінде балаларымыз осы алаңда қайтыс болды. Сол үшін осы алаңға келіп, еске алып жатырмыз. Біздің балаларымызға арнайы мәртебе берілген жоқ. Арнайы күн белгіленсе, сол күні атап өтер ме едік” деді Қаңтарда қаза болған Нұрболат Алпамыстың әкесі Мұрат Әбдірайымов Азаттыққа.

Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде 20 адам қаза болған. Бастапқыда құқық қорғау органдары оларға “жаппай тәртіпсіздік” бабы бойынша айып тағуға тырысқанымен, дәлел таба алмай, ақыры істері жабылып, қаза болғандар жәбірленуші деп танылған. Туыстары балаларының қазасына кінәлілер әлі күнге дейін жазаланбағанын, жақындарының өлім құпиясы әлі күнге дейін ашылмағанын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков "елде саяси қудалау бар ма?" деген сұраққа "азаматтар заңды сақтай отырып, пікірін айтуы керек" деді.

"Әр адам өз пікірін білдірген кезде міндетті түрде заңды сақтауы керек. Адамның жеке басына өтсе, ол міндетті түрде заңмен қудаланады" деді Құспеков Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"31 мамыр" комитетінің өкілі Нұрлан Әміреқұлов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шеру өтпейтінін хабарлады

Айтуынша, ұйымдастырушыларды полиция үйлерінен шығармай, шеру өтетін жерге жібермеген. Ол комитет өкілдері шеруді 27 қыркүйекте ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орналасқан саябаққа белсенді Инга Иманбай мен “Демпартия” мүшелері жиналды.

“Бүгін – өткенді еске алу күні ғана емес, қазіргі саяси қудалау мен сол қудалаудың құрбаны болғандарға бостандық талап ететін күн” деді Инга Иманбай.

Айналада 40 шақты адам жүр, бірақ олардың жартысына жуығы журналистер. Полиция белсенділер жиналады деген саябақты күзетіп тұр. Бұған дейін құқық қорғаушы Андрей Гришин "бүгін шеру өткіземіз" деген белсенділерді полиция үйден шығармай жатқанын хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қалада қауіпсіздік шаралары күшейгені байқалады. Республика алаңы маңында да полиция өте көп. Бірінші президент қоры ғимараты артынан түсірілген сурет.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Киевке 17-рет дрон шабуылдады

30 мамыр түні Ресей Украинаны әуеден атқылады. Дронның басым бөлігі Киевке бағытталған. Шабуыл жасаған 31 дронның 29-ы атып құлатылған. Бұл туралы Украина әуе күштерінің қолбасшылығы хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы еске алу шарасынан түсірілген суреттер. Түске қарай бұл жаққа белсенділер жиналуы керек. Авторы: Асылхан Мамашұлы

Читать полностью…
Подписаться на канал