Украина соты "Вагнер" құрамында соғысқан қазақстандықты 9 жылға соттады
Бұл туралы "Грати" украин басылымы сот үкіміне сүйене отырып хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы қазанда Қазақстанның 23 жастағы азаматы Шыңғыс Сейпиевті "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Украинаға қарсы соғысуға көндірген. Тергеу нұсқасына қарағанда, оны № 2 Түмен колониясында соғысқа баруға үгіттеген. Сейпиев Ресейде зорлау қылмысы бойынша 10 жылға сотталып, дәл сол уақытта жазасын өтеп жүрген. "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясымен жасалған келісімшартта сыйақы төлеу ғана емес, қылмыстық жазадан босату туралы да айтылған.
t.me/azattyq
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
Қарағандыда ауруханада көз жұмған науқастың туыстары қайғылы жағдайға облыстық аурухана дәрігерлерін кінәлайды. Марқұмның жақындары екі жыл бойы дәрігерлерді жауапқа тартуға тырысып келеді. Әзірге еш нәтиже жоқ. Азаттық туысынан айырылған отбасының талабын тыңдап, денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер қатесі үшін жазаны жеңілдетуге арналған бастамаларын шолып шықты.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Мәскеу мен Киевке дрон шабуылы, Рысбек Сәрсенбайұылының соты – AzatNEWS | 30.05.23
📌 Ресей Киевті атқылағаннан кейін Мәскеуге де дрон шабуылы жасалды. Кремль бұған Украинаны айыптады. Киев шабуылға қатысы жоғын айтты.
📌 Алматы соты "тіркелмеген ұйымға заңсыз басшылық жасады" деген себеппен саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлына айыппұл салды. Соттың меңзегені – сайлаудан кейін топтасқан "Халық парламенті" қозғалысы.
📌 Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілдетіп жатқалы 60 күн. Олардың бір бөлігі жұмысқа кірген, өзгесі бастапқы талаппен тұр. Өңірге арнайы барған "ҚазМұнайГаз" комиссиясы жақында Астанаға қайтқан.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
«Бір кітаптан басталған қуғын». Қазақ тарихшылары Бекмахановтың соңына қалай түсті?
1942 жылдары Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысты жазып, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың басы дауға қалды. Оның еңбегі Мәскеу мен Алматыда бірнеше рет талқыланып, орыс тарихшылары мақтап, қазақ тарихшылары даттады. Қазақ тарихшылары "Правда" газетіне жазған соң, Бекмаханов сотталды. Осы кітаптан басталған дау ғылымның басқа салаларына да жетті. Бірнеше ғалым 25 жылға сотталып, Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов Мәскеуге қашты. Бекмаханов түрмеден қайтқаннан кейін Кенесарыға керісінше баға беріп, кітап жазды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Алдағы алты ай ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) дағдарыс болуы мүмкін
2024 жылы ЕҚЫҰ-ға Эстонияның төрағалық етуіне Мәскеу мен Минскінің келісім бергісі келмейтіндіктен солай болып отыр. Мұны Финляндия СІМ басшысы Пекка Хаависто айтты деп хабарлайды Yle басылымы. Министр 2025 жылы Финляндия төрағалық етемін дегенше ЕҚЫҰ тарап кетуі мүмкін деген қаупін білдірді.
"Егер 2024 жылы төраға болмаса, бұл мәселе бойынша консенсус жасалмаса, онда келесі жыл ЕҚЫҰ тарайтын жыл болады", - деді Хаависто.
ЕҚЫҰ тәртібі бойынша кезекпен ауысатын төрағаны ұйымның 57 мүшесі түгел мақұлдауға тиіс.
t.me/azattyq
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті болып қайта сайланды. Енді ол бас-аяғы 25 жылдай билікте болады. Украинадағы Таяу Шығыс зерттеулері орталығының директоры Игорь Семиволос Ердоған билігі, сайлаудан кейін елді не күтіп тұрғаны, Түркияның Украинадағы кикілжіңді реттеудегі рөлі және Орталық Азиямен байланысы туралы айтып берді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Скандинавия елдерінің жағалауынан "Ресейдің тыңшы киті" – Хвалдимир байқалған
Киттің қарғыбауында "Снаряжение Петербург 2019" деген жазу бар.
Скандинавия суларына кит бұрын да келген. 2019 жылы сәуірде алғаш рет Норвегияда байқалған. Оның қарғыбауында видеокамера тағатын орын болған. Кеме артынан еріп жүруге үйретілген кит әскери жаттығу базасынан қашып шыққан болуы немесе "тапсырма" орындауға жіберіліп, жолай видеокамерасы түсіп қалған болуы мүмкін.
t.me/azattyq
Польша Беларусь пен Ресейде тіркелген жүк көліктерін биыл 1 маусымнан бастап шекарасынан өткізбейді
Мұндай бұйрыққа Польша ішкі істер министрі Мариуш Каминский қол қойған.
Бұған дейін Польша билігі Беларусьтің 365 азаматына санкция жариялаған. Оларға Польша жері мен Шенген аймағына кіруге тыйым салып, Польшадағы активтерін бұғаттаған. Мұны Беларусь журналисі, шыққан тегі поляк және Беларусьтегі поляктар одағының белсендісі Анджей Почобутаға кесілген үкімге байланысты жасап отыр.
t.me/azattyq
"Лукашенконың қалжыңы". Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты
"Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз", – деді Тоқаев.
Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан.
Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының "Москва. Кремль. Путин" деп аталатын бағдарламасының эфирінде "ядролық қару ортақ болу үшін" Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына қосылуға шақырған.
t.me/azattyq
Дүйсенбіге қараған түні Украина Ресей атқан 37 зымыран мен 30 дронды құлатқан
Украинаның әуе қорғанысы Киев төбесінен Ресейдің 40 дроны мен қанаты зымыранын атып құлатты деп хабарлады Украина астанасы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко. Оның сөзінше, мамыр айы басталғалы Киевке 15 рет шабуыл жасалған.
Киев мэрі Виталий Кличко зымыран сынықтары қала үстіне құлағанын, бірақ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Инфрақұрылым нысандарына да залал тимеген.
Одессада дрон құлаған жерден өрт шыққан. Николаев, Винница, Полтава, Кировоград, Житомир, Хмельницкий және Львов облыстарына да шабуыл жасалған.
t.me/azattyq
Өзбекстанның Украинадағы соғыста өлген тағы бір азаматы туған жеріне табытпен жеткізілген
Кейбір басылымдардың жазуына қарағанда, Өзбекстанның 23 жастағы азаматы Ш. Тожибоев Украинадағы соғыста өлген. Ш. Тожибоев Наманган олысында туған. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек редакциясы Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.
Жас жігіт отбасын асырау үшін Ресейге жұмыс іздеп кеткен. Бастапқыда құрылыста істеп, кейін кафе ашқан, автомобиль сатып алып, такси қызметін атқарған. Анасының сөзінше, Ресей-Украина шекарасына клиент апарғанда, белгісіз адамдар көлігіне апиын салып, арандатқан. Содан соң түрмеге қамап, Украинадағы соғысқа күштеп әкеткен. Анасы ұлымен соңғы рет 10 қыркүйекте сөйлескен.
"Ол өзі телефон соғып: "Мама, адам өлтіре алмаймын десем де, мені күштеп әкетті" деген болатын", – дейді анасы.
t.me/azattyq
WSJ: Сауд Арабиясы мен Ресей арасында мұнай мәселесі бойынша түсініспеушілік пайда болған
Мақалада Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеуніктері Ресейдегі әріптестеріне келісімді орындауға шақырғаны сөз болған. Эр-Рияд есебінше, Ресей әлем нарығына алдын ала келісілгеннен көп мұнай шығарған, бұл әрекет мұнайды арзандатады, ал Сауд Арабиясы қымбаттағанын қалайды.
Әлемдегі мұнай нарығында Brent бағасы сәуірдегіден 10% төмен. Сәуірде ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді азайтуға уағдаласқан. Халықаралық энергетика агенттігі де Ресей сәуір айында мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге азайту жөнінде берген уәдесін орындамады деп санайды.
Wall Street Journal жазуына қарағанда, Сауд Арабиясы бюджет бекіткенде мұнай баррелін 81 доллардан есептеген, алайда қазіргі баға одан бірнеше доллар арзан болып тұр. Мұнай өндіру азайса, баға өсуі мүмкін.
t.me/azattyq
Ердоған Түркиядағы президент сайлауында жеңгенін, Қылышдароғлы ең әділетсіз сайлау өткенін мәлімдеді
"Біз алдағы бес жылда елді басқарамыз" деді ол Стамбулдағы жақтастарына. Кейінірек Түркия жоғарғы сайлау кеңесі де Ердоған жеңгенін хабарлады.
Бюллетеньдер 100%-ға жуық саналғанда, Ердоған 52%-дан сәл астам дауыс алғаны мәлім болды. Бәсекелесі, оппозицияның ортақ кандидаты Кемал Қылышдароғлы 48%-ға жуық дауыс алған.
Бірінші турдағыдай бұл жолы да Қылышдароғлыға Түркияның екі ірі қаласы – Анкара мен Стамбул көбірек дауыс берген. Сайлаушылардың 85%-дан астамы дауыс беруге келген. Шетелдерде сайлаушылардың 55% пайызы дауыс берген. АҚШ пен Ресейдегі сайлаушылар көбіне Қылышдароғлыны таңдаған.
Анкарада сөйлеген Кемал Қылышдароғлы "бұл сайлау Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау болды" деп мәлімдеп, демократия жолындағы күресін жалғастыратынын айтқан.
t.me/azattyq
Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімді тағы 25 тәулікке қамады
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Қонаев әкімшілік соты журналисті “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” (488-бап, 12-бөлігі) бабы бойынша кінәлі деп таныған. Әкімшілік іске журналист қамауда отырған кезде – 6 және 15 мамырда Ne deidi YouTube-арнасында жарияланған видео "негіз болған". Онда журналист “үйде отырмаңдар, өз құқықтарыңды қорғаңдар” деп айтқан.
“Біз сотты офлайн өткізуді талап еттік. Бірақ сот құлақ асқан жоқ” деді адвокат 28 мамырда кешке Азаттық тілшісіне.
"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрімді полиция жексенбі күні Ащыбұлақтағы дүкен алдынан ұстап әкеткен еді. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрім өзін заңсыз ұстауға байланысты аштық жариялаған.
Наурыздағы парламент сайлауынан бері ол осымен үшінші рет 25 тәулікке қамалып отыр. Соңғы рет 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан еді.
31 мамырда Алматыда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орналасқан саябақта өткен шараға қала әкімі Ерболат Досаев, ғалымдар, жазушылар, қала тұрғындары мен азаматтық белсенділер – бас-аяғы 100-ден астам адам жиналды.
Бұған дейін кей сарапшылар "билік бұрынғы саяси қуғын-сүргін үшін де, Қаңтар оқиғасы үшін де кешірім сұрауы керек" деп мәлімдеген.
Өткенде Қытаймен визасыз режимге қарсы шығып, TikTok-қа видео жариялағаны үшін бес тәулікке қамалған Нұржан Мұхаммедов есіңізде ме? Ол кісі қамаудан шыға сала “ояныңдар”. “жиналайық”, “қарсыласайық” деген пікір айтқаны үшін тағы жазықты болды. Түркістанның Ордабасы аудандық соты оны тағы бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Азаттық тілшісі Дилара Исаның жаңалығын оқыңыз. https://smarturl.click/pGJA
Читать полностью…Ресейде сталиндік репрессия құрбандарына арналған ескерткіштер қиратыла бастады. Мұны тарихшылар Иркутск және Пермь облыстарында байқаған. 1930 жылдары атылған литвалықтар мен поляктардың құрметіне қойылған ескерткіш жойылған.
t.me/azattyq
ШҚО прокуратурасы Қаңтар оқиғасынан кейін азапталған Өскемен тұрғынынан кешірім сұрады
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, қамау орындарында азапталған Ренат Жұбақовтан кешірім өтініп, хат жолдады.
Прокуратура хатында Ренат Жұбақовқа "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" бабы бойынша тағылған айып дәлелденбегені көрсетілген. "Қылмыстық процесті жүргізуші орган атынан сізге зарар келтірілгені үшін ресми кешірім өтінеміз" деп жазылған.
Ренат Жұбақов кешірімді сұрап алғандай болдым дейді. Айтуынша, прокурорлардың кешірім сұрауы шын жүректен емес.
t.me/azattyq
Қазақстан азаматы қай елдерге визасыз кіре алады?
Жақында Қазақстан мен Қытай екі ел азаматтарының 30 күн визасыз жүруіне рұқсат ету туралы құжатқа қол қойды. Қаулы әлі қабылданбады, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қытаймен визасыз режим 2-3 айда енгізілуі мүмкін.
Мәскеуге дрондар шабуылдады
Бүгін, 30 мамырда таңертең Мәскеуге және Мәскеу облысындағы тұрғын үйлерге дрондар шабуылдады. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин мен облыс басшысы Андрей Воробьев ақпаратты растады. Собяниннің айтуынша, «ауыр жарақат алғандар жоқ». Жарылыс қаланың бірнеше ауданында болған. Таңертең әуе қорғанысы 13 дронды атып түсірген.
t.me/azattyq
Дания Украинаға тағы да 2,6 миллиард доллар әскери көмек береді
Бұл қаржыға Украина биыл және келер жылы қару сатып алады.
Наурызда Дания Украинаға 2020 жылы әскери және азаматтық көмек беру үшін қор құрған. Қорға 1 миллиард доллар бөлінген. Дания премьер-министрі Метте Фредериксен радиоға берген сұхбатында үкімет бұл қорға биыл тағы да 1 миллиард долларға жуық, келер жылы 1,5 миллиард долларға жуық қаржы бөлгелі отырғанын мәлімдеді.
t.me/azattyq
"Алға, Қазақстан" өкілдері ұйым жетекшісі Марат Жыланбаевты босатуды талап етті
Ол сот қаулысымен екі айға абақтыға қамалған. Қылмыстық кодекстің "экстремистік ұйым жұмысына қатысу", "экстремистік ұйымды қаржыландыру" баптары бойынша күдікке іліккен.
- Марат Жыланбаев бейбіт митинг өткізетіні орын туралы әкімдікке алдын ала жиырма шақты ескерту берген. Ол митинг өткізуді көздеген орындарға Мұхтар Әблязов та шақырған. Әблязовтің шешіміне неге Жыланбаев жауап беруге тиіс? Оның әлеуметтік желідегі посттарын "билікті дискредитациялап, абыройына нұқсан келтіру" деп бағалаған. 23 сәуірде жариялаған постында Жыланбаев "Тоқаев Жаңа Қазақстан туралы өтірік айтып отыр, ол оппозициялық партиядан қорқады" деп жазған. Онысы рас, біз партия ретінде тіркелуге 15 мәрте өтініш тапсырдық, әлі күнге "өлілердің" қатарындамыз. 27 сәуірдегі жазбасында "Қанды диктатор бұйрығымен құқық қорғаушылар 20 мың террористі іздеді" деп жазған. Тоқаевтың 20 мың террорист туралы сөзін барлық БАҚ жазды, - деді Сергей Измайлов.
t.me/azattyq
«20 балам бар». Өмірін балаларына арнаған Алмагүл
«Өзімді ұмыттым. Өмірімді балаларыма арнадым» дейді 54 жастағы Алмагүл. Шымкентте тұратын үш балалы әйелдің екі баласы — 23 жастағы Анар мен 22 жастағы Бексейіт өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оларға туғанда церебрал сал ауруы диагнозы қойылған. Алмагүл мүгедектігі бар балалары қоғамнан ажырап қалмас үшін үйінен арнаулы орталық ашқан.
t.me/azattyq
Қойматас. Деректі фильм
31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тарихшылар дерегінше, 1937-1938 жылдары совет билігі жүргізген саяси репрессия кезінде Қазақстанда 120 мыңнан аса адам қуғынға ұшырап, 25 мыңы атылған. 1928 жылғы кәмпескенің соңы 1932-1934 жылдары ашаршылыққа ұласып, түрлі дерек бойынша, Қазақстанда кемі 1,5 миллион адам қаза болған. Азаттық Қазақстанның бірнеше өңірін аралап, бала кезінде ауыр зұлматтың салдарын тартқан төрт қариямен тілдесті. Олар жоқшылықта ер жетіп, бозбала шағында Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған.
«Қойматас» фильмі 31 мамыр күні 17:00-де Азаттықтың Youtube-арнасында көрсетіледі.
"Қаңтарда көрсеткен азапты 1 миллион теңгемен жуа салу". Өскемен тұрғыны сот шешіміне келіспейді
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты 25 мамырда Өскемен тұрғыны Тілеужан Сайлауұлына Қаңтар оқиғасы кезінде азапталғаны үшін мемлекет есебінен 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарған. Қаржы министрлігінен 20 миллион теңге өтемақы талап еткен Тілеужан Сайлауұлы сот шешіміне келіспейді.
– Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендер – әділетсіз сот, әділетсіз жүйенің құрбаны. Судья дәлелімізге немқұрайды қарады. Қылмыскер тәрізді қамап, атымызға кір келгені үшін әділ шешім шығарайық демеді. Моральдық шығынға 1 миллион теңге ғана беруі күлкілі. Жеген таяғым, көзім нашарлағаны, педагог деген мәртебеме кір келтіргені, отбасымның ауыр жағдайда қалғаны ескерілмеді. Соққыдан көзімнің көруі нашарлағаны туралы дәрігер берген құжатты, оған операция жасауға жұмсалатын қаржыны да көрсеттім. Судья оның бірін де ескермеді, – деді Сайлауұлы Азаттық тілшісіне.
t.me/azattyq
"Қауіп жоғары". Қазақстанға қашан қосымша санкция салынады? Оған кімдер ілігеді?
OCCRP мен оның серіктестерінің Қазақстан арқылы Ресейге дрон мен электроника жеткізілгені туралы жаңа зерттеуі Батыс санциялары бұзылып жатқанын дәлелдейді. Ресей санкцияға қарамастан, Украинадағы соғысқа қажет бөлшектерді шетелден еркін алдырып отыр. Батыс елдері Қазақстан билігіне бірнеше рет ескерту жасаған, әрекетсіздік салдары қосымша санкцияларға әкеліп соғуы мүмкін. Азаттық Қазақстанға қандай қосымша санкциялар салынуы мүмкін және оның салдары қандай болады деген сұраққа жауап іздеп көрді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Зеленский Иранға 50 жылға санкция салуды көздейтін қаулы жобасын ұсынды
Бұл құжатқа қарағанда, өзге де көп тыйымның ішінде Иранмен сауда операциялары мен ресурс транзиттерін толық тоқтату, Украина жеріндегі Иран резиденттерінің капиталдарын бұғаттау мәселесі бар.
Бұған дейін Украина экономика министрі Юлия Свириденко санкция салуға Тегеранның Мәскеуге әскери көмек беріп отырғаны себеп болды деген.
Украина Тегеран Мәскеуге әскери көмек берді, Украинаның маңызды инфрақұрылымдарына шабуыл жасау үшін Ресей пайдаланып отырған "Шахид" дрондары Ирандікі деп есептейді. Иран Ресейге дрон бергенін бастапқыда мойындамаған, кейіннен "соғыс басталғанға дейін бергенбіз" дейтін уәж айтқан.
t.me/azattyq
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, Түркияда бюллетеньдердің 85% саналғаннан кейінгі қорытынды мынадай: қазіргі президент Режеп Ердоған 53,15% дауыспен алда келеді.
Дегенмен оппозициялық ANKA ақпарат агенттігі Қылышдароғлының 50,06% дауыспен алда келе жатқанын жазды.
Сайлау сарапшысы Иван Шукшин математикалық тәсілдермен сайлау барысын талдап, Ердоғанның 51,5% дауыспен жеңетінін болжап отыр.
Журналист Думан Мұхаммедкәрім полиция бөлімі басшысына жазған хатында өзін қалай ұстағанын баяндайды. Ол аштық жариялайтынын да айтқан.
“Мені бүгін (28.05.2023) түскі сағат 12:00-де Ащыбұлақ ауылдық округіндегі “Шолпан” дүкені алдынан маған бейтаныс екі адам көліктеріне күштеп отырғызып алып кетті. Олар өздерін Болат және Досжан деп таныстырды. Алайда қызметтік куәліктерін көрсетпеді. Менің Lada Priora көлігім дүкеннің алдында қалды. “Үйге барып заттарымды (сабын, паста, сақал қырғыш, көрпе-жастығымды) алайын дегенге және көлікті үйге апарып тастайын дегенге құлақ аспады” деп жазылған хатта.
Бұған дейін адвокаты Ғалым Нұрпейісов журналисті 28 мамырда “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айыппен ұстап әкеткенін хабарлаған.
"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім бұған дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша 25 тәулікке екі рет қамалып шыққан. Соңғы рет ол 1 мамыр күнге белгіленген оппозиция митингісі қарсаңында 25 күнге қамалған. Одан екі күн бұрын босап шыққан еді.