Қала күнін атап өтетін Киев Ресей әскерінің жаппай шабуылына ұшырады
Қала әскери әкімшілігінің хабарлауынша, әуе шабуылынан қорғайтын жүйе кемінде 40 дронды атып түсірген, бір адам қаза болған.
Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко бұл Ресей басқыншылығы басталғалы бергі ең ірі дрон шабуылы екенін айтты. Шабуылда ирандық "Шахед" дрондары пайдаланылған. Шабуыл бірнеше рет қайталанған, әуе дабылы бес сағаттан астам уақыт істеп тұрды.
Видео: Reuters
t.me/azattyq
Полиция журналист Думан Мұхаммедкәрімді қайта қамауға алды
Бұл жөнінде 28 мамырда Азаттыққа адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
“Маған Іле аудандық полиция бөлімінен қайта хабарласып жатыр. Думанды қайта ұстаған. Думан қамауда отырған кезде [YouTube арнасында] бірнеше видео шыққан. Солардың бірінде “митингіге шақырған-мыс”. Қазір Есіктемін” деді адвокат.
Оның сөзінше, журналистке байланысты сот өтуі тиіс.
"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім бұған дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша 25 тәулікке екі рет қамалып шыққан. Ол екі күн бұрын ғана қамаудан босап шыққан еді.
Түркияда сайлау учаскелері жексенбі күні таңертеңгі сағат 8-де ашылды
Президент сайлауының екінші туры басталды. Елді 20 жылдан бері басқарып келе жатқан Режеп Ердоған оппозиционер Кемаль Қылышдароғлымен президент қызметіне таласады.
Сайлаудың алғашқы туры 14 мамырда өткен. Бірде-бір кандидаттың жинаған дауысы 50 пайызға жеткен жоқ. Ол кезде Ердоған сайлаушылардың – 49,5%, негізгі қарсыласы Қылышдароғлы 45% дауыс жинаған. 5 % дауыс жинаған әсіреоңшыл "Ата альянсы" саяси блогының кандидаты Синан Оған жақтастарын екінші турда Ердоғанға дауыс беруге үндеген.
t.me/azattyq
Украинаның Ресей бақылауындағы Донецк облысында жеті ресейлік әскери қызметкер әскери бөлімнен қарумен қашқан
Олардың барлығы бұрын түрмеде болған. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарына сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, бесеуі ұсталған. Үшеуі Луганск облысы Брянкідегі дәмханадан мас күйінде ұсталған. Тағы бірін дезертирлердің өздері атқан. Енді бір адам іздестіріліп жатыр.
Ақпаратқа қарағанда, олар Донецк облысы Соледар ауданындағы әскери бөлімнен қашқан. Бұрын бұл аумақ "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының бақылауында болған. ТАСС материалында "Вагнер" туралы ештеңе айтылмайды.
t.me/azattyq
Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада соғыста кемінде 24005 ресейлік әскери қызметкер қаза болған, 2 293-і – мобилизацияланғандар.
Олардың аты-жөнін "Медиазона" мен BBC-дің Орыс қызметі анықтаған.
Ашық дереккөздер мен ақпарат құралдарында жарияланған қазанама, әлеуметтік желідегі хабарламалар арқылы журналистер мен еріктілер кейінгі екі аптада Украинада кемінде 1361 ресейлік әскери қызметкер қаза болғанын анықтаған.
t.me/azattyq
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Украинамен соғысты тоқтатудың кемінде алты алғышартын атады.
Олардың бірі – Украина "әскери қимылды тоқтатуы тиіс" деген шарт. Галузин бұл жөнінде ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтқан.
Галузиннің сөзіне қарағанда, Украина бұған қоса, Батыс елдерінің қаруынан бас тартуы тиіс. "Әділ әрі тұрақты" әлемге қол жеткізу үшін ресми Киев "НАТО мен Еуроодақтан да бас тартуы керек", "жаңа территориялық жағдайды мойындап", "орыс тілін мемлекеттік тіл етуі тиіс" және "негізгі адам құқықтарын сақтауы керек".
t.me/azattyq
"Аннексия" және "тарихты бұрмалау". Қазақ ССР-і Ресейге қосылғанының мерейтойын тойлап жатқанда, Азаттық "бодандық" туралы айтты
Қазақстанда "Ресейге өз еркімен қосылудың 250 жылдығы" тойланғанда, Азаттық Ресей аннексиясы туралы сөз қозғады. Азаттық 1981-83 жылдары Қазақстанның Ресей бодандығына өтуі туралы тізбекті хабарларды жиі берген. Онда тарих бұрмаланғаны, коммунистік идеологияға бейімделіп өтірік жазылғаны айтылды.
🎧ТЫҢДАУ
t.me/azattyq
Семейде Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған жергілікті екі тұрғын Шыңғыс Әлпиев пен Ринат Әлиевті 9 және 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Оларға "терроризмді насихаттады" деген айып тағылды.
Қорғау тарабы үкімді апелляцияға беретінін айтты. Құқық қорғаушылар мен жақтастары "іс саясиланған" деп санайды.
t.me/azattyq
Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеу түбіндегі Котельники елді мекенінде ұсталған тәжік мигранттарының бәрі босатылды деп мәлімдеді.
Алайда мигранттардың ұсталу себебі ресми тараптан әлі түсіндірілмеді. Елшіліктің 25 мамырда таратқан хабарламасында "отандастардың тағдыры елшілік тараптан бақылауға алынады" деп жазылған.
Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода ресейлік әріптесті Владимир Колокольцевті Комсомольск қаласындағы соққыға жығылған тәжік студенттерінің құқығын қорғауға шақырған.
t.me/azattyq
Сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынының өтемақы жөніндегі талабын ішінара қанағаттандырды
Бүгін, 26 мамырда Астананың Есіл аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "азапталғанын" айтқан өскемендік Ренат Жұбақовтың моральдық өтемақы алуға берген талабын ішінара қанағаттандырды.
Ол қаржы министрлігінен 30 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен. Ал сот 5 миллион теңге өтемақы беру жөнінде шешім шығарды. Сонымен бірге адвокатқа жұмсаған шығынына мемлекеттен 300 мың теңге беруді де міндеттеді.
– Өскемен соты азапталғандарға 1 млн теңгеден асырмай өтемақы беріп жатыр, салыстырмалы түрде маған жақсырақ берді. Бірақ өзім аз деп есептеймін. Не істейтінімізді қорғаушыммен ақылдасамыз. Қазір нақты ештеңе дей алмаймын. Оның үстіне, қаржы министрлігі бұл соманы төлемейміз деп шағым беруі де мүмкін. Оған да дайын болуымыз керек, – деді Ренат Жұбақов Азаттыққа.
25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан босап шықты. Жұма күні оны қамау орны алдынан 30-ға жуық жақтасы қарсы алды.
“Мені дәлелсіз, дәйексіз, заңсыз қамады. Соттың офлайн өтуін талап еткен едім, бірақ онлайн өткізіп, қамап тастады” деді журналист шыққаннан кейін берген сұхбатында.
Журналист мамыр айының басында “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деп айыпталып, 25 күнге қамалған еді. Бұған дейін адвокаты Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен 405-бап бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") да қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Журналистің статусы – қорғалуға құқығы бар куәгер деген еді адвокат. Жұма күні журналист бұл жөнінде “прокуратура өкілдері келген, мен оларға жауап берген жоқпын, қазір іс тоқтап тұр” деді.
Ақорда: Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес
Қазақстан қоғамында елдің ЕАЭО-мен қатынасы қызу талқыланып жатқан шақта 26 мамырда президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осылай деп мәлімдеді.
“Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ” деді Руслан Желдібай.
24 мамырда Мәскеуде Еуразия экономика форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Беларусь одақтастығы мен ЕАЭО-ға мүше өзге елдердің қатынасын салғастырған.
Оның сөзі желіде қызу талқыланған.
Кей сарапшылар Қазақстан ЕАЭО-дағы "әріптестіктен" ұтылып жатса да, одан бас тартпай отыр деп сынаған. Саясаттанушы Досым Сәтпаев президент Тоқаев бұл сөзімен ұлттық мүддені көрсеткісі келмеді, керісінше, екі ел одағын ескеріп, экономикада жаңа ойын ережесін құруды ұсынды деген.
Тоқаев мәлімдемесі, Бахмутқа талас, Абайдағы өрт - AzatNews | 25.05.23
📌 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь пен Ресейдің одағын "екі ел - бір мемлекет" деген Мәскеудегі мәлімдемесін қоғам әр түрлі қабылдаған.
📌 Абай облысында орман өрті әлі сөндірілмеген. Жел мен күннің ыстығы жалынды тіпті өршітті дейді құтқарушылар. Бүгін шамамен 3,5 мың гектар орман жанып кеткені хабарланды.
📌 Бахмут үшін шайқас әлі қызып тұр. "Қаланы басып алдық" деген "Вагнер" жалдамалы жендеттері майдан даласынан кете бастағанын мәлімдеді. Украина қаланы түгел орыстардың қолына беріп қоймағанын айтады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ресей және Беларусь қорғаныс министрлері Минскіде ресейлік стратегиялық емес ядролық қару түрлерін Беларусь аумағында орналастыру туралы құжатқа қол қойды.
Беларусьтің мемлекеттік БелТА агенттігінің хабарлауынша, Виктор Хренин мен Сергей Шойгу "әскери-саяси ахуал мен екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы әскери-техникалық әріптестік мәселелерін" де талқылаған.
Шойгу Беларусьті Ресейдің "адал одақтасы әрі сенімді әріптесі" деп атаған. Ол екі ел бірігіп, өздеріне "жарияланбаған соғыс жүргізіп жатқан" "ұжымдық Батысқа" бірге қарсы тұрады деп мәлімдеген. Шойгудың айтуынша, әңгіме Беларуське ядролық қару беру туралы болып отырған жоқ: ядролық қаруды пайдалану туралы шешімді Мәскеу қабылдайды.
t.me/azattyq
Абай облысының әкімі Бородулиха ауданында өртке байланысты төтенше жағдай жариялайтынын айтты
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 25 мамырда орман өртіне байланысты Бородулиха ауданында төтенше жағдай жариялайтынын айтты. Мұнда үшінші күнге жалғасқан орман өртінің салдарынан Березовка санаторийі ауылының 270-тен астам тұрғыны өз бетімен қауіпсіз жаққа кеткен. Олар туыстары мен таныстарын сағалаған деп айтылады.
Құтқарушылар тұрғылықты елді мекендерге қауіп жоғын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 24 мамырда кешкі сағат 9-ға қарай өрт аумағы 3,5 мың гектар болған. Өрт сөндіруді ұйытқыған жел мен батпақ қиындатқан.
– Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, – деді әкім 25 мамырда үкімет отырысы кезінде.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің жедел әрекет ету тобы жұмыс істеп жатыр деп хабарланды. Өрт Ресей аумағынан 22 мамырда шыққан.
"Қолымнан ұсташы, әке". Болгария халқын тебіренткен портреттер топтамасы
Ересек ұлдардың әкесімен қол ұстасқан портретін түсірген фотографтың жобасы көптің жүрегінен орын алып, халықаралық деңгейге шықты.
🔗Фотогалерея
t.me/azattyq
Ресейдегі неміс мекемелерінің жүздеген қызметкері еліне қайтады
Германия сыртқы істер министрлігі сенбі күні ақпаратты растады.
Ресей сыртқы істер министрлігі сәуір айында неміс дипломатия миссиясы мен мәдени институт қызметкерлерінің санын қысқарту жоспарын жариялаған. Ведомство өкілдері Ресей билігінің шешімін Германияның осыған ұқсас әрекетіне "жауап" деп атаған.
Sueddeutsche Zeitung басылымы сенбі күні Германияның жүздеген азаматы, оның ішінде неміс мәдениеті мен тілін шетелде дәріптеумен айналысатын Гете институтының қызметкерлері де маусым басында Ресейден кетеді деп жазған. "Фонтанка" Гете институты 27 мамырда жазғы демалысқа мерзімінен бұрын кеткенін хабарлады.
t.me/azattyq
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың ресми арнасында 27 мамырда "Өзіңдікін қайтаратын мезгіл жетті" атты видео жарияланды
Видеода украин әскерінің дұға оқып жатқаны көрінеді. "Біздің қарымта шабуылымызды сәтті ете гөр" деген сөз де естіледі. Видеодан Украинаға жеткізілген Батыс техникасын (Леопард" және HIMARS) көруге болады.
Украина қарулы күштерінің бас штабы оны "қарулы күштерді ақпараттық қолдау кампаниясының бір бөлігі" деп атады. Видеода Украина қарулы күштері қатарына қосылу туралы үндеу де бар.
t.me/azattyq
Украина Германиядан 500 шақырымға дейін ұшатын Taurus қанатты ракетасын сұрады
Ресми Киевтен осындай өтініш түскенін Spiegel басылымына Германия қорғаныс министрлігі растаған. Украинаның қанша ракета сұрағаны белгісіз.
Spiegel-дің жазуынша, бұған дейін қорғаныс саласының сарапшысы Родерих Кизеветтер осы идеяны қолдаған. Оның сөзінше, 500 шақырымға дейін ұшатын Taurus қанатты ракетасы Украинаға майдан алаңынан алыс жердегі Ресейдің әскери инфрақұрылым нысандарына соққы жасауға мүмкіндік беруші еді. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус сарапшының ұсынысына сақтықпен жауап берген.
t.me/azattyq
Украинаның Днепр қаласында құтқарушылар 26 мамырда ракета түскен аурухана орнындағы үйіндіні аршып бітті. Іздеу-құтқару жұмысы түні бойы жүрді.
Днепропетровск облысының жетекшісі Сергей Лысактың айтуынша, соққының нәтижесінде екі адам қаза болған. 32 адам жараланған: 13-і ауруханаға жатқызылған, бесеуінің жағдайы ауыр.
Шабуылдың салдарынан 30-дан астам көпқабатты тұрғын үй мен 20-дан астам жеке үй бүлінген.
Облыста қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланды.
t.me/azattyq
БҚО әкімі Орал әуежайына санкция салу ықтималдығы туралы: мемлекет бәрін өзіне қайтарады
Орал әуежайы үлесінің ресейлік миллиардерге қатысы бар компанияға сатылуы туралы сұраққа жауап берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "барлығы мұқият тексерілді", ал санкцияға байланысты "форс-мажор жағдай туындаса, мемлекет бәрін өзіне қайтарады" деп жауап берді.
t.me/azattyq
"Биліктен айырылып қалудан" үрейленетін Тоқаев және Мәскеуді "ығыстыруға талпынған" Пекин
Батыс басылымдары бұл аптада Қазақстанда саяси белсенділерді қудалау неліктен жиіледі деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қытай аймақтағы «қауіпсіздік гарантына» айналып, Ресейді ығыстырып шығаруға талпынып жатқанын жазды. Одан бөлек Қытаймен серіктестікті күшейткен Орталық Азия елдері тұзаққа түсіп қалып, Пекинге одан бетер тәуелді болып қалмай ма дегенге үңілді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Шенеуніктер киіктердің жағдайы мен фермерлердің шағымы туралы: сарапшылардың кеңесін күтеміз
БҚО әкімі және ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен өткен брифингте спикерлерге "аймақтағы киіктердің жағдайы мен фермерлердің шағымы" туралы сұрақ қойылды.
"Бір мезетте фермерлерге де ыңғайлы, киіктерді де атпауға мүмкіндік беретін шешім қабылданды ма?" деген сұраққа БҚО әкімі Нариман Төреғалиев "әзірге оң шешім жоқ" деп жауап берді.
"Биыл бізге төрт елден сарапшы келді. Олар киік көп мекендейтін аудандарға барып көрді: Жәнібек, Бөкей ордасы, Қазтал және Жаңғалы аудандары. Сарапшылар киіктердің көп екеніне көздері жетті. Бірақ киіктердің санын реттеуге құқығымыз жоқ конвенция барын айтты. Ал халық реттеуді ұсынады. Біз шаруалармен ортақ шешімін табуымыз керек" деді БҚО әкімі.
t.me/azattyq
Қаңтаршылар ісі, партиядан бас тартқан Әбілов - AzatNews | 26.05.23
📌 Тараз тұрғындары 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан балаларын ақтауды талап етеді. Сот марқұмдарды "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп соттаған.
📌 Саясаткер Болат Әбілов партия құру идеясынан бас тартқанын мәлімдеді. Президенттің "Жаңа Қазақстан" уәдесі орындалмағанын, партия құруға билік рұқсат бермегенін айтады.
📌 Украинаға Ресей тағы да дрон мен ракета жаудырды. Көбі Киев пен Днепрге қарай ұшқан. Украина қарулы күштері түгелге жуығын қағып түсіргенін айтты.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
"Бала туу адам төзгісіз қиын деп неге ешкім айтпаған?" Босанудан кейінгі депрессияға шалдыққан аналардың әңгімесі
Әдемі ана, тәртіпті бала, мұнтаздай таза үй мен жаңа піскен кешкі ас. Ана болуды романтизациялап, әйелдің басты міндеті бала табу деп ойлайтын қоғамда мыңдаған әйел мінсіз болуға, бәрін үлгеруге тырысады. Бірақ іштей қажып, өмірден түңіліп жүруі мүмкін. Қазақстанда әйелдердің қанша пайызы босанудан кейінгі депрессияға шалдығатыны жөнінде статистика жоқ. Бұл ауруды құнсыздандырып, еркелікке, ойдан шығарылған нәрсеге балайтындар да бар. 28 мамыр – халықаралық әйел денсаулығын қорғау күні. Атаулы датаға орай Азаттық қоғам қысымы мен босанудан кейінгі депрессия туралы қате түсінікке қарамастан, басына төнген қара түнектен жол тауып шыққан батыл әйелдердің хикаясын жазып алды.
ОҚУ
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Қамаудағы қарақалпақ белсендісінің адвокатымен сұхбат
Ташкенттегі Өзбекстанның Жоғарғы сотында былтыр жаздағы Нөкіс қантөгісіне қатысқан қарақалпақ белсенділерінің апелляциялық шағымы қаралып жатыр. Көбіне "конституциялық құрылысты күштеп өзгертпек болды", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "билікті басып алуға сөз байласты" деп айыпталып, түрме жазасы кесілген 16 адамның арасында журналист, заңгер Дәулетмұрат Тәжімұратов бар. Белсендінің өзі де, адвокаты да ол абақтыда азапталып жатқанын айтқан.
ОҚУ
Қаңтар кезінде азапталғанын айтқан Өскемен тұрғыны билікті сотқа берді
"Қаңтар оқиғасы кезінде тергеу изоляторында азапталдым" деген Өскемен тұрғыны Қазақстанның қаржы министрлігін сотқа берді.
"Қамау орнында бірнеше күн ұрып-соғып, қысым көрсеткендер жауап беруге тиіс"деген 38 жастағы Ренат Жұбақов үкіметтен 30 млн теңге мөлшерінде моральдық және 1 млн 98 мың теңге көлемінде материалдық залалды өтеуді талап етіп отыр.
Істі Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот қарай бастады. Алғашқы отырысқа талапкер Өскеменнен онлайн қатысты.
Ренат Жұбақов 6 қаңтар күні орталық алаңға барғанын жасырмайды. Бірақ ол кезде "қала іші де, алаң да тыныш болған" дейді. Сөзінше, араға үш күн салып 9 қаңтарда үйіне полиция, қару ұстаған арнайы жасақ келген. Әлдекімнің түсірген видеосынан Ренаттың суретін көрсеткен олар оны туыстарының көзінше күштеп алып кеткен.
- Жексенбі еді, үйде жақындарым, қонақтар болған. Интернет өшіп тұрған. Қарапайым киінген екі адам өзін жедел уәкіл деп таныстырып, полиция бөліміне баруды ұсынды. "Не үшін?" дегенімде, алаңға барыпсың деді. Құжатын сұрадым, жауап бермеді. "Бармаймын" деп едім, сыртта тұрған автозактан арнайы жасақтың 6-7 өкілі түсті де, қолымды бұрап, күштеп алып кетті, - дейді ол.
Өскемен тұрғыны 9-11 қаңтар аралығында үш күн тергеу изоляторында болғанын айтады. Айтуынша, дәл сол кезде полиция қызметкерлері ұрып-соққан.
«Путинді тыңдаймын, соғыса береміз». Пригожиннің сұхбатынан үзінді
«Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин кремльшіл журналиске сұхбат берді. Сұхбатында ол «арнайы әскери операцияның» барысын сынап, шенеуніктерге үндеу жасады. Әуелгі мақсаттары орындалмағанын айтып, Украина әскерін мақтады.
t.me/azattyq
Ақтөбеде қоғам белсенділері жуырда қайтыс болған оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинді еске алып, Құран бағыштады.
Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің асханасында өткен шараға 100-ге жуық адам қатысты.
Жасарал Қуанышәлинді еске алу шарасын "Халық дауысы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Бірлестік жетекшілерінің бірі Қайырғали Арыстанғалиевтің сөзінше, ұйымдастырушыларға Ақтөбе әкімдігі де көмектескен.
t.me/azattyq
Оқу-ағарту министрлігі Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушыларды күтіп отырғанын айтты
Жуырда Ресей аннексиялап алған Қырымға қазақстандық оқушылар жіберілгеннен кейін дау туындаған еді. (Сапарды “Орыс үйі” ұйымдастырған). Азаттық сол жөнінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан сұрады. Ол балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрайымы Насымжан Оспановаға сілтеді.
“Ата-аналар білім мекемелеріне хабарламай, балалар құқығын қорғау комитетіне де айтпай, өз бетінше аталған аумаққа балаларымен бірге кеткен. Біз күн сайын олармен байланыстамыз. 28 мамырда оралады деп күтіп отырмыз” деді Оспанова.
“Ата-ана ретінде балаларыңызды сол жаққа жіберер ме едіңіз” деген сұраққа министр жауап бермеді.
Ал балаларды қорғау комитетінің төрайымы “әрине жоқ. Себебі ол аймақта жағдай күрделі екенін көріп отырмыз” деді