azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Еуразия экономика форумында одақ мүшелерінің басшылары не айтты?

24 мамырда Мәскеуде ЕАЭО мүшелері Еуразия экономика форумына жиналды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Беларусь интеграциясына және ЕАЭО-ның өзге мүшелері арасындағы қарым-қатынастың айырмашылығына назар аударды. Беларусь басшысы Александр Лукашенко одаққа алғашында Украина мүше болуды қарастырғанын айтса, Ресей президенті Владимир Путин энергетикалық дағдарысқа Украинаны кінәлады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана соты Қазақстан ІІМ-ін сотқа берген қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың шағымын қанағаттандырмады

Астана соты Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан билігінің өзі туралы таратқан ақпаратын шындыққа сәйкес келмейді деп танып, кешірім сұрауды талап еткен қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың шағымын қанағаттандырмады. "Ар-намыс пен абыройды қорғау" бойынша азаматтық істе Қазақстан ІІМ жауапкер болған.

Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның күш құрылымдары Викрам Рузахуновты ұрып-соққан. Ізінше мемлекеттік телеарналар Алматыдағы бүлікке байланысты ұсталған адам туралы видео жариялап, оны "тәртіпсіздікке қатысқан" күдіктілердің бірі ретінде атаған. Видеода бет-жүзінде соққының ізі бар ер адам "Қырғызстанда жұмыссыз қалғанын, содан соң Қазақстандағы қарсылық митингісіне қатысуға келісім беріп, 90 мың теңге алғанын" айтады.

Артынша қырғызстандықтар бұл адам белгілі музыкант Викрам Рузахунов екенін танып, Қазақстан билігінен оны босатуды талап еткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Америка әншісі Тина Тернер қайтыс болды

Швейцарияда 83 жасында әнші Тина Тернер қайтыс болды. Бұл жөнінде оның өкілі Sky News-ға хабарлады.

Сегіз рет "Грэмми" сыйлығын алған Тина Тернер 1960-80 жылдары танымал әншілердің бірі болды. Әлем жұртшылығы арасында ол "рок-н-ролл патшайымы" деген атқа ие болған.

Әйгілі әнші 1939 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Ата-анасының оған қойған аты – Анна Мэй Буллок. Ол ритм-н-блюз стилінде ән айтып таныла бастаған.

"Грэммиден" бөлек, MTV Video Music Awards, Amеrican Music Awards және өзге де сыйлықтарға ие болған.

Тина Тернер биші әрі актриса ретінде де танылған. 1986 жылы Голливудтың Даңқ аллеясында оған арналған жұлдыз пайда болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Гүлнара Каримованың 303 млн доллары Өзбекстанға емес, офшор компанияға қайтарылуы мүмкін

Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримованың Швейцариядағы банк шотында бұғатталып тұрған 303 млн доллары Өзбекстанға емес, Гибралтарда тіркелген "Такилант" офшор компаниясына аударылуы мүмкін. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек қызметі жазды.

Былтыр шілдеде Швейцарияның қылмыстық істер бойынша федерациялық соты Каримованың адвокаттары берген апелляциялық арызды қанағаттандырған. Онда Швейцария прокурорлары қамауға алынған қаражаттың жемқорлықпен табылғанын растаған құжаттарды көрсете алмағаны, пара ретінде көрсетілген қаражатты алған кезде Гүлнара Каримова ешқандай мемлекеттік қызметте істемегені жазылған.

Сот шешімінде Каримова ол кезде кәсіпкерлікпен айналысқаны және оның активтері телекоммуникациялық бизнестен түскен заңды кіріс ретінде көрсетілуі керек екені белгіленген.

Бұл істі бақылап отырған белсенділердің айтуынша, прокурорлар әлі күнге дейін сот шешіміне қарсы арызданған емес.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі үйіне полицейлер келгенін хабарлады. Ол мұны қысым деп бағалайды

2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан 24 мамырда кешкісін Қайрат ықшамауданындағы үйіне полицейлер келгенін хабарлады.

Айлар бойы қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келген Айдос Мелдехан мұны өзі мен отбасына қысым деп бағалайды.

— Менің жағдайымда мұны тек саясатпен ғана байланыстырамын, – деді Айдос Мелдехан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" дивиденді күрт азайғанына наразы акционерлер мекеменің Ақтөбедегі кеңсесіне келіп, шағымын айтып тұр

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин ескі картадан Украинаны «таппады»

23 мамырда Ресей Конституциялық сотының төрағасы Валерий Зорькин президент Владимир Путинге 17-ғасырда сызылған картаны көрсетіп, онда «Украина жоқ» деді. Путин оны қолдай сөйледі. Бір қызығы, картада Қырым – бөлек мемлекет, ал Санкт-Петербург Швецияның құрамында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза болған бес адамның апелляциялық соты басталды деп хабарлады Адам құқығын қорғау бюросы.

Ел арасында "аруақтар ісі" аталып кеткен сот процесінің алғашқы отырысы 23 мамырда Жамбыл облыстық сотында қаралған. Сотта осы іс бойынша айыпталған қалған азаматтардың да үкімі қаралып жатыр.

Ақпанның басында алғашқы инстанциядағы сот Қаңтар кезінде оққа ұшқан бес азамат – Исатай Донбаев, Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев пен Тоқтар Ошақбайды кінәлі деп таныған. Оларға қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмаған еді. Тергеу органдары оларға Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты", "оқ-дәріні заңсыз алып жүрді" деген айып таққан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда белсенділер оппозициялық “Алға, Қазақстан” партиясын тіркеу бастамашыл тобының төрағасы Марат Жыланбаевты босатуды талап етті.

– Бастамашыл топтың төрағасы Марат Жыланбаевты 20 күндік әкімшілік қамаудан кейін кеше босатуға тиіс еді. Өкінішке қарай, полиция қызметкерлері қандай да бір жасанды іспен оны алып қалып, үйінде тінту жүргізді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғаған сияқты. Адвокат жағдайды анықтайды. Біз Марат Жыланбаевты босатуды талап етеміз, – деді белсенді Әсет Әбішев.

Бұдан соң белсенділер “Марат Жыланбаевқа бостандық!” деп айқайлайды. Видео Алматыда түсірілгенге ұқсайды.

Гиннесстің рекордтар кітабына кірген желаяқ, кейінгі жылдары билікті сынап, түрлі наразылық акцияларына қатысып жүрген белсенді Марат Жыланбаев қазір полицияда. Жақтастары оның үстінен “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” бабы бойынша із қозғалған болуы мүмкін дейді. Полиция жауап бермеді.

Ол екі жылдан бері «Алға, Қазақстан» атты оппозициялық партия құруға талпынып жүр. Бірақ әділет министрлігі тіркемеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Алға, Қазақстан” партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ өкілдері партияны тіркеу жөнінде министрлікке 15-рет өтініш тапсырды. Бұған дейін министрлік “құжаттары дұрыс емес” деп топтың өтінішін 14 рет кері қайтарған.

Белсенділер министрлікті сотқа да берген, алайда жеңіліп қалған. Олар мұның саяси астары бар деп есептейді. Белсенділердің айтуынша, министрлік “нақты қай құжаттан қателік кеткенін айтпай отыр”. Ал әділет министрлігі айыптауларды жоққа шығарады. Министрлік әзірге белсенділердің өтінішіне жауап бермеген

Видео: #БелсенділерЭкстремистЕмес тобы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

23 мамырда Атырау облыстық соты "Дорожный контроль" ақпарат порталының өңірдегі тілшісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл бойынша шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Биыл 30 наурызда Атырау қаласының №2 соты Вертинскаяға шабуыл жасады деп айыпталған жергілікті тұрғын Әлібек Меллятовты "бұзақылық" бабы бойынша (ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танып, бір жылға бостандығын шектеген болатын. Ол сонымен бірге 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелген.

Ал жәбірленуші Олеся Вертинская мен оның адвокаты Айбар Қосымбаев үкіммен келіспеген. Адвокат Қосымбаев істі "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша (107-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы) қайта тергеуге жіберуді сұраған еді. Апелляциялық отырыс кезінде де жәбірленуші жақ осы талаптарды айтқанымен, өтініштері орындалмады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде полиция мигранттарды соққыға жыққан

Ресейде еңбек мигранттарына рейд жиіледі. Полиция олар тұратын елді мекендерді аралап, көзге түскен мигранттарды учаскелерге апарып жүр. Полиция мигранттардың кейбірін ұстау кезінде соққыға жыққан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жоғарғы сот экс-кандидаттардың талап арызын қараудан бас тартты

Сайлау нәтижесі бұрмаланды, науқан әділетсіз өтті деп санайтын экс-кандидаттар биылғы 19 наурызда өткен дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды және сайлау комиссияларының өз шағымдарын қарастырмау әрекетін заңсыз деп тануды сұраған.

Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген олар Жоғарғы соттың талап арыздарды қараудан бас тартуына негіз жоқ деп есептейді.

Адвокат болып жұмыс істейтін Мұрат Адамның айтуынша, Жоғарғы сотқа екі талап арыз берілген. Бірінші талап арызға өзі қол қойып тапсырған. Онда Орталық сайлау комиссиясының және аумақтық сайлау комиссиясының өз шағымдарын қарастырмай тастаған әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. Ал екінші талап арызды Санжар Боқаев қол қойып тапсырған. Онда мәжіліс сайлауының нәтижесін заңсыз деп тану туралы талап қойылған.

Толығырақ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей билігі Белгород облысында "контртеррористік операция" аяқталғанын хабарлады

Ресейдің Украинамен шектесетін Белгород облысында "контртеррористік операция аяқталды" деп хабарлады губернатор Вячеслав Гладков.

Бұған дейін аталған облысқа Орыс еріктілер корпусы мен "Азат Ресей" қарулы тобы кіріп, ұрыс болып жатқаны хабарланған еді. Украинамен шектесетін облыстағы бірнеше ауылға "қарулы топ шабуылдағаннан кейін", кейінгі мәлімет бойынша, 12 адам жараланған.

Гладков жергілікті тұрғындар арасында екі адам қаза болғанын айтты. 1941 жылы туған жергілікті тұрғын эвакуация кезінде қайтыс болған. Гладковтың айтуынша, Козинка ауылының тағы бір тұрғыны атқылау кезінде қаза тапқан болуы мүмкін. "Базаның" жазуынша, ол ұрысқа қатыспаған, ер адам қаңғыған оқтан қаза болуы мүмкін.

Ресей қорғаныс министрлігі Брянск облысына кірген қарулы топтың 70 мүшесі қаза болғанын хабарлады. Ресей әскері қаза болған әскери қызметкерлер туралы мәлімет таратпады. Ал "Коммерсантъ" кемінде екі әскери қызметкер қайтыс болғанын, төрт адам жараланғанын жазды. Бұл ақпаратты әзірге тексеру мүмкін емес.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Себебін түсіндірмей-ақ бас тартуға құқығымыз бар". Айбек Смадияров Украина елшісі туралы

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров "Украина елші ретінде ұсынған Сергей Гайдайдың кандидатурасын Қазақстан бекітпеді" деген ақпаратқа байланысты Азаттық қойған сауалға осылай жауап берді.

Айбек Смадияровтың сөзінше, "бұл шешімді достыққа жатпайтын акт деп бағалауға болмайды".

– Қазақстан Украинамен көпқырлы достық қарым-қатынасын дамытуға ықыласты, – деді ол.

Бұған дейін Ресейдің түрлі ақпарат құралдары "Украина елшілікке жіберген Сергей Гайдайға Қазақстан агреман беруден бас тартты. Оның орнына кәсіби дипломат көргісі келетінін ашық аңғартты" деген ақпарат таратқан. Ақпарат құралдары Сергей Гайдай Украинаның Ресей басып алған Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болғанын ілік еткен.

Биыл наурызда Украина Қазақстандағы елші қызметіне Сергей Гайдайды жіберуі мүмкін деген ақпарат жарияланып, ондай болжамды Гайдайдың өзі де растаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде тәжік азаматтары жаппай ұсталып жатқанына байланысты Душанбе алаңдаушылық білдірді

Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев 24 мамырда Тәжікстан сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Ресейде тәжік азаматтары жаппай ұсталып жатқанына Душанбе алаңдап отырғанын жеткізді.

Тәжікстан билігі "көші-қон проблемасын бірлесіп шешу тетігін қарастыру қажет" деп мәлімдеген.

Тәжікстан СІМ-нің хабарлауынша, Ресей елшісімен кездесу кезінде 19 мамырда Ресейдің Комсомольск қаласындағы техникалық университетте оқитын тәжік студенттеріне көрсетілген әлімжеттік те туралы да айтылған.

"Бұл оқиға тәжік-орыс стратегиялық әріптестігі талаптарына сәйкес келмейтіні, білім саласындағы өзара қарым-қатынасқа зиянын тигізуі мүмкін екені" айтылды делінген хабарламада.

Тәжікстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Умед Бобозода ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға қайырылып, тәжік студенттерінің басындағы жағдайды ашық түсіндіріп беруді сұраған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

NYT: АҚШ "Кремльге дрон шабуылының" ар жағында Украина тұр деп санайды

Мамыр айында Кремльге жасалған "дрон шабуылының" ар жағында Украинаның әскери немесе барлау ведомстволарының бірі тұр. АҚШ әкімшілігінің өкілдері осылай деп есептейді. Алайда Американың барлау қызметінде шабуыл жөнінде толық ақпарат жоқ және АҚШ әкімшілігі осы бағалауға да толық сенімді емес. Бұл жөнінде АҚШ әкімшілігіндегі шенеуніктерге сүйенген New York Times басылымы жазды. Мақалада шенеуніктердің аты-жөні көрсетілмеген.

Басылымның жазуынша, АҚШ барлау қызметінде шабуылды Украинаның нақты қай қызметі немесе құрылымы ұйымдастырғаны жөнінде мәлімет жоқ. Шабуыл жөнінде Украина басшысы Владимир Зеленский мен айналасындағылар білді ме, жоқ па деген сұраққа да барлау қызметі жауап бере алмайды, деп жазды NYT.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев: Ресей мен Беларусь – бір мемлекет, бірақ "интеграцияның басқа деңгейі" бар

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 мамырда Мәскеуде Еуразия экономика форумында сөйлеген кезде Ресей мен Беларусь интеграциясына және ЕАЭО-ның өзге мүшелері арасындағы қарым-қатынастың айырмашылығына назар аударды.

Тоқаевтың сөзінше, Беларусь пен Ресей одағы "екі ел – бір мемлекет" деген формулаға негізделген.

Қазақстан президентінің сөйлеген сәтінен видеоны Беларусь басшысы Александр Лукашенконың баспасөз қызметі жүргізетін "Пул первого" телеграм-арнасы да жариялады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Несиені қайтармаған мыңдаған адам өзін банкрот деп тануды сұрайды

2022 жылы қаңтарда болған жалпыхалықтық митинг кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тапсырды. Парламент 2014 жылдан бері талқыланып келген заңды бір жылда қабылдады. Заңды жұрттың бәрі бірдей пайдалана ала ма? Бұл шара қазақстандықтарға қарыз шыңырауынан құтылуға көмектесе ме? Азаттық осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Барып тұрған әділетсіздік! " "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлері дивидендтің күрт азайғанына наразы

Қытайлық инвесторларға тиесілі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының акционерлері дивиденд мөлшері азайғанына наразы. "2022 жыл үшін әр акцияға 75 теңгеден беріледі" деген хабарлама алған 20 шақты адам сәрсенбі күні компанияның Ақтөбедегі бас кеңсесіне барды.

Наразылар әр жылдары "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамында жұмыс істеп, зейнет демалысына шыққан. Мысалы, зейнеткер Төрехан Қараманов компанияның 133 акциясына иелік етеді. Ол "дивиденд мөлшері жылма-жыл азайып келеді" дейді. Былтыр әр акция 5200 теңгеден бағаланса, биыл 75 теңгеге құлдыраған.

– "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" – өте табысты компаниялардың бірі. Ақтөбе обысында өндірілетін мұнайдың 90 пайыздан астамы "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" үлесінде. Сөйте тұра, қытайлық инвесторлар акционерлерге компания табысынан берілетін дивидендті жыл сайын біртіндеп азайтып келеді. Меніңше, бұл – барып тұрған әділетсіздік, – дейді Төрехан Қараманов.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі журналистер сауалына мүлдем жауап бермеді. Қытай билігіне қарайтын CNPC (China National Petroleum Corporation) "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы акциясының басым бөлігін тендер арқылы 1997 жылы жеңіп алған. 1997 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай мемлекеттік кеңесі вице-премьері Ли Ланьцин Алматыдағы президент сарайында "Ақтөбемұнайгаз" акциясын сату бойынша келісімшартқа қол қойған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Демократиясы нашарлаған Қазақстан, тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" – AzatNEWS | 24.05.23

📌 "Алға, Қазақстан!" партиясын құруды талап етіп жүрген бастамашыл топ 24 мамыр күні әділет министрлігіне барып тағы да құжат өткізді. Бұған дейін олардың құжаты министрліктен 14 рет кері қайтқан.

📌 Freedom House құқық қорғау ұйымы есебінше Қазақстанда демократия көрсеткіштері төмендеген. Ұйым құжатында саяси белсенділердің қудалануы, медиа еркіндігі, қаңтар тергеуі туралы айтылған.

📌 Украина ұсынған адамды Қазақстан билігі елші етіп бекітпеді. Сыртқы істер министрлігі құпия процестің жария болып кеткеніне таң. Саясаттанушы сөзінше, бекітпеудің артында Кремль тұруы мүмкін.

КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытайлық инвесторларға тиесілі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының акционерлері дивиденд мөлшері азайғанына наразы.

Компаниядан "2022 жыл үшін әр акцияға 75 теңгеден беріледі" деген хабарлама алған 20 шақты адам сәрсенбі күні компанияның Ақтөбедегі бас кеңсесіне барды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бұрын ұшқыш болған, қазір мүсін ояды. Өскемендік шебер қазақ батырларын бейнелеп жүр

Өскемендік ағаш шебері Юрий Костанянцтың жеке музей-үйі бар. Жиһаз жасап күн көретін шебер тапқанын шығармашылыққа жұмсайды. Ол биыл командасымен қазақтың тарихи тұлғаларының мүсінін жасап, топтама әзірлеген. Қазақ ауыз әдебиеті кейіпкерлерін де сомдап шыққан. Мүсінші ол туындыларын сатпайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекетінде бақылау күшейтілді

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекетінде жүк тасымалының шамадан тыс көптігінен бақылау күшейтілген. Бұл жөнінде Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Мекеменің мәліметінше, тараптар проблеманы шешу үшін тиісті шараларды қолға алуға келіскен.

"Біршама тұрып қалған жүк көліктерін қайта жөнделіп жатқан кеден бекеттері арқылы өткіздік. Қазір өткізу бекеттерінде бақылау барынша күшейтілді. Бақылау операциясын жылдам жүргізу үшін қосымша штаттар алынды. Қазір тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті" делінген хабарламада.

Өзбекстан мен Қазақстан жүк және көлік өткізуді ұлғайту жөнінде келісімге келген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германия мобилизациядан қашқан Ресейдің 55 азаматына пана берді

Германия билігі мобилизациядан қашқан Ресейдің 55 азаматына пана берді. Осындай 88 өтініш кері қайтарылған, 1,5 мыңнан астам өтініш қаралып жатыр. Бұл жөнінде Германия ішкі істер министрлігіне сүйенген Redaktions Netzwerk Deutschland сайты хабарлады. Сайттың хабарламасының үзіндісін "Настоящее время" арнасы жариялады.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Германия билігінен 2485 Ресей азаматы пана сұрап, өтініш түсірген. Сәуірдің соңына дейін 814 өтініш бойынша шешім қабылданған. 671 ресейліктің өтінішін неміс билігі "азамат барған Еуроодақтағы алғашқы мемлекет қарауға тиіс" деп кері қайтарған.

Былтыр қыркүйекте Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Германияның бірқатар министрі Германия мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарына уақытша пана береді деп мәлімдеген еді.

"Әскерден қашып, қудалауға ұшыраған адамдар Германияда халықаралық қорғауға ие бола алады" деген еді ішкі істер министрі Нэнси Фезер.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы мәжіліске түсті. Активтерді жинақтайтын қор құрылады

Мәжіліс елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын қарай бастады.

Заң жобасы авторларының айтуынша, құжат "активтерді анықтау және қайтару үшін қажет заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға" бағытталған.

Заң жобасы Бас прокуратура ішінен заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке ведомство құруды қарастырады. Ол осы саладағы уәкілетті орган міндетін атқарады. Бұған қоса, активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор мен басқару компаниясы құрылады. Аталған қорға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қордың он шақты адамнан тұратын шағын болатынын айтты.

Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сияқты жалпы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзуту енгізілмек.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев “Қазақстан арқылы Ресейге 500 дрон тасымалдады” деп айтылған қазақстандық "Аспан арба" компаниясы туралы сұраққа жауап берді. Министр бұған дейін келіп түскен ақпаратта аталған компания жоғын айтты.

“Нақты сіз айтқан компанияны тексеріп көрейік” деді ол.

Бұған дейін журналистер зерттеу жариялап, Қазақстан арқылы Ресейге санкцияға ілінген тауар тасымалдап жүрген "Аспан арба" компаниясын тапқан. Зерттеушілердің дерегінше, былтыр аталған фирма DJI компаниясының 500-ге жуық дронын Ресейге сатқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Орныққан авторитаризм" және демократиясы нашарлаған Қазақстан

Авторитар елдердің көбінде демократия көрсеткіші төмендеп, азаматтық қоғам тұншықтырылып жатыр. Соғысқа қарамастан, Украинада демократия ахуалы жақсарса, Ресей құлдыраған үстіне құлдырады, ал Орталық Азиядағы бес елдің барлығы "орныққан авторитаризм" категориясымен рейтингінің соңында тұр. Freedom House халықаралық демократия және адам құқықтары ұйымы Еуропа мен Орталық Азияның бұрынғы коммунистік лагерь елдеріндегі демократия көрсеткіштерін бағалайтын жылдық есебінде осындай қорытынды жасады.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жеті жылға сотталған оралдық белсенді Аслан Өтепов кім?

23 мамырда Орал қаласының соты «Халық жемқорлыққа қарсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аслан Өтеповті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Жетімдер құқығын қорғап, «Трамадол» препаратын дәріханадан тыс жерде сатуға қарсылық білдіруімен танылған заңгерге «алаяқтық жасады», «пара беруге итермеледі» деген айып тағылған. Өтепов бұл іс «қолдан ұйымдастырылғанын» айтады, ал құқық қорғаушылар «белсендіні қудалаудың саяси астары бар» деп біледі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жыланбаевтың үйін тінту, абақтыдағы аштық, ұшақтан қайтқан құқық қорғаушы - AzatNews | 23.05.23

📌 Астанада оппозициялық белсенді, марафоншы Марат Жыланбаевтың үйін полиция тінтті. Әкімшілік жазамен қамауда отырған оның үстінен қылмыстық іс қозғалған болуы мүмкін.

📌 2022 жылғы шілдеде Қарақалпақстанда болған қантөгісті зерттеп жүрген қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовті Өзбекстанға кіргізбеді. Бішкектен Ташкентке ұшпақ болған оны бортқа жібермеген.

📌 Оралда "пара алуға итермеледі", "алаяқтық істеді" деп айыпталған азаматтық белсенді Аслан Өтепов 7 жылға сотталды. Өтепов үкіммен келіспейді және "нақақ сотталдым" дейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал