"Вагнер" жетекшісі Пригожин Бахмутты "толық басып алғанын" мәлімдеді. Украина қарулы күштері жоққа шығарды
Телеграмда жарияланған алтыминуттық роликте Пригожин қаланы 20 мамырда түсте басып алғанын айтады.
"Бахмутты басып алу операциясы 224 күнге созылды" деді "Вагнер" жетекшісі.
Ал Украина қарулы күштері ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, қаладағы "белгілі бір өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандары" мен жеке сектор украин әскерінің бақылауында. Дегенмен Маляр қалада жағдай "өте күрделі" екенін айтты. Украина қарулы күштерінің шығыс әскері басқармасының өкілі Сергей Череватый Бахмутта ұрыс жалғасып жатқанын айтты.
t.me/azattyq
Белсенді Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр деп хабарлады белсендінің әйелі Инга Иманбай.
Оның айтуынша, Жанболат Мамайдың денесін қызыл бөрткен басып кеткен. “Ештеңе көмектеспей жатыр” деп жазды Инга Иманбай денсаулық сақтау министрлігі мен омбудсменге бағыттаған жазбасында.
Бірнеше күн бұрын Инга Иманбай күйеуінің Алматы қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылғанын хабарлаған.
“Оның 11 мамырдан бастап қызуы көтеріліп, мазасы болмай жүрді. Оған дейін 5 мамырда медициналық тексеруден өткен еді. Талдау нәтижелері жақсы болған. 5 күн ішінде оған не болғанын әзірге білмейміз” деген еді Инга Иманбай 17 мамырда.
Оның айтуынша, балалары да әкесіне ұқсас белгілерімен ауруханаға түскен.
"Үлкен жетілік" елдері Қытайды Мәскеуге басқыншылығын доғарып, Украина жерінен кету бойынша қысым жасауға шақырады.
20 мамырда таратылған коммюникеде Хиросимаға жиналған G7 елдерінің басшылары Қытайды "территориялық тұтастық пен БҰҰ жарғысына негізделген принциптерге негізделген әділ әрі тұрақты әлемді қолдауға шақырған".
t.me/azattyq
Қазақстандағы ірі уран кеніші "Росатом" бақылауына өтті.
Онымен бірге Степногорск тау-химия комбинатын да Ресей жағы иеленген. Бұл жөнінде әлемдегі табиғи уран өндіретін ірі компаниялардың бірі қазақстандық "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының қаржы есебі жарияланғаннан кейін белгілі болды.
t.me/azattyq
Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды
Сенбі күні таңертең Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті.
Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар. Билік өкілдерінен жаназаға қатысқандар байқалмады.
Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.
Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмған.
Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың 500 азаматына елге келуге тыйым салды. Арасында Американың бұрынғы президенті Барак Обама да бар.
19 мамырда АҚШ Ресейдің 46 азаматына жеке санкция салған, ведомствоның түсіндіруінше, бұл соған "қарымта жауап".
Ресей сыртқы істер министрлігі құрған тізімге АҚШ атқару билігінің өкілдері, Конгресс мүшелері, әскери компания басшылары, сарапшылар мен Америкадағы ұйымдардың ғылыми қызметкерлері, журналистер, жүргізушілер мен сарапшылар енген.
t.me/azattyq
АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға әскери қылмысты зерттеуге көмектеседі
Украинаның құқық қорғау органдары Ресей басқыншылығы басталғалы бері 82 мыңнан астам әскери қылмысты тіркеген. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбритания осы қылмыстарды зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеспек.
Украина бас прокуроры Андрей Костин Варшавада өткен халықаралық ауыр қылмыс мәселелері туралы форумда (Atrocity Crimes Advisory Group, ACA) осындай қылмысты зерттеу топтарын қолдаудың маңызы жөнінде айтты.
t.me/azattyq
Oyan, Qazaqstan! қозғалысының мүшесі Влада Ермольчева аштықты тоқтатты
Қозғалыс өкілдерінің хабарлауынша, белсенді медициналық себептерге байланысты аштықты екі күн бұрын тоқтатқан.
“Осы уақыт кезінде Владаның хәлі күрт нашарлап, денсаулығына тым зиян келтірмеуі үшін аштықты тоқтатуға шешім қабылдады Oyan, Qazaqstan! қозғалысы Владаның шешімін толықтай қолдайды. Ол әкімшілік қамауда отырса да өз пікірі үшін күресуге дайын екенін көрсетті” деп жазылған қозғалыстың телеграм-арнасындағы хабарламада.
Белсенді 11 мамырда апелляциялық сот өтіп, оны 15 тәулікке қамау туралы шешім өзгеріссіз қалғаннан кейін аштық жариялаған еді.
Oyan, Qazaqstan! белсенділері Влада Ермольчева мен Дархан Шәріповті сот 7 мамырға қараған түні "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыптап, 15 тәулікке қамаған. Екі белсенді президент және парламент сайлауына қатысты наразылық акциялары үшін сотталды. Белсенділер шешімге қарсы болған.
Дереккөз: Владимир Зеленский G7 саммитіне қатысу үшін Жапонияға барады
Украина президенті Владимир Зеленский "Үлкен жетілік" елдері саммитіне қатысу үшін Хиросима қаласына барады. Бұл туралы Kyodo агенттігі, сонымен бірге The New York Times, The Washington Post және CNN Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Reuters агенттігі болса мұндай мәліметті Еуроодақтағы дереккөзге сүйене отырып таратты.
Киев әзірге мәліметті ресми түрде растаған жоқ.
Зеленский кеңсесі президенттің сапарлауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ "бәрі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты" болатынын ескертті.
Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 2-4 жыл аралығында түрме және шартты жаза сұраған. Айыпталушыларға негізінен "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты", "қару-жарақ ұрлады", "ғимараттарға шабуыл жасады" деген айыптар тағылған. Айыпталушылардың басым бөлігі айыпты мойындамайды, кейбірі ішінара мойындаған.
Читать полностью…Қытай Орталық Азия елдерінің қорғанысын күшейтуге көмектесуге дайын. Жұма күні басталған “Орталық Азия – Қытай” саммиті кезінде Қытай басшысы Си Цзиньпин осылай деп мәлімдеді.
“Әлемге тұрақты, гүлденген, үйлесімді әрі байланысы нығайған Орталық Азия керек” деді ол. Оның сөзінен Reuters үзінді келтіреді.
“Қытай Орталық Азия елдеріне күштік құрылымдары, қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін жақсартуға көмектесуге дайын” деді Қытай басшысы.
Ол сонымен бірге алты мемлекет аймақтағы елдердің ішкі мәселелеріне сыртқы күштердің араласуына қарсы шығуы тиіс деп бұрынғы сөзін қайталады.
Ресей басқыншылығы тұсында Қытай ОА елдерінің қорғаныс мәселесін алғаш рет айтып тұрған жоқ. Былтыр Қытай басшысы ШЫҰ саммитіне бара жатқан кезде Тоқаевқа Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғауға дайын екенін, елдің ішкі мәселелеріне сыртқы күштердің араласуға қарсы шығатынын айтқан.
Кей сарапшылар "бұл – Қытай риторикасы, Ресей алда-жалда әрекетке көшсе, Қытай мұны тежей қояды деу қиын" деп санайды.
Астанада мүгедек балалары бар бір топ әйелді арнайы жасақ Ақорда жаққа өткізбей тұр. Әйелдердің айтуынша, олар әлеуметтік талаптары жазылған хатты президент әкімшілігіне тапсырғысы келеді. Бірақ оларды арнайы жасақ жартылай қоршап, өткізбей жатыр.
Читать полностью…"Моншаға бара жатқанда полиция ұстап әкетті". Қытаймен визасыз режимге қарсы ақтөбелік төрт азаматқа айыппұл салынды
Ақтөбеде "бейбіт жиналыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзды" деген айыппен төрт белсенді – Ахмет Сәрсенғалиев, Альмира Қуатова, Айнагүл Төбетова мен Бауыржан Маратұлы әкімшілік жазаға тартылды. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.
Ақтөбе облыстық соты "тәртіп бұзушылардың кінәсі сот зерттеген айғақтармен, яғни видеожазбалармен, әлеуметтік желіден жасалған скриншоттармен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен дәлелденді" деп хабарлады.
Азаттық белсенділердің өзімен тілдесті.
t.me/azattyq
"Өзінің отына шыдамай кетті". Марқұм Жасарал Қуанышәлин жайлы естелік
Алматыда 75 жасқа қараған шағында оппозиция қайраткері, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды.
t.me/azattyq
Астанаға келген наразы режиссерлер министрлікке бірнеше талап қойды
Мәдениет министрлігі режиссерлердің талабына байланысты тәуелсіз комиссия құрылатынын хабарлаған. Алайда наразы топтың өкілі Азамат Шарғынның Азаттыққа айтуынша, министрлік режиссерлердің талаптарының алғашқы бөлігін ғана орындап отыр.
– Олар байқаудан өтпей қалған 153 жобаны ғана тексереміз деп отыр. Ал біз әлгіннен бері байқаудан өткен барлық 130 жобаны да тексеруді талап етіп отырмыз. Біздің қолымызда кемінде 4 жобаның байқаудан заңсыз өткені жөнінде айғақтарымыз бар. Жоба иелері "бізді қателікпен өткізіп жіберген" деп мойындап отыр. Бұған қоса, біз тәуелсіз комиссияның құрамына тәуелсіз заңгерлерді, біз ұсынған депутаттарды кіргізуді де талап етіп отырмыз. Егер заңбұзушылықтар анықталса, жауапты тұлғалар жауапқа тартылсын деп отырмыз, – деді Азамат Шарғын.
Атырау трассасында көлік апаты болып, Өзбекстанның 4 азаматы қаза болды.
Бұл жөнінде Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
t.me/azattyq
Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан Ресейді айналып өтетін темір жол құрылысы жобасының келесі қадамдары туралы үшжақты құжатқа қол қойды.
Осылайша бұл елдерде халықаралық санкцияға ұшыраған Ресейді айналып өтіп, Еуропаға апаратын қысқа жол пайда болуы мүмкін.
Аталған темір жол бойынша алғашқы келісімге 2022 жылы 14 қыркүйекте Самарқанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қол қойылған. Жаңа құжат жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңдерін (жобалау құжаттарын жасау, зерттеу, инвестиция мен қаржыландыру моделін анықтау) анықтайды.
t.me/azattyq
Ресей мамыр басталғалы бері Киевке осымен 11-рет дрондармен шабуыл жасап отыр. Кей мәліметке қарағанда, орыс әскері ирандық "Шахед" дрондарын қолданған.
Сенбіге қараған түні анықталған ұшқышсыз аппараттардың барлығы атып түсірілді, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Киев билігі.
Жойылған дрондардың нақты саны анықталып жатыр. Киевте дрондар құлағаннан кейін көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт басталған, жол және көліктер, ғимараттар бүлінген.
t.me/azattyq
Аймақта "ықпалын күшейтіп жатқан" Пекин және Ресей мен Қытайдың "үнсіз бәсекесі"
Батыс басылымдары бұл аптада Қытайдың Сиань қаласында өткен Орталық Азия – Қытай саммиті Пекиннің аймақтағы ықпалы артып жатқанын көрсетті деп жазды. Сонымен қатар аймақта Қытай мен Ресей арасында бәсеке мен ықпалға талас бар ма деген сұраққа жауап іздеді. Бұдан бөлек Мәскеу Орталық Азия мен Кавказ елдері арқылы Батыс технологияларына қол жеткізіп жатқанына тоқталып, жанама санкциялардың қаупі арта түскенін талдады.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Қазақстан мен Өзбекстан әскери жаттығу өткізіп, "заңсыз қарулы топты жойды"
Ташкент әскери округы полигонында Өзбекстан мен Қазақстан қарулы күштерінің "барлау мен шартты қарсыласты жою бойынша" бірлескен "Қалқан-2023" жаттығуы өтті. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлады.
Оқу-жаттығу жоспары бойынша, екі елдің бірінде шоғырланған заңсыз қарулы топ ықпалын кеңейтуге тырысады.
t.me/azattyq
Астанадағы наразылық, қаңтаршылар соты, Қытайдағы саммит - AzatNews | 19.05.23
📌 Алматыда Қаңтар көтерілісіне қатысқан 25 адамға сот үкімі шықты. Олардың біреуі қаңтарда қаза тапқан. Судья бәріне де шартты жаза кесті.
📌 Астанада елу шақты адам президент әкімшілігіне барып хат тапсырды. Мүгедек балаларының ахуалын айтып шағымданған топты арнайы жасақ қоршап жүрді.
📌 "Қытай - Орталық Азия" саммиті аяқталды. Өңірдің тұрақтылығы маңызды деген Қытай төрағасы Си Цзиньпин бес елге жиыны 3,8 миллиард доллар көмек беретінін мәлімдеді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Өмірден озған Жасарал Қуанышәлин кім еді?
1990 жылдардан бері Қазақстаның саяси өмірінде белсенді күрескерлігімен көзге түскен қоғам қайраткері, көп жылын оппозицияда өткізген Жасарал Қуанышәлин 74 жасында қайтыс болды.
t.me/azattyq
Қаңтар бойынша айыпталған “25-тің соты” бойынша үкім:
Сот айыпталушылардың барлығына (бір адам – Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасында қаза болған) шартты жаза берді. "Қамауда болғандардың барлығы босатылды. Олар пробациялық бақылауда болады" деп хабарлады адвокат Айнара Айдархан.
Алматыда Қаңтар бойынша айыпталған “25-тің сотында” бүгін үкім оқылуға тиіс. Халық залға сыймай, соттан үлкен зал беруді, әділ үкім шығаруды талап етіп, ұрандатты.
Читать полностью…Ақыры арнайы жасақ мүгедек балалары бар әйелдерге Ақордаға хат тапсыруға мүмкіндік берді. Алайда маңайда полиция көп.
Қазір әйелдер президент әкімшілігінің қабылдау бөлмесі алдында тұр. Олардың хатында баспана мәселесін шешу, емдеу-сауықтыру шараларын қалпына келтіру сияқты түрлі 18 талап жазылған.
Әйелдердің қолында 18 пунктен тұратын талап хат бар.
– 2019 жылдан бері бірде-бір пункт шешілген жоқ: Баспана да, реабилитация, зейнет жасы, зейнетақы жарнасы мәселесі. Неге шешілмей жатыр? Неге ешкім назар аудармайды? Неге біздің мәселемізді кейінге ысырады? Қазақстан халқы аса көп емес. Біз шаршадық, әбден мезі болдық. Бүгін тыныш келіп, жәй ғана барып, хатты кеңсеге тапсырғымыз келген. Бірақ бізді арандатты. Бізді қоршап, тықсыра бастады. Біз оларға хатымызды көрсетіп "жәй ғана өткізіңдер, тапсырайық" дедік. 5 минутта кетіп қалатын едік. Соған мүмкіндік бермей жатыр, – деді әйелдердің бірі Азаттыққа.
Ал Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Азамат Садықов “бұл қорғалатын аймақ” деп жанындағы қызметкерлерімен бірге оларды жібермеді.
Шымкент соты әйелін "неке түнінде ұрып өлтірді" деп айыпталған ер адамды 9 жылға соттады
18 мамыр күні Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін "неке түнінде ұрып өлтірген" Серік Жанәлиевті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Азаттыққа Жанәлиев тағылған айыпты мойындамайтынын, үкімге келіспейтінін айтты.
"Серік Жанәлиев Қылмыстық кодекстің 106-бабымен ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") кінәлі деп танылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін" деді судья Мадияр Әбдірәсілов.
Әбдірәсіловтің сотта түсіндіруінше, 2022 жылғы 26 маусымда Жанәлиев пен Сағида Байменова мұсылманша неке қидырған. Осы күні түнде жанжалдасып, Жанәлиев Байменованың жағы мен оң иегінің астынан екі рет ұрып, абайсызда өлтірген. Бұл сот-медицина сараптамасы арқылы дәлелденген.
Жанәлиев тағылған айыпты мойындамайды. "Үкімге келіспеймін. Дәлелденген жоқ" деді ол сотта.
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин өмірден өтті - AzatNews | 18.05.23
📌 Бірнеше күн бұрын инсульт алып, ауруханаға түскен оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин 74 жасында дүниеден озды.
📌 Ресей түрмесінде отырған қазақтың ата-анасы "ұлымызды соғысқа әкетпек" деп президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрайды.
📌 Demoscope және Paperlab орталықтары Украина-Ресей соғысына байланысты қазақстандықтардың пікіріне негізделген зерттеудің қорытындысын жария етті.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Алматыда оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады.
Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.