Астана Қытаймен визасыз режим енгізіп, оған қарсыларды ұстады
Қазақстанда тіркелмеген «Нағыз Атажұрт» ұйымының төрағасы мен тағы бір белсендісі ұсталды. Бірнеше адам үйінің сыртын полиция күзетіп жүргенін айтты. Ұйым мүшелері президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарлаған 17 мамыр күні екі ел арасындағы визасыз режимге наразылық білдіріп, митинг өткізбек болған.
t.me/azattyq
“Назарбаев пен оның отбасының офшордағы ақшасын қайтару қаншалықты мүмкін?”.
Журналистер осы сұрақты әділет вице-министрі Алма Мұқановаға қойды. Оның айтуынша, жуырда парламентке түсетін “Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару” туралы заң жобасына сәйкес, “заңсыз байыды” деп күдікке ілінгендер декларация тапсырып, “қалай байығанын” түсіндіруге тиіс. Егер дәлелдей алмаса, өкілетті органдар оның байлығын тәркілеу туралы бастама көтере алады.
Кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві мәдени мұра таспаларын аудиокітапқа айналдырған
Алматы қаласында орналасқан Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві қазақ халқының совет кезінен танымал өнер қайраткерлерінің таспаларын аудиокітапқа айналдыруды бастаған. Бұл туралы бүгін, 18 мамырда архив өткізген конференцияда мекеме қызметкері Еңлік Толықбаева айтты.
Оның сөзінше, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде республиканың белгілі қоғам қайраткерлерінің, мәдениет және өнер адамдарының дауыстары жазылған көптеген аудиотаспа мәдениет мұрасы ретінде сақтаулы тұр. Халыққа тарату, қоғам игілігіне айналдыру мақсатымен архив оларды интернет арқылы тыңдай алатындай етіп аудиокітапқа айналдырып отыр.
Ресей әскері Киев пен Одессаны ракетамен атқылады, қаза болғандар мен жараланғандар бар
18 мамырға қараған түні және таңертең Ресей әскері Украина аймақтарын атқылады, елде әуе дабылы іске қосылды. Украина билігі Киев пен Одессада жарылыс болғанын хабарлады, жараланғандар мен қаза болғандар бар.
Одессада ракета атқылауының нәтижесінде 17 мамырда түнде бір адам қаза болды, екі адам жараланды. Бұл жөнінде Одесса облысының әскери әкімшілігінің спикері Сергей Братчук хабарлады. Оның сөзінше, ракеталардың басым бөлігін теңіз күштері атып түсірген, бірақ өнеркәсіп нысандарына да түскендері де бар.
Бұл ақпаратты "Оңтүстік" жедел басқармасының спикері Наталья Гуменюк растаған.
"Өкінішке қарай, бір адам қаза болды және жараланған екі күзетші бар. Барлығы – бейбіт адамдар, бейбіт нысандар. Жауымыз әдеттегідей майдан алаңынан тыс аймақты террорлауға тырысады және Одессаға оның басым аймақ екенін еске салады" деді Гуменюк.
"Бәсекеге түспейтін" Ресей және Мәскеу мен Пекиннің "сынақ аймағы". Қытай+Орталық Азия саммиті не шешпек?
Қытайдың Орталық Азиядағы мүддесі қандай? Аймақ елдері Пекинмен серіктестікке қаншалық мүдделі? 18-19 мамыр күндері Сиань қаласында өтетін "Қытай – Орталық Азия" саммитінде не талқыланбақ? Ресей мен Қытай арасында аймақтағы ықпал үшін талас бар ма? Қытаймен тығыз қарым-қатынастан Қазақстан не ұтады, неден ұтылады? Азаттық бұл туралы Сингапурдағы Наньян технология университеті жанындағы Раджаратнам атындағы халықаралық зерттеу мектебінің аға ғылыми қызметкері, Лондондағы Қорғаныс зерттеулері біріккен корольдік институтының зерттеушісі Рафаэлло Пантуччимен сөйлесті.
ОҚУ
Дайрабаевтар адам саудасы үшін айыпталып жатыр
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты тағы бір дау туды. 60 жастағы Василий Ковешников есімді азамат депутаттың ұлдары үш жыл бойы өзін құлдықта ұстағанын, қашуға тырысқанда, ұстап алып, ұрып-соққанын айтты. Депутаттың өзі айтылғанның бәрі жала деп, мұны «өзіне қарсы науқанға» балады.
t.me/azattyq
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жалақысы 2 миллион теңгеге жуықтайтынын, туған күнін үйінде ғана атап өтетінін айтты.
Instagram әлеуметтік желісінде Ақтөбе облысының әкімі 13 мамырда "60 жасын Ақтөбедегі ең қымбат ресторанда өткізді" дейтін пост пайда болған. Онда "шенеуніктер тойға қызмет көліктерімен келді" деп те жазылған.
17 мамырда орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Ералы Тоғжанов мерейлі жасын атап өткенін растады, бірақ "ең қымбат ресторанда өтті, әкімдер қызмет көліктерімен келді" деген ақпаратты теріске шығарған.
Брифинг кезінде Ералы Тоғжанов облыс әкімі ретінде 1 миллион 900 мың теңге жалақы алатынын да айтты. Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі кезінде жалақысының мөлшерін айтудан бас тартқан болатын.
t.me/azattyq
Кейінгі кездері депутат Жигули Дайрабаевқа байланысты дау-дамай көбейе түскені байқалған. Депутаттың өзі "жауларым ақпараттық шабуыл ұйымдастырып жатыр" дегенімен, олар кім екенін атамаған.
Сәуірде депутаттың ұлдары Дидар Молдахалық пен Марат Дайрабаев алаяқтық іске байланысты сотқа тартылған. Сот материалына қарағанда, депутаттың ұлдары құлпынай көшетін отырғызғаны үшін мемлекеттен субсидия алып, оның бір бөлігін өзге мақсатқа жұмсап жіберген. "Мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам шығын келтіргені үшін" сот оларға бес жыл шартты жаза кескен.
Мұсылмандарды аңду, "дәстүрден тыс ағымдарды" қудалау. Қазақстандағы дін еркіндігінің жай-күйі
АҚШ мемлекеттік департаменті діни азшылықтар құқығының шектелуі мен адамдарды діни көзқарасына байланысты бостандығынан айыруды Қазақстандағы дін еркіндігі саласындағы елеулі мәселелердің бірі деп есептейді.
🔗Сілтеме
Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді
Бұл жөнінде сейсенбіде британ үкіметі хабарлады.
Баспасөз хатшысы Даунинг-стриттің сөзінше, Ұлыбритания мен Нидерландтың премьер-министрлері Украина әуе күштеріне қолдау көрсетіп, F-16 ұшқыштарын әзірлеуден бастап ұшақтың өзін жеткізуге дейінгі жұмыстарды ұйымдастыратын коалиция құрмаққа уағдаласқан.
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Ұлыбритания мен Нидерланд басшыларына алғыс айтып, "Бізге F-16 керек. Одақтастарымыздың осы бағытта жұмыс істеуге құлшыныстарына рақмет" деген.
t.me/azattyq
CNN: "Пэтриот" зақымданған болуы мүмкін, бірақ жойылған жоқ
CNN хабарына қарағанда, қазір Украинада екі "Пэтриот" жүйесі бар. Біреуін АҚШ, екіншісін Германия мен Нидерланды берген. Оның қайсысы зақымданғаны белгісіз.
Сейсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы "Пэтриоттардың" бірі жойылғанын хабарлаған. Украина қарулы күштері Ресей жіберген дрондар мен зымырандардың бәрін, оның ішінде алты "Кинжалды" да әуе қорғанысы жүйесімен атып түсіргенін мәлімдеген, алайда "Пэтриот" жүйесі жойылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.
t.me/azattyq
Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды.
Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ.
t.me/azattyq
74 жастағы оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастанып, ауруханаға түскен.
Бұл ақпаратты оның жақындары мен жақтастары хабарлады. Саясаткердің әйелі, ақын Айсұлу Қадырбаеваның сөзінше, Қуанышалин үйде жалғыз болған.
– Кейінгі жарты жылда өзім де ауруханада жатырмын. Соңғы рет сөйлескенімде "маған ауруханаға жат деп жатыр" деген еді. "Маған қарайламай, жата бер" дедім. Бүгін серіктері телефон соғып, "есін білмей жатыр" деп хабарлады, – деді Айсұлу Қадырбаева.
t.me/azattyq
❗️Жазушылардың "шындықты бетке айтатын" науқандары
Жазушылар одағының жаңа төрағасын сайлау алдында дау туды. Бұған дейін Жазушылар одағының құрметті төрағасын сайлауға қарсылық білдірген жазушылар Назарбаев Қауіпсіздік кеңесіне төраға болғанда үнсіз қалған еді. 1937-38 жылдардағы саяси-қуғын-сүргін кезінде Жазушылар одағы өз ішіндегі "халық жауларын" белсене әшкереледі. 1956 жылы Алаш бағытындағы ақын-жазушылар шығармаларын жариялау сөз болғанда, жазушылардың өзі қарсы шықты.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Шығыс Қазақстан облысының Алтай аудандық мәслихаты Ленин ескерткішін жөндеуге бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлуді мақұлдаған
Бұл жөнінде жергілікті басылымдар жазды.
YK-news.kz сайтының жазуына қарағанда, 1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделеді, әзірге жөндейтін мердігер анықталмаған.
– Владимир Ильичтің қоладан құйылған бұл мүсіні – Шығыс Қазақстандағы совет көсемінің құрметіне арналған жалғыз ескерткіш. Әлі күнге аудан орталығындағы алаңның сәнін келтіріп тұр, халық бұл тарихи орынға құрметпен қарайды, – деп жазады басылым.
Алтай аудандық мәслихатының төрайымы Лариса Гречушникованың Азаттық тілшісіне айтуынша, ескерткіш жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде тұр.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова "ескерткіш идеологиялық тұрғыда ескірді" деп есептейді, "бірақ тарихи ескерткіштер тізімінде тұрғандықтан, жөндеу керек".
t.me/azattyq
“Әуежайды басып алу ісі” бойынша айыпталғандар Алматыдағы тергеу изоляторындағы тамақ сапасына шағымданды. Олар халық арасында “СИ-18” деп аталып кеткен абақтыда отыр.
Видео: "Пятое января"
Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова 14 рет тіркеуге өтініш беріп, 14-рет өтініші кері қайтарылған “Алға, Қазақстан” оппозициялық партиясы туралы сұрақтарға жауап берді. Ол “партияларды тіркеген кезде саяси ұстанымдарына қарамайтынын” айтты.
Билікті сынап жүрген "Алға, Қазақстан" саяси ұйымы ұзақ уақыттан бері партия ретінде тіркеле алмай келеді. Олар мұның саяси астары бар деп есептейді.
Жермен-жексен болған Бахмут: спутниктен түсірілген жаңа суреттер
Украинаның шығысындағы Бахмут қаласы Ресейдің және Украинаның қарулы күштерінің бірнеше айға жалғасқан қиян-кескі шайқасы барысында сау-тамтығы қалмай қирады. Спутниктен түсірілген жаңа суреттерден бір кезде мамыражай тірлік кешкен қаладағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың жермен-жексен болғанын байқаймыз. 16 мамырда Ресей әскері Бахмуттағы украин жауынгерлері бекінген жерлерге 55 рет соққы берді деп хабарлады Украина қарулы күштерінің бас штабы.
Фотогалерея
Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматы 10 жылға сотталды
Бішкектің Бірінші май аудандық соты Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматын 10 жылға соттады.
Тергеудің мәліметінше, ол Украинада Донбасс сепаратистерінің жағында соғысқан.
Үкімде айтылғандай, 30 жастағы айыпталушы Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, "Луганск халық республикасының" әскери тобына қосылған. Ол ақшалай сыйақы мен Ресей азаматтығын алғысы келген. Жарты жылдан кейін әскери қызметтен кетіп, Мәскеуге оралған. Ол жақтан отаны Бішкекке қайтып келген.
Айыпталушы сотта тағылған айыпты мойындамады. Ол "ЛХР" аумағында болғанын, соғыс әрекеттеріне қатыспағанын айтқан.
Қырғызстан және Орталық Азияның басқа да елдері шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді.
Қытаймен 30 күндік визасыз режим туралы келісімге қол қойылған күні "Нағыз Атажұрт" жетекшісі 15 күнге қамалды
Алматы соты тіркелмеген "Атажұрт" партиясының жетекшісі Бекзат Мақсұтханұлын 15 күнге қамады, деп хабарлады адвокат Шынқуат Байжанов 18 мамырда түнде Азаттық тілшісіне. Жуырда партия тіркеуге құжат өткізген "Нағыз Атажұрт" жетекшісі изоляторға қамалды, деді адвокат.
Мақсұтханұлына "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағылған. Істі судья Руслан Жамалбеков қараған.
Белсенді 17 мамырда таңертең ұсталған еді. Осы күні әлеуметтік желіде Мақсұтханұлының жақтастары тіркелмеген партия жетекшісін дереу босатуды талап еткені байқалған. Олардың кейбірі "белсендіні ұстаудың ар жағында Қытайға жағыну жатыр" деп есептейтінін айтқан.
Тоқаевтың Қытайға сапары, наразылардың ұсталуы - AzatNews | 17.05.23
📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға кеткені күні Қазақстанда екі ел ортасындағы визасыз режимге қарсы азаматтар ұсталды.
📌 Ұлттық кино орталығының жұмысын сынап, 12 мамырда наразылық білдірген кино саласының мамандары әкімшілік жауапқа тартылып жатыр. Режиссер, продюсер және сценаристер мәселе шешілмейінше шегінбейтінін айтады.
📌 Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарының төңірегінде тағы бір дау шықты. Жамбыл облысының тұрғыны олардың қорлық көрсеткенін айтады. Депутат мұны жоққа шығарады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
"Бүйткенше, боксшы болғаным жақсы еді". Кинематографистер айыппұл салынғанын мәлімдеді
Алматыда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жұмысына наразылық білдірген сегіз адам полиция бөлімшесіне шақырылған. 16 мамырда оның төртеуінің ісі бойынша онлайн сот өтіп, 70 мыңнан 170 мың теңгеге дейін айыппұл салған. 17 мамырда кино саласының наразы мамандары баспасөз мәслихатын өткізіп, заңсыз қудаланып жатқанын, кино саласындағы мәселеге ешкім назар аудармай жатқанын айтты.
17 мамырда тағы төрт адамның соты өтеді. Оларға "заңсыз митингіге қатысты, ұйымдастырды" деген айып тағылған. Наразылар айыпқа келіспейді, қарсылық акциясы үшін қудалау заңсыз деп біледі.
Өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай баспасөз мәслихатына боксшы қолғабын киіп келді. Ол бұл перформансты күйінгеннен істегенін айтты.
t.me/azattyq
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "отбасыңыздың төңірегіндегі осынша дау-дамайдан кейін депутаттық мандатыңызды тапсырғыңыз келмей ме?" деген сұраққа "маған ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады" деп жауап берді.
2022 жылы президент сайлауына түскен мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев журналистер "ондай сұрақ қоюға тиіс емес" деп есептейді.
Парламентте БАҚ өкілдері Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешниковтың кешегі мәлімдемесінен кейін Жигули Дайрабаевтан пікір сұрауға талпынған еді. Ковешников "Жигули Дайрабаевтың ұлдары құлдықта ұстады, бір рет қашпақ болғанда, ұрып-соқты" деп мәлімдеген.
Ковешников депутат Дайрабаевтың өзін де көргенін, тіпті телефон сыйлағанын айтқан. Алайда депутат оны танымайтын, білмейтін болып шықты.
"Оны білмеймін де, көрген де емеспін. Мені танимын деп кім айтпайды? Мені 20 миллион халық біледі" деді Дайрабаев журналистерден сытылып бара жатып.
Өзбекстанда еңбек мигранттарын және вальс билеген оқушы қыздарды сынаған имам қызметінен босатылған
Ферғана облысы Ташлак ауданының бас имамы Шүкіролла Егамбердиев қызметінен босатылған. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қзыметінің хабарына қарағанда, бұл шешімді 16 мамырда мүфтияттың ішкі бақылау комиссиясы қабылдаған.
"Жұмыс жоқ дейді. Бірақ осы жерден кетпей, жұмыс тауып жүргендер де көп қой. Адам өзінің басымен ойлану керек, күш салу керек, құдайдан сұрау керек. Менменсуді доғару керек. Мұнда көше сыпыруға намыстанғандар Ресейде сыпырып жүр. Бұл жерде сиырдың астын тазалығысы келмейтіндер Ресейде шошқаның астын тазалап жүр… Еңбектену керек, оқу керек… Оқымасаң құл боласың. Әсіресе мектепте жүргенде оқу керек. Балалар оқымаса, ғылымға назар аудармаса қара жұмысшы, құл боп қала береді", - дейді имам шетелде жұмыс істейтін мигрантттар туралы.
Әлеуметтік желіде көп таралған тағы бір видеода имам мектеп бітіру кешінде вальс билеп жүрген қыздарды сынайды.
t.me/azattyq
Қазақстан халқының күнкөрісі қиындады ма?
2022 жылы Қазақстанды саяси ғана емес, экономикалық дағдарыс та болды. Кейінгі жиырма жылдағы ең жоғары инфляция миллиондаған адамның тұрмысын нашарлатты. Азаттық азық-түлік, пәтер жалдау мен орташа жалақы көрсеткіштері ресми статистикада қалай өзгергенін шолып шықты.
t.me/azattyq
"Жазықсыз өлтіргені аздай, кінәлі етті". Қаңтар оқиғасында мерт болған бесеудің соты
Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде қала орталығында оққа ұшқан бес адамды "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуылдаған" деп таныды. Марқұмдардың туыстары үкімге келіспей, оларды ақтауды талап етіп отыр.
🔗Сілтеме
Қуанышәлин ауруханаға түсті, Ресей Киевті атқылады - AzatNews | 16.05.23
📌 Ұзақ жыл оппозицияда келе жатқан саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің ауруханаға түскені хабарланды. Жақтастарының айтуынша саясаткер инсульт алған.
📌 Қазақстанда банк алдындағы борышын өтей алмағандарды банкрот деп тануға мүмкіндік беретін заң күшіне енгелі 7 мыңдай адамның өтініші мақұлданған. Тағы 39 мың өтініш кері қайтарылған. Сарапшы үкіметтің бұл мәліметіне күмән келтіреді.
📌 Украина астанасы Киев қаласын 16 мамырға қараған түні Ресей тағы атқылады. Украина қорғаныс министрлігі зымыранның бәрін қағып түсіргенін мәлімдеді. Алайда Ресей тарапы Киевке АҚШ берген Patriot зенит кешені жойылғанын айтты.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға санкция қаупін ескерткен Еуропа одағының өкілдерін орденмен марапаттады
Бүгін Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еурокомиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Twitter-парақшасында екі тарап байланыс, энергетика, маңызды шикізаттарды өндіру мен пайдалану мәселесі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылағанын жазған. Ол "Ресей соғысының салдары мен санкцияны айналып өту мәселесі жөнінде де ой-пікір бөлістік" деп жазды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта санкция туралы сөз болмаған, "дипломаттар Астана мен Брюссельдің көпқырлы қарым-қатынастарының кең ауқымын қарастырды" деп сипаттаған.
Қазақстан министрі Еуроодақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мен Еуропа кеңесі төрағасының сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Саймону Мордюге Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградалары – бірінші және екінші дәрежелі "Достық" ордендерін табыс еткен.
t.me/azattyq
Бішкек қырғыз Азаттығын бұғаттаған заң жобасына түзету енгізетін болды
Қырғызстан Жогорку кеңешінің көлік, коммуникация, архитектура және құрылыс комитеті 16 мамырда "Жалған ақпараттан қорғау туралы" заң жобасына енгізілген өзгерістерді мақұлдаған. Бұл жөнінде парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Заң жобасын ұсынушылар "қолданыстағы заңның кейбір нормалары өзара қайшы келеді және БАҚ-та жарияланған ақпарат үстінен шағым түсіргендерді ғана қорғауға бағытталған" деп есептейді.
Заң авторларының бірі депутат Жанарбек Ақаев сайтты 24 сағатта блоктау және жалған ақпарат туралы шағым түскен соң БАҚ редакциясына үш күн мұрсат беру туралы нормаларды алып тастау ұсынылғанын бұған дейін хабарлаған.
t.me/azattyq
Ұлыбритания 200 шақырымға дейін ұшып соққы жасайтын жүздеген дронын Украинаға беріп, украин ұшқыштарына F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруды үйретеді
Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің сапары барысында жарияланған британ үкіметінің мәлімдемесінде айтылған.
Бұл мәлімдемеде Зеленский сапары Жапонияда өтетін "Үлкен жетілік" саммиті қарсаңында болғанын, "Үлкен жетілік" Украинаны қолдауға бағытталған жаңа шешімдер қабылдайтыны сөз болған.
Өткен аптада Ұлыбритания ұшу радиусы 100 шақырымнан асатын Storm Shadow зымыранын Украинаға беретінін хабарлаған.
t.me/azattyq