azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталғандардың апелляциясы: Сот отырысында адвокат азаптау туралы айтты

Ең ауыр жаза тағайындалып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған Нұрсұлтан Исаевтың адвокаты Азамат Сағал былтыр полицияда жауап алу кезінде Исаев ауыр соққыға жығылғанын айтты. Соның салдарынан Исаевтың денсаулығына орташа деңгейлі зақым келген. Қабырғасы мен тістері сынған. Адвокаттың қолында оны растайтын құжаттары бар. Антикорға да шағымданған.

Бірақ Қаңтар оқиғасы кезінде “полиция басқармасындағы камералар жұмыс істемегендіктен”, “азаптау” бабымен қозғалған қылмыстық іс қысқартылған. Адвокат Азамат Сағал Нұрсұлтан Исаевтың үстінен қозғалған іс әу бастан дұрыс дәрежеленбеді деп есептейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Манар Төлегенов Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындардың наразылығына түсініктеме берді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе іргесіндегі Жаман Қарғалы өзені тасып, өзен жағасындағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, шамамен жүзге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

20 үйге су кірген. Тұрғындар олимпиада резервін даярлау орталығына жеткізіледі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Әуежайды басып алу” ісі бойынша сот: Қорғау тарабы судьяны ауыстыруды талап етті

30 наурызда таңертең қорғау тарабы айыпталушыларға бұлтартпас жазаны ауыстыруды өтінген еді. Атап айтқанда, Әйгерім Тілеужанды ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйқамақтан босатуды, тергеу изоляторындағы айыпталушыларды үйқамаққа босатуды сұраған.

Түстен кейін шешімді оқыған судья айыпталушылардың бұлтартпас жазасын өзгертпеді. Бұдан соң қорғау тарабы судьяны ауыстыруды талап етті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жетібай кентінде жұмыс сұрап, наразылыққа шыққан азамат есінен танып қалды

Оқиға болған сәтте Азаттық радиосы сол жерден тікелей эфир жүргізіп жатқан. Жиналғандардың айтуынша, ол – аштық жариялаған азаматтардың бірі және бірнеше күн ұйықтамаған. Кейін ер адамды жедел жәрдем алып кетті.

Маңғыстау облысы Жетібай кентінің жүзден аса тұрғыны 27 наурыздан бері наразылыққа шығып тұр. Олар мұнай компаниясынан жұмыс беруді талап етеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда 20 жыл құжатсыз тұрып келген қырғыз әйелі еліне оралды

56 жастағы М.К.Ш есімді әйел Қазақстанда 2003 жылдан бері жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып келген. Ол елге оралды деп хабарлады 30 наурызда Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қырғызстанның шетелдегі елшіліктері азаматтардың өтінішін тыңдап, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға тырысады" деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығы мен "Жаш Муун" диаспорасының өкілдері 1967 жылы туған М.К.Ш. есімді азаматты Қырғызстанға қайтаруға көмектескен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбенің іргесіндегі Жаман Қарғалы өзені тасып, өзен жағасындағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Төтенше жағдай департаменті мәліметінше, жағалауға жақын "Қарғалы", "Солнышко" бау-бақша ұжымдарында тұратын 50 шақты тұрғын эвакуацияланған.

Қала әкімдігі су алған саяжай тұрғындары олимпиада резервін даярлау орталығына жеткізілгенін хабарлады. Жиырма шақты үйдің ауласына су кірген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп жеткізеді

Бұл жөнінде Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сүйенген "Информбюро" сайты хабарлады.

Соттың хабарлауынша, “Күдебаев сотқа келмеген және кінәлауға келмейтін себеппен келмегенін дәлелдейтін мәлімет жоқ”. Осыған орай Серік Күдебаевты 3 сәуірде өтетін сотқа күшпен жеткізу туралы сот қаулысы шыққан.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені, сол себепті сотқа келе алмағаны хабарланған еді.

Тергеу органдары Серік Күдебаевты Қаңтар оқиғасы кезінде “әрекетсіздік танытты” (370-бап, 4-бөлігі) деп айыптап отыр. Күдебаев айыптарды жоққа шығарады. Бұған дейін прокурорлар оған 9 жыл түрме жазасын сұраған. Ендігі сот отырысында Күдебаевқа соңғы сөз айтуына мүмкіндік беріледі деп айтылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей соты қоғамдық орындарға “Путлерді құлат! Соғысты тоқтат!” деп жазып кеткен екі ер адамның бостандығын шектеді.

Ақпаратқа қарағанда, Антон Завадский және Фаик Ханжигазов есімді екі адам Тула қаласында тұрғын үй подъездері мен қоғамдық орындарға “Путлерді құлат! Соғысты тоқтат!” деп жазып кеткен.

Оларға сол үшін “Саяси өшпенділік” және “Экстремизмге шақыру” баптары бойынша айып тағылған.

Сот олардың әрқайсының бостандығын екі жылға шектеп, 180 мың рубль (шаммаен 2330 доллар) айыппұл салған.

Сот үкімі бойынша, олардың Туладан рұқсатсыз кетуіне тыйым салынған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда былтырғы Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу" ісі бойынша сот басталды.

Бұл іске қатысты белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовтен басқа тағы үш адам – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменовтер айыпталып отыр.

Әйгерім Тілеужан үйқамақта, одан өзге төрт айыпталушы былтыр көктемнен бері қамауда отыр. Олар тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан.

“Әуежайды басып алу ісі бойынша сот басталды. Әйгерім Тілеужан әуежайға әкімшілік қамаудан шыққан кейін барып, небәрі 20 минут қана болған. Тергеу органдарының қиялына таңым бар. Сіздерге айыптау актісі емес, қиял-ғажайып, детективтер жазу керек. Әділдік пен ақталуын күтеміз” деп жазды адвокат Гүлнара Жуаспаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев үкімет жетекшісін “Аманат” ұсынғандықтан оның жетістіктері мен сәтсіздіктері соның мойнында болады деді

Видео: Atameken Business арнасы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзге фракция өкілдері Смайыловты премьер-министр ретінде тағайындау туралы ұсынысқа пікірін айтқан жоқ.

Депутаттар дауыс берді. 97 депутаттың 82-сі Смайыловты қолдады, 7 депутат қарсы болды, 8-і қалыс қалды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЖСДП атынан мәжіліске сайланған депутат Нұрлан Әуесбаев партия Смайылов кандидатурасын қолдамайды деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев "үкімет мынадай мәселелерге мән беру керек" деді:

▫тұрақты экономикалық өсімді жылына 4 пайыз ету керек;

▫инфляцияны тежеу қажеттігін;

▫инфрақұрылымды дамытуды, энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

▫аумақтық саясатты жан-жақты ойластырып жүргізуді, әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін пайдалануды;

▫адам капиталын, ғылымды дамытуды;

▫мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарау маңыздылығын айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев премьер-министр кандидатурасын партия фракциясы мүшелерімен талқылады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысы Жетібай кенті маңында жүзден астам тұрғын тұрақты жұмыс талап етіп, 27 наурыздан бері наразылық білдіріп жатыр. Бір күн бұрын наразылардың кейбірі аштық жариялай бастаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Октагон”: Қытай Ресейге YouTube-ті жабуға көмектеседі

Мәскеу 2023 жылдың төртінші тоқсанына қарай Ресейде YouTube видеосервисін жабуға дайындалып жатыр. Си Цзиньпиннің жуырдағы Мәскеуге сапарынан кейін техникалық жағынан бұған қытай мамандары көмектеседі, деп жазды дереккөзін айтпаған ресейлік “Октагон” сайты.

Журналистердің айтуынша, Ресейге Қытайдан 41 техмаман келген. Олар ресейлік әріптестерімен бірігіп, жабу жоспарын әзірлейді.

Қытайда YouTube сервисі 2009 жылдан бері жабық.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинадағы соғыс: Бахмуттағы жағдай

Украинаның шығысындағы Бахмут қаласында орыс әскері қаланың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде алға жылжыды деп хабарлады америкалық Соғысты зерттеу институты.

Украина қарулы күштері орыс әскері негізінен Лиман, Бахмут, Авдеевка, Марьинка бағыты бойынша шабуылдарға күш салып жатқанын хабарлады. Өткен түні украин жағы орыс әскерінің 60-тан астам шабуылына тойтарыс берген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Экология министрлігі Қашағанда мұнай өндіретін ірі кәсіпорынды қоршаған ортаны ластағаны үшін сотқа берді

Қазақстан билігі Қашаған мұнай кен орнын игеріп отырған ірі кәсіпорыннан 2,3 триллион теңге (5,1 миллиард доллар) айыппұл төлеуді талап етіп, сотқа арыз түсірді. Bloomberg агенттігі таратқан ақпаратты Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі растады. Бірақ айыппұл мөлшерін сот белгілейтінін мәлімдеді.

Bloomberg агенттігі таратқан ақпаратта министрлік North Caspian Operating Company (NCOC) кәсіпорнын қоршаған ортаны ластады деп айыптаған.

"Қоймада сақталған күкірт мөлшері рұқсат етілгеннен екі есе асып кеткен" деп жазылған хабарламада.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейлік ФСБ америкалық The Wall Street Journal басылымының тілшісі Эван Гершковичті “тыңшылық” күдігімен ұстағанын хабарлады.

Ресей арнайы қызметінің хабарлауынша, журналист “АҚШ-тың тапсырмасымен Ресейдегі әскери-өнеркәсіп кешеніне қарасты бір кәсіпорын туралы мәлімет жинаған”.

30 наурызда сәл ертерек Ресейдің Екатеринбург қаласында “Вагнер” әскери компаниясы туралы мақала әзірлеген журналистің жоғалғаны туралы хабар тараған.

29 наурызда қала орталығындағы Bukowski Grill мейрамханасында жәй киім киген адамдар бір ер адамды басына қап кигізіп, ұстағаны жөнінде хабар тараған. Бұл Гершкович болуы мүмкін деген болжам бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырауда журналист Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл бойынша сот отырысында үкім оқылды

Бүгін, 30 наурызда Атырау қаласының №2 сотында “Дорожный контроль” ақпарат порталының өңірдегі тілшісі Олеся Вертинскаяның ісі бойынша үкім шықты. Оған шабуыл жасады деп айыпталған жергілікті тұрғын Әлібек Меллятов бұзақылық жасағаны үшін (ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танылып, бір жылға бостандығы шектелді.

Сот жаза тағайындау барысында оның өз кінәсін мойындағанын және бұрын сотты болмағанын және онша ауыр емес қылмыс жасағанын ескеріп, оған пробациялық бақылауды белгіледі. Бұған қоса, 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді.

Бір күн бұрынғы жарыссөзде прокурор Абадан Мамыров дәл осындай жаза сұраған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысы Жетібай кенті маңында жұмыс талап еткен халықтың наразылығы

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ШҚО: Тұрғындар “экологиялық апаттан” қауіптенеді

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының халқы алтын өндіретін фабрика салынуына наразы. Тұрғындар “Алтынды ашық карьер арқылы өндіру, оны цианид қоспасымен шаю экологиялық апатқа алып келеді” деп санайды.

Олардың айтуынша, кәсіпорын су көзіне тым жақын: іргеден алты бұлақ бастау алып, Маралды өзеніне құяды.

Бұған қоса, халық “ауыл шаруашылығына жарамды жердің кен өндірісіне берілуі заңға қайшы” дейді.

“ВСАМ Продакшн” компаниясының өкілі “зерттеу және жарылыс жұмыстары облыс әкімінің шешімі бойынша жүргізілді” дейді. Ал билік халықтың сұрақтарына алдағы кездесуде жауап беретінін айтты.

Наразылар облыс әкімі Даниал Ахметов мәселеге аралассын дейді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Әуежайды басып алу” ісі бойынша ақпарат:

43 жастағы алматылық мұғалім Қалас Нұрпейісовке Қаңтар оқиғасынан кейін төрт бап бойынша айып тағылған: оның екеуі ("тонау" және "автокөлікті иеленіп алу") амнистиямен қысқаруға тиіс. Ал "жаппай тәртіпсіздік" және "ғимаратқа басып кіру" баптары амнистияға ілінбейді.

Бас прокуратура таратқан мәліметте "Нұрпейісов Алматы әуежайына және "Қазаэронавигация" ғимаратына шабуыл жасады, оны басып алды" делінген. Бас прокуратураның дерегінше, шабуыл салдарынан Алматы әуежайы мен әуекомпанияларға 6,1 миллиард теңге, кәсіпкерлерге 414,1 миллион теңге залал келген.

Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдарханның сөзінше, оны "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деудің қисыны жоқ. "Өйткені ол Алматыда Қаңтар оқиғасы басталар алдында әкімшілік жазамен қамауда отырған.

Биыл 5 қаңтарда бас прокурор Берік Асылов "Діни экстремистік ұйымдардың екі мүшесі Қалас Нұрпейісов пен Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайын басып алған" деп мәлімдеді.

Адвокат Абзал Айдарханов бас прокурор осы сөзімен Қалас Нұрпейісовтің конституциялық құқығы – кінәсіздік презумпциясын бұзды деп есептейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат Ардақ Назаров “көп сыналған үкіметке сенім білдіресіз бе?” деген сұраққа былай деп жауап береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Осылайша мәжіліс Әлихан Смайыловты премьер-министр ретінде бекітті

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Ауыл” партиясы үкіметке жұмыс істеуіне “мүмкіндік беру керек” деді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев Смайыловты премьер-министр ретінде тағайындау ұсынысын қолдап, мәжілістен келісім беруді сұрады.

Ол Смайылов жөнінде “Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген Тоқаев үкіметтің “күрделі кезеңде жаңа талапқа тез бейімделіп” жұмыс істегенін атап өтті. “Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті” деді ол.

Сыншылар Смайылов үкіметі елдегі қымбатшылықпен есте қалғанын айтады. Бұл жөнінде Тоқаев "азық-түліктің бағасын реттеу маңызды" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президент қатысуымен болатын мәжіліс отырысы сағат 11-де басталады. Онда Смайылов кандидатурасы талқыланады

Читать полностью…
Подписаться на канал