azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды деп хабарлады Ақорда сайты.

“Заң бойынша, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды” деп жазылған хабарламада.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Наразылардың арасында алты баланың анасы да бар. Ол өз талабын былайша жеткізеді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде бірнеше күннен бері жұмыс талап етіп тұрған тұрғындар аштық жариялай бастады. 29 наурыз кештен бастап 13 адам құрғақ, 1 адам сулы аштық жариялады. Олар бұл жөнінде арнайы ескерту де берген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Жетібайға кіреберіс жерде наразылық жасап тұрған тұрғындардың саны 100-ден асқан.

“Осы қара халыққа беріп тұрған вакансия 60 орын. Оны да екіге бөліп тұр. 60 адамның 30-ы келеді. Ол кімге жетеді? Осындағы халықты 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етсін. Біздің талабымыз осы” деді Мұнайшы тұрғыны Бекболат Бейсенов.

Апта басында тұрғындар "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы игеріп жатқан кенішке баратын жолды жауып тастаған еді. Жергілікті билік оларға ескерту жасап, таратуға тырысқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қостанай облысында Ресеймен шекарадағы пункт су тасқыны қаупіне байланысты жабылды

Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Телеграм-арнасы хабарлады.

“Су тасқынына байланысты 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресейдің Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды” деп жазылған хабарламада.

Пунктінің қашан ашылатыны белгісіз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі: АҚШ Ресей соғыста 220 мың сарбазынан айырылды деп шамалайды

Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес «АҚШ-тың қазіргі бағалауы бойынша Ресей Украинадағы соғыста 220 мыңдай сарбазынан айырылды деп бағалап отыр. Бұл санның ішіне қаза тапқандар мен жараланғандар енеді» деді.

Британия қорғаныс министрінің сөзін ВВС сайты жариялады.

Уоллес бұл мәлімдемесін Швеция қорғаныс министрі Пол Йонсонмен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты. Екі елдің қорғаныс министрлері Швецияның НАТО-ға мүше болуын талқылаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Америка Еуроодақ елдерінің негізгі мұнай экспортері атанды. Бұған дейін нарықта Ресей көшбасшы болып келген.

Желтоқсанда Еуроодақ импорттаған мұнайдың 18 пайызы Америкаға тиесілі болды деп хабарлады сейсенбіде Еуростат.

Бұған дейін Еуропаға мұнай тасымалдап келген Ресейдің үлесі былтыр қаңтардағы 31 пайыздан желтоқсанда төрт пайызға түскен. Бір жыл бұрын АҚШ үлесі 13 пайыз ғана еді. Енді ірі мұнай тасымалдаушылар тізімінің екінші орнында Норвегия тұр. Еуроодақ елдеріне тасымалданатын жалпы мұнай көлеміндегі оның үлесі – 17 пайыз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Аманаттан" партиялық тізім бойынша мәжіліске өткен депутат, журналист Мақсат Толықбай Азаттыққа берген жауабында "Аманат" жеңгеніне күмән келтіруге болмайды" деді. Бірақ заңбұзушылықтар болғанын мойындады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сейсенбі күні Ақ үй АҚШ-тың Ресеймен ядролық күштер туралы мәлімет алмасуды доғару жөнінде шешім қабылдағанын жариялады.

"Америка дауысының" хабарлауынша, екі ел жылдар бойы Стратегиялық шабуыл қаруын шектеу (СШҚ-3) жөніндегі келісім аясында мәлімет алмасып келген.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының мәлімдеуінше, ақпарат алмасуды доғару жөніндегі шешім Ресейдің келісімді уақытша тоқтатуына байланысты қабылданған.
2023 жылғы 21 ақпанда Владимир Путин Ресей СШҚ-3 келісіміне қатысуды уақытша тоқтатады деп мәлімдеген. Бірақ Ресей АҚШ-пен жасалған келісімнен толық шықпайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алғандар әкімдікке барып наразылық білдірді.

Айтуларынша, 10 ай бұрын пәтерлерінің кілтін алуы тиіс болған, бірақ әлі күнге дейін үйлері дайын емес. Бұларға беріледі деген баспананың сапасы нашар болғандықтан әкімдік үйлерді құрылыс компаниясынан қабылдамай қойған.

Әкімдік енді қайта конкурс ойнатамыз деп отыр. Билік наразыларға “шаршы метрі 20 мың теңгеге қымбат басқа пәтер алуды” ұсынған. Наразылардың кейбірі бұған келісіп, кейбірі келіспей отыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Су жаңа мәжіліс депутаттары ант берді

Бүгін мәжілістен мандат алған депутаттар ант берді. Кейбір депутат Конституцияға қолын қоюды ұмытып жатты, ал кейбірі қобалжып, сөзін ұмытты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Премьер-министрлікке кандидат ұсынатын “Аманат” партиясының төрағасы Ерлан Қошанов “Басқарушы партия үкіметтің барлық қатесіне жауап беруге дайын ба? Қалайша?” деген сұраққа жауап береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысы Жетібайда екі күннен бері жұмыс талап етіп тұрған тұрғындар қудалауға шағымданып отыр. 29 наурызда оларға тағы полиция келіп, шараның “заңсыз” екенін және “жол қозғалысына кедергі келтіріп тұрғанын” ескертті. Ал наразылар ешкімге залал келтірмегенін, конституциялық құқықтарын пайдаланып отырғанын жеткізді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада президент пен мәжіліс депутаттары сайлаудың әділ өткенін айтып жатқан шақта Жаңаөзенде “әділетсіз сайлауға” қарсы митинг өткізбек болған белсенділердің өтінішін әкімдік кері қайтарды. Жаңаөзендік белсенді Естай Қаршаев бүгін әкімдікке тағы өтініш тапсырды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат болған журналист Нартай Аралбайұлы “мәжіліске адал келдім деп ойлайсыз ба?” деген сұраққа "бағасын халық береді" деп жауап берді.

Ол сайлаудағы заңсыздықтар расталса, кінәлілер қатаң жазалануы тиіс дейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс депутаттарына парламенттік фракция құру мәселесін талқылауға 30 минут берілді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Наразылардың айтуынша, мұнайлы өлкедегі халықтың әлеуметтік жағдайы өте нашар. Азаттыққа сұхбат берген Нұрсейіт Масырұлы эмоцияға беріле сөйледі

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жетібай кентіне кіреберісте аштық жариялап жатқан тұрғындар

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ президенті Джо Байден 29 наурызда ғаламдық деңгейде демократияның кеңеюімен байланысты жаңа тарихтағы "бетбұрыс кезең" туралы айтты. Демократиялық елдер авторитарлық елдерге төтеп берген кезде "күштірек бола бастайды" деді ол.

Байден бұл сөзін Демократия саммитінде айтты, оған әлем елдерінің 121 басшысы шақырылған. Олардың кейбірі Freedom House есебінше, демократиялық елдер қатарына жатпайды. Саммит негізінен онлайн режимде өтті. Алғашқысы екі жыл бұрын болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Илон Маск, Стив Возняк және мыңнан астам сарапшы жасанды интеллектіні үйретуді тоқтатуға үндеді

Әлемдегі ең бай кәсіпкер Илон Маск технология саласының мамандарымен бірге жасанды интеллект жүйесін оқытуды тоқтатуды талап етіп, “бұл қоғамға қауіп төндіреді” деді.

Кәсіпкердің хаты Future of Life Institute ұйымының басылымында жарияланды. Оған мыңға жуық адам қол қойған.

Хатта жасанды интеллект желісі адамның дамуын тоқтатуы мүмкін деп жазылған.

"Жасанды интеллектінің қуатты жүйесін оның оң әсері болатынына және қауіп-қатерін бақылауда ұстай алатынымызға көз жеткен кезде ғана дамыту керек" деп жазылған хатта.

Онда сонымен бірге жасанды интеллект адамдармен бәсекеге түсуге қабілетті екенін, толық автоматтандырылған жұмыс адамның өркениетті қадағалауынан шығып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Хат авторлары "адамның өзінен ақылдырақ және адамды "тым тозған" тіршілік иесі қылып көрсететін жүйені дамытуы қаншалықты дұрыс?" деген сұраққа үңілуге үндеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев үкіметті таратты, мәжіліс алғашқы сессиясын өткізді - 29 наурыз ┃AzatNEWS

📌 Жаңа парламент мүшелері ант беріп, жұмысқа кірісті. Бұрынғы шақырылымның төрағасы болған Ерлан Қошанов спикерлікке қайта "сайланды". Сайлау әділ өтпеді деген кандидаттар прокуратураға ұжымдық арыз берді.

📌 Жетібайдағы жұмыссыздар наразылығының 3-күні. Ереуілшілер полиция қысым жасауға көшкенін хабарлады.

📌 Шымкентте "Нұрлы жер" бағдарламасымен конкурс арқылы берілген үйлер пайдалануға дайын емес. Бұған наразы тұрғындар әкімдікке жиналды.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәліптер Әмудариядан канал тартса, аймақта "су соғысы" басталуы мүмкін

"Талибан" қозғалысының Ауғанстанда ірі канал салу жобасы жүзеге асса, оның зардабын Орталық Азия елдері, соның ішінде Түркіменстан мен Өзбекстан тартады.

"Талибан" басқаратын Ауғанстан үкіметі 2022 жылғы 31 наурызда Орталық Азия елдерімен шектесіп жатқан Балх провинциясында Көштепе каналының құрылысы басталғанын хабарлаған.

Канал құрылысы аяқталған уақытта Әмудария өзеніндегі судың үштен бірі Ауғанстанның солтүстік өңірлеріне қарай бұрылуы мүмкін. Соның салдарынан Орталық Азия елдері, әсіресе Түркіменстан мен Өзбекстан сусыз қалуы мүмкін.

Әмудария бассейніндегі суды бөлу тәртібі 1987 жылы қабылданған Ташкент келісімімен реттеледі. Құжат Орталық Азиядағы бес елдің су пайдалану тәртібін реттейді. Енді Ауғанстан да Әмудариядан су алғысы келіп отыр, бірақ ол Ташкент келісіміне қол қоймаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғыз кәсіпкерлері 500-ден аса автокөлікті Беларусьтен әкеле алмай отыр

Кәсіпкерлердің айтуынша, Беларусь кедені автокөліктер тиелген вагондар мен автотрейлерді өткізбей жатыр.

"Ұстау себебін түсірмейді, тексеру қашан аяқталатынын да айтпайды. Кедендегілер құжаттарды тексеріп жатырмыз дейді. Бізге көліктер тұрған тұрақтың квитанцияларын ғана берді. 15 наурызда жібереміз деген, енді сәуірдің аяғы дегенді шығарды. Тұраққа немесе айыппұлға көп ақша сұрай ма деп алаңдап отырмыз", - дейді қырғыз кәсіпкері Данияр Салякаев.
Қырғыз кәсіпкерлері мәселені ЕАЭО аясында талқылауды сұрап отыр.

АҚШ пен Еуропадан Қырғызстанға келетін автокөліктер Литва мен Беларусь аймақтары арқылы өтеді. Кәсіпкерлердің кейбірі автокөліктер Абхазия арқылы Ресейге, одан әрі Қырғызстанға жеткізеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстаудағы жұмыссыз халық 3 күннен бері ереуілге шығып тұр

Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі жұмыссыз тұрғындар наразылығы үшінші күн жалғасып жатыр. Арасында қарттар, әйелдер мен балалар бар жүз шақты тұрғын далада түнеді. Полиция бірнеше тұрғынның үстінен іс қозғаған

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыс басталғалы бері Ресей қазақтары Қазақстанға көптеп келе бастаған

2023 жылдың алғашқы екі айында шетелден келген 1107 қазақ Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды. Ең көбі Ресейден (482) келген.

ІІМ көші-қон қызметінің Азаттыққа берген ресми жауабында осындай мәлімет жазылған. Кейінгі екі айда ықтиярхат алғандардың 408-і Өзбекстаннан, 120-сы Моңғолиядан, 46-сы Қытайдан, 13-і Түркіменстаннан келген.

Ресми мәлімет соғыс басталғалы бері Ресейден келген қазақтар көші көбейгенін көрсетіп отыр. 2021 жылы 209 Ресей қазағы қандас мәртебесін алса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2 003-ке көбейген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "сайлауда жаппай заңсыздық болған жоқ, ал жекелеген заң бұзу фактілерін құзырлы органдар тексеріп жатыр" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шағым түсіргендердің көбі – Алматы қаласы мен Алматы облысы мәслихаттарына сайлауға түскен кандидаттар. Олар әлі күнге дейін үгіт-насихат үшін мемлекет беретін қаржыны ала алмағанына, дауыс санау кезіндегі заңсыздықтар ескерілмегеніне наразы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда мәжіліс және мәслихат сайлауына түскен 21 кандидат “сайлау кезіндегі заңсыздықтар тексерілсін, заң бұзғандар қылмыстық жауапқа тартылсын” деген талаппен прокуратураға ұжымдық шағым түсірді. Алматы, 2023 жылғы 29 наурыз.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысы Жетібайда жұмыс талап еткен халықтың наразылығы туралы былай дейді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қошанов мәжілісті дайын қағазға қарап жүргізді. Ол спикер болатынын білген бе?" деген сұрақ қояды Азаттықтың парламенттегі тілшісі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Аманат” партиясынан депутат болып сайланған Никита Шаталовқа ант беру кезінде әріптестері көмектесті

Читать полностью…
Подписаться на канал