azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының вице-спикерлері болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс спикерлігіне дауыс беру жүріп жатыр. Бір ғана кандидат бар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жасырын дауыс беру 20 минутқа созылады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Парламент ғимаратына шағымданып келген бірнеше адамға мәжілістің қоғамдық қабылдауынан бір өкіл шығып, жиын біткен соң депутаттар оларды қабылдайтынын айтты. Бұдан соң шағымданушылар сыртқа шығып кетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс спикерлігіне кандидатура ұсыну басталды. Бақтықожа Ізмұхамбетов Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кейбір депутат ант беру кезінде Конституцияға қол қоюды ұмытып кетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Аманаттан” мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланған Ринат Зайытов: Мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ қазір.

“Тоқаевтың саясатын қолдайсыз ба?” деген сұраққа “келісетін жерлер бар, талқылайтын тұстар да бар” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс ғимаратына бірнеше адам кіріп, өздерін президент пен парламентке кіргізбей жүргеніне шағымданып, айқайлады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліске "Аманаттан" сайланған депутат Ринат Зайытов "сайлау әділ өтті ме?" деген сұраққа жауап береді.

"Сайлауда заңсыздықтар болды, оны мойындау керек. Енді соған байланысты шағымданғандар соңына жеткізсе деймін" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жүзеге асқан жоқ, бұл тұрғыда үкімет баяу әрекет етіп жатыр” деді Тоқаев.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев елде адвокаттардың рөлін арттыру керек деп санайды. “Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуге тиіс” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев білім саласындағы өзгерістер туралы: “Білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Осыған орай тиісті бағдарлама қабылданады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті”

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев баспана мәселесіне қатысты шағым көп түсетінін айтып, “мемлекет шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж жандарға ғана жәрдем береді” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президент сөзін аяқтаған соң мәжілістің алғашқы отырысы өтіп, мәжіліс төрағасы сайланады деп хабарланды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев жаңа депутаттар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге тиіс деді. "Сіздер шешім қабылдайсыздар және сол үшін жұрт алдында жауап бересіздер" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ерлан Қошанов қайта мәжіліс төрағасы болды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жеті мүшесі бар санақ комиссиясы. Төрағасы – Жанарбек Әшімжан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс спикерлігіне бір ғана кандидат ұсынылды – Ерлан Қошанов. Сәлден соң депутаттар мына жәшікке бюллетеньдерді тастап, дауыс береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутаттардың барлығы Қошанов кандидатурасын қолдады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кейбір депутат ант беру кезінде толқыды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған түсіністікпен қарауға шақырды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президент кеткеннен кейін мәжілістің алғашқы отырысы басталды. Депутаттар ант беріп жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс ғимаратына кіріп келген адамның аты-жөні Оксана Ротенберг. Қарағанды облысынан келген. Сот шешіміне наразы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев "желіде сізді депутат болудан шаршаған жоқ па?" деген мәселе талқыланып жатыр, ол жөнінде не айтасыз?" деген сұраққа былайша жауап береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев “Аманат” партиясына сайлауда көп дауыс алған партия ретінде премьер-министр кандидатурасын ұсынуға құқық берді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев “сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалуы керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев масылдық туралы айтты: Кез келген көмек масылдыққа себеп болмауы керек.

“Әсіресе, еңбекке жарамды жас азаматтар жәрдемақыға қол жаймауға тиіс. Денсаулығы мықты, күш-қуаты бар азаматтар үшін бұл – ұят нәрсе. Ал зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға айрықша көңіл бөлу керек. Осындай жұмысшыларға арнайы төлем төлеу мәселесін ойластырған жөн”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде: “Ауыл аманаты” жобасы аясында тұрғындарға 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды.

Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін әлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі – осы” деді Тоқаев

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев елден шығарылған заңсыз активтерді елге қайтаруға күш салынып жатыр деді.

“Үкімет пен бас прокуратура жекелеген заң жобаларын әзірледі. Парламенттен жақын арада тиісті заңды қабылдауды сұраймын” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев биыл алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімін сайлау өтеді деп мәлімдеді. Соның нәтижесінде елдегі барлық институт “жаңаша жұмыс істейді” деді.

Читать полностью…
Подписаться на канал