azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Үкімет отставкаға кетті. Президенттің арнайы жарлығы жарияланды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеп жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Республика” партиясынан сайланған депутат Руслан Берденов “парламентте “Аманатқа” оппонент боласыздар ма?” деген сұраққа былай жауап береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Ермұрат Бапи “сайлау әділ өтті ме?” деген сұраққа жауап береді. Сайлауға Назарбаев жүйесінің ықпалы болды дейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысында Жетібай кентінің жұмыссыз тұрғындарының наразылығы жалғасып жатыр.

28 наурыз түнде олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жасап, мәселеге араласуын сұрады. Олар сонымен бірге өздерін қудаламауды да талап етті.

“2023 жылдың қаңтар соңынан бастап Жетібай халқы жұмыс сұрап, талап қойып келеді. Алайда мәселеміз толығымен шешілмей тұр. Осылайша жұмыссыздық мәселесімен бейбіт ереуілде тұрғанымызға бүгін екінші күн болады. Қойған талабымыз әлі күнге дейін шешімін таппады. Яғни, қойылатын бір ғана талап – “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және соған қарасты мердігерлік мекемелерден бөлінетін 100% жұмыс орындарының 70 пайызы Қарақия ауданы Жетібай әкімшілігіне тікелей келіп түсуін талап етеміз” дейді үндеуді оқыған тұрғындардың бірі.

Апта басында тұрғындар "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы игеріп жатқан кенішке баратын жолды жауып тастаған еді. Жергілікті билік оларға ескерту жасап, таратуға тырысқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 7-ракеткасы) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami Open жарысының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда италиялық Мартина Тревизанды (24) екі сетте жеңді - 6:3, 6:0. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 12 матч қатарынан жеңіске жетті. Рыбакина наурыздың ортасында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 санатына енетін жарысында жеңіске жеткен. Ол финалда беларусь Арина Соболенконы (2) жеңген еді.

Miami Open - WTA 1000 санатына енетін ірі турнирлердің бірі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Су жаңа депутаттар, Мамайдың соты – 28 наурыз ┃AzatNEWS

📌 Партиялық тізіммен парламентке баратын депутаттар белгілі болды. Төсбелгі таққан су жаңа депутаттар журналистер сұрағына қалай жауап берді?

📌 Үш бап бойынша айыпталып жатқан оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай сотта прокурор сұрағына жауап берді. Мамай тағылған айыптарға келіспейді.

📌 Маңғыстаудың Жетібай кентіндегі жұмыссыздар ереуілі жалғасып жатыр.

📌 Франция халқы зейнетақы реформасына қарсы. Германия кәсіподақтары жалақыны көтеруді талап етеді. Израиль елі сот реформасына наразы.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліске жаңа сайланған депутаттар Қаңтарды қайта тергеуді талап ете ме?

Азаттық тілшісі мәжіліске өткен депутаттардан «Қаңтар оқиғасында оқ атқан, оқ атуға бұйрық берген адамдарды жауапқа тартуды талап етесіз бе?» деп сұраған. Депутат қызметіне кірісетін спортшы Ардақ Назаров, журналист Мақсат Толықбай, ақын Ринат Зайытов, заңгер Абзал Құспан не дейді?


t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлеріндегі сызат ұлғайып бара жатқанын айтты

Бүгін, 28 наурызда Шымкент қаласы "Шымсити" ықшам ауданындағы 96 пәтері бар тоғыз қабатты үйдің тұрғындары пәтерлерінің қабырғасы жарылғанын айтып шағымданды. Олар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 15 жыл ипотекаға алған пәтерлері сапасыз болып шыққанына наразы.

Тұрғындардың бірі Қаламқас Асқанбетова үш бөлмелі пәтерінің жарылмаған қабырғасы қалмағанын айтады. Оның сөзінше, 21 наурызда қалада болған 3 балл зілзаладан соң қабырғадағы жарықтар үлкейе түскен.

- Жер сілкінгенде үй тербелді. Бес баламызды алып қашып шықтық. Үш күн бойы үйге кіруден қорықтық. Енді үйіміз құлап қалмай ма деген үреймен жүрміз,- дейді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бақылаушылар: Алматыда сайлаушылардың 17 пайызы ғана сайлауға барған

«Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» сайлауды бақылау нәтижесінде «Орталық сайлау комиссиясы Алматыда сайлауға келушілер санын асыра көрсеткен» деп санайды. Ұйым есебінше, Алматыдағы сайлаушылардың 17 пайызы ғана сайлауға барған. ОСК есебінше, Алматыда 23,9 пайыз болған.

Алматы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде сайлауға жастар өте аз барған. «Алматыда жастар сайлауға келмеді десек те болады» деді «Сандж» зерттеу орталығының басшысы Жанар Жандосова. Ұйым сайлауда 55-60 жастағы сайлаушылар өте белсенді болған дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қамаудағыларды үтік, инемен азаптаған". Amnesty Қаңтарда адам құқығы көп бұзылғанын айтады

Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы 2022 жылғы есебінде Қазақстан туралы не айтты? Қысқа-нұсқа шолып шықтық:

📌Қазақстанда былтыр ойды еркін айту мен бейбіт митингіге шығу құқығы заңсыз шектелді. Бұл [2022 жылғы] қаңтардағы наразылық кезінде де көрінді. Күш құрылымдары бейбіт наразыларға шектен тыс күш қолданып, салдарынан адамдар қаза тапты және жараланды. Митингіге шыққандар жөн-жосықсыз ұсталып, қамауда азапталды. Ал наразыларға күш қолданған орган қызметкерлері жазаланбады. Наразылықтардан хабар таратқан журналистер қуғынға ұшырады, кейбірі ұсталды.

📌Билік азаптаудан алты адам қаза тапқанын мойындады. Бірақ азаптау туралы арыздар толық тергелген жоқ. Қағаз жүзінде басталған тергеулердің көбі сотқа жетпеді. Шенеуніктердің сөзінше, азаптау ісі бойынша 300 іс тергеліп, бірақ органдардың 49 қызметкері ғана жауапқа тартылған.

📌Қазақстанда бейбіт митинг заңындағы шектеулер сол күйі қалды. Билік әдеттегідей осы заңға сілтеп, өздеріне жақпаған митингілерге бұлыңғыр әрі техникалық себептерді алға тартып, рұқсат бермеді. Қазақстандық құқық қорғаушылардың есебінше, 2022 жылы әкімдіктер кемі 154 бейбіт митингіге рұқсат бермеген. Құқық қорғау органдары митингіге шығады-ау дегендерді алдын ала ұстады.

Халықаралық ұйымның есебі жайлы толығырақ сайтымыздан оқи аласыз.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Германияның Украинаға берген Leopard 2 танкілері Украинаға жетті» деп жазды немістің Spiegel басылымы.

Газеттің хабарлауынша, Германия Украинаға 18 танкі және 40-қа жуық Marder әскери көлігін берген.

Берлин Киевке бұл әскери қаруларды беретінін қаңтардың соңында жариялаған еді. Leopard 2 танкілері Германияда жасалады. Берлин бірнеше ай бұл танкіні Украинаға беруге келіспей келген, кейін келісім берген соң басқа елдер де Украинаға Leopard 2 танкілерін жеткізетінін мәлімдеген.
Бұл танкілерді басқа елдер Германияның рұқсатынсыз басқа елге бере алмайды.

Leopard 2 танкісі жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Даниал Ахметовтің ұлымен серіктес кәсіпкер миллиардтап тендер алады. Азаттық зерттеуі

Сілтемеден өтіп оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡⚡⚡ЗЕРТТЕУ

Әкім Даниал Ахметовтің ұлының серіктесі миллиардтап тендер алады


Өскемен орталығында зәулім үйлер салады, әкімдіктен миллиардтап тендер алады, әкім Даниал Ахметовтің жанында жиі көрінеді — өскемендік кәсіпкер Айдос Бақтыбаевтың кәсібі өрлеп тұр. Азаттық Бақтыбаевтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғатпен бизнес серіктес екенін анықтады.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей әскері Украина жеріне жаппай басып кіргеннен кейін Ресей бизнесмендері мен танымал тұлғаларының бірқатары Қырғызстан азаматтығын алған. Бұл жөнінде жазған The Moscow Times басылымы қырғыз президенті Садыр Жапаровтың былтыр қол қойған жарлығына сілтеген.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының жазуынша, Ресейдегі Transparency International өкілдері ресейліктердің қырғыз паспортын алу ісінде жемқорлық белгілері болуы мүмкін деп санайды.

"Мәскеу тұрғындары Қырғызстан паспортын алуға ұмтылды. Қырғызстан азаматтығын беру туралы президенттің соңғы жарлығында Мәскеу мен Ресейдің өзге де өңірлерінен жүздеген адам жүр" дейді The Moscow Times. Басылым сараптаған жарлықтағы кей адамдардың аты-жөні, туған жері және туған күні, мәселен, Тверь облысының бұрынғы губернаторы Дмитрий Зелениннің, Ресей үкіметінің жоғары сот инстанцияларындағы уәкілетті өкілі Михаил Барщевскийдің қызы Наталья Барщевскаяның, Bitzlato криптобиржасының негізін салушы Антон Шкуренконың, белгілі бизнесмен Валерий Задориннің ұлдары Александр мен Михаилдың жеке мәліметтерімен толық сай келеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев “ел үшін маңызды саяси жаңғыру бағдарламасын жұрт қолдады”, "өткен сайлауда барлық партияға бірдей мүмкіндік берілді" деді.

Елде оппозициялық топтар партияларын тіркей алмай жүргеніне қарамастан президент “парламентке түрлі топтардың келуіне жол ашылды” деп мәлімдеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналистерге қарата “итсіңдер” деген сөз айтқан бас прокуратураның парламенттегі өкілінен тілшілер “сол сөзіңіз үшін жазаға тартылдыңыз ба?” деп сұрады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат Ардақ Назаров журналистердің сұрақтарына жауап бермей кетіп қалды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс фойесі. Сәлден соң президенттің қатысуымен парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы басталады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Орал билігі журналист Лұқпан Ахмедияровқа сайлау нәтижесіне қарсы митинг өткізуге рұқсат берген жоқ

Әкімдік журналистке жолдаған ресми жауабында “Бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы” заңның 14-бабы 1- бөлімі 5-тармағына (“ұйымдастырушының толық мәлімет бермеуі”) сүйенген.

– Дегенмен себебін нақты көрсетпеген, тек бап пен оның тармақтарына сілтеген. Түсінуімше, ескерту-хабарламада ұйымдастырушының толық мәліметтері берілмеген деп хабарламаны кері қайтарып отыр. Бірақ хатта барлық мәліметті көрсеттім: жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, электронды жәшік, – деді Ахмедияров.

Журналист ішкі саясат бөлімі жетекшісінің әрекетіне байланысты облыс пен қала прокуратурасына шағымданатынын айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өскемен орталығында зәулім үйлер салады, тендерлерден миллиардтап қаржы алады, әкім Даниал Ахметовтің жанынан жиі көрінеді – өскемендік кәсіпкер Айдос Бақтыбаевтың кәсібі өрлеп тұр. Азаттық Бақтыбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғатпен бизнесте серіктес екенін анықтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК түсінігіндегі таза сайлау

27 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы журналистердің мәжілісті сайлауға қатысты сұрақтарына жауап берді. ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров «бәрі таза өтті» деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мексика-АҚШ шекарасының маңындағы Сьюдад-Хуарес мигранттар орталығында шыққан өрттен кемі 39 адам қаза тапты, тағы 29 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Мексика ұлттық иммиграция институты хабарлады.

Мексика жақта орналасқан орталықта АҚШ-қа өтпек болған 60-қа жуық адам болған. Олардың басым бөлігі – Венесуэла азаматтары.

Халықаралық агенттіктер өртке байланысты Мексика тергеу бастағанын жазды.

Қазір АҚШ-қа заңсыз кіріп, жұмыс істегісі келетін мигранттардың көбі алдымен Мексика барып, шекара арқылы Америкаға өтуге тырысады. Кейінгі кезде Орталық Азия елдерінен де мигранттар АҚШ-қа өту үшін Мексикаға баратыны айтылып жүр. Құқық қорғаушылар Мексика жолы қауіпті екенін айтады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Солтүстік Корея атмосферада ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді

Солтүстік Корея "Жер-жер" класындағы тактикалық баллистикалық зымыранды қолданып, ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы КХДР Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, жарылыс Пхеньянның шығыс жағында болған. Шартты нысана ретінде Хамгён-Пукто провинциясының теңіз жағалауы көзделген. Ядролық жарылыс имитациясы 500 метр биікте жасалған.

Жапония қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран атты деп хабарлағанын Kyodo атап өткен. Зымырандар максимум 50 шақырым биікте 350 шақырымға дейін ұшқан.

Жыл басынан бері Солтүстік Корея осымен оныншы рет зымыран ұшырып отыр. Оның сегізі – баллистикалық зымыран.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот Құлыбаевтың компаниясы меншіктеген әскери госпиталь жерін мемлекетке қайтарды

Бас әскери прокуратура Алматыда миллиардер Тимур Құлыбаевтың бизнес құрылымдарына қарасты «Достық Строй» компаниясы меншіктеп алған әскери госпиталь жері мемлекет пайдасына қайтарылғанын хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сай, әскери прокуратура былтыр «Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 7 жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз түсірген». Сот арызды қанағаттандырған. Алғашқы шешім былтыр 24 қарашада күшіне енген.

Сот кабинетіндегі құжаттарға сай, биыл 14 ақпанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот коллегиясы бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырған. 2 наурызда «Достық Строй» компаниясы осы сот үкімін орындау туралы шешімді түсіндіруді сұрап, арыз берген. Бірақ сот «талапкердің арызы толық қанағаттандырылды, үкімді түсіндіру қажеттілігі жоқ» деп тапқан.

Құжатта «Сот «Достық Строй» құрылыс компаниясынан Алматы қаласы Медеу ауданы Назарбаев даңғылы 222а мекенжайында орналасқан, 20-315-021-540 кадастр нөмірімен тіркелген жер учаскесін мемлекет пайдасына мәжбүрлі түрде алып қою туралы шешім шығарды» деп жазылған.

Аумағы 3,8 гектар жер учаскесінде бұрын қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі орналасқан. Азаттық бұл жердің мемлекеттен жекенің қолына қалай өткені туралы 6 ақпанда зерттеу жариялаған.

«Достық Строй» компаниясы Joint Technologies және «Кипрос» деген екі компания арқылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қарайды. Компания 2012 жылы қорғаныс министрлігіне Алматының шетінен 3,6 миллиард теңгеге жаңа госпиталь салып беріп, орнына әкімдік іргесіндегі қымбат жерді алған. Әскери прокуратураның хабарлауынша, 2014 жылы бұл жердің нарықтағы құны 6 миллиард теңгеден асқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 7-ракеткасы) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami Open жарысының ширек финалына шықты. Ол төртінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті (39) екі сеттте жеңді – 6:4, 6:3.

Рыбакина ширек финалда италиялық Мартина Тревизанмен (24) ойнайды.

Қазақстандық теннисші тоғыз матч қатарынан жеңіске жетті. Рыбакина наурыздың ортасында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 санатына енетін жарысында жеңіске жеткен. Ол финалда беларусь Арина Соболенконы (2) жеңген.

Соболенко да Майамидегі жарыстың ширек финалына шықты.

Miami Open - WTA 1000 санатына енетін ірі турнирлердің бірі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Прокурор Айжан Аймағанова бизнесмен Қайрат Боранбаевты 8 жылға соттап, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Прокурор «Боранбаев QazaqGaz ұлттық компаниясының газын қайта сатқанда 14,6 млрд теңге жымқырды» деп айыптайды.

Боранбаев – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Боранбаев 2022 жылы наурызда "квазисектордан ірі көлемде қаражат жымқырды" деген күдікпен ұсталып, тергеуге алынған. Қазір оның ісі бойынша сот өтіп жатыр. Боранбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Аманат" партиясы мәжіліс депутаты мандатын алған кандидаттарының тізімін жариялады

Бүгін, 28 наурызда "Аманат" партиясы мәжіліске баратын депутаттарының тізімін жариялады. 19 наурызда өткен мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы қорытындысы бойынша, "Аманат" партиясы 53,9 пайыз дауыспен парламенттің 40 мандатын иеленген еді.

"Аманат" тізімінде бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, белгілі айтыс ақындары Ринат Зайытов пен Аманжол Әлтай, журналистер Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев бар. Мәжілістің бұрынғы депутаты, 2019 жылы президент сайлауы кезінде билікшіл "Аманат" бақылаушылар ұйымын құрған Мұрат Әбенов, саясаттанушылар Айдос Сарым, Самат Нұртаза, Ерлан Сайыров, Марат Бәшімов, мәжілістің бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов та тізімге енген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский Днепрдегі әуе дабылы кезінде Жоғарғы бас қолбасшы ставкасы отырысын өткізді

27 наурызда кешкісін Украинаның бірнеше облысында әуе дабылы қағылған. Киев пен оның төңірегіндегі тұрғындарға дрон шабуылы болуы мүмкін деген ескерту жасалған.

Украинаның УНИАН ақпарат агенттігі Киев облысы әкімшілігінің халықты қауіпсіз жерге тығылуға шақырған үндеуін жариялады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та халықты әуе шабуылынан сақтануға шақырған.

Сағат 22.30-да (Астана уақытымен 1.30) Киевте және Киев, Чернигов, Сумы, Запарожье, Днепропетровск облыстарында әуе дабылы ойнаған. Херсон және Житомир облыстарында да дабыл қосылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы гарнизонының әскери соты журналист Михаил Козачковқа 3,5 жыл шартты жаза берді. Қазақстанның ақпарат агенттіктеріне бұл туралы оның адвокаты Елена Жигаленок хабарлады.

Сот журналисті Қылмыстық кодекстің "жеке өмiрге қол сұғу, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу", "жалған ақпарат тарату" баптарымен айыптаған.

Былтыр 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері "Время" басылымының тілшісі, Kozachkov offside телеграм-арнасының авторы Козачковты ұстаған еді. Басында оны тергеу соты қамауға алған, ал 18 ақпанда журналист үйқамаққа шықты.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал