azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

«Ақ жол» партиясы мәжіліске баратын алты депутаттың тізімін жариялады. Мәжілістен кресло алатындар қатарында партия төрағасы Азат Перуашев бар.

📌Ерлан Барлыбаев, экономист, мәжілістің 6-шақырылымының депутаты болған.
📌Ержан Бейсенбаев, кәсіпкер, Жетісу облысындағы BIGLIFE компаниясының тәуелсіз директоры.
📌Дания Еспаева, мәжілістің 6-шақырылымының депутаты болған.
📌Қазыбек Иса, ақын, мәжілістің 6-шақырылымының депутаты болған.
📌Азат Перуашев, партия төрағасы.
📌Асқар Садықов, бизнесмен, «Ақ жолдың» Ақтөбе облысындағы филиалының төрағасы.

Бұл партия өзін «парламенттегі оппозиция» деп көрсетеді, бірақ биліктің бастамаларын ашық қолдайды. 19 наурыздағы сайлауда партия 8,41% алып, алты мандатқа ие болған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

- Жетібай кентінің тұрғындары "Маңғыстаумұнайгаздың" өндірісіне апаратын жолды жапты. Олар тұрақты жұмыспен қамтуды талап етіп жатыр. Наразыларға әкімдік пен прокуратура өкілі келді.

- ОСК парламентке өткен партияларға қанша мандат берілетінін мәлімдеді. Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясы сайлау нәтижесін мойындамаймыз дейді.

- Израильде үкіметтің сот реформасы халық қарсылығына ұшырап, жүздеген мың адам көшеге шықты. НАТО Ресейдің ядролық ұстанымын сынады.

AZATNEWS 👉https://www.youtube.com/live/IyZbD2HTXzE?feature=share

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу жарысында өз алаңында Данияны жеңгені белгілі. Матчтан соң жанкүйерлер жеңісті қалай атап өтті?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қытай компартиясының Шыңжаңдағы хатшысы Ма Синжуймен кездесті.

Ақорда кездесуде «өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударылғанын» жазады.

Кездесу соңында Тоқаев Ма Синжуйнің Қазақстанға сапары «өңіраралық байланысты тереңдетіп, оның бағыт-бағдарын нақтылай түсуге тың серпін беретініне назар аударған».

Ақорда хабарламасында Тоқаев пен Ма Синжуймен кездесуде Шыңжаңдағы қазақтардың лагерьлерге, түрмеге қамалып жатқаны жайлы талқылаған-талқыламағаны жайлы ештеңе айтылмаған.

БҰҰ есебінше, Қытай билігі Шыңжаңда миллионнан аса ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамаған. Қазақстанда да ондаған адам Шыңжаңда қалған туыстарын Қытайдан қайтара алмай жүр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ билігі TikTok басшысын бес сағат тергеді

23 наурыз күні АҚШ Конгресі TikTok басшысы Шоу Цзы Чуды тергеді. Өкілдер палатасының мүшелері бұл платформа «балалар денсаулығына қауіпті, суицидті насихаттайды және Қытай компартиясының қаруы» деп есептейді. Чу заң шығарушыларды платформа қауіпсіз екеніне көндіруге тырысты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады.
Ресми статистика бойынша, мәжіліске сайлауға түскен жеті партияның алтауы өтті. Алты партия партиялық тізіммен берілетін орындарды былай бөлісті:

"Аманат" - 40 орын,
"Ауыл" - 8,
"Республика" - 6,
"Ақ жол" - 6,
Қазақстанның халық партиясы - 5,
ЖСДП - 4.


Мәжіліске "Байтақ" партиясы өтпеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина жауынгерлері Ұлыбританияда Challenger 2 танкісін пайдалануды үйреніп қайтты

Украина жауынгерлері Ұлыбританияда Challenger 2 танкісін айдауды үйреніп, елге оралды. Бұл жөнінде The Guardian басылымы Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне сүйеніп хабарлады. Бұл танкистер Украинаның қарсы шабуылына қатысуы мүмкін.

"Украина жауынгерлері танкіні айдау, басқару, экипажбен жұмыс істеу, нысананы дәл көздеу дағдылары бойынша сабақ алған" деп жазады "Настоящее время".

Украина танкистеріне Challenger 2 танкісі биыл қаңтардың соңында үйретіле бастаған. Ұлыбритания үкіметі мұны "кейінгі алты айда Британияда әзірліктен өткен бірнеше мың украин жауынгеріне арналған бағдарламаның бір бөлігі" деп атады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген

26 наурыз, жексенбі күні Түрікменстанда өткен парламенті депутаттарының сайлауына сайлаушылар шетелге кеткен туыстарының атынан дауыс берген. Бұл жөнінде Азаттық радиосының Түрікмен редакциясы хабарлады.

Түрікменстан орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, республика уәлаяттарының барлығында сайлаушылардың кем дегенде 83 пайызы дауыс берген.

Азаттықтың Түрікмен қызметінің хабарына қарағанда, республика билігі сайлаушыларға шетелге кеткен туыстарының орнына дауыс беретінін алдын ала ескерткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің орталық өңіріндегі Тула облысының Киреевск қаласында 26 наурызда күндіз жарылыс болған. Жарылғыш заттары бар дрон жарылған деген болжам бар. Үш адам жараланған. Дронды кімнің, қандай мақсатта ұшырғаны белгісіз.

"База" басылымының мәліметіне қарағанда, жарылыс болған жердегі шұқырдың диаметрі 15 метрге, тереңдігі 8 метрге дейін жеткен.

Тула губернаторы әкімшілігі үш тұрғын үй зақымданғанын хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 жарысының іріктеу турнирінде Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңді

Астанада өткен ойында Дания 2:0 есебімен жеңіп жатқан еді. Екінші таймда Қазақстан үш гол салып кетті.

Бұл — Қазақстанның іріктеудегі алғашқы жеңісі. Алғашқы матчта өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Медведев "шетел агенті" ретінде танылған адамдарды Ресейдегі табысынан айыруға шақырды

Ол сонымен бірге авторлық құқықты бұзатын пираттық контенттерді қолдап, батыс компанияларының фильмдерін тегін таратуды ұсынды.

"Қандай да бір Акунин. Ол талантты жазушы. Елден кетіп қалған, елді қарғап-сілеп, арнайы әскери операцияны жерден алып, жерге салған... Десе де, біздегі ақпарат құралдары мен компаниялар оның шығармаларын қоюды тоқтатпады... "Әзәзілдің" кезекті нұсқасы пайда болды. Төртінші рет қойып жатыр! Неге деген сұрақ туындайды? Осыған ұқсас антиутопияны басқа біреуге тапсырыңдар" деді Медведев.

Дмитрий Медведев сенбі күні сонымен бірге батыс компанияларының зияткерлік меншіктерінің құқығын бұзуға шақырды. Оның сөзінше, ресейлік қолданушылар пираттық ресурстар арқылы Батыс музыкасы мен фильмдерін көруі тиіс.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский: Украина әзірше шабуыл бастай алмайды

Украина басшысы елдің шығысындағы ахуал күрделі екенін айтып, оқ-дәрі жетіспегендіктен шабуылға дайындық әлі толық аяқталмағанын айтты.

"Әріптестерден оқ-дәрі күтіп отырмыз" деді Зеленский жапонның Yomiuri Shimbun басылымына берген сұхбатында. Оның сөзінше, күн сайын орыс әскері украин күштеріне қарағанда үш есе көп снаряд пайдаланады.

"Украина батыл қорғаушыларын қарусыз қарымта шабуылға жібере алмайды" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Арбатта өткен акция кезінде белсенді Влада Ермольчева “демократия”, “конституция”, “сайлау құқығы”, “Жаңа Қазақстан” деген жазуы бар шарларды жарды.

Әр шарды жарған сайын “бізден демократияны, конституцияны, сайлау құқығын, Жаңа Қазақстанды ұрлап әкетті” деді.

“Сайлауды бұрмалап, өте көп заңсыздық жасаған билік Конституция мен азаматтардың құқықтарын бұзды, болашағымызды ұрлап, демократияға деген үмітімізді өшіріп жатыр. Таңдау құқығын тартып алды. Барлық үмітіміз әуе шары сияқты жарылып, жоқ болды” деп жазылған белсенді таратқан мәлімдемеде.

Акция басталғанына бес минут өтпей жатып, полиция оны ұстап әкетті

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Беларусьте тактикалық ядролық қару орналастырады. Ресей президенті Владимир Путин "Россия-24" арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ескі державаға ескерткіш. Ресей соғыстың салдарынан Байқоңырдан кетуі мүмкін

Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей космонативкасының ажырамас бөлігіне айналып кетті. 90-жылдардан бастап Байқоңыр Ресейден алшақтай бастады. Қазақстанмен келісімшарт 2050 жылға дейін жалғасқанымен Байқоңырда біртіндеп Ресейдің белсенділігі азайып келеді. Зымыран ұшыру кешендері аз қолданылып, алда не болады деген сұрақ күшейді. 2023 жылы ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселесі тағы да ушықты: Қазақстан Ресей мүлкін бұғаттап, 2 миллиард рубль сұрады. Ал Ресей тарабы 220 миллион долларлық қарсы талап қойып отыр.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жетібай тұрғындары жұмыс талап етіп, "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының кенішіне барар жолды жапты

27 наурызда Маңғыстау облысындағы Жетібай кентінің жұмыссыз тұрғындары "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы игеріп жатқан кенішке баратын жолды жауып тастады. Олар Жетібай тұрғындарына бөлінген жұмыс орындарын көбейтуді, жұмыс беруді талап етті.

Ауылдың 200-ден астам тұрғыны жолды таңертеңгі 10-нан бастап жауып, әзірге ашпай отыр. Ереуілге отбасыларымен, сәбилерімен бірге шыққандар да бар.

Жетібай тұрғындарымен кездесуге Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков пен аудан прокуроры Берік Бүркітбаев келді. Ауыл тұрғындары жіберген видеодан прокурор рұқсат етілмеген жиын өткізуге болмайтыны жөнінде ескерту жасап, адамдарды таратуға тырысып жатқаны көрінеді.
"Талап орындалмай тарқамаймыз" деген тұрғындар прокурордың ескертуіне наразы болды.

Олардың сөзінше, биыл қаңтар айында сол төңіректегі мұнай кеніштерінен наурыздың 25-інде Жетібай тұрғындарына бос жұмыс орындары бөлінетіні туралы уәде берілген. Бірақ вакансия Жетібай тұрғындарына аздық еткен.

t.me/Azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Коммунистер» атынан кімдер депутат болады?

Қазақстан халық партиясы (коммунистер) мәжіліске депутат болатын бес адамның есімін жариялады. Тізім жарияланған партия жиынын төраға Ермұхамед Ертісбаев басқарған.

📌Магеррам Магеррамов, осыған дейінгі мәжілісте депутат болған,
📌Ирина Смирнова, осыған дейінгі мәжілісте депутат болған,
📌Гаухар Танашева, Көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі,
📌Кенжеғұл Сейтжан, Паралимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы,
📌Ислам Сұңқар, жастар квотасы.

19 наурыздағы сайлаудың ресми нәтижесі бойынша ҚХП партиялық тізіммен бес мандатқа ие болған еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының бастамашыл тобы 27 наурызда Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, 19 наурызда өткен сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.

"Алға, Қазақстан" ұйымынан сайлауға бес кандидат түскен. Ұйым тіркелмегендіктен, бұл азаматтар тәуелсіз кандидат ретінде ғана сайлауға түсуге мүмкіндік алды.

Сайлау комиссиясы ұйым белсенділері – Марат Жыланбаев, Амангелді Жахин мен Бибігүл Иманғалиева мерзімінен бұрын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді деп есептеп, 9 наурызда олардың кандидатурасын додадан алып тастаған. Кейін олар сотқа шағымданды, бірақ сот арыздарын қанағаттандырмады.

Ал Мейіржан Досқараев Қарағанды облысы бойынша сайлауға түскен. Ол үгіт-насихат жүргізу кезінде әкімшілік кедергілерге тап болғанын айтты. Досқараев кедергілерді айтып, Бас прокуратураға арыз да жолдаған.

Сайлауды әділетсіз өтті деп есептейтінін айтқан "Алға, Қазақстан" өкілдері сәуір айында митинг өткізу үшін әкімдікке ескерту жолдаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты аудандағы №10 бір мандатты сайлау округіндегі №643 сайлау учаскесінің дауыс нәтижелері туралы хаттамасының күшін жойды. Бұл ақпаратты Азаттыққа облыстық соттың баспасөз қызметі растады.

22 наурыз күні шыққан сот шешіміне қарағанда, сотқа арызды Рүстем Аманбаев пен Досмұхамбет Салғалдақов түсірген. Олар №643 және №911 сайлау учаскесінің дауыс нәтижелері туралы хаттаманың күшін жоюды талап еткен.

Арызданушылар №643 сайлау учаскесінде "байқаушылардың сайлауды толық бақылауына мүмкіндік жасалмады, бақылау камерасы көпе-көрнеу өшірілді, бір адам бірнеше рет дауыс берді, бюллетеньдер топтап салынды" деген сияқты 7 заң бұзушылыққа жол берілгенін айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК төрағасы отставкаға кете ме?

Тәуелсіз бақылаушылар мен халықаралық бақылаушылар 19 наурызда өткен сайлауды заңбұзу фактілері көп болды деп сынап жатқан тұста журналистер ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтен «отставкаға кетесіз бе?» деп сұрады. Әбдіров бұл сұраққа он минуттай жауап беріп, сөзінің соңында былай деді:

«Мен бұл қызметті сұрап алған жоқпын, мен сұрап алған қызмет емес, өмірде қызмет сұраған емеспін. Маған жүктеді, қолдан келгенше амал істеуге тырысып жатырмыз, әлі де тырысамыз. Өз еркіммен бұл қызметті тастауға ешқандай негіз де жоқ, арым да таза».

Әбдіров осыған дейін мәжілісте биліктегі "Аманат" (бұрынғы - "Нұр Отан") партиясының атынан бірнеше рет депутат болған. Кейін президент Тоқаев оны сенат депутатығына сайлаған. 2022 жылы қаңтарда президент жарлығымен ОСК төрағасы болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Ресейге реэкспортты жіті бақылауға алмақ. Санкцияларды айналып өту тыйыла ма?

Келесі айдан бастап Қазақстанда тауар қозғалысын шекарадан шекараға дейін онлайн режимде бақылап, Мәскеуге салынған санкциялардың бұзылмауын қадағалайтын жүйе іске қосылуы мүмкін. Астанадағы ақпарат көзіне сүйенген Батыс басылымдары осылай жазды. Бұл Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларды бұзбауға мүдделі екенін Батыс мемлекеттеріне көрсетуге талпынысы болса керек. Бірақ бұл санкцияларды айналып өту тыйылады дегенді білдіре ме?

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура: Іздеудегі 600 күдіктінің көбі Ресей, АҚШ, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде жүргені анықталды

27 наурызда Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыс жасады деген күдікке ілінген 2,5 мың адам қашып жүргенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі үш жылда елдің құқық қорғау органдары қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздестірген.

Қазірге дейін оның 500-і ұсталған, оның ішінде шетелде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланғандар да бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Израильде сот реформасына жаппай қарсылық жалғасып жатыр. Наразылалар сот реформасы демократияға қайшы деп есептейді. Жексенбіде Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант реформаны тоқтатуды ұсынды. Ол қазіргі жағдай елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді.

Галант сот реформасын кемінде бірнеше айға тоқтата тұруды айтқан. Өйткені Израиль әскері мен қауіпсіздік қызметінде де наразы көңіл-күй бар. Оны оппозиция жетекшісі, бұрынғы премьер-министр Яир Лапид қолдаған. Лапид Галант Израильдің қауіпсіздігі жолында батыл қадам жасады деп бағалаған.

Оған жауап ретінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Галантты қызметінен босатқан. Бұл жөнінде жексенбіде The Jerusalem Post хабарлады. Нетаньяху Галант "үкіметтің сыртынан әрекет етіп, сенімнен шықты" деп мәлімдеген.

Израильде сот реформасына қарсылық жалғасып жатқанына бірнеше апта болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кеше 600 мыңнан астам адам қарсылық шеруіне шыққан. Бұл – Израиль тарихындағы аса ірі акция.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан құрамасының Данияны жеңген матчынан фотолар ұсынамыз.

Фото: Reuters

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина Путиннің мәлімдемесі туралы: Кремль Беларусьті ядролық кепілге алды

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Путиннің Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару орналастыратыны жайлы мәлімдемесін Беларусьтегі жағдайды тұрақсыздандыру қадамы ретінде сипаттады. Оның пікірінше, бұл белорус қоғамында Ресей мен Путинге қатысты теріс пікірді ұлғайтып жібереді.

"Кремль Беларусьті ядролық кепілге алды" деді Данилов.

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяның айтуынша, Беларусь аумағында ресейлік тактикалық ядролық қару орналастыру Конституцияға қайшы және ядродан бас тартқан елдің мәртебесіне сәйкес келмейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Америкалық Соғысты зерттеу институты (ISW) Путиннің сұхбатын "кезекті ақпараттық операция" деп атады

Институт сарапшылары Путин Украинаның батыс одақтастарына сес көрсету үшін ресейлік қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын мобилизациялау мүмкіндіктерін асырып көрсетіп отыр деп санайды.

ISW айтуынша, Путиннің жылына шамамен 1,6 мың танк шығарамыз деген мәлімдемесінде соғыстағы шығындар мен өндірістегі шектеулер ескерілмеген. Елдегі танк өндіретін жалғыз кәсіпорын "Уралвагонзавод" айына 20 танк ғана шығарады.

АҚШ Путиннің Беларусь аумағында ядролық қару орналастыратыны жайлы мәлімдемесіне алаңдамайтынын мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алмалы аудандық полициясы Oyan, Qazaqstan белсендісі Влада Ермольчеваны бір сағаттан кейін босатты.

Белсендінің айтуынша, полициядағылар одан түсініктеме алған. Алда оны “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша әкімшілік сот күтіп тұр, деп хабарлады Азаттық тілшісі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда әділетсіз сайлауға қарсы пикет өткізген Oyan,Qazaqstan белсендісі Влада Ермольчеваны полиция ұстап әкетті

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Украинадағы соғыстан 5 мыңнан астам тұтқын оралғанын хабарлап, бәріне рақымшылық жарияланғанын айтты

Оның сөзінше, соғыстан оралғандардың "0,31 пайызы ғана бір ай ішінде қайта қылмыс жасаған". Оның айтуынша, бұл көрсеткіш қалыпты жағдайдан 10-20 есе төмен.

"Ресейдегі қылмысты он есе қысқарттық, бұрынғы тұтқындарды совет кезінде пионерлер мен октябряттарды баулығаннан да жақсырақ "тәрбиелеп" шығардық" деп жазылған "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады деп хабарлады адвокат Ғалым Нұрпейісов

Адвокаттың айтуынша, ол БАҚ өкілдерін өзіне кіргізуді талап етіп отыр. Бастапқыда журналисте дәрі-дәрмек болмағандықтан, 24 наурызда аштықты бастаған. 25 наурызда кешке оған дәрі-дәрмек жеткізілген.

"24 наурызда апелляциялық сот өтіп, шешім өзгеріссіз қалды. Сот кезінде көптеген заңсыздықтар болды. Думан әлі кандидат болғандықтан оның иммунитеті бар. Бірақ сот біздің айтқанымызды ескерген жоқ. Енді кассациялық сотқа шағымданамыз" деді Ғалым Нұрпейісов 26 наурыз таңертең Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, Думан Мұхамедкәрім қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында қамауда отыр.

Азаттық әзірше Еңбекшіқазақ аудандық полициясынан жауап ала алмады.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал