azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Шығыс Қазақстаннан мәжіліс депутаттығына кандидат болған Қалибек Қалиолданов пен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат болған Александра Осипова сайлаудың қорытынды хаттамасын ала алмай жүр.

Олар облыстық сайлау комиссиясына бірнеше рет талап айтып барған, бірақ «комиссия мүшелері сөзімізді елеусіз қалдырды» дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров "Шешенстан Республикасына еңбегі сіңген құқық қорғаушы" медалін алды.

Медальді Қадыровқа Шешенстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі "азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға үлес қосқаны үшін" берді. Бұған қоса, "шешен халқының ұлттық мүддесін қорғауда принципшілдік танытқаны үшін, дәстүрлі құндылықтардан айнымай, борышына адал болып қалғаны үшін" берілгені хабарланды. Медаль тағайындау туралы құжатта осылай деп жазылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Швеция, Норвегия, Финляндия және Дания әскери-әуе күштерін біріктіруге ынта білдіріп, келісімге қол қойды.

Солтүстік Еуропа елдері 250 жойғыш ұшақ, әуе шабуылынан қорғайтын және барлау жүйелерін бірге пайдаланады.

Дания әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ян Дам Reuters агенттігіне мұндай шешім Ресейдің Украинадағы соғысы тұсында қабылданғанын айтты. Солтүстік елдері Ресейден туындайтын қауіпке қарсы тұру үшін де ынтымақтастық орнатады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters sans frontières) ұйымы Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы қарсаңында және сайлау кезінде кәсіби міндетін атқарған ондаған журналист түрлі тосқауылдарға кезіккенін мәлімдеді.

Ұйым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "еркін ақпарат таратудағы кедергілерге нүкте қою үшін" күш салуға үндеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Орал соты "Халық жемқорлыққа қарсы" ұйымының заңгері Аслан Өтеповті үйқамаққа жібермеді

45 жастағы заңгер Өтепов "алаяқтық жасады", "алақтық жасауға бірнеше рет оқталды", "парақорлыққа себепкер болды" деген айыптармен күдікке ілініп, желтоқсаннан бері тергеу изоляторында қамауда отыр.

Тергеу құжаттарына сай, Өтепов 2022 жылы ақпанда жергілікті кәсіпкер Оксана Байсариевадан жергілікті шенеуніктерден жеміс сату үшін сауда учаскесін алып беремін деп, 800 мың теңге пара алған. Тергеу Өтепов істегі екінші жәбірленуші Павловтан да жер телімі үшін пара алды деп отыр.

Аслан Өтепов сотта барлық айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Аслан Өтепов – "Трамадол" дәрісін рецептісіз сатуға қарсы шығып жүрген белсенділердің бірі.

Заңгер алғашқы сот отырысында "тергеу изоляторында жеке басыма қауіп төніп тұр" деп мәлімдеген.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Өтеповтің сөзін растамаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

24 наурызда Ақтөбеде жергілікті белсенді Фархад Ғазиз әлем елдерін Қазақстандағы сайлауды заңсыз деп тануға үндеп, пикет өткізді. Белсенді қолына "Аманат-Ұры отан сайлауда тек қана дауыс ұрлауды біледі" деп жазылған плакат ұстап, "Аманат" партиясының Ақтөбедегі ғимаратына барды.

Белсенді "Аманат" партиясының Ақтөбедегі ғимараты алдында бір жарым сағатқа жуық тұрды. Осы аралықта Фархад Ғазизге "Аманаттың" өкілдері, Ақтөбе әкімдігі мен прокуратура қызметкерлері келіп, әрекетінің заңсыз екенін, пикет өткізу үшін рұқсат алуы қажет екенін айтумен болды. Партия ғимаратына, әкімдікке барып әңгімелесуді ұсынды. Полиция қызметкерлері "плакатыңызды жинаңыз, заңды талабымызға бағынбаудың соңы әкімшілік жазаға соқтыруы мүмкін" деп ескертті.

Билік өкілдері мен "Аманат" өкілдері пикетке шыққан тұрғынмен мәмілеге келе алмады. Бір жарым сағаттан соң полиция Фархад Ғазизді патруль көлігіне салып әкетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана мәслихат сайлауының қорытындысы

Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауының қорытындысын жариялады. Мәслихат депутаттарының жартысы – партиялық тізіммен, жартысы бірмандатты округ бойынша жасақталады.

Партиялық тізім бойынша қорытынды:

🔸“Аманат” партиясы – 12 мандат (68,87%)

🔸“Ақ жол” – 3 мандат (19,96%)

🔸“Байтақ” – 1 мандат (5,49%)

🔸Қазақстан халық партиясы – 1 мандат (5,5%)

🔸“Республика” – мандатқа ие бола алған жоқ (1,63%)

🔸“Ауыл” – мандатқа ие бола алған жоқ (0,65%)

Бірмандатты округ бойынша мәслихатқа өткендер:

№ 1 (сайлау округы) – Владислав Сергеев;
№ 2 – Динара Байсеркина;
№ 3 – Азамат Өмірзақов;
№ 4 – Мадина Әжікенова ;
№ 5 – Азамат Айтхожин;
№ 6 – Нұрлан Күпешев;
№ 7 – Салтанат Женалаева;
№ 8 – Қанат Естек;
№ 9 – Бахаргүл Төлеген;
№ 10 – Нұрлан Мүслім;
№ 11 – Азамат Орынбасаров;
№ 12 – Сәуле Самидин;
№ 13 – Ғабит Тәжімұратов;
№ 14 – Давид Лория;
№ 15 – Бауыржан Смайылов;
№ 16 – Талғат Ерғалиев;
№ 17 – Жандос Рахмет

Бұған дейін Алматы қалалық мәслихат сайлауының қорытындысы жарияланған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Бір учаскеден екі хаттама”. Шымкентте сайлаудағы “заңсыздықтарға қатысты” тағы бір іс қаралып жатыр

Шағымды қалалық мәслихат депутаттығына үміткер дәрігер Сәбит Байбосынов түсірген.

Іс бойынша екі түрлі хаттама тіркелген. Бірінші хаттама нәтижесі бойынша, депутаттыққа Байбосынов өтсе, екінші хаттама бойынша кәсіпкер Бөкейхан Әбішов жеңімпаз болған. Байбосынов екінші хаттаманы заңсыз, бірінші хаттаманы заңды деп тануды сұрайды.

Сотта N7 сайлау округінің хатшысы және округке қарасты N141 сайлау учаскесінің комиссиясы бірінші хаттаманы растап, үміткерлерге сайлау қорытындысы деп ұсынған аймақтық сайлау комиссиясының хаттамасын жоққа шығарды.

Ал 141-сайлау учаскесінің барлық мүшесі бірінші хаттамадағы деректерді жоққа шығарып, ондағы қойылған қол өздерінікі емес екенін жеткізді. Сот жалғасып жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкент соты сайлау учаскесінен “бюллетеньдерді алып қашу” оқиғасын қарап жатыр

Сот құжатына қарағанда, оқиға сайлау күні қаладағы N233 сайлау учаскесінде болған. Шағым берушілердің айтуынша, “сайлау комиссиясы бақылаушылардан бюллетеньдерді полиция көлігімен алып қашқан”. Учаскеге қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелген Батырбек Көшербай соттан хаттаманы жойып, заңсыз деп тануды және сайлау комиссиясы дауысты санау барысында заңсыздыққа жол берген деп тануды сұрап отыр.

Бұл – Шымкентте тіркелген “бюллетеньдерді алып қашуға қатысты” екінші оқиға.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихатқа өткендер:

1 (округ нөмірі) - Әкім Тұрсынов
2 – Дастан Жантелеев
3 – Гүлжан Бекенова
4 –Анна Башинская
5 – Зәуреш Өнербаева
6 – Бақытбек Жұмабаев
7 – Алтынай Көбеева
8 – Тимур Елеусізов
9 – Сергей Козлов
10 – Болат Ибрагимұлы
11 – Қайрат Бегалин
12 – Мұхтар Зулеев
13 – Ералы Сауранбаев
14 – Еркінбек Рақышев
15 – Мұрат Өтемісов
16 – Қарашаш Жузеева
17 – Әміржан Нәбиев
18 – Дулат Тастикеев
19 – Зия Талгатов
20 – Андрей Шин
21 – Дулат Рамазанов

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Барнауыл гарнизонының әскери соты ФСО майоры Михаил Жилинді "әскери қызметтен қашты", "шекараны заңсыз кесіп өтті" дегеп айыппен алты жарым жылға соттады.

Жилин жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуі тиіс және бүкіл әскери атақтарынан айырылды. Бұл туралы "Медуза" сайты сотқа сілтеме жасап хабарлады.

Соттың баспасөз қызметі үкім заңды күшіне енген жоқ деп мәлімдеген.

36 жастағы Жилин бұған дейін Ресейдің федералдық күзет қызметінің Сібір федералдық округінде істеп, президент Владимир Путин мен аймақтың байланысына жауап берген.

21 қыркүйекте Путин елде мобилизация жариялағанда Жилин отбасымен Ресейден қашқан. Ол Ресейден кетуге шектеуі болғандықтан Қазақстанға шекара бұзып өткен. 26 қыркүйекте Абай облысының шекарашылары оны ұстаған еді. 6 желтоқсанда Жилин Арменияға ұша алмаған. Ресей Михаил Жилинге "шекараны заңсыз кесіп өтті", "әскери қызметтен қашты" деп халықаралық іздеу жариялаған. Ал желтоқсанның соңында Қазақстан Жилинді Ресейге экстрадициялады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Астана Жилинді Ресейге "қысымға тап болғандықтан" берді деп санайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде “Аманат” “дауыс ұрлады” деп мәлімдеп, пикет өткізген қала тұрғыны Фархад Ғазизді полиция ұстап әкетті

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы N5 округтен депутаттыққа үміткер, мәжіліске өтпей қалған кандидат Мұхтар Тайжан “барлық ұсынысқа келісетінін” мәлімдеп, “халық парламентінің” жұмыс тобына енуге дайын екенін айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліске өтпей қалған үміткер Инга Иманбай брифинг кезінде сайлауды заңсыз деп тану қажеттігін, өз штабындағы бақылаушыларға қысым жасалғанын айтты. Иманбай “билік Батысқа демократия барын көрсету үшін псевдооппозиционерлерді араластырды” деп есептейді. Ол қайтадан сайлау өтуге тиіс деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот 9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан үкімін өзгертпеді

Бұл жөнінде Астана қалалық сот ақпаратына сүйенген Informburo сайты хабарлады.

Биыл ақпанның басында сот журналист, Abzhan News Telegram-арнасының авторы Махамбет Әбжанды 9 жылға бас бостандығынан айырған. Әбжанға "көрінеу жалған ақпарат тарату" және "бопсалау" баптары бойынша айып тағылған.

Сот ақпаратына қарағанда, журналист Telegram-арнасында АО "Астана – аймақтық электр желі компаниясы" бастығының орынбасары Ғабидолла Қожабаевтан, "Астана жылу транзит" басқарма төрағасының орынбасары Қанат Мукиннен, кәсіпкер Рашит Махаттан “50 млн теңге бопсалаған”.

Әбжан тағылған айыптарды жоққа шығарған. Бұған дейін баспасөз құқығын қорғау ұйымдары соттың жабық өтуін сынаған. "Журналистер мен өзге де тұлғаларға қатысты істің жабық өтуі тағылған айыптың негізділігіне күмән туғызады, сот инстанцияларының істі әділ әрі объектив қарағанына күдік келтіреді" деп мәлімдеген.

Ақпан айында құқық қорғаушылар Махамбет Әбжанды "саяси тұтқын" деп таныған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Аманат" партиясын "дауыс ұрлады" деп айыптап, пикет өткізген ер адамға сот айыппұл салды

25 наурызда Ақтөбе әкімшілік соты қала тұрғыны Фархад Ғазизге “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны үшін” 172,5 мың теңге айыппұл салды.

– Әкімшілік соттың бұл қаулысына келіспеймін, апелляция алқасына шағым жазамын, – деді Фархад Ғазиз Азаттыққа.

Белсенді жұма күні "Аманат" партиясының Ақтөбедегі ғимараты алдында пикет өткізіп, халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы сайлауды заңсыз деп тануға үндеген.

Белсендінің қолында «Аманат - Ұры отан сайлауда тек қана дауыс ұрлауды біледі» деп жазылған плакаты болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Желтоқсан 1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде Азаттық радиосы бұл туралы қандай хабар таратты? Арнайы подкастың екінші эпизоды осы тақырыпқа арналған. Төменде – подкастың қысқаша мазмұны.

🔗ОҚУ

🎙️ТЫҢДАУ (ПОДКАСТ)

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Енді Армения да Путинді тұтқындай алады. Армения конституциялық соты Рим статутында бекітілген Халықаралық қылмыстық сот туралы міндеттемелерді ел Конституциясына сәйкес деп таныды.

Бұл жөнінде New.Am агенттігі хабарлады. Шешім күшіне енген.

Енді Ресей президенті Путин мен бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова Арменияға барған жағдайда Халықаралық қылмыстық соттың 17 наурыз күнгі ордеріне сәйкес тұтқындалуы мүмкін. Халықаралық қылмыстық сот екеуін де Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔹Алты тәуелсіз кандидат мәжілісте не бітіре алады?

🔹Жаңа мәжіліс неліктен ескі мәжіліске ұқсас болады?

🔹Путин режимі неліктен расизм үшін қолайлы ортаға айналды?

Халықаралық басылымдар бұл аптада осы сұрақтарға жауап іздеді.

Diplomat: Әзірге қай партияның мәжілістен қанша орын алатыны ресми түрде жария етілмесе де, «Аманат» көпшілік орынды алатыны анық.

Бірмандатты округ бойынша 29 орынның 23-ін алғанын және партиялық тізім бойынша 53,9 пайыз дауыс (шамамен 37 орын) жинағанын ескерсек, мәжілістегі 98 орынның шамамен 60-ын «Аманат» алмақ.

«Сайлауда кімнің жеңгенін және дауыс беруге қатысу көрсеткішінің төмен болғанын ескерсек, бұл жұрт таңдау жасай алады және үкімет олардың даусына құлақ асады дегенге қазақстандықтарды сендіру үшін әлі де көп күш салу керектігін көрсетеді
», − деп қайырады мақала авторы.

ОҚУ

“Путин режимі расизмге қолайлы ортаға айналды”

Ресейде этникалық орыстардың көпшілігі өз нәсілін өзгелерден жоғары қоятын идеяны қызу қолдайды, дейді саяси сарапшы Ақас Тәжуітов Eurasia Review мақаласында.

«Путинизм халық бойындағы ең нашар қасиетке жол ашып, орыс расизміне карт-бланш берді...» деп мақала авторы Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты, Путинді сынап жүрген Александр Невзоровтың сөзінен үзінді келтіреді.

Тәжуітов Ресейде қазақ, тува, бурят пен басқа ұлттарға сұраныс Кремль майданның алдыңғы шебін жабатындарды керек еткенде пайда болады дейді. Сондай-ақ Мәскеу азия тектес жауынгерлерді соғыстағы қатыгез қылмыстарға кінәлі етіп көрсету үшін пайдалануы мүмкін. «Сондықтан оларға бұл соғыс мүлде керек емес екені анық», − дейді Тәжуітов.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Дзюдодан Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының кезеңінде қазақстандық Әбиба Абужақынова (48 кг) мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медаль иеленді.

Әбиба қолаға таласта испаниялық Лаура Мартинезді, Мағжан тағы бір қазақ балуаны Қанат Сейілханды жеңді. Қанат Сейілхан мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) 5-орын алды.

Grand Slam – Париж олимпиадасына жолдама үшін ұпай тарататын жарыстың бірі. Қазақстандық төрт дзюдошы да алған орындарына байланысты олимпиадалық рейтингіне ұпай қосты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлаудан соңғы дау, кандидаттардың қарсылығы — AzatNEWS 24.03.2023

📌 Қазақстанда мәжіліс пен маслихат депутаттарын қайта сайлау керек дейді 19 наурыз күні жеңіліп қалған кандидаттар. Олар саяси науқанның әділетсіз өткенін айтады.

📌 Батыс Қазақстанда мәжіліс депутаттығына өте алмаған журналист сайлау комиссиялары "дауыс ұрлады, билікшіл адвокаттың мүддесіне жұмыс істеді" дейді. Адвокат жеңіске әділ жолмен жеткенін айтады.

📌 Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?! Қарағанды облысында дауыс беру жәшігіне бюллетенді топтап салған комиссия мүшелеріне айыппұл салынды. Кандидат қатаң жаза талап етеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы «үлкен кемшіліктерге» байланысты тағы төтенше жағдай жарияланды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов 24 наурызда Instagram парақшасында төтенше жағдай дүйсенбіден бастап енгізілетінін мәлімдеді.

Ахметов постында ЖЭО жауапты RNGK жеке мкомпанияы «қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді» деп, Риддердегі жылу орталығын коммуналдық меншікке алу керегін мәлімдеді.

«Станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз, мәселеден шығудың жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу» деген әкім алда жылу орталығын коммуналдық меншікке алу үшін жұмыс істейтінін жазды.

Риддердегі жылу орталығының жаңа иесі – RNGK әкімнің сөзіне қатысты пікір білдірмеді.

Өткен жұма күні ШҚО прокуратурасы «ЖЭО-да қарашада болған жағдайдан соң жүргізілген тексеріс «Риддер ЖЭО» компаниясының техникалық жағдайы нашар екенін көрсетті» деп мәлімдеген. Прокуратураның ақпаратынша, 240-тан аса заң бұзу фактісі тіркелген. Прокуратура Риддердегі жылу орталығы 11 млн теңге айыппұл салынғанын да айтқан. Бұған қоса, ЖЭО жылу берудің нашарлығына байланысты 21,7 мың тұрғынға төлеген төлемдерінің бір бөлігін қайтарып беруге тиіс. Тұрғындарға қайтарылатын жалпы сома 63,3 мон теңге болады.

Былтыр қарашада Риддердегі жылу орталығында апат болып, 22 мың ғимарат жылусыз қалған еді. Осыдан соң қалада төтенше жағдай жарияланған, бұл режимді ақпанда алып тастаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутаттыққа үміткер болған азаматтық белсенділер Алматы мәслихатына өте алмады

Азаматтық белсенді Равкат Мұхтаров №7 округ бойынша 923 дауыс жинады. (Бұл округ бойынша “Аманат” партиясы ұсынған кандидат Алтынай Көбеева жеңген).

Қаңтардағы азаптаулар туралы айтқан Қосай Маханбаев №8 округ бойынша мәслихат сайлауына қатысып, 409 дауыс алған. (Бұл округ бойынша Тимур Елеусізов жеңімпаз деп танылды).

Белсенді Салтанат Тәшімова №12 округте 2346 дауысқа ие болған. (Мұнда Мұхтар Зүлеев жеңімпаз атанған).

Азаматтық белсенді Жанар Секербаева №14 сайлау округінде 1776 дауысқа ие болды. (Бұл округте Еркін Рақышев жеңген. Рақышев – билікке қатысты азды-көпті сын айтып жүрген, мәслихатқа өткен жалғыз кандидат).

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Алматы мәслихатына өткендер арасында өзін-өзі ұсынған жеті кандидат бар. Біреуі – мемлекетпен тығыз әріптестік орнатқан белсенді, қалғаны – кәсіпкерлер" деп жазды “Власть”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы қаласы мәслихаты сайлауының ресми қорытындысы: “Аманат” – 12, “Республика” – 3, Қазақстан халық партиясы – 3, “Байтақ” – 2, “Ақ жол” 1 мандатқа ие болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қатысушылар жиынды былайша қорытындылады:

🔸сайлауды заңсыз деп тану

🔸“халық парламентін” құру

🔸сайлау туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін қайта сайлау өткізу

🔸орталық және аумақтық сайлау комиссиялары жетекшілерін жұмыстан қуу.

Бұған қоса, қатысушылар сайлауға наразылығын білдіру үшін 28 наурызда жергілікті органдарға митинг өткізу туралы ескерту хабарламаны жіберетіндерін айтты.

Шара соңында олар сайлауды заңсыз деп тану туралы петицияға қол қойды. Айтуларынша, құжат бас прокуратураға жіберіледі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Ресейге параллель импортты шектейді

Бұл жөнінде Қазақстандағы жоғары лауазымды шенеунікке сүйенген Financial Times басылымы жазды.

1 сәуірден бастап Қазақстанда барлық тауар тізбегін бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-жүйе жұмыс істей бастайды.

Біз жанама санкция қаупі барын білеміз, сол себепті барлық серіктестерімізбен өзара сауданы мұқият бақылап отырмыз” деді дереккөз журналистерге.

Оның сөзінше, Қазақстан параллель импортқа қатысты “қауіпті азайтуға үнемі күш салып келеді”.

Қазақстан ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр Ресейге экспорт алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға артқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлау нәтижесіне келіспегендер “халық парламенті” құрылғанын жариялады. Жиын спикері Рысбек Сәрсенбайұлы жұмыс тобы құрылып, ол жаққа ортақ мақсатты орындауға дайын кез келген белсенді, ерікті кіре алады деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей соты мобилизациядан қашып, Қазақстанды паналаған майорды 6,5 жылға соттады

Барнауыл әскери соты соғыстан қашып, Қазақстанды паналаған, кейін еліне қайтарылған майор Михаил Жилинді 6,5 жыл түрмеге кесті.

Сот Жилинді “мобилизация жағдайында әскерден қашу” және “мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту” баптары бойынша кінәлі деп таныды. Әскери атағынан айырды.

Былтыр мобилизациядан кейін Ресейден қашқан Жилинді Абай облысының шекарашылары ұстаған. Ол Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрап, бірінші инстанцияда жеңіліп қалған. Ал апелляциялық сот отырысы болмаған.

Оны Ресейге экстрадициялаған кезде қазақстандық құқық қорғаушылар Қазақстан Жилинді Ресейге қайтару арқылы босқын статусы конвенциясын бұзды деп мәлімдеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлау қорытындысына келіспеген азаматтар қайтадан сайлау өткізуді талап етті

24 наурызда Алматыда депутаттыққа үміткер азаматтар және олардың сенімді өкілдері, қоғам белсенділері жиын өткізіп, сайлау қорытындысына келіспейтінін айттып, билікке бірқатар талап қойды. Брифинг спикері Рысбек Сәрсенбайұлы сайлауда өрескел заңсыздықтар болғанын атап өтті.

Читать полностью…
Подписаться на канал