azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 23 наурызда таңертең № 6 қазандық маңында “көмір шаңы жарылған”.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жарылыс қуаты қоршау конструкцияларын қиратып кеткен.

Қазір алты қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Астыртын кіріп, ақпарат жіберіп отырасыңдар". Алматыда студенттерді жалған бақылаушы болуға итермелеген кім?

19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихатты кезектен тыс сайлауға Алматыда қала әкімдігінде қарасты орталықтың "экс-қызметкерлері" WhatsApp мессенджерінен чат ашып, студенттерді тәуелсіз ұйымдар атынан жалған бақылаушы болуға тартқан. Студенттерге "Тәуелсіз бақылаушылар" қоғамдық бірлестігі мен "Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" (ҚЖАҚ) қоғамдық қорына бақылаушы ретінде тіркеліп, "бізге астыртын ақпарат жіберіп отырасыңдар" деген тапсырма жүктеген. Қос ұйым мұны "биліктің кезекті лас әрекеті" деп сипаттады. Азаттық студенттерге тапсырма берген кімдер, студенттерді бақылаушы ұйымдарға қандай мақсатта жұмсады, бақылаушы ұйымдарды аңду кімге, не үшін қажет болды деген сауалдарға жауап іздеп көрді.

📌ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Bloomberg: Пригожин жалдамалы әскерін Украинадағы соғыстан алып кетпекші

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, ресейлік жоғары лауазымды тұлғалар мен қорғаныс саласының шенеуніктері Пригожиннен қауіптеніп отыр.

Олар президент Владимир Путинмен әңгіме кезінде "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тиімділігіне күмән келтірген.

Пригожинге түрмедегі тұтқындарды соғысқа тартуға тыйым салғаннан кейін "Вагнерге" соғыста адамдар жетпей, қақтығыс аймақтарында оқ-дәрі тапшылығына ұшыраған.

Ал Пригожин ақпаратты терістеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстандағы жер сілікінісінен ондаған үй мен қора-қопсы бүлінді

Тәжікстанның Соғды облысы Таулы Матча ауданында болған жер сілкінісінен үйлер мен қора-қопсы қираған. Бұл жөнінде Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Магнитудасы 5.9 болатын жер сілкінісі 23 наурызға қараған түні жергілікті уақытпен 1:07-де тіркелген. Тәжікстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Умеда Юсуфидің айтуынша, дүмпу кіндігі Таулы Матча ауданындағы Палдорак ауылы маңында болған. Душанбеде дүмпу күші 3-4 балл, Рашт ауданында 4-5 балл, ал Таулы Бадахшан ауданында 2-3 балға жеткен.

Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан Таулы Матча ауданындағы кей үйлер мен қора-қопсы құлаған. Жараланғандар жоқ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Молдова президенті Майя Санду 22 наурызда мемлекет тілді румын тілі деп ауыстыратын жарлыққа қол қойды. Ел парламенті өткен аптада бұл заң жобасын қабылдаған еді, ал заң жобасы парламентке ақпанның соңында түскен.

Ел заңында бұған дейін мемлекеттік тіл молдова тілі деп аталып келген еді.

Кейбір тіл мамандары молдова тілі болмағанын, Румыния мен Молдова халқы румын тілінде сөйлейтінін айтады. Ал тағы бір топ тіл маманы молдова және румын тілдері бір-біріне ұқсас дейді. Молдова ССР-і кезінде елдің ресми тілін молдова тілі деп ауыстырып, әліпбиді латыннан кириллицаға көшірген. Ал 1989 жылы Молдова Совет одағынан бөлініп шыққан соң кириллицадан қайта латын қарпіне өткен. Бұл жолы ел билігі елдің тілін толық өзгерткен жоқ, тек атауын ауыстырды.

Румыния – Еуропа одағының мүшесі, Ал Молдова 2022 жылы Еуропа одағына кандидат ел деп танылған. Молдова азаматтарының көбі, соның ішінде президент Майя Сандуда Румыния азаматтығы бар.

Ресейдің көмегімен өзін мемлекет деп жариялап алған "Приднестровск республикасында" "молдова тілі" ресми тіл болып қала бермек. Бірақ бұл аймақта негізінен орыс тілі қолданылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкент пен Тараз тұрғындары тағы да жер сілкінгенін желіде жазып жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын мерекелік шеру және жәрмеңкемен атап өтті 💐

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тиранияны қалай тоқтатуға болады? Беларусь зерттеушісінің ойлары

Сарапшылар Ресей мен Беларусьтегі авторитар режимде тоталитаризм, диктатура мен фашизм белгілері барын жазады. Бұл елдерде басшылардың шексіз билігі, милитаризация, билікке қарсы азаматтарды қудалау, жүйелі репрессия, цензура мен адам құқықтарын бұзу жиі кездеседі.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Медуза»: Гаага сотының Путинді тұтқындау ордері Кремль үшін күтпеген жаңалық болды

Ресей президенті әкімшілігіндегілер Гаагадағы соттың Владимир Путинді тұтқындау туралы ордерін Батыстың «ең тосын әрекеті» деп атаған. Бұл жөнінде Кремльге жақын дереккөзге сілтеме жасаған «Медуза» басылымы хабарлады.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинге Украинаның оккупацияланған аймағындағы тұрғындарды, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деген айып тағып отыр. Бұл соттың шарттарын мойындайтын 123 елде Путинді тұтқынға алуы мүмкін. Кремльдегі дереккөз мұндай жағдайда президенттің «қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етерін» білмейді.

«Медуза» дереккөзінің айтуынша, Путинді тұтқындау «мүмкін емес», себебі Ресей президенті өзін тұтқындау қаупі бар деген елдерге бармайды. Путинді тұтқындауы ықтимал деген елдер қатарында ТМД-ның кейбір мемлекеті және Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) бар. 2023 жылы тамызда ОАР-да БРИКС (құрамына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР кіретін мемлекетаралық ұйым) саммиті жоспарланған. Оңтүстік Африка Халықаралық қылмыстық соттың ордерін «қаперге алатынын» мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Риддер ЖЭС-інде өрт болды. Әкім станцияны коммуналдық меншікке алу керек деп санайды

21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының екі қазандығынан өрт шықты. 50 мыңдай тұрығы бар қалада наурыз айында осымен екінші рет апат болып отыр. Бұл жолы да тұрғын үйлерде жылу бәсеңдеп кетті.

Апат болғанын мойындаған облыс әкімі Даниал Ахметов: «Мәселенің жалғыз шешімі – жылу орталығын коммуналдық меншікке беру. Келесі аптада жиналыс өткіземін, станция иелерінің нақты ұсыныстарын тыңдаймын» деп мәлімдеді.

Мұнда 17-18 наурызда да қазандықтар істен шыққан. Станция жылыту маусымы басталған қазаннан бері апат жағдайында істеп келеді. Мұнда жиі-жиі өрт болады. Былтыр жыл соңында мұнда жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіліп, үш айдан соң, биыл ақпанда ғана алып тасталған.

Даниал Ахметов станция жұмысы бұрынғы иесінің "салғырттығынан" нашарлады деп есептейді. Былтыр қарашада облыс прокуратурасы орталықтың бұрынғы иесі – Green Energy Q компаниясына қатысты "немқұрайлық" бабымен тексеру бастаған, бірақ тексеру нәтижесін әлі жарияламады.

Қаңтардың аяғында орталыққа жаңа инвестор келді, бірақ жағдай әлі түзелмеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Сайлау нәтижесі бұрмаланды" деген Нұржан Әлтаевтың мәлімдемесіне қатысты Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев Азаттыққа пікір білдірді.

Әлтаевтың №27 округ бойынша сөзін терістеген ол қандай да бір шағым болса 5 күн ішінде сотқа жүгінуге кеңес берді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекәлі Жәнібековті Қонаев пен Назарбаев қалай шеттетті?

Колбин Қонаевтың қырына ілігіп жүрген Өзбекәлі Жәнібековтің қызметін көтерді. Жәнібеков Наурыз тойын халыққа қайтарды. «Қонаевтың Жәнібековке әділетсіздік көрсетті дейді естеліктерде. Өйткені Жәнібеков Қонаевтың кадрды өз бетімен тағайындағанына келіспеген. Өзбекәлі Жәнібеков жас Назарбаевқа қамқорлық жасап, қызметін өсірді. Бірақ Колбин кеткенде оның орнына Назарбаевтың кандидатурасын ұсынғанғанда ашық қолдамаған. Көп ұзамай Назарбаев Жәнібековті жұмыссыз қалдырды.

🔗 https://youtu.be/Guvna8UOkkk

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ COVID-19-дың шыққан жері туралы материалдарды жарыққа шығармақ

АҚШ президенті Джо Байден барлау қызметін COVID-19 дертінің шығуы жөнінде деректерді мүмкіндігінше толық жариялауға міндеттейтін заңға қол қойды. Онда коронавирус індеті Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан тарап кеткен болуы мүмкін бе деген сұрақтың жауабы болуы мүмкін.

«COVID-19-дың шыққан жерін, соның ішінде Уханьдағы вирусология институтының қатысын нақтылауымыз керек» делінген Байденнің мәлімдемесінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев күні кеше өткен парламент сайлауын «бүкіл реформаларды алға бастайтын өте маңызды қадам» деп атады және оны «ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы» деп сипаттады

Қазақстан президентінің айтуынша, мемлекет «жаңа дәуірге қадам басып», сөйтіп елде «жаңа саяси кезең қалыптасты».

«Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау –. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сөзін Астанадағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің қасында Наурыз мерекесіне арналған жиында айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Парламентке ұжымдық "Аманат" өтті". Ақорда Нұр дәуірінің динозаврларын пайдаланудан неге жалықпайды?

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда парламент сайлауы қалай өткенін, қазіргі билік неге өзгерістер енгізуге құлықсыз екенін талдап көрді.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Бұл – айыппұлмен құтылатын іс емес”. Қарағанды облысында кандидат бюллетеньдерді топтап тастаған мұғалімдерді қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр

Бұған дейін прокуратура Ақтастағы №279 сайлау учаскесінде сайлау жәшігіне бюллетеньдерді топтап салған сайлау комиссиясының екі мүшесін әкімшілік жазаға тартқан еді. Прокуратура хаттамасында “тең сайлау құқығын бұзып, басқа сайлаушы үшін дауыс бергені үшін” мұғалімдердің Әкімшілік кодекстің 108-бабы бойынша жазаға тартылғаны жазылған.

Сенімді өкілінің телефонының камерасына мұғалімдердің бюллетеньдерді топтап салып жатқаны түсіп қалған кандидат Жандос Сәдуақасов прокуратура шағымына қанағаттанбай отыр.

– Мен бұл жауапқа қанағаттанбаймын. Әрі қарай шағымданамын. Бұл айыппұлмен құтылатын іс емес, екі мұғалімге қатысты қылмыстық іс ашып, жауапқа тарту керек, – дейді Жандос Сәдуақасов.

Азаттық әзірше жазаға тартылған мұғалімдерді таба алмады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда “Тәуелсіз бақылаушылар” ұйымы 19 наурызда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауын бақылау қорытындысы туралы жиын өткізді. Ұйым бақылаушылары Алматыдағы 103 сайлау учаскесіне кіріп бақылаған. 92 хаттама ала алған.

Ең жиі кездескен заңбұзушылықтар: бақылаушыға кедергі келтіру, бюллетенге алдын ала қол қою.

Биыл бақылаушыларға жасалған өзгеше “кедергі” – хаттаманы кешіктіру. Ең соңғы хаттама сайлаудың ертесінде таңертеңгі сағат 8.00-де берілген.

"Тәуелсіз бақылаушылар" ұйымына биыл студенттер мен өзін "кандидаттың сенімді өкілімін деп таныстырған адамдар кедергі болған. Олар ұйымға бақылаушы болып тіркеліп, соңында учаскеге келмей қалған немесе барса да, дұрыс бақыламай отырған”.

Алматыда 600-ден астам сайлау учаскесі бар.

“Тәуелсіз бақылаушылар” ұйымы бүгін сотқа 5 шағым түсіретінін айтып отыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қытайға қарай қисаю". Си Цзиньпиннің Мәскеу сапарынан не нәтиже болды?


Мәскеуде үш күн болған Қытай басшысы Си Цзиньпин еліне қайтты. Оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі символизмге толы болды. Нәтиже қандай?

https://www.azattyq.org/a/32331373.html

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Чехия Ресей мен Беларусь азаматтарына виза бермейтін шектеуді 2024 жылдың наурызына дейін ұзартты. Бұл шешімді 22 наурызда ел үкіметі қабылдады.

ІІМ басқа елдің азаматтығы бар ресейліктер мен беларусьтерге де шектеу қоюды ұсынып, бұл бастама да мақұлданды.

Ресей және Беларусь азаматтарына виза гуманитарлық себептермен берілуі мүмкін. Еуропа одағының азаматтығы бар және одақ елдерінде тұрақты тұрып жатқандардың туыстарына виза беріле бермек.

Чехия былтыр Ресей Украинаға басып кірген тұста ресейліктер мен Беларусь азаматтарына виза беруді тоқтатқан еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"

"Сайлау көп қазақстандықтың көңілін қалдырған болуы мүмкін, бұл әлеуметтік толқу қаупін күшейтеді" дейді АҚШ-тың Қазақстандағы бірінші елшісі, АҚШ-тағы RAND Corporation зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Уильям Кортни.

Сайлау нәтижесі Қаңтар оқиғасында саяси өзгеріс талап еткен қоғам сұранысына жауап бере ме? Мәжілістің жаңа құрамы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар туралы мәлімдемелеріне қаншалық сай? Тоқаев адамдары мен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев төңірегі арасында жасырын ойын, элитааралық қақтығыс жүріп жатыр ма? Азаттық осы және өзге сұрақтарды 1992-1994 жылдары Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған Уильям Кортнимен талқылады.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті

22 наурызда Ресейдің әуе шабуылынан кейін Украинаның Запорожье қаласындағы 9 қабатты тұрғын үйге зымыран түсті. Үйде өрт тұтқанып, жалын келесі үйге де жайылған. 18 адам жапа шекті, арасында балалар да бар.

Облыстық әскери әкімшілікке сілтеме жасаған «Cуспiльне» екі бірдей зымыран түскенін хабарлады. «Запорiжжя.Info» телеграм-арнасы үйдің шатырына түсіп, жарылмай қалған зымыранның фотосын жариялады. Бұл фото дәл сол үйде түсірілді ме, жоқ па, ол жағы анық емес.

Украина президенті Владимир Зеленский ғимаратқа зымыран түскен видео жариялап: «Ресей айуанға тән қатыгездікпен қаланы атқылады. [Зымыран] қарапайым адамдар, бала-шаға тұрып жатқан тұрғын кварталдарға түсіп жатыр. Террорист ел қалаларымызды, мемлекетіміз бен адамдарымызды жермен-жексен етіп, жойып жібергісі келеді» деп жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Сайлауды қайта өткізу керек!" Өзін ұсынған кандидаттар дауыс беру нәтижесімен келіспейді

Кезектен тыс сайлауға өз-өздерін ұсынып, мәжіліс пен мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар дауыс беру кезінде заң бұзылғанын айтып, сайлау нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді. Олар сайлау нәтижесін жойып, дауыс беруді қайта өткізуді талап етеді. Ал Ақорда мәжілістегі басым орынды биліктегі "Аманат" партиясы алған сайлауды "ауқымды өзгерістерді лайықты жалғасы" деп атады.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Прагадағы Наурыз мейрамы
 
Чехия астанасы - Прагада қазақ диаспорасы өкілдері бас қосып, Наурыз тойлады. Қоғамдық негізде ұйымдастырылған шараға жиналған жұрт наурызкөжеден дәм татып, ән тыңдап, би биледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей әскері 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Украинаға "Шахид" камикадзе-дрондарымен шабуыл жасап, Киев облысында кемі үш бейбіт тұрғын қаза тауып, жеті адам жараланды

Зардап шеккендер арасында 11 жастағы бала да бар. Бұл туралы Украина төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Украина қарулы күштері Ресей 22 наурызға қараған түні Брянск облысынан 21 "Шахид" дронын жібергенін, Украинаның зымыранға қарсы жүйелері 16 дронды қағып түсіргенін айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Азаптау, биліктегі жемқорлық, адамдарды заңсыз өлтіру. АҚШ-тың адам құқығы есебіндегі Қазақстан

АҚШ мемлекеттік департаменті 20 наурызда 2022 жылғы әлемдегі адам құқығы жөніндегі есебін жариялап, Қазақстандағы жағдайға да тоқталған. Вашингтон баяндамасында былтырғы Қаңтар оқиғасы елде адам құқығына теріс әсер еткеніне назар аударған. Бұдан бөлек, есепте былтыр Қазақстанда азаптау жиілеп, жемқорлық күшейгені, сөз бостандығы мен азаматтардың еркіндігі айтарлықтай шектелгені баса айтылған.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдегі мобилизациядан қашқан бір ұшақ толы дәрігер Астанаға қоныс аударған

2022 жылғы қыркүйекте Украинамен соғысқа әскер алу үшін мобилизация жарияланған соң Ресейден кемі 250 дәрігер кетіп қалған. Олар чартерлік рейспен Мәскеуден Астанаға ұшып келген. Азаттықтың Орыс қызметі мен «Настоящее время» арнасының «Система» жобасы бірлесіп жүргізген зерттеуде осындай мәлімет бар.

Қазақстанға ұшқан дәрігердің әрқайсысы бұл қызмет үшін 40 мың Ресей рублін төлеген. Қалған шығынды Forbes тізіміндегі әлдебір Ресей миллиардері көтерген.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі шекарашыларына дәрігерлер «Арменияның Ереван қаласындағы медицина конгресіне бара жатырмыз, ондағы әуежай қабылдай алмаған соң ұшуға бір күн қалғанда ұшу бағытын Астанаға өзгертті» деген сылтау айтуы керек болған.

Рейс Қазақстанға 27 қыркүйекте ұшып келген. Жолаушыларға болмайтын шараның шақыру қағазы мен өнімдері таратылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркістан облысынан депутаттыққа үміткер болған Нұржан Әлтаев сайлауды қайта өткізуді талап етті

Түркістан облысындағы №27 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған Нұржан Әлтаевтың сөзінше, округтегі хаттамалардың 80 пайызын алған. Әрбірінде жауапты адамдардың қолы мен мөрі бар. Сөзінше, осы хаттамалардағы есеп бойынша, 35178 дауыс жинаған. Ал мәжіліс депутаттығына өткен Темір Қырықбаев 32251 дауыс алған.

- Түркістан облысындағы жергілікті билік өрескел заңбұзушылыққа барды. Осылай жалғасса халық көтеріледі, Қаңтар оқиғасы қайталанады. Мен бұл сайлаудың нәтижесін мойындамаймын, - деді Әлтаев.

Сайлау нәтижесімен келіспеген кандидат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кезектен тыс өткен мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау нәтижесін тез арада жойып, қайта сайлау өткізуді талап етті.

Әзірге Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков пен Темір Қырықбаев мырзалардан бұған қатысты комментарий алу мүмкін болмай тұр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлау нәтижесін мойындамайтынын жариялаған журналист Думан Мұхаммедкәрім 25 тәулікке қамалғаны хабарланды

Бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Facebook желісінде жазды.

Адвокаттың жазуынша, журналисті Әкімшілік кодекстің «Бейбіт митинг өткізу ережесін бұзу» бабы бойынша қамаған.

Думан Мұхаммедкәрім кеше, 20 наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, жұртты бейбіт наразылыққа шақырған еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Парламентке өткен партиялардың ешқайсысы қоғамның ешқандай бөлігінің мүддесін қорғамайды. Назарбаев кезінде де солай болатын. Парламент мүшелері сайлаушылардан алшақ өмір сүреді. Оларда белгілі бір сайлаушылар тобы жоқ. Мәселе осында, өйткені халықта ашу-ызасын шығаратын құрал болмаған кезде, әлеуметтік жарылыс туады" деді Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында.

Парламент, үкімет пен өңірлік билік жедел әрі дағдарысқа қарсы тиімді шешімдер қабылдау керегін түсінбей, әлеуметтік жарылысқа себеп болатын ор қазып жатыр деді саясаттанушы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Баяндамада Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан қарақалпақ белсенділерді "жекелеген я кейде тіпті барлық жағдайда" Өзбекстан үкіметінің сұрауы бойынша және өзбек күш құрылымдарының белсенді түрде араласуымен ұстап, тұтқындағаны туралы да айтылған.

Қаңтардың басында бірнеше қалада бейбіт басталған наразылық акцияларына элита ішіндегі айқын дүрдараздық салдарынан қылмыстық элементтер араласып кетіп, ақырында әкімшілік ғимараттарына, күш құрылымдары мен маңызды инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалып, дүрбелеңге ұласқанын атап көрсеткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал