azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

АҚШ әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы есебін жариялады

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығы туралы 2022 жылға арналған баяндамасын жариялады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен көпшілікке таныстырған баяндамада әлем бойынша 198 мемлекеттегі адам құқығының ахуалына талдау жасалған.

Баяндамада Қазақстан билігі саяси оппоненттері мен сын айтушыларды жиі ұстап, қамайтыны, кейде рұқсат етілмеген жиын өткізу секілді болмашы шараның заңсыз екенін сылтау қылатыны айтылған. 2022 жылы елде бейбіт митингілер өткізу бұрынғысынша қатты шектелді, кенеттен өткізілген акциялар заңсыз деп танылып, билік рұқсат етпеген жиындарға қатысқан және ұйымдастырған адамдарды тұтқындап, айыппұл салды делінген есепте.

Жергілікті билік орындары шетін саяси тақырыптарға митинг өткізгісі келген адамдарды алалап, көбіне «кезек күттірмейтін» жөндеу жұмыстарын өткізу керек деген немесе олар жиын өткізбек болған жерде басқа шара өтеді деген сылтаумен келісім бермей қойды. Жалыз адам пикетіне шыққандарды қудалап, айыппұл салды.

Құқық қорғаушылар, белсенділер мен олардың отбасы мүшелері басқан ізін үкімет үнемі қадағалайтынын айтып шағымданған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК: Сайлауда заң бұзылғанын көріп отырмыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура: Сайлау күні 18 учаскелік комисся мүшесіне айыппұл салынды

Бас прокуратура дауыс беру күні заң бұзушылықтар болғанын мойындағанымен, бұл заңсыз фактілер сайлау қорытындысына әсер етпеді деп мәлімдеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура өкілі сайлаудағы заңсыздықтар туралы “жалған ақпарат тарату” қылмыс болып саналатынын ескертті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК: учаскелік сайлау комиссияларының 14 мүшесі “сайлау” заңын бұзғаны үшін міндетінен шеттетілді. Олардың әрекетін бас прокуратура тексеріп, құқықтық баға береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ал 29 округ бойынша мына кандидаттар мәжіліске депутат болып сайланды:

Дәулет Мұқаев, Ермұрат Бәпи, Дәулет Тұрлыханов, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Руслан Қожасбаев, Арман Қалықов, Еркін Әбіл, Мархабат Жайымбетов, Еділ Жаңбыршин, Амантай Жарқынбек, Еркебұлан Мәмбетов, Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев, Ерболат Сатыбалдин, Лұқбек Тұмашинов (Тізім толықтырылады).

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліске алты партия өтті – ОСК

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте сайлау басталмай жатып “алдын ала тараған хаттама" мен сайлаудан кейінгі хаттама арасында айырмашылық бар ма?

N66 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнара Мирюнусова Азаттыққа сайлаудан кейінгі толтырылған “шынайы” хаттаманы көрсетті.

Учаске төрайымы ақпаратты тағы терістеп, “оны кім не үшін таратқанын білмеймін” деді.

Екі хаттамадағы мәліметтер бір болғанымен нәтижесінде айырмашылықтар бар.

Екі хаттамадағы сайлаушылар саны, сайлау комиссиясының құрамы, бланк бір.

Ал нәтижесі бөлек. Мысалы, “алдын ала жарияланған хаттамада” дауыс берушілер саны - 1654 болса, төрайым жіберген хаттамада 287 деп көрсетілген.

Суретте: сайлаудан кейінгі хаттама.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлауды бақылаған “Еркіндік қанаты” қоры Астанада жиын өткізді

Негізгі түйіні:

🔸“Еркіндік қанаты” Астанада – 53, Ақмола облысында – 1, Қырғызстан, Чехия, Санкт–Петербург қаласындағы өкілдіктерде сайлауды бақылаған;

🔸Бақылаушыларға әдеттегідей қысым-кедергі көп болған, нәтижесінде кешке 31 учаскеде ғана бақылаушы қалған;

🔸9 бақылаушы учаскеден шығарылған;

🔸28 ғана сайлау хаттамасы берілген;

Қор құрылтайшысы Роман Реймер:

– Он айдың ішінде үшінші сайлауға бақылау жасап отырмыз. Әрине, бұл үлкен стресс. Оның үстіне, осы сайлауды таза саяси науқанға бейжай қарамаған азаматтардың донаты негізінде жүзеге асырдық. 55 адам 296 мың теңге жіберді. Бұл бақылаушыларды дауыс санағынан соң үйіне жеткізіп салуға да жетпеді. Олар ас-сусыз жұмыс істеді.

53 бақылаушының кешкі 8-ге таман 31-і ғана қалды. Кейбірі отбасы жағдайын, кейбірі денсаулығы нашарлағанын айтып кетті. Біз кейбірін жылап отырған жерінен алып кеттік. Кейбірі қысымнан соң өздерін жайсыз сезініп жатты. Кей хаттамаларды ала алмадық, өйткені сайлау учаскесі төрағалары дауыс беру қорытындысын бермеді. Мысалы, таңғы сағат 3-4 кезінде сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясы ештеңе жасамай отырып алған. Біздің бақылаушыларымыз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЕҚЫҰ бақылаушылары: Жәшікке бюллетень тастағандар қағаз жүзіндегі көрсеткіштен азырақ болды

ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі қысқамерзімді миссиясының жетекшісі әрі үйлестірушісі Ирен Хараламбидес “сайлаушылар саны мен келгендер туралы ресми ақпарат арасында айырмашылықты үнемі аңғарып отырдық” деп мәлімдеді.

“Тұтас алғанда, жәшікке бюллетень тастағандар ресми көрсеткіштен азырақ болғанын байқадық. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері берген сан көбірек болды. Қорытынды жасау кезінде проблемалар болды, бірақ ол сайлаудың алдын ала қорытындысы туралы мәлімдемеде айтылады” деді Ирен Хараламбидес.

“Сайлау учаскелерінде болғанда қанша адам дауыс бергенін сұраған кезде учаскелік сайлау комиссиясының жетекшісі “шамамен 500 адам” деді. Содан кейін 2,5 мың сайлаушы барын, 1,7 мың [бюллетень] қолданылмағанын айтты. Нәтижесінде 800 сайлаушы бюллетень алған
” деді ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблея делегациясының жетекшісі Райнхольд Лопатка.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бұл – Атырау қаласындағы N270 сайлау учаскесі. Мұнда дауыс санауға (мәжіліс депутаттығына үміткер Олеся Вертинскаяның сенімді өкілі) адвокат Айбар Қосымбаевты кіргізбей қойған. Олеся Вертинскаяның сөзінше, бұл учаскеге бірде-бір тәуелсіз бақылаушы не сенімді өкіл кіре алмаған. Дауыс беру хаттамасын да бермеген. Қосымбаев шағым жазған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Вадим Борейко 19 наурыз күнгі сайлау Тәуелсіздік жылдарындағы халық ең аз қатысқан парламент сайлауы екеніне назар аударады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазір Алматыда "сайлаудағы заңсыздықтарға” байланысты екінші жиын өтіп жатыр.

“Пятое января” телеграм-арнасының хабарлауынша, кандидаттар, бақылаушылардың барлығы “сайлаудағы өрескел заңбұзушылықтар” туралы айтып жатыр. Жиынға видеомен Оралдан журналист, мәжіліс депутаттығына үміткер Лұқпан Ахмедияров қосылған.

Кешеден бері әлеуметтік желіде "сайлаудағы заңсыздықтар" туралы көп видеолар жарияланып жатыр.

ОСК бүгін кешке соларға қатысты жауап береді деп айтылады.

Сурет: "Пятое января"

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Шымкентте Таскен ықшамауданындағы N239 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері хаттаманы дұрыс толтырмай, барлық бюллетеньді полициямен бірге алып қашты". Бұл жөнінде сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттың жақтаушылары Азаттыққа хабарлады. Кандидаттың жақтастары комиссия дұрыс санақ жүргізбей, бюллетеньдерді алып кеткеніне наразы болды.

N239 сайлау комиссиясының мүшелері әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәслихат депутаттығына үміткер Равкат Мұхтаров сайлау бұрынғыға қарағанда әділдеу бола ма деп бекер үміттенгенін айтты

– Сайлауға үмітпен бардым. Бірақ қателесіппін. Дегенмен әрі қарай да құқығымыз үшін күресеміз, – деді ол 20 наурызда Адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз жиынында.

Ол сайлау кезінде “әділетсіздікке кезіккенін”, “қысым, қоқан-лоқының бәрі құжатқа тіркелгенін” айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандағы сайлауға наразылар Гаагадағы қазақ елшілігі алдында акция өткізген

20 наурызда Гаага қаласындағы Қазақстан елшілігі алдында екі адам қазақ билігін "жалған сайлау" өткізіп жатыр деп сынап, ғимаратқа жұмыртқа лақтырған.

"Тоқаев, саяси тұтқындарды босат! Белсенділерді қудалауды тоқтат!" деп айқайлаған олар Қазақстан түрмесінде отырған Ержан Елшібаев, Ермек Нарымбай, Қаңтар оқиғасынан соң көп жылға сотталған Қазыбек Құдайбергенов, Нұрсұлтан Исаевтардың суретін ұстап барған.

Акциядан түсірілген видеоларды Facebook-тегі парақшасында жариялаған Қымбат Әбеу өзін Қаңтар оқиғасынан соң елден кеткен Қазақстан азаматымын деп таныстырды.

– Бұрынғы саяси жүйе өзгермеді. Қазақстанда әлі күнге саяси тұтқындар бар. Оларды ұрып-соғып, азаптағандарды жазаға тартып, Қаңтар оқиғасын әділ тергеу керек, – деді ол.

Қымбат Әбеудің сөзінше, полиция оларды акция өткізу тәртібін бұздыңдар деп әкетіп, үш сағат ұстаған соң ескерту жасап босатқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК төрағасы журналистерге тоқтамай кетті

19 наурыздағы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялаған соң, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап бермей, кетіп қалды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бірмандатты 29 округ бойынша өткендердің көбі – биліктегі «Аманат» партиясының мүшелері.

Астана бойынша «Аманат» мүшесі Дәулет Тұрлыханов пен блогер блогер Дәулет Мұқаев сайланды. Алматы бойынша «Аманат» мүшесі Бақытжан Базарбек, "ДАТ" газетінің негізін қалаушы Ермұрат Бапи және өзін ұсынған Ерлан Стамбеков өтті. Шымкенттен Данабек Исабеков пен Болатбек Нажметдинұлы депутаттық мандат алды.

Абай облысы: Нұртай Сабильянов ("Аманат")
Ақмола облысы - Айна Мусаралимова ("Аманат")
Ақтөбе облысы - Қазыбек Алишев ("Аманат")
Алматы облысы - Ардақ Назаров (өз-өзін ұсынған) және Данияр Қасқарауов (өз-өзін ұсынған)
Атырау облысы - Әділ Жұбанов ("Аманат")
ШҚО - Ұлықбек Тұмашинов ("Аманат")
БҚО - Абзал Құспан (өз-өзін ұсынған)
Жамбыл облысы - Мұқаш Искандиров ("Аманат") және Гүлдара Нұрымова ("Аманат")
Жетісу - Руслан Қожасбаев ("Аманат")
Қарағанды облысы - Құдайберген Бексұлтанов ("Аманат") және Арман Халықов ("Аманат")
Қостанай облысы - Еркін Әбіл ("Аманат")
Қызылорда облысы - Мархабат Жайымбетов ("Аманат")
Маңғыстау облысы - Еділ Жаңбыршин ("Аманат")
Павлодар облысы - Амантай Жарынбек ("Аманат")
СҚО - Еркебұлан Мамбетов ("Аманат")
Түркістан облысы - Қайрат Балабиев ("Аманат"), Ұласбек Сәдібеков ("Аманат") және Темір Қырықбаев ("Аманат")
Ұлытау облысы - Ерболат Сатыбалдин ("Аманат").

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратураның өкілі Азамат Сарғазин "бюллетеньдерді топтап салу” және өзге де заңсыздықтар туралы :

▪Сайлау қорытындысына әсер ететін елеулі заңбұзушылық болмады. Бірақ жекелеген фактілер бар;

▪Соңғы мәлімет бойынша, 40 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Арасында сайлау бюллетенін өзге адамға беру сияқты заңсыздықтар бар;

▪Сол үшін сайлау комиссиясының 18 мүшесі әкімшілік жауапқа тартылды.

▪Сайлау күні сайлауалды үгіт-насихат жүргізгені үшін 5 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлау қорытындысы, наразылық, бақылаушылар бағасы – 20 наурыз | AzatNEWS

- "Нәтижесін мойындамаймыз!" Алматыда саяси науқанға өзін өзі ұсынған бірнеше кандидат сайлауды әділетсіз деп бағалайды.

- Тәуелсіз бақылаушылар дауыс санау кезінде учаскеден қуылып, хаттамаға қолы жетпегенін айтады. Кейбірі учаскеде таң атқанша отырған.

- ЕҚЫҰ атынан келген бақылаушылар да сайлауға алдын-ала берілген бағасын жариялады. 128 учаскені бақылаған ұйым өкілдері оның 58-іне теріс баға берген.

🔗КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы:

"Аманат" – 53,90%
"Ауыл" – 10,90%
"Республика" – 8,59%
Қазақстан халық партиясы – 6,80%
"Ақ жол" – 8,41%
ЖСДП – 5,20%
"Байтақ" – 2,30%
Бәріне қарсы – 3,90%

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағанды облысы Ақтас елді мекеніндегі №13 мектепте орналасқан №279 сайлау учаскесінде бақылаушы сайлау жәшігіне топтап бюллетень салып жатқан адамды видеоға түсіріп алған. Видеода бақылаушылардың бәрін шығарып жіберген комиссия мүшелері, жанталасып сайлау жәшігіне бюллетеньдер салып жатқаны көрінеді. Прокуратура топтап бюллетень салу туралы видеоға түсініктеме бермеді. Ведомство өкілі “Ақтас және өзге аймақтарда анықталған фактілерге ресми түсініктемені ОСК түстен кейін береді” деді.

t.me/Azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырауда “Заманауи” қорының жетекшісі Асман Аманжолов қордан атынан барған бақылаушыларды сайлау учаскесіне “орындық жоқ болғандықтан” кіргізбей қойғанын айтты.

Ол бұл комиссия мүшелерінің бақылаушыларға барлық учаскені қамтуына мүмкіндік бермес үшін жасалған “айла-шарғы” деп санайды. Қор өкілдері соның салдарынан мысалы, №31,36,40,59 сайлау учаскелеріне кіре алмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкенттегі аймақтық сайлау комиссиясы N239 сайлау учаскесінде болған оқиғаға қатысты әлі түсініктеме бермеді

20 наурызда Азаттық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевқа хабарласқанымен, ол телефонын көтермеді. Сайлау учаскесі орналасқан 103-мектептің телефонына да қоңырау барғанмен ешкім жауап берген жоқ.

Бұған дейін Шымкентте Таскен ықшамауданындағы N239 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері "хаттаманы дұрыс толтырмай, барлық бюллетеньді полициямен бірге алып қашты" деген ақпарат шығып, видео тараған.

Видеода наразы топтың қарсылығына қарамастан полиция көлігінің кетіп қалғаны көрінеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы сайлау туралы:

“Дауыстарды есептеу мен қорытындысын шығарған кезде проблемалар болды”.

Журналистер олардан “сайлау кезінде қандай да бір заңсыздықтарға куә болдыңыздар ма?” деп сұрады.

Миссия жетекшісі Оуэн Мерфи “дауыс санау мен қорытындысын шығарған кезде белгілі бір заңбұзушылықтар болды және оған теріс баға бердік” деді.

“Біз 128 сайлау учаскесінің 58-ін бақыладық. Деректерді салыстырып тексеру жағында да мәселелер туындады. Осының бәрі сайлаудың ашық өтпегенін көрсетеді, белгілі бір сұрақтар туындайды” деді Мерфи.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сайлаудың алдын ала қорытындысы 20 наурыз кешкі сағат 7-де жарияланады. Қазір бүкіл республиканы есептеп отырмыз, деді ОСК баспасөз хатшысы Венера Жексембекова Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Жаңа Қазақстан құру туралы үмітті жойды”

Саясаткер Мұхтар Тайжан сайлау “Жаңа Қазақстан” құру туралы үмітін жойғанын мәлімдеді.

– Қанды Қаңтардан кейін Тоқаев Жаңа Қазақстан құруға, жаңа реформа жүргізуге уәде берген. Бәрі бос сөз. Парламент сайлауын күттік. Бізде қазір барлық хаттаманың он пайызы ғана қолымызда бар. Олар ескі Қазақстанның әдеттерін жалғастырып жатыр, – деді Мұхтар Тайжан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы: Ойылда тұрғындар бөгетті күзетіп, құм қаптарын дайындап жатыр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында бес үйге, 25 аулаға су кірген. Төрт ауыл судың ортасында қалған. Тек қайық қатынайды. Жұрт бір аптадан бері күні-түні бөгетті күзетіп отыр. Тұрғындар тасқын бөгетті жарып, ауыл суға кете ме деп алаңдайды. Ауылдардағы бала-шаға, әйелдердің бәрі құм қаптап, ер адамдар оны бөгет жаққа тасып, судың беті қайтуын тілеп отыр.

Ресми орындар Ойылда санаулы ғана үйге су кірген десе, тұрғындар кемінде он баспана суда қалғанын айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Медведев Халықаралық қылмыстық сотқа "Оникс" ракетасымен соққы жасаймыз деп сес көрсетті

Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа ракета соққысын жасаймыз деп сес көрсетті. Өткен аптада Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген.

Медведев Telegram-дағы арнасында тіл тигізетін жазба жариялап, бұрынғы әдетіне басты деп жазды BBC-дің Орыс қызметі. Ол Халықаралық қылмыстық соттың шешімін “халықаралық құқық жүйесінің құлауы” деп атады. Әрі қарай “балағат лексикаға” көшкен.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Медведев қатаң мәлімдемелер жасап, Батысқа қоқан-лоқы да көрсеткен. Ол мәлімдемелерінде Апокалипсис, Армагеддон ұғымдарын жиі пайдаланып, Ресейдің ядролық қару қолдануы мүмкін екенін бірнеше рет меңзеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс депутаттығына үміткер Инга Иманбай сайлауды мойындамайтынын мәлімдеді

Ол және оның сенімді өкілі дауыс санаудағы заңсыздықтар туралы былай деді.

Видео: "Пятое января"

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал