Мәжіліс депутаттығына кандидат Санжар Боқаев өз округіндегі жабық учаскелердегі хаттамаларға байланысты Алматы әкімшілік сотына шағым түсірді
Бұл жөнінде “Власть” сайты жазды. Боқаев өз округіндегі 204 учаскеден 58 хаттама ала алған. 50-інде жеңіп келе жатқанын хабарлаған.
t.me/azattyq
Экзит-полл бойынша парламентке өте алмаған жалғыз партия “Байтақтың” жетекшісі Азаматхан Әміртай сайлауда жеңілгенін "мойындайтын" жазба жариялаған
Алайда қазір әлеуметтік желідегі парақшасынан ол жазба көрінбейді: жазба не өшірілген, не жасырылған деп хабарлады “Власть” сайты. Бірақ оның жазбасынан мемлекеттік ақпарат агенттіктері жаңалық беріп үлгерген.
t.me/azattyq
Үздіксіз қысым
«Мобильді топ жеткенше шыдай тұрсын». Тәуелсіз бақылаушылар қызметінен репортаж
19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Алматыда әдеттегідей ең төменгі көрсеткіш тіркелді: мұнда сайлаушылардың 25 пайызы ғана дауыс берген. Бұл, былтыр өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы айтқандай, «алматылықтардың демалыс күні ұйқысын қандырып, кеш оянуына» емес, тәуелсіз бақылаушылар желісінің кең таралуына да байланысты. Бұл жолы Алматыда тәуелсіз бақылаушы көп болды. Солардың бірі – Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі. Азаттық тілшісі сайлау күні бақылаушылар жұмысын көруге барды.
t.me/azattyq
Қазақстанда парламент сайлауының өтуін бақылаған халықаралық бақылаушылар алдын ала қорытынды мен болжамдарын жариялайды.
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) баспасөз жиыны 20 наурыз сағат 15-те өтеді. Жиын тікелей эфирден таратылады деп хабарланды.
Әлеуметтік желіде сайлау учаскелеріндегі заңсыздықтар, оның ішінде топтап бюллетень салу, бір адамның бірнеше рет дауыс беруі сияқты заңбұзушылықтар жөнінде өте көп видео тараған.
Қазақстан бас прокуратурасы 19 наурызда сайлау заңына қатысты 25 заңбұзушылық тіркелгенін мәлімдеген.
t.me/azattyq
ISW: Ресейдің шабуылы шарықтау шегіне жетті, Украина қарымта шабуылды бастай алады
Украинаның шығысында орыс әскерінің шабуылдау қарқыны бәсеңдеді. "Бұл Ресей әскерінің көктемгі шабуылы аяқталуға жақындағандығынан хабар беруі ықтимал" деп жазды “Соғысты зерттеу институты”.
Украина қарулы күштерінің шығыс әскери тобының спикері Сергей Череватый жуырда Ресей Донбасста ірі шабуылға баруға мүмкіндік беретіндей әскер жия алмады деп мәлімдеген. Ол орыс әскері Бахмуттың өзін тактикамен басып алуды аяғына дейін жеткізген жоқ деді.
Егер 300 мың орыс солдаты Украинадағы шабуылда басымдыққа ие бола алмаса, онда алдағы мобилизация арқылы келетін қосымша күш соғыстың бағытын өзгертуі екіталай. Сол себепті украин әскерінің қарымта шабуылға көшуге барлық мүмкіндігі бар дейді сарапшылар.
t.me/azattyq
Алматыда сенімді өкілге шабуылдаған адам қаладағы мектептердің бірінде дене шынықтырудан сабақ береді. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі жазды.
Видеода өзін “бақылаушымын” деп таныстырған ер адам №5 округ бойынша мәжілістен үміткердің сенімді өкіліне тап береді. Телефонын қағып түсіріп, бетінен ұрады. Мойнынан жұлқылайды.
Оқиға орнына полиция келгенімен, кейін шабуылдаушыны босатып жіберген.
t.me/azattyq
Тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бақылаушыларға көк мөр басылған хаттаманың көшірмесін беруден бас тарту жиі кездескенін айтады.
Алматыда №509 сайлау учаскесінің төрайымы “Жас сайлаушылар лигасы” бақылаушыларына сондай хаттаманы бермеген. Бұл жөнінде “Жас сайлаушылар лигасы” хабарлап, видеосын да жариялаған
t.me/azattyq
Сайлау күні Астанада ұсталған оппозиция белсенділерін полиция кешке қарай босатты, кейбірін түнгі сағат 10-да жіберді. Бұл жөнінде Азаттыққа азаматтық белсенді Марат Жыланбаев хабарлады.
"Оларды мерзімінен артық жібермей ұстаған" деді белсенді.
Оның сөзінше, заң бойынша, хаттама толтырылмаса, үш сағаттан артық ұстамауы тиіс.
Астана полициясы ұсталғандарға қатысты түсініктеме бермеді.
t.me/azattyq
Рыбакина Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен BNP Paribas Open жарысының жеңімпазы атанды.
Ол финалда Арина Соболенконы (Беларусь) екі сетте жеңді. Бірінші сетте екі теннисші 6:6 есебімен тең түсіп, жеңімпаз тайбрейкте анықталды. Тайбрейкте Рыбакина 13:11 есебімен басым түсті. Ал екінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңді.
Индиан-Уэллс турнирі деңгейі жағынан WTA 1000 жарысының қатарына енеді. Теннис сарапшылары бұл жарыста бейресми түрде "бесінші Grand Slam" деп те атайды.
t.me/azattyq
"Социс-А" институтының экзит-полл нәтижесі бойынша, "Байтақ" пен ЖСДП партиялары мәжіліске өтпей тұр:
"Аманат" – 54,42%,
"Ауыл" – 10,21%,
"Республика" – 8,79%,
Қазақстан халық партиясы – 6,89%.
"Байтақ" – 2,17%.
"Ақ жол" – 8,21%,
ЖСДП – 4,91%.
Барлығына қарсы – 4,4%
t.me/azattyq
«Еуразиялық интеграция институтының» экзит-полл нәтижесі бойынша, сайлауға түскен 7 партияның алтауы мәжіліске өтуге қажет 5 пайыз межеден асып тұр.
«Аманат» – 53,46%;
«Ауыл» – 10,52%;
«Республика» – 8,9%;
Қазақстан халық партиясы – 6,25%;
«Байтақ» – 3,22%;
«Ақ жол» – 7,87%;
ЖСДП – 5,31%.
Барлығына қарсы – 4,47%.
t.me/azattyq
Иллюзия ма, өзгеріс пе?
Азаттықтың тікелей эфирінде 19 наурыздағы сайлауға баға берген сарапшылар: Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Ермек Тоқтаров пен саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.
t.me/azattyq
Алматыдан мәжіліс сайлауына өзін-өзі ұсынған бірнеше кандидат сайлау әділ өтпеді деп тануды сұрап, әкімшілік сотқа арызданды. Сотқа қайырылғандардың қатарында Мұхтар Тайжан мен Санжар Боқаев бар.
«Біз, бірнеше тәуелсіз кандидат, қазір сағат 21.50-де Алматының әкімшілік сотына барып, мына сайлауды әділетсіз деп тануды талап етіп, арыз тапсырдық. Қолымыздан келетіні әзірше – осы. Ертең баспасөз маслихат өткіземіз» деп жазды Мұхтар Тайжан Facebook-парақшасында.
t.me/azattyq
Атырауда №8 сайлау учаскесіне тіркелген 2340 адамның 190-ы ғана дауыс берген
Сайлау учаскесінің төрайымы Мәншүк Закарина округте "1300 студент тіркелгенін, олардың бәрі каникулға кеткенін" айтады.
"Бұған қоса, аудандағы тұрғындардың көбі үй жалдап тұрады" дейді ол.
ОСК таратқан мәлімет бойынша, Астана уақытымен кешкі 8-ге дейін Атырау облысында сайлаушылардың 50,22 пайызы дауыс берген.
t.me/azattyq
Ресми дерек бойынша, ең көп дауыс берген аймақ – Қызылорда облысы. Онда сайлаушылардың 66,46 пайызы дауыс берген, ал ең аз дауыс берген – Алматы қаласы (25,82)
Читать полностью…Прокуратура Ақтастағы учаскеде болған бюллетеньдерді топтап салу туралы видеоға түсініктеме бермеді
Қарағанды облысы Ақтас ауылындағы №279 сайлау учаскесінде бақылаушы бюллетеньдерді топтап салу оқиғасын анықтаған. Оны дәлелдейтін видео да бар. Бұдан соң оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.
Қарағанды облысының прокуратурасы заңбұзушылыққа түсініктеме бермеді. Ведомство өкілі “Ақтас және өзге аймақтарда анықталған фактілерге ресми түсініктемені ОСК түстен кейін береді” деді.
19 наурызда кешке Қарағанды мен Ақтас ауылындағы кемінде екі учаскеде “бөлмені тазалаймыз” деп, бақылаушыларды дауыс беру залынан шығарып жіберген. Ал бақылаушылар келген кезде жәшіктегі бюллетеньдер көбейгенін аңғарған.
t.me/azattyq
Bloomberg: Парламенттегі орындардың басым бөлігі “Аманатқа” тиетінін көбі болжап білген
Экзит-полл бойынша, “Аманат” 53 пайыздан астам дауыс жинаған.
Тоқаев әкімшілігі бақылауындағы парламент атқару билігіне қажет заңдарға штамп қойып отыратын орган болып қалады.
Мұндай заң шығарушы орган Тоқаевқа “үкімет кезігіп отырған мәселелерді шешу үшін қажет” деді Лондондағы Prism Political Risk Management орталығының негізін қалаушы Кейт Маллинсон.
t.me/azattyq
📰 Батыс ақпарат құралдары Қазақстандағы сайлау туралы не жазды?
Reuters: 19 наурыз күнгі парламент сайлауы көп сарапшының пікірінше, президент Тоқаевтың билігін “нығайтуға” бағытталған. Былтыр билікке толық қол жеткізген Тоқаевтың элитадағы өзгерістерді аяғына дейін жеткізуіне жол ашылды.
2019 жылы президент болған Тоқаев 2022 жылдың қаңтарына дейін – “төңкеріске талпыныс пен тәртіпсіздік тұсында” экс-президентпен "араздасқанға дейін" оның “көлеңкесінде” болды.
Назарбаевтан Тоқаевқа мұра болып қалған партия (“Аманат”) парламенттегі “оның иек артатын сүйенішіне айналатыны” күмәнсіз. Сайлауға қатысқан өзге партиялар да Тоқаевты қолдайды. Өзін-өзі ұсынушылардың қатысуы үкімет сыншыларына парламенттен санаулы орын алуына мүмкіндік беруі ықтимал, деп жазды Reuters.
t.me/azattyq
Қарағанды облысында “АрселорМиттал Теміртау” компаниясына 16,5 млн теңге айыппұл салынды.
Айыппұлға компанияның “мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан түрлі өлшем құралдарын пайдалануы” себеп болған. Бұл жөнінде техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, мамандар жеті шахта мен “Шығыс” орталық байыту фабрикасын тексеру кезінде ереже бұзылғанын анықтаған.
Комитет өкілдері мерзімі өтіп кеткен құралдардың күмәнді көрсеткіштерін пайдаланған компания осылайша жеке және заңды тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін тиісті шара жасаған жоқ дейді.
t.me/azattyq
Синоптиктер Қостанай және Ұлытау облыстарында бірқатар елді мекенді су басуы мүмкін екенін ескертті.
20-22 наурызда қардың жылдам еруіне байланысты аймақтың оңтүстігінде Наурызым, Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласында су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы ықтимал. Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде осыған ұқсас қауіп бар дейді "Қазгидромет" мамандары.
t.me/azattyq
Путин: “Мейірбан досымыздың” сапарынан үлкен үміт күтеміз
20 наурызда Мәскеуге Қытай басшысы Си Цзиньпин келеді. Ресей Украинаға басып кіргелі бері Қытай басшысы Ресейге алғаш сапарлайын деп отыр.
Сапар қарсаңында қытайлық "Жэньминь жибао" басылымында Путиннің мақаласы жарық көрді. Онда мақала авторы келіссөзден үлкен үміт күтетінін айтқан.
“Бұл мен үшін – сонымен бірге мейірбан ескі досыммен көрісуге керемет мүмкіндік” деп жазды ол.
“Біз үшін нағыз дос туған бауыр сияқты” деді Путин.
t.me/azattyq
“Еркіндік қанаты” қоғамдық қоры дауыстарды санау кезінде қордың кемінде жеті бақылаушысы 7 сайлау учаскесінен заңсыз шығарылғанын хабарлады.
Қор төмендегідей заңбұзушылықтарды тіркегенін мәлімдеді:
🔸№37 учаскелік сайлау комиссиясында дауыстарды санауды бастаудан бас тарту;
🔸дауыстарды санаудың кеш басталуы (мысалы, №141 УСК-да комиссия сағат 20:00-ден кейін шәй ішуге кеткен);
🔸басқа ұйымдардан келген бақылаушылардың психологиялық қысымы;
🔸учаскелік сайлау комиссиясында мүшелерінің, басқа ұйымдардан келген бақылаушылар мен белгісіз тұлғалардың (әкімдік қызметкерлері болуы мүмкін) қор бақылаушыларына қарсы арандатуы;
🔸пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін жойғанға дейін жәшіктерді ашу;
🔸дауыс беру тәртібін анық көру мүмкіндігінің болмауы;
🔸фото және видео түсіруге тыйым салу;
🔸көк мөр басылған хаттаманың көшірмесін беруден бас тарту.
Қор өкілдері сағат 20:00-де жабылған учаскелерден көк мөр басылған бес қана хаттама алғанын айтты.
t.me/azattyq
Алматыда сайлау учаскелерінің бірінде бюллетеньдер жәшігін түнгі сағат 12-ден кейін бір-ақ ашқан. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Қаладағы №564 сайлау учаскесінде жәшікті дауыс беру аяқталғаннан кейін төрт сағаттан кейін ашқан. Мұны ақпарат агенттігіне №5 округ бойынша кандидаттардың бірінің штаб өкілі хабарлаған. Аумақтық сайлау комиссиясы өкілдері түсініктеме берген жоқ.
t.me/azattyq
Экзит-полл нәтижесі мемлекеттік телеарна эфирінде салтанатты түрде хабарланды, қорытынды айтылғанда жұрт жамырай қол соқты. Үш ұйымның да сайлау учаскелерінің алдында жүргізген сауалнама нәтижелері бір-біріне өте ұқсас.
Үшеуінде де «Аманат» сайлаушылардың жартысынан астамының қолдауын алған. Екінші орында бұрын парламентке енбей келген «Ауыл» партиясы тұр.
Сайлаудың қарсаңында ғана құрылған «Республика» партиясы өзін «парламенттегі оппозиция» деп атайтын «Ақ жолмен» кейде тең түскен, кейде тіпті одан да асып кеткен.
Қазақстан халық партиясы да парламентке өтуі мүмкін. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның нәтижесі 5 пайыздық меженің ар жақ-бер жағында. Екі экзит-полл ЖСДП өтті десе, біреуінде межеге сәл жетпей қалған.
Сайлаудың алдын ала ресми қорытындысы 20 наурызда жариялануы керек.
t.me/azattyq
«Демократия институтының» экзит-полл нәтижесі бойынша да 6 партия мәжіліске өткен:
«Аманат» – 53,33%
«Ауыл» – 11,26%
«Республика» – 8,33%
Қазақстан халық партиясы – 6,93%
«Байтақ» – 2,51%
«Ақ жол» – 8,87%
ЖСДП – 5,12%
Барлығына қарсы – 3,65%
t.me/azattyq
Алматыда дауыс санау кезінде заңбұзушылықтар болғаны жайлы көп хабар түсіп жатыр деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Бір видеода сайлау комиссиясының өкілі жерден бюллетень жинап жатыр. №511 сайлау учаскесінің қызметкері үстелдің байқаушыларға көрінбейтін шетінен бюллетеньдер шығарып, үстелге қойып жатыр. №5 сайлау округіндегі кандидат штабының өкілі қызметкердің бюллетеньді байқаусызда түсіріп алғанына күмән келтіреді.
Бір видеода бақылаушылар №513 сайлау учаскесінің қызметкеріне «бұрмаладың» деп айып тағып жатыр, ал қызметкер болса «жай қателескенін» айтып, ақталады.
№419 учаскеде хаттаманың орнына байқаушыларға қолмен жазылған әлдебір қағаз берген. «Байқаушыларды дауыс санау процесін бақылауға жаппай жібермей жатыр» деп жазады ҚазТАГ.
t.me/azattyq
Ресми дерек бойынша дауыс беруде ең белсенді болған аймақтар: Ақмола (60,01%), Алматы (60,03%), Жамбыл (65,21%), Қостанай (65,10%), Қызылорда (67,21%), СҚО (65,25%), ШҚО (64,15%).
Қалған аймақтардың көрсеткіші 50-60 пайыз аралығында болды. Үш мегаполисте көрсеткіш 50 пайызға жетпеді. Ал Алматы қаласында тек 25,82 пайыз сайлаушы дауыс берген.
Абай облысы– 57,02%;
Ақмола облысы – 60,01%;
Ақтөбе облысы – 58,00%;
Алматы облысы – 60,03%;
Атырау облысы – 51,23%;
БҚО – 59,20%;
Жамбыл облысы – 65,21%;
Жетісу облысы– 55,32%;
Қарағанды облысы – 59,48%;
Қостанай облысы – 65,10%;
Қызылорда облысы – 67,21%;
Маңғыстау облысы – 54,10%;
Павлодар облысы – 58,68%;
СҚО – 65,25%;
Түркістан облысы – 53,01%;
Ұлытау облысы – 58,99%;
ШҚО – 64,15%;
Астана қаласы – 42,91%;
Алматы қаласы – 25,82%;
Шымкент қаласы– 45,46%.
Ел бойынша: 54,19%
t.me/azattyq
Ақтөбе облысында су алған 11 ауылға сайлау бюллетеньдері қайықпен жеткізілген
11 ауылдың жетеуі – Қобда, төртеуі Ойыл ауданында.
Қобданың Қанай, Байтақ,Сарыбұлақ, Жарық, Ортақ, Қоғалы, Көкүй ауылдарына бір аптадан бері көлік қатынамайды. Өйткені, бұл ауылдардағы тас жолдар мен көпірлерді су басып қалған.
Жағдай оңай емес. Бірақ сайлау өз деңгейінде, заң талаптарына сай өтіп жатыр. Су ортасында қалған жеті ауылдағы 993 сайлаушыға бюллетеньдерді полиция қызметкерлерінің бақылауымен жеткізіп бердік, - дейді Қобда аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ақшолпан Оразова.
Ал Ойыл ауданындағы көлік қатынассыз қалған шағын ауыл тұрғындары да жексенбі күні дәл сондай амалмен түске дейін дауыс беріп болған.
Ойыл аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, су тасып көлік қатынай алмай қалған төрт ауылда 1018 сайлаушы тұрады.
t.me/azattyq