Тоқаевтың ерте дауыс беруі, Назарбаевтың «батасы». Қазақстанда сайлау қалай өтті? – 19 наурыз
19 наурыз Қазақстанда парламент және мәслихат сайлауы өтті. Мәжілістегі 98 орынға жеті партия және 600-ге жуық тәуелсіз кандидат таласты. Президент келісілген уақыттан бұрын, сағат таңғы 7-де дауыс беріп, журналистердің сұрақ қоюына мүмкіндік бермей кетті, ал экс-президент Назарбаев Наурызбен құттықтап, кетіп қалды. Билік өкілдері сайлау нәтижесінен үмітті, бақылаушылар карусель, топтап бюллетень салу сияқты заңбұзушылық тіркеп жатыр. Азаттықтың бір сағаттық арнайы хабарында репортаж, тікелей көрсетілім, сараптама, сұхбат – бәрі болады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
❗Қазақстанда 20 аймақтың 15-інде дауыс беру аяқталды. Уақыт белдеуі айырмасына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру тағы бір сағат жалғасады.
Читать полностью…Шетелде дауыс беріп жатқан қазақстандықтар тек бір бюллетень алған
Шетелде дауыс беріп жатқан қазақстандықтар тек партиялық тізіммен сайланатын мәжіліс депутаттарына дауыс берген. Оның себебін Қазақстан билігі “Қазақстанның шетелдегі мекемелері бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің бір бөлігі ретінде бүкіл Қазақстанның атынан істейді” деп түсіндірген.
Қазақстан елшіліктерінде жарты күнде бақылаушылардың айтуынша, 60-тан астам адам дауыс берген.
(Видеода Чехияда жүрген қазақстандықтар Азаттыққа қалай дауыс бергенін айтады. Орыс тілінде).
t.me/azattyq
Қарағандыдағы N1 учаскедегі бақылаушы Надежда Зеленая өзін учаскеден негізсіз шығарғанын баяндайды
t.me/azattyq
Студенттер мен оқытушыларды дауыс беруге мәжбүрлеген. Оларды түскі сағат 2-ге дейін дауыс беріп, фотоесеп жіберуге міндеттеген.
“Қазақстан жастар ақпарат қызметіне” қарасты Жас сайлаушылар лигасы осылай деп мәлімдеп, скриншоттарды да жариялаған. Бұл жөнінде Bes.media сайты жазды.
Ал ғылым және жоғары білім министрлігі мұндай скриншоттарға мән бермеуді жөн көрген.
“Біріншіден, бұл анонимді хабарлама, екіншіден ол жақта мектеп оқушылары да бар. ЖОО атауы жоқ” деді BES.media сайтына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
t.me/azattyq
Астанада жеті учаскеде бақылаушыларға дауыс бергендер саны туралы мәлімет бермеген
Астанадағы №39, 59, 88, 133, 177, 355 және 364 сайлау учаскелерінде бақылаушыларға дауыс бергендер туралы мәліметті бермеген. Бұл жөнінде “Еркіндік қанаты” қоры құрылтайшыларының бірі Елена Швецова хабарлады.
“Бақылаушыларымызға “егер әрі қарай да шулай берсеңіздер, учаскеден шығарып жібереміз” деп ескертті” деді ол.
Заң бойынша, бақылаушылар мен сенімді өкілдердің мұндай мәліметті алуға құқығы бар, деді ол.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары оқиғаға түсініктеме бермеген.
t.me/azattyq
Заңгер Артур Алхастов Астанадағы белсенділердің ұсталуы туралы:
– Мен он шақты адамды ұстағанын көрдім. Олардың арасында бір-ақ әйел болды. Ғалия Тамабаева плакатын көтеріп, ұран айтып үлгерді. Бұдан бөлек, полицияның сол маңда жәй өтіп бара жатқан адамдарды да ұстағанын байқадым. Олар өздерін не үшін ұстағанын білген жоқ. Телефондарын тартып алған. Полиция дөрекі түрде ұстады. Аяқ-қолын бұрап, микроавтобустарға тығып, себептен-себепсіз әкетіп жатты. Мұның бәрі – күштеп ұстау. Оның заңбұзушылыққа ешқандай қатысы жоқ, – деді.
t.me/azattyq
🗳️Адыраспан, сөз салу және «диванда жатып сынағыш»: Сайлау учаскесіндегі қызықтар
Бірнешеуін топтап шықтық.
t.me/azattyq
Алматы облысында сайлау комиссиясының екі мүшесі бюллетеньдерді топтап салғаны үшін комиссия жұмысынан шеттетілді
Бұл жөнінде Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сүйенген ҚазТАГ агенттігі жазды. Оқиға Қарасай ауданындағы № 455 сайлау учаскесінде болған.
Хабарламада заң бұзған сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшесі міндетінен шеттетілгені жазылған.
t.me/azattyq
ОСК-ның мәліметінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлауға қатысу белсенділігі суреттегідей.
Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында (64,95%), ең төменгісі Алматы қаласында (19,14%).
t.me/azattyq
"Түк те күтпеймін". Халықтың сайлау туралы пікірі
Азаттықтың Қазақстан аймақтарындағы тілшілері халықтан өтіп жатқан сайлау туралы пікірін сұрады.
t.me/azattyq
Астанада "оппозиция митингісі өтеді" деген орында тағы белсенділер ұсталды
Астанада Кенесары хан ескерткішінің маңында да полиция адамдарды ұстады. Болжам бойынша, ұсталғандар – “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының мүшелері. Астана соты оны “экстремистік ұйым” деп танығанмен Еуропарламент “бейбіт оппозициялық қозғалыс” деп атаған.
Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Артур Алхастов оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты.
Заңгерге түсірілім кезінде маска таққан белгісіз біреулер кедергі жасаған. Артур Алхастовтың айтуынша, ұсталғандар арасында сол жерден жәй өтіп бара жатқан адамдар да болуы мүмкін.
t.me/azattyq
Қазақстан бас прокуратурасы сайлаудағы заңбұзушылықтарға қатысты 25 өтініш түскенін хабарлады. Бұл жөнінде Информбюро сайты жазды.
“Өтініштерде заң бұзылған болуы мүмкін екені баяндалған, оның ішінде сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынса да, [насихат] жүргізілгені айтылған. Азаматтар жергілікті прокуратура органдарына да тікелей қайырылып жатыр” деді бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин.
Астанада - 4, Алматыда - 1, Шымкентте – 3, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 4, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір-бірден шағым түскен.
Қазақстанда сайлау учаскелері жабылып жатқан кезде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Қазақстандағы сайлауға байланысты соңғы учаске ашылды.
Читать полностью…“Еркіндік қанаты” қоғамдық қоры Астанада учаскелерде жиі кездескен заңбұзушылықтарды атады:
▪️сайлаушыларға бюллетеньдерді заңсыз үлестіру;
▪️бақылаушыларды учаскеден негізсіз және заңсыз шығару;
▪️бақылаушылардың қозғалысын шектеу;
▪️фото-видеоға түсіруге тыйым салу.
Қор бақылаушыларының мәліметінше, сағат 16.00-ге таман Астанада сайлауға қатысу белсенділігі 16,45 пайыз болған.
Ал ОСК дерегінше, Астанада сайлауға қатысу белсенділігі – 40,94 пайыз.
Ал Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейген. Қазақ-Британ техникалық университетінің артқы жағындағы көлік тұрағы маңынан түсірілген суреттер.
t.me/azattyq
Қарағандыда №149 учаскеде бақылаушыны “орын жетпегендіктен...” шығарып жіберген
t.me/azattyq
📃Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, елде 18.00-ге дейін сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берген.
Сайлаушылар саны – 12 032 550
Дауыс бергендер – 6 390 550 (53,11%)
Абай облысы – 56,14%
Акмола облысы – 59,49%
Ақтөбе облысы – 56,88%
Алматы облысы– 59,74%
Атырау облысы – 49,19%
БҚО – 58,81%
Жамбыл облысы– 65,00%
Жетісу облысы– 55,07%
Қарағанды облысы – 58,85%
Қостанай облысы – 65,00%
Қызылорда облысы – 65,70%
Маңғыстау облысы – 54 04%
Павлодар облысы – 58, 61%
СҚО – 64,46%
Түркістан облысы – 51,07%
Ұлытау облысы– 58,63%
ШҚО – 63,63%
Астана – 40,94%
Алматы – 22,95%
t.me/azattyq
Астанада “Еркіндік қанаты” қорының бақылаушысын №137 сайлау учаскесінен шығарып тастаған. Бұл жөнінде “Власть” сайты жазды.
Учаскеден шығару туралы хаттама құжатының “алдын ала толтырылғаны” айқын аңғарылады, ол жерге бақылаушының аты-жөнін де жазуды ұмытып кеткен, дейді қор өкілдері.
Комиссия мүшелері бақылаушыны “сайлаушылар мен комиссия мүшелері арасында сауалнама жүргізді, сурет-видео түсірді” деп айыптаған.
t.me/azattyq
СҚО-да бюллетеньдерді топтап салуға жол берген комиссия мүшесі міндетінен шеттетілді
Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев Informburo.kz сайтына Благовещенка ауылында бүгін шынымен де 8-10 бюллетеньді топтап салу оқиғасы болғанын растады. Оған жол берген комиссия мүшесі комиссия шешімімен жұмыстан шеттетілді, деді ол.
Ол мұндай жағдай жекелеген жайт екенін, сирек болатынын айтқан.
Бұған дейін Азаттық Благовещенка ауылында бюллетеньді топтап салу бойынша үш заңбұзушылық тіркелгенін хабарлаған.
Астанада Кенесары хан ескерткіші маңында арнайы жасақтың белсенді Ғалия Тамабаеваны ұстаған сәті. Видео авторы – заңгер Артур Алхастов.
Белсенділер "жалған сайлауды өткізбеуді", оппозициялық "Алға, Қазақстан" партиясын тіркеуді, саяси тұтқындарды босатуды, Қаңтар оқиғасын халықаралық дәрежеде тергеуді талап етпек болған. Алайда полиция оларды бірден ұстап әкеткен.
Ұсталғандар арасында Жахин мен Мұсабаевтан бөлек, Айбек Сәбитов те бар. Полиция сол жерге "кездейсоқ тап болған" бір адамды да ұстап әкеткен деген ақпарат бар.
t.me/azattyq
Алматыдағы N267 сайлау учаскесінде тұрғындар кандидаттар туралы ақпаратты оқып тұр.
t.me/azattyq
Алматыда бақылаушылар комиссия мүшесінің бюллетеньдерге “алдын ала қол қойып жатқанын” байқады
“Тәуелсіз бақылаушылар” қоғамдық ұйымы Азаттыққа Алатау ауданындағы № 616 сайлау учаскесінде “Сайлау заңы” бұзылғанын айтып, видео жіберді. Видеода комиссия мүшесінің әлі үлестірілмеген жаңа бюллетеньдерге қол қойып жатқаны көрінеді.
Бақылаушылардың айтуынша, заң бойынша мұндай нәрсе сайлаушы дауыс бергеннен кейін жүргізілуге тиіс.
Комиссия мүшелері заңбұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан. Алайда куәгер болған екі бақылаушы қол қойған.
“Тәуелсіз бақылаушылар” сонымен бірге Жетісу ауданында “бір реттен артық дауыс беру” оқиғалары тіркелгенін айтты. Ақпаратқа қарағанда, кандидаттардың бірі “учаскеге дауыс беру үшін 18 адам алып келген”.
Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы әзірге түсініктеме бермеді.
t.me/azattyq
Қарағандыда Азаттық тілшісіне сайлау учаскесінде болған жағдайды түсіруге тыйым салды
Қарағандыда №1 сайлау учаскесінде кикілжің болды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Облыстық мәслихат депутаттығынан үміткерлердің бірінің сенімді өкілі сайлау комиссиясы мүшелерінің бірі жұмысына кедергі жасағанын айтқан.
Бақылаушылар сонымен бірге оларға орындық бермей жатқанына да шағынған еді.
Бұдан соң кей бақылаушылар комиссия мүшелері жағына шығып, “БАҚ пен сенімді өкілдер, бақылаушылар учаскедегі жұмысқа кедергі жасады” деді.
Олар полициядан жағдайға араласып, Азаттық тілшісіне учаскедегі жағдайды түсіруіне тыйым салуын сұрады.
Ізінше учаскеде фото-видео түсіруді тоқтатуды талап еткен кейбір бақылаушылардың талабымен хаттама толтырылды. Сайлау учаскесіндегі ЕҚЫҰ өкілдері комиссия мүшелерінен қандай хаттама толтыру себебін анықтауға тырысқан, бірақ нақты жауап ала алмаған.
t.me/azattyq
Полицияның белсенді Амангелді Жахинді ұстаған сәті. Астана, 19 наурыз 2023 жыл.
t.me/azattyq
Астанада полиция оппозиция белсенділерін ұстап әкетті
Астанада тіркелмеген “Алға, Қазақстан” партиясының мүшесі, белсенді Амангелді Жахин ұсталды. Бұған дейін “сайлаудан шеттетілген” белсенді Астанада 19 наурызда бейбіт митинг өткізбек болған, алайда жергілікті билік оған рұқсат бермеген. Жексенбі күні оны жәй киім киген адамдар ұстап әкеткен. Оны ұстау сәті әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазды "Власть".
Бұған қоса, азаматтық белсенді Марат Мұсабаевтың ұсталғаны да хабарланды. Кейбір аймақта белсенділер полицияның өздерін аңдып жүргенін айтты.
t.me/azattyq
"Жас сайлаушылар лигасы" түске дейін "Сайлау туралы" заңы 54 рет бұзылғанын анықтаған. Бұл жөнінде олар Instagram-дағы парақшасында жазды:
▪️Қазақстан бойынша 8 комиссия бақылаушылардың жүруіне рұқсат бермеген;
▪️№105, 434 және 446 учаскелерінде дауыс беру кабиналарына бағытталған камералар байқалған. Комиссия мүшелері олардың "істемейтінін" айтқан.
▪️Төрт учаскеде бақылаушылар бір кабинаға екі адам кіргенін көрген. Бұл дауыс беру құпиялығын бұзады дейді олар.
▪️Алматыда N126 учаскеде бір партиядан екі бақылаушы болған. Заң бойынша біреу ғана болуға тиіс.
t.me/azattyq
“Власть” сайты Өскемендегі үш түрлі учаскеден түсірілген видеоны жариялап, “үш жағдайда дауыс берген бір адам екені анық” деп жазды.
t.me/azattyq