ОСК мәліметінше, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша халықтың сайлауға қатысу белсенділігі мынадай.
t.me/azattyq
Алматыда №160 сайлау учаскесінде “аквариумда” отырған бақылаушылар. Бірақ олар Азаттыққа “қолайсыз отырған жоқпыз, бәрі дұрыс” деді.
Азаттық тілшісі бұл учаскеде негізінен сенімді өкілдер отырғанын, тәуелсіз бақылаушылар жоғын байқады.
t.me/azattyq
Бюллетеньді топтап салу. Дәл осы сайлау учаскесінен түсірілген тағы бір видео. СҚО, Жамбыл ауданы Благовещенка ауылы. 19 наурыз 2023 жыл. N184 сайлау учаскесі.
t.me/azattyq
Халықаралық бақылаушылар кеткеннен кейінгі Алматыдағы N263 сайлау учаскесі.
Азаттық тілшісі ЕҚЫҰ өкілдері келген кезде мұнда адам қарасы күрт көбейгенін аңғарған еді.
t.me/azattyq
Азаттық тілшісі Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне ЕҚЫҰ бақылаушылары келген кезде адамдар қарасы күрт көбейгенін аңғарды.
t.me/azattyq
Алматыдағы N263 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бану Сәбденбекова бюллетеньдегі кандидаттардың сызылуына қатысты түсініктеме берді. Бұған дейін кейбір сайлаушылар бюллетеньдегі сызылған кандидаттарды көріп, наразы болған еді.
t.me/azattyq
Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді. Көпшілікті мерекемен құттықтап, журналистердің шақыруына қарамастан кетіп қалды.
t.me/azattyq
Мәжіліс депутаттығына үміткер Инга Иманбай Алматыда №183 сайлау учаскесінде “фото-видео түсіргені үшін” бақылаушысын учаскеден шығарып тастағанын хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған. Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.
t.me/azattyq
Павлодарда сайлау учаскесі орналасқан мектеп маңында жәрмеңке ұйымдастырылған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сайлау учаскесіне қарағанда мұнда адамдар көбірек.
Читать полностью…Ақтөбеде N536 сайлау учаскесінде кейбір бақылаушылар зал толық көрінбейтін орында отыр.
t.me/azattyq
Жәшік бюллетеньдерінің жанында суретке түсіп жатқан сайлаушылар көп. Атыраудағы N39 сайлау учаскесінде суретке түсіп тұрған сайлаушылар.
t.me/azattyq
Астанада “Еркіндік қанаты” қорының екінші бақылаушысын да учаскеден шығарып тастады. Бұл жөнінде Masa.media Телеграм арнасы хабарлады.
Комиссия төрағасы полицияны шақырған. Бақылаушы үстінен мөрсіз хаттама толтырылған. Бақылаушыға тек көшірмесін ғана берген.
t.me/azattyq
Теміртауда кейбір тұрғындар депутаттыққа үміткерлерді білмегендіктен әуелі қабырғадағы ақпараттарды оқып барып, дауыс беріп жатыр.
t.me/azattyq
Алматыда №377 сайлау учаскесінде түйені де көруге болады, деп хабарлады Азаттық тілшісі.
t.me/azattyq
Алматыдағы N406 учаскеде бір кабинаға екі адам кіріп кетті. Комиссия назар аударған жоқ.
t.me/azattyq
Оралдық блогер Асқар Шайғұмаров Телеграм-арнасында Оралда N286 сайлау учаскесінде түскі сағат 1-ге қарай 138 адам дауыс бергенін жазды.
Аталған учаскеде дауыс беруге құқығы бар 1277 адам тіркелген. “Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі төмен – 10 пайыз” деп жазды блогер. Блогер жариялаған сурет.
t.me/azattyq
"Халықтың өз тағдырын шешуге құлшынысын байқадық". "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сайлау туралы не деді?
t.me/azattyq
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылындағы N184 сайлау учаскесінде болған жағдай.
Сайлаушы бюллетеньдерді топтап салып жатыр. Бұдан соң бақылаушылар заңбұзушылықты тіркеп, оқиға орнына полиция шақырылған. Комиссия мүшесі орнынан кетірілді, деп хабарлады сол жақтағы кандидаттардың бірі Азаттыққа. Оның айтуынша, бүгін аталған учаскеде осыған ұқсас үш оқиға тіркелген.
t.me/azattyq
ОСК мәліметінше, түскі сағат 12-дегі жағдай бойынша халықтың сайлауға қатысу белсенділігі мынадай.
t.me/azattyq
"Кімге дауыс береміз?"
Кандидаттармен танысып жатқан Алматы тұрғындары. Кейбірі бір-бірінен “Кімге дауыс береміз” деп сұрап жатты.
t.me/azattyq
Төрт жыл бұрын дәл осы күні отставкаға кеткен Назарбаев бүгін журналистердің сұрақтарына жауап бермей, кетіп қалды. Астанадағы N393 сайлау учаскесі.
t.me/azattyq
Кейбір аймақта аумақтық комиссия төрағалары өздерін фото мен видеоға түсіруге тыйым салып жатыр. Мұндай фактілерді Азаттық тілшілері хабарлады.
Атырауда № 39 сайлау учаскесінің төрағасы Бауыржан Қартан өзін журналистер фотоға түсіргенін қаламайтынын айтты. “Суретке жақсы түсе алмаймын” деді ол.
t.me/azattyq
Это Павлодар. Возле школы, где находится избирательный участок, развернули ярмарку. По сообщению нашего корреспондента, тут людей больше, чем на участке.
t.me/RadioAzattyq
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек “студенттерді дауыс беруге мәжбүрлеу” сияқты жайттар болмас үшін сайлауға “өте тыңғылықты” дайындалғанын айтты.
“Барлық ректор, деканаттар мен кафедраларға нұсқаулықтар берілді. Арнайы ситуациялық орталықтар құрылды” деді ол. Оның сөзінен “Власть” сайты үзінді келтіреді.
Оның айтуынша, құқығы бұзылған кез келген студент олардың құқықтарын қорғайтын омбудсмен Айсұлу Ерниязоваға тікелей қайырыла алады.
Бұған дейін жергілікті БАҚ Алматыны Бауыржан Байбек басқарып тұрған шақта қазіргі омбудсмен “Көк-Жайлау” курортын салу бойынша кампания ұйымдастырып, студенттерді қоғамдық тыңдауға араластырған деп жазады.
t.me/azattyq
Кейбір сайлаушылар үміткерлермен танысуға енді мүмкіндік алған сияқты. “Власть” сайты Алматы мен Астанада сайлаушылардың ондаған үміткер туралы ақпаратты оқып тұрғаны жөнінде сурет жариялады.
t.me/azattyq
Оралда N491 сайлау учаскесінде дауыс беріп, суретке түсіп жатқан ерлі-зайыптылар. Әйелі күйеуіне "осылай түсу керек" деп "үйретіп жатыр".
t.me/azattyq
ОСК мәліметінше, сағат 10:10-дағы жағдай бойынша бюллетеньдерді дауыс беруге құқығы бар адамдардың 14,21 % алған.
Сайлауға қатысу белсенділігі деңгейі суреттегідей.
Белсенділік деңгейі жағынан аймақтар арасында аса үлкен айырмашылық жоқ.
t.me/azattyq
Астанада сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің жетекшісі Олжас Бектенов елде “кінәсіздік презумпциясы сақталады” деп мәлімдеді.
“Ал журналист Махамбет Әбжан ісі бойынша сіздер бірден адамдардың аты-жөнін жарияладыңыздар ғой?” деген тілші сұрағына ол “егер ол тергеу барысына кері әсер етпесе, онда деректер жариялануы мүмкін” деді.
Толығырақ видеода. Ulysmedia сайтының видеосы.
t.me/azattyq
Астанада №23 сайлау учаскесінде бақылаушыларды әйнектің ар жағына отырғызып қойған.
Заң бойынша, бақылаушылар барлығы көрінетін жерде отыруға тиіс және олардың қозғалуына да мүмкіндігі болуы керек. Бұл жөнінде Masa Media сайты хабарлады.
“Еркіндік қанаты” қорының суреті.
t.me/azattyq
Қазақстанда дауыс беруге арналған автоматтандырылған жәшіктерді орнату жағы қарастырылып жатыр.
19 наурызда Астанада өз учаскесінде дауыс берген цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, автоматтандырылған жәшік оған қанша бюллетень салынғанын бірден көрсетіп тұрады.
t.me/azattyq