azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Masa Media тілшісі Астанадағы №2 сайлау учаскесінде комиссия төрағасы “Еркіндік қанаты” қорының бақылаушысына учаскеде қозғалуына кедергі жасағанын хабарлады.

Бұған дейін аталған учаскеде комиссия мүшелері “Еркіндік қанатының” бақылаушысы “сайлау процесіне кедергі келтірді” деп оны учаскеден шығарған. Ізінше қор учаскеге екінші бақылаушысын жіберген еді.

Қор өкілдері учаскеден шығаруды заңбұзушылық деп атап, шағым түсіретінін мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Павлодарда №10 сайлау учаскесінде кейбір сайлаушылар “дауыс бердім деп есеп беру үшін” өздерін суретке түсіріп жатты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ulysmedia сайтының телеграм-арнасы Таразда N37 сайлау учаскесінде бір кабинаға екі ересек адам кіргенін жазып, видеосын да жариялады. Видеодан бір ер адам мен бір әйел бір кабинадан шыққаны көрінеді. Комиссия оған назар аудармаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Теміртауда N319 сайлау учаскесінде сайлаушылар кіреберісте кандидаттар туралы ақпарат оқып жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкенттегі N321 сайлау учаскесінде бақылаушылар бюллетеньдер саналмағанына наразы.

Бақылаушылардың талабымен сайлау комиссиясы сағат 8.00-ге дейін бюллетеньдерді қайта санап шықты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметі отставкаға дайындалып жатыр, деп хабарлады “Власть” сайты.

19 наурызда өз учаскесінде дауыс берген премьер Конституцияға сай, сайлаудан кейін қызметінен кететінін еске салды.

“Кім премьер-министр болатынын президент пен мәжіліс шешеді. Оқиға қалай өрбісе де, біз дайынбыз. Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз” деді Әлихан Смайылов журналистерге.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы N880 сайлау учаскесінде де белсенділік төмен деп хабарлады Азаттық тілшісі. Мұнда бір сағатта сегіз адам ғана келген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

В Шымкенте на избирательном участке №233 председатель участка Гульжан Жакашева требует от корреспондента Азаттыка освещать процесс голосования только с мест, отведённых для наблюдателей.

Согласно закону, ограничения на передвижения на избирательном участке не распространяются на журналистов, они вправе передвигаться и фиксировать происходящее, не мешая процессу.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев ерте келіп, дауыс беріп кетіп қалған

Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңғы сағат 7-ден өте N59 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп кетіп қалған.

Бұған дейін журналистерге президент шамамен 9-ға таман келетіні айтылған еді. Жексенбі күні журналистер соған шамалап, сайлау учаскесіне келген кезде президент әкімшілігінің өкілі Тоқаев дауыс беріп кетіп қалғанын айтты.

Ақпарат министрлігі "президент кестесінің өзгеруіне байланысты" Тоқаев ерте дауыс беріп кетті деп түсіндірді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

▫Елде 12 млн-ға жуық адамның дауыс беруге құқығы бар.

▫ОСК мәліметінше, Астана уақытымен таңғы сағат 7:15 жағдай бойынша 8 272 сайлау учаскесі ашылған.

▫Бұған қоса, Қазақстанның 12 елдегі өкілдігіндегі 13 учаскеде де дауыс беріп жатыр.

▫Елде барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар.

▫Бес аймақ: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында уақыт белдеуіндегі айырмашылықтарға байланысты дауыс беру Астана уақытымен сағат 8-де басталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Елде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Азаттық тілшілері күні бойы сайлау учаскелерінен ақпарат таратады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бүгін – Азаттық радиосының алғашқы хабары шыққан күн.

"Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасында апта сайын Азаттықтың тарихына саяхат жасаймыз. Қазақстанда және әлемде осы аралықта болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдаймыз. Алғашқы хабар тақырыбы: Азаттық қалай құрылды?

ТЫҢДАУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарақалпақстандағы наразылық: Сот 28 айыпталушыға 5-11 жыл аралығында түрме жазасын берді

Ұсталғандарға "жаппай тәртіпсіздік", "қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін материал тарату", "заңсыз қару иемдену", "күш қолданып, тонау" баптары бойынша айыптар тағылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаратал ауылынан тағы бір видео.

– Қазір жағдай одан сайын қиындап жатыр. Судың тоқтайтын түрі жоқ, адамның күші жетпей бара жатыр, – дейді тұрғындардың бірі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылын су басты

Жергілікті тұрғындардың айтуынша 10-ға жуық үйге су кіріп, үйлердің ауласы суға толған. Судың кесірінен ауылдағы газ құбырында апат болып, ауылға газ беру тоқтаған.

Ауыл тұрғындары сурет-видео жіберіп жатыр

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК баспасөз хатшысы Венера Жексембекова Азаттық тілшісіне Шымкенттегі “дайын хаттамаларға қатысты” дауды естімегенін, “телефон арқылы жауап бермейтінін” айтты.

"Ресми хат жазыңыздар" деді баспасөз хатшысы 19 наурызда 9 жарым шамасында Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін Шымкентте сайлау басталмай жатып интернетте "дауыс беру хаттамалары" тарап кеткен еді. Онда кейбір үміткерлердің "қанша дауыс алғаны да" жазылған.

Белсенділер президентке үндеу жасап, рас болса, оқиғаны тергеуге үндеген.

Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев ақпаратты терістеп, "арандату әрекеті" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанадағы сайлау учаскелерін бақылап жатқан “Еркіндік қанаты” қорының 53 бақылаушысы таңертеңгі сағат 6-дан бері төмендегідей заңбұзушылықтарды анықтаған:

▪бақылаушылардың қозғалысын шектеу;

▪сайлаушыларды тіркеу процесін нақты көре алмауы;

▪фото мен видео түсіруге рұқсат бермеу;

▪учаскелік сайлау комиссиясының үгіт-насихаты;

▪бақылаушыға орындық бермей сайлау учаскесін жабдықтау нұсқаулығын бұзу;

▪Сағат таңғы 8-де №2 сайлау учаскесіндегі бақылаушы учаскеден шығарылды. Оған қоса, басқа ұйымдардың бақылаушыларынан араздастыру амалдары байқалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада №2 сайлау учаскесінен бақылаушыны шығарып жіберді

Бұл жөнінде “Еркіндік қанаты” қоры құрылтайшыларының бірі Елена Швецова хабарлады.

“Бақылаушымызды сайлаушыларды санағаны үшін шығарып жіберді. Бізде белгілі бір форма бар, оған ештеңе жазылмаған. Сайлаушы жәшікке бюллетень лақтырған сайын бір сайлаушы дауыс берген болып саналады” деді Елена Швецова Азаттыққа.

Учаскеден шығару туралы хаттамада бақылаушы “сайлау процесіне кедергі келтірді” деп жазылған.

Швецова сәл кейінірек шағым түсіретінін айтты. Әзірге учаскеге басқа бақылаушыны жіберген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "сайлау әділ өтетініне сенемін. Шымкенттегі жағдайды әуелі анықтау керек не болғанын" деді.

Бұған дейін Шымкентте сайлау басталмай жатып интернетте "дауыс беру хаттамалары" тарап кеткен еді. Онда кейбір үміткерлердің "қанша дауыс алғаны да" жазылған.

Ал Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев ақпаратты терістеп, "арандату әрекеті" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК-ның Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 8-дегі мәліметі бойынша, Қазақстанда 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінде 18 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақорда сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс берген сәтінен видео жариялады.

Бұған дейін президенттің ерте – сағат 7-де дауыс беріп кеткені, журналистердің оған сұрақ қойып үлгермегені белгілі болған еді.

Ақпарат министрлігі журналистерден кешірім сұрап, президент жұмыс кестесіне орай ерте дауыс беруге мәжбүр болды деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда №254 сайлау учаскесінде сайлауға қатысу белсенділігі төмен.

Бұған сол жерде жүрген Азаттық тілшісі куә болды. Тілшінің мәліметінше, 50 минут ішінде он шақты адам ғана дауыс берген.

“Бізде бұрын-соңды мұндай нәрсе болмаған” деді сайлау комиссиясының төрайымы Бақытжамал Оспанова.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте №233 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлжан Жақашева Азаттық тілшісінен бақылаушыларға арналған орыннан ғана ақпарат таратуды талап етті.

Заң бойынша, ақпарат құралдары процеске кедергі жасамай, сайлау учаскесінде еркін қозғала ала алады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев келетін N59 сайлау учаскесінің маңын тазалап жүрген жұмысшылар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанадағы N111 сайлау учаскесіндегі алғашқы дауыс берушілер. Мұнда бақылаушылар да отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте сайлау басталмай жатып "дауыс беру хаттамалары" тарап кетті.

Хаттамаларда сайлау учаскесінің нөмірі, сайлаушылар саны, бюллетень саны, оны алған сайлаушылар саны жазылған.

Мәслихат депутаттығына үміткер бірнеше адамның тізімі мен оларға "берілген дауыс саны" да көрсетілген. Ондағы кейбір "депутаттардың" тізімі сайлауға түсіп жатқан адамдардың аты-жөнімен сәйкес келеді.

Белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, “егер бұл рас болса, әділ тергеуді” талап етті.

Ал Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев ақпаратты терістеді.

Ол әлеуметтік желілерде таралып жатқан сайлау учаскелерінің қорытынды хаттамалары бойынша бейнероликтердің шындыққа жанаспайтынын, онда көрсетілген құжаттар мыжылған, қолтаңба мен мөр қойылмағанын мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

Ресейлік компаниялар қазақстандық әріптестерінен Батыс санкциясын айналып өту жағынан көмектесуді көп сұрай бастаған.

Reuters тілшісіне бір қазақстандық кәсіпкер оған ресейлік компания Австралиядан жүк көлігіне тиелген сирек жер металдарын тасымалдау үшін 1 миллион доллар ұсынғанын жеткізген.

Жуырда Түркия Ресейге санкцияға ілінген тауарларды тасымалдауды тоқтатынын мәлімдеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Байден Путинді тұтқындау туралы ордерді орынды шешім деп атады

АҚШ президенті Джо Байден Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Владимир Путинді тұтқындау туралы ордерін орынды шешім деп атады.

Путиннің "әскери қылмыс жасағаны айқын" деді Байден.

Ресей сияқты АҚШ та Халықаралық қылмыстық соттың құзыретін мойындамайды.

Бұған дейін Путинді тұтқындау туралы ордерді Еуроодақ пен Украина қолдаған.

"Путинді тұтқындау туралы ордер – Мәскеуді қылмысы мен жауыздығы үшін жауапқа тарту жолындағы "қадамдардың басы" деді ЕО сыртқы саясат жөніндегі ведомство жетекшісі Жозеп Боррель.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тұрғындар облыстан көмек жетпей жатқанына, облыс әкімі «жағдай тұрақталды» деп хабар таратқанына наразы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Гаага соты Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді.

Бұл нені білдіреді? Заңгер түсіндіреді:

Ордер шыққаннан кейін Халықаралық сот статутына қатысушы мемлекеттердің біріне шешім шыққан азамат барған жағдайда сол ел оны ұстап, Гааагадағы Халықаралық сотқа тапсыруға міндетті.

Бұрынғы совет республикалары арасында статутты Балтық елдері, Грузия, Тәжікстан ратификациялаған.

Ордер орындалғанға дейін күшінде болады немесе шешім шыққан адам қайтыс болса, немесе прокурор қайта қарап, ордерді қайтып алса, күші қайтады.

Читать полностью…
Подписаться на канал