Оралда белсенді "полицияға бағынбағаны үшін" қамалды
Оралда азаматтық белсенді Орынбай Оқасов жеті күнге қамалды. Ол бір ай бұрын – полицейлер көлігінің терезесін сындырып, оны күштеп салоннан алып шыққан кезде қамалған.
Белсенді әуелі "мас күйде көлік айдағаны үшін" ұсталған, кейіннен оны "полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін" соттады.
Әкімшілік кодексте бұл бап "полиция қызметкерінің әрекетіне кедергі келтірумен" пара-пар.
17 наурызда Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік істер жөніндегі сотының судьясы Мағауия Құрмашев Орынбай Оқасовқа шешім шығарды.
t.me/azattyq
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы алдындағы "тыныштық күні"
Қазақстанда 18 наурыз – "тыныштық күні". Кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына бір күн қалғанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға, сайлау қорытындысы туралы болжам жасауға тыйым салынған.
Елде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 17 наурызда 23.59-да аяқталған.
"ҚазАқпараттың" жазуынша, бас прокуратура 14 наурыздан бері ақпарат құралдарына сайлаумен байланысты "қандай да бір сауалнама, зерттеу нәтижесі, сайлау нәтижесіне қатысты қандай да бір болжам жариялауға жол берілмегенін" айтқан.
t.me/azattyq
Астанадағы наразылық, үгіт-насихаттың соңғы күні – 17 наурыз, 2023 жыл | AzatNEWS
📌 БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Қазақстанда жүр. Фолькер Түрік президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. "Қаңтар оқиғасы" туралы не дейді?
📌 Оралда белсенді Бекболат Өтебаев "Аманат" партиясын жауапқа тартуды талап етіп, пикет өткізді. Ол пикет өткізуге әкімдіктен рұқсат ала алмаған. Акцияны полиция бақылап тұрды.
📌 Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат аяқталды. Екі ай қарабалсқа түскен кандидаттар ертең бір күн демалып, бүрсүгіні сайлаушыларына үміт артады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
2022 жылдың қаңтарындағы дүрбелең кезінде Қызылордада Ұлттық Ұланның №5547 әскери бөлімінде жүрген сарбаз Мадияр Қайсаров қаза тапқан. Сот оның өліміне 34 жастағы Қазыбек Құдайбергеновті кіналап, оны 16 жыл 6 айға соттаған. Бірақ жауынгердің қазасында күмәнді тұс көп деген айыпталушы тарап Құдайбергеновтің кінәсі дәлелденбегенін, сотта жауапсыз қалған сауалдардың тым көп екенін айтады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ресейде мобилизациядан бас тартқандарға арналған сайт жабылды
Ресейде мобилизациядан жалтарғысы келетін азаматтарға арналған "Идите лесом" сайты жабылды. Бұл жөнінде Роскомсвобода сайты жазды.
Жобаны былтыр еріктілер елде мобилизация жарияланғаннан кейін қантөгіске араласқысы келмейтіндерге арнап ашқан. Жоба командасы соғысқа барудан жалтаруға, елден кетуге, өзге елдерден тұратын орын табуға, қауіпсіз түрде тұтқынға берілуге көмектеседі.
Жоба иелерінің айтуынша, сайт 3 мыңнан астам адамға көмектескен.
Ресейліктер жабылған сайттарға VPN көмегімен кіріп жатыр. "Идите лесом" жобасының Телеграм мен Инстаграмда парақшалары бар.
Түркіменстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше болады
Түркіменстан халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 16 наурызда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысып, Түркіменстанда да осы ұйымға мүше болады деп мәлімдеді.
"Енді Түркіменстан ТМҰ-ға бақылаушы емес, оның мүшесі ретінде қатысады", - деді Бердімұхамедов. Халық мәслихаты басшының мәлімдемесін Түркіменстан мемлекеттік агенттігі таратты.
Ол Түркия президентін Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуды қолдаған.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2000 жылдан бері түрік инвесторлары Түркіменстанда 110 миллиард доллардың жобалары мен жұмыстарын жүзеге асырған.
Түркі мемлекеттері ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше.
Наразылардың қолында "Қанды Қаңтар оқиғасы халықаралық дәрежеде тергелсін!", "Путин режиміне көмектескендерге жанама санкция салынсын", "Саяси тұтқындар босатылсын!" деп ағылшынша жазылған плакаттар бар. Оқиғаны полиция қызметкерлері бақылап тұр. Кейбір полиция қызметкерлері наразылықты камераға түсіріп жүр.
Читать полностью…Сарбаздың өліміне Құдайбергенов кінәлі ме?
2022 жылғы қаңтарда Қызылордадағы дүрбелең кезінде ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімінде жүрген сарбаз Мәдияр Қайсаров қаза тапты. Сот оның өліміне 34 жастағы Қазыбек Құдайбергеновті кінәлі деп танып, оны 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.
КӨРУ
Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлер сотқа 166 шағым түсірген
Сайлауалды науқанында мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлерден сотқа 166 шағым түскен: 135-і округтік сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеуден алу туралы шешімімен байланысты. 17 наурызда орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Асылбек Айжарықұлы осылай деп мәлімдеді. Шағымдардың 49-ы қанағаттандырылған.
Жұма күнгі ОСК жиынында 166 шағымның 55-і – Жоғарғы сотқа, 104-і мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына, 7 шағым аудандық сотқа түскені айтылды.
Бұған дейін Алматыда кейбір белсенділер өздерін сайлаудан заңсыз шеттетіп жатқанына шағымданған. Олардың айтуынша, жергілікті комиссия "мүлік салығы жөніндегі декларацияларынан қате тауып", кандидаттар қатарынан шығарып тастаған.
17 наурызда осы мәселеге тоқталған Асылбек Айжарықұлы "әрбір жағдайда обьективті шешім қабылданды деп ойлаймыз" деді.
t.me/azattyq
17 наурызда Ақтөбеде бірнеше күн бұрын жүрек талмасынан қайтыс болған Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталғандардың бірі Еркебұлан Құттыбаевты ақтөбеліктер ақтық сапарға шығарып салды.
Олардың айтуынша, Еркебұлан ешқашан денсаулығына шағым айтпаған. 15 наурызда күндіз өз үйінде жүрегі ұстап қалған.
– Кісі бетіне қатты келмейтін, аса сабырлы азамат еді. Тағдырлас болған аз уақыт аралығында біз оның өте еңбекқор, жақындарына қамқор жан екенін білдік. Артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Әкесіз қалған балаларды жылатпай, апелляция алқасы Еркебұланның КамАЗ-ын отбасына қайтарады деп үміттенеміз, - дейді 18-дің бірі Асланбек Омаров
Үш баланың әкесі, 41 жастағы Еркебұлан Құттыбаев Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, 9 ай шартты жазаға кесілген. Ол 1 ақпан күні Азаттыққа берген сұхбатында тоғыз айлық шартты жазаға келіспейтінін айтқан.
Мәжіліс депутаттағына үміткер Лұқпан Ахмедияровты 16 наурызда Орал полициясы шақырып, Инстаграм парақшасындағы бір қолданушының жазбасына байланысты “тергеуге” тырысқан.
Полицияның айтуынша, Руслан Сәрсенов есімді азамат Инстаграмда Лұқпан Ахмедияров кандидаттығын қолдау қорына ақша жібергенін жазған. Полициядағылар сол жазбаға бола кандидатты шақырған.
“Мен бүгін полицияға барып, оларға заңды түсіндіріп қайттым. Бұл жерде ешқандай заңбұзушылық жоқ. Кез келген кандидаттың сайлау қоры болады деп түсіндірдім. Оған кандидатты қолдаушы адамдар ақша жібере алады дедім. Полиция осыдан кейін ғана “а, солай ма” деп жіберді” деді Лұқпан Ахмедияров.
Қазақстанда бұған дейін кейбір белсенділер өздерін “сайлаудан заңсыз шеттетіп жатқанын” хабарлаған.
Ақтөбе соты Қаңтар бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарай бастады
16 наурыз күні Ақтөбе облыстық сотының апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталып, түрлі жаза кесілген 10 адамның шағымын қарай бастады. Осыдан екі ай бұрын Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл азаматтарға 9 айлық шартты жазадан бастап, 15 жылдық түрме жазасын кескен болатын. Сотталушылар үкімге риза емес.
Ал қаңтардан кейін істі болған Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровқа қатысты сот қаулысына прокуратура наразылық білдірген. Бірінші инстанция ақтап шыққан бұл екі азамат та бейсенбі күні сот залында болды. Осылайша апелляция отырысына үкімге риза емес он адамнан бөлек ақталған екеу, жалпы саны 12 адам келді.
t.me/azattyq
"Бұл бостандық маған қиын жолмен келді": Жоғарғы сот ақтаған Аштаев түрмеден шықты
Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп сотталған белсенді Жанмұрат Аштаев 16 наурыз күні кешке бостандыққа шықты. Белсендіні толық ақтау және қамаудан дереу босату туралы шешім 14 наурыз күні түсте шыққан. Шымкенттегі түрмеден шыққан ол Азаттыққа белсенділікпен айналысуды тоқтатамын деп мәлімдеді.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған 45 жастағы Аштаевты Шымкенттегі №54 мекеменің қақпасынан отбасы мен туыстары күтіп алды. Оның түрмеде отырғанына бір жыл екі айдан асты.
– Қамауда отырғанда бостандықтың, еркіндіктің қадірін түсінеді екенсің. Түрмеде оның бәрі шектеулі, өте шектеулі. Жазықсыз отырғаныма, тергеудің осылай созылғанына, бала-шағамның жанында бола алмағаныма өкінемін. Белсенділігімді осымен тоқтатамын. Бұл бостандық маған қиын жолмен келді. Бала-шағамның қасында болғаным, бостандығым қымбат. Құқық қорғаушыларға, түрмеде жатқанда отбасыма көмек берген белсенділер мен көпшілікке рақметімді айтамын, – деді ол Азаттыққа.
Тарауға тиіс үкімет, Маңғыстаудағы ереуіл, "Путиннің достары" - 16 наурыз ┃AzatNEWS
📌 Қазақстанда конституцияға сәйкес мәжіліс сайлауынан соң үкімет тарап, қайта жасақталуға тиіс. Инфляцияның өсуі мен қымбаттауына байланысты сынға қалған министрлер кабинеті жаңара ма?
📌 Маңғыстау облысында жалақыны 100 пайыз өсіруді талап еткен мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатыр. Бірнешеуі жұмыстан қуылған.
📌 Ақтөбеде қаңтаршы Еркебұлан Құттыбаев жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол былтырғы қаралы оқиғаға байланысты "наразыларға тас жеткізіп берді" деп сотталған еді.
📌 Ұлыбританияның The Economist басылымы соғыс басталғалы Ресейге ең жақын елдердің рейтингін жасады. Алғашқы ондықтың бел ортасында Қазақстан бар.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті
16 наурызда Астанада Еуропарламент өкілдігі алдына қала тұрғыны Махаббат Құсайынова келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет отставкасын талап етті. Халықаралық ұйымдарды Тоқаевқа санкция салуға үндеді. Өздігімен жүре алмайтын мүгедектігі бар 51 жастағы Махаббат Құсайынова көп жылдан бері баспанаға кезекке тұрса да, әлі күнге дейін үй ала алмағанын айтты. Айтуынша, өзінен кейін кезекте тұрғандар "түрлі жолмен баспана алып кеткен". Ол 2019 жылы соған байланысты қызметтік тексеріс жүргізу туралы шағым түсіргенімен, "өтініші қараусыз қалған". Ол бұған дейін тиісті органдардың бәріне шағымданған, бірақ нәтиже болмаған.
"Шағымданатын орган қалмағандықтан, осы Еуропарламент өкілдігіне келіп тұрмын" деді жалғызбасты ана.
– Мен президенттің отставкаға кетуін талап етіп отырмын, себебі жоғары лауазымды тұлғаларды президенттің өзі тағайындайды. Ал олар әрекетсіздік танытып отыр. Демек, президент тиімсіз саясат жүргізіп отыр. Ол тағайындаған шенеуніктер әншейін бір креслодан екінші креслоға секіруді ғана біледі. Ал тындырып отырған шаруасы аз, – деді ашынған Махаббат Құсайынова.
t.me/azattyq
Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктен қауіптене ме? Путиннің "газ одағы" біртіндеп іске аса бастады ма?
Батыс басылымдары бұл аптада президент Тоқаев кезектен тыс парламент сайлауы қарсаңында жаппай тәртіпсіздікке дайындалып жатыр ма деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Путин ұсынған, Өзбекстан мен Қазақстан билігі бас тартқан «газ одағы» қалайша біртіндеп жүзеге асып келе жатқанын және Астана мен Ташкент неліктен Мәскеумен газ интеграциясына баруға мәжбүр екенін талдады. Бұдан бөлек Ресей компаниялары Қазақстандағы серіктестерінен Батыс санкцияларын айналып өтуге көмек көрсетуді сұрап, өтініштер түсіріп жатқанын жазды.
ОҚУ
t.me/azattyq
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер берді
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. Бұл хабар соттың ресми сайтында жарық көрді. Путинмен қоса, Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Мария Львова-Белованы да тұтқындауға пәрмен берілген.
Халықаралық қылмыстық сот екеуіне де Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған. Халықаралық құқықта бұл геноцид деп танылуы мүмкін.
Ресей бұл соттың юрисдикциясын мойындамайды. Мәскеу 2016 жылдан бері соттың әрекетін анықтайтын Рим статутына қатыспайды. Ал сот әскери қылмыс жасады деп айыпталып жатқан мемлекет басшыларының иммунитетін мойындамайды.
Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фольклер Тюркті қабылдады.
Ресми ақпаратқа қарағанда, Тоқаев БҰҰ басқармасымен “Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын” екенін мәлімдеген.
Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы әзірге Тоқаевпен кездесу жөнінде ешқандай хабарлама таратпады.
Астанада БҰҰ жоғарғы комиссарының сапары басталған кезде 17 наурызда бір топ белсенді Еуроодақ өкілдігі алдында наразылық акциясын өткізіп, биліктен оппозициялық партияны тіркеуді талап еткен. Қанды Қаңтар оқиғасын халықаралық тергеуді, саяси тұтқындарды босату қажеттігін де айтқан. Олар Фольклер Тюркті аталған мәселелерге назар аударып, Қазақстан билігіне ықпал етуге үндеген.
Жұма күнгі ресми кездесу кезінде елдегі саяси қысым, қудалау, оппозицияның жайы, бейбіт жиын өткізу құқығы мәселелері айтылғаны-айтылмағаны белгісіз. Ресми Астана саяси қудалау жоғын айтып келеді.
"Душанбе-Моторс" еңбек мигранттарын Оңтүстік Кореяға жібереді
Тәжікстандағы "Душанбе-Моторс" компаниясы 3 мыңнан 10 мыңға дейін еңбек мигрантын Оңтүстік Кореяға жібере алатынын хабарлады.
"Душанбе-Моторс" компаниясы Оңтүстік Кореядан түрлі брендтегі автокөліктерді жеткізумен айналысқан. Енді компания осы елге жыл сайын 3 мыңнан 10 мыңға дейін тәжік азаматтарын жұмысқа жібере бастайтынын хабарлады.
Тәжік еңбек мигранттарының алғашқы тобы Оңтүстік Кореяға сәуір айында аттанады. Бұл туралы компанияның бас директоры Ли Хвансу хабарлады.
"Оңтүстік Кореяға" жұмыс күші керек. Тәжікстанда азаматтар жалақының аздығына шағымданады. Сол себепті біз жұмыс істегісі келетіндерді Оңтүстік Кореяға жібере бастаймыз", - дейді "Душанбе-Моторс" басшысы.
Оңтүстік Кореяға жұмыс істейге баратын еңбек мигранттары екі апта дайындық курсынан өтеді.
Мәліметтерге қарағанда, Оңтүстік Кореяда қазір 5 мыңнан астам тәжік мигранты жұмыс істеп жүр. Олардың кейбірі Samsung және Hyundai секілді ірі компанияларға жұмысқа орналасқан.
Қытай басшысы Си Цзиньпин 20-22 наурыз аралығында Ресейге барады
Бұл жөнінде 17 наурызда Кремль мен Қытай СІМ баспасөз қызметтері хабарлады.
Қытай басшысының көктемде Ресейге баратынын бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин айтқан. Нақты қашан сапарлайтыны бүгін ғана белгілі болып отыр.
Кремль хабарламасында “мемлекеттік сапар” болатыны айтылған. Бұл ресми сапарлар арасында мәртебесі ең жоғары кездесу.
Кремльдің айтуынша, келіссөз барысында тараптар “Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты әріптестік пен өзара стратегиялық ынтымақтастықты” талқылайды. “Халықаралық аренадағы Ресей-Қытай әріптестігін тереңдету бойынша пікір алмасу” жоспарланған.
Қытай СІМ “екіжақты қатынас, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша терең пікір алмасу” болады деп мәлімдеді. Пекиннің түсіндіруінше, сапардың басты мақсаты – Ресеймен екіжақты байланысты нығайту.
Алматы әкімдігі Қаңтар оқиғасына арналған Алматыдағы “Тағзым” мемориалының бюджеті туралы ақпаратты жарияламай отыр
Аталған ескерткішті былтыр желтоқсанда Қаңтар оқиғасының бір жылдығы қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан.
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемориалдың бюджеті “мемлекеттік құпияға жатпайды” деген. Ведомство әкімдікті мемориалдың бюджеті туралы ақпаратты жариялауға екі рет міндеттеген, алайда әкімдік бұл талапты орындамаған.
“Ақпаратқа қол жеткізу туралы” заңда әр азамат “мемлекеттік құпия мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, оның жұмсалуы туралы және жұмсалуын бақылау туралы” ақпаратқа еркін қол жеткізуге құқылы деп жазылған.
Әкімдік өкілдері министрліктің талабын орындамау себебін түсіндірмеді.
t.me/azattyq
БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының Қазақстанға сапары қарсаңында Астанада Еуроодақ өкілдігі алдына тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының өкілдері жиналып, партияны тіркеуді талап етті.
Олар 17 наурызда партияны тіркеу құжаттарын әділет министрлігіне 12-рет өткізді. Айтуларынша, министрлік бұған дейін “ұсынылған тізімде қайтыс болған адамдар барын” айтқан. Өтініштерін қайтарған. Тіркелмеген партия өкілдері келіспей, 1800 адамның видеосын да берген.
Белсенді Марат Жыланбаев "билік түрлі қитұрқы амалдармен партияны тіркемей отыр", "шынайы оппозициялық күштерге пікірлерін еркін айтуға мүмкіндік бермей отыр" деді.
Тіркелмеген партия өкілдері БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктен аталған мәселеге назар аударып, Қазақстан билігіне әсер етуін сұрады.
Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлерден сотқа түскен шағымдардың сипаты мынадай. (ОСК слайды тек орысша жасалыпты).
Читать полностью…Politico: Қытай Ресейге винтовкалар тасымалдаған
Қытайлық компаниялар Ресейге шабуыл кезінде пайдаланылатын мыңдаған винтовка тасымалдаған. Бұған қоса, дрондар мен берен сауытқа қажет заттар мен жабдықтар берген. Бұл жөнінде кеден деректерін жариялайтын ImportGenius сайтының ақпаратына сүйенген Politico басылымы жазды.
Аталған заттар мен жабдықтар Ресейге 2022 жылдың маусым мен желтоқсан аралығында тасымалданған. Қытайдың қорғаныс саласындағы ірі мердігер компанияларының бірі China North Industries Group Corporation Limited былтыр маусымда Ресей билігімен байланысты "Техкрим" компаниясына винтовкалар жіберген.
Politico жазуынша, америкалық M16 үлгісі негізінде жасалған CQ-A винтовкалары құжаттарда "азаматтық мақсатта қолданылатын аңшылық қарулары" деп көрсетілген. Бірақ Қытайда оны – полиция қызметкерлері, Оңтүстік Судан, Парагвай, Филиппинде әскери қызметкерлер қолданады.
t.me/azattyq
Тоқаев "жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға" жазаны күшейтетін түзетулерге қол қойды.
Құжаттың толық атауы – "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сонымен бірге азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы".
Құжат "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы (272-бап, 1-бөлігі) бойынша жазаны 3 жылдан 5 жылға, телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған қылмыс жазасын 3 жылдан 7 жылға дейін көбейтуді ұсынады. Қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін жазаны 5 жылдан 7 жылға көбейтуді ұсынады. Енді бұл бап бойынша айыпталған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінен айырылады.
Бұған қоса, Қылмыстық кодекстегі "азаптау" бабына "адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеті үшін" деген құқықбұзушылықтың жаңа құрамы енгізіледі. Заң жобасы авторларының түсіндіруінше, "бұл азаптауды қатыгездіктен ажыратуға, заңнамадағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді".
Заң сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті де күшейтеді.
Үш адам қаза болған Кепебұлақ ауылының халқы жедел көмек шақыруға байланыс нашарлығы кедергі болғанын айтады
24 ақпанда Алматы облысындағы Кепебұлақ ауылында үй өртеніп, 39 жастағы ер адам екі баласымен бірге қаза болды. Ауыл халқы "жан-жаққа дер кезінде хабарласа алсақ, отқа оранған үйдегі үшеуді аман алып шығар ма едік" деп налиды. Тұрғындардың сөзінше, ауылда ұялы байланыс нашар, интернет жоқтың қасы. Жергілікті билік байланыс нашар екенін мойындайды, бірақ "үш адамның өлімін одан көру қисынсыз" деп отыр.
ОҚУ
t.me/azattyq
БҰҰ Ресейдің Украинадағы әскери қылмысын анықтады
Ресей Украинаның көп аймағында әскери қылмыс жасаған. Украинаның Ресей басып алған аумағында адамзатқа қарсы қылмыс белгілері де анықталған. БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңес аясында жүргізілген зерттеуде осындай тұжырымдар жасалған.
Баяндаманы дайындау барысында құқық қорғаушылар Украинаның 56 елді мекенін аралап, шамамен 600 адам арасында сауалнама жүргізген. Қамау орындарына және адамдар жаппай көмілген жерлерге барып көрген.
Баяндамада Украинаның Ресей басып алған аудандарындағы зорлық-зомбылық, азаптау адамзатқа қарсы қылмыс ретінде бағаланған. Құжатта сонымен бірге балаларды бөтен жаққа алып кету, адам төзгісіз жерлерде тұтқындарды ұстау, “тазалау” сияқты қылмыстар жөнінде айтылады.
Зерттеу тобының жетекшісі, Адам құқығы жөніндегі Еуропа сотының бұрынғы судьясы Эрик Мёсе дегенмен Украинада тұрғындарға геноцид жасалғанына дәлел жоқ екенін айтты.
Министр өзі қол қойған құжаттан хабарсыз ба?
Қазақстанда енді шетелден, халықаралық ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын жеке және заңды тұлғалар туралы деректер ашық жарияланады. Қаржы министрлігі тұлғалардың жеке деректері жазылған тізімді жарты жыл сайын мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына жариялайды. Ол үшін форма бекітілген.
Алайда бүгін премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл өзгеріс туралы сұрақтарға жауап бере алмады.
«Шетелден қаржы алатын тұлғалардың жеке деректерін жариялау не үшін қажет болды, өзіңіз қол қойған құжат туралы білмейсіз бе?» деген Азаттық сұрағына жауап берместен, залдан шығып кетті
t.me/azattyq
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған жігіттің отбасы комиссариат марқұмды әскерге шақырмақ болғанын айтты
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған Райс Рысбековтің үйіне әскери комиссариаттан адам келіп, әскерге шақыру қағазын тапсырмақ болған. Жақындары "Райс Рысбеков Қаңтарда қаза болды" деген кезде "қайтыс болғаны туралы анықтаманы әскери комиссариатқа апармасаңдар, миллион-миллион айыппұл төлейсіңдер" деп қоқан-лоқы жасап кеткен. Бұл жөнінде Райс Рысбековтің анасы Индира Бекежанова хабарлады.
– 14 наурызда анамның үйіне келген, себебі бәріміз әу-баста сол жақта тіркелгенбіз. Үйдегілер "ол бала қайтыс болды" десе, ендеше "қайтыс болғаны туралы анықтаманы неге өткізбейсіңдер?"Өткізбесеңдер, миллиондап айыппұл төлейсіңдер" деп айқайлап кетіпті, – деді Индира Бекежанова 16 наурызда түстен кейін Азаттық тілшісіне.
Қаңтарда оққа ұшқан 19 жастағы студент Райс Рысбековтің анасы "не аппеляцияның күнін белгілемей, өлген баламызды әскерге шақырып, әбден басынды" деп ашынды.
t.me/azattyq
Байқаушы ма, тыңшы ма? «Тәуелсіз бақылаушылар» ұйымы келгіштеп кеткен студенттерден күдіктенеді
Сайлауды бақылаумен айналысатын «Тәуелсіз бақылаушылар» ұйымы кейінгі кезде студенттер көп келгіштеп кеткенінен қауіп көреді. Бірлестік төрағасының сөзінше, оларға біреулер ақы төлеп, арнайы жұмсап отыр. Ол көрсеткен чаттар мен телефон нөмірлері мемлекеттен тапсырыс алып жұмыс істейтін өзге бір ұйымға барып тіреледі.
t.me/azattyq