Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті
16 наурызда Астанада Еуропарламент өкілдігі алдына қала тұрғыны Махаббат Құсайынова келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет отставкасын талап етті. Халықаралық ұйымдарды Тоқаевқа санкция салуға үндеді.
Өздігімен жүре алмайтын мүгедектігі бар 51 жастағы Махаббат Құсайынова ұзақ жылдардан бері баспанаға кезекке тұрғанмен әлі күнге дейін үй ала алмағанын айтты. Айтуынша, өзінен кейін кезекте тұрғандар "түрлі жолдармен баспана алып кеткен". 2019 жылы соған байланысты қызметтік тексеріс жүргізу туралы шағым түсіргенмен "өтініші қараусыз қалған". Ол бұған дейін тиісті органдардың бәріне шағымданғанмен нәтиже болмаған.
"Шағымданатын орган қалмағандықтан осы Еуропарламент өкілдігіне келіп тұрмын" деді жалғызбасты ана.
– Мен президенттің отставкасын талап етіп отырмын, себебі аталған жоғары лауазымды тұлғаларды президенттің өзі тағайындайды. Ал олар әрекетсіздік танытып отыр. Демек, президент тиімсіз саясат жүргізіп отыр. Ол тағайындаған шенеуніктер әншейін бір креслодан екінші креслоға секіруді ғана біледі. Ал тындырып отырған шаруалары аз, – деді ашынған Махаббат Құсайынова.
"Ескі әдіс". Тәуелсіз кандидаттарды сайлаудан шеттетудің астарында не жатыр?
"Құрылысы аяқталмаған пәтерді көрсетті", "тренинг әдістемесіне берілген авторлық құқықты көрсетпеді", "үгіт-насихатқа ерте кірісті"... Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттарды түрлі себеппен сайлаудан шеттетіп жатыр. Тәуелсіз үміткерлерді сайлауға жеткізбей шығарып тастаудың астарында не жатыр?
ОҚУ
Ресей ірі порносайттар арқылы адамдарды соғысқа тартып жатыр
Әлемнің ең ірі Pornhub порно сайтында Ресейдегі "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жарнамасы жарияланды. Бұл жөнінде ақпаратты бірнеше Телеграм-арналар жариялады.
Роликтегі жарнамада дөрекі лексика бары айтылады. Онда "ЧВК "Вагнер" Ресейдің барлық аймағынан сарбаздар жинап жатқаны" айтылған. Онда жарияланған телефон нөмірлері расында жеке әскери компанияға тиесілі болып шыққан.
t.me/azattyq
Қолданушылар "Ойыл ауданы Саралжын ауылының жолын су былай жарып кетті" деп суретін жіберіп жатыр.
Читать полностью…2 маусымнан бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы Астана – Баку бағыты бойынша тұрақты түрде ұша бастайды. Бұл жөнінде азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Рейс аптасына екі рет: дүйсенбі және жұма күндері болады. Жолаушыларды Airbus-А320 әуе кемесі тасиды. Осы бағыт бойынша Azerbaijan Airlines да аптасына екі рет жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Қазіргі кезде бұл бағыт бойынша аптасына 2-3 рет ұшатын Алматы – Баку, Ақтау – Баку, Ақтөбе – Баку рейстері бар.
Ресей тұрғындарына әскери комиссариатқа шақыру қағаздары келіп жатыр
Ресейдің 30-дан астам аймағында тұрғындар әскери комиссариатқа шақыру қағаздарын ала бастаған. Ақпаратқа қарағанда, резервте тұрған ер адамдарды әскери комиссариатқа барып, әскери тіркеу мәліметтерін нақтылап кетуге немесе әскери іріктеуге шақырған. Заңгерлердің айтуынша, мұны мобилизацияның "екінші толқыны" деп атауға болмайды.
Astra Телеграм-арнасының есебінше, 33 аймақта тұрғындарға шақырту қағазы берілген. Мұндай шақырту қағазын әскери борышын өтеу мерзімі кейінге шегерілген жоғары оқу орын студенттері де алған.
t.me/azattyq
Маңғыстау облысында "АқтауКранТехСервис" және "ТрансАбис" компаниясы жүргізушілерінің ереуілдеп жатқанына жеті күн болды.
Наразылар жалақы өсіруді, жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жұмысқа қайта алуды, инженер-техникалық құрамды жаңартуды, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.
15 наурызда жұмысшылар билікке кезекті видеомәлімдеме жасап, аймақ әкімі Нұрлан Ноғаевты наразыларға келіп, мәселелерін шешіп беруге үндеді.
Ал басшылық өкілдері “жұмысшылармен жасалған еңбек келісімшартының барлық талаптарын орындап отырғанын” айтады.
Қос компания да сотқа шағымданып, ереуілді заңсыз деп тануды сұраған. Сот олардың өтініштерін орындаған.
Қазақстандық «шетел агенті», ушыққан АҚШ–Ресей қатынасы – 15 наурыз ┃AzatNEWS
📌 АҚШ-тың Қара теңізде ұшып жүрген әскери дроны ресейлік жойғыш ұшақтармен "соқтығысып" құлаған. Мәскеу дронға тиген жоқпыз дейді.
📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін сайлау учаскесіне "Азаттық" тілшілерін кірізбейді. Мәселе парламент сайлауы қарсаңында тағы қайталанып отыр.
📌 Қазақстан да "шетел агенті" реестрін жасақтағысы келе ме? Қаржы министрлігі шетелден қаржы алатын тұлғаларға қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізген. Мұның артында не тұр?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ресейлік жойғыш ұшақпен соқтығысқаннан кейін Қара теңізге құлаған америкалық MQ-9 Reaper дроны Румыниядағы базадан ұшып шыққан.
Ол жоспарлы барлау жұмыстарын жүргізген. Бұл жөнінде АҚШ әскери саласының шенеунігіне сүйенген америкалық New York Times (NYT) басылымы жазды.
Дереккөздің айтуынша, дрон Hellfire ракеталарын да алып жүре алады, бірақ оқиға кезінде онда ракета болмаған. 14 наурызда аппарат Ресей аннексиялап алған Украинаның Қырым түбегінің оңтүстік-батысынан шамамен 120 шақырымда жерде миссиясын атқарған. Сол жерде оны ресейлік екі әскери ұшақ ұстаған.
t.me/azattyq
Беларусь құқық қорғау органдары тәжік оппозициясы белсенділерінің бірі Низомиддин Насриддиновті ұстаған.
Human Constanta құқық қорғау ұйымының өкілі Энира Броницкая Азаттықтың Тәжік қызметіне Насриддинов 8 қаңтарда Беларусь шекарасын кесіп өткен кезде Тәжікстан билігінің өтініші бойынша ұсталғанын хабарлады. Сол уақыттан бері тәжік белсендісі Гродно қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Беларусь бас прокуратурасы оны Тәжікстан билігіне экстрадициялау туралы шешім шығарған.
Низомиддин Насриддинов 2015 жылдан бері Германияда тұрып келеді. Германия билігі оған және оның отбасы мүшелеріне саяси баспана берген.
t.me/azattyq
Астана соты ұсталғандарға "жас ағызатын газ шашқан" бұрынғы полиция қызметкерін бес жылға соттады
Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты ұсталғандарға бірнеше рет "жас ағызатын газ шашқан" бұрынғы полиция қызметкерін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Соттың жазуынша, полиция қызметкеріне "билік өкілетін асыра пайдалану" (362-бап, 4-бөлік, 2-тармақ) бабы бойынша айып тағылған. Хабарламада экс-полицейдің аты-жөні айтылмайды.
Ақпаратқа қарағанда, айыпталушы экс-полицей айыптарды мойындамаған.
t.me/azattyq
Польша премьер-министрі 14 наурызда поляк үкіметі 4-6 апта аралығында Украинаға советтік МиГ-29 жойғыш ұшақтарын жеткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Өткен аптада Польша билігі әскери ұшақтар Украинаға халықаралық коалиция аясында жеткізілетінін айтқан. Украинаға МиГ-29 ұшақтарын беруге Словакия да дайын екенін хабарлады. Варшава мен Братислава НАТО-ға мүше өзге елдерді де Украинаға әскери ұшақ беруге үндеді. Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий 14 наурызда Варшава бірнеше апта ішінде ұшақтарды жеткізуі мүмкін екенін айтқан. Алайда мәселе коалиция аясында шешілді ме, жоқ па, ол жағын нақтыламады.
Associated Press агенттігінің жазуынша, Украинаның ұшқыштарына МиГ-29 ұшағы таныс. Олар техниканы әкелген соң бірден пайдаланып кете алады.
t.me/azattyq
Ақтөбе облысындағы Қобда ауылын су алып, төтенше жағдай жарияланды
14 наурыз кешкісін Ақтөбе облысының Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше күннен бері ауылды су алып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев ауылды су алмас бұрын қауіп жоқ деп мәлімдеген.
t.me/azattyq
Украина ресейлік екі солдатты 4 жасар бала мен оның анасын зорлады деп айыптады
Украина ресейлік екі солдатты 2022 жылы наурызда Киев түбінде 4 жасар бала мен оның анасын зорлады деп айыптады. Айыпталушының бірінің аты-жөні белгілі, ол соғыста қаза болған.
Тергеу органдарына сүйенген Reuters'тің жазуынша, ресейлік солдаттар былтыр 13 наурызда мас күйінде Бровардағы жас отбасының үйіне басып кірген. Ер адамды металл астаумен ұрып-соғып, әйелін зорлаған.
Тергеу құжаттарына қарағанда, күдіктілердің бірі 4 жасар қызды зорлағаннан кейін "одан әйел жасайтынын" айтқан.
t.me/azattyq
Сот Болат Назарбаевты Алматы ауыр машина жасау зауыты акциясының үштен бірін мемлекетке қайтаруға міндеттеді
Жоғарғы соттың азаматтық істер бойынша сот алқасы экс-президенттің бауыры Болат Назарбаев пен РLS-ТМ компаниясы үстінен түскен шағымды қарады. Шағым иесі – қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Комитет соттан "Алматы ауыр машина жасау зауытының" АҚ (АЗТМ) құнды қағаздарын алып-сату бойынша жасаған келісімнің бір бөлігін жарамсыз деп тануды сұраған. Өтініші орындалды, деп жазды "Информбюро" сайты.
Басылымның жазуынша, Болат Назарбаев пен қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері сот отырысына келмеген.
t.me/azattyq
БҚО-да қаза болған ер адамда "суға кеткеннен өлу" белгілері болған
Батыс Қазақстан облысы полициясының баспасөз қызметі Бөрілі ауданында қаза болған 39 жастағы ер адамның өліміне байланысты түсініктеме берді.
Ақпаратқа қарағанда, екі адамның көлігі суға батып, бірі көмек шақыруға кеткен. Оқиға орнында қалған екінші адам сол кезде қайтыс болған. Полицияның мәліметінше, марқұмнан "суға кеткеннен өлу белгілері" анықталған. Сараптама тағайындалған.
“Адам өлімі фактісі Бөрілі аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Медицина сараптамасы тағайындалды. Соның қорытындысы оның неден қайтыс болғанын анықтайды” деді полицияның баспасөз қызметінің өкілдері.
Оқиға Бөрілі ауданы Ақбұлақ ауылы маңында болған деп айтылады. Әзірге іс тіркелгенмен бабы анықталмаған. Сараптама қорытындысына байланысты істің бабы анықталады.
Ал Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов адам өлімі “су тасқынына қатысы жоғын” айтты.
– Денесін тапқанымыз рас. Адам жоғалды деген хабар түскен. Сосын құтқарушылар іздеп, Бөрілі ауданындағы бір ауылдан тапты. Суға батып өлді деген ақпарат қате. Қалған ақпаратты полициядан сұраңыздар, – деді ол 16 наурызда Азаттық тілшісіне.
Күдебаевтың соты тағы кейінге қалды
Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты тағы кейінге қалды. Күдебаевтың адвокаты сотқа айыпталушы ауруханада ем қабылдап жатқандықтан сотқа келе алмағанын айтқан. Сол себепті сот отырысы 20 наурызға қалдырылған. Бұл жөнінде masa.media сайты хабарлады.
Бұған дейін 10 наурыз күнгі сот отырысы да Күдебаевтың денсаулығына байланысты кейінге шегерілген еді.
Тергеу органдары Серік Күдебаевты Қаңтар оқиғасы кезінде “әрекетсіздік танытты” (370-бап, 4-бөлігі) деп айыптап отыр. Күдебаев айыптарды жоққа шығарады. Бұған дейін прокурорлар оған 9 жыл түрме жазасын сұраған. Келесі сот отырысында Күдебаевқа соңғы сөз айтуына мүмкіндік беріледі деп айтылады.
Ақтөбе облысы: Тұрғындар жол жабылып, азық-түлікке қол жеткізе алмай отырғанын айтты
Су тасқыны болған Ақтөбе облысы Қобда ауданында 50-ден астам үйді су алған. Бір мектеп-гимназия, дәмханаға су кірген. Жергілікті білім басқармасы аудандағы үш мектептің 400-ге жуық оқушысы қашықтан білім алып жатыр деп хабарлады.
Қобда маңындағы Ропповка деген ауылда екі күннен бері жарық жоқ. “Жолды су басқан, азық-түлік ала алмай отырмыз” деп хабарлады ауыл тұрғындары.
Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, Ойыл өзені Жолдыбай көпіріне шығып, жолды жауып қалғандықтан Ойыл ауданында Қобда – Ойыл трассасында көлік қозғалысы шектелген. Жергілікті төтенше жағдай департаменті мамандары Қиыл өзеніндегі бөгетті нығайтып жатқанын хабарлады.
Ташкентте Путинді сынаған ресейлік стендап-комиктің микрофоны өшірілген
Ресейлік стендап-комик Данила Поперечный Ташкенттегі концертінде саяси мәселелерді қалжыңға тіке немесе жанама қосқан сайын микрофоны өшірілгенін айтты.
Поперечныйдың сөзіне қарағанда, концерттен тіпті "Ресей" сөзі бар қалжыңдардың бәрін қиып тастаған. Куәгерлердің айтуынша, стендап-комиктің микрофоны ол соғыс, Ресей президенті Владимир Путин, саясат жайлы айта бастаған шақта бірден өшіріліп отырған.
"Ақыр соңында жергілікті құқық қорғау органдарының нұсқаулығымен материалдағы кемінде 50 минут алынып тасталды. Өз үйімде отырғандай болдым" деді Поперечный.
t.me/azattyq
Тіл дауынан” кейін Пинта әлеуметтік желідегі парақшасында мейрамханаларында қазақша ән қойылып жатқан видео жариялады.
Бір күн бұрын мейрамхана өкілдері “франшиза бойынша негізінен ағылшын тіліндегі әндерге басымдық беріледі. Бірақ қонақтар қаласа, қазақша да айта береді. Ондай шектеу жоқ” деген.
Оның алдында әлеуметтік желіде Алматыдағы “Пинта” мейрамханалар желісі “музыканттарына қазақша ән айтуға тыйым салғаны” жөнінде хабар тараған.
Важные истории" Италиядан ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтің отбасына тиесілі тағы бір үй тапты.
Журналист-зерттеушілер тапқан үй Комо көлінің жағасында орналасқан. Үй Соловьевтің анасының атына жазылған.
"Важные истории" есебінше, Италияда Соловьев пен жақындарына тиесілі кемінде 5 жылжымайтын мүлік бар.
Былтыр наурызда Навальный командасы Соловьевтің Италиядағы екі вилласын анықтаған еді.
Алматыда матч кезінде полиция стадионнан жанкүйерлерді күштеп шығарды
Алматыда Орталық стадионда өткен жергілікті "Қайрат" және ақтаулық "Каспий" арасындағы футбол матчы "жанкүйерлердің төбелесімен" аяқталды. Оқиғаға арнайы жасақ араласқан.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода арнайы жасақ ақтаулық клуб жанкүйерлерін ұстап жатқаны көрінеді.
Алматы қаласы полиция департаменті матч кезінде Орталық стадиондағы тәртіпті қадағалаған полиция күштері "адам көп жиналған орында пайдалануға тыйым салынған файерді жағуға жол бермеді" деп мәлімдеді.
Әлеуметтік желідегі Ruh_ultras жанкүйерлер қозғалысы "тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жанкүйерлерге қысым жасап, стадионнан күштеп шығарып жіберді" деді. Жанкүйерлердің айтуынша, олар "тәртіп бұзбаған".
Алматыда ұсталған ресейлік анархист 12 айға қамалды
Бұл жөнінде құқық қорғаушылар мен Sota Телеграм-арнасы хабарлады.
12 ақпанда Денис Козак 40 күнге қамалған.
9 ақпанда Қазақстан полициясы оны Ресей сұрауымен Алматыда ұстаған. Ақпаратқа қарағанда, оған Ресейде "терроризмді ақтау" бабы бойынша айып тағылып, іздеу жарияланған.
Козак 2018 жылы ФСБ-ның Архангельскідегі ғимараты алдында өзін-өзі жарып жіберген студент Михаил Жлобицкий туралы әлеуметтік желіде пост жазған. Осыдан соң оның үстінен "терроризмді ақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тінту жүргізілген. Козактың өзі ақпарат құралдарына "жазбасында Жлобицкийдің әрекетін ақтамағанын" айтқан.
«Украина жасасын!» деп айтып, Ресей сарбазының оғына ұшқан Александр Мациевский кім?
t.me/azattyq
Жетібайдағы ереуіл: Компания жеті адамды жұмыстан шығарды, жұмысшылар шешімді жоюды талап етеді
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Techno Trading LTD мұнай сервисі компаниясының 100-ден астам жұмысшысының ереуілі жалғасып жатыр. Жұмысшылар жалақыны 100 пайыз өсіруді талап етеді. Олар 9 наурыздан бері Жетібай кенішіндегі кәсіпорын маңында ереуілдеп тұр.
"Жетібайда тұрғанымызға жеті күн болды. Осындай желді күні басшылардан ешкім хабарласып жатқан жоқ. Талап орындалып жатқан жоқ" деді жұмысшылардың бірі Азаттыққа жолдаған видеода.
"Бүгін – 15 наурыз. Мәселелеріміз шешілген жоқ. Облыс әкімі [Нұрлан Ноғаев] араласып, мәселе шешілсін. Жігіттер күндіз-түні жүр. Егер осылай жалғаса берсе, аштық жариялаймыз. Талаптарымыз орындалсын!" деді жұмысшылардың бірі тағы бір видеода.
13 наурызда Қарақия аудандық соты Techno Trading LTD компаниясының жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырған. Жұмысшылар шешіммен келіспейді.
t.me/azattyq
Алматыда айырбастау пунктерінде доллар 469-470 теңгеден сатылып жатыр
Kurs.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматыда кейбір айырбастау пунктері долларды 471-ден сата бастаған.
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15 наурыз таңертеңгі сағат 11:00-де 1 долларды 462,77 теңгеге бағалады. Бір күн бұрын 1 доллар 458,96 болған.
Батыс Қазақстан облысында ондаған үйге су кірген
Батыс Қазақстан облысында ондаған үйге су кірген. Сырым ауданында бес үйден су сорғымен тартып шығарылған. 26 адам үйлеріне қайта оралған. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 28 адам уақытша эвакуация пунктіне орналастырылған, 205 адам туыстарына кеткен. 280-нен астам мал қауіпсіздік жерге айдалған.
"40 үй әлі су астында қалып отыр" деп жазылған министрліктің 14 наурыз түнгі сағат 11-дегі хабарламасында.
t.me/azattyq
"Үйден апыл-ғұпыл шығып үлгердік". Қобдадағы су тасқыны
Ақтөбе облысының Қобда ауылында 14 наурыз кешкісін төтенше жағдай жарияланды. Екі күннен бері ауылдың батыс бөлігін су алып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Жақын маңдағы Қобда өзені кемеріне келіп тұр, судың азаяр түрі көрінбейді. Оқиға орнынан Азаттық тілшісінің репортажы.
ОҚУ
Марат Әшім президенттің хаттама қызметінің жетекшісі болып тағайындалды
35 жастағы Марат Әшім 2012 жылдан бері президент әкімшілігінде түрлі қызмет атқарған.
Бұған дейін аталған қызметті Дмитрий Михно атқарған.
Президенттің хаттама қызметі президент әкімшілігіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің бірі. Аталған қызмет президент қатысатын шаралардың қағаз жұмыстарына жауапты.