azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Қарағандыда "полицейдің талабына бағынбады" деп айыпталған белсенді 10 күнге қамалды

Қарағанды соты жергілікті белсенді, блогер Евгений Медведевті 10 күнге қамады. 12 наурызда оның үйінде полиция қызметкерлері рұқсатсыз тінту жүргізген. Кейін белсенді "полицейдің талабына бағынбады" деп айыпталды.

Қарағанды сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жеке үйдің ауласында полиция қызметкерімен болған кикілжің фактісі бойынша" іс қаралған. 12 наурызда әлеуметтік желіде М. есімді азаматтың полиция қызметкерлерін үйіне кіргізбей тұрғаны жөнінде видео тараған. Соттың айтуынша, полиция қызметкерлері санкциясыз тінту жүргізбек болған кезде аталған азамат олардың "заңды әрекетіне кедергі жасаған яғни, аулаға кіргізбей, есігін жауып алған".

Медведев пен оның әйелінің сөзіне қарағанда, полиция келген кезде Медведев үйінде болмаған. Әйелі күйеуіне хабарласып, аулада бөтен біреулер жүр деп айтқан. Бұдан соң белсенді үйіне келген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қара теңізде ресейлік Су-27 америкалық дронмен соқтығысқан

АҚШ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, дронның құлауына Ресейдің екі Су-27 ұшағының "қауіпті және кәсіби емес" әрекеті себеп болған.

Орыс ұшақтарының бірі MQ-9 бұрамасына тиіп, нәтижесінде америкалық күштер дронды атып түсіруге мәжбүр болған.

"MQ-9 халықаралық әуе кеңістігінде әдеттегі әуе кеңістігінде операцияларды атқарып жүрген. Орыстардың қауіпті және кәсіби емес әрекетінен MQ-9 апатқа ұшырады", - деді АҚШ Әскери-әуе күштерінің Еуропа және Африкадағы қолбасшысы Джеймс Хекер.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі америкалық дрон "транспондері өшірілген күйі "әскери операция" (Ресей билігі Украинаға басқыншылығын осылай деп атайды) жүргізу мақсатында белгіленген әуе кеңістігінің шекараларын бұзған" деп мәлімдеді.

Оқиғадан кейін Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов АҚШ мемлекеттік департаментіне шақырылды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Factcheck.kz хакерлік шабуылға ұшырап жатқанын хабарлады

15 наурызға қараған түні Factcheck.kz сайты DdoS шабуылға ұшырап жатқанын, соның салдарынан сайт істемей қалуы мүмкін екенін хабарлады. Сәрсенбі таңертең сайт істеп тұрды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасынан кейін Талдықорғанда азапталғандар баспасөз мәслихатын өткізіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап етті.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюро залына жиналғандар "азаптады" деп танылған күдіктілер жазасыз жүргеніне наразы екенін айтты.

Баспасөз мәслихатына Қаңтар оқиғасынан кейін ыстық үтікпен азапталған Азамат Батырбаев қатысты. Оның ісі бойынша бір күдікті қамауға алынған. Азамат Батырбаев "Қаңтар оқиғасынан кейін өзін азаптағандар бойынша қылмыстық іс қозғалғанына бір жылдан асып кетсе де, әлі анығына жетпегенін" айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

13 наурызда кешке қарай Ақтөбе облысының Қобда ауылын кенеттен тасқын су басып қалған

Саманнан салынған үйлер құлаған. Ауыл адамдары үйлерінен шығып үлгерген. Төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялаған 100-ге жуық адам қазір ауылдағы спорт мектебі мен аудандық ауруханада отыр.

Су тасқыны Қобда ауылына қауіп төндіргендіктен, құтқарушылар Самара – Шымкент тасжолының 613-шақырымын бұзуға мәжбүр болған. Соның салдарынан Қобданың екі жағында 500-ден астам көлік тоқтап қалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан есірткіге тәуелділікті скрининг арқылы анықтауды жоспарлап отыр

"Бұл жөнінде сейсенбі күні үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев айтты" деп хабарлайды "Власть" басылымы.

Шенеуніктің сөзінше, қазір психикаға әсері күшті заттардың денеде бар-жоғы адам жұмысқа алғаш қабылданғанда, жүргізуші куәлігін алғанда немесе оған қару ұстауға рұқсат берілгенде бір-ақ рет тексеріледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасына байланысты айыпты деп танылған Жанмұрат Аштаевты ақтады

Ал онымен бірге сотталған Досмамбетованың ісін рақымшылық заңына жатқызды.

"Шымкент қалалық соты мен әл-Фараби аудандық сотының Аштаев жөніндегі қаулысының күші жойылсын. Аштаевтың іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-3 бөлігінде көзделген құқықбұзушылық болмауына байланысты іс тоқтатылсын. Аштаев қамаудан дереу босатылсын. Оның қылмыстық-процестік істі жүргізген органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өндіруге құқығы бар деп танылсын” деді судья.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім сарай сатып алған

Freedom For Eurasia есебіне қарағанда, Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова Лондоннан Гонконгқа дейінгі түрлі қалалардан жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған.

BBC News тілшісі Энди Верити бұл ұйымның есебін негізге ала отырып, "Гүлнара Каримова пара мен жемқорлықтан түскен ақшаға бірнеше зәулім сарай мен ұшақ сатып алған, оған британ компаниялары көмектескен" деп жазды.

Лондонда және Британ Виргин аралдарында орналасқан бухгалтерлік фирмалар Гүлнара Каримоваға мүлік сатып алуға жәрдемдескен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БҚО-да бірнеше ауданда су тасып, төтенше жағдай жарияланды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарын су басып, төтенше жағдай жарияланды. Жүздеген адам эвакуацияланды. Ақтөбе облысы Қобда ауданында да қар еріп, көшелерді су басқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Гаагадағы халықаралық сот Украинаға басып кірген Ресейдің әскери қылмыстарын тергеуді бастауы мүмкін

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот жақын арада Ресейдің Украинаға басып кіргеніне байланысты әскери қылмыстар бойынша екі қылмыстық іс ашып, осы қылмысқа қатысы бар бірнеше адамды қамауға алуға ордер береді.

Бұл жөнінде дүйсенбіде аты-жөні аталмаған ресми тұлғаларға сілтеп, Reuters пен New York Times хабарлады. Бұл шешім әзірге ресми түрде жарияланбаған.

Егер бұлайша қылмыстық іс қозғалатын болса, онда мұны Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығына байланысты жасаған Гаага сотының алғашқы қадамы деуге болады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Округтік сайлау комиссиясының жетекшісі биліктен қысым көріп отырғанын айтты

Астана қаласында №2 округтік сайлау комиссиясының жетекшісі әкімдіктен қысым көріп жатқанына шағынды. Арызданушы Айсара Жолмағамбетованың өзі – "Аманат" партиясының мүшесі. Сөзінше, жергілікті билік өкілі "орныңды босат, бұл – саяси мәселе" деген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Грузия премьері украин саясаткерлерін "еліміздің ішкі ісіне араласты" деп кінәлады

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили таяуда Грузияда болған наразылық акциясы туралы украин саясаткерлерінің пікірін "елдің ішкі ісіне тікелей араласу" деп бағалады. Ол мұны Imedi телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Гарибашвили Зеленский туралы айта келе, "соғысып жатқан адам тоқтай қалып, Грузияда мыңдаған адам қатысып жүрген деструктив акция туралы пікір айта бастаса, демек, ол адамның бұған қатысы бар, осы жерде бірдеңе болғанын қалайды деген сөз" деп мәлімдеген.

Гарибашвили Украинадағы соғыс тоқтатылғанын, Украинада бейбіт өмір орнап, ел тұтастығы сақталғанын қалайтынын айтты. "Бірақ әуелі өз елдеріңді жарылқап алыңдар, өз еліміздің қамын өзіміз ойлаймыз. Бәрне соны айтқым келеді" деді Гарибашвили.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасына байланысты үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужан сайлаудан қайта шеттетілді

Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат болып тіркеліп, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужанды сайлаудан тағы да шеттетті. Осыдан екі апта бұрын ғана сайлаудан бір шығарып, қайта қосқан.

Әйгерім Тілеужанға 11 наурызда Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі "табыс декларациясындағы мәліметтердің сәйкессіздігі анықталуына байланысты мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа тіркеуден шығарылатыны" туралы хаттама берген.

– Салық органдарына жіберген құжаттарда "сәйкессіздік" бар дейді, бірақ оның қандай "сәйкессіздік" екенін айтпады. Комиссия Семей қаласының мемлекеттік кірістер басқармасынан келген хатқа сілтеме жасаған, алайда бізге ол не хат екенін де көрсеткен жоқ, – дейді адвокат Айнара Айдарханова.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысындағы жолда бұзылған автобустан Өзбекстанның 63 азаматы эвакуацияланған

Ақтөбе облысының құтқарушылары түн ішінде жолда бұзылған автобустан 63 адамды эвакуацияланған. Бұл ақпаратты Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2023 жылы 12 наурызда Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қарабұтақ - Қостанай трассасының Әйтеке би ауданы тұсында автобус бұзылып тұрып қалғаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар мен техника жіберілді",- дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Өзбекстан азаматтары Әйтеке би ауданындағы мектепке орналастырылған.

Наурыздың басында Ақтөбе облысында қарға тұрып қалған автобустан Өзбекстанның 106 азаматы құтқарылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Дмитрий Кулеба: Батыс украин ұшқыштарының тәжірибесін арттыруды бастай беруі керек

Киев таяу уақытта Батыстан жойғыш ұшақ келеді деп күтіп отырған жоқ. Мұны Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба немістің Bild басылымына берген сұхбатында айтты. Бірақ ол Батыс елдері украин ұшқыштарын қазірден-ақ үйрете беруге кірісуі қажет деп есептейді.

"Таяу арада Батыстың әскери ұшақтары келе қояды деп ойламаймын. Өйткені бұл – логистикалық әрі техникалық тұрғыда өте күрделі міндет. Сондықтан біз Батыс елдері украин ұшқыштарын қазірден үйрете бастағаны жөн деп есептейміз. Өйткені жойғыш ұшақ беру туралы шешім қабылданғанда, ұшқыш әзірлеу үшін уақыт кетірмеу керек" деді Кулеба.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Нью-Йорк соты жүк көлігімен жұртты қақты деп айыпталған Саиповті өмір бойы түрмеге кесті

2017 жылы Нью-Йоркте велосипед жүретін жолда бір топ адамды жүк көлігімен қағып өтті деп айыпталған Сайфулло Саипов өмірлік түрме жазасына кесілді. Сотталған ер адам Өзбекстанда туған. Шабуылдың салдарынан сегіз адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен.

АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылды.

Айыпталушының адвокаты Дэвид Пэттон "қорғау тарабында Саиповтің көшедегі адамдарды қағып өткеніне дау жоқ, алайда ол мұны жұртты ИМ-ге тарту үшін істеді деген прокуратура тұжырымына келіспейміз" деген.

АҚШ-тағы таныстары Саиповті қаржы мәселелері бар агрессияға бейім жас жігіт деп сипаттаған. Жақындарының айтуынша, ол Ташкентте туып-өскен. Өзбекстанда жүргенде қаржы мәселелері болмаған және дінге де жақын болмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы: Қобдада жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Қобда ауылында су тасқынына байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. 13 наурызда Қобда ауылын кенеттен тасқын су басып қалған. Кемінде 15 үй, 32 аула, спорт ғимараты, екі мектеп мен екі коммерциялық нысан су астында қалған. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанның батысын су алды, Шораев сотталды, Аштаев ақталды - 14 наурыз┃ AzatNEWS

📌 Қазақстанның батыс өңірін су алып жатыр. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында еріген қар суы өзендерді тасытып, бірнеше ауданға қауіп төндірген

📌 "Қазақстан халық партиясын" "сатқындар" деп атаған ұлтшыл-белсенді, мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев сотта жеңіліп қалды

📌 Қаңтар оқиғасына байланысты былтыр үш жылға сотталып, түрмеге қамалған шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаев Жоғарғы сотта ақталды

📌 Талдықорғанда Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталып, абақтыда азапталған азаматтар Алматыда баспасөз жиынын өткізді

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ескі әндердің кавер нұсқасы көбейді. Бұл жақсы ма, жаман ба?

Әлеуметтік желіде қазақша әндердің түрленген жаңа нұсқалары тренд болып жатыр. Әншілер ескі әндерді өңдеп, қайта шығарып, ұмытыла бастағанына жан бітіріп жатыр. Бұл нені білдіреді? Есті ән азайды ма, әлде шығармашылық дағдарыс белгісі ме?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

#қалайболды?

Шораевпен соттасқан Ертісбаев кім?


Сілтеме👉https://youtu.be/dRV6VKhr6Eg

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы да зымыран ұшырды

Мұны Оңтүстік Кореяның әскери қолбасшылары мен Жапония премьер-министрі Фумио Кисиду айтты.

"Сеул мәліметіне қарағанда, Солтүстік Корея жерінен екі зымыран ұшқан" деп хабарлайды "Рёнхап" агенттігі. Зымыран құлап, қандай да бір шығын келгені туралы ақпарат жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы ауылдарының жолын су шайып, қатынас қиындады

Ойыл ауданындағы Көсембай, Қайыңды, Қарасу, Ақкемер ауылдарының жолын тасқын су шайып кеткен.

Ойыл ауданы Көсембай ауылының тұрғыны Дәулетжан Алпысбаев ауылдан шығатын екі жол бар екенін айтады. Соның бірі – қырдағы қара жолдың қары қыс бойы тазаланбаған. Ал қиыршық тас төселген Саралжын – Көсембай жолын су шайып кеткен. Ауыл тұрғындары екі күннен бері 60 шақырым жердегі аудан орталығы – Ойылға қатынай алмай отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Ресей ғарыш айлақтарының бас операторы "Жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының" мүлкін бұғаттады. The Moscow Times басылымының Орыс қызметінің хабарына қарағанда, оған Ресей операторының "Бәйтерек" компаниясына (Қазақстан мен Ресейдің бірлескен компаниясы) 13,5 млрд теңге берешегі себеп болған. Бұл қарыз "Союз-5" зымыран тасығышының қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарына байланысты пайда болған.

"Қазақстан сот орындаушылары Ресей операторының Қазақстаннан материалдық құнды заттарды алып шығуына және оператор жетекшілерінің тергеу аяқталғанша республикадан кетуіне тыйым салған" деп жазады KZ24.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің футбол құрамасы Орталық Азия ассоциациясының (CAFA) ерлер чемпионатында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан командаларымен бірге ойнайды. Ресей Украинаға жаппай басып кіргелі бұл команда ресми турнирге алғаш қатысқалы отыр.

Ресей командасының Орталық Азия турниріне қатысатыны туралы Тәжікстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады дейді Азаттықтың Тәжік редакциясы. Тәжік футбол федерациясының баспасөз хатшысы Фаридун Салиевтің ресейлік "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында турнир қорытындылары ФИФА рейтингіне жазылатынын айтқан. Турнир шамамен маусым айында Ташкент пен Бішкекте өтуі мүмкін.

"CAFA үлкен футбол, мини-футбол және жағажай футболынан алты ел арасында шағын турнир өткізеді" дейді Sports.ru. Иран бастамасымен құрылған ұйымның президенті – Тәжікстан диктаторы Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомали.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстаудағы ереуіл, Бапиді айыптау, Оскар алған "Навальный" - 13 наурыз | AzatNEWS

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеудің төрелік соты Азат Еуропа/ Азаттық радиосы өкілдігін ("РСЕ/РС") банкрот деп таныды

Дүйсенбі, 13 наурызда Мәскеудің төрелік соты "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" медиакорпорациясының Ресейдегі мүддесін білдіретін "РСЕ/РС" жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығын банкрот деп таныды. Сотқа биыл наурызда федералды салық қызметі талап арыз түсірген.

"Шетел агенті" туралы заңды орындамағаны үшін медиакорпорацияның орыс тілді тоғыз жобасына, соның ішінде Азаттықтың Орыс қызметіне де салынған миллиондаған рубль айыппұл төленбегені банкрот деп тануға себеп болған. РСЕ/РС бұл заңның ережелері журналистердің кәсіби міндетін орындауға кедергі келтіретін саяси цензураның көрінісі деп санайды. Медиакорпорация билік органдарының шешіміне байланысты Ресей соттары мен Адам құқығы жөніндегі Еуропа соттарына шағым түсіреді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жыл басынан бері 3000-нан астам қазақ қандас мәртебесін алған

2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта 3134 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген. 16,3 пайызы Қытайдан, 15,9 пайызы Ресейден, 8,4 пайызы Түркіменстаннан, 4,5 пайызы Монғолиядан, 4,9 пайызы өзге де елдерден келген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жабық өткен соттың үкімі". Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты не үшін 12 жылға соттады?

24 ақпанда Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты "Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты" деп танып, 12 жылға бостандығынан айырды. Сот процесі жабық өтті, іс материалдары құпия сақталып, үкім жарияланған жоқ. Азаттық министрдің Қаңтар оқиғасына қандай қатысы барын және халыққа бұрынғы шенеунікке үшін сотталғанын білу неге маңызды екенін талдап көрді.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Слава Украине!" деген сөзінен соң атылған жауынгер кім екені ресми түрде жарияланды

Жексенбіде Украина қауіпсіздік қызметі "Слава Украине!" деген сөзінен кейін атылған жауынгер кім екені толық анықталғанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратқа қарағанда, "Слава Украине!" деген сөзінен кейін Ресей солдаттары бірден атып өлтірген жауынгер – Украинаның Чернигов облысы аумақтық қорғанысына қарайтын 163-батальон құрамындағы 119-бригада мергені Александр Мациевский.

– Қаруластарымен, туған-туыстарымен, жолдастарымен сөйлесіп, фото, видео материалдарды салыстырған соң, жауынгердің кім екені түпкілікті анықталды, – деп хабарлады Украина қауіпсіздік қызметі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Навальный" фильмі үздік деректі кино ретінде "Оскар"сыйлығын алды

CNN Films пен HBO Max стриминг сервисінің тапсырысымен Канада режиссері Дэниель Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі Америка киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын алды.

Салтанатты рәсім дүйсенбіге қараған түні, 13 наурызда өтті.
Награданы режиссермен бірге Алексей Навальныйдың әйелі Юлия, қызы мен ұлы – Дарья және Захар алды. "Долби" театрының сахнасында тұрып Юлия: "Менің күйеуім шындықты айтқаны үшін түрмеде отыр" деді.

Режиссер Навальныйдың отбасына және Bellingcat зерттеушісі Христо Грозев пен "ФБК" зертттеушісі Марию Певчихқа алғыс айтып, "Сіздерге рақмет, бүкіл әлем сіздермен бірге" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал