Украина қарулы күштері 12 наурызда Ресей жағы соңғы 24 сағат ішінде мыңнан астам әскерінен айырылғанын хабарлады
Украина шығысындағы Бахмут қаласы үшін қиян-кескі ұрыс жалғасып жатыр. Киев Бахмутта контршабуылға көшуге дайындық жасап жатқанын да мәлімдеді.
Украина қарулы күштері бас штабы 12 наурыз күнгі хабарламасында Бахмутта "штурм" жалғасып жатқанын жазды. Украина әскері орыс армиясы Лиман, Авдеевка, Марьинка және Шахтер бағыты бойынша да шабуылдап жатқанын айтты.
t.me/azattyq
Ресейде "мектепке шабуылдауға оқталды" деп айыпталып, сотталған волгоградтық 16 жастағы Ярослав Иноземцев елден кетті
Бұл жөнінде "Дозор в Волгограде" Телеграм-арнасы хабарлады. Кавказ.Реалии сайтының айтуынша, жасөспірімнің отбасы да Ресейде емес.
2022 жылы жазда Дондағы Ростов соты Иноземцевті "күштеп медициналық шара қолданатын арнайы стационарға" жіберген. Қаңтарда сот үкімі күшіне енген.
t.me/azattyq
Иран ресейлік Су-35 жойғыш ұшағын сатып алу бойынша процедураларды аяқтады
Бұл жөнінде 11 наурызда Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігіне сүйенген Иранның мемлекеттік IRIB арнасы хабарлады.
"Иран бірқатар елге Иранға жойғыш ұшақты сату мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш айтқан, Ресей өтінішті мақұлдады" деп жазылған хабарламада.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі келісімнің шарттары, оның қашан жасалғаны және құжат бойынша Иранға қанша ұшақ жеткізілетінін айтпады.
t.me/azattyq
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 16-17 наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді
Бұл жөнінде БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы хабарлады. 17 наурызда ол Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді.
Астанаға бармай тұрып Фолькер Тюрк 13-15 наурызда Өзбекстанда болады. Ол екі ел үкіметіндегі жоғары лауазымды тұлғалармен, Адам құқығы жөніндегі уәкілдермен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.
t.me/azattyq
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде Techno Trading LTD мұнай-сервис компаниясы жұмысшыларының ереуілге шыққанына екі күннен асқан.
Олар жалақыны жүз пайызға өсіруді талап етеді. 10 наурызда жұмысшылар Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі кәсіпорын кеңсесі алдында билікке видеомәлімдеме жасап, талаптарын жеткізген.
Жұмысшылар үндеуді президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Techno Trading LTD компаниясының жетекшісі Фатима Цаголоваға бағыттаған.
t.me/azattyq
Оралда колледж жатақханасына су кіріп, студенттер эвакуацияланған
Оралда медицина колледжінің жатақханасына су кіргеннен кейін 11 наурызға қараған түні 140 студент эвакуацияланған. Бұл жөнінде “Уральская неделя” басылымы жазды.
Еріген қар суы колледждің жертөлесін басқан. Интернетте тараған видеода жуыну бөлмесі, дәретхана және қажетті заттар тұрған бөлмелер мен дәлізді су басқаны көрінеді. Қауіпсіздік мақсатында жарық сөндірілген.
Жатақхана өкілі басылым тілшісіне 10 наурыз күні бойы төтенше жағдай департаментінен көмек күткенін, тек кешкі 8-ге таман келгенін айтты.
Жатақхана 2020 жылы салынған. Студенттер туыстары, оқытушылар, таныстарының үйлеріне орналастырылған.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының "Жемқорларды – түрмеге, Оппозицияны - парламентке" атты ұранмен өткен митингісі. Онда елдегі саяси күштердің парламентке өте алмау мәселесі, жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік сияқты мәселелер айтылды. Оған әйелдердің зейнет жасын 58-ге төмендетуді талап етіп жүрген белсенділер де қатысты.
Читать полностью…Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Парижде келіссөз жүргізді.
Париждегі саммит бірнеше күн бұрын Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында Солтүстік Ирландия бойынша хаттамаға қол қойғаннан кейін өтіп отыр. Осыған орай Макрон Ұлыбританияның ЕО-мен әріптестікті нығайту ниетін қолдап, әрі қарай да Украинаны қолдауға дайын екендігін жеткізді.
"Ресей соғыста жеңбеуге тиіс. Біз бұл позицияны қолдаймыз" деді Макрон Сунакқа қарата.
"Еуропа құрлығына қауіп төнген шақта біз әрдайым қорғаныстың алдыңғы шебінде жүреміз. Біз украин теңіз жаяу әскерін үйретуге келістік. Украина соғыста жеңуі үшін ұрыс алаңында оған басым түсуіне көмектесеміз" деді Сунак.
t.me/azattyq
10 наурызда Алматыда электроника және тұрмыстық техника тауарларын сатумен айналысатын Sulpak дүкендер желісінің тасымалдау қызметінде істейтін ондаған жұмысшы ереуілге шықты.
Бұл жөнінде Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда, ереуілге шамамен 100 адам шыққан. Олар айлықты төлеген кезде қосылатын бонустардың дұрыс есептелмегеніне наразы.
t.me/azattyq
Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасы 10 наурызда жаңа конституция бойынша референдум өткізу туралы қаулы қабылдады.
Парламент отырысы тікелей эфирде көрсетілді. Депутаттар "Өзбекстан Республикасы Конституциясы туралы" заң қабылдады. Құжатты 132 депутат қолдады, екі депутат қалыс қалды, үш депутат қарсы шықты.
Парламент отырысында жалпыұлттық референдум өтетін күн белгіленді. Жаңа конституцияға қатысты референдум 30 сәуірде өтетін болды.
t.me/azattyq
Оралда судья жұмыс кабинетінде өлі күйде табылған
10 наурызда таңертең Батыс Қазақстан облысының судьясы Нұрлан Губашев жұмыс кабинетінде өлі күйде табылды. Судья дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
55 жастағы судьяның неден қайтыс болғаны белгісіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің Азаттыққа айтуынша, Губашев жұмыс орнында отырған кезде "даусы қарлығып, есінен танып қалған".
Нұрлан Губашев кейінгі жылдары Батыс Қазақстан облысы тергеу сотының төрағасы қызметін атқарған. Оның алдында ерекше ауыр қылмыс жасағандардың ісі қаралатын аймақтағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында істеген.
Сол жылдары аймақтағы "даулы істерді" қараған. Мысалы, 2016 жылы "көңілдесін өлтірмек болды" деп айыпталған Теректі ауданының бұрынғы әкіміне 11 жыл түрме жазасын берген.
t.me/azattyq
Халық өкілдерінен құралған жалпықытайлық жиын депутаттары Си Цзиньпинді Қытай төрағасы етіп үшінші мерзімге қайта сайлады.
Бұл жөнінде "Синьхуа" агенттігі хабарлады. Си Цзиньпин – мемлекет басшысы ретінде үшінші мерзімге сайланған алғашқы басшы.
"Коммерсанттың" жазуынша, Си Цзиньпин Қытай орталық әскери кеңесінің жетекшісі қызметін де сақтап қалған.
t.me/azattyq
Күдебаевтың соты 16 наурызға шегерілді
Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты 16 наурызға шегерілді. Адвокаты Сәуле Көпжанованың Азаттыққа айтуынша, бір күн бұрын Күдебаевтың денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен. 10 наурыз сағат 11-ге белгіленген сот отырысы сол себепті өтпей қалған.
“Қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түсті. Бұрын инсульт болған. Сол қайталана ма деп қорқып отырмыз. Сол себепті бүгін туыстарымен хабарласпадым. Тіпті оларды мазалауға да қорқып отырмын” деді Сәуле Көпжанова Азаттыққа.
Тергеу органдары Серік Күдебаевты Қаңтар оқиғасы кезінде “әрекетсіздік танытты” (370-бап, 4-бөлігі) деп айыптап отыр. Күдебаев айыптарды жоққа шығарады.
Бұған дейін прокурорлар оған 9 жыл түрме жазасын сұраған. 16 наурыз күнгі сот отырысында Күдебаев соңғы сөзін айтады.
(Сурет ІІМ сайтынан алынған).
Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына халықты кіргізбеді. Жұма күні сот маңына автозактар қойылып, арнайы жасақ келді.
Сот отырысында Арман Шораев сотқа сөзіне "дәлел болатын видеоны" ұсынды. Ал Нұрия Балтабайқызы сотта "партия төрағасының ұстанымына қатысым жоқ, әркімнің өз пікірі бар" деді. Ол Шораевқа қарата "мен сатқын болсам, сотқа дәлел көрсетіңіз" деді.
Ал Шораевтың адвокаты Балтабайқызының өзі әлеуметтік желіде "Шораев сатқын" деп комментарий жазғанын, сол комментарийінің скриншотын судьяға дәлел ретінде көрсетті. Мұны көрген Балтабайқызы "ол менің комментарийім емес" деді.
Осыдан кейін судья "ұсынылған дәлелдерді қарап көремін" деп келесі сот отырысын 14 наурыз сағат 11-ге белгіледі.
Жұма күні әкімшілік сот маңын арнайы жасақ бақылап, ғимарат жанында автозактар тізіліп тұрды.
(Іс жөнінде толық ақпарат мына сілтемеде).
Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызының "ар-намысыма тиді" деген арызы бойынша мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың соты өтіп жатыр.
Жұма, 10 наурызда бұл жерге тәуелсіз кандидатты қолдап, 100 шақты адам келген. Сот басталмай жатып, шу шықты, деп хабарлады оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі.
Сот өкілдері белсендіні қолдаған халыққа сотты "дәлізде мониторы бар экраннан бақылайсыздар, сол жерде отырасыздар" деп еді, жиналғандар бұған келіспеді. Олар "сот процесі өтетін залға кіріп, қатысамыз, бізді сол жаққа кіргізіңдер" деп талап етті. Әзірше, журналистерге де залға кіруге рұқсат етілген жоқ.
t.me/azattyq
Экономикалық зерттеулер институтының 2022 жылы құрастырған қалалар рейтингісінде Абай облысының әкімшілік орталығы Семей қаласы ең соңғы орында тұр
Рейтинге бірінші орында Астана қаласы тұр. Ол 10 балдың 5,89-ын алған. Ең төменгі балл Семей қаласына( 3,89) берілген. Семейдің алдында Сәтбаев, Жезқазған, Тараз, Риддер қалалары тұр. Сауалнама нәтижесіне сүйенген рейтинг құрастырушыларының айтуынша, Семейде коммуналды қызмет сапасы төмен, жолдардың жағдайы нашар және қала тазалығы мәселесі шешілмеген.
t.me/azattyq
Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат пен "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жалдамалы қызметкері опат болған
"Медиазона", BBC-дің Орыс қызметі және еріктілердің мәліметі бойынша, бұрын-соңды осынша көп адам шығыны тіркелмеген. Журналистер мен еріктілер соғыс басталғалы бері 16 774 ресейлік солдаттың қаза болғанын құжаттармен растай алған.
"Медиазона" жазуынша, соғысқа қатысып жатқан "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жалдамалы қызметкерлері арасында өлім көрсеткіші едәуәр көбейген, аталған топ соғысқа әкелген тұтқындар арасында да адам шығыны көп.
t.me/azattyq
Түркияға баратын түркімен азаматтары "саяси белсенді" болмауға уәде беріп, "кепілгер" іздеуге мәжбүр
Түркіменстан Түркиядан өз азаматтарына визалық режим енгізуді сұрады. Билік мұны түркімендердің қауіпсіздігі үшін жасап отырмыз дейді. Бұл өтінішке Түркиядағы түркімендердің үкіметке қарсы наразылығы әсер еткен болуы мүмкін.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq
Еуроодақ үшінші елдерден Ресей соғыста қолдануы мүмкін жоғары технология өнімдері мен тауарлар экспортына бақылауды күшейтуді сұрайды.
Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg жазды.
Агенттік дереккөзінің айтуынша, мұндай өтініш бірінші кезекте ЕО-дан аталған тауар түрлерін импорттайтын және соғыстан кейін сол бойынша импорт көлемі күрт артқан елдерге айтылады. Брюссель тауарлар мен технология өнімдері Ресей нарығына түсіп-түспей жатқанын анықтау мақсатында сауда ағыны туралы ақпаратты көптеп жинауды сұрамақ.
t.me/azattyq
Украинада соғыс басталғалы бері қорғаныс саласындағы қытай кәсіпорындары санкция салынған Ресейдің компанияларымен сауда қатынасын тоқтатпаған.
Бұл жөнінде кеден жазбаларымен танысқан CNN арнасы хабарлады.
Құжаттарға сүйенген арна мәліметінше, 2022 жылдың қараша айының ортасына дейін Пекинде орналасқан қорғаныс саласындағы мердігер Poly Technologies компаниясы АҚШ санкциясына ілінген ресейлік компанияларға кемінде оннан астам жабдық жіберген. Арасында тікұшақ бөлшектері мен радиоқұрылғылар бар.
t.me/azattyq
ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаев "билік партиясы жылдар бойы жемқорлықпен күресіп келе жатырмыз деп айтып келеді, нәтижесін қалай бағалайсыз?" дегенде сұраққа жауап береді
Читать полностью…Назарбаевтан кейін ештеңе өзгермегенін көрсететін сайлау ма? Ресей қазақтарды қорлағандарды неліктен қорғайды?
Батыс басылымдары бұл аптада парламент мәжілісі сайлауына көп жылдан бері алғаш рет биліктің қарсыластары қатысып жатса да, бұл Назарбаев кезінен бері саяси сахнада ештеңе өзгермегенін көрсететін сайлау болатынын жазды. Сонымен қатар Ресей президенті Путин ресейліктердің қазақтарға өшпенділігін тудыратын дүниелерге неліктен қаржылай көмек көрсеткенін талдады. Одан бөлек Қазақстан мен Түркіменстан билігі Интернетті қандай жағдайда және қалай өшіреді деген сұраққа жауап іздеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Вашингтон қысымынан кейін Түркия үкіметі АҚШ пен Еуроодақтың санкциясына ілінген тауарларды 1 наурыздан бастап Ресейге тасымалдауды тоқтатты.
Бұл жөнінде Түркияның жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.
Агенттіктің хабарлауынша, былтыр Түркия Ресейге тауар реэкспорттаған негізгі елдердің бірі болған. Сол кезде екі ел арасындағы тауар айналымы 9 млрд долларға жеткен. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 6 млрд долларға жуықтаған.
t.me/azattyq
Арман Шораевтың соты, сайлау комиссиясындағы қысым - 10 наурыз ┃AzatNEWS
📌 Ресей президентіне алғыс айтқандарды "сатқындар" деп атаған Арман Шораевтың соты өтті. Оның үстінен "Қазақстан халық партиясының" өкілі "ар-намысымды қорлады" деп шағым түсірген.
📌 Астанада округтік сайлау комиссиясының төрағасы әкімдіктен қысым көргенін айтты. Жергілікті биліктің оған "орныңды босат" дегені рас па?
📌 Қытай басшысы Си Цзиньпин төраға лауазмына қайта тағайындалды. Ал Грузия "шетел агенті" заңын ресми түрде кері қайтарды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
СІМ Ресейге микрочип экспорттау жөнінде: Батыстан шағым түскен жоқ, тауар тұтынушыға жеткенге дейін қадағаланады
Қазақстан Ресейге салынған санкция бойынша кез келген мәселеге дер кезінде реакция білдіру үшін Еуропаның және Американың құрылымдарымен тұрақты түрде байланыста отыр. Әзірше Батыс елдерінен Қазақстанға шағым түскен жоқ. 10 наурыз күнгі брифинг кезінде Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осылай деп мәлімдеді.
Бұған дейін Bloomberg басылымы Ресей санкцияны айналып өтіп, үшінші елдер арқылы, оның ішінде Қазақстанның да көмегімен Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін деп жазған еді.
t.me/RadioAzattyq
Мәжілістің бұрынғы депутаты Ресейде ұлын мобилизациямен алып кеткенін растады
Мәжілістің бұрынғы депутаты Самиғолла Оразов Ресейде тұратын ұлы Бауыржан Оразовты былтыр қыркүйекте мобилизациямен алып кеткенін, қазір Украинада жүргенін растады.
Оның айтуынша, ұлы бұрын Қазақстанның батысындағы Орал қаласында милицияда жұмыс істеген. Кейін Ресейге кетіп, сол жақта үйленіп, отбасын құрған. Ресей азаматтығын алған.
- Мобилизация басталған кезде "мұнда кел, қайт" дедім. "Ой, папа, мені кім алады? 45-темін. Ауыратыным да бар" деді. Сосын оны шақырып алып, әскери комиссариатқа қамаған. "Мына жерім ауырады" [дегеніне ешкім қарамаған]. Ешқандай комиссия жоқ. "Анда барғасың жазыласың" деп айдап жіберіпті. Қазір Запорожье АЭС-інің маңында Энергодар деген қала бар, сонда жүр. Ол жақта соғыс жүріп жатқан жоқ, – деді экс-депутат, Орал қаласының бұрынғы әкімі Самиғолла Оразов Азаттық тілшісіне.
/channel/azattyq
Қырғызстанда "Бурятияның тәуелсіздігі" жайлы сұхбатқа байланысты арнайы қызмет журналисті "әңгімеге" шақырды
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) журналист Гүлмира Мақанбайқызын "әңгімеге" шақырған. Журналист сөзінше, бұған Қырғызстанға келген Ресей азаматы Буд Мунхоевтың пікірі жазылған материал себеп болған.
"Сұхбатта респондент Ресейде болып жатқан кейінгі оқиғаларға байланысты отандастары Бурятияның тәуелсіздігін армандайтынын айтқан. Менімен әңгімелескен ҰҚМК екі қызметкері Ресей азаматынан мақалаға байланысты шағым түскенін айтты. Видеосюжет екі елдің болашағына теріс әсер етуі мүмкін екенін, алдағы уақытта мұндай тақырыптарды жазған кезде сақ болуға кеңес берді. Мен олардың міндетін түсінемін, алайда қауіпсіздік орган қызметкерлерінің кеңесін БАҚ-қа қысым деп бағалаймын" деді Гүлмира Мақанбайқызы.
t.me/azattyq
"Әлемде демократияға қайшы, авторитар тәжірибе жиіледі". Freedom House сарапшысы Майкл Смельцермен сұхбат
Freedom House құқық қорғау ұйымы "Әлемдегі еркіндік – 2023" атты жаңа есебінде Орталық Азия елдерінде еркіндік жоғын, Қазақстанда Қаңтар оқиғасын тергеу біржақты жүргізілгенін айтты. Азаттық халықаралық ұйымның Еуропа және Еуразия аймағы бойынша аға ғылыми қызметкері Майкл Смельцермен сұхбаттасты.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Ресейдің Приморье өлкесіндегі Дальнегорск қаласында соғыстан оралған екі адам көшеде автоматтан оқ атқан.
Куәгерлер түсірген видео RusNews телеграм-арнасында жарияланды.
Ақпаратқа қарағанда, жуырда Украинадағы соғыстан оралған әскери қызметкерлер халықты "әншейін қорқытқысы келген". Оқ атқан кезде олар мас болған.
Оқиға орнына келген полиция екеуін ұстаған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқ аспанға атылған.
t.me/azattyq
Германияның солтүстігінде Гамбург қаласында 9 наурызда кешкісін "Иегово куәгерлері" орталығына қарулы шабуыл жасалып, кемінде алты адам қаза болды.
Гамбургтің құқық қорғау органы өкілдері күдікті өлі күйінде табылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Гамбург полициясына сүйенген 24hamburg.de басылымы мен Bild сайттары жазды.
Гамбург полициясы Twitter-де шабуылға не себеп болғаны әзірше белгісіз екенін айтты.
"Неміс толқынының" хабарлауынша, кемінде жеті адам мерт болған, сегіз адам жараланған.
t.me/azattyq