Мариупольді қалпына келтіруге жіберілген тәжік мигранттары алданып қалғанын айтты
Украинаның Ресей басып алған Мариуполь қаласын қалпына келтіру үшін жіберілген тәжік мигранттары уәде етілген жалақыны ала алмай отырғанын айтып шағымданды. Тәжіктердің көбі қираған қалада қазан-қараша айларынан бері жұмыс істеп жатыр.
Былтыр жаздан бері бірнеше ресейлік құрылыс компаниясы тәжік мигранттарына Мариупольді қалпына келтіруге көмектесуді ұсынып, жақсы жалақы ұсынған.
Сафарали есімді тәжік мигранттарының бірі шамамен 300 адам уәде етілген жалақыны ала алмай отырғанын айтты.
t.me/azattyq
Шетелдіктің айлығы жергілікті қазақтан неге көп?
Қазақстанда еңбек дауын айтып, наразылық білдіретін мұнайшылардың көбі айлықтарының шетелдік жұмысшылардан аз екеніне жиі шағымданады. Ал «Еңбек Кодексінің» 6 және 23 баптарында бір лауазымда істейтін қазақстандық пен шетел азаматының жалақысында айырмашылық болмауға тиіс екені жазылған.
t.me/azattyq
Алматыда бірнеше белсенді баспасөз жиынын өткізіп, өздерін сайлаудан "заңсыз шеттетіп жатқанын" айтып шағымданды.
Айтуларынша, сайлауға екі апта қалғанда жергілікті комиссиялар "мүлік салығы жөніндегі декларацияларынан қате тауып", кандидаттар қатарынан алып тастаған. Белсенділер шешімді негізсіз деп санайды.
Азаттық жергілікті сайлау округтерінен белсенділердің уәжіне байланысты жауап ала алмады.
t.me/azattyq
Өскемен тұрғындары пойыз астынан еңбектеп өтуге мәжбүр
Өскеменде теміржол вокзалының іргесінде тұратын қырыққа жуық үйдің адамдары күн сайын вагондардың астымен еңбектеп өтеді. Бұл әсіресе қария кісілерге қиын. Тұрғындар жылдар бойы жаяу жүргіншіге арнап, көпір салуды сұрап келеді. Бірақ өтінішін әкімдік те, вагон басшылығы да елемей келеді.
t.me/azattyq
9 наурызға қараған түні және бейсенбі күні таңертең орыс әскері Украинаға тағы зымыран жаудырды. Елдің барлық аймағында әуе дабылы іске қосылды.
Львов әкімшілігінің жетекшісі Максим Козицкий телеграм-арнасында Львов облысының Золочев ауданында тұрғын үйге зымыран түсіп, бес адам опат болғанын хабарлады. Құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр. Козицкийдің айтуынша, үйінді астында тағы адамдар бар.
Днепропетровск облысының жетекшісі Сергей Лысак түнгі соққылардан кейін бір адам опат болып, екі адам зардап шеккенін хабарлады.
t.me/azattyq
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 9 наурызда әскери сотқа сүйенген мемлекеттік БАҚ осылай деп хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Мұрат Бектановқа "Билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша (451-бап, 3-бөлім) айып тағылған. Бұрынғы министр Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, үстінен іс қозғалған. Үкім биыл 24 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотында оқылған. Оған қозғалған іс "құпияланған" істер санатына жатқызылған. Сот жабық өтті.
Сурет: ТАСС
t.me/azattyq
"Елімізді Ресейге бермейміз": Грузия парламенті даулы заң жобасын кері қайтарды
Грузия астанасы Тбилисиде бірнеше күнге жалғасқан наразылықтан кейін билікшіл партиялар "шетел агенті" туралы даулы заң жобасын қайтып алды. Бұл құжатты 7 наурызда парламент бірінші оқылымда мақұлдаған еді.
t.me/azattyq
Сенат "жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға" жазаны қатайтатын заң жобасын мақұлдады.
Құжат "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сонымен бірге азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы" деп аталады.
Заң жобасы қабылданса, "жаппай тәртіпсіздік" бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын түрмеден босап шығу мүмкіндігінен айырылады.
Жоба "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы (272-бап, 1-бөлігі) бойынша жазаны 3 жылдан 5 жылға, телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған қылмыс жазасын 3 жылдан 7 жылға дейін көбейтуді ұсынады. Қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық үшін жазаны 5 жылдан 7 жылға көбейтуді ұсынады.
t.me/azattyq
Тбилисиде парламент ғимараты маңындағы жағдай күрделі. Бейсенбіге қараған түні арнайы жасақ наразыларға жас ағызатын газ шашты.
Бұдан соң кейбір демонстранттар оларға жанғыш зат толтырылған бөтелке лақтырды деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі. Сәрсенбі күні сәл ертерек полиция мен наразылар қақтығысып қалған.
Тбилисиде бірнеше күннен бері "шетел агенті" заңына қарсы наразылық өтіп жатыр. Сәрсенбі күні полиция наразылыққа қатысқан ондаған адамды ұстаған. Күш құрылымдары демонстранттарға жас ағызатын газ, шулы граната қолданып, су шашқан. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан адамдар зардап шеккенін де көруге болады.
видео: Эхо Кавказа
t.me/azattyq
Биыл Украинаның көп жерін басып алуға Ресейдің шамасы жетпейді, бір жылдан астам уақытқа созылған соғыстан кейін есеңгіреген Ресей ойдағыдай өз-өзіне келе алмайды
8 наурызда АҚШ сенатындағы тыңдау кезінде АҚШ барлау қызметінің директоры Эврил Хэйнс осылай деп мәлімдеді. Ол Америка барлау қызметінің 8 наурызда жариялаған ғаламдық қауіп-қатер туралы баяндамасына түсініктеме берген.
Хэйнстің айтуынша, Ресей билігі соғыста жетістіктің жоғына қатты бас қатырмайды.
t.me/azattyq
Тбилисиде "шетел агенті" заңына қарсы наразылық митингінде 66 адам ұсталған.
Олар ұсақ бұзақылық жасады және полицияға қарсы шықты деп айыпталған. Бұл туралы Грузия ішкі істер министрлігі хабарлады.
Бұған қоса, полицияға шабуыл жасау, мүлікті бүлдіру сияқты қылмыстық баптар бойынша да тергеу басталған.
t.me/azattyq
Ақтөбе қаласында әйелдің зейнет жасын төмендетуді талап еткен митинг өтті.
Рұқсат етілген митинг қала шетіндегі "Авиатор" паркінде болды, оған 30 шақты адам қатысты. Жиынға келгендер Қазақстанда әйелдің зейнет жасын 58-ге түсіруді талап етті.
Шара басталар тұста әкімдік қызметкерлері митингіге келгендерге гүл таратты.
Күн суық болғандықтан жиын бір сағат қана болды. Митингіні әкімдік қызметкерлері мен полиция өкілдері бақылап тұрды. Бұған қоса, шараны жай киінген адамдар видеоға түсірді.
t.me/azattyq
Украина Ресейдің 70-тен аса әскери ұшағын атып түсіріп, өзінің 60-қа жуық ұшағынан айырылған.
Бұл ақпаратты АҚШ-тың Еуропа мен Африкадағы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хеккер Колорадода өткен конференцияда айтты.
Генерал Хеккер сөзінше, салыстырмалы түрде алғанда шығынның аз болғаны екі елдің де авиацияны жаппай қолдануына тосқауыл қоятын әуе қорғанысы жүйесінің айтарлықтай жүйелі жұмыс істегеніне байланысты. Сол себепті авиацияның елелі бөлігі "пайдаға аспаған".
t.me/azattyq
Грузия парламенті "Шетелден қаржыландырудың ашықтығы туралы" заң жобасын "("Шетел агенттері туралы заң" деп те айтылады) бірінші оқылымда мақұлдады.
150 депутаттың 76-сы қолдап, 13-і қарсы болған, 61 депутат қалыс қалған.
Заң жобасы мақұлданған соң оппозицияның бірнеше мың жақтасы парламент ғимаратын қоршап алуға тырысқан. Ішкі істер министрлінің арнаулы бөлімі шеруге шыққандарға көзден жас ағызатын газ бен су атқылағандықтан парламент ғимаратының қақпасын жаба алмаған. Билікте отырған "Грузин арманы" партиясының депутаттары осы қақпа арқылы шығып кеткен.
t.me/azattyq
7 наурыздан бастап бейәдеп сөйлегендерге айыппұл төрт есе өсті
Қазақстанда көпшілік орында бейпіл сөз айтқан адамға салынатын айыппұл төрт есе көбейді. Енді азамат мұндай ұсақ бұзақылық жасады деп танылса, 69 мың теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді не 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Ресей Украинаға кезекті шабуылын Брянскідегі "теракт үшін есе қайтару" деп атады
Ресей қорғаныс министрлігі Украинаға кезекті зымыран шабуылын Брянск облысындағы "теракт үшін есе қайтару" деп атады. 9 наурыз күнгі орыс әскерінің шабуылы салдарынан Украинада кемінде алты бейбіт тұрғын опат болған.
Ресей қорғаныс министрлігі 9 наурыз күнгі хабарламасында Украинаның "маңызды әскери инфрақұрылым элементтерін ғана" атқылағанын айтқан.
Ресей ведомствосының айтуынша, соққы нәтижесінде "дрондар орналасқан орындар жойылған", шетел қару-жарағын тасымалдауға кедергі жасалған, бұған қоса, әскери техника жөндейтін және оқ-дәрі шығаратын кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де ресейлік ракеталардың "әскери мақсаты болмағанын" жазып, шабуылды "орыстардың жабайылығы" деп атады.
t.me/azattyq
Сотталған министр, күшейген жаза, халық талабына көнген Грузия билігі – 9 наурыз┃AzatNEWS
📌 Қаңтардан кейін қамауға алынған экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Оған тағылған айып өзгерген. Мұның себебі түсіндіріле ме?
📌 Қазақстан сенаты "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша жазаны қатайту туралы заң жобасын мақұлады. Бұдан былай жаза 3 жыл емес, 5 не 7 жыл.
📌 Грузияда халық наразылығы күшейіп, билік партиялары "шетел агенті" туралы заңды алып тастайтынын мәлімдеді. Оппозиция елді тағы көшеге шақырды. Неге?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Жезқазған қаласында 9 наурызда "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының" шамамен 60 жұмысшысы бейбіт наразылық акциясына шықты.
Олар шамамен төрт сағат далада тұрып, жұмыс істеуден бас тартты. Наразылар қаржы мәселесін шешіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Жұмысшылар басшылықтың "құрғақ уәдесінен" шаршағанын айтады.
Наразылық акциясында полиция мен қала әкімдігінің өкілдері де болған. Олар жұмысшылардың бастама тобы өкілдерін ғимаратқа кіріп, мәселені талқылауға шақырған. Бастама топ өкілдері ішке кірсе де ондаған адам көшеде қалған. Наразылар тек түстен кейін ғана жұмыстарына оралған. Дегенмен наразылар компанияның бас директорымен кездесуді күтетінін айтқан.
t.me/azattyq
АҚШ қаржы министрлігі ресейлік "Сбердің" Қазақстандағы бұрынғы еншілес мекемесі Bereke Bank-ті санкция тізімінен алып тастады.
Бұл жөнінде ақпарат 8 наурызда ведомство сайтында жарияланды.
АҚШ қаржы министрлігі былтыр қыркүйек айында Қазақстандағы осы банктің иесі – "Бәйтерек" холдингісінен мекемені санкция тізімінен алып тастау туралы өтініш қабылдаған. АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, Bereke Bank сонымен бірге санкция салынған әрекетпен айналыспайтынын және қажет жағдайда АҚШ конгресіне тиісті ақпарат беретінін айтқан.
t.me/azattyq
Түркістан облысы прокуроры Марат Әлиханов жұмыс кабинетінде жүрегі ұстап, қайтыс болған.
Бұл ақпаратты бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсебайұлы растады.
Оның Азаттыққа айтуынша, оқиға 9 наурызда түске дейін болған. Прокурордың кабинетінде өзге де адамдар болған. Бірақ баспасөз хатшысы кімдер болғанын нақтыламады.
– Марат Тілеуқабылұлы мезгілсіз дүниеден өтті. Нақты неден көз жұмғанын сараптама анықтайды. Жұмыс істеп отырған кезде жүрегі ұстап қалған сияқты. Қасында кісілер болған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, ол кісі сол жерде дүниеден өтіп кетті. Аяқ астынан болған ғой. Ешкім олай болады деп ойлаған жоқ, – деді Дархан Дүйсебайұлы.
Әзірге Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі жауап бермеді.
t.me/azattyq
Шымкент қаласында қаңтардан бері 625 адам газдан уланып, 16-сы қайтыс болған.
Мұндай мәліметті Азаттыққа "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының Шымкент қаласы өкілдігі хабарлады.
Бір күн бұрын мұнда Достық ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің моншасынан 59 жастағы екі адамның денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланған.
t.me/azattyq
🇬🇪Грузия астанасы Тбилисиде бірнеше күнге созылған наразылықтан кейін билікшіл партиялар парламенттен "шетел агенті туралы" даулы заң жобаларын алып тастады.
Бұл жөнінде Азаттықтың Грузин қызметі хабарлады. Аталған құжаттарды 7 наурызда парламент бірінші оқылымда мақұлдаған еді.
Осылайша билік демонстранттардың талаптарын орындады. 7-8 наурызда мыңдаған адам парламент маңына жиналып, даулы құжатқа қарсылық білдірген еді. Полиция оларды тарату үшін жас ағызатын газ, су шашқан. Демонстранттар күштік құрылымдарға тас лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеп, баррикада құрған.
t.me/azattyq
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей әскері жақын күндері Бахмутты басып алуы мүмкін деп мәлімдеді.
Ол бұл туралы Стокгольмде өткен Еуроодақ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуінде айтты.
"Ресей өзіне жетіспеген сапаны сан арқылы алмастыруға тырысып жатыр. Олар орасан шығынға ұшырады.... Бұл Ресейдің күшін тым төмендетіп көрсетуге болмайды дегенді көрсетеді. Украинаны қолдай беруіміз қажет" деді Столтенберг.
t.me/azattyq
"Көшпенділер киімі ғой деп таңғалса деймін". Жаңа буын дизайнерлері ұлттық нақышты жандандырып жүр
Орталық Азия елдерінің азаматтары арасында өзін идентификациялау мен түп-тамырын тануға деген талпыныс күшейіп келеді. Ресейдің Украинаға басқыншылығы бұл процесті жеделдете түсті: қазақстандықтар түркі мәдениетіне, ана тілі мен отандық өнімдерге көбірек көңіл аудара бастады. Бұл сән индустриясына да әсер етпей қоймады. Дизайнерлердің жаңа буынының жұмысында көшпенділердің дәстүрлі мотивтері жиі кездесіп жүр.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Қытайдың Шыңжаң аймағында абақтыда отырған дін зерттеушісі Бақытхан Мырзан 61 жасында қаза болды
Бұл туралы Азаттық оның туыстарына сілтеме жасап хабарлады.
Мырзанның қаза болғанын тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" қозғалысының белсендісі Серікжан Біләш те Twitter'де жазды.
t.me/azattyq
Халықаралық әйелдер күні Алматыда әйел құқықтарын қорғауды талап еткен митинг өтті. Шараға жүздеген адам қатысты.
Жиынға қатысқан жұрт елде әйелдерге зорлық-зомбылық көп жасалатынын, билік те, қоғам да әйел проблемаларына салғырт қарайтынын айтты. Олар заң талаптары мен қоғам көзқарасын өзгертуді, соның ішінде жоғары лауазымды қызметтерге әйелдерді көп тағайындауды талап етті.
Қарымта қайтаратын қыздар. Қазақстан әйелдері өз-өзін қорғауды қалай және кімнен үйреніп жүр?
Әйелдерге өз-өзін қорғауды үйрететін тегін курстар Қазақстанда сирек кездеседі. Әйелдер өзін қорғауды негізінен бокс, дзюдо, самбо, джиу-джитсу, грепплинг, каратэ немесе тхэквондо арқылы үйренеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
"Слава Украине" деген соң бірден атып өлтірілген тұтқын украин жауынгері Тимофей Шадура болуы мүмкін.
Бұл ақпаратты князь Константин Острожский атындағы 30-механикаландырылған жеке бригада хабарлады. Шадура сол бөлімде қызмет еткен.
Бригаданың хабарына қарағанда, 41 жастағы Шадура биыл 3 ақпанда Бахмут ауданындағы ұрыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оның денесі Ресей басып алған жерде жатыр. Оның кім екені мәйітті алып, сараптама жасалған соң түпкілікті анықталады.
t.me/azattyq
Құқық қорғаушының жеңісі, Жоғарғы сотта жеңілген кандидат – 7 наурыз | AzatNEWS
📌 Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ билігінің "Батыл әйел" сыйлығын иеленді. Ол бұл марапатты алған үшінші қазақ. Сыйлық ертең Вашингтонда табысталады.
📌 "Декларациясында сәйкессіздік бар" деген себеппен өзін-өзі ұсынған кандидат Санавар Закирова сайлаудан шеттетілді. Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат басталып кеткен соң кандидатты шеттету бойынша қайшылықты болашақта парламент қарайды деп ойлайды.
📌 Жапония ғарышқа ұшырған зымыраннан ақау шығып, әуеде жойылды. Ал Түркияда президент сайлауына оппозиция ортақ кандидат ұсынды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq