Өзбекстан конституциясына енетін өзгерістердің ақырғы нұсқасы президент Мирзияевқа таныстырылды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 наурызда заң шығарушы Олий Мажлис депутаттарымен, сенаторлармен және Жоғарғы сот басшылығымен кездесіп, ел конституциясына енгізілетін өзгерістерге байланысты кеңесті.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, депутаттар қоғамнан түскен 200 мыңнан астам ұсынысты қарап, халықаралық тәжірибені де ескерген.
Соның нәтижесінде Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңның ақырғы нұсқасы әзірленген.
t.me/azattyq
2022 жылы Еуропа одағы Украинаға басып кіргені үшін Ресейге экспортының үштен екісін қысқартты. Еуропа одағының экспорты 2012 жылдан бері дәл бұлай азаймаған. Мұны Еуростат мәліметтері көрсетіп отыр.
Еуропа одағынан Ресейге экспортталған тауардың жалпы бағасы алдыңғы жылмен салыстарғана 38 пайыз азайып, 55,2 миллиард теңге болған. Құрал-жабдықтар мен көлік құралдары 59 пайыз, өзге де өндірістік тауарлар 39 пайыз құлдыраған. Ресей Орталық банкінің мәліметіне қарағанда, бұл - Ресей бизнесіне айтарлықтай соққы болған. Тамақ пен сусындар экспорты бұрынғы деңгейде қалған.
t.me/azattyq
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен серіктері «Ақжол» партиясынан қалай айырылды?
2002 жылы конструктивті оппозиция ретінде пайда болған «Ақ жол» партиясы көп ұзамай екіге жарылды. Партия ішіндегі тартыста Әлихан Бәйменов «Ақ жолды» өзіне алып қалды. Билік оны тез арада қайта тіркеп берді. Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілев, Ораз Жандосовтар құрған «Нағыз Ақ жол» партиясын тіркемей қойды. Кейін Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметке оралды да «Ақ жол» партиясының төрағалығын «Азаматтық партияны» «Отан» партиясына қоса салған Азат Перуашевқа ұстатып кетті.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Бішкек соты қырғыз Азаттығының шағымын қанағаттандырмады
"Азаттык Медиа" тілшісінің хабарына қарағанда, сот процесінда Қырғызстан ақпарат министрлігі "Настоящее время" жасаған видеосюжетте екі тараптың да пікірі қамтылғанын мойындаған, бірақ онда тәжік тарапының пікірі басым болған деп есептейтінін айтқан.
t.me/azattyq
Алты оппозициялық партиядан құрылған "Халықтық альянс" атынан ортақ кандидат ретінде Кемал Кылычдароглу президент сайлауына түсетін болды.
74 жастағы саясаткер – кезінде Түркия президенті Мұстафа Кемал негізін қалаған Халықтық-республикалық партияның қазіргі төрағасы.
t.me/azattyq
Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ мемлекеттік хатшысының «Батыл әйел» халықаралық сыйлығын иеленді.
17 жыл қатарынан бұл сыйлық өз өмірін қауіпке тіге отырып, адам құқығын қорғаумен айналысқан әйелдерге беріліп келеді. Биыл марапаттау рәсімі алғаш рет Ақ үйде өтпек. Оған Төреғожинадан бөлек, әлемнің өзге елдерінен 10 әйел іріктелген.
"Кәсіби жолында Төреғожина азаптау, зорлық-зомбылық және саяси қудалау құрбандарының мәселесін қозғауда белсенді болды" деп жазды мемлекеттік департамент. "Осы жұмысты атқарғаны үшін қорқытып-үркітуге және харассментке душар болды. Оның ондаған жылға ұласқан еңбегі құқық қорғаушылардың үкіметтерге жауапкершілік жүктеуде, адам құқықтары мен бостандықтарын нығайтуда зор рөл атқаратынын дәлелдеп отыр".
t.me/azattyq
Минск соты Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановскаяны сырттай 15 жыл бостандығынан айыру жазасына кесті
Бұған қоса оған 11,7 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде Азаттықтың Беларусь қызметі хабарлады.
Беларусь оппозициясы құрған Үйлестіру кеңесіне қатысты сот ісі аясында осы елдің бұрынғы мәдениет министрі Павел Латушко 18 жылға, тағы үш айыпкер – Мария Мороз, Ольга Ковалькова және Сергей Дылевский 12 жылға колонияға кесілді. Тихановкая сияқты олар да шетелде тұрып жатыр.
t.me/azattyq
Татарстан депутаттары өз елінің конституциясынан "егемендік" деген сөзді алып тастады
Татарстан мемлекеттік кеңесінің депутаттары республиканың мемлекеттік рәміздері туралы заңға түзету енгізуге кірісті.
Мемлекеттік кеңестің вице-спикері Юрий Камалтынов пен мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі парламенттік комитет төрағасы Альберт Хабибуллин (екеуі де – "Единая Россия" партиясының мүшесі) "Татарстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңның преамбуласынан республиканың егемендігі туралы сөзді алып тастап, орнына "республиканың мемлекеттігі" деп жазуды ұсынған. Бұл туралы Азаттықтың Татар қызметі хабарлады.
t.me/azattyq
Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзі басқаратын өңірде үш зымыран атып түсірілгенін хабарлады
Оның мәліметіне қарағанда, дүйсенбі күні Новый Оскол қаласында әуе қорғанысы жүйесі дабыл қаққан. "Бір адам қолынан жараланды" дейді Гладков телеграм-арнасында.
Губернатордың сөзінше, Новый Оскол округіндегі бірнеше селоның электр желілеріне зақым келген.
t.me/azattyq
Эстония парламенті сайлауында премьер-министр Каи Калластың оңшыл-центристік Реформалар партиясы жеңді
Бюллетеньнің 90 пайызын санағанда, ол сайлаушылардың 30 пайызының дауысын алып, бәсекелестерінен алға шыққаны белгілі болған. Бұл партия парламенттегі 101 орынның 38-ін алады. Қазір 34 орын алып отыр.
Реформалар партиясының алға шыққаны интернет-дауыс беру бюллетеньдерін санау барысында көрінген. Бұл есеп шыққанға дейін оңшыл популистік Эстония консервативтік халықтық партиясы (EKRE) алда тұрған.
t.me/azattyq
"Артық салмақ, семіздік". Қазақстанда балалар не ішіп-жеп жүр және бұған мемлекеттің қандай қатысы бар?
Кейінгі зерттеудің нәтижесіне қарағанда, Қазақстандағы мектеп оқушыларының алты пайызы семіздікке шалдыққан, әрбір бесінші баланың артық салмағы бар. Азаттық осы мәселені зерттеген маманмен сөйлесіп, қазақстандық балалар мен ересектер не ішіп-жеп жүргенін анықтап көрді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Шольц: Путин жеңіске жете алмайтынын түсінуге тиіс
Бұл сөзді Германия канцлері Олаф Шольц CNN телекомпаниясына берген сұқбатында айтты.
"Менің ойымша, Путин империалистік агрессиясымен табысқа жете алмайтынын, әскерін алып кетуге міндетті екенін түсінуге тиіс. Сонда ғана келіссөзге қадам жасалады", – деді ол. Шольц мұның алдында Вашингтонға барып, АҚШ президенті Джо Байденмен сөйлесіп келген еді. Олардың кездесуі жабық жағдайда өткен, алайды Украинаға көмек мәселесі талқыланғаны мәлім болған.
t.me/azattyq
БҰҰ-ға мүше 200-ге жуық мемлекет 4 наурызда кешке мұхитты қорғау туралы келісімді мақұлдады
Келісімге сәйкес, 2030 жылға қарай әлемдегі мұхит және ашық теңіздің шамамен 30 пайызы қорғалатын акватория қатарына енеді. Бұл теңіз флорасы мен фаунасын қорғап, оны қалпына келтіруге көмектеседі.
Келісімнің басты пәні - мемлекет шекараларынан тыс жатқан мұхит пен ашық теңіз. Құжатты әзірлеу кезеңі шамамен 20 жылға созылды. Елдер балық аулау квотасына байланысты ұзақ уақыт бір-бірімен келісімге келе алмаған еді. Енді келісімнің мәтіні қайта қаралмайды, келісімді ратификациялау сияқты қағаз жұмыстары ғана қалды.
t.me/azattyq
Немістің Rheinmetall концерні Киевпен Украинада танк зауытын ашу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Бұл жөнінде компания басшысы Армин Паппергер Rheinische Post басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Кәсіпкердің айтуынша, зауыт құрылысына шамамен 200 млн еуро кетеді және оны әуе шабуылынан қорғайтын жүйелермен қорғауға болады. Паппергердің сөзіне қарағанда, зауыт жылына Пантера KF51 типтес 400-ге дейін танк шығара алады.
t.me/azattyq
Ақтөбе облысы: Шалқарда оқушы айдаған көлік жол апатына ұшырап, бір бала қаза болды
Тағы бір оқушы қыз хәл үстінде жатыр. Оқиға 4 наурыз күні кешкі ондар шамасында Шалқар қаласында болған. Тас жолдан ауып кеткен көлікте Шалқардағы №8 мектептің 2007-2008 жылы туған бес оқушысы болған.
Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Еркебұлан Әбдіғалиевтің сөзінше, жол апатынан соң реанимацияға түскен 2007 жылғы қыз баланың жағдайы өте ауыр. Ашық ми жарақатын алған оқушы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
t.me/azattyq
Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмыстық іс ретінде қарауға тағы да шақырды.
7 наурызда жарық көрген мәлімдемесінде құқық қорғаушылар Қазақстан үкіметіне үндеу жасап, қазір парламентте түзетулер енгізіліп жатқан, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін қарастыратын заң жобасын қайта қарап, оны қылмыстық іс ретінде қарастыруға шақырды.
t.me/azattyq
6 наурызда "Байтақ" партиясының Астанадағы кеңсесінің шағын бөлігі өртенген. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, сағат 21.52-де Мәңгілік ел даңғылының бойындағы бизнес орталығында оргтехника мен 1,5 шаршы метр жер өртенген. Штаб қызметкерлері шұғыл шығарылған.
Бұл оқиға жөнінде партия жетекшісі Азаматхан Әміртай ресми мәлімдеме жасап, оны "саяси бәсеке күшейіп тұрғанда партия жұмысына кедергі жасау" деп бағалаған.
t.me/azattyq
Ресейдің Украинамен шектес Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартып, өздерін "ДХР-дің" шабуылдаушы бригадасына қосқанын, еш дайындықсыз алғы шепке жібергенін мәлімдеді.
Бұл жөнінде "Осторожно, новости" telegram-арнасы жазды.
Басылым мобилизацияланғандардың видеосын жариялап, редакцияға туыстары жібергенін айтты.
Мобилизацияланғандардың сөзінше, олардың бөлімдері Белгород облысының шекарадағы Шебекино қаласында болған. Ол жерден наурыздың басында "еш бұйрықсыз және түсіндірусіз" "ДХР-ға" апарған (Украинаның Донецк облысы).
"ДХР" әскери бөлімдері мобилизациямен келгендердің әскери билеттерін алып, өздерін ешбір барлаусыз, дайындықсыз, байланыс құралдарынсыз-ақ "деревняға шабуыл жасауға" жіберген. Мобилизацияланғандардың сөзінше, олардың бөлімдері қазірдің өзінде шығынға ұшыраған.
Олар бұйрықты орындаудан бас тартпайтынын, бірақ Ресей қарулы күштерінің құрамында болса ғана орындайтынын айтқан.
t.me/azattyq
«Путиннің құлдары». Грузияда «шетел агенті» туралы құжатқа қарсылық күшейді
6 наурызда Грузия парламенті алдында жүздеген белсенді қарсылық акциясын өткізді. «Шетел агентін тіркеу туралы» заң жобасы шетелден қаржыландырылатын барлық заңды және жеке тұлғаны арнайы тізімге енгізуді көздейді. Заң талаптарын орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынады не бес жылға дейін түрме жазасы беріледі.
t.me/azattyq
Желіде "Слава Украине!" деп ұрандатқан қарусыз тұтқынды ресейлік әскерилер өлтірген видео тараған соң, Киев бұл жайтты тергеуді бастады.
Дүйсенбіде Украина және Ресей телеграм-арналарында видео тарады. Онда Украина қарулы күштері формасына ұқсас әскери киім киген қарусыз ер адам орманды жерде темекі тартып бола, "Слава Украине!" дегені сол, оған автоматтан оқ жаудырылғаны көрінеді. Бұл видео қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Оқ атқандардың түрі көрінбейді, тек дауысы естіледі. Өлген адам тұтқынға өз еркімен берілген украин әскериі болуы мүмкін деген болжам бар.
Украина билігі бұл істі Халықаралық қылмыстық сот тергегенін талап етті.
t.me/azattyq
"Балаларды қазып алғанда, жүрегің қарс айырылады". Түркияға Қазақстаннан көмекке барған құтқарушының әңгімесі
Сейсмикалық қаупі жоғары аймақта тұрып, жер сілкінісінен зардап шеккен мемлекетке көмекке барған қиын ба? Азаттық бір ай бұрын зілзаладан зардап шеккен Түркияға көмектесуге Қазақстаннан барған құтқарушылар тобының мүшесі Серік Дәменмен сөйлесті.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Бахмутқа талас, санкция қаупі, журналистерге шабуыл - 6 наурыз | AzatNEWS
- Украинаның Бахмут қаласына талас жалғасып жатыр. Ресей әскері қаланы әне-міне аламыз деп отыр. Украина сарбаздары шегінбеуге бекінген.
- Америкалық Bloomberg агенттігі санкция тізіміндегі тауарлардың Қазақстаннан Ресейге тасымалы күрт көбейгенін жазды. Елдің сауда министрлігі ақпаратты жоққа шығармайды. Ал сарапшы мұның соңы жақсылыққа апармайтынын, Қазақстанның да санкцияға ілігу қаупі барын айтады.
- Қазақстан полициясы журналистерге шабуылға тапсырыс берушіні ұстағанын, ол кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Көлігі өртелген, қоқан-лоқы көрген журналистер "тапсырыс берушінің" артында да әлдебіреулер бар деп есептейді.
🔗 https://www.youtube.com/live/nvYP4-n5_PE?feature=share
Батыс Қазақстан облысында мәжіліс депутаттығына кандидат екі адам және мәслихат депутаттығына кандидат бір адам сайлаудан шығып қалды
Мұны жергілікті "Уральская неделья" басылымы хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы "табыс декларациясының талапқа сай келмейтіні" туралы мемлекеттік кірістер департаментінің хаты негізінде Алпамыс Камалов пен Нұрлан Қаринді мәжіліс депутаттығына кандидаттықтан алып тастау туралы шешім қабылдаған.
"КИТ-Холдинг" компаниясының директоры, мәжіліс депутаттығына кандидат Алпамыс Камаловты 12 жыл бұрын біреуге берген қарызына байланысты тіркеуден шығарған.
t.me/azattyq
Бүгін Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызының "ар-намысыма тиді" деген арызы бойынша мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың ісін қарауды бастады.
Сотқа Арман Шораев, БАҚ өкілдері және 40-қа жуық азаматтық белсенді келді. Шағымданушы, Қазақстан халық партиясының тізімімен мәжіліске ұсынылған Нұрия Балтабайқызы сотқа өзі келмей, адвокатын жіберген. Алайда сот басталмай тұрып, кейінге қалды.
t.me/azattyq
Саакашвили: Иванишвили Грузияны Путинге беріп жатыр
Грузияның бұрынғы президенті, "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен алты жылға соттталып, қамауда отырған Михаил Саакашвили немістің Bild басылымына сұхбат берді. Ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалуында "Ресей президенті Владимир Путин шешуші рөл атқарды" мәлімдеді.
Саакашвили өзінің "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы 2012 жылы сайлауда жеңіліп, биліктен айырылғанына Ресейдің астыртын жүргізген аса ауқамды арнаулы операциясы себеп болды дейді. "Олар сайлау алдындағы кампаниясы үшін Иванишвилиге (миллиардер, қазір Грузия билігіндегі "Грузин арманы" партиясының негізін қалаушы) екі миллиард доллар берді" деп есептейді.
t.me/azattyq
Жексенбі күні Әзербайжан әскері мен өз-өзін жариялаған Таулы Қарабақ республикасы полициясы арасындағы атыста екі тараптан да бірнеше адам өлген
Әзербайжандар мен армяндар бұл атыс туралы екі түрлі ақпарат таратып отыр.
Мойындалмаған республика билігі жексенбі күні Степанакертке (Ханкенді) таяу тұста әзербайжанның диверсия тобы жергілікті полиция көлігіне шабуыл жасап, үш полицейді өлтіріп, біреуін жаралады деп хабарлады.
t.me/azattyq
Bloomberg: Ресей Қазақстан, Түркия, және өзге елдердің көмегімен Еуропаның микрочиптерін сатып алып жатқан болуы мүмкін
Ресейге Азия елдерінен, оның ішінде Қытайдан да импортталатын тауар көлемі артқан.
Женевада шоғырланған Сауда мәліметтеріне мониторинг жүргізу халықаралық агентттігінің дерегінше, мысалы Қазақстан 2022 жылы Ресейге құны 3,7 млн доллар болатын микрочиптер мен жартылай өткізгіштер сатқан. 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 12 мың доллар болған.
t.me/azattyq
Путинге видеомәлімдеме жасаған полк Украинаның Авдеевка ауданында орасан шығынға ұшырады
Бұл жөнінде солдаттардың туыстарына сүйенген "Сибирь.Реалии" сайты хабарлады. Бұған дейін Путинге жолдаған видеомәлімдемесінде олар өздерін тиісті дәрежеде дайындықтан өткізбей, артиллерия және барлаумен қамтамасыз етпей соғысқа жібере салғанын айтқан.
Аталған 1439-полк негізінен Иркутск облысынан мобилизацияланғандардан құралған. Әскери қызметкерлер үш рет басшылыққа мәлімдеме жасаған. Олар өздерін "ДХР" атты славян бригадасының қарамағына жібергенін, ондағылар өздерін тиісті дәрежеде жабдықтармен қамтамасыз етпей, соғысқа жібере салғанын, ал барудан бас тартқандарды автоматпен атып жатқанын айтқан.
t.me/azattyq
Украина шығысындағы Бахмут қаласында қызу шайқас жүріп жатыр
Украина қарулы күштерінің айтуынша, орыс әскері қаланы қоршауға бар күшін салып жатыр. Қала билігі орыс әскері "жағдайды бақылап отырған жоқ" деп мәлімдеген.
"Қарсылас тарап Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка және Шахтер бағыты бойынша шабуылдарға бар күшін салып жатыр. Бахмут, Авдеевка, Марьинка және Угледар аумағындағы шабуылдары сәтсіз аяқталды" деп жазылған Украина қарулы күштерінің таратқан хабарламасында.
t.me/azattyq
Өзбек әншісі "ашық-шашық киінгені үшін" бір ай сахнаға шығу құқығынан айырылды
Өзбек әншісіне “ашық-шашық киінгені үшін” сахнаға шығуға тыйым салынды. Ел арасында Kaniza деген лақап атпен белгілі Шахризода Ахмедова мұндай шектеумен келіспей, Өзбекстанның музыка индустриясына бақылау жүргізумен айналысатын тұлғаларды "билігін асыра пайдаланып отыр" деп айыптады.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq