Украинаның Запорожье қаласында тұрғын үйге жасалған зымыран соққысынан қаза болғандар 11 адамға жетті
Бұл жөнінде Украина төтенше жағдай мемлекеттік қызметі хабарлады.
Қаза болғандар арасында бір бала бар. Бұған дейін бір отбасы сегіз айлық нәрестесімен бірге қаза болғаны хабарланған еді.
t.me/azattyq
Полиция "журналистерге шабуылды ұйымдастырған" күдіктіні ұстағанын хабарлады.
Полицияның айтуынша, күдіктінің аты-жөні – Аркадий Сергеевич (Маневич) Клебанов. Қазақстан азаматы. "Кінәсін мойындаған" күдікті сот санкциясымен "қамауға алынған".
Оған "Қоқан-лоқы", "Жеке өмірге қол сұғу", "Біреудің мүлкін жою", "Бұзақылық", "Журналистердің кәсіби қызметін атқаруға кедергі келтіру" баптары бойынша айып тағылған.
t.me/azattyq
Қазақстандық жазушы Марго Эрванд ресейлік баспагер Ресейде қабылданған "ЛГБТ туралы" заңды алға тартып, кітабын сатылымнан алып тастауға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Forbes.kz сайты жазды.
Марго Эрвандтың айтуынша, былтыр қарашада оған ресейлік баспагер хат жазып, Ресейде "ЛГБТ насихаты" туралы заңның қабылдануына байланысты өзінің кітаптарын тексеріп шығуды өтінген. Аталған заңды орындамағандарға 200 мың рубль (қазіргі доллар бағамы бойынша 1 млн 120 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Эрвандтың айтуынша, бірнеше күн бұрын тағы хат келіп, баспагер оның кітаптарының бірінен "тыйым салынған контент" тауып, оны қысқартуды немесе түзеуді я кітапты сатылымнан алып тастауды сұраған.
t.me/azattyq
Жапония бұрынғы деректерде айтылмаған 7 мыңнан астам арал жөнінде мәлімет алғанын хабарлады.
Барлығы Жапония аумағында орналасқан. Жапон мамандары оларды геодезия және картография саласында дамыған технологияның көмегімен тапқан. Бұрын олар тым алыс әрі көлемі шағын болғандықтан картаға түспей қалған.
t.me/azattyq
АҚШ Украинаға 400 млн доллар көлемінде әскери көмек береді. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
Пакетте дүркіндетіп ататын HIMARS және 155-мм және 105-мм калибрлі артиллериялық жүйеге арналған оқ-дәрі қарастырылған. Бұған қоса, АҚШ Киевке әскери көліктің шассилерін береді.
t.me/azattyq
Минск соты 3 наурызда беларус құқық қорғаушысы, бейбітшілікті нығайту саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкийді 10 жыл түрмеге кесті. Бұл жөнінде Азаттықтың Беларус қызметі хабарлады.
Беляцкиймен бірге оның әріптесі "Весна" құқық қорғау ұйымының өкілі Валентин Стефановичке де үкім оқылған. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Владимир Лабкович – 7 жылға бостандығынан айырылды, сырттай сотталған Дмитрий Соловьёвке 8 жыл түрме жазасы берілді.
t.me/azattyq
Путиннің жолдауын құлағына "лапша" іліп отырып тыңдаған депутат жауапқа тартылып жатыр
Путиннің федералдық жиынға жасаған жолдауын құлағына "лапша" іліп отырып тыңдап, сонысын видео ретінде жариялаған Самара облыстық думасының депутаты Михаил Абдалкиннің үстінен "армия беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс Новокуйбышевск қаласының сотына жіберілген. Іс 7 наурызда қаралады.
t.me/azattyq
Қытай компаниясы Екібастұз ГРЭС-2-тің үшінші блогын салуға "қызығушылық танытып отыр"
Қытайдың China Machinery Engineering Corporation (CMEC) компаниясы қазақстандық "Самұрық Қазынамен" Екібастұз ГРЭС-2 жылу электр станциясының екі энергоблогын салу мәселесін талқылап жатыр. Бұл жөнінде "Самұрық Қазынаның" стратегиялар және активті басқару бойынша атқару директоры Ернат Бердіғұлов "Курсив" басылымына хабарлаған.
Совет кезінде 8 энергоблогы болады деп жоспарланып салынған станцияда қазір 90-жылдары салынған екі энергоблок (№1 және №2) қана бар. Ал үшінші блокты салу мәселесі 1995 жылдан бері айтылып келеді, деп жазды жергілікті БАҚ.
t.me/azattyq
"Осы сұрақты Назарбаев пен Тоқаевқа қоярсыздар". Тәуелсіз кандидаттардың сайлауалды науқаны қалай өтіп жатыр?
Былтыр қантөгіспен аяқталған жаппай тәртіпсіздіктен кейін үлкен сақтықпен жүргізілген сайлау реформасы 19 наурызға белгіленген сайлауға саяси бәсеке қосқандай көрінген. Бірақ мәжіліс пен мәслихат депутаттығына бақ сынап жатқан оппозициялық кандидаттар көп кедергіге кезіккенін айтады.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Грузия парламентіндегі төбелес. Белсенділер "шетел агенті" туралы заң жобаларына қарсы шықты
Олар парламентте аталған заң жобаларға қатысты талқылау жүріп жатқан шақта заң шығарушыларды құжатты бекітпеуге көндіруге тырысты.
Бұл заң жобаларын үкіметшіл "Халық үні" фракциясы мен "Грузин арманы" билік партиясы ұсынған.
"Халық үні" лидерлерінің бірі Гурам Мачарашвили заң жобасы "америкалық тәжірибеден алынғанын" жеткізген. Атап айтқанда, 1938 жылы қабылданған FARA (The Foreign Agents Registration Act) құжатын атап өткен.
t.me/azattyq
Қарағандыда тағы бір белсендіге "ерте үгіт-насихат" жүргізгені үшін айыппұл салынды
2 наурызда Қарағанды әкімшілік соты мәжіліс депутаттығына үміткер 30 жастағы Теміртас Нағыметуллаевты "ерте үгіт-насихат жүргізгені үшін" кінәлі деп танып, 51 750 теңге (шамамен 120 доллар) көлемінде айыппұл салды. Сот онлайн өтті.
Прокуратураның хабарлауынша, Нағыметуллаев 17 ақпанда, яғни үгіт-насихат кезеңі басталмай тұрып, Facebook-парақшасында сайлауға қатысты екі жазба жариялаған. Дәлел ретінде прокурор екі скриншот көрсетті. Жазбаның бірінде Нағыметуллаевтың кандидат ретінде тіркелгені жөнінде айтылады. Белсенді мұны жоққа шығармайды, бірақ оны үгіт-насихат деп есептемейді. Екінші жазбаға белсенді күмән келтіреді, себебі ол ондай мазмұнда жазба жарияламаған, яғни халықты өзі үшін дауыс беруге шақырмаған.
t.me/azattyq
"Жақынымды кепілге тастап кеттім". Шыңжаңнан Қазақстанға оралғандар неге үнсіз қалады?
Шыңжаңда қамауда болып, қысым көргендердің көбі Қазақстанға келгеннен кейін үнсіз қалады. Көрген қорлығы мен шеккен азабын айтуға ықылассыз.
🔗Читайте тут
t.me/azattyq
«Популистік ұрандар». Сайлау қарсаңында партиялар пікір таластырды
2 наурызда мәжіліс пен мәслихат депутаттығынан үміті бар ресми тіркелген жеті саяси партия дебатқа түсті. Пікірсайысты мемлекеттік Qazaqstan TV арнасы ұйымдастырған. Дебат қалай өткенін, партиялар бір-бірін не деп сынағанын шолып шықтық.
t.me/azattyq
2 наурызда Қазақстан ішкі істер министрлігі "журналистерге шабуыл ұйымдастырған" күдіктінің "сыбайластары анықталды" деп мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, төртеуі де – шетел азаматы, олар "шабуылдарды ұйымдастырушы" О.Токаревке "көмектескен".
2 наурыз күнгі хабарламасында ІІМ Токарев "кінәсін мойындағанын" және "тергеуге көмектесуге келіскенін" хабарлады. Ведомство хабарламасында Токаревтің "сыбайласы" ретінде төрт адамның аты-жөні аталады: К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко және Я.Малышок. Қай елдің азаматтары екені айтылмайды.
t.me/azattyq
Ресей қорғаныс министрлігі Сергей Шойгу Украинаның әскери қимылдар болып жатқан аймағына барғанын хабарлады
Ақпаратқа қарағанда, қорғаныс министрі Оңтүстік Донецк бағытындағы "Шығыс" әскери тобының жағдайын тексерген.
Министрліктің хабарлауынша, Шойгу "алдыңғы пункт басқармасына" барып, жетекші генерал-лейтенант Рустам Мурадов пен өзге де командирлердің есебін тыңдап, марапаттап қайтқан.
t.me/azattyq
Украина билігі Орыс еріктілер корпусы Ресейдің Брянск облысы аумағына кіретінін білген.
Жуырда Украина жағынан Ресейдің Брянск облысына кірген Орыс еріктілер корпусының жетекшісі Financial Times берген сұхбатында Украина билігінің ол жөнінде білгенін айтты.
Топ жетекшісі Денис Никитиннің айтуынша, күшейтілген шараларға қарамастан Ресейдің Брянск облысындағы қорғанысы өте нашар болып шыққан.
"Ең бастысы ресейліктерге қапаста отырып, өзгенің бұйрығын орындап, біреудің соғысына қатысуға келісуге болмайтынын ескерту керек болды. Кремльдегі басқыншыларды биліктен кетіргісі келетіндердің бәрін қолдаймыз" деді Никитин Financial Times басылымына.
t.me/azattyq
Былтыр Қарақалпақстандағы оқиғадан соң Қазақстанның батысында қамалған қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашеваға берілген пана іздеуші куәліктің мерзімі ұзартылды.
Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қамауда отырған қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашеваға былтыр желтоқсанда берілген "Қазақстаннан пана іздеуші куәлігінің" мерзімін тағы үш айға ұзартты. Бүл туралы шешім кеше 3 наурыз күні қабылданған. Юлдашеваға берілген куәлік 2023 жылғы 3 маусымға дейін жарамды.
t.me/azattyq
Вашингтонның аймақтағы мантрасы, "Орталық Азиядан экономикалық көмек алуға ұмтылған" Ресей
Батыс басылымдары бұл аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Орталық Азияға не үшін келіп кетті, бұл дәстүрлі түрде Ресейдің ықпалы үстем саналатын Мәскеуге бағытталған соққы ма деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар елдегі сайлауалды науқанын талдап, «шынайы оппозициялық партиялар парламент сайлауынан шет қалғанын» жазды. Одан бөлек Қазақстанның Германияға мұнай экспорттауынан Ресей қалай ұтады дегенге үңілді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Кедейлік пен банкрот, журналистерге шабуыл, Украинадағы ахуал - 3 наурыз┃AzatNEWS
📌 Қазақстанда адамдардың қарызын кешіруге мүмкіндік беретін банкроттық туралы заң күшіне енді. Несиесін төлей алмай жүргендер не істеуі керек?
📌 Журналистерге шабуыл жасап, "президентті дискредитациялауға" тапсырыс берген кім? Ішкі істер министрлігі үйлестіруші мен орындаушыларды ұстаса да олардың артында тұрғандарды неге атамайды?
📌 "Вагнер" жалдамалы жасағы Украинаның Бахмут қаласын түгелдей дерлік қоршауға алғанын мәлімдеді. Ал Үндістанда АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Ресей сыртқы істер министрі не туралы сөйлесті?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Грузия парламентіндегі төбелес. Белсенділер "шетел агенті" туралы заң жобаларына қарсы шықты
t.me/azattyq
ОСК бас прокуратураға "қай кандидатты жауапқа тартуға" келісім бергенін айтты
Бір күн бұрын ҚазТАГ агенттігі ОСК-ға бас прокуратурадан мәжіліс депутаттығына үміткерді жауапқа тарту туралы ұсыныс түскенін, ОСК келісім бергенін хабарлаған. Алайда хабарламада кандидаттың аты-жөні жазылмаған еді.
3 наурызда Азаттыққа осы хабар жөнінде түсініктеме берген ОСК-ның талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Әшім Бердібеков мәселе "Алматы қаласының N5 аумағынан мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Олжас Серікбайұлы Сүлейменов" жөнінде болып отырғанын айтты.
t.me/azattyq
Өзбекстанда жол полициясы туралы сатиралық видео жариялаған екі вайнер 15 күнге қамалды
Бұл жөнінде өзбек ақпарат құралдары хабарлады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі жігіт жүргізушінің полиция қызметкеріне пара беріп тұрғанын сомдаған. Кей ақпаратқа қарағанда, бейнеролик ақпанның аяғында Қашқадария облысының Шахрисабз қаласында түсірілген. Кейбір сайттар видео қаңтарда түсірілген деп жазды.
Өзбекстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, екі жігіт "әрекеттеріне өкінген". Интернетте біреуінің "өкініш білдірген" видеосы да жарияланды. Сот оларды "ұсақ бұзақылық жасағаны үшін" және "полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін" кінәлі деп танып, қамаған.
t.me/azattyq
Ақ үй киберқауіпсіздікке қатысты жаңа ұлттық стратегиясын жариялады
Құжатта жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелерге, бизнеске цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін міндеттер мен шешімдер көрсетілген. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды.
Байден әкімшілігі хакерлерден қорғанатын нормативтік актілерді қабылдау қажеттігін алға тартады.
Киберқауіпсіздікке жауапкершілікті тұтынушыларға емес, мемлекеттік және жеке компанияларға жүктеу керек дейді Ақ үйдегілер.
t.me/azattyq
3 наурызда құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постысынан өлі күйінде табылды
Бұл жөнінде жұма күні қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу басталған, оқиға себебі анықталып жатыр деп хабарлады министрлік.
"Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді" деп жазылған хабарламада.
Ведомство өзге ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайтынын хабарлады. Қаза болған курсанттың аты-жөні, қайдан екені айтылмайды.
t.me/azattyq
Ресейдің Ульяновск қаласындағы "Авиастар" ұшақ құрастыру зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, бес адам жараланды
Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, Ил-76МД әскери-көлік ұшағының корпусын тексеру кезінде жарылыс болған.
Біріккен авиақұрылыс корпорациясының хабарлауынша, құрастыру кезеңдерінің бірінде ұшақ корпусы тексеріледі, ол үшін іші инертті газбен толтырылып, қысым жасалады. 2 наурызда осындай жұмыс кезінде фюзеляжда (ұшақ корпусы) саңылау пайда болған. "Улпресса" басылымының жазуынша, корпустың бітеуіштері ұшып кеткен.
t.me/azattyq
Үндістандағы жиында Блинкен мен Лавров он минут сөйлесті
АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөзге сілтеген Reuters және New York Times осылай хабарлады. Кездесу болатыны жайлы күні бұрын айтылмаған.
АҚШ өкілінің айтуынша, кездесуде Блинкен үш мәселені сөз еткен: ол АҚШ Украинаны қолдай беретінін айтқан және Ресейді стратегиялық шабуылдаушы қаруларды шектеу келісімін сақтауға шақырған және Ресей колониясында жатқан америкалық Пол Уиланды босатуды өтінген.
Лавров не айтқаны туралы ақпарат жоқ.
t.me/azattyq
Айкөркемнің өліміне байланысты "қылмыстық іс біржақты тергелген, көлікке бес адам оқ жаудырса да, бір адам ғана күдікті танылған, қалғаны куәгер ретінде тергеліп, жазадан құтылып кетпекші".
2 қазанда Алматыда баспасөз жиыны кезінде жәбірленуші жақ осылай деп мәлімдеді.
– Олар [әскери қызметкерлер – ред.] куәгер ретінде танылған. Рота командирін кінәлі деп тауып, оны "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша жауапқа тартып жатыр. Бұл бапта 5-7 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы қарастырылған. Ал бала өлімі бойынша бап 20 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасын ұсынады. Яғни, адам өлтірушілер тиісті жазасын алмас үшін оларды "Адам өлтіру" бабынан "Билік өкілетін асыра пайдалану" бабына ауыстырып отыр, – деді 2 наурыз күнгі баспасөз жиын кезінде адвокат Рафик Бейсенбеков.
t.me/azattyq
Министрлікпен соттасу, партиялар дебаты, Ресейдегі «диверсия» – 2 наурыз | AzatNEWS
📌 "Алаш Орда" атты партия құруға талпынған бастамашыл топ тіркеуге рұқсат бермеген әділет министрлігін сотқа берді. Олар іске президент пен бас прокурорды да шақыруды талап етті.
📌 Билікшіл 7 партия сайлауалды теледебат өткізді. Пікірсайыста партиялар адам құқығы, сөз бостандығы, демократия мәселелеріне тоқталмады және Қаңтар оқиғасы мен оның тергелуі, оқ тиіп қаза тапқандар туралы ештеңе айтпады.
📌 Ресей ақпарат құралдары ел аумағына диверсанттар өткенін мәлімдеп, оны террористік шабуыл деп жазып жатыр. Киев мұны "арандату" деп бағалады.
КӨРУ
t.me/azattyq
2 наурызға қараған түні Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына зымыранмен соққы жасап, бесқабатты тұрғын үйді қиратты
Бұл жөнінде Запорожье қалалық кеңесінің хатшысы Анатолий Куртев хабарлады. Украина полициясының хабарлауынша, үш адам опат болған, алты адам жараланған.
Әзірге толық емес мәлімет бойынша, Запорожье қаласына зениттік С-300 зымыран жүйесімен соққы жасалған. Біреуі бесқабатты тұрғын үйге келіп түскен, ғимараттың бір подъезі (10 пәтер) тұтас қираған. Үйінді астынан 11 адам құтқарылған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
t.me/azattyq