Бішкекте тергеу абақтысында отырған украин азаматы Владимир Кадария Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа ашық хат жолдады
Бұл жөнінде оның адвокаты Автандил Әлімжанов хабарлады.
Ашық хатында ол бұрын Беларусьте Андрей Ковалев деген аты-жөнмен тұрғанын, билік қуғындағаннан кейін, ол жақтан қашып, 2017 жылы Украинадан әуелі – босқын мәртебесін, біраз жылдан соң азаматтығын алып, аты-жөнін Владимир Кадария деп өзгерткенін мәлімдеген.
Оның жазуынша, Қырғызстан бас прокуратурасы Беларусьтің оны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған. Беларусь билігі оған "компьютерлік мәліметті модификациялау жолымен мүлік ұрлаған" деген айып таққанын хабарлаған.
t.me/azattyq
"Алаш Орда" партиясын құру бастамасының соты: Судья процеске Тоқаевты шақырудан бас тартты
2 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында "Алаш Орда" партиясын құру бастама топ өкілдерінің әділет министрлігі үстінен түсірген шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Оған бастама топтың заңгері Әлібек Алмабаев және әділет министрлігінің өкілі Сұлтан Байдүйсен қатысты. Істі судья Қайрат Смағұлов қарап жатыр. Бейсенбі күні сот бастама тобының президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мүдделі тұлға ретінде іске тарту туралы өтінішін қабылдамады.
Ақпан айының басында тіркелмеген "Алашорда" партиясы саяси ұйымды тіркету туралы әділет министрлігіне оныншы рет өтініш түсіріп, өтініштері кері қайтарылған еді. Бастама топ өкілдері бұл шешіммен келіспейді.
t.me/azattyq
Блинкен Нөкістегі қантөгісті зерттеу маңызды екенін айтты
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 1 наурызда Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен және елдің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиер Саидовпен кездесті.
Кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Блинкен былтыр шілдеде Қарақалпақстанда болған қанды оқиғада адам құқықтарының бұзылуына қатысты мәліметтерді жіті тексеру керек деді.
t.me/azattyq
АҚШ-тың федерациялық зерттеулер бюросының (ФБР) директоры Кристофер Рэй Fox News телеарнасына берген сұхбатында COVID-19 "Қытай зертханасынан тараған деген болжамға көбірек жақын" келетінін жеткізді
Апта басында АҚШ-тың энергетика министрлігі де коронавирус Қытай зертханасынан шықты деген қорытынды жасаған.
The Wall Street Journal басылымы бұл екі мекеменің ұстанымы дәл келуіне қарамастан, олар мұндай гипотезаға түрлі себеппен келгенін түсіндірді.
t.me/azattyq
Вице-министр: "Бәйтерек" қазақ-орыс бірлескен кәсіпорнына санкция қаупі жоқ
Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының жаңа 10 пакетіне енген Ресейдің мемлекеттік ғарыш зерттеу орталығы "Бәйтеректің" акцияларының 2 пайызына ғана иелік етеді. Қалған 98% Қазақстанның қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі.
"Құрылтай келісіміне сәйкес, компания акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді", - деді Олжабеков.
t.me/azattyq
Бұған дейін Қазақстанда тұрып келген, бірнеше күн бұрын Моңғолияға барып, елге кіре алмаған қалмақиялық белсенді Батыр Боромангнаев АҚШ-қа ұшып кетті
Бұл жөнінде #1ROOT және #NoWar қозғалыстарына сүйенген Мiddleasiannews.com сайты хабарлады. 1 наурызда Моңғолияның экс-президенті Twitter парақшасында "Қош бол, қаһарман!" деп жазып, белсендінің кетіп бара жатқан видеосын жариялады.
Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, қалмақиялық оппозиция белсендісі Батыр Боромангнаев 23 ақпанда Қазақстаннан Моңғолияға ұшып барған. Бірақ ол жақта оны Моңғолияға кіргізбеген, белсенді Улан-Батор қаласы әуежайында бірнеше күн қонуға мәжбүр болған.
t.me/azattyq
Грекияда жолаушылар жүрдек пойызы жүк пойызымен соқтығысып, кемінде 32 адам опат болды, 85 адам жарақаттанған
Апат 28 ақпанда түнде Лариса қаласы маңында болған. Афины – Салоники бағыты бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының жүк көлігімен бір жолда қарама-қарсы қозғалу себебі әзірше белгісіз. Жолаушылар пойызына 350 адам мінген.
t.me/azattyq
АҚШ санкциялардың кесірі тимеуі үшін Қазақстанға көмектесіп отыр ма?
Қазақстанға ресми сапармен келіп, Орталық Азия елдеріні сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен журналистердің Украина дағдарысы туралы сұрағына жауап берді. Ол Батыс салған санкциялардың Қазақстанға зияны тимеуі үшін қандай мүмкіндік жасалғанын айтты.
t.me/azattyq
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Қосай Маханбаевтың қалалық мәслихатқа кандидаттығын тоқтату туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп таныды
28 ақпанда оқылған шешімге сәйкес, сот Маханбаевтың шағымын жартылай қанағаттандырған.
"Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Қосай Маханбаевқа қатысты қабылдаған хаттамасы заңсыз деп танылып, оның күшін жою туралы өтініш қанағаттандырылсын… Ал хаттамада кеткен қатені түзеп, Маханбаевты Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат деп тіркеуді міндеттеу туралы өтініш қанағаттандырылмасын" деп жазылған шешімде.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
t.me/azattyq
Мәжілістің бұрынғы депутаты Самиғолла Оразов Азаттыққа “шетелде демалыста жүргенін” айтып, сұрақтарға жауап бермеді. WhatsApp желісі арқылы жіберген сұрақтарға да жауап бермеді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оның ұлы 45 жастағы Бауыржан Оразов Украинада ресейліктер жағында соғысып жүрген болуы мүмкін екені жөнінде хабар тараған. Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың айтуынша, Бауыржан Оразов бұрын Батыс Қазақстан облысы полициясының есірткі бизнесімен күрес бөлімінде істеген. Оны суреттен бұрынғы әріптестері таныған.
“Ресейлік әскери қызметкердің формасын киген экс-депутаттың ұлын суреттен таныған бұрынғы әріптестерінің сөзінше, ол бірнеше жыл бұрын қазақстандық полициядан қызметтен кетіп, Ресейге көшіп кеткен” деп жазды Ахмедияров Инстаграмда.
Украина қарулы күштеріндегі қызметкерлер де Ахмедияровқа Оразов орыстар жағында соғысып жүргенге ұқсайды, оны орыс әскеріне тән жарақтары мен автоматының оқшантайынан аңғаруға болады деген.
Санкция, жер тұтастығы және киіз үй үшін алғыс. Блинкеннің Астана сапарында не айтылды?
28 ақпанда Қазақстанға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Украинаға соғысы және Мәскеуге салынған санкциялардың әсері туралы көп айтты. Қазақстан президентімен, сыртқы істер министрімен жүздесіп, Орталық Азия елдерімен бірлескен С5+1 дипломатиялық саммитіне қатысқан Блинкен "Украинаны қорғау – басқа елдердің де тәуелсіздігін қорғау" екенін ескертті.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Тілеуберді Блинкенге: Ресейден қауіп көріп тұрған жоқпыз, бірақ оның санкциядан жалтару мүмкіндігінен аулақ болуға тырысамыз
"Қазіргі кезде ресейлік тараптан қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз. Қазақстан Ресеймен шектесетін немесе осы аймақтағы өзге елдермен бірге Еуразия экономика одағына, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға, ТМД-ға мүше. Сондықтан осындай көпжақты құрылымдар аясында Ресеймен альянс ретінде қатынастамыз" деді журналистердің сұрағына жауап берген Тілеуберді. Оған "Украинада болып жатқан соғысқа байланысты экономика ғана емес, қауіпсіздік жағынан қандай да бір қауіп-қатерді сезінесіз бе?" деген сұрақ қойылған еді.
Бұл сұраққа жауап бермей тұрып, Қазақстан сыртқы істер министрі "Қазақстанның Ресеймен және Украинамен тарихи тамыры бар" деп мәлімдеген еді. Ол "жағдай тұтас біз үшін, экономикамыз үшін ауыр және санкцияның қандай да бір салдарынан аулақ болуға тырысып жатырмыз" деді.
"Біз сонымен бірге ресейлік немесе қандай да бір шетелдік компаниялардың санкцияны айналып өту мүмкіндіктерінен аулақ болуға тырысамыз" деді Тілеуберді.
t.me/azattyq
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келді - 28 ақпан | AzatNEWS
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпан күні Астанаға келді. Бұл - Джо Байден әкімшілігіндегі лауазымы жоғары адамның Қазақстанға алғашқы сапары. Блинкен президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен. Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін АҚШ-қа ризашылық білдірген. Мемлекеттік хатшы Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың сыртқы істер министрлері бас қосқан С5+1 саммитке қатысты. Саммите сауда-саттық, экономикалық қарым-қатынастан бөлек басқа не талқыланды? Орталық Азиядағы адам құқығы, Украина мен Ресейдің соғысы жөнінде айтылды ма? Блинкен сапарының мәні не? АzatNEWS осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Алматы қаласының №7 округтік сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ілияс Юсупжановты декларацияда интеллект меншігі ретінде кітаптарын көрсетпегені үшін сайлаудан шығарып тастаған, – деп хабарлайды "Власть" басылымы.
Басылымның жазуына қарағанда, Юсупжанов мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген соң, оны мемлекеттік кірістер департаменті шақырып, декларацияда кітаптарын не себептен көрсетпегенін сұраған. Бірнеше күннен кейін оған кандидатурасы сайлаудан алып тасталғаны хабарланған.
t.me/azattyq
Аниме арқылы қазақ тілін әйгілеу
Алматыда бір топ жас жапон анимесін қазақ тіліне дубляждаумен айналысып жүр. Олар «қазақ тілін осылай әйгілегіміз келеді» дейді. Дубляж актерлері — 17-26 жастағы еріктілер. Олар керек қаржыны көрерменнен жинайды.
t.me/azattyq
"Әйелдер – жүйенің құрбаны". Павлодарда отбасындағы зорлық туралы "Бақыт" фильмін көрермен қалай бағалады?
Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы қазақстандық "Бақыт" фильмі Павлодарға бір апта кешігіп жетті. Берлин кинофестивалінде "көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған картина жергілікті халықтың өтінішінен кейін ғана прокатқа шықты. Азаттық тілшісі фильмнің алғашқы көрсетілімінде болып, сценарист Әсем Жәпішевамен және көрерменмен сөйлесіп қайтты.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
«Ештеңе жоқ қой». Кандидаттардың үгіт-насихаты халыққа жетіп жатыр ма?
19 наурызға белгіленген сайлауға санаулы күн қалды. Үгіт-насихат басталғалы да 10 күннен асып кетті. Сайлау қалай сезіліп жатыр? Азаттық "Кандидаттарды көрдіңіз бе?" деп, тұрғындардан пікір сұрады.
t.me/azattyq
1 наурызда түнде Алматыда "Демпартия" өкілі Берік Хамидуллинді белгісіз біреу ұрып кеткен
Оқиға сәрсенбі күні Жетісу ауданында Хамидуллиннің үйінің маңында болған. "Демпартия" белсендісі Абзал Достияровтың айтуынша, сайлау кезіндегі сенімді өкілі Берік Хамидуллин ол кезде кезекті үгіт-насихат науқанынан кейін сағат 22.00 шамасында үйіне қайтып келе жатқан.
"Қанша адам ұрғанын білмеймін. Аяқ астынан болды. Артымнан келіп ұрғаннан кейін есімнен танып қалыппын. Қазір басым айналып тұр" деді ол 2 наурызда Азаттық тілшісіне.
t.me/azattyq
Қазақстанның экология қауымдастығы үкіметтен Алматы облысында құрылысы жоспарланып отырған АЭС жобасына мораторий енгізуді талап етіп жатыр
Елдің барлық аймағындағы 40-тан астам үкіметтік емес ұйымның басын біріктіретін "Қазақстандағы экофорумы" қауымдастығы АЭС құрылысының жобасын "шағын ортада" талқылауды тоқтатуды талап етті.
"АЭС құрылысы бойынша жоспарлар мен шешімдер кеңінен қоғам талқысына салынуға тиіс. Қазақстан тәжірибе алаңы болмауы керек" деп жазылған қауымдастықтың билікке бағыттаған үндеуінде.
t.me/azattyq
Украинаға қарсы соғысып жүрген қазақ, майдандағы ахуал, ыңғайсыз кандидаттар - AzatNEWS┃1 наурыз
📌 Орал қаласының әкімі болған адамның баласы Украинада Ресей жағында соғысып жүргені туралы хабар тарады. Оның бұрын полицияда істегені анықталды
📌 Ресей әскері Шығыс Украинадағы Бахмут қаласына шабуылды күшейтті. Владимир Зеленский құрбан болған орыс әскері өте көп дейді.
📌 Тіркеу, шығарып тастап, қайта тіркеу. Комиссия кандидаттықтан айырған бірнеше адам сайлауға қатысуға рұқсат алды
📌 Үндістанда "Үлкен жиырмалық" (G20) сыртқы істер министрлерінің саммиті басталып жатыр. Нью-Делиге АҚШ, Ресей, Қытай делегациясы да барды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
28 ақпанда күндіз Ресейдің Санкт-Петербург қаласының Пулково әуежайы уақытша ұшақтарды қабылдамай, ұшырмаған
Телеграм-арналар әуе кеңістікте "белгісіз объект" анықталғанын жазды.
Петербург әуесі жабылғанын алғаш болып Baza және "112" Телеграм-арналарыхабарлады. Baza мәліметінше, аумақта "Ковёр" жоспары іске қосылған. Мұндай жоспар шекараны заңсыз кесіп өткен жағдайда, сонымен бірге әуе кеңістігінде белгісіз объект пайда болған кезде енгізіледі. "112" арнасының жазуынша, мұндай жоспар кезінде әскери және құтқару ұшақтарынан бөлек әуе кемелерінің барлығы жерде болуға тиіс.
t.me/azattyq
Қарақалпақстандағы оқиға бойынша ұзақ жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовтың інісі әрі адвокаты Ринат Тәжімұратов Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым түсірді
Бұл жөнінде Gazeta.uz басылымына сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.
Қорғаушысы Дәулетмұрат Тәжімұратовтың ісінде "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзу немесе билікті басып алу мақсатында сөз байласу" бабында көрсетілген қылмыс құрамы жоғын айтты. Себебі ағасының әрекеті конституциялық құрылымды төңкеруге бағытталмаған.
t.me/azattyq
Вице-министр БҚО-дағы тікұшақ апатына "табиғат жағдайы себеп болуы мүмкін" дейді. Апат Ресейге жақын аумақта болған
Оның айтуынша, апат Ресей шекарасына жақын жерде болған.
"Біріншіден, [апатқа ұшыраған] тікұшақ – жаңа ұшақ. Бір жыл да болмаған. Жағдайы жақсы. Қазір тексеріс аяқталған жоқ. Авиация әкімшілігінде комиссия құрылған. Оның құрамында "Қазавиақұтқару" өкілдері де бар. Олар тексеріп жатыр. Қазір ойлап қарасақ, табиғат жағдайы себебінен болған сияқты" деді 1 наурызда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген вице-министр Мереке Пішембаев.
t.me/azattyq
"Бостандық радиосынан" Совет Одағы құлағанға дейін. Азаттық радиосына 70 жыл толды
Бүгін, 1 наурызда Азаттық радиосының алғашқы хабары эфирге шыққанына 70 жыл толды. Азаттық 70 жылдыққа орай арнайы аудиоподкаст пен мақалалар тізбегін жариялауды бастайды. Бүгінгі тақырып – радио қалай құрылды, оны кім қаржыландырды, Азаттық қандай трансформациядан өтті?
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Путин Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға Ресейдегі ең үлкен пәтерді сатып алып берген
Ақша Путиннің Кипрдегі Ermira офшоры арқылы төленген. Бұл "Проект" зерттеу жобасында айтылады.
2600 шаршы метрлік пәтер Сочидегі "Королевский парк" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Онда бассейн, кинотеатр, патио және тікұшақ қонатын арнайы орны бар. Пентхаустың дизайнын Валентин Юдашкин жасаған. 2021 жылы ЦИАН бұл пентхаусты "Ресейдегі ең үлкен пәтер" деп атаған.
"Проекттің" мәліметінше, 2011 жылы пентхаус Олег Рудновтың атына жазылған. Бағасы 90 млн рубль болған.
t.me/azattyq
"Мама, қасыңнан алыстап кетпеймін..." Қаңтарда "кездейсоқ оққа ұшқан" Жолжарықтың ата-анасының қайғысы
Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде Өскеменде оққа ұшқан Жолжарық Есенжолұлын "Қазақстан халқына" қоры "кездейсоқ қаза тапқандар" тізіміне енгізген. Ал марқұмның ата-анасы баласын атқан адам табылмағанына, тергеу тоқтап қалғанына қапалы. Жолжарықтың әкесі әділ тергеу талап етемін деп Астанаға дейін барып, қамалған. Кейін оны Астанадан Өскемен әкімінің орынбасары алып қайтқан.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Блинкен Орталық Азия елдеріне 25 млн доллар көлемінде көмек берілетінін айтты
Орталық Азия елдерімен бірлескен С5+1 дипломатиялық саммитіне қатысқан АҚШ мемлекеттік хатшысы аймаққа 25 миллион доллар көмек ретінде берілетінін айтты.
Ресейдің Украинаға әскери шабуылы тұсында АҚШ Орталық Азияның "егемендігі, тәуелсіздігі және территориялық тұтастығы маңызды" екенін атап өтті.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Блинкеннің сапарын екі ел арасындағы "стратегиялық ынтымақтастыққа қосымша серпін беретін маңызды кездесу" деп атаған.
t.me/azattyq
Олжас Сүлейменовті Нұрсұлтан Назарбаев қудалады ма? Бұрынғы «достарға» не болды?
#ҚАЛАЙБОЛДЫ?
Жапония Ресейдің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығына байланысты Ресейдің 48 жеке тұлғасы мен 74 ұйымының, соның ішінде бір банктің активтерін бұғаттады
Санкцияның жаңа тізімінде Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Виктор Горемыкин мен "Калашников" концернінің президенті Алан Лушников бар. Ресей президентінің мемлекеттік кеңес жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі басшысы Александр Харичев пен орынбасары Борис Рапопорт және Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың туысы Турпал-Әли Ибрагимов те бар.
t.me/azattyq
Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана қаласындағы LRT құрылысын қайта қозғау үшін 50 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады
Министр Марат Қарабаевтың сөзінше, бұл сома Астана әкімдігіне биыл сәуірде беріледі.
Ол үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрғанда: "LRT құрылысы аяқталады. Биыл керек қаржы қарастырылды. Құрылысты Астана әкімдігімен бірге талқыладық. Жұмыс әуежай жақтан басталады. Ақшаның бір бөлігі вагон сатып алу үшін аванс есебінде беріледі" деді. Алайда ол 10 жыл бұрын басталған құрылыс қашан аяқталатынын айтқан жоқ.
t.me/azattyq