Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл жасаған күдікті топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің басшысы Альбина Махамбетованың айтуынша, оларға Қылмыстық кодекстің 115-бабы (“қорқыту”), 147-бабы (“жеке өмірге қол сұғу”), 158-бабы (“журналистік қызметке кедергі келтіру”), 202-бабы (“біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”) және 293-бабы (“бұзақылық”) бойынша айып тағылған.
"Алматыда арандатушылық шабуылдарды тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О. Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді" дейді Альбина Махамбетова.
t.me/azattyq
Украинадағы соғыста өлген бейбіт адамдар саны сегіз мыңнан асқан
Бұл ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының ақпандағы баяндамасында айтылған. Мұны "Би-би-сидің" Орыс қызметі хабарлады.
"21 580 адам әртүрлі жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, оның 8101-і өлген. Өлгендердің ішінде 2127 әйел мен 488 бала бар" деп жазылған баяндамада.
t.me/azattyq
⚡ АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті
Фото: Reuters
t.me/azattyq
"Путин агрессиясына кез келген ел тап болуы мүмкін". АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға қандай мақсатпен келді?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының аға ғылыми қызметкері Темір Омаровтың пікірінше, Блинкен бұл сапарында Орталық Азия елдеріне ықпал етіп, Украинадағы соғысқа қатысты позициясын нақтылауға көндіруге тырысады. Сарапшы "Украина мәселесіне қатысты Орталық Азия елдеріне қысым күшейіп жатыр ма?", "Қазақстан әлі қанша уақыт таразының басын тең ұстауға тырысады?" деген сұрақтарға жауап берді.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq
Ақпанның 27-сіне Ресейдің бірнеше қаласының тұрғындары Владимир Путин режиміне, оның Украинадағы соғысына ашық қарсы шығып, 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеуде қастандықпен өлтірілген саясаткер Борис Немцовты еске алды
Мәскеуде осыдан сегіз жыл бұрын Немцов өлтірілген жерде халықтық мемориал пайда болған. Қаланың коммуналды қызметі гүл мен фотосуреттерді қанша рет жинап алып, белсенділерді қамаса да мемориал қайта пайда болған. Кейінгі кездері билік бұл әрекетін доғарған.
t.me/azattyq
Сайлаудан шеттегендер мен мәжілісті де, маслихатты да көздегендер
📌 ОСК шешімімен 19 наурызда өтетін мәжіліс пен маслихат сайлауынан бірнеше кандидат шеттетілді. Комиссия олардың декларациясынан кілтипан тапқан. Шеттегендер бұдан саяси астар көреді.
📌 Қазақстанда бірнеше кандидат алдағы сайлауда мәжілісті де, маслихатты да көздеп отыр. Екі жаққа да қатар ұсынылу заңға қайшы емес дейді ОСК. Сайлау бақылаушысының сөзінше, заңда шикілік бар.
📌 Ресей президенті батысты айыптап, сұхбат берді. АҚШ президенті Қытайдың бір топ адамын санкция тізіміне қосып, Пекиннің наразылығын тудырды.
📌 Бір топ ерікті жас шетелдік фильмдерді қазақша дубляждап жүр. Мұны олар қазақ тілін дамытудың амалы деп санайды.
🔗 https://www.youtube.com/live/-xwfnhZYbrg?feature=share
Соғысқа қарсы пикетті кабинетте өткізуге мәжбүр болған белсенді Инга Иманбайды полиция шақырды
Инга Иманбай өзін "ұлт араздығын туғызу" туралы іс бойынша полиция шақырғанын фейсбук парақшасында хабарлады. Ол 24 ақпанда Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро кабинетінде жалғыз адам пикетін өткізген.
"23 ақпанда, Украинаны қолдау үшін пикет өткізуге рұқсат бермеген соң маған Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінен телефон соғып, "ұлт араздығын туғызу" ісі бойынша әңгімеге шақырды. Полиция қызметкері Диас Хасеновтің сөзіне қарағанда, менің үстімнен іс қозғалған, оны Алматы полиция департаменті шара қолдану үшін Еңбекшіқазақ ауданының полициясына жіберген. Маған айтқан сөздеріне қарағанда, барып түсініктеме жазуым керек екен", - деп жазды Инга Иманбай.
t.me/azattyq
Қазақстан Жоғарғы соты қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужаннның "мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысуына кедергі жоқ" деген шешім шығарды
"Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округінің сайлау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылды. Олқылықты түзеу туралы шешім шығарылды. Бұл – түпкілікті шешім" деді судья Берік Нәжімеденов.
Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі Әйгерім Тілеужанды 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. 18 ақпанда комиссия мүшелері Әйгерім Тілеужанның сайлау жарнасын төлегені туралы банк мәліметіне күмән келтірген.
t.me/azattyq
ОСК: Саяси партиялардың сайлау алдындағы дебаты "Хабар" эфирінде өтеді
27 ақпанда орталық сайлау комиссиясы брифинг өткізіп, саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысы 16 наурызға белгіленгенін хабарлады.
"Орталық сайлау комиссиясының аппараты "Хабар" агенттігі" АҚ-мен сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыс өткізу мәселесі бойынша тиісті шарт жасасын" деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК мәліметіне қарағанда, пікірсайыс өткізу үшін 63 миллион теңге бөлінген. 2022 жылы күзде өткен президент сайлауы кезінде де кандидаттардың дебаты үшін "Хабар" агенттігіне 63 миллион теңге төленген.
t.me/azattyq
Ақтөбе облысында Бұхара – Орал газ құбырының үшінші желісінің құрылысы басталады
Бұл жөнінде Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарымен кездескенде айтқан.
"Облысымызды газбен қамтамасыз ету өзекті мәселе боп тұр. Шикізат жеткілікті болғанымен, бізге керекті көлемде жеткізетіндей газ құбыры жоқ. Оның шешімі Бұхара – Орал магистральдық құбыр желісін салу. Оның құрылысына биыл кірісеміз"деді Ералы Тоғжанов.
t.me/azattyq
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал бин Фархан Әл Сауд 1993 жылдан бері Украинаға алғаш рет келді
Ол Украина президенті Владимир Зелескиймен кездесті. Кездесу жөнінде Зеленский телеграм-арнасына:
"Украинаның тәуелсіздігі мен тұтастығын қолдағаныңызға рақмет",- деп жазды.
t.me/azattyq
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне (ҰҚМК) қарасты шекара қызметінің өкілі белгісіз жарылғыш зат жарылғаннан жарақат алған
Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Оқиға 25 ақпанда Баткендегі №2021 әскери бөлімінде болған. Шекарашы көліктерді тексеріп жатқан кезде белгісіз зат жарылған.
Жарақаттанған 19 жастағы жауынгер Раззаков сол жердегі жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.
t.me/azattyq
Комитет Астана – Шымкент рейсі неліктен ұшпай қалғанын түсіндірді. Әуежайда "айқай-шу көтерген" әйелге хаттама толтырылған
Азаматтық авиация комитеті 25 ақпанда Fly Arystan әуе компаниясының Астана – Шымкент бағыты бойынша ұшуға тиіс болған КС-7307 рейсі неліктен ұшпай қалғанын түсіндірді.
"25 ақпанда Астана – Шымкент бағыты бойынша КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде таңғы сағат 5-40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуежайында қатты жел болған) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды, одан соң мүлде тоқтатылды. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактілері бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілді" деп жазылған комитет хабарламасында.
Комитет өкілдерінің айтуынша, "рейсті күткен жолаушыларға заңнамаға сәйкес, салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған". Бұған қоса, "өтініш білдірген жолаушыларға билеттерінің құны толық қайтарылған".
t.me/azattyq
Ресейдің Тобыл қаласының соты "әскери комиссариатты өртемек болды" деп айыпталған 15 жастағы мектеп оқушысын екі айға тергеу изоляторына қамады. Бұл жөнінде Түмен облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу органдарының болжамынша, 23 ақпанда түнде 9-сынып оқушысы "Молотов коктейлі" мен оттұтатқыш алып, қаладағы әскери комиссариат жаққа бет алған.
"ФСБ қызметкерлері терактінің алдын алды, олар қылмыс орнына кетіп бара жатқан бозбаланы жолда ұстады" деп жазылған соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
t.me/azattyq
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкция пакетін қабылдады. Бұл жөнінде 25 ақпанда ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді.
Дипломаттың айтуынша, санкция кемінде 6 мың украин баласын депортациялап, күштеп асырауға берген жауапты тұлғаларды да қамтиды.
Жаңа санкция тізімінде 96 ұйым мен 25 жеке тұлға бар.
Брюссель оныншы санкцияны 24 ақпанда қабылдауды жоспарлаған. Алайда Польша ұсынылған санкциялар тым жұмсақ екенін айтып, қатайтуды талап еткеннен кейін талқылау созылған.
t.me/azattyq
АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия елдері өкілдерімен келіссөзі Ресейдің Украинаға шабуылының бір жылдығымен тұспа-тұс келді. Саясаттанушылардың пікірінше, бұл соғыс Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикаларын өзінің ықпал аймағы деп санайтын Ресей саясатына сынақ болған. Reuters-тің жазуына қарағанда, Орталық Азияны Батыс санкциясынан айналып өту жолы ретінде қарастыратын Ресей оған ықпал етудің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланудан тартынбаған.Астанаға ұшар алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Twitter-дегі парақшасына "Орталық Азиямен серіктестікті әрі қарай дамыта түсуді күтетінін" жазған.
t.me/azattyq
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді
Бүгін ол Астанада Орталық Азиядағы бес республиканың сыртқы істер министрлерімен С5+1 форматында кездеседі. "Бұл – Блинкеннің аймаққа Байден әкімшілігінің бас дипломаты ретінде жасаған алғашқы сапары" деп хабарлайды Reuters.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия елдері өкілдерімен келіссөзі Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының бір жылдығына тура келіп отыр. Саясаттанушылардың пікірінше, бұл соғыс Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикаларын өзінің ықпал аймағы деп санайтын Ресей саясатына сынақ тәріздес болған.
t.me/azattyq
📱 Американың Apple корпорациясы мобилді қосымша нарығындағы үстемдігін пайдаланды деген айыппен Ресейге 12,12 миллион доллар айыппұл төлеген
"Америка дауысының" хабарына қарағанда, бұл "Лаборатория Касперского" компаниясының 2019 жылы түсірген шағымынан кейін басталған. Бұл компанияның ата-аналарға арналған Кaspersky Safe Kids бағдарламасын AppStore қабылдамаған еді.
t.me/azattyq
Дүйсенбі күні кешке Белгород қаласына ұшқышсыз басқарылатын бірнеше аппарат құлаған
Жергілікті телеграм-арналар мен Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков үш дрон сынығы табылғанын хабарлаған.
Гладковтың мәліметіне қарағанда, бірнеше үйдің терезесі сынып, көлік зақымданған. Адам зардап шекпеген. Дрондар қай елдікі екені әзірге анықталмаған.
t.me/azattyq
Шавкат Мизияев "әлдекімдер ұсыныс жасаса да, БАҚ-тарды жаппайтынын" мәлімдеді
Ол мұны Қашқадария облысында жаңа мектепті ашу салтанаты кезінде айтқанын жергілікті БАҚ өзбек президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовқа сілтеп хабарлады.
"Бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетпейтін жабық ел болғандықтан, халықтың әділетті талабын естімедік. Еркіндік ұнай ма сіздерге? Маған ұнайды. Иә, маған қиындау болады. Маған "кейбір БАҚ-тарды жауып тастау керек" дейді. Бірақ мен жаппаймын" деді ол.
t.me/azattyq
"Киевтің айлакерлігі мен Мәскеудің қиян-кескі шайқасы". Соғыс бір жылда қалай өзгерді?
Ұлыбританияның бұрынғы десантшысы, АҚШ орталық қолбасшылығының аға әскери кеңесшісі, генерал-майор Чип Чепмен Ресейдің "қиян-кескі шайқасы" мен Украинаның "айлакерлігі" туралы сұхбат берді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
27 ақпанда таңғы 5.58-де Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жер сілкінісі болған
Бұл ақпаратты Қырғызстан сейсмология институты таратты.
Магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі Ыстықкөл облысының Ешкілітас, Тасқора, Құрғақ айылдарында байқалған. Зардап шеккен адамдар, қираған нысандар жоқ.
t.me/azattyq
"Бізді қиындық біріктірді". Украинадағы қазақ диаспорасының соғыста өткен бір жылы
"БУЧАҒА КІРГЕНІМІЗДЕ, ҚАЛА ӨЛІК САСЫП ТҰРДЫ"
Әлия Тұрысбекова, ерікті:
– Адамдарды қиындық біріктіреді деген рас екен. 24 ақпанда жау басып кіріп, өлім қаупі төнеді деп ойлаған жоқпыз. Балаларым соғыс көреді деп күтпедім. Бұл – сұмдық. Алғашқы екі аптада көрші жертөледе тұрдық, кейін Батыс Украинаға жол тарттық. Киев облысы қайтарылған соң, кері оралдық. Киевте үлкен қазақ диаспорасы бар. 10-ға жуық отбасы өзара араласып, кездесіп тұрамыз. Осы белсенді отбасылар бірігіп, халыққа көмектесеміз деп шештік.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Путин "Россия-1" телеарнасына берген сұқбатында Батыс Ресейді бөлшектегісі келеді деп айыптады
21 ақпандағы жолдауынан кейінгі сұқбатында Путин "Батыстың мақсаты - бұрынғы Совет одағы мен оның негізгі бөлігі Ресей федерациясын бөлшектеу. Содан кейін ғана олар өздері жиі айтатын "өркениетті халықтар отбасына" қабылдайтын болар, бірақ әуелі бөлшектеп алмақшы", – деді Путин.
Оның сөзінше, орыс халқы қазіргідей бір бүтін өмір сүре алмайды, "Мәскеу орыстары", "Орал орыстары" деген сияқты ыдырап кетеді. "Мұның бәрі қағазға жазылған анық жоспар" деп түйіндеді ол.
t.me/azattyq
Украина армиясы көктемде шабуылға көшуге дайын болады, стратегиялық мақсаттардың бірі – "оңтүстіктегі Ресей әскерінің шебін бұзу"
Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Вадим Скибицкий "Неміс толқынына" берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Скибицкийдің айтуынша, шабуылды бастау бірқатар факторға, оның ішінде Батыс елдері қару-жарақты қашан жеткізетініне де байланысты.
t.me/azattyq
Бүгін, 26 ақпанда Астанада тіркелмеген «Атажұрт» партиясының (бұрынғы "Нағыз Атажұрт ұйымы" - ред.) бір топ өкілі баспасөз жиынын өткізіп, биліктен Қытай мен Қазақстан арасындағы 14 күндік визасыз режимді алып тастауды сұрады.
Баспасөз жиынын ұйымдастырушы, "партия" өкілі Қапар Ақаттың айтуынша Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим тепе-тең жағдайда жүзеге асып жатқан жоқ.
– Қазақстанның кез-келген азаматы кез-келген уақытта Қытайға визасыз шыға алмайды.
Сондай-ақ, Шыңжаңдағы қазақтардың барлығының қолында паспорт жоқ. Яғни, ол жақтағы қазақтар да Қазақстанға емін-еркін келе алмайды. Бұл тек ұлты Қытай үшін жасалып жатқан жағдай. Ал биліктің айтып отырған «екі жақтағы қазақтардың арасындағы барыс-келіс жақсарады» деген сөз елді құр алдау ғана, - дейді Қапар Ақат.
Қапар Ақат Қытай ұлтының демографиялық тұрғыдан өсімтал халық екенін айтып, «олар Қазақстанға уақытша келгенімен кейін шықпай қоюы мүмкін» дейді.
t.me/azattyq
Қытай билігі Ресейге Украинадағы соғыста қолданатын қару беру мәселесін қарастырып жатыр. Барлау деректеріне сүйенген Америка орталық барлау қызметінің (ЦРУ) директоры Уильям Бернс осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, алайда Пекин түпкілікті шешім қабылдамаған. Бернс бұл сөзін CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Қытай Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрі беруге келісейін деп жатқанын бұған дейін бірқатар Батыс ақпарат құралдары, оның ішінде CNN, Financial Times, Spiegel хабарлаған. Өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Вашингтон бұған қарсы және Пекин Мәскеуге қару берсе, салдары болады" деп ескерткен.
CBS News жазуынша, Джо Байден мен Уильям Бернстің өзі ақпан басында ғана жағдайға басқаша баға берген. Олар сол кезде Қытай Ресейге қару беру идеясына салқын қарайтынын айтқан.
t.me/azattyq
Түркияда 6 ақпан күнгі жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 182 адам қамалған, 400-ден астам адам күдіктілер қатарына енгізілген.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, тергеуге ілінгендердің басым бөлігі – құрылыс компаниясының өкілдері мен ғимарат иелері. Түркия әділет министрі Бекир Боздагтың сөзіне қарағанда, қылмыстық істер қозғауға қирағат ғимараттардан табылған айғақтар негіз болып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, жер сілкінісінен кейін қираған көптеген ғимараттар мен орындарды бастапқыда салған кезде мемлекеттік стандартқа сәйкес емес сапасыз құрылыс материалдары қолданылған болуы мүмкін.
Түрік билігі сонымен бірге жер сілкінісінен кейін болған ұрлау-тонау фактілеріне қатысты да тергеу жүргізіп жатыр. Ол істер бойынша шамамен 200 адам қамалған.
7,8 магнитудалы жер сілкінісі 6 ақпанда болды, одан кейін де көп жер сілкінді. Қаза болғандар 50 мыңнан асты.
t.me/azattyq
Жапония Ресейге қарсы санкция тізімін ұлғайтып, жаңа экспорттық шектеулер енгізеді. Бұл жөнінде "Үлкен жетілік" елдерінің онлайн-саммиті кезінде Жапония премьер-министрі Фумио Кисида хабарлады.
Атап айтқанда, 120 ресейлік жеке және заңды тұлғаның активтері шектеледі. Жапония сонымен бірге бірқатар тауар түрлерін экспорттауға тыйым салады.
Арасында дрон бөлшектері де бар. Бұған қоса, Ресейге жартылай өткізгіштер, мұнай өндірісіне қажет жабдықтар, 3D-принтер, сән-салтанат бұйымдарын жеткізуге шектеу қойылды. Жапония елге алтын, станок, арақ пен кейбір ағаш өнімдерін импорттауға тыйым салады.
Жапонияның санкция тізіміне шамамен 900 ресейлік және 450 ресейлік ұйым мен компания енгізілген.
t.me/azattyq