azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Миллиондаған босқын, мыңдаған тұтқын, опат болған балалар. Украинадағы соғыстың негізгі статистикасы

Бір жыл бұрын дүниежүзі Ресей Украинаға басып кіргенінен есеңгіреп, әлемнің түкпір-түкпірінде соғысқа қарсы жұрт жаппай наразылыққа шыға бастаған еді. Содан бері Украина халқының үштен бір бөлігі елден кетуге мәжбүр болды, мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты, көтпеген мектеп, аурухана, мәдени орын қирады. Украина мен Ресей майданда мыңдаған әскерінен айырылды. Соғыстың бір жылдығы тұсында "Настоящее время" қақтығыстың негізгі статистикасын шолып шықты.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 25 ақпанда Қытайдың Украинадағы дағдарысты саяси реттеу бойынша айтқан ұсынысына байланысты мәлімдеме таратты.

Астана "Қытайдың мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесетін" ұстанымы "қолдауға лайық" деді.

"Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп есептейміз" деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Jysan тобының Қазақстан үкіметінің үстінен АҚШ-тағы Невада штатының федерациялық округі сотына түсірген талап-арызы әділет министрлігіне әзірге түскен жоқ.

Бұл туралы әділет министрлігі Азаттықтың ресми сауалына берген жауапта хабарлады.

«Осындай талап келіп түскен жағдайда министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдайтын болады», − дейді әділет министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ерлан Тұяқбаев Азаттыққа жолдаған жауапта.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Арнайы операция басталса, кімді қолдайсыз?" Мәскеу Батыс Қазақстандағы ахуалды тұрақсыздандыруды көздей ме?

Батыс басылымдары бұл аптада «Мәскеу Батыс Қазақстандағы ахуалды тұрақсыздандырып жатқанын» жазып, Қазақстан мен осы аймақтағы мұнай саласына инвестиция салған Батыс елдері үшін мұның салдары қандай болуы мүмкін екенін талдады. Сонымен қатар Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан әскері мен қарулы күштерінің дайындығы қалай өзгергеніне тоқталды. Бұдан бөлек Еуроодақ Ресеймен көршілес елдерге экспорттың неліктен күрт артқанын тексеріп жатқанын жазды.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға тағы 2 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсететінін мәлімдеді.

Жаңа көмекте HIMARS ракета жүйесіне арналған оқ-дәрі мен дрондар қарастырылған. Жабдықтар Америка өнеркәсібінен бөлінеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, пакет ішінде CyberLux K8 дрондары және дрондарды атып түсіретін Switchblade 600, Altius-600 және Jump 20 аппараттары, радиоэлектронды соғыс құралдарын анықтайтын жабдықтар бар. Бұл Украинаның әуе шабуылына қарсы жүйесін нығайтып, халықты қорғау үшін беріліп отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Darkhan Juzz: "Ән айтуды есік алдында бастадым"

Қазақстанда соңғы кезде заманауи музыка жанрында ән айтатын әншілер көбейіп келеді. Дархан Джунусбеков - "жаңа толқын" өкілі. Ол Азаттыққа шығармашылығы жөнінде сұхбат беріп, Қазақстанның болашақтағы музыка өндірісі туралы пікірін айтты.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған зілзаладан қаза болғандар 50 мыңнан асты. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

Түркияда – 44 218, Сирияда 5914 адам қаза болған.

Түркияда үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталған: жер сілкінісінен 160 мыңнан астам ғимарат және ондағы 520 мың пәтер қираған немесе бүлінген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Masa.media Айдар Елкеевтің полициядан босап шыққанын хабарлады. Оны ұстағаннан кейін Астананың Алматы ауданы полиция басқармасына жеткізген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция құқық қорғаушы Артур Алхастовты босатты

Астанада полиция Адам құқығын қорғау бюросының қызметкері, құқық қорғаушы Артур Алхастовты ұстап, бір сағаттан соң босатты.

– Мені полиция әкімдік маңында шамамен 15:45-терде ұстады. Байқоңыр полиция басқармасына жеткізді. Арнайы жасақ ұстады. Ол жақта бір сағаттай болдым. Пикет жасамауға үгіттеді. Мен заң бойынша пикет жасауға құқығым бар дедім. Ақыры босатып жіберді. Қазір плакатымды әкелуге кетіп бара жатырмын. Ресей елшілігіне барамын, - деді полициядан шыққан Артур Алхастов Азаттық тілшісіне.

Айтуынша, ол бұған дейін әкімдікке пикет өткізетінін ескерткен, әкімдік жауап бермеген. Заң бойынша, жауап бермесе рұқсат еткен болып есептеледі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстан мен Тәжікстанның 246 азаматы Шымкент – Самара тасжолында боранда қалып, уақытша жылыну пункттеріне жеткізілді. Бес автобуста болған мигранттар қазір Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылындағы мектептің спортзалы мен мешітті паналап отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, барлығы 520 адам эвакуацияланған және құтқарушылар 13 адамды қар астынан құтқарып алған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытай GPT чат-ботын "Американы насихаттады" деп айыптап, жауып тастады

Қытайдың Tencent және Ant Group компаниялары Пекиннің талабымен ChatGPT ботын жапты. Бұған дейін Қытай ақпарат құралдары оны "Американы насихаттады" деп айыптаған.

Американың OpenAI компаниясы әзірлеген ChatGPT чат-боты бұған дейін Қытайда жабық еді. Алайда тұрғындар чат-ботқа VPN көмегімен кіріп жүрген. Tencent компаниясына тиесілі WeChat қосымшасында ChatGPТ-тің түрлі қызметін (код, өлең, тіпті ғылыми мақала жазу қызметі) ұсынатын ондаған "мини-бағдарлама" болған. Енді бұл бағдарламалар "заң мен ережелерді бұзғаны үшін" бұғатталды.

Бірнеше күн бұрын Қытай ақпарат құралдары ChatGPT "Америка үкіметіне жалған ақпарат, оның ішінде Шыңжаңдағы геноцид туралы бұрмаланған ақпарат таратуға көмектесуі мүмкін" деп жазған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бішкекте соғысқа қарсы акцияға қатысқан кемінде жеті адам ұсталды

Бішкектегі емен саябағында милиция қызметкерлері Украинадағы соғысқа бір жыл толғанына арналған акцияда кемінде жеті адамды ұстады. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Гүлшайыр Әбдірасулова хабарлады.

Оның сөзінше, ұсталғандар Бірінші май ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілген.

"Оларды жай киім киген адамдар ұстап, мобильді телефондарын тартып алды. Ішкі істер министрі, айтыңызшы, сонда бізде ескерткішке барып, гүл қоюға болмай ма?" деп жазды құқық қорғаушы.

Азаттыққа сонымен бірге Бішкекте тұратын тағы бір Ресей азаматы Станислав Захаркин хабарласып, емен саябағындағы соғысқа қарсы акцияға қатысқаны үшін бес досын ұстап әкеткенін айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Бәрі шіріп жатыр». Көгерген камерада отырған ақтөбелік тұтқындар көмек сұрады

Ақтөбедегі тергеу изоляторында қамауда отырған кемі сегіз адам туыстары арқылы Азаттыққа видео жолдады. Олар мекеме іші суық екенін, көгерген камерада 11 адам отырғанын айтып, шағынды. «Медициналық көмек те берілмейді» дейді қамаудағылар. Мекеме басшысы мұны жоққа шығарады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пікірлерін айтқан құқық қорғаушылар мен белсенділер тарап кетті. Ескерткіш маңына келіп, кетіп жатқандар бар. Полиция Достық – Шевченко маңын сырттай бақылап тұр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Мен сияқты Қазақстан азаматтығы жоқ, Ресей азаматы үшін рұқсат етілмеген акция, пикетке шығу әрқашан қауіпсіз деп айта алмаймын. Ал мынадай шара еске алудың қауіпсіз амалы" деді Азаттық тілшісіне гүл қойған азаматтардың бірі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Оралда күштік құрылымның бұрынғы өкілдері митингіге шығып, зейнетақыны толық төлеуді талап етті

25 ақпанда Оралда полиция, құтқару қызметінің бұрынғы өкілдері, отставкадағы әскери қызметкерлер митинг өткізіп, жылдар бойы жинақтаған зейнетақы төлемдерін тиісті дәрежеде толық төлеуді талап етті. Айтуларынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алмай отыр. "Қазақ халқының даңқты қыздары" ескерткіші маңындағы рұқсат етілген митингіге зейнетке шыққан 60 шақты адам жиналды.

Акция басталғанға дейін олар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановаға арналған ескерткішке гүл қойды.

"Біз Қазақстанның құқық қорғау органдарының барлық зейнеткері атынан сөйлеп отырмыз. Үнімізді президент пен үкімет естіп, мәселенің мән-жайына қанықса дейміз. 2016 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнетке шыққан зейнеткерлерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мәселесі қазір бізді алаңдатып отыр" деді жиналғандардың талабын оқыған Талап Залмұқанов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Танымал жас әртіс Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) Тайландта жол апатынан қайтыс болды. Алматыда жүздеген адам оның әндерін шырқап еске алды.

Дарханның 2018 жылы Азаттыққа берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлыбритания, Германия және Франция Ресеймен бейбіт келіссөзді бастауы үшін Украинаға НАТО қаруларын қолдануға рұқсат беруге келісті. Бұл жөнінде үш ел өкілдеріне сүйенген The Wall Street Journal басылымы жазды.

Дереккөздердің айтуынша, өткен аптада Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Украинаның НАТО-мен келісу жоспарын ұсынған. Оған сәйкес, Украина соғыс аяқталған соң озық үлгідегі қару-жарақ пен оқ-дәрі, әскери техникаға қол жеткізе алады.

Франция және Германия британ ұсынысын қолдады, деді дереккөздер. Үш ел үкіметтері келісімді Украинаның өзіне деген сенімін арттыру және Ресеймен келіссөзді бастауға ынталандыру амалы ретінде қарастырып отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пышақталғанын жарты жылдан бері полицияға дәлелдей алмай жүрген Қарағанды тұрғыны Константин Роголевский прокуратурадан істі облыс полициясына жіберіп, "лауазымды тұлғаларды әрекетсіздігі үшін" жазалауды сұрап отыр.

Өткен аптада Қарағандының Қазыбек аудандық прокуратурасы істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қайта қарау туралы жаңа қаулы шығарған. Бірақ Істі сол баяғы Михайлов аудандық полициясына жіберген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның Ресей және Беларусьпен шекарадағы сызығы екі шақырымға дейін созылып, миналанады.

Украина министрлер кабинеті жетекшісі Олег Немчиновтің Телеграм арнасына сүйенген УНИАН агенттігінің хабарлауынша, мұндай өзгеріс 24 ақпанда Украина жоғарғы радасы қабылдаған заңға өзгертулерде ("Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгеріс енгізу туралы") қарастырылған. "Бұл іс жүзінде миналанған аумақ болады" деді Немчинов.

Оның сөзінше, заңға өзгертулер сонымен бірге әскери жағдай кезінде Украина қарулы күштері, ұлттық гвардия және полицияға мемлекеттік шекараны қорғау бойынша тапсырмаларды орындау мәселесін реттеуге мүмкіндік береді. УНИАН жазуынша, заңға өзгеріс енгізуді 310 депутат қолдап дауыс берген. Жоғарғы радада 450 депутат бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы жастары Darkhan Juzz деген атпен белгілі қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің қазасына қайғырып, әлеуметтік желіде жазба жариялап жатыр. 31 жастағы әншінің Таиландта көлік апатынан опат болғаны 24 ақпанда белгілі болды.

Жұма күні кешке Алматының Жібек жолы мен Абылайхан және Назарбаев көшелері қиылысына жастар жиналып, екі сағат бойы әншінің өлеңдерін айтып, Дархан Жүнісбековті еске алды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, акция бір минут үнсіздіктен басталған. Darkhan Juzz'дің Инстаграм парақшасында қолданушылар пікір қалдырып жатыр. Көбі әншінің қазасына сене алар емес.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғысқа бір жыл. Алматы мен Астанада белсенділер наразылық білдірді.

📌 Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 1 жыл толуына орай Алматыда тұрғындар украин ақыны Тарас Шевченко ескерткішіне, Астанада Украина елшілігіне барып, гүл қойып, құрбандарды еске алды. Әлемнің бірнеше елінде Украинаны қолдау акциялары өтіп жатыр.

📌 Украинадағы соғыстан Қазақстан қандай сабақ алды? Бұл оқиға қазақ қоғамына қалай әсер етті? Халық соғыс жайлы не ойлайды?

📌 БҰҰ орыс әскерінің соғысты тоқтатуын талап етіп, қарарды бекітті. Қалыс қалған Қытай "бейбіт келісім" жоспарын ұсынды. АҚШ "Ресей қаласа, соғыс ертең-ақ тоқтайды" дейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"BES.media" Телеграм-арнасының жазуынша, полиция "Артур Алхастовпен байланыс үзілген соң оны іздеген" "Еркіндік қанаты" қорының екі қызметкерін де ұстаған. Олар да Байқоңыр полиция басқармасына жеткізілген.

Masa.media сайты Украина елшілігі маңында сайттың редакторы Айдар Елкеевті полиция ұстап әкеткенін хабарлады. Әзірге тілшінің қайда екені белгісіз.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада Украинаны қолдау акциясы кезінде Masa сайтының SMM-редакторы Айдар Елкеев ұсталған. Бұл жөнінде Masa.media Телеграм-арнасы хабарлады.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры да қызметкерлерінің Ресей елшілігі алдында ұсталғанын хабарлады.

Әзірше полиция түсініктеме бермеді.

Ұсталғандардың бірі Артур Алхастовты полиция босатқаны хабарланды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Журналистерді қорғау комитеті" Астананы тәуелсіз журналистерге шабуыл ұйымдастырғандарды ұстауға үндеді

"Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігін "журналистерге шабуылдың жаңа толқынын" зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуға үндеді.

Бейсенбі, 23 ақпанда жарияланған ұйым мәлімдемесінде Қазақстанда билікті сынайтын тәуелсіз журналистерге бағытталған шабуылдар былтыр күзден бері толастамай отыр деп жазылған. Жергілікті баспасөз қорғау ұйымдарына сүйенген CPJ мәліметінше, 5 ақпаннан бері сондай кемінде төрт оқиға тіркелген. Түрлі қалаларда журналистердің өзі немесе отбасы мүшелері қуғын немесе шабуылға ұшыраған.

Ұйым осы аптада Қазақстан ІІМ есеп бергенін еске салады. Министрліктің айтуынша, 2022 жылғы қыркүйектен бері Астана мен Алматыда "журналистерге қарсы қылмыс жасаған" 18 күдікті ұсталған. Ведомство таратқан хабарламада "тапсырыс берушілер" туралы айтылмайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Путин жақсы ғой» VS «Орыстар – агрессорлар». Қазақтар Украинадағы соғыс туралы не дейді?

Қазақстандықтардың кемінде үштен бірі Ресей пропагандасына ұйып отыр. Тап осынша азамат, яғни халықтың 33 пайызы Мәскеудің позициясын қолдайды. Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу орталығы былтыр желтоқсанда 1000-нан астам адамнан телефон арқылы сауалнама алып, осындай есеп жариялады. Азаттық тілшілері Қазақстанның жеті өңіріндегі – Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Өскемен мен Павлодардағы тұрғындардан «Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы туралы не ойлайсыз?» деп сұрады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытай Украинадағы соғысты аяқтау "жоспарын" таныстырды

Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысты аяқтау "жоспарын" таныстырды. Пекиннің пікірінше, 12 пункттен тұратын құжат әскери қимылдарды аяқтауға мүмкіндік береді. Құжат Қытай сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.

Құжатқа баға берген кейбір сарапшылар бұл – "Қытай өкілдері Мюнхен конференциясында сөз сөйлегеннен кейін Пекиннен күткен нақты ұсыныстары бар жоспар емес, үндеу мен тілектер жазылған жалпы сөздер" деді.

Қытай құжатта БҰҰ жарғысы принциптері мен халықаралық заңнаманы басшылыққа ала отырып, барлық елдің егемендігін құрметтеуге шақырды. Пекин барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік беруді қолдады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысында боранда жолда қалған өзбек және тәжік азаматтары жергілікті мектеп пен мешітке орналастырылды

Боран кезінде жолда қалған Өзбекстан мен Тәжікстанның 220 азаматы Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауылындағы мектептің спортзалы мен мешітке орналастырылды. Орталық Азия елдерінен шыққан мигранттар Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына бет алған. Алайда Самара – Шымкент тасжолының 968-шақырымында боран басталып кетіп, Қарабұтақ ауылында аялдауға мәжбүр болған.

Ресейді бетке алған Van Hool маркалы екі автобус Қазақстан азаматтарына тиесілі екені хабарланды. Автобус жүргізушілері еңбек мигранттарымен бірге Қарабұтақ ауылында боран басылғанын күтіп отыр.

Қарабұтақ ауылындағы Тарас Шевченко атындағы орта мектептің директоры Жанаргүл Қуанышеваның айтуынша, жолаушылар мектептің спортзалына бөлек есіктен кіріп-шығады. Яғни оқу процесіне кедергі келтірмейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Бұл дұрыс емес" деп Интернетте жазба жариялаудың орнына тіпті кішкентай шара болсын, келіп, еске алу маңызды деп санаймын" деді тағы бір Ресей азаматы Азаттық тілшісіне.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан және Украина туларын жайып тұрған белсенділер мен құқық қорғаушылар.

Белсенді Марат Тұрымбетов билік Украинаны қолдау митингісін өткізуге рұқсат бермегендіктен осылайша шағын еске алу шарасын өткізуге тура келгенін айтты.

"Соғыста қаншама адам қырылып жатыр. Қазақстан бейбітшілікті қолдайды. Ресей тәуелсіз мемлекетке шабуылдады. Екіншіден, көрші Ресейде Қазақстан аумағына қатысты да түрлі мәлімдемелерді естіп жүрміз. Қазақтар үшін бұл өте нәзік тақырып. Себебі, Ресей әрқашан Қазақстанды өзінің провинциясы санап, Солтүстік Қазақстаннан дәмеленеді" деді белсенді.

Читать полностью…
Подписаться на канал