Белсенділер Қазақстан және Украина туларын жайып, кезек кезек пікірлерін айтып жатыр.
Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов "зұлымдық жазасыз қалмауы тиіс" деді. "Қанды соғысқа қарамастан Украина гүлдене берсін! Өз халқын зомбиге айналдырған Путин Гаага сотында заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс. Әділдікке сай жазаға тартылсын!" деді.
Ескерткіш алдына Украина туы мен "соғысқа жол жоқ" деп жазылған шағын плакаттар қойылды.
Читать полностью…Алматыда Тарас Шевченко ескерткішінің алдына адамдар гүл шоғын қойып жатыр. Айналаны полиция күзетіп тұр, автозактар тұрғаны байқалады. 24 ақпан 2023 жыл
Читать полностью…Төтенше жағдай министрлігі 23 ақпанда БҚО-да болған тікұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялады. Төртеуі де "Қазавиақұтқару" қызметкерлері: әуе кемесінің командирі Довлетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт механигі Сиязбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев. Апат кезінде жараланған "Қазавиақұтқару" инженері Сергей Щеглов пен "ҚазТрансОйл" өкілі С.Ерғалиев түрлі жарақатпен Орал қалалық ауруханасына жеткізілген. 24 ақпан күнгі брифинг кезінде төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, екі адам орташа дәрежеде жарақат алған. Ол зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлерден сұрауға кеңес берді.
t.me/azattyq
БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды
Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарарды 193 елдің 141-і қолдады. 7 мемлекет қарсы дауыс берді. 32-сі қалыс қалды.
Қарарға Ресейден бөлек, Беларусь, Эритрея, Мали және Сирия қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қытай, Үндістан және Иран бар.
Қарарды талқылауды Киев ұсынған. Ұсынысқа 60-тан астам ел қосылған. Қарарда "БҰҰ жарғысы принциптері негізінде тұтас, әділ және тұрақты бейбітшілікті" іздеу қажеттігі атап өтілген.
Құжатта Ресей әскерін Украина аумағынан дереу әкету туралы талап бар.
t.me/azattyq
Алматыда белсенділер 8 наурызда әйелдер маршы өтуін талап етіп, пикет өткізді
Алматыда құқық қорғаушы әрі азаматтық белсенді Жәмила Қасымхан мен Мөлдір Жұмабаева кезек-кезек пикет өткізді. Қазақстанда тұрмыстық, сексуал зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр деген олар әкімдіктен 8 наурызда әйелдерге марш өткізуге рұқсат беруін талап етті.
"Сенің маршқа баруың үшін мен осында тұрмын" деген тақтайша ұстаған қызылордалық белсенді, құқық қорғаушы Жәмилә Қасымхан "әр әйелдің дауысы 8 наурызда шеруде естілуі керек" дейді.
Белсендінің айтуынша, әкімдік олардың 8 наурызда марш өткізу талабын үш рет кері қайтарған. Қаладағы жиын өткізуге болатын төрт алаң да бос емес деген.
t.me/azattyq
Ресей үшін соғысқан қарағандылықтар, БҰҰ-ның айыптауы, Алматыдағы пикет – 23 ақпан ┃AzatNEWS
📌 Украинада Ресей жағында соғысып, қаза тапқан екі қазақстандықтың мәйіті жеткізілген. Олар "Вагнер" жалдамалы жендеттер тобында болған.
📌 Алматы әкімдігі 24 ақпанға Украинаны қолдауға арналған пикет өткізуге рұқсат бермеді. Ал әкімдіктен 8 наурызда әйелдер шеруіне бөгет болмауды талап еткен екі белсенді Абай театры алдында акция өткізді.
📌 Ресей Украина жерінен әскерін әкетіп, соғысты тоқтатуы керек деген мәндегі БҰҰ қарары дауысқа салынбақ. Киев ұсынған жаңа резолюцияны батыс қолдап, Мәскеу бір жақты деп атады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ресей президенті Владимир Путин азаматтарды "Отан қорғау күнімен" құттықтап, Ресей 2023 жылы ядролық қаруды дамыта түседі деп мәлімдеді. Президент бейнеүндеуі Кремль сайтында жарияланды.
Путин "жаңа ауыр зымыраны бар "Сармат" кешенінің алғашқы ұшыру құрылғысы әскери кезекшілікке шықты" деп мәлімдеген.
Бұған қоса, Ресей "Кинжал" гипердыбыс зымырандарының әуе кешенін өндіруді тоқтатпайды, "Циркон" гипердыбыс зымырандарының теңіз кешендерін армияға көптеп жеткізе бастайды. "Бірнеше жылда Ресей әскери-теңіз флотына тағы үш атом сүңгуір крейсері кіреді" деп мәлімдеді Путин.
t.me/azattyq
«Павлодар — Ресейдің қаласы»: Сепаратистік пікір айтқан Атбасар тұрғынына ауызша ескерту жасалды
Chatroulette платформасында Ресей «арнайы операция» өткізсе, қолына қару алып, Қазақстанға қарсы соғысатынын айтқан Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғынына ауызша ескерту жасалды. Полиция «қылмыстық әрекет белгілері байқалған жоқ» деп мәлімдеген. Осы қосымшада бұған дейін де бірнеше адам сепаратистік пікір айтқан еді.
t.me/azattyq
Ақтөбеде айыпталушылардың шағымынан кейін мекеме "құлағалы тұрған камералар" жабылғанын хабарлады
Ақтөбенің тергеу изоляторында құлағалы тұрған екі камера консервацияланған. Мекеме тұтқындардың шағымынан кейін бұл камераларды "апат жағдайында тұр" деп шешкен. Бұл туралы Азаттыққа 22 ақпанда Ақтөбедегі тергеу изоляторының басшысы Аман Құлмұхамбетов айтты.
Дүйсенбі күні Азаттыққа тергеу изоляторындағы тұтқындардың туыстары хабарласып, изолятордың №148 камерасында түсірілген видеоны жолдаған еді. Видео кейіпкері өзін Дархан Асқаров деп таныстырған. Қабырғасы сыз тартып, сылағы түскен тар қапастағы тұтқын адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқанын айтқан. Камераның қабырғалары көгеріп кеткен. Терезелері жабылмайды. Терезенің жақтауынан жел соқпас үшін линолеум кесінділері жапсырылған. Терезенің қапталына Ақтөбе қаласы бойынша намаз уақыты көрсетілген 2022 жылдың кестесі ілінген. Видео қай күні түсірілгені айтылмайды.
t.me/azattyq
Гаага соты Лачин дәлізін ашуды талап етті
Гаага халықаралық соты 22 ақпанда Әзербайжанды Лачин дәлізіндегі қозғалысты шектемеуге міндеттейтін сот шешімін шығарды. Аталған дәліз – Таулы Қарабақ пен Арменияны жалғайтын жалғыз жол. Ол былтыр желтоқсан ортасынан бері жабылып, соның салдарынан Таулы Қарабақта армян әкімшілігі бақылап отырған аумақта гуманитарлық жағдай едәуір күрделенген еді.
Гаагадағы сотқа Армения мен Әзербайжан қатар жүгінген. Тараптар бір-бірін кінәлап, соттан шара қолдануды өтінген. Сот Арменияға қарсы түсірілген шағымды кері қайтарды. Ал Арменияның шағымындағы Лачин дәлізін босату туралы бөлікті қанағаттандырды. Алайда сот Арменияның аймаққа табиғи газды беруді қалпына келтіру туралы шағымын орындаған жоқ. Соттың пікірінше, армян жағы "Әзербайжан газдың келуіне кедергі келтіріп отыр" деген тұжырымын дәлелдей алмаған.
t.me/azattyq
Тәжікстанда жер сілкінісі болды. Ол Алматы мен Шымкент тұрғындарына да сезілді
23 ақпан таңертең Тәжікстанда екі жер сілкінісі болды. Оны Алматы және Шымкент тұрғындары да сезді, деп жазды жергілікті БАҚ.
Жер сілкінісін қазақстандық сейсмологтар тіркеді. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ұйымының мәліметінше, бірінші жер сілкінісі Астана уақытымен таңертеңгі сағат 6:37-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматының оңтүстік-батысынан 696 шақырым жерде Тәжікстан аумағы. Энергетикалық классы – 16.0. Магнитудасы – 7.0. Жер дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған. Алматы мен Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі сезілген.
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды.
t.me/azattyq
Еңбек министрлігі Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алуға болатын мамандықтар тізімін жариялады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жеңілдетілген жолмен уақытша тұруға рұқсат алуға болатын мамандықтар тізімін жариялады. Тізімде ғылым, денсаулық, өнеркәсіп және ақпараттық технология салаларындағы "аса қажет" 21 мамандық бар.
"Аса қажет мамандықтарды игерген шетелдіктер ішкі істер органдары арқылы төлем қабілетін растамай-ақ, жеңілдетілген жолмен уақытша тұру құжатын рәсімдей алады" деп жазылған министрліктің хабарламасында. Уақытша тұру құжаты 10 жылға я шетелдіктің төлқұжатының мерзімі өткенше беріледі.
Аса қажет мамандықтар тізімінде нейрохирург, гематолог, онколог, неонатолог, эндокринолог, ғарыш жүйелерін қамтамасыз ететін инженер, мата шикізатын классификациялаушы, бактериолог, IT саласының архитекторы бар. Мамандықтардың тізімі министрліктің сайтында жарияланған.
t.me/azattyq
Азаттықтың журналистерге қысым туралы видеосына боттар неге шабуылдады?
Журналист Вадим Борейкомен жұмыс істейтін оператордың екі көлігі жарылғаны туралы видеомызды жариялаған соң, бұл туралы жазған екі басылымға боттар шабуылдады. Олар бірдей сарындағы мәтіндерді бірнеше мәрте қайталап жазған.
t.me/azattyq
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жеңілдетілген жолмен уақытша тұруға рұқсат алуға болатын мамандықтар тізімін жариялады.
Тізімде ғылым, денсаулық, өнеркәсіп және ақпараттық технология саласындағы "аса қажетті" 21 мамандық бар.
"Аса қажетті мамандықтарды игерген шетелдіктер ішкі істер органдары арқылы төлем қабілетін растамай-ақ жеңілдетілген жолмен уақытша тұру құжатын рәсімдей алады" деп жазылған министрлік хабарламасында. Уақытша тұру құжаты он жылға я шетелдіктің төлқұжатының уақыты біткенше беріледі.
Аса қажетті мамандықтар тізіміне нейрохирург, гематолог, онколог, неонатолог, эндокринолог, ғарыштық жүйелерді қамтмасын ететін инженер, мата шикізатының классификаторы, бактериолог, IT саласының архитекторы бар. Мамандықтардың тізімі министрліктің сайтында жарияланған.
t.me/azattyq
Бұған дейін Алматы әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау акциясын өткізуге рұқсат бермеген.
Белсенділер мәселеге бейжай қарамайтындығын көрсету үшін бүгін осы жерге түсте жиналуға уағдаласқан еді.
Белсенділер біртіндеп жиналып жатыр. Айналада полиция көбейді, дейді оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі. Гүл шоқтарын қойып жатқандардың көбі – ресейліктер. Олардың кейбірі билікке жақын мекемелерде істейтінін айтып, пікір айтудан бас тартты.
Читать полностью…"Санкция соққысы бізге де тиді". Ресейдің Украинаға басқыншылығы Қазақстанға қалай әсер етті?
Тура бір жыл бұрын, 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы кең көлемді соғыс бастады. Кремль "арнаулы әскери операция" деп атайтын соғыс ондаған мың адамның өмірін жалмап, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Әлемнің дамыған елдері Ресейге санкция салып, соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Агрессор мемлекетпен көрші әрі экономикалық байланысы тығыз Қазақстанға да соғыс кері әсер етті – халықтың тұрмыс деңгейі төмендеді, алайда деколонизация процесін жылдамдатты.
ОҚУ
28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. "Бұл – оның Қазақстанға алғашқы сапары" деп хабарлады 24 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөз жүргізеді. Сол күні Астанада Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат мекемелері басшылары қатысатын С5+1 форматындағы кездесу өтеді. Онда өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Блинкен 28 ақпан және 3 наурыз аралығында Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Үндістанға да сапарлайды. Ол Астанада қазақстандық ресми тұлғалармен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.
t.me/azattyq
БҚО-да Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланды
23 ақпанда БҚО Чапурино елдімекенінен 6 км жерде Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланды. Тікұшақта барлығы жеті адам болған. Экипаж "Қазтрансойл" компаниясының тапсырысымен құбырларды тексеруге шыққан.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Кейін "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы қаза тапқан төрт адам осы мекеме қызметкері екенін хабарлады.
Ақпаратқа сай, төтенше жағдай министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен. Комитет "индустрия және инфраструктуралық даму министрлігінің транспорт жағдайларын тергеу департаментінің қызметкерлері оқиға орнына ұшып шықты"деп мәлімдеді.
t.me/azattyq
Түрмеде өзін-өзі өлтірген жігіттің асқазанынан хат табылды
Алматы іргесіндегі Заречный түрмесінде жазасын өтеп жатқан Әркен Қарасай есімді азамат өзін-өзі өлтірді. 24 жастағы тұтқын өлер алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып кеткен. Марқұмның қоштасу хатына қарағанда, суицид жасауына түрме қызметкерлерінің қысымы себеп болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
t.me/azattyq
Ресейдің Украинамен шекаралас Белгород облысында Ресей қорғаныс министрлігінің ұшағы құлады.
Бұл жөнінде аймақ губернаторы Вячеслав Гладков әлеуметтік желіде хабарлады.
"Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Жағдай бақылауда" деп жазды ол Телеграм-арнасында. Ресей қорғаныс министрлігі ұшқыштың қаза болғанын растады. Қанша адамның зардап шеккені белгісіз.
Ведомствоның хабарлауынша, Су-25 ұшағы әскери тапсырмадан қайтып келе жатқан кезде апатқа ұшыраған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы ықтимал. Ресей қорғаныс министрлігі апат елдімекеннен тыс жерде болғанын айтты.
t.me/azattyq
Вице-министр "асқазанынан хат табылған" тұтқынның өліміне байланысты іс туралы айтты
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бір апта бұрын Заречный кентіндегі 155/8 мекемесінде "суицидтен" қаза болған тұтқынның өліміне байланысты іс туралы айтты. 18 ақпанда "Халық үні" (Голос народа) сайты марқұмның асқазанынан "тұтқынның өліміне кінәлі" адамдардың аты-жөні жазылған хат табылғанын жазған.
– Өткенде болған оқиға. Дұрыс айтасыз. Сараптама кезінде хат табылғаны рас. Ол туралы іс тіркеліп, қазір тергеу жүріп жатыр, – деді 23 ақпанда Марат Қожаев Азаттық тілшісіне.
Оның сөзінше "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы (105-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ешкімге айып тағылмаған.
– Қазір бір адамға айып тағылды деп айта алмаймын. Дәлелдер жиналған жоқ. Тергеу органдары жинақтаған дәлелдерге сәйкес айып тағылатын шығар. Егер кінәлі адамдар анықталса, – деді Марат Қожаев.
t.me/azattyq
Заречныйдағы тұтқынның өлімі: Прокуратура ол "асқазан ауруынан" қайтыс болды дейді, құқық қорғаушылар оқиғаға алаңдайды
Арнайы прокуратура 7 қаңтарда Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 мекемесінде қайтыс болған Денис Воронцовтың өліміне қатысты хабарлама таратып, тұтқынның өліміне "асқазан ауруы" себеп екенін мәлімдеді. Осылайша бұған дейін құқық қорғаушылар мен марқұмның туыстары айтқан азаптау туралы мәліметтерді растамады.
Екі күн бұрын Азаптауға қарсы коалиция өкілдері бас прокуратураға тұтқынның өліміне байланысты мәлімдеме жасап, оны жан-жақты тексеруге үндеген еді. Құқық қорғаушылар тұтқынға жасалған "физикалық және психологиялық қысымға" алаңдаушылық білдірген. Прокуратурадан "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеуді сұраған болатын.
t.me/azattyq
Астанадағы KaRima ресторандар желісі төңірегіндегі дау басылмай тұр. Өзбекстандық тағы бір азамат жұмыс беруші еңбегін қанайтынын, паспортын тартып алып, айлықты кем төлейтінін айтып шағымданды. Бұған дейін де Азаттық екі азаматтың осыған ұқсас шағымын көрсеткен.
t.me/azattyq
Байден Путиннің ядролық қаруды шектеу туралы келісімді тоқтатуын "үлкен қате" деп атады
АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путиннің ядролық қаруды шектеу туралы АҚШ-пен жасасқан келісімді тоқтатуын "үлкен қате" деп атады.
Байден бұл сөзін 22 ақпанда Варшавада НАТО-ның "шығыс қанатына" кіретін мемлекеттердің басшыларымен кездесу кезінде айтты. НАТО-ның "шығыс қанатына" тоғыз ел: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Эстония, Латвия және Литва кіреді. Олардың басым бөлігі Ресейге қатаң саясат қолдануды және Украинаға көмекті ұлғайтуды қолдайды.
Кездесу кезінде АҚШ президенті аталған елдерге басқыншылық қаупі төнсе, НАТО қорғайтынын айтты. Польша президенті Анджей Дуда Ресей басқыншылығынан кейін Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіне көзқарас өзгергенін алға тартып, Украинаны нақты қолдау шараларын қарастыруға үндеді.
t.me/azattyq
Иран Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флайға санкция салды
Иран билігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флайды санкция салынған 40 адам мен компанияның тізіміне енгізді. Бұған дейін Еуропа одағы мен Ұлыбритания Иранға қарсы санкциясын күшейткен. Ал оған жауап ретінде Тегеран өз санкция тізімін жариялады.
Иран сыртқы істер министрлігінің хабарламасында санкцияға ілінгендер елге кіре алмайтыны, Иранда активтері болса, тәркіленетіні жазылған.
Былтыр желтоқсанда Тегеран Азаттықтың Иран қызметіне және франциялық Charlie Hebdo журналына санкция салған. Ол кезде Флай Иран билігінің бұл шешімін "кез келген авторитар режимге тән шындықты манипуляциялайтын абсурд" деп атаған.
t.me/azattyq
Иран билігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флайды санкция салынған 40 адам мен компанияның тізіміне енгізді.
Бұған дейін Еуропа одағы мен Ұлыбритания Иранға қарсы санкциясын күшейткен. Ал оған жауап ретінде Тегеран өз санкция тізімін жариялады.
Иран сыртқы істер министрлігінің хабарламасында санкцияға ілінгендер елге кіре алмайтыны, Иранда активтері болса, тәркіленетіні жазылған.
t.me/azattyq
Таяқ жеген журналист, министрдің күдігі, Байденнің Путинге айтқаны - 22 апқан ┃AzatNEWS
📌 Алматыда журналист Данияр Молдабековті әлдебіреу ұрып кеткен. Ішкі істер министрлігі кейінгі уақытта журналистерге шабуыл жасаған 18 күдікті ұсталғанын айтты. Ақпарат министрі неден күдіктенеді?
📌 Сайлау комиссиясы Қаңтар бойынша айыпталып жатқан екі белсендіні мәслихат кандидаттығынан шеттетті. Бұған прокуратура арызы түрткі болған.
📌 Қытай дипломаттары Мәскеуге барып, Ресей басшыларымен келіссөз жүргізіп жатыр. Вашингтон Пекин Мәскеуге қару-жарақ, оқ-дәрі бермек деп қауіптенеді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
«Соғысты бастаған – солар»: Путин жолдауында не айтты?
21 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин халқына жолдау арнады. Путин Украина билігін «неонацистер» деп атап, Батыс пен АҚШ-ты сөкті. Артынша АҚШ президенті оған жауап берді.
t.me/azattyq