Ресейде түрмеде қамауда болған тағы бір қырғыз азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқаны белгілі болды.
Соғыста опат болған Қырғызстан азаматы Ерлан Ермековтің анасының айтуынша, ұлы "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы арқылы соғысқа тап болған.
Әйел ұлының өлгенін 20 ақпанда естіген.
"Ол 6 ақпанда опат болған екен. Түрмедегі балаларды соғысқа жіберудің қажеті жоқ. Мен жалғыз ұлымнан айырылдым. Өзге аналарға бұлайша қайғыдан қан жұтуына жол бермеңіздер, өзге балаларды құтқарыңыздар" деді марқұмның анасы Гүлнар Закирова.
Ақпаратқа қарағанда, Ресейде 9 жылға сотталған 30 жастағы Ерлан Ермеков Украинадағы соғысқа "Вагнер" жекеменшік әскери тобы арқылы барған. Ол соғыста шамамен төрт ай болған. Ермеков Ресейде 2019 жылы "тонау" және "зорлау" бабымен айыпталып, бас бостандығынан айырылған.
t.me/azattyq
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бұған дейін "Бәсе" арнасы хабарлаған он пәтер өзінің отбасына тиесілі болғанын растады. Ол аталған пәтерлерді өз еңбегімен тапқанын, ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын айтты.
Бұған дейін "Бәсе" арнасы Серік Жұманғарин 2016 жылы ұлттық экономика министрлігінде табиғи монополия және бәсекені қорғау комитетінің жетекшісі болып тұрған кезде "пара ретінде он пәтер алғанын", "тоғызын әйелінің атына рәсімдегенін" жазған.
22 ақпанда журналистердің сұрақтарына жауап берген Жұманғарин "интернет-арна жариялаған ақпаратты жала жабу және фактілерді бұрмалау" деп атады. Ол мемлекеттік қызметке 35-тен кейін келгенін, 90-2000 жылдары бизнес-құрылымдарда жұмыс істегенін айтты.
t.me/azattyq
"Досье": Ресей 2030 жылға қарай Беларусьті "отарлауды" көздейді
Ресей Беларусьті өзіне қосып алу жоспарын дайындады. Ол 2030 жылға қарай жүзеге асады. Бұл жөнінде ресейлік "Досье" орталығы жазды.
Журналистер зерттеген құжат "Ресей Федерациясының белорус бағытындағы стратегиялық мақсаттары" деп аталады. 17 беттік құжат 2021 жылғы жазда дайындалған. Оны РФ президенті әкімшілігі, РФ сыртқы барлау қызметі, Федерация қауіпсіздік қызметі, мемлекеттік барлау басқармасы және Ресей бас штабы әзірлеген.
Құжатта Ресей билігінің Беларусьтегі саяси, қорғаныс, сауда және әлеуметтік мақсаттары үш түрлі санатқа бөлінген – қысқа мерзім (2022 жылға дейін), орташа мерзім (2025 жылға дейін) және ұзақ мерзім (2030 жыл).
t.me/azattyq
Каспий құбыр желісі арқылы мұнай айдау тағы тоқтады. Министр түсініктеме берді
Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр желісі арқылы мұнай айдау неге тоқтағанын түсіндірді.
"Қара теңізде дауыл қалай болып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ауа райына байланысты мәселелер туындады. Жүк таситын кемеге не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Осыған байланысты мұнай айдауға болмайды, бұл қауіпті. Бейсенбі (23 ақпанда – ред.) шамамен сағат 16.00-де ауа райы қалпына келуге тиіс, сол кезде танкерлер акваторияға барып, тией бастайды" деді 22 ақпанда журналистердің сұрақтарына жауап берген министр.
Оның айтуынша, қазір мұнай айдау тоқтағанымен, мұнай өндіру жалғасып жатыр.
Жуырда ресейлік Каспий құбыр желісі консорциумы мұнай айдауды тоқтатқан еді. Компания оқиғаны ауа райына байланысты деп түсіндірген.
t.me/azattyq
Қазақстанда "саяси тұтқындар" қатарына тағы екі адам қосылды. Құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар кеңесі осы аптада 9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан мен оралдық белсенді, кәсіпкер Аслан Өтеповті "саяси тұтқын" деп таныды. Шешім 20 ақпанда Тirek.info сайтында жарияланды.
"Халық жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, оралдық заңгер Аслан Өтепов дәрігердің қағазынсыз сатылатын "Трамадол" анальгетигін сатуға бақылауды күшейтуге үндеп жүрген белсенді ретінде танылған. Ол Оралдағы дәріханалар мен тұрғын үйлерде осы препараттың емін-еркін сатылып жатқанына қарсылық білдіріп, бірнеше рет бейбіт акция өткізген. 2022 жылғы 30 желтоқсанда құқық қорғау қызметкерлері Өтеповті ұстап, ертесіне сот оны екі айға тұтқындауды сұраған тергеу органының өтінішін орындаған. Белсендіні "алаяқтық" және "пара беруге арандату" қылмысына күдікті ретінде қамаған. Тергеушілер "Өтепов әкімдіктен жер алуға көмектесем деп жергілікті кәсіпкерден пара алған" деген болжам айтады. Тағылған айыпты жоққа шығарған Өтепов өзі сынап жүрген полиция мен прокуратура одан осылайша өш алғысы келетінін айтқан. Құқық қорғаушылар оған бұлтартпас шарасы ретінде қамау шарасын қолданудың да саяси астары болуы мүмкін дейді.
t.me/azattyq
Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат берді. Феминистер марш өткізуді қалаған
Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда әйел құқығы үшін митинг өткізуге рұқсат берген. Бұл туралы Азаттыққа митинг ұйымдастыру комитеті хабарлады. Ұйымдастырушылар әкімдік "митингіге рұқсат бергенін феминистерге емес басылымдарға хабарлағанынан" наразы.
Бұған дейін феминистер әкімдікке 8 наурызда марш ұйымдастыруға өтініш тастаған. Бірақ жергілікті билік сол күні марш өтетін жер әкімдіктен тапсырыс алған "Еріктілер лигасына" берілді деп, маршқа рұқсат бермеген еді.
"Бізде таңдау аз болды" дейді митинг ұйымдастырушылардың бірі Фариза Оспан. Оның сөзінше, әкімдік "Сарыарқа" кинотеатры артындағы сквер мен Ганди ескерткіші орналасқан паркті ұсынған.
t.me/azattyq
Адамдардың мүмкіндігін арттырғысы келетін Дина
Арбаға таңылған Дина Омарбекова мүгедектігі бар адамдарға көмектесетін кеңсе ашқысы келеді. Ол бисерден жасаған заттарын сатып, орталық ашуға қаражат жинап жүр.
t.me/azattyq
Жамбылда қаза болған жауынгер туралы әскери прокуратураның мәлімдемесімен адвокат келіспейді
Адвокат Сержан Пірәлиев Қазақстан бас әскери прокуратурасының сарбаз өліміне қатысты таратқан мәлімдемесі "жалған" деп есептейді. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне айтты.
21 ақпанда Қазақстаның бас әскери прокуратурасы Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың сексуал зорлық көргені туралы мәлімет расталмағанын, өзі өзіне қол салуға итермелеген болуы мүмкін деген күдікті ұсталғанын хабарлаған.
Алайда күдіктінің адвокаты Сержан Пірәлиевтің айтуынша, "сексуал зорлық көргені расталмады" деу үшін молекулярлық генетикалық сараптама қорытындысы толық шығуы керек, тергеу бітуі керек. Бірақ әлі ешқайсысы аяғына жетпеген.
t.me/azattyq
20 ақпанда таңертең Түркия мен Сирия шекарасында болған зілзаладан 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланған. Бұл ақпаратты Reuters жариялады.
Түркияда алты адам өлгені туралы Түкрияның табиғи апат салдарын жою басқармасына сілтеп Hurriyet газеті хабарлады. Бұл ақпаратта 294 адам зардап шеккені айтылған.
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның сөзінше, 18 адам ауыр жараланған. Оларды Адана мен Дөртйол қалаларына жеткізген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
t.me/azattyq
Кандидаттардың үгіт-насихаты даудан басталды
19 наурызда өтетін парламент сайлауына кандидаттар арасында үгіт-насихат қағаздары бүлініп жатқанын айтқан шағым жиіледі. Кейбірі билік партиясы — «Аманатты» айыптайды.
t.me/azattyq
Киркоров концерт қойды, Гагаринаға рұқсат берілмеді. Қазақстанда Z-әншілерге қарсылық қай шамада?
Ресей Украинаға басып кіргені үшін санкцияға іліккенде, әртістердің көбі бұрынғыдай жер-жерде концерт өткізу мүмкіндігінен айырылды. Әсіресе соғысты ашық қолдағандар Украинаның "ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұлғалар" тізіміне енді. Нәпақа тауып жүрген нарығынан айырылған жұлдыздар Қазақстанға ағылды. Бірақ бұл жақта да оларды бәрі бірдей құшақ жая қарсы алып жатқан жоқ.
ОҚУ
t.me/azattyq
Түркияда тағы да қатарынан екі рет жер сілкінді
20 ақпанда Түркияның оңтүстігінде екі рет жер сілкінді. Бірінің магнитудасы – 6,4, бірінікі – 5,8. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады. Зілзала Сирия, Ливан, Мысыр, Кипр, Израиль және Иракта да сезілген.
t.me/azattyq
"Путин оңбай қателесті". Байденнің Киевке сапары жайлы не белгілі?
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы.
ОҚУ
t.me/azattyq
Ресей Солтүстік Корея мен Иран азаматтарына виза беру процесін оңайлатты
Ресей үкіметі Солтүстік Корея мен Иран және Азияның өзге де бірнеше елінің азаматтарына виза беру тәртібін оңайлатты. Бұл елдердің азаматтары қонақ үйді алдын ала белгілеп, визаны жарты жылға ала алады.
Оңайлатылған тәртіппен виза берілетін тізімде 19 ел тұр. Солтүстік Корея мен Ираннан өзге Қытай, Үндістан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия, Мексика, Сербия, Таиланд, Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бахрейн, Бруней, Камбоджа, Лаос, Мьянма және Оман бар.
t.me/azattyq
Түркияда тағы да жер сілкінді. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар
20 ақпан Түркияда жергілікті уақыт бойынша сегіз шамасында (Алматы уақытымен 23:00 шамасында) магнитудасы 6,4 және 5,8 балл болатын екі жер сілкінісі болды. Жер дүмпуінің эпицентрі Сириямен шекара маңындағы Хатай провинциясында тіркелген. Зілзала Антакья және Самандаг қаласында қатты сезілген. Бұл туралы түркиялық басылымдар мен халықаралық агенттіктер хабарлады.
Түркия ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу 20 ақпандағы жер сілкінісінен кемі үш адам қаза тауып, 213 адам жараланғанын хабарлады. Қираған ғимараттар да бар.
Түркия билігінің мәліметінше, Хатай провинциясында жарық сөніп, біраз ғимарат зақымданған. Хатай әкімдігі үйінді астында адамдар болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатқаны да айтылды.
t.me/azattyq
QazaqGaz және "Газпром" Ресей – Қазақстан – Қытай арасында газ құбырын тарту мәселесін қарастырып жатыр
Қазақстандық QazaqGaz және ресейлік "Газпром" Ресей – Қазақстан – Қытай арқылы өтетін халықаралық газ құбырын салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде 22 ақпанда Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов сөзіне сүйенген "Власть" сайты хабарлады.
Сайттың жазуынша, Қазақстан энергетика министрлігі қазір Қазақстанның шығыс өңірін газбен қамтамасыз етудің екі жолын қарастырып жатыр. Бірі - Қостанай – Астана – Павлодар – Семей – Өскемен бағыты бойынша газ құбырын салу және Ресей газын импорттау. Алғашқысы "кәдімгідей қаражатты талап етеді", екіншісін QazaqGaz бен ресейлік "Газпром" талқылап жатыр.
"Қазіргі кезде QazaqGaz "Газпроммен" бірге Ресей – Қазақстан – Қытай халықаралық газ құбырын салу мәселесін зерттеу үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жағын қарастырып жатыр" деді Болат Ақшолақов.
t.me/azattyq
Министр масс-медиа туралы жобада дау тудырған кейбір пунктті "алып тастауға күш салатынын" айтты
Қоғам сынынан кейін 22 ақпанда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі масс-медиа туралы даулы жобадағы "рұқсат алу" туралы пунктіге бірқатар өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Жобаның қазіргі нұсқасында техногенді апаттан бастап, жаппай тәртіпсіздік пен қарулы қақтығысқа дейінгі кез келген төтенше жағдайда журналистер өкілетті тұлғалардан рұқсат сұрауы керек деп жазылған.
Сәрсенбі күні ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі енді бұл ережеден "техногенді сипаттағы жағдайлар" алынуы мүмкін екенін айтты. Яғни, айталық Екібастұздағы сияқты апатты жағдайлар болған кезде журналистер рұқсат сұрауға міндетті емес болады.
t.me/azattyq
Журналист Данияр Молдабеков белгісіз біреу подъезде бетінен ұрып кеткенін хабарлады. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті
22 ақпанда таңертең журналист Данияр Молдабеков маска таққан белгісіз біреу подъезде бетінен ұрып кеткенін хабарлады.
"20 минут бұрын медициналық маска таққан біреу бетімнен ұрып, "тұмсығыңды сұқпа" деді. Подъезде болған жағдай" деп жазды журналист.
Азаттық тілшісі оқиға орнына барған кезде жедел жәрдем қызметкерлерінің журналиске көмектесіп жатқанын көрді. Оқиға орнына полиция да келген.
Журналистің айтуынша, оқиға 22 ақпан таңертеңгі сағат 10-ға таман өзі тұрып жатқан үйдің подъезінде болған.
Жедел жәрдем қызметкерлері Данияр Молдабековті ауруханаға әкеткен.
t.me/azattyq
Батыс пен Киевке күйе жағу, Ресейдің "тоналған" бизнесмендері. Путин жолдауында не айтты?
Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Федерация жиналысындағы жолдауында Украинаға ашқан соғысын ақтауға тырысып, Батысты тағы да жамандады. Оның бір сағаттан аса уақытқа созылған жолдауының көбі сол АҚШ, Еуропа елдері мен НАТО-ны айыптауға кетті.
ОҚУ
t.me/azattyq
Алматы мен Астанада "журналистерге қарсы қылмыс жасады" деген күдікпен 18 адам ұсталды
Полиция "журналистерге қарсы заңсыз әрекет жасады" деген күдікпен 18 адам ұсталды. Бұл туралы мәлімет Polisia telegram-арнасында жарияланды.
Мәліметте 2022 жылғы қыркүйектен бастап 20 ақпанға дейінгі аралықта Алматы мен Астанада "алты журналист пен блогерге, сонымен бірге олардың қызметіне қатысы бар бір адамға қарсы бірнеше заңсыз әрекет жасалғаны" айтылған. Журналистер мен блогерлердің аты-жөні хабарланбады.
"Жәбірленушілердің жылжымайтын мүлкін бүлдіру, автокөліктерін өртеу, түрлі заттар жолдау арқылы қорқыту, терроризм акті туралы жалған хабар тарату, азаматтық жеке мәліметтерін интернетте жариялау қылмыстары жасалған", - деп хабарлады ІІМ.
t.me/azattyq
Путиннің жолдауы, сарбаз өлімі, "Төзбе" қосымшасы - 21 ақпан I AzatNEWS
📌 Ресей президенті халыққа жолдау оқыды. Батысты сөгіп, Украина билігін "неонацистер" деп айыптаған сөзіне қарағанда соғыс жақын арада тоқтамайды.
📌 Жамбыл облысында әскери заставада суицид жасап қайтыс болды делінген сарбаздың оқиғасында "сексуалды зорлық-зомбылық жоқ" деді Бас әскери прокуратура. Күдіктінің де, марқұмның да адвокаты қадағалаушы орган мәлімдемесімен келіспейді.
📌 Алматыда оқушылар тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшырайтындарға арналған "Төзбе" қосымшасын таныстырды. Жаңалықты заңгер жақсылыққа балап отыр.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» - «Аманат» партиясынан шықты ма?
«Нұр-Отан» партиясы Назарбаевтың кезінде ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс партияға айналды. Қарапайым жұрт сайлау жәшігіне бюлллетеньді уыстап салып тұрып, «нан ұрсын дауысымды «НұрОтанға бердім» дейтін болды. Қаңтар оқиғасынан «Аманатқа» айналып, мүлде басқа партия ретінде сипаттай бастады. Алайда, өзгелер секілді Назарбаев та «Аманат» партиясына көшті ме деген сұраққа жауап беруге қиналады.
Сілтемесі👉https://youtu.be/dq7e-_8v-8o
Саратов әскери институтында оқып жүрген Қазақстан курсанты өлі күйінде табылған
Саратовтағы Ресей әскери институтында оқып жүрген Қазақстан курсантының денесі табылған. Бұл туралы Ресей БАҚ-тарының хабарын Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарайтын Polisia.kz сайты растады.
"19 ақпанда Ресей Федерациясының ұлттық гвардиясына қарасты Саратов әскери институтында Қазақстан ұлттық гвардиясының әскери қызметкері, үшінші курс курсанты қаза болды",- дейді ресми ақпарат.
t.me/azattyq
Садыр Жапаров Қырғызстанның экс-президенттерімен Дубайда неге кездескенін айтты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстанның бұрынғы президенттерімен Дубайда кездескені туралы айтты.
Оның сөзінше, Дубайда кездесу ұйымдастырардан бұрын Бішкекте Алмазбек Атамбаев пен Сооронбай Жээнбеков сөйлескен. Жапаров олар "бір-бірін кешіріп, татуласты" дейді.
"Одан кейін Дубайда кездесу ұйымдастырылды. Әрқайсысымен жеке сөйлесіп, Дубайға шақырдым. Бірақ оларға өзге де бұрынғы президенттер келетінін айтқан жоқпыз. Ол рас. Өйтпесек, кейбірі келмей қалуы мүмкін еді. Кездесу кезінде олардың ешбіріне қаржы немесе саяси тұрғыдан қарыздар емес екенімді, президент болғаныма ешбірінің қатысы жоқ екенін айттым. Кездесудің басты мақсаты – келісімге келу. Лидерлер келісімге келмесе, оларды қолдаушылармен келісімге келу қиын. Сол себепті олар өз жақтастарын татулыққа, бірлікке шақырғаны жөн" деді Жапаров.
t.me/azattyq
Апелляция соты: Бақытгүл Хаменованың үкімі күшінде қалды, Ақылбек Рысқалиев пен Өміртай Адамовтың жаза мерзімі азайды
Бүгін, 21 ақпанда Атырау облыстық сотының апелляция алқасы Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату үшін 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталып, 7 жылға бостандығынан айырылған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға бірінші инстанция соты шығарған үкімді күшінде қалдырды. Хаменовамен бірге айыпталған Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы жетекшісі Ақылбек Рысқалиев пен "Балқыту" компаниясының директоры Өміртай Адамовқа берілген жаза мерзімін азайтылды.
t.me/azattyq
Әскери прокуратура: Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз сексуал зорлық көргені расталған жоқ
21 ақпанда Қазақстаның бас әскери прокуратурасы Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың сексуал зорлық көргені туралы мәлімет расталмағанын хабарлады.
Әскери прокуратураның хабарында "сарбазды өз-өзіне қол салуға жеткізген" деген күдікпен аталған заставаның әскери қызметкері тергеліп жатқаны айтылған. Тергеу мәліметіне қарағанда, Бекбол Мирашты да, басқа сарбаздарды да күдікті үнемі ұрып-соғып, қорлаған. Әскери қызметкер қамауға алынған.
Прокуратура адвокаттардың тәртіп комиссиясы күдіктінің адвокаты, қылмыстық іс бойынша кей жайттарды жариялаған Сержан Пірәлиев әрекетін арнайы қарастыратынын мәлімдеген.
t.me/azattyq
Ресей Украинаның Запорожье облысында окоп қазғызған өзбек, тәжік жұмысшылары жалақысын ала алмаған
Бір топ өзбек және тәжік жұмысшысы Ресей басып алған Запорожье облысында окоп қазғаны үшін еңбекақы ала алмай жүргеніне шағымданған. Бұл жөнінде Baza тelegram-арнасы хабарын Азаттықтың Өзбек редакциясы жариялады.
Басылым мәліметіне қарағанда, жұмысшыларға 800 000 рубль төлеуге уәде берілген.
Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген 33 құрылысшы қаңырап қалған үйге орналасып, жұмысқа кіріскен. Окопты трактормен қазып, содан соң бөренемен бекіткен.
Әминжон есімді тәжік құрылысшысының Baza-ға айтуынша, жұмыс аяқталған соң оған 595 000 рубль төлеген. Жұмысшылар қалған ақшасын ала алмаған.
t.me/azattyq
Германия сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын Ресейге барудан тартына тұруға шақырды. Онда Ресейде жүрген немістерге, әсіресе, 20 ақпаннан 26 ақпан аралығында Ресейде ресми іс-шара көбейіп, қауіпсіздік күшейтілетін кезде сақ болу жөнінде де айтылған.
Германия сыртқы істер министрлігі Германия мен Ресей азаматтығын қатар алып жүрген адамдарға арнайы тоқталып, Ресей билігі оларды тек Ресей азаматы ретінде қарастыратынын, сондықтан қандай да жанжал туа қалса, мәселен әскери қызметке әкете қалса, Германия консул жәрдемін бере алмайтынын ескерткен.
Неміс сыртқы істер министрлігі, әсіресе Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармаған жөн болатынына назар аудартқан.
t.me/azattyq
Әлемнің отыздан астам елі Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы бастаманы қолдады. Бұл жөнінде Reuters Ұлыбритания үкіметінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.
АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қол қойған бірлескен мәлімдемеде бастамаға Ресейдің Украинаға жасағана шабуылы түрткі болғаны көрсетілген.
"Ресей мен Беларусь спортшылары бейтарап статуспен жарыстарға қатысып жүргенімен, оларды шын мәнінде мемлекет қаржыландырып отырғаны белгілі", - дейді мәлімдемеде.
Құжатта "Беларусь пен Ресей спортшылары халықаралық спорт қауымдастығына өз елдері бастаған соғыс аяқталған соң ғана қосыла алады" деп жазылған.
t.me/azattyq
AzatNews 20.02.2023
- АҚШ президенті Джо Байден Украинаға барды. Бұл сапар алдын ала хабарланбаған. Екі ел басшыларының кездесуінде не айтылды?
- Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды. Бірнеше өңірде заңбұзушылық тіркелді. Біреу жауапқа тартылды ма?
- Қырғызстанның экс-президенттері бас қосты. Қазіргі президент Садыр Жапаров бұл әрекетке елдің бірлігі үшін барғанын айтты. Кездесу Дубайда өткен.
- "Гиперборей" Youtube арнасы операторының екі көлігін әлдекімдер өртеп жіберген. Оператор Роман Егоров та, арна авторы Вадим Борейко да мұны кәсіби қызметімен байланыстырады.
КӨРУ