Бүгін, 20 ақпанда Алматыда Нөкістегі оқиға мен қамаудағы қарақалпақ белсенділеріне қатысты баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысын жариялады.
Баспасөз мәслихатына Өзбекстандағы конституциялық өзгеріске қарсы наразылыққа шыққаны үшін сотталған адвокат әрі журналист Дәулетмұрат Тәжімұратовтың қарындасы Мария Тәжімұратова да қатысты.
Нөкіс пен Бұхара қалаларына барып, осы оқиғаға байланысты сот процесін бақылаған Liberty құқық қорғау ұйымының жетекшісі Ғалым Ағелеуовтің айтуынша, көтеріліс кезінде қаза болғандар ресми мәліметтегіден әлдеқайда көп.
"Қазірге дейін 50 адамның аты-жөні мен мекенжайы анықталған, жеке дерегі табылмағандар да бар. Өзбекстан үкіметінен, бас прокуратурасынан, адам құқықтары жөніндегі комиссиясынан ақпарат сұраймыз. Адам құқығына нұқсан келтіретін сәттерді анықтау керек. Келешекте тағы қайталанбас үшін өзбек билігінің өзі де бұған мүдделі болуға тиіс" деді ол.
t.me/azattyq
Politico: АҚШ Украинаны қарсы шабуыл ұйымдастыруды баяулатпауға шақырады
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украина билігін қарсы шабуыл ұйымдастыруды баяулатпауға шақырады. Бұл жөнінде дүйсенбіде Польшаға барғалы отырған Байдан сапары қарсаңында Politico басылым үлкен материал жариялады. Байден Киевке Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толғанда сапарлап отыр.
Politico жазуына қарағанда, Американың көптеген ресми өкілдері Украинадағы майдан сын сәтке жақындады деп санайды. Олардың ойынша, Украина былтыр күздегі жетістігін сақтап қалу үшін қарсы шабуыл ұйымдастыруға асыққаны жөн. Тағы бір фактор - уақыт: Вашингтон қазір Украинаға қызу қолдау білдіріп отырған Батыс елдерінің екпіні бәсеңдеп, Украинаға беріліп жатқан қару азайып қала ма деп қауіптенеді.
t.me/RadioAzattyq
Бүгін Астана қаласындағы халыққа арнаулы қызмет көрсету орталығының алдына жүздеген адам жиналып, Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктерін мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы аяқталғанға дейін тіркеуді бастауды талап етті.
Акцияға қатысушылардың сөзінше, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған рақымшылық туралы заң бойынша заңсыз көліктерді тіркеу басталғанына бірнеше ай болса да, даулы көліктер мәселесі шешілмеген. Олар мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы аяқталғанша даулы көліктер мәселесі шешіліп, тіркеуге алынуға тиіс, әйтпесе мәселеміз сайлаудан кейін ұмытылады дейді.
Акцияға келгендердің сөзінше, шетелден заңсыз әкелінген көліктердің түр-түрі кездеседі. Оның ішінде шетелден Ресейге автобөлшек ретінде жеткізіліп, Ресейден техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір алған соң, Қазақстанға автокөлік ретінде кірген мәшинелер де бар.
t.me/azattyq
Түркияға жіберілген киіз үйлер тігіліп бітті
Түркияның Қаһраманмараш қаласында қазақстандықтар жіберген 100-ден астам киіз үй тігілді. Жұрт киіз үйлерге жайғасып, алғыс айтып жатыр. Одан бөлек, еріктілер жапа шеккендерге киім-кешек пен тамақ таратқан.
t.me/azattyq
"Гиперборей" арнасының авторы, алматылық журналист Вадим Борейко 20 ақпанға қараған түні операторының екі автокөлігі жарылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"20 ақпанға қараған түні менің операторымның екі мәшинесін үйінің жарып кеткен", — деп жазды Борейко.
Бұл оқиға туралы полиция әзірге ақпарат таратқан жоқ. Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі кейінірек ақпарат беруге уәде берді.
t.me/azattyq
Украина мен Ресей бірін-бірі "ядролық бопсамен айналысып отыр" деп айыптады
Украина жеріне жасаған басқыншылығының бір жылдығы қарсаңында Ресей ядролық қарумен мейлінше кең ауқымды жаттығу жасауды көздеп отыр. Бұл ақпаратты Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы таратты. Ресей жаттығу жөнінде әзірге хабарлаған жоқ.
Украина ақпаратына қарағанда, Ресей орталықтандырылған әскери "Монолит" басқармасы жүйесін тексерістен өткізіп, ең жоғары дайындыққа келтірген. Ресейдің стратегиялық ядролық қарулы күштері жерден баллистикалық зымыран, әуеден қанатты зымыран ұшыруға дайындалып жатыр.
t.me/azattyq
Алматыда Ганди саябағында бірмандатты округтер бойынша мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелген белсенділер алғашқы "үгіт-насихат митингісін" өткізді
Өздерін "тәуелсіз кандидаттармыз" деп атаған топ парламентке "түйме басып отыратын емес", нағыз тәуелсіз еркін адамдар өтуі керектігін алға тартып, сайлауды тәуелсіз бақылаудың маңыздылығын атап өтті.
50-ден аса адам жиналған митингіге қала әкімдігі рұқсат берген.
Шамамен екі сағатқа созылған шарада сөйлегендер сайлау жүйесіндегі кемшіліктер, билік пен халық арасындағы диалогтың аздығын, биліктің саяси күштерге шынайы бәсекелесуіне жол бермей отырғандығын айтып, сынады.
t.me/azattyq
Ходорковский Мюнхенде: Батыс елдері әскери қимылдар ушығып кетеді деп қорықпауға тиіс
Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда Ресей оппозициясы өкілдерімен кездесу өтті. Оған Михаил Ходорковский, Гарри Каспаров, Жанна Немцова және "Мемориал" құқық қорғау тобының өкілі Ирина Щербакова қатысты.
Гарри Каспаров Ресей қоғамында оң өзгерістер туындауы үшін Украина соғыста жеңуге тиіс деді. Оның пікірінше, Ресей халқы соғыста жеңілгенін мойындауы керек. Қырым Украинаға қайтарылса, халық соны түсіне бастайды деді.
t.me/azattyq
"Қателескендерін мойындады, бір-бірін кешірді". Жапаров барлық экс-президенттермен кездесу өткізгенін хабарлады
Мұндай сипаттағы кездесу бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Жапаров жазбасында кездесу қашан және қай жерде өткенін айтпады. Оның сөзінше, бұрынғы президенттер өткен оқиғаларлы талқылап, бірігу бастамасын қолдаған.
"Әрине, бұрынғы президенттер ащы сөздер айтты, іштегі реніштерін шығарды, қателескендерін мойындады. Ең бастысы олар бір-бірін кешіре алды. Менің мақсатым да осы еді. Иә, саясатта әрқайсысының кемшіліктері болды, қайғылы оқиғалар мен қантөгістер болды" деді президент.
t.me/azattyq
Аумақтық сайлау комиссиясы Әйгерім Тілеужанды мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартты
18 ақпанда үміткерлерді тіркеу аяқталуына 15 минут қалғанда комиссия мүшелері Тілеужанның сайлау жарнасын төлеген банк құжатына күмән келтірген.
"Әйгерім Тілеужан 17 ақпанда жарна төлегені туралы түбіртек ұсынды. Үміткерді тіркеуге негіз болатын құжатты үйқамақта отырып ұсынғандықтан, құжаттың дұрыстығы күмән туғызады. Сол үшін Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде Әйгерім Тілеужан Еркінбайқызын тіркеуден бас тартады" деп жазылған комиссия берген хаттамада.
t.me/azattyq
Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза болғандар 45 мыңнан асты
Reuters-тің жазуынша, Түркияда 39 672 адам, Сирияда 5800-ден астам опат болған. Екі елде қанша адам жоғалып кеткені белгісіз.
Түркия тұрғындары билік пен құрылыс компанияларын сейсмикалық жағынан қауіпті аудандарда көпқабатты үй салған кезде "тиісті стандартты ескермеді" деп айыптап жатыр. Елде қираған ғимараттарға қатысты тергеу амалдары басталды, 100-ден астам күдікті ұсталған.
t.me/azattyq
Былтыр күзде жылу электр орталығындағы апаттан кейін жылусыз қалған Екібастұз тұрғындары үйлеріндегі батареялар тағы суып кеткенін хабарлады
"Тағы не болды? Батареялар мұздай! Пәтерде тоғыз градус" деп жазды Екібастұз тұрғындарының бірі Майра Әйткенова Telegram-дағы "Екібастұз мәселелері" чатында. Бұл чатты тұрғындар былтыр күздегі апаттан кейін ақпарат алмасу үшін ашқан.
t.me/azattyq
Ақпанның алғашқы екі аптасында Украинадағы соғыста қаза болған ресейліктер алдыңғы айлармен салыстырғанда бес есе көбейіп, кемінде 1679 адамның өлімі расталған.
Басқыншылық басталғалы бергі Ресей армиясы осынша көп шығынға ұшырамаған. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі хабарлады. Аталған редакция "Медиазона" және еріктілер тобымен бірігіп, Украинадағы соғыста қаза болған ресейлік солдаттардың тізімін жасап келеді.
2023 жылдың 17 ақпанына дейін журналистер 14 709 солдаттың қаза болғанын растата алған. Қаза болғандардың басым бөлігі – еріктілер, "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жалдамалы қызметкерлері мен мобилизацияланғандар.
t.me/azattyq
Қытайдың Үрімжі қаласында күштік құрылымдар журналист Жанаргүл Жұматайды ұстады, деп жазды Eurasianet сайты.
47 жастағы Жанаргүл Жұматайды полиция 10 ақпанда әпкесінің үйінен ұстап әкеткен, деп жазды журалистпен жиі хабарласып тұрған дат ғалымы Рун Стинбергке сүйенген басылым.
Стинбергтің айтуынша, Жанаргүл Жұматайдың бауырлары да журналистің ұсталғанын растаған. Дат ғалымы Eurasianet басылымына Жанаргүл және полиция қызметкерлері арасында ұстауға дейін болған телефон әңгімені жіберген. Жазбада Жанаргүл Жұматай компартия мүшелерінің үйіне келгенін қаламайтынын айтып, оның мазасын алмауды өтінген.
Жанаргүл Жұматай бұған дейін тарихи отаны Қазақстанға кеткісі келетінін мәлімдеген.
t.me/azattyq
Қазақстан наурыз айында Германияға ресейлік "Достық" құбыры арқылы 100 мың тонна мұнай тасымалдайды, оған дейін тараптар коммерциялық және заңдық мәселелерді шешеді.
Бұл жөнінде келіссөзден хабары бар екі дереккөзге сүйенген Reuters хабарлады.
Reuters'тің жазуынша, "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық компаниясы ресейлік "Транснефть-тің" құбыр жүйесі арқылы немістің Шведт қаласындағы өңдеу зауытына мұнай жеткізуі мүмкін. Дереккөздердің айтуынша, негізгі көлемі Батыс Қазақстан облысы Қарашығанақ кенішінен тасымалданады. ҚМГ-ның осы ірі кенішті игеріп жатқан Karaсhaganak Petroleum Operating компаниясында үлесі бар.
t.me/azattyq
«Үрдіске айналып барады»: Журналист Вадим Борейкомен жұмыс істейтін оператордың екі көлігі жарылды
YouTube-тегі «Гиперборей» арнасының авторы, алматылық журналист Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында 20 ақпанға қараған түні операторының екі автокөлігі жарылғанын хабарлады.
t.me/azattyq
АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбіде Киевке барды. Оның Украина астанасына сапары алдын ала хабарланған жоқ.
"Украина сейчас" телеграм-арнасы Украина президенті Владимир Зеленский мен Джо Байденнің әуе дабылы астында Украина қорғаушыларына арналған мемориалға барғаны көрінетін видео жариялады.
Байден сапары туралы әзірге ресми хабар тараған жоқ.
Украина сыртқы істер министрлігі Киев бүгін Батыстағы "негізгі" серіктерінің бірінің басшысын күтіп отырғанын бұған дейін хабарлаған. Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылар Украина астанасында таң атқалы бірнеше көшенің жабық тұрғанына назар аударған.
Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Мельник Ресейдің Украинаға басқыншылығының бір жылдығы қарсаңында қарай "тосын сый" дайындалып отырғанын мәлімдеген.
t.me/RadioAzattyq
"Ресейдің отаршыл держава ретіндегі тарихы әлі жазылған жоқ". Реваншизм, империализм және деколонизация туралы сарапшымен сұхбат
Ресей қоғамында рефлексия жоқ. Постсоветтік елдердегі өтпелі процестерді зерттеумен айналысып жүрген әлеуметтанушы, АҚШ-тағы Питцер колледжінің профессоры Азамат Жүнісбай осылай дейді. Ол Ресейде колонизация, ксенофобия және расизмге қатысты мәселелерге көзқарас өзгермейінше, Кремльде кім отырғаны маңызды емес деп есептейді. Сарапшы Азаттыққа Украинадағы соғыс Қазақстандағы деколонизация процесіне қалай әсер еткенін, Владимир Путиннің либерал қарсыластарының антиимпериализм идеясынан алшақ болу себебін, отарлаушы өткен шақтан арылу неге баяу, бірақ түбегейлі процесс екенін түсіндірді.
ОҚУ
t.me/azattyq
20 ақпанда Бішкектің Ленин аудандық соты Азаттықтың Қырғыз редакциясының жұмысын тоқтату туралы Қырғызстан ақпарат министрлігінің талап арызы бойынша алдын ала сот тыңдауын өткізді.
Отырыс басында Азаттықтың адвокаты Акмат Алагушев сотқа БАҚ өкілдерін қатыстыруды сұраған. Оған Қырғызстанның ақпарат министрлігі қарсы болып, алғашқы 10 минутты ғана түсіруге рұқсет беруді өтінген. Судья министрліктің өтінішін қабылдаған.
Сот тыңдауы барысында судья қырғыз ақпарат министрлігіне талап арызды нақтылап жазуды тапсырып, келесі сот отырысын 6 наурызға қалдырды.
t.me/azattyq
"Навальный" фильмі BAFTA сыйлығының лауреаты болды
Канада режиссері Дэниэл Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі кино өнері саласындағы Ұлыбританияның басты сыйлығы - BAFTA кино академиясы сыйлығының лауреаты болды. Сыйлық "Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша берілген. Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі 19 ақпанда өтті.
Канада режиссері Дэниэл Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі кино өнері саласындағы Ұлыбританияның басты сыйлығы - BAFTA кино академиясы сыйлығының лауреаты болды. Сыйлық "Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша берілген. Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі 19 ақпанда өтті.
t.me/azattyq
ОСК: Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған 125 адамның өтініші мақұлданбады
Бірмандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған 435 адамның өтініші қабылданды. Комиссиялар 125 адамды кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан. Қалған 45 адам өтінішін өз еркімен қайтып алған. 19 ақпан күні орталық сайлау комиссиясының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін мәжіліс сайлауына бірмандатты сайлау округтері бойынша 609 кандидат ұсынылғаны айтылған еді: 525-і – өзін-өзі ұсынғандар, 84-ін түрлі ұйымдар мен саяси партиялар ұсынған.
"29 бірмандатты округтер бойынша 435 кандидат тіркелді. Орташа есеппен алғанда, әр мандатқа 15 кандидаттан тиеді. Ең жоғары бәсекелестік Астанадағы №1 және №2 округтерде байқалды: аталған округтерде 41 және 42 кандидат тіркелген. Алматыдағы №3, №4, №5 округтерде 37, 33 және 34 кандидат тіркелген. Ең төмен бәсекелестік Түркістан облысындағы №25 округте – мұнда 5 кандидат бар" деді орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. Оның сөзінен "Власть" сайты үзінді келтірді.
t.me/azattyq
"Батыс елдерін араздастырғысы келген Владимир Путин дегеніне жете алмады" деді 18 ақпанда Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеген АҚШ вице-президенті Камала Харрис
Америкалық саясаткер Вашингтон Украинаға ұзақ уақыт көмектесуге ниетті деді.
"АҚШ тәуелсіздіктің маңызын түсінеді" деді Харрис.
t.me/azattyq
Автократтар апаттан да ұпай жинауға үйір
Тарихтағы ауыр зілзаланы өткерген Түркияда президент қоғамды тұтастыққа, бірлікке шақырып отыр. Он мыңдаған адам қаза болған табиғат апаты Ердоған билігінің қатаң сыналуына себепші болды. Биліктің кейбір әлеуметтік желіні бұғаттап, сынды қабылдамауы авторитаризм көрінісін байқатады. Апат кезінде мәліметтерді бұрмалап, саяси ұпай жинау Орталық Азияда бұрыннан бар.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
18 ақпанда Қарағандыда аудандық прокуратура өкілдері мәжіліс сайлауына қатыспақ болған құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетовке әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы қаулы тапсырды
Айтмағанбетовке 8 ақпан күні әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеоэфир кезінде "сайлауды талқылады" деген айып тағылып отыр. Айтмағанбетов ол кезде депутаттықтан үміткер ретінде тіркеліп үлгермеген.
t.me/azattyq
Журналист Михаил Козачков изолятордан үйқамаққа ауыстырылды
Бұл жөнінде сенбі күні "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы хабарлады.
Козачковты 18 желтоқсанда қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Екі күннен соң сот оны екі айға қамады. 30 қаңтарда сот оның қамау мерзімін 18 наурызға дейін ұзартқан.
t.me/azattyq
18 ақпанда Астана уақыты 18.00-де мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталып, үгіт-насихат кезеңі басталды
Ол 18 наурызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Бұдан соң "тыныштық күні" болады. Кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді.
t.me/azattyq
"Масс-медиа" туралы заң жобасына қарсы митинг өткізуге рұқсат ала алмаған "Құқықтық медиа-орталық" ұйымының өкілдері 18 ақпан, сенбі күні өздері сұраған орында ешқандай шара өтпегенін айтып, видео жариялады.
Бұған дейін Астана қаласы әкімдігі құқық қорғаушыларға аталған орын 18 ақпанда бос болмайтынын, онда бейбіт жиын өтетінін хабарлаған еді.
"Мұнда бізден басқа ешкім жоқ... Астана қаласы әкімдігіне сұрақ: қандай негізде бейбіт митинг өткізуге неге рұқсат берілмеді" деді видеода Гүлмира Біржанова.
t.me/azattyq
16 ақпанда Мәскеудің Домодедово әуежайында ұсталып, Шешенстанға жеткізілген шешенстандық гей Идрис Арсамиков "Шешенстанда құқығы бұзылмағанын және Украинадағы соғысқа баратынын" мәлімдейді.
Арсамиков бірнеше жыл бұрын Нидерландыдан саяси баспана алған. Ол Шешенстанда өзін гей болғандығы үшін қудалап, азаптағанын және елінде оны өлім күтіп тұрғанын айтқан. Құқық қорғаушылар оған видеомәлімдемені күштеп жазғызуы мүмкін деп санайды.
t.me/azattyq
«Назарбаевқа бағытталған кезекті соққы» және Мәскеудің Батыс компанияларын «қаралау науқаны»
«Қазақстан прокуратурасы экс-президентпен байланысты Jusan тобының активтерін елге қайтаруды көздейді», бұл Назарбаевқа бағытталған соққы ма? «Мәскеу Қазақстан халқын елде мұнай өндіретін Батыс компанияларына қарсы қоюға әрекеттеніп жатыр», бұл Ресейге не үшін керек? Қазақстан жастарының Ресей жайлы пікірі қандай? Батыс басылымдары бұл аптада осы сұрақтарға жауап іздеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Оралда азаматтық белсенді Орынбай Оқасов сот шешімімен 15 күнге әкімшілік қамауға алынды. Ол сонымен бірге 8 жылға жүргізуші куәлігінен де айырылды.
Әкімшілік сот судьясы Руслан Сейітқалиев Оқасовты "ішімдік ішкенін-ішпегенін тексергісі келген полиция қызметкерінің талабына бағынбады" деп таныды.
Полиция хаттамасындағы ақпаратқа қарағанда, 9 ақпанда полиция ықзметкерлері Орал ортасында "көлік құралын сау күйінде айдамау белгілері" байқалған Оқасовтың көлігін тоқтатқан.
t.me/azattyq