azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд АҚШ Украинаның аннексияланған Қырымдағы ресейлік әскери нысандарға соққы жасауын қолдайды деп мәлімдеді.

"Ресей Қырымда көптеген әскери нысан тұрғызды. Украинаның оларға соққы жасауға құқығы бар, ал біз оны қолдаймыз. Қырым демилитаризацияланбайынша, Украина өзін қауіпсіз сезіне алмайды", — деп мәлімдеді Нуланд. Ол 16 ақпанда Карнеги орталығында баяндама жасады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандағы ірі банктердің бестігіне кіретін Jusan Bank-тің ірі акционері Қазақстан үкіметін "компанияның активтерін тартып алу үшін заңсыз әдістер – тәркілеу мен қорқытып-үркіту науқанын жүргізді" деп айыптады.

PRNewswire жариялаған Jysan Holding компаниясының мәлімдемесіне қарағанда, компания шағымында Қазақстан үкіметін "өзінің және үкіметке қатысы бар тұлғалардың жеке бас пайдасына компанияның 1,5 миллиард доллар активін тартып алу үшін қорқытып-үркіту науқанын жүргізді" деп айыптайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жер сілкінісінің эпицентрінде орналасқан Ерзин қаласындағы ғимараттар бүлінбеді. Қалайша?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақтар Наурыз қарсаңында украин халқына көмектесетін «Қоржын» акциясын бастады

Олар бір жылдай уақыттан бері соғыстан қажыған халыққа гуманитарлық көмек жолдамақ. «Қоржын» ішінде қазақтың ұлттық тағамдары да бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті Владимир Зеленский "Ресей армиясы көктемде бастайды" деген шабуыл іс жүзінде қазір басталып қойды деп мәлімдеді.

"Ресей бірнеше бағыт бойынша шабуылдап жатыр" деді Украина президенті Ресей басқыншылығына бір жыл толар кезде BBC-ге берген сұхбатында.

Украина президентің айтуынша, Украина әскері Ресей армиясының шабуылына төтеп беріп, қарымта шабуылға көше алады. Алайда оған Батыс елдерінің көмегі керек.

"Ресеймен тек "қарумен" сөйлесуге болады" деді Зеленский.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағандыда тұрғындардан құрылған бастама топ онлайн-петиция бастап, жылу электр орталығынан шығатын қалдықтарды төгетін орын салуға қарсы қол жинап жатыр.

Қарағандының Пришахтинск ауданы тұрғындары кеш болмай тұрғанда күл төгетін орынды тұрғын үйлерден аулақ жерге салуды талап етіп отыр. Пришахтинскіде мыңдаған үй бар, бастама топ өкілдері қалдық төгетін орын олардың өміріне кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Қазіргі кезде петицияға 2,5 мыңнан астам адам қол қойған және екі мың адам "электронды түрде" мақұлдаған. Қол жинау жалғасып жатыр. Петиция Қазақстан президентіне арналған, себебі тұрғындар мәселені жергілікті деңгейде шешу мүмкін емес дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жыл басынан бері үш рет "апат" болған Риддерде төтенше жағдай режимі күшін жояды

Күзден бері жылу электр орталығы "апатты жағдайда" істеп келе жатқан Риддерде шамамен үш ай бұрын енгізілген техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі алынады. Бұл жөнінде 16 ақпанда ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ал тұрғындар үйлерде жылу температурасы «әлі де төмен» екенін айтады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 16 ақпанда Instagram парақшасында Риддерде төтенше жағдайды алып тастау туралы бұйрық бергенін хабарлады.

"Қазір жылу электр орталығы ақаусыз істеп жатыр. Соған байланысты Риддер әкіміне жергілікті деңгейде жарияланған техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастау туралы бұйрық бердім" деп жазды Ахметов. Бірақ онда төтенше жағдай қашаннан бастап алынғаны немесе алынатыны айтылмайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сирияның жанжал аймағындағы қырғыз азаматтары "Айкөл" гуманитарлық миссиясы аясында елге оралды. Бұл туралы 16 ақпанда Қырғызстан еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, бейсенбі күні таңертең Қырғызстанға қонған арнайы ұшақтан 18 әйел мен 41 бала түскен. Оларды СІМ мен ҰҚМК өкілдері алып жүрді.

"Мұндай ауқымды репатриациялық шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат - өте ауыр әрі қауіпті жағдайда қалған балаларды құтқару" деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тасмағамбетовтің күйеу баласының мүлкі, Арқанкерген ісі

- "Елбасы" туралы заң күшін жойса да оның кеңсесі әлі жұмыс істеп тұр. Ғимарат маңын видеоға түсіруге барған Азаттық журналистерін полиция тексерді және нысанның мемлекет күзетінде екенін айтты.

- Қазақстан прокуратурасы Jusan Bank активтерін шетелде тіркелген компанияларға беру туралы шарттың күшін жоюға арыз түсірді. Бұл іске Нұрсұлтан Назарбаевтың не қатысы бар?

- Арқанкерген ісі қайта тергеле ме? Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары 15 адамды өлтірді деп өмір бойына сотталған Владислав Челахтың президентке үндеуі туралы пікір білдірді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада Ұлттық банк алдына бір топ адам жиналып, 7-20-25 бағдарламасына қойылған жылдық шектеуді алып тастауды талап етті.

Олар Ұлттық банктің жеңілдетілген ипотекаға жылдық лимит бекітіп, ақшаны әр тоқсанға бөліп беретініне наразы. Айтуынша, айына 8 миллиард теңгеден келетін шектеу ешкімге жетпейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей әскері 16 ақпанға қараған түні Украинаға зымыранмен жаппай шабуыл жасады.

Украина әскери-әуе күштерінің хабарлауынша, Ресей ұшақтары мен кемелері 32 қанатты зымыран жіберген, 14-і атып түсірілген.

" Х-22 қанатты зымырандарының бір бөлігі нысанаға жетіп, маңызды инфрақұрылым нысандарын қиратты. Қазір ракетаның бұл түрін жоя алатын қару жоқ" деп жазылған хабарламада.

Соққы салдарынан Днепропетровск облысының Павлоград қаласында 79 жастағы әйел қаза болды, деп хабарлады жергілікті билік. Жеті адам жараланған, екеуі ауруханаға жатқызылған. Бірнеше тұрғын үй қираған, өнеркәсіп орны бүлінген.

t.me/RadioAzattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана әкімдігі "Масс-медиа туралы" заң жобасына қарсы митинг өткізгісі келген құқық қорғаушылардың өтінішін мақұлдамады.

Бұған дейін журналистер мен баспасөз ұйымдары құжат қабылданса, ақпарат құралдарына мемлекет бақылауы күшейеді деп алаңдаған.

"Құқықтық медиа-орталық" ұйымының заңгері Гүлмира Біржанованың Азаттыққа айтуынша, жұмыс тобы 18 ақпанда цирк маңында шамамен 200 адам қатысатын митинг өткізгісі келетінін хабарлап, әкімдікке ескерту хат тапсырған. 15 ақпанда кешке әкімдіктен жауап келген.

Астана қаласы ішкі саясат басқармасы жауабында ұйым өкілдері сұраған орын 18 ақпанда бос болмайтынын, онда бейбіт жиын өтетінін мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Екібастұзда жылу батареялары жарылған үйде "ток ұрғаннан екі адам мерт болған".

Бұл жөнінде 16 ақпанда Polisia.kz сайты хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 13 ақпанда тұрғындардың бірінен радиатор істен шығып, үйді су басқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйел адам өлі күйде табылған. Олардан "зорлық-зомбылық белгілері" байқалмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Енді біз ешкім емеспіз». Оралда екі белсендіге үкім шықты

Орал қаласының қылмыстық соты 63 жастағы Амангелді Оразбаев пен 50 жастағы Маруа Ескендірованың бостандығын бір жарым жылға шектеді. Олар былтыр көктемде «экстремистік ұйым қызметіне араласты» деп ұсталған. Билікке түрлі талап айтып, оны сынап жүрген екі азамат бұл істің «саяси астары барын» айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ҰҚК шекара қызметінің басшысы мекеме ұстанымы "тергеудің ресми қорытындысымен сәйкес келеді" деп мәлімдеді.

Ол "Арқанкерген оқиғасына" байланысты қылмыстық іс әу-бастан ақ толық тергеліп, ойдағыдай жүргізілді деп санайды.

"Оның [Челахтың] не айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жүрді, тергеу толық көлемде жүргізілді. Іс логикалық соңына жетті. Егер қандай да бір мәлімдемелер болса, түсуіне қарай көрейік" деді ол.

t.me/RadioAzattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Марафоншы және азаматтық белсенді Марат Жыланбаев сайлаудың үгіт-насихатын уақытынан бұрын бастады деген айыппен әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Ол 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына түспекке шешім қабылдаған.

Жыланбаев аудандық прокуратураның қаулысын кеше, 16 ақпанда алған. Сөзінше, прокуратура әлеуметтік желіде жарияланған видеосына байланысты іс қозғаған. Жыланбаев мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелмей тұрып, 1 млн 50 мың теңге сайлау жарнасын жинау үшін желіге видео жариялаған.

Астананың Алматы ауданы прокуратурасы Жыланбаевтың 29 қаңтардағы видеосын "үгіт-насихат" деп санайды. Қаулыда іс әкімшілік сотта қаралатыны жазылған.

Аудандық прокуратура белсенді Амангелді Жахинге де осындай баппен қаулы шығарған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтаршы кандидаттар, Қытайдың саяси лагері - 17 ақпан | AzatNEWS

📌 Алматы тұрғыны сөзінше, Қытайдың саяси лагеріне қазақтар мен ұйғырларды қамау әлі жалғасып жатыр. 2017 жылы "өзім де лагерге отырып шықтым" деген ол былтыр інісін ұстап әкеткенін айтады.

📌 Істі болып, үйқамақта отырған қаңтаршылар Әйгерім Төлеужан мен Қосай Маханбаев мәжіліс және маслихат сайлауына қатысуға рұқсат алды.

📌 "Путинмен ымыраға келу мүмкін емес" деді Украина президенті Владимир Зеленский BBC арнасына. Арнаның өзге тілшісіне кеше "арандатсаңдар, соғысқа араласамыз" деп дүрсе қоя берген Александр Лукашенко бүгін Владимир Путинмен кездесіп жатыр

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар бойынша айыпталған белсенді Қосай Маханбаев мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, куәлік алды.

17 ақпанда жергілікті сайлау комиссиясы Қаңтар бойынша айыпталған Әйгерім Тілеужанды да мәжіліс депутаттығынан үміткер талаптарына сәйкес келеді деп таныды. Белсенді сайлау жарнасын төлеген соң кандидат куәлігін алады.

Қаңтар бойынша айыпталып, қазір үйқамақта жүрген Қосай Маханбаевтың куәлік алғаны 17 ақпанда белгілі болды. Оған берілген куәлікте белсенді "Алматы қаласындағы N8 бірмандаттық аумақтық сайлау округы бойынша Алматы қалалық мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат ретінде тіркелді" деп жазылған. Куәлік 17 ақпанда берілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаев сайтында "елбасы кеңсесі" бөлімі жоғалды. Әшімбаев кеңсе жұмысы басқа заңнамамен реттелуі мүмкін дейді

Осы аптада Elbasy.kz сайты Nazarbayev.kz болып өзгеріп, сайттағы "елбасы кеңсесі" бөлімі жойылған еді.

17 ақпанда Азаттық тілшісінің "елбасы кеңсесі" туралы сұрағына сенат спикері Мәулен Әшімбаев "елбасы кеңсесі жұмыс істеп тұр" деп жауап берді.

"Тұңғыш президент туралы заң күшінің жойылуы Елбасы кеңсесінің жұмыс істеуіне шектеу қоймай ма?" деген сауалға сенат спикері:

"Ондай мәселелер тұңғыш президент туралы заңда қамтылған. Кеңсенің қалай жұмыс істеп жатқаны басқа заңнамада реттелуі мүмкін. Оны қарау керек" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Вице-премьер Роман Скляр Екібастұзда радиаторы жарылған үйде өлі күйде табылған ерлі-зайыптының өліміне қатысты пікір білдірді:

– ІІМ қылмыстық іс қозғады. Сол себепті қорытындысы дайын болғанда тиісті ақпарат береді. Ақпарат құралдарында жазуынша, ол бір қабатты тұрғын үйде болған. Ондай жерде әрине, "пәтер иелерінің кооперативі" болмайды. Ол үйде батарея жарылып, ыстық су аққан. Енді тергеу органдары мәселе неден болғаны, [ерлі-зайыптының] кімді шақырғанын, кім жөндемегенін анықтайды, – деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Екібастұзда радиаторы жарылған үйде ерлі-зайыпты қаза болғаннан кейін көршілері жылумен қамтамасыз ететін компанияны "әрекетсіздігі үшін" кінәлады.

Компания айыптарды жоққа шығарады.

63 жастағы Александр Сергеенко мен оның әйелі 57 жастағы Анна осы аптада өздері тұрып жатқан жеке үйде өлі күйде табылған. Көршілері Азатыққа өткен айда ерлі-зайыптының орталық жылу жүйесіне қосылған батареяларынан су аққанын, "Екібастұзжылуэнергия" компаниясының апат қызметіне хабарласса да мәселе сол күйі шешілмегенін айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Өмірім – осы, басқа кәсіппен айналысып көрмедім". Шопан қыстауынан репортаж

Шопан қыстауы – бөлек әлем. Ол жақта интернет, тұрақты жарық пен адам жоқ. Қыстауда бір күннен артық болсаң, өркениет игіліктері, технология, қарбалас тірлік пен саяси тұрақсыздық басқа әлемде болып жатқандай, ал нағыз өмір осында: жазық далада, тауда, аспан мен тыныштық аясында сияқты көрінеді. Азаттық тілшісі қыстауға барып, шопанның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды

Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы аумағы 841 шаршы метр үйін сатуға қойды. Бұл туралы "Выход к морю" телеграм арнасы жазды.

Бірақ ресейлік жылжымайтын мүлік агенттігі шығарған хабарлама қазір ашылмай тұр. Алайда агенттік өкілі Азаттыққа бұл үй әлі сатылымда екенін айтты.

­– Хабарлама сайттан мүлік иесінің өтінішімен алынып тасталды. Бірақ үйді сату шешімі әлі өзекті, - деді өзін Михаил Бурыкин деп таныстырған NF Group жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері. Оның айтуынша, үйдің құнына ішіндегі жиһаз бен техника бағасы да кіреді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейден Украинадағы соғысқа аттанып, қаза тапқан өзбекстандықтар Бабур Абдумуминов пен Шахриер Жалолов Өзбекстанда жерленді.

Олардың мәйіттері 19 қаңтарда өздері тұратын Самарқанд облысы Булунгур ауданына жеткізілген. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Ресей екі марқұмның мәйітін Өзбекстанға "Украинада қаза тапқаны" туралы құжатпен жіберген.

23 жастағы Шахриер Жалолов – Ресейге жұмыс істеп барып, сотталған мигрант. Жақындары оның соғысқа қалай барғанын, қалай қаза тапқанын білмейді. Самарқанд облысының АХАЖ бөлімі берген құжатта Жалолов көп қан жоғалтып қаза болғаны жазылған. Ал Ресей берген құжатта оның былтыр 16 желтоқсанда Украинаның Донецк облысында қаза болғаны көрсетілген.

26 жастағы Бабур Абдумуминов та Ресейге жұмыс істеуге барып, сегіз ай бұрын түрмеге түскен. Былтыр ол әкесімен телефонмен сөйлескенде паспортының уақыты өтіп кеткені үшін түрмеге түскенін айтқан. Туыстары Бабурдың соғысқа қалай барғанынан хабарсыз, тек оның былтыр 15 желтоқсанда қаза тапқанын біледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандықтар азық-түлік арзандағанын осы көктемде сезе бастайды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 16 ақпан күні сенат отырысының сыртында осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінен Кursiv.media үзінді келтірді.

Министрдің айтуынша, жуырда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түліктің 19 түрі арзандай бастайды.

"Бірінші кезекте, тапшылыққа жол бермеуіміз керек. Екіншіден, бағаны тұрақты ұстау керек. Үшіншіден, арзандатуға қарай бағыт бұруымыз керек. Ақпан-наурызда арзандату трендіне жол ашамыз. Жұртқа азық-түлік жеткілікті екенін, байбалам жасауға болмайтынын түсіндірейік. Алаңдауға негіз жоқ" деді министр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан халқынан жылу жинап, зілзаладан зардап шеккен түркиялықтарға 100-ден аса киіз үй жасатқан еріктілер оларды Түркияға апарып, құрып жатыр. Қазақстаннан барған 13 адамға Стамбул, Анкара қалаларында оқитын қазақ студенттері де қосылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жылау, жоқтау қайғыны жеңуге көп көмектеседі". Ауыр қазаны қалай еңсереміз?

Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 9-эпизодында психолог, гештальт-терапевт Гүлзат Асановамен жақынынан айырылғандағы ауыр қазаны еңсеру тақырыбын талқыладық. Басқа түскен қайғыны қалай еңсереміз? Қайғыдан ішқұса болып кетпеу үшін не істей аламыз? Жақынынан айырылған соң туыстар бір-біріне қалай қолдау көрсетуі керек? Баласынан айырылған ата-ана қайғыдан қалай оңала алады? Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.

🔗ТЫҢДАУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Өлгендер де кінәлі». Тараздағы тоғыз адамның соты

«Қаңтар оқиғасына» байланысты 7 ақпан күні Тараз қаласында 9 адамға үкім оқылды. Оның бесеуі – марқұм, төртеуі – тірі. Төрт адам да айыпты мойындамады. Марқұмдардың туыстары соттың әділетсіз өткенін айтты.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ҰҚК шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы Ресеймен шекарада демаркация жасалмаған шамамен 300 шақырым жер бар. Бұл жерде Ресеймен шекара сызығын белгілеу жұмыстарының баяу жүруіне табиғи жағдайлар кедергі жасап отыр.

"Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында даулы аумақтар жоқ. Қытай халық республикасымен мемлекеттік шекара мәселесі толық шешілген. Қырғызстанмен да мәселе жоқ. Түркіменстанмен барлық мәселе шешілгенмен ратификация ғана қалды. Ресеймен мәселелер шешіліп жатыр. Ол жерде тек Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандары ғана қалды. Ол жерде әзірге жұмыс істеу қиын. Бірақ жұмыс жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Уақытында аяқталады деп ойлаймын" деді 16 ақпанда Астанада журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Алдажұманов.

Оның айтуынша, ШҚО-да "жұмыстың шамамен 50 пайызы аяқталған".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өмір бойына сотталған Владислав Челахтың үндеуін тексеріп, қылмыстық іс материалдарын талап ететінін мәлімдеген бас прокуратура Азаттыққа тексеру қорытындысын айтудан бас тартты.

2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған Владислав Челах былтыр желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, тергеу процесін қайта жүргізуді сұраған. Ол 2012 жылы мамырда 15 адамды өлтірмегенін, шекара бекетіне "шабуыл жасалғанын" және өзін "заңсыз соттағанын", "шындықты айтуға дайын" екенін айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал