15 ақпанда өзбек-қазақ шекарасындағы "Сырдария" және "С.Нажимов" кеден бекеттері арқылы азаматтарды, көліктерді және жолаушылар көлігін өткізу уақытша тоқтатылды.
Бұл жөнінде Өзбекстан кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мұны Қазақстан жағы "Атамекен" ("Сырдария") және "Қазығұрт" ("С.Нажимов") өткізу бекеттерінде қайта жөндеу жұмысын жүргізеді деп түсіндіреді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған бекеттер арқылы 3,5 тоннадан аспайтын жүк көліктері ғана өте алады.
t.me/azattyq
Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын көрсететін спутник суреттері
Maxar Technology компаниясы ұсынған спутник суреттерден Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын көруге болады.
Фотогалерея 👇🏻
https://www.azattyq.org/a/32272795.html
Еуропа парламенті 15 ақпанда "Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің жағдайы туралы" қарар мақұлдады
Құжат саясаткерді түрмеден босатып, шетелде емделуге рұқсат беруге үндейді.
Алты жыл жаза мерзімін өтеп жатқан Грузияның бұрынғы президенті қазір Тбилисидегі жеке клиникада емделіп жатыр.
t.me/azattyq
Айкөркемді атқан күдікті, жойылған "елбасы", 7 партияның кандидаттары - 15 ақпан ┃AzatNEWS
📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен туыстарын қылмыстық қудалаудан қорғаған "Елбасы" заңының күшін жойды.
📌 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына Ақорда саясатын жақтайтынын ашық айтатын 7 партия да кандидаттарын тіркетіп алды.
📌 4 жасар Айкөркемнің Қаңтар оқиғасы кезіндегі қазасына байланысты бір күдікті анықталды. Оған "билігін асыра пайдалану" айыбы тағылған. Айкөркемнің әкесі айып тым жеңіл екенін айтады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев емделу үшін 15 ақпанда Испанияға ұшып кетті.
Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жогорку кеңеш экс-депутаты Әсел Кодуранова хабарлады.
Оның айтуынша, экс-президент емделген соң Қырғызстанға оралады.
"Испанияда қанша уақыт болатынын әзірге білмейміз, себебі түрмеде 3,5 жыл отырған уақытта оның денсаулығы сыр берді. Оған ота жасалуы да мүмкін. Бірақ ол міндетті түрде Қырғызстанға оралады", - дейді Кодуранова.
t.me/azattyq
ОСК Respublica атынан мәжіліс сайлауына партия тізімі бойынша қатысатын 25 адамның 23-ін тіркеді.
Қалған екі адам – Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтанов тіркелген жоқ. ОСК-ның түсіндіруінше, бұл екеуі "ОСК-ға өздерін партия тізімінен шығару туралы өтініш берген".
ОСК қалған кандидаттар заң талаптарына сәйкес деді. 34,8 пайызын – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар құрайды.
t.me/azattyq
Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Бір адам күдікті деп танылған іс сотқа берілмек.
Бұл жөнінде Азаттыққа Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан хабарлады. Ол істі "өкілетін асыра пайдалану" бабымен тергелгеніне және бір ғана күдіктінің болғанына наразы.
Айдос Мелдеханның айтуынша, адвокаты 14 ақпан күні жазылған ескерту хат алған. Хатта тергеу амалдары аяқталғаны және жәбірленуші тарап қылмыстық іс материалдарымен таныса алатыны және қосымша тергеу амалдары туралы өтініш беруге болатыны жазылған. Хатқа ІІМ әскери-тергеу басқармасының оңтүстік аймақ окрушының аға тергеушісі Құсайынов қол қойған.
t.me/azattyq
АҚШ президент әкімшілігі Украина билігіне соғыстың шешуші кезеңіне қадам басқанын, украин армиясы Батыс елдерінен үлкен әскери көмек алып жатқанын, майдан алаңында барынша нәтижеге жетуге тиіс екенін ескерткен.
Бұл жөнінде Washington Post басылымы дереккөзіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Алдағы айлар оңай болмайтынын қаңтар айында Киевке барған америкалық шенеуніктер де ескерткен.
Басылымға пікірін білдірген дереккөз АҚШ конгресінің өкілдер палатасын бақылайтын республикашылдар Украинаға әскери көмекті азайтуға ниетті екенін жеткізген.
t.me/azattyq
ОСК мәжіліс сайлауына Amanat атынан партия тізімі бойынша қатысатын кандидаттар тізімін тіркеді.
Тізімде 90 адамның аты-жөні бар, 32,2 пайызын әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар құрайды.
Сәрсенбі күні ОСК хатшысы Мұхтар Ерман "тізімдегі тұлғалар Конституция мен Сайлау" туралы заң талаптарына сәйкес" деп мәлімдеді.
ОСК өкілінің айтуынша, 2021 жылы қаңтарда өткен парламент сайлауында сол кездегі "Нұр Отан" – қазіргі Amanat сайлаушылардың 71 пайыздан астам дауысын жинағандықтан партия сайлау жарнасын төлемейді.
t.me/azattyq
Түркияда Анталья түбіндегі қонақүйде украиналық "Минай" клубы мен ресейлік "Шинник" клубының футболшылары төбелескен
"База" Телеграм-арнасы 13 ақпанда кешке әуелі украин футболшылары ресейлік ойыншылардан Украина әнұранын айтуды талап еткенін, орыстар мәселені "көшеде реттеуді" ұсынғанын жазды.
"База" арнасы кейін украиндар орыстарға "Ресей режиміне қарсы не үшін наразылыққа шықпайсыңдар" деп сұрағаннан кейін жанжал туындады деп жазды.
t.me/azattyq
Байқоңыр қаласы әкімшілігі Украинадағы соғысқа қатысатындарға 260 мың рубль көлемінде бір реттік төлем төлеу туралы қаулыға қол қойды
Құжат қала әкімшілігі сайтында жарияланды.
Қаржы қала бюджетінен қарастырылған. Құжатқа сәйкес, ақша "әлеуметтік қолдау шарасы" ретінде ұсынылған.
t.me/azattyq
Байқоңырдағы соғыс жарнамасы, журналиске қысым, медиа туралы заң - 14 ақпан ┃AzatNEWS
📌 Ресей жалға алып отырған Байқоңыр қаласының билігі Украинадағы соғысқа барған еріктілерге ақшалай сыйақы тағайындалатынын айтып, оның көлемін жариялады. Қазақстан азаматының бұл ұсынысты қабылдауы қылмыстық кодекске қайшы.
📌 "Масс-медиа туралы" жаңа заңнама журналистер жұмысын қалай шектейді? Азаттық түсіндіреді.
📌 Астанада журналист Серік Жолдасбай өзіне әлдебір адам қоңырау шалып, хабарлама жіберіп қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеді. Бұны ол кәсіби қызметімен байланыстырады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімін ұзартты.
Ол 2022 жылы мамыр айында қамауға алынған. Жемқорлықпен күрес қызметі оны "бюджеттің 146 миллион теңге қаржысын жымқыруға қатысты" деп санайды.
2022 жылдың басында жемқорлықпен күрес қызметі Ұлттық музейдің лауазымды қызметкерлері мен "өзге де" тұлғалар" "Алтын адамның әлем елдеріне шеруі" атты халықаралық көрме өткізу үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасқанда 146 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікпен тергеу бастаған. Ведомство мәліметіне қарағанда, келісімшарттың жалпы сомасы 1,2 миллиард теңге.
t.me/azattyq
Қазақстан конституциялық сотына 4 қаңтардан 13 ақпанға дейінгі аралықта азаматтардан мыңнан астам шағым түскен. Оның тоғызы ғана өндіріске қабылданған.
Бұл ақпаратты конституциялық соттың баспасөз қызметі таратты.
Сот ақпаратына қарағанда, шағымдардың жартысынан көбі конституциялық сотқа шағымдану талаптарына сай келмеген.
"Бұл жағдай арызданушылардың өтініштерді алдын-ала тексеру сатысында анықталған қателіктеріне байланысты болып отыр,- дейді баспасөз қызметі.
Шағымы қабылданбағандар ескертілген кем-кетігін жөндеген соң конституциялық сотқа қайта шағымдануына болады.
t.me/azattyq
Үш оқушы жараланған Петропавлдағы оқиғадан кейін премьер-министр Әлихан Смайылов мектептерге кіре берісті бақылауды күшейтіп, видеокамераларды көбейтуді ұсынды.
"Мектептегі қауіпсіздік мәселесіне бәріміз де алаңдаймыз. Көріп отырғанымызда, мектептің ішінде де түрлі жағдай болады. Қауіпсіздік мәселесін тағы да қарастырып, барлық оқу орындарын тексерген жөн. Видео камераларды көбейтіп, мектепке кіре берістерді бақылауды күшейту қажет", -деді Смайылов сейсенбі күні үкімет отырысында.
Оның сөзінше, оқу-ағарту министрлігі ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерімен бірге балаларға арналған қауіпсіздік сабақтарын жасайтын болады.
t.me/azattyq
"Өзіңізге пышақ салған шығарсыз?" Қарағандыда зардап шеккен жігіт полиция істі жауып тастағанына наразы
Қарағанды тұрғыны пышақталғанын жарты жылдан бері полицияға дәлелдей алмай жүр. Полицейлер “дәлел жеткіліксіз” деп, істі жауып тастаған. Жәбірленуші құзырлы органдар қол қусырып қарап отырғанына шағынады.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Тоқаев тұңғыш президент туралы заң және Назарбаевтың отбасының тиіспеушілік мәртебесін жоятын құжатқа қол қойды
бойы мемлекет қазынасынан қаржыландыруға мүмкіндік беретін ережені де жояды.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған 82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге мемлекеттік органдар мен шенеуніктерге және халыққа мәлімдеме жасау құқығынан да айырылады.
t.me/azattyq
Орал қаласының соты 15 ақпанда белсенділер Маруа Ескендірова мен Амангелді Оразбаевты "қызметіне тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" дегеп айыппен бір жарым жылға бас бостандығын шектеді
Бұған қоса, белсенділерге екі жыл қоғамдық-саяси істермен айналысуға тыйым салынды.
t.me/azattyq
15 ақпанда Көкшетау әкімдігі азаматтық белсенділерге Ресейдің Украинаға басқыншылығының бір жылдығына орай Украинаны қолдап пикет өткізуге рұқсат етпеді.
Бейбіт митингіге арыз берушілердің бірі Уәлихан Неғметовтің Азаттыққа айтуынша, олар пикетте Украинаны қолдаудан бөлек, Қазақстанның Евразиялық одақтан, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуды да талап етпек болған.
- Бізге рұқсат бермеудің нақты себебін түсіндірмеді, сол бейбіт жиын өткізу туралы заңға сілтеме жасады. Содан соң дауыс күшейткіш қолдануымыз мүмкін екендігін айтты, - дейді Нығметов.
Көкшетау әкімдігінің ресми жауабында "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңның 1-бабының 10-тармағына сай рұқсат берілмегені жазылған.
t.me/RadioAzattyq
«Орал бұрыннан Ресейдің қаласы болған» деген екеудің үстінен іс қозғалды
11 ақпан күні әлеуметтік желіде «Орал бұрыннан Ресейдің қаласы болған» деп мәлімдеген БҚО тұрғындарының видеосы тарады. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Облыста осыған ұқсас оқиға үшінші рет тіркеліп отыр.
t.me/azattyq
Тоғыз жылға бас бостандығынан айрылған журналист Махамбет Әбжанның туған інісі Мақсат Әбжанов 15 ақпанда бір адамдық пикет өткізіп, ағасын босатуды талап етті.
27 жастағы азамат акциясын астанадағы Министрліктер үйі ғимаратының алдында өткізді.
«Махамбет Әбжанға бостандық!», «Тәуелсіз журналистерге бостандық!» деген жазуы бар плакат ұстаған Мақсат Әбжанның пикеті күндізгі сағат 12 жарымда басталып, екі сағатқа созылды. Шара Мәңгілік ел көшесі бойындағы Ақордаға баратын жаяу жүргіншілер жолағы маңында өтті. Мақсаттың өзі сұқбат беруден бас тартты. Ал жанындағы жеңгесі Гүлзира Дүсембаева акцияға әкімдік рұқсат бергенін және пикет бірнеше күнге жалғасатынын хабарлады.
«Акция бүгін басталып, 3-наурызға дейін жалғасады. Күн сайын сағат 12.30-14.30 дейін осы жерге шығамыз. Жағдайымызды халық, министрліктерде істейтін мемлекеттік қызметкерлер білсе екен деймін. Көпшіліктің білгенін қалаймыз», - деді Азаттыққа Махамбет Әбжанның әйелі.
t.me/azattyq
Қазақстанға қанша қазақ көшіп келіп, қаншасы кетіп жатқаны туралы ойланып көрдіңіз бе?
t.me/azattyq
"Сепаратистік мазмұнда пікір айтты" және "әлеуметтік алауыздық қоздырды" деп айыпталған Орал тұрғыны Максим Яковченко Ресейден босқын мәртебесін алды.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті сол себепті оны Қазақстанға экстрадиациялау мүмкін емес деп хабарлады.
Полицияның мәліметінше, былтыр желтоқсанда Яковченко Ресейдің Ростов облысында жүргені анықталған.
"Оның Ресей аумағында босқын мәртебесі бар болғандықтан, қазіргі кезде күдіктіні экстрадициялау мүмкін емес" деп жазылған өңір полициясының хабарламасында.
Максим Яковченко 2022 жылдың басында әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, "Орал, Петропавл, Павлодар және өзге [аймақтарды] Ресейге беру керек" деп жазған. Кейін Яковченко жазбасының скриншоттарын журналист Лұқпан Ахмедияров жариялады. Журналист бұл іс бойынша куәгер ретінде танылған. Яковченко жазбасынан кейін оның үстінен "сепаратизм" және "әлеуметтік алауыздық қоздыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
t.me/azattyq
Петропавлда "үш оқушыны жаралаған жасөспірім" екі айға қамалды
Бұл жөнінде Петропавл қаласының мамандырылған тергеу сотының баспасөз қызметіне сүйенген "Информбюро" хабарлады.
Бұл іс бойынша қалған мәліметтер тергеуге байланысты жарияланбайды деп айтылады. Дүйсенбі, 13 ақпанда Петропавлда №4 мектептің үш оқушысын 9-сынып оқушысы жаралағаны хабарланған еді. Прокуратураның мәліметіне қарағанда, кәмелетке толмаған оқушы психиатр есебінде тұрған.
t.me/azattyq
ОСК "Байтақтың" мәжіліс сайлауына қатысатын партия тізімін тіркеді
Тізімнің 38,7 пайызын (жеті адам) әйел, жастар және мүгедектігі бар адамдар құрайды.
ОСК өкілі Сабила Мустафина "тізімге енгізілген барлық адам Конституция мен "Сайлау туралы" заң талаптарына сәйкес" деді.
Партия сонымен бірге 18 кандидатқа 18 млн 900 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеген. Ақпаратқа қарағанда, партия 2021 жылғы қаңтар айындағы парламент сайлауына қатыспағандықтан осынша көлемде жарна төлеген деп айтылады.
t.me/azattyq
"Халықты атқанды кінәсіз қылады". Қаңтардан кейін 15 жылға сотталған Нұрсұлтан Исаевтың абақтыдан өлеңмен жазған хаты
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты 15 жылға түрмеге кесілген Нұрсұлтан Исаевтың адвокаты 14 ақпанда облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Заңгер бірінші инстанция соты айғақ-дәлелі жеткіліксіз, әділетсіз үкім шығарды деп есептейді. Азаттық тілшісі өңірде Қаңтар оқиғасына байланысты ең ауыр жаза алған жігіттің үйінде болып қайтты.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берген. Бұл туралы Азатықтың қырғыз редакциясы хабарлады.
Атамбаевты түзеу лагерінен босатқанын Қырғызстанның социал-демократтар партиясының төрағасы Темірлан Сұлтанбеков растады. Оның сөзінше, "бұрынғы президентке өмірлік маңызы бар екі операция жасалуы керек, одан кейін емдеу-сауықтыру курсынан өтуге тиіс".
13 ақпанда Қырғызстан Жоғарғы сотының сот алқасы жабық отырыс өткізіп, Алмазбек Атамбаев ісін қайта қарауға жіберу жөнінде шешім қабылдаған.
t.me/azattyq
«Қазақ тілінің құндылығы кетпесе екен деймін». Қазақ тілін үйрететін неміс қызы
23 жастағы Алина Кан Алматыдағы "Сөйле" клубында қазақ тілін үйретеді. Оның клубына баратындардың қатарында Ресейден келгендер де бар. Жас маман қазақ тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып, сөйлеуге мән береді
t.me/azattyq
14 ақпанда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Орал әуежайы акциясының 49 пайызы не себепті Ресей олигархының компаниясына берілгені туралы журналистер сұрағына жауап беріп, бұл мәселені зерттеу қажеттігін мәлімдеді.
Алтай Көлгінов бұрын Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.
"Орал әуежайы мен ұшып-қону жолағы, тіпті жаңа терминалы да күрделі жөндеуден өткен. Оның бәрі мемлекет қолдауымен жасалған. Менің ойымша, мемлекет жөндеген бұл стратегиялық нысан мемлекеттің өзінікі болуға тиіс. Терминал жекеменшікте болды. Бірақ ол жөндеу жұмыстарына бір тиын да қосқан жоқ, бәрін мемлекет жасады", - деген Көлгінов "сондықтан бұл жайтты тексеру керек" деді.
t.me/azattyq
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы сейсенбіде мәжіліс сайлауына "Ауыл" партиясы ұсынған тізімді тіркеді.
ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, партия тізіміндегі 25 адамның бәрі заң талабына сай келеді.
"Ауыл" партиясы 4 ақпанда Астанада өткен съезде тағы да 9 мүшесін бір мандатты округтер арқылы ұсынатынын мәлімдеген. Партия мәліметіне қарағанда, жергілікті мәслихаттар сайлауына 600-ден астам "Ауыл" партиясының мүшесі қатысады.
t.me/azattyq