azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

"Журналистің мойнына түскен қыл арқан". Үкімет әзірлеген массмедиа туралы заң жобасының кемшілігі неде?

Қоғам талқысына шығарылған "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы цензураны күшейтіп, ақпарат құралдарына қатаң мемлекеттік бақылау орнатады. Қазақстандағы журналистер мен баспасөз құқығын қорғаушы ұйымдар осылай дейді. Олар билікті заң жобасынан бас тартуға үндеп отыр.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей мен Украина соғысы әлем саясатындағы бетбұрыс болды, ал Мәскеу мен Пекин әлемнің басты қатеріне айналды

Қауіпсіздік мәселесі бойынша жыл сайын өтетін Мюнхен конференциясына арналған баяндамада осындай қорытынды жасалған.

Баяндама құрастырушылар оны дайындар алдында "Жетілік елдерінің", БРИКС-тің (Бразилия, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка Республикасы) және Украинаның әрбірінен мың адамға сұрақ қойған. Респонденттерден 10-ға дейінгі шкала бойынша баға беруді сұраған. Сұрақ Ресей, Солтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Иран және Еуропа одағы тарапынан төнетін тікелей қатер мен энергетикалық дағдарыс секілді 32 санат бойынша іріктелген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Би-би-си мен "Медиазона" жобасы мобилизациямен әскерге алынып, Украинада өлген мыңнан астам адамның аты-жөнін анықтаған

Мобилизация басталғанына небәрі төрт ай болған. Әскерге алынғандардың алғашқы отрядтары небәрі 3-7 күн дайындықтан кейін алғы шепке жіберілген.

Мобилизациямен алынып, Украинада өлген 1082 адамның аты-жөні жергілікті БАҚ пен биліктің хабары, туыстарының әлеуметтік желідегі жазбалары, зираттағы мәліметтер арқылы анықталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің "дос елдер" рейтингі, Лукашенконың "ұсынысы" - 13 ақпан ┃AzatNEWS

📌 Ресейлік институт "дос елдердің рейтингін" жариялады. Директоры "Орталық Азия мемлекеттері қай әулетпен бірге екенін ертерек анықтасын" дейді. Александр Лукашенко да Иманғали Тасмағамбетовті қабылдап "бір жаққа шығатын кез келгенін" айтқан.

📌 Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы әуежай акциясының 49 пайызы Ресей компаниясына сатылған. Жаңалыққа пікір білдірген желідегі жұрттың көбі стратегиялық нысанның басына орыстардың келуіне қарсы.

📌 Түркия мен Сирияда үйінді астындағыларды құтқару ішінара жалғасып жатыр. Қаза тапқандар 35 мыңға жуықтады. Үйінді астында қалған тағы бір қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ әскері жексенбінің кешінде тағы бір белгісіз әуе аппаратын атып түсірген

Бұған дейін Қытай аэростаты мен Алясканың үстінен белгісіз нысанды атып құлатқан еді. Бұл жолы Канада мен АҚШ шекарасы маңындағы Гурон көлі үстінде F-16 жойғыш ұшағы атқан.

Пентагон әзірге әуе аппаратының не екенін және қай ел ұшыруы мүмкін екенін айта алмай отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ америкалықтарды Ресейден дереу кетуге және онда бармауға тағы да шақырды

Ақпарат елшілік сайтына жарияланған.

Оған себеп ретінде "Ресей әскерінің Украинаға жаппай басып кіруінің болжап болмайтын салдарын, Ресей құқық қорғау органдарының АҚШ азаматтарын қудалау мүмкіндігін, Ресеймен арадағы транспорт байланысының қиындағанын, Ресейдегі АҚШ елшігінің Америка азаматтарына көмек беру мүмкіндігінің шектелгенін және террор қаупін" атаған. АҚШ азаматтарына Ресейге келмей-ақ қоюды ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Тоқаевты сынаушыларды саяси қабілетсіз етіп көрсетуге талпыныс". Жаңа ереже бойынша өтетін парламент сайлауына саясаттанушы көзқарасы

Парламент сайлауына 29 бірмандатты округті қатыстыру – көзбояушылық және Ақорданың жаңа стратегиясының бір бөлігі. Саясаттанушы Димаш Әлжанов осылай дейді. Ол Азаттыққа берген сұхбатында бұл ережелер не үшін енгізілгенін, неге оларды демократизацияға талпыныс деп қабылдамау керек екенін және либерал көзқарастағы қоғам өкілдері сайлау науқанын қалай өз пайдасына асыра алатынын айтып берді.

🔗Сілтеме


t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Украинаға әскери ұшақ беруге қашан Батыстың батылы жетеді?" Британ маршалы Грег Бэгвеллмен сұхбат

Бұрын Украинаға әскери танк беру мәселесі айтыс тудырып келсе, енді әскери ұшақ туралы пікірталас болып жатыр. Ұлыбритания біріккен корольдігі әскери әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, авиация маршалы Грег Бэгвелл Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресей авиациясының осал жағы жайлы, Украина Батыстан әскери ұшақ алса, жағдай қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина 200 адамға санкция салды

Мұндай жарлыққа 12 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды.

Санкцияға Ресей президентінің көмекшісі, "Росатом" компаниясы бақылаушылар кеңесінің мүшесі Юрий Ушаков, президент көмекшісі Лариса Брычева, "Росатом" басшысының кеңесшісі Ренат Карчаа, әскери өнеркәсіп комиссиясы аппаратының бұрынғы жетекшісі Игорь Боровков және Ресей Запарожье АЭС-і директоры қызметіне тағайындаған Юрий Черничук ілінген. Черничук – Украина азаматы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина әскерінің қолына түскен Ресейдің "Вагнер" қарулы тобының екі мүшесі АҚШ-тың CNN телекомпаниясына ұрыс қимылдары кезінде Ресей әскері көп шығынға ұшырағанын, "Вагнер" мүшелерін командирлері атып тастай салатынын айтты.

Тұтқындар Луганск облысындағы Белогоровкаға қалай шабуыл жасалғанын айтып берген. Олардың сөзіне қарағанда, отрядтарындағы 90 адамның 60-ы артиллериямен атқылағанда өлген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Канаданың әуе кеңестігінде белгісіз құрылғы атып түсірілді

Цилиндр формалы аппарат 12 шақырым биіктікте көрінген. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо объектіні жою туралы бұйрық бергенін мәлімдеп, аппарат азаматтық авиалайнерлердің ұшуына кедергі жасауы мүмкін екенін айтты.

Құрылғыны Аляскадағы Америка-Канада базасына тиесілі АҚШ әскери-әуе күштерінің F-22 истребителі атып түсірген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстан президент әкімшілігі Садыр Жапаров АЕ/АР корпорация басшысы Джейми Флаймен кездескенін хабарлады

Бұл жөнінде 11 ақпанда Қырғызстан президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде Садыр Жапаров Қырғызстанда "тәуелсіз БАҚ-тың жұмыс істеуіне барлық жағдай бар", "тек жалған ақпаратқа тыйым салатын ұлттық заңнама талаптарын орындауы тиіс" деген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркияда жойқын жер сілкінісі кезінде қаза болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді, деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Мемлекет тасымалдау бойынша бар шығынды мойнына алды, деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ғаламдық жылынуға байланысты Швейцарияның Вале кантонында Альп тауының бөктерінде кактус қаптап кеткен

Жергілікті өсімдік жабынының үштен бірін құраған кактустар биоалуандыққа қауіп төндірген.

Кактустар туралы есеп жазу тапсырылған геология профессоры Питер Баумгартнер айтуынша, опунция –15 градус аязға оңай төзеді, бірақ оған құрғақ жер керек.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеу Астананы "орыс тіліне қолайлы жағдай жасауға" итермелеп жатыр ма? Қаңтар фильмінің артында кім тұр?

Батыс басылымдары бұл аптада Мәскеу Қазақстандағы ықпалын күшейтіп, билікті орыс тіліне қолайлы жағдай жасауға итермелеп жатқанын жазды. Сонымен қатар президент Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясы не себепті Өзбекстан басшысы Шавхат Мирзияевтің «Жаңа Өзбекстан» стратегиясына ұқсас екенін талдады. Одан бөлек Алматыда түсіріліп жатқан Қаңтар жайлы фильмнің артында кім тұр деген сұраққа үңілді.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Шұғыл тергеуге тиіспіз". Түркиядағы зілзала және Орталық Азиядағы үрей

Түркияның Қаһраманмараш қаласында тұратын Жаңыл Тоқаева ақ мысығы қатты мияулағанынан оянған. Бұл 6 ақпан күні сағат 4.00 шамасы болатын. Жер сілкіне бастаған уақыт. Көп ұзамай осы жер сілкінісінен Түркия мен Сирияда ондаған мың адам опат болды. Әзірше екі елде 36 мыңның адамның қазасы расталып отыр.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне кедергі болмауға шақырды

Екі мемлекеттің НАТО-ға қосылу жөніндегі өтініштерін Түркия мен Венгрия әлі күнге дейін мақұлдамаған. "Бербок мұны дүйсенбіде Финляндия сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен бірге баспасөз конференциясын өткізген кезде айтты" деп хабарлайды Reuters агенттігі.

"Германия сыртқы істер министрі НАТО елдерінің бәрі де Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін кідіртпей ратификациялайды деп күтіп отырғанын айтты. Бербок аталған екі ел қосылса, НАТО одан сайын күшейе түседі деп санайды" дейді "Америка дауысы".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин ұшақтан гөрі пойызбен көбірек жүреді

Арнаулы берен пойыз пайдаланады, – дейді "Досье" зерттеу орталығы.

Зерттеуге қарағанда, арнаулы пойыз 2015 жылы жасалған, алайда Путин оны 2021 жылдың екінші жартысынан, яғни Ресей әскері Украинаға кірер алдындағы дайындық кезеңінен кейін көбірек пайдалана бастаған. "Досье" Ресей президенті әкімшілігіне жақын адамның сөзіне сүйенген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Былтыр қараша айында Иран Ресейге алысқа ұшатын кемі 18 дронын Ресейге құпия түрде берген

Бұл жөнінде ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды сатумен және оларың ерекшеліктерімен таныс Ирандағы дереккөздеріне сүйеніп The Guardian хабарлады.

Газет сөйлескен адамның сөзіне қарағанда, Ресей 200 шақырымға дейін дендей ұшатын алты "Мохаджер-6" дронын екі зымыранымен және немістің жаңартылған қозғалтқышы орнатылған он екі "Шаһид-191" дроны мен "Шаһид-129" дронын берген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Түркиядағы зілзаладан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақ әйелінің денесі табылып, Қазақстанға жеткізілді" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

"Қазақ әйелінің мәйіті 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қаһраманмараш қаласында құтқару жұмыстары кезінде табылған. Алматыға келген туыстары ол Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екенін таныды" дейді СІМ Telegram-дағы арнасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Екібастұз-Ақадыр электр желісіндегі апат Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Жетісу облыстарын электр қуатымен қамтамсаыз етуге әсер етті

Ақпаратты "КЕGOC" компаниясының баспасөз қызметі таратты.

"13 ақпанда сағат 09:23-те Екібастұз - Ағадыр электр желісі технологиялық қорғаныс арқылы апат жағдайында ажырады. Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарына 600 МВт электр қуаты жетіспеді (тұтыныстың шамамен 10 пайызы)", -дейді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр

Алматы аэродромына өте жақын жерге 23 тұрғын үй салынған. Бұл жөнінде 8 ақпанда депутат сұрағына жауап берген бас прокурор Берік Асылов айтты деп хабарлайды Informburo.kz.

Басылымның хабарына қарағанда, 2021 жылы қазанда азаматтық авиация комитетінің мамандары Алматы әуежайының жазғы ұшып-қону алаңын зерттеп, аэродромды пайдалану нормасынан ауытқу бар екенін анықтаған. Аэродромға жарамдылық сертификаты берілген, бірақ сетрификатқа "нормадан ауытқу 2023 жылғы сәуірге дейін жойылуға тиіс" деген шарт қосылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК мәжіліс сайлауына қатысатын ЖСДП тізімін тіркеді

Тізімдегі 19 адам заң талабына сай келеді деп танылған.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ЖСДП тізімдегі әр адам үшін 1 миллион 50 мың теңгеден сайау жарнасын төлегенін айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстан билігі коронавирусқа байланысты шекараға енгізген шектеулерін түгел алып тастады

Коронавирустың алдын алу жөніндегі республикалық штаб эпидемиология жағдайы тұрақталғанына байланысты ақпанның 8-інен бастап барлық шектеуді жою жөнінде шешім шығарған.

Тәжікстан 2022 жылғы желтоқсанда коронавирустың жаңа толқынына жол бермеу үшін эпидемиология шараларын күшейткен. Мұны Қытай мен Өзбекстанда коронавирус көбейгенімен байланыстырған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза болғандар 29 мыңнан асты

Бұл жөнінде елдің вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді.

Al Jazeera мәліметінше, Сирияда жер сілкінісінен қаза болғандар 4,5 мыңға жеткен.
Жараланғандар саны екі елде 80 мыңнан асқан. Жүздеген мың адам баспанасынан айырылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде "Теңізшевройлға" (ТШО) мердігер "Сенімді құрылыс" компаниясының 200-ден астам жұмысшысының ереуілі кеше, 11 ақпан күні түнгі сағат 23.00-де аяқталды

Бұл туралы жұмысшылардың бірі Азаттыққа хабарлады. Ереуіл аяқталғанын компания басшылары да растады. Бірақ жұмысшылардың талаптары орындалғаны-орындалмағаны белгісіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан соты Ресейде іздеу салынған анархист Денис Козакты 40 күнге қамады

Бұл жөнінде 11 ақпанда "Новая газета" басылымына қазақстандық Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Денис Дживага хабарлады.

Ол Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап, өтініш жазған. Өтініші үш ай ішінде қаралуы мүмкін, бірақ қаралу мерзімі алты айға да созылуы мүмкін, дейді Дживага. Ақпаратқа қарағанда, оған Ресейде "терроризмді ақтау" бабы бойынша айып тағылып, іздеу жарияланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зерттеу: Путиннің досы Өзбекстанның газ секторынан қалай пайда көрді?

Ресейдің Еуропаға арзан газ тасымалдауды тоқтатып, "бопсалауға" тырысуы сәтсіздікке ұшырады. Есесіне Ресеймен одақтас Өзбекстан қытымыр аязда "тоңды": бұл елде мұнай-газ жобаларының қызығын көрушілер Ресей президентінің айналасындағыларға жақын адамдар болып шықты.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өткен тәулікте Ресей армиясы Украинаға аумағына 106 ракета жіберді, деп хабарлады Украина қарулы күштері.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей С-300 зениттік-ракета кешенінің 32-ісін, 74 қанатты ракета жіберген. Бұған қоса, 10 ақпанда 59 авиация соққысы жасалған, 28-інде "Шахед-136" дроны пайдаланылған.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, 22 дрон атып түсіріліген. Бұған қоса, дүркіндете ататын реактивті жүйемен 90 атқылау болғаны хабарланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырау облысы Теңіз кенішінде "Теңізшевройлға" (ТШО) мердігер "Сенімді құрылыс" компаниясының 200-ден астам жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты.

Жұмысшылардың ереуілге шыққанын Жылыой ауданы әкімі орынбасары Гүлнафис Айшуақова растады. Оның айтуынша, ереуіл 11 ақпан таңертеңгі сағат 10:30-да басталған.

Аты-жөнін айтпаған Теңіз кенішінің жұмысшысы Азаттыққа жұмысшылар бірнеше талап қойып отырғанын жеткізді. Ең негізгісі: инфляцияға байланысты жалақыны 20 пайызға өсіру, еңбек жағдайын жақсарту - жеке қорғаныш заттармен (СИЗ) қамтамасыз ету, жатақханаларды жаңарту.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал